Ұлы Жібек Жолы және VI- XIII ғғ. қала мәдениеті



1. Ұлы Жібек жолы
2. Ұлы жібек жолының жолдары мен бағыттары
3. Ұлы жібек жолының Орталық Қазақстандағы сілемдері
4. Ұлы Жібек жолының діни соқпақтары
5. VI. XIII ғғ. қала мәдениеті
6. Пайдаланылған әдебиеттер.
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып,Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman)19 ғасырда ұсынған.[1] Ұлы Жібек жолы-адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырғын көпір болғын.Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап, екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып,Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содна Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
Ұлы жібек жолының жолдары мен бағыттары
Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Исфиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен. Қазақстанның аса ірі қалаларының бірі Тараз VI ғ. бұрын белгілі болған. 568 ж. түрік қағаны Дизабұл Византия императоры ІІ Юстинианның стратгі Земарх бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар оны көпестер қаласы деп атаған.Осымен қатар ол түргештердің, содан кейін қарлықтар мен қарахандардың тарихи орталығы болған. Таразбен қатар Жамухат деген шаһар тұрған, ол да VI ғ. хатқа енген. Жамухаттың жәдігерліктері Талас алқабында, Жамбылға таяу жерде, Талас өзенінің бойындағы Михайловка селосына қарама-қарсы бетте жатыр, оның үйінділерін қазір Қостөбе деп атайды. Алқаптың жазық жағында Атлах қаласы бар, 751 ж. оның бінде осы араны ықпалында ұстау үшін арабтар қытай әскерімен шайқасқан болатын. Тараздан таяқ тастам жерде, Талас бойымен теріскейге қарай кететін сауда жолы үстінде Адақкет пен Нуджикес қаласы тұратын. Талас алқабының таулы бөлегінде сол сияқты Шелжі, Сұс, Күл және Текабкет деген қалалар болған. Бұлар күміс кендеріне жуық жерден қоныс тепкенді.
1. Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. –Алматы, Қазақстан . 1992. -198.
2.Ортағасырлық Қазақстандағы ақша айналымы және сауда. Түркістан. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ. 2007. -217.
3 Құсайынов Б. Қараөткел өңірі-«Хан жолының» күре тамыры. // Астана ақшамы. 2009. 7 қазан . 4 Артықбаев Ж. Бытығай бүккен сыр. // Астана ақшамы. 2011 жыл. 1 наурыз
5 Мәмиев Т. Астана өңіріндегі мәдени мұралар. // Қазақстан мұрағаттары. 2012. №1. 29-33 бет.
6. Досымбаева А., Нұсқабай Ә. Құмай түрктік археологиялық- этнографиялық кешені. –Астана. 2012.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Ұлы Жібек Жолы және VI- XIII ғғ. қала мәдениеті

Орындаған:Түйебаева С.Қ
Тексерген: Санкайбаева П.С

Семей 2015 ж.

Жоспар:
1. Ұлы Жібек жолы
2. Ұлы жібек жолының жолдары мен бағыттары
3. Ұлы жібек жолының Орталық Қазақстандағы сілемдері
4. Ұлы Жібек жолының діни соқпақтары
5. VI- XIII ғғ. қала мәдениеті
6. Пайдаланылған әдебиеттер.
Ұлы Жібек жолы
Жібек Жолы (Ұлы Жібек Жолы) -- Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып,Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman)19 ғасырда ұсынған.[1] Ұлы Жібек жолы-адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырғын көпір болғын.Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап, екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып,Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содна Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
Ұлы жібек жолының жолдары мен бағыттары
Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Исфиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен. Қазақстанның аса ірі қалаларының бірі Тараз VI ғ. бұрын белгілі болған. 568 ж. түрік қағаны Дизабұл Византия императоры ІІ Юстинианның стратгі Земарх бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар оны көпестер қаласы деп атаған.Осымен қатар ол түргештердің, содан кейін қарлықтар мен қарахандардың тарихи орталығы болған. Таразбен қатар Жамухат деген шаһар тұрған, ол да VI ғ. хатқа енген. Жамухаттың жәдігерліктері Талас алқабында, Жамбылға таяу жерде, Талас өзенінің бойындағы Михайловка селосына қарама-қарсы бетте жатыр, оның үйінділерін қазір Қостөбе деп атайды. Алқаптың жазық жағында Атлах қаласы бар, 751 ж. оның бінде осы араны ықпалында ұстау үшін арабтар қытай әскерімен шайқасқан болатын. Тараздан таяқ тастам жерде, Талас бойымен теріскейге қарай кететін сауда жолы үстінде Адақкет пен Нуджикес қаласы тұратын. Талас алқабының таулы бөлегінде сол сияқты Шелжі, Сұс, Күл және Текабкет деген қалалар болған. Бұлар күміс кендеріне жуық жерден қоныс тепкенді. Керуендер Талас алқабына Ферғана аймағынан Шатқал қыратындағы Шанаш асуы және Талас Алатауындағы Қарабура арқылы да өтіп келетін. Жолдың осы бөлігі Жібек жолының және Жетісулық бағыттарын біріктіретін. Тараздан шыққан жол шығысқа, Құлан қаласына қарай асатын Тараз бен Құлан аралығындағы территория қарлұқтарга жататын. Құланға бара жатқанда жол Касрибас, Күлшөп, Жолшөп сияқты қалалардан өтетін. Құланнан әрірек шығыста бір-бірінен фарсақтай жерде Меркі мен Аспара қалалары барды. Сосын сауда керуендері Нұзкент, Харраджуан, Жол қалаларына соғып өтіп жолдан кейін ол Сарығ, түрік қағанының қыстағына Қырмырауға баратын. Қырмыраудан жол салдырып отырып, Жетісудың ең ірі қаланың бірі -- Науакентке (Қытайша Синчен) апаратын. Бұл екі атау да Жаңа қала деп аударылады. Науакент түрік қағандарының сарайы және соғдылардың қаласы болған. Жол Науакенттен шыққасын Пенджикент (Бунджикет) арқылы Жетісудың аса үлкен қаласы, Батыс Түріктерінің астанасы (кей түргештер, қарлықтар астанасы) Суябқа келеді. Бұл қала туралы қытай, араб саяхатшылары X ғ. дейін жазып келген. Соңынан астана рөлі Баласағұнға көшеді, тегі оның ертеректегі аты Беклиг немесе Семекна болса керек. Баласағұн қарахандардың, сосын қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі, оны кейін XIII ғ. бас кезінде қарақытайлар қиратады. Қала содан қайта салынады, бірақ XIV ғ. тағы да ойрандалып, үйінділері ғана қалады. Бұл қалалардың тұрған жері кәзіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде және орта ғасырдың көпке белгілі екі ескерткішіне -- Ақбешім мен Боран қала жұртына сәйкес келеді. Суяб қаласынан керуен жолдың не солтүстік, не оңтүстік тармақтарымен жүріп, Ыссық көлдің жағалауына шығады. Оңтүстік жақпен жүрген керуендер Жоғарғы Барысхан деген үлкен қаланы басып өтеді, ал жолдың солтүстік тармағында шағын керуен сарайлар орны кездеседі, олардың аттары бізге дейін жетпеген. Сосын осынау екі айрық жол Бедел асуында бір-бірімен қосылады да, не осы асу арқылы, не Ташрабат арқылы Жібек жолы Қашғар мен Ақсудан барып шығады. Ал керуен жолы Ыссық көл қазан шұңқырынан Санташ асуы арқылы Қарқара жайлауына барып, төмендеп Іле алқабына түседі де, өзеннің оң жағалауын бойлап отырып, Үсек пен Хоргос алқаптарынан өтіп, Алмалық қаласына барады, ал сосын Такла-Макан шөлінің солтүстік жиегін айналып, Хами мен Тұрфан көгал аймақтарын басып, Дунхуан мен Қытайға жететін болған. X -- XII ғғ. Жібек жолының бір тармағы күллі Іле алқабын оңтүстік-батыс жағынан көктей өтіп, солтүстік шығысқа қарай кетеді екен. Бұл тармақ Науакенттен басталып, Бунджикен және Қастек асуы арқылы жүріп, Іле Алатауының теріскей жоталарына әкелген. Әлгі асуға тағы бір жол Баласағұннан келетін болған. Бұл арадағы танымал белгі қасиетті Ұрын-Арж тауы екен. Жол Іле Алатауының баурайындағы, кәзіргі Қастек, Қаскелең мен Алматы орындарындағы шағын қалашықтар арқылы Талғар қаласының теріскей шетіне орналасқан Тәлхиз (Тәлхира) қаласына жеткен. Осы арада Талғар өзенінің оң жағалауындағы тау баурайында орта ғасырдың аса ірі қала жұртының ойран болған орны жатыр. Тәлхиз транзитті сауданың үлкен орталығы болған. Іле алқабына басқа жолмен де келе береді екен: Құлан мен Аспа-радан немесе Нұзкенттен шығып, Шудың орта және төменгі ағысындағы қалаларға барған. Сосын Тасөткел қайраңынан өтіп, жол Щу -- Іле тауларының теріскей жоталарын жағалап келіп, Іле Алатауының теріскей бетіндегі қалаларды қуалай жүрген. Тәлхизден Жібек жолы екіге айрылады: оңтүстік желісі Есік пен Түрген, Шелек үстімен жүріп, Іленің Борохудзир маңындағы өткелінен өтіп, оның оң жағалауын қуалап, Хорғос арқылы Алмалыққа жетеді де, осындағы Ыссық көл жақтан келген жол тармағымен қосылады. Жолдың осы бөлігінен археологтар Есік, Түрген, Лауар сияқты кішкене қалалардың, үлкен қала Шелектік төбешіктеніп қалған орындарын тапты, Іленің оң жағымен жол қазіргі заман қыстағы Көктал мен Жаркент арқылы өтеді. Көктал маңында Ілебалық қаласының орны бар. Тәлхизден басталатын теріскей жолы Талғар өзенін қуалай жүріп, Іленің Қапшағай шатқалы маңындағы өткеліне дейін жеткен. Одан әрі жол Шеңгелді үстімен Алтын Емел белесінен асып, Көксу алқабына түседі де, Екіоғыз қаласына жетеді. Ол кәзіргі Дунғановка селосының орнында болған. Вильгельм Рубрук бұл қаланы Эквиус деп атаған. Іле алқабының ең үлкен қала жұртының бірі тап осы жерден табылған. Онда 1253 ж. болған В. Рубрук осынау қалада сарациндер (иран көпестері) тұрушы еді -- деп жазады. Жол Екіоғыздан шығып, қарлықтар жабғысының астанасы Қаялыққа (Қойлақ) барады екен. Бұл шаһардың хан базарларымен аты шыққан. Онда мұсылмандармен бірге, өздерінің шіркеуі бар христиандар да тұрған. Ол жөнінде моңғол ханы Мөңкеге бара жатып, осы қалаға соғып кеткен, Людовик IX -- елшісі, монах-сопы В. Рубрук хабарлайды. Қаялық -- қарлықтар орталығы болған, IX г. -- XIII ғ. бас кезінде Іле алқабының солтүстік-шығыс бөлегі қарлықтар қоластына қараған. Қаялық Қаратал өзені алқабында көзіргі Антонов селосының шет жағында тұрған. Рубруктың жазбаларына қарағанда, Каялыққа жақын-жуық жерде христиандар селосы болған, Жібек жолы сол арқылы өткен. Содан әрі қарай жол Тентек алқабымен жүріл, Алакөлді айналып өтіп, Жоңғар қақпасын басып Шихо алқабына жетеді, сосын Бесбалықты басып, Дунхуанға барады да, Ішкі Қытай жаққа шығандап кетеді екен. Алакөлдің оңтүстік-батыс шетінде бір қала болған, оны XIII ғ. саяхатшылары Облыстың астанасы деп атаған. Испиджаб қаласынан шығатын керуен жолы Арыс бойындағы Арсубаникетке, содан Отрар-Фарабқа иек артып, Сырдария бойымен жүріп, Арал өңіріне барған. Сырдария бойын қуалай жүретін керуен жолы үстіндегі қалалардың ірісі Отырар-Фараб пен Шавғар екен. Бірінші қаланың аты Арыстың Сырдарияға барып құятын жеріне жақын орналасқан, аса үлкен қала жұртының атында сақталып, осы күнге дейін жеткен. Отырар тоғыз жолдың торабында тұрған. Одан шыққан жолдың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдария өткелінен өтіп, Васиджа қаласына баратын болған. Одан Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып, Шашқа, ал төмен қарай -- Жентке кеткен. Ал Женттен Қызылқұм арқылы Хорезм мен Ургенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойы мен Кавказға асып кететін болған. Жібек жолының осы бөлігі XIII ғ. өзгеше жанданып кетеді және Жент, Сарайшық, Сарай-Бату, Каффу сияқты шулы-дулы шаһарлар үстімен жүретін болады. Шавғар VIII ғ. деректерінен белгілі, оған, әсілі, Түркістан төңірегінде орналасқан Шүйтөбе қала жұрты сәйкес келетін секілді. Казіргі Түркістан тұрған жерде, Шавгармен қатар X -- XIII ғғ. Яссы шаһары ірге тебеді, атақты ақын, сопы Ахмет Яссауи сол шаһарда тұрып, уағыз-насихатын жүргізеді. Шавгардан шыға жол оғыздар астанасы -- Янгикентке қарай тартатын. Осы арадан Қызылқұмды басып, тағы бір жол Хорезмге баратын. Әуелі, Шавгардан, кейінірек Яссыдан басталған жол Тұрлан асуы арқылы Қаратаудың солтүстік жоталарына шығып, Сырдарияны қуалап кететін жолмен жарыса (паралелль) жүретін. Ол жолда Созақ, Ұрысоған, Құмкент, Сүгүлкент қалалары бар еді. Бұл жол не Таластың төменгі жағынан шығып, содан жоғары өрлеп, Таразға баратын, не Билікөлдің батыс жағасымен жүріп, Берукет-Паркет, Хутукчин қалалары арқылы бұл да Таразға жететін. Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін негізгі арқауынан жол тарамдалып, терістік пен шығысқа қарай, Орталық және Шығыс Қазақстан аудандарына, кейін Сарыарқа атымен мәлім болған Дешті-Қыпшаққа, Ертіс жағалауы мен Алтайға, Моңғолияға асып кетеді екен. Осы арамен атты көшпелілер тайпалары жүретін дала жолы өткен. Сөйтіп малға, жүн мен теріге, металға бай Орталық Қазақстан аймағы сауда-саттық байланыс жүйесіне, оның ішінде халықаралық жүйеге тартылып, көптеген керуен сүрлеулері арқылы Жібек жолы торабымен тоғысады. Жолдың Отырардан таралған бір желісі Арсубаникеттен өтіп, Арыстанды, Шаян алқаптарына, сосын Қаратаулық жатаған белесінен асып; ал Шавгар мен Яссыдан шыққан желісі Тұрлан асуынан асып, Сауран мен Сығанақ тармағы, Янгикент тармағы -- бәр-бәрі тұс-тұстан Орталық Қазақстан жазығына шығып, Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Есіл бойларына баратын болған. Сол аймақтан орта ғасырдың: Болған-ата, Жаманқорған, Нөгербек-Дарасы, Домбауыл, Ормамбет сияқты қала жұрттарының қалдықтары табылған. Әсілі, орта ғасыр бастаухаттарында айтылатын. Жұбын, Конгликет, Ортау мен Кентау сияқты жайлауларды, Гарбиан мен Бақырлытау сияқты кен орындарын осы маңайдан іздеген жөн. Тараздан шыққан тағы бір сауда жолы Адахкес пен Дех-Нуджикес қалалары арқылы Ертіс жағасына, Қимақтар қағанының сарайына барып, одан әрі асып, Енисейдегі қырғыздар еліне тартатын болған. Іле алқабы Орталық Қазақстанмен Шу -- Іле тауының теріскей жоталарымен жүріп Шуға шығады да, сосын оның бойын қуалап барып, Сарысу өзені жағалауына шыққан. Жолдың өзге бір желісі Теріскей-Іледегі Шеңгелді маңынан шығып, Көктал мен Бояулы керуен сарайлары арқылы Балқаш өңіріне, сосын Іледен тарайтын Ортасуды жиектеп, сол арадағы Ақтам қала жұртының орнын басып, көлдің түскейінен 8 шақырым бұғаз арқылы теріскейіне шығады. Керуендер бұғазды кешіп өтіп, Тоқырауын өзенінің құярлығына жуық жерден шығады екен дағы, оның бойын қуалап, әрі Ұлытау жоталарына қарай кетеді. Теріскей-Іле жолының бір желісі Алакөлді батыс жағынан айналып өтіп Тарбағатай арқылы Ертіске, қимақтар мемлекетінің жеріне жеткен. Тарбағатайда, Ертіс жағалауында Қимақтың Банджар, Ханауыш, Астұр, Сисан секілді қалалары және айналасы бекіністі қамалмен қоршалған, қақпалары темірмен құрсалған орасан зор қала -- қағандар астанасы орналасқан еді. Қимақтың қалалары сауда жолдары арқылы Енисейдегі қырғыз, Моңғолиядағы ұйғыр қалаларымен, Шығыс Түркістанның көгалды аймақтарымен байланысып отырған.

Ұлы жібек жолының Орталық Қазақстандағы сілемдері
Бұл жол ондаған ғасырлар бойы өзі қамтыған елдер мен халықтардың экономикасының, мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарды. Қос құрылықты жалғастырған бұл жол бідің заманымыздан бұрынғы II-Iғасырлардан бастап Азия мен Еуропаның арасын жалғастырушы көпір, яғни Шығыс пен Батысты байланыстырушы желі болды. Ұлы сөзінің халықаралық сауда жолына телінуі Еуразия өлкелерін байланыстыруынан келіп шыққан. Жібек жолы (Ұлы Жібек жолы) -- Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шынжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды неміс ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған. Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен қатар тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шыңжаннан шығатын қас тасы, былғары, жүн көрпе сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнегі, жақұты,дәнді дақылдары және хош иісті заттары, дәрілер, сондай-ақ Отқа табыну діні, Будда діні, ислам діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен Батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материалдық мәдениетін байытты. Шығыс пен Батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды. Қытайдан бастау алған жол Іле өзенімен Ыстықкөлге жеткен. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа шығу үшін оңтүстік және солтүстік бағыттарға тармақталған. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыты Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп тағы екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен Батыс Қазақстанға шығып, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағын айналып Еуропаға қарай өткен. Сан ғасырға созылған бұл халықаралық сауда жолы сол кездегі халықаралық саяси жағдайларға байланысты өзгеріп отырған, бірде үзіліп, бірде қайта жанданған. Сонымен қатар әлемдік дамуға әсер етпесе де, аймақтық маңызы бар жергілікті сауда-керуен жолдарының қалыптасуына әсер еткен. Солардың бірі ежелгі және жаңа заманда Түркістан-Сырдарыия өңірінен Қазақ елінің орталық және солтүстік өңірлеріне қарай тармақталған далалық сауда жолдары еді. Сыр бойындағы Жанкент қаласынан орта ғасырларда бір жол Солтүстік Қазақстанға бағытталды. Ал Сығанақ қаласынан Ақсүмбе қаласы арқылы Орталық Қазақстанға қарай және бір тармақ шыққан. Бұл жаққа Сауран қаласынан шыққан екінші бір бағыт Қарақұрым (Жыланқарауыл қаласы) арқылы басталған. Бұл сауда жолдары негізгі жолдан Қазақстанның ішкі аудандарына қарай шығатын шағын бағыттар. Солар арқылы Солтүстік және Орталық Қазақстандағы көшпелі ру-тайпалар негізгі сауда жолы бойындағы қалаларға келіп, өздеріне қажетті бұйымдарын алып қайтатын болған. Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Жібек жолы туралы
Қазақ мәдениетінің бастаулары. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Жібек жолының пайда болуы
Жібек жолының қалыптасуы
Рабад - шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қолөнер елді мекендері
Ұлы жібек жолының тарихи маңызы
Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары
Ұлы жібек жолы сораптары
Қалалардың қалыптасуы
Орта ғасырдағы қала мен дала
Пәндер