Еңбек ресурстарын ұйымдастыру жайлы ақпарат



Кіріспе
1 Қазақстан Республикасы бойынша еңбек ресурстарының көрсеткіштерін талдау
2 Қазақстандағы еңбек ресурстарының даму динамикасы
3 Еңбек ресурстарының құрылымы және өсіп өнуін зерттеудін әдіснамалық негіздері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Еңбек ресурстары Қазақстанда маңызды рөл атқарады. XX ғасыр соңында, яғни, 90 жылдардың бас кезінде Кеңес Одағы ыдыраған шақта Қазақстан Республикасында экономикалық құлдырау басталды. Халық алдында не күтіп тұрғанынан беймәлім еді. Бұл Қазақстанда миграцияны туғызды. Адамдар өздерінің тарихи мекендеріне : немістер — Германияға, орыстар — Ресейге қоныс аударды. Миграция нәтижесінде Қазақстан өзінің көптеген мамандарынан айрылды, бірінші кезекте еңбек нарығындағы бәсекелестікке төтеп беретін жоғары біліктілікті мамандығы және кәсібі бар мамандар кетті. Осы уақытта Қазақстанда әр түрлі бағыттағы мамандарды дайындайтын оқу орындарының саны өсті. Көптеген адамдар тез арада өзгеріп отырған еңбек жағдайына байланысты мамандығын өзгертуге мәжбүр болды. Өкінішке орай, 90 жылдың басында жоғары білікті мамандар экономиканың күйреуіне және мекемелердің жабылуына байланысты жұмыссыз қалды. Бұл еліміздегі миграцияның күшеюіне әкеліп соқты. Кәсіпкерлік күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмірге келді. 1992 — 1993 ж.ж. 40%-дан астам шағын кәсіпкерліктер құрылды. Шағын кәсіпорындардың 38%-ы 1994 — 1995 ж.ж. жұмысын бастады.
Еңбек ресурстары басқа ресурс түрлерінен айрықша ерекшеленетін қоғамдық өндірістің маңызды элементі болып табылады. Бұл жағдай шартты түрде еңбек әлеуетін зерттеуде кешенді қадам жасауды талап етеді. Республиканың және оның облыстарының еңбек әлеуетін кешенді зерттеудің астарында көрсеткіштері мен оларды өлшеудің әдістемесі жүйесіндегі еңбек әлеуетінің қалыптасу үрдісінің ерекшелігін мақсатты және ауқымды түрде бейнелеу жатыр. Елдің еңбек әлеуетінің қалыптасуын қоғамдық практикада бұл үрдістің пайда болу формалары мен мәнін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін анықтауды талап ететін экономикалық үрдіс ретінде қарастырған абзал.
1. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденции и размышления. Алматы, 1994 г.
2. Берденов Қ. Қазақстанмемлекетретіндеқалыптасуы мен экономиканыңдамуы. – Алматы, 1998 ж. – 216 б.
3. Воловой В.В. Политэкономия. М, 1999.
4. Елемесов Р. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. Алматы, 1998 г.
5. Ермекова Э.М. Состояние и перспективы развития социальной сферы в Казахстане: занятость и уровень жизни населения // Вестник КазГУ 2001 №5.
6. Информационно-статистический сборник «Казахстан: 2003-2004годың, Алматы, Агенство РК по статистике.
7. Кубаев Е. Экономичская политика и экономический рост. Алматы, 2000 г.
8. Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. Шевелев С.А. Формирование и реализация казахстанской модели устойчивого экономического роста. Алматы, 2001 год.
9. Курс переходной экономики. Под.ред. Л.И. Абалкина. М, 1997 г.
10. Казахстан в цифрах за 2004 год. Агентство РК по статистике. 2004.
11. ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентініңжолдауы.//ЕгемендіҚазақстан 2003, 5 сәуір.
12. ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентініңжолдауы.//ЕгемендіҚазақстан 2005, 18ақпан.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Еңбек ресурстарын ұйымдастыру

Дайындаған: Абилкасова А.Д
ЛД-211тобы
Тексерген: доцент Тойкин С.Х

Семей
2015

Жоспар

Кіріспе
1 Қазақстан Республикасы бойынша еңбек ресурстарының көрсеткіштерін талдау
2 Қазақстандағы еңбек ресурстарының даму динамикасы
3 Еңбек ресурстарының құрылымы және өсіп өнуін зерттеудін әдіснамалық негіздері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Еңбек ресурстары Қазақстанда маңызды рөл атқарады. XX ғасыр соңында, яғни, 90 жылдардың бас кезінде Кеңес Одағы ыдыраған шақта Қазақстан Республикасында экономикалық құлдырау басталды. Халық алдында не күтіп тұрғанынан беймәлім еді. Бұл Қазақстанда миграцияны туғызды. Адамдар өздерінің тарихи мекендеріне : немістер -- Германияға, орыстар -- Ресейге қоныс аударды. Миграция нәтижесінде Қазақстан өзінің көптеген мамандарынан айрылды, бірінші кезекте еңбек нарығындағы бәсекелестікке төтеп беретін жоғары біліктілікті мамандығы және кәсібі бар мамандар кетті. Осы уақытта Қазақстанда әр түрлі бағыттағы мамандарды дайындайтын оқу орындарының саны өсті. Көптеген адамдар тез арада өзгеріп отырған еңбек жағдайына байланысты мамандығын өзгертуге мәжбүр болды. Өкінішке орай, 90 жылдың басында жоғары білікті мамандар экономиканың күйреуіне және мекемелердің жабылуына байланысты жұмыссыз қалды. Бұл еліміздегі миграцияның күшеюіне әкеліп соқты. Кәсіпкерлік күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмірге келді. 1992 -- 1993 ж.ж. 40%-дан астам шағын кәсіпкерліктер құрылды. Шағын кәсіпорындардың 38%-ы 1994 -- 1995 ж.ж. жұмысын бастады.
Еңбек ресурстары басқа ресурс түрлерінен айрықша ерекшеленетін қоғамдық өндірістің маңызды элементі болып табылады. Бұл жағдай шартты түрде еңбек әлеуетін зерттеуде кешенді қадам жасауды талап етеді. Республиканың және оның облыстарының еңбек әлеуетін кешенді зерттеудің астарында көрсеткіштері мен оларды өлшеудің әдістемесі жүйесіндегі еңбек әлеуетінің қалыптасу үрдісінің ерекшелігін мақсатты және ауқымды түрде бейнелеу жатыр. Елдің еңбек әлеуетінің қалыптасуын қоғамдық практикада бұл үрдістің пайда болу формалары мен мәнін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін анықтауды талап ететін экономикалық үрдіс ретінде қарастырған абзал.

1.Қазақстан Республикасы бойынша еңбек ресурстарының көрсеткіштерін талдау
Еңбек ресурстарына халықтың қажетті физикалық мәліметтері, білім және тиісті салда еңбек дағдысы бар бөлігі жатады. Кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарымен жеткілікті түрде қамтамасыз етілуі, оларды тиімді пайдалануы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі өнім көлемін ұлғайту үшін және өндіріс тиімділігін арттыру үшін үлкен маңызға ие. Соның ішінде, кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі және олардың машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды пайдалану тиімділігі және өнім өндірісінің көлемі, оның өзіндік құны, пайда және бірқатар басқа да экономикалық көрсеткіштер.
Талдаудың негізгі міндеттпрі мыналар болып табылады:
-- кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің еңбек ресурстарымен тұтастай, сонымен бірге санаттар және кәсіптер бойынша қамтамасыз етілуін зерттеу және бағалау;
-- кадрлар тұрақтамауының көрсеткіштерін анықтау және зерттеу;
-- неғұрлым толық талдау жасау үшін және оларды пайдаланудың тиімділігі үшін еңбек ресурстарының резервтерін анықтау.
Талдауға арналған ақпараттар көзі болып еңбек жөніндегі жоспар,
Еңбек жөніндегі есеп деп аталатын статистикалық есеп, табельдегі есеп пен кадрлар бөлімінің мәліметтері саналады.
Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі жұмыскерлердің санаттар және кәсіптер бойынша фактіге негізделген санын жоспардағы мұқтаждықпен салыстыру арқылы анықталады. Кәсіпорынның аса маңызды кәсіп иелерімен қамтамасыз етілуіне талдау жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Еңбек ресурстарының біліктілік бойынша сапалық құрамына талдау жасау да қажет.
Егерде орташа разряд жоспарлы разрядтан және жұмыстардың орташа тарифтік разрядынан төмен болса, онда бұл сапасы төмендеу өнімді шығаруға әкеліп соқтырады. Егер жұмыскерлердің орташа разряды жұмыстардың орташа тарифтік разрядынан жоғары болса, онда жұмыскерлерді біліктілікті аз керек ететін жұмыстарға пайдаланғаны үшін оларға қосымша ақша төлеу керек.Әкімшілік-басқару қызметкерлері (персонал) әрбір жұмыскердің шын білім деңгейінің олардың лауазымына сәйкестігін тексеруі қажет және кадрлар таңдау, оларды дайындауға және біліктілігін арттыруға байланысты мәселелерді зерттеулері керек. Қызметкерлердің біліктілік деңгейі көп жағдайда олардың жасына, жұмыс өтіміне (стаж) және т.б. байланысты. Сондықтан талдау процессінде қызметкерлердің жасына, жұмыс өтіміне, біліміне байланысты құрамының өзгеруін зерттейді. Олар жұмысшы күшінің қозғалысының нәтижесінде орын алатындықтан, талдау кезінде бұл мәселеге көп көңіл бөлінеді.
2 Қазақстандағы еңбек ресурстарының дамуы
Еңбек ресурстары Қазақстанда маңызды рөл атқарады. XX ғасыр соңында, яғни, 90 жылдардың бас кезінде Кеңес Одағы ыдыраған шақта Қазақстан Республикасында экономикалық құлдырау басталды. Халық алдында не күтіп тұрғанынан беймәлім еді. Бұл Қазақстанда миграцияны туғызды. Адамдар өздерінің тарихи мекендеріне : немістер -- Германияға, орыстар -- Ресейге қоныс аударды. Миграция нәтижесінде Қазақстан өзінің көптеген мамандарынан айрылды, бірінші кезекте еңбек нарығындағы бәсекелестікке төтеп беретін жоғары біліктілікті мамандығы және кәсібі бар мамандар кетті. Осы уақытта Қазақстанда әр түрлі бағыттағы мамандарды дайындайтын оқу орындарының саны өсті. Көптеген адамдар тез арада өзгеріп отырған еңбек жағдайына байланысты мамандығын өзгертуге мәжбүр болды. Өкінішке орай, 90 жылдың басында жоғары білікті мамандар экономиканың күйреуіне және мекемелердің жабылуына байланысты жұмыссыз қалды. Бұл еліміздегі миграцияның күшеюіне әкеліп соқты. Кәсіпкерлік күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмірге келді. 1992 -- 1993 ж.ж. 40%-дан астам шағын кәсіпкерліктер құрылды. Шағын кәсіпорындардың 38%-ы 1994 -- 1995 ж.ж. жұмысын бастады.
Еңбек дегеніміз не? -деген сұраққа тоқталатын болсам, еңбек -- тауарлар мен қызметтерді шығаруда қолданылатын адамның дене және ақыл-ой күшіне негізделген өндіріс факторы. Барлық өндіріс факторлары ішіндегі ең негізгісі -- еңбек, өйткені адам еңбегінсіз капитал да, табиғи ресурстар да өздігінен ештеңе өндіре алмайды. Нарықтық экономикада еңбек тауар болып табылады және еңбек нарығында ұсыныс пен сұраныс заңы әсер етеді. Адамдар уақытын және денсаулығын сарп ете отырып, өзінің білімін, тәжірибесін, біліктілігін пайдаланып өмір сүру үшін еңбек етеді, жалақы табады. Еліміздің барлық еңбек ресурстарын екі топқа бөлуге болады:
1) Экономикалық белсенді тұрғындар, яғни, жұмыс іздейтін және жұмыс істейтін адамдардан тұрады.
2) Экономикалық енжар тұрғындар, яғни көмелеттік жасқа жеткен, бірақ белгісіз себептерге байланысты жұмыс жасамайтын және жұмыс іздемейтін адамдар.
Еңбек ресурстары -- бұл жұмыс істейтін немесе жұмыс іздейтін еңбекке жарамды жас шамасындағы тұрғындар. Қазақстанда заң бойынша ерлер үшін еңбекке жарамды жас -- 16-63 жасқа дейін, ал әйелдер үшін -- 16-53 жасқа дейін есептелінеді. Бөлек категорияға жұмыс жасамайтындар, бірақ жастары 16-ға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмдегі HR менеджмент жүйесін дамыту
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті
Персоналды пайдалануды жоспарлау
Кітапханадағы кадрлық менеджменттің негіздері
Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
Адам ресурстарын стратегиялық басқару жүйесін құру
Кадрларды басқару мақсаттары
Кадрлық қызмет
Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурстарды қолданудың маңыздылығы
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Пәндер