Жаңа инновациялық ойларды енгізу жайлы ақпарат



1. Кіріспе
2. Инновация ұғымы және маңызы. Түрлері.
3. Қазақстан Республикасының инновациялық қарқыны.
4. Ауыл шаруашылығындағы инновациялық жобалардың инвестициялық маңызы.
5. Қорытынды.
6. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дегендi бiлдiредi. Инновациялар (жаңа енгізулер) – бұл нарықта өткізілетін өнімдерді шығаруды жетілдіруден немесе тәжірибелік қызметте пайдаланылатын технологиялық процестерді эетілдірудің нәтижесінде алынған өнімдерді таратудан түскен түпкі нәтиже.
Иновациялық потенциал (мемлекет,аймақ салалар, ұйымдар) – бұл инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті әртүрлі ресурстардың жиынтығы, оған материалдық, қаржы, интеллектуалды, ғылыми-техникалық және басқадай ресурстар жатады.
Инновациялық инфроқұрлым – инновациялық қызметті жүзеге асыруға ықпал ететін ұйымдар (орталықтар, технологиялық инкубаторлар, технопарктер, оқу-іскерлі орталықтар және т.б.).
Инновацияның болуы бір мәселе болса, оның өндіріске, тұрмысқа қатысып, кірісіп, өндіріс пен тұрмыста өзгеріс тудыра алуы тағы бір мәселе. Кей елдердің, мысалы Қазақстанның инновациялық жасампаздық қуаты жоғары болғанымен, советтен қалған жүйенің шектемесінде, белсенділіктің тапшылығында, өмірдің жансыздығында көптеген жақсы жаңалықтар мида тозып, ауызда тозып, кітаптар арасында тозып, сөреде тозып қалып жататыны жасырын емес. Бұл инновацияға ден қоюды, оны тұрмысқа, өндіріске бағыттауды негізгі міндет етпесе, халықтың миы алтын болса да онысы олардың тұрмыс деңгейін көтеруге септеспейтінін көрсетеді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995.
2. Курманбаев С.К., Апсалямов Н.А., Тойкин С.Х. и др. Экономические основы агробизнеса. Уч. пособие. С., 2000.
3. Курманбаев С.К., Адилов Ж.М., Тойкин С.Х. Аграрная экономика. Курс лекций. М., 2002.
4. Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нұркенов Н.Ғ., және басқалары Аграрлық экономика. Лекциялар курсы.С. , 2008.
5. Курманбаев С.К., Туйебаев М.М., Тойкин С.Х. и др. Пути активизаций инвестиционных проектов в развитие сельских населенных пунктов (СНП) Республики Казахстан. Монография. С., 2006.
6. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Жаңа инновациялық ойларды енгізу.

Дайындаған: Тұрлыбеков Қ.
ЛД-211
Тексерген: Тойкин С.Қ.

Семей
2015
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Инновация ұғымы және маңызы. Түрлері.
3. Қазақстан Республикасының инновациялық қарқыны.
4. Ауыл шаруашылығындағы инновациялық жобалардың инвестициялық маңызы.
5. Қорытынды.
6. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Инновация терминi латын тілінен алынған, ол - жаңару, өзгеру дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дегендi бiлдiредi. Инновациялар (жаңа енгізулер) - бұл нарықта өткізілетін өнімдерді шығаруды жетілдіруден немесе тәжірибелік қызметте пайдаланылатын технологиялық процестерді эетілдірудің нәтижесінде алынған өнімдерді таратудан түскен түпкі нәтиже.
Иновациялық потенциал (мемлекет,аймақ салалар, ұйымдар) - бұл инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті әртүрлі ресурстардың жиынтығы, оған материалдық, қаржы, интеллектуалды, ғылыми-техникалық және басқадай ресурстар жатады.
Инновациялық инфроқұрлым - инновациялық қызметті жүзеге асыруға ықпал ететін ұйымдар (орталықтар, технологиялық инкубаторлар, технопарктер, оқу-іскерлі орталықтар және т.б.).
Инновацияның болуы бір мәселе болса, оның өндіріске, тұрмысқа қатысып, кірісіп, өндіріс пен тұрмыста өзгеріс тудыра алуы тағы бір мәселе. Кей елдердің, мысалы Қазақстанның инновациялық жасампаздық қуаты жоғары болғанымен, советтен қалған жүйенің шектемесінде, белсенділіктің тапшылығында, өмірдің жансыздығында көптеген жақсы жаңалықтар мида тозып, ауызда тозып, кітаптар арасында тозып, сөреде тозып қалып жататыны жасырын емес. Бұл инновацияға ден қоюды, оны тұрмысқа, өндіріске бағыттауды негізгі міндет етпесе, халықтың миы алтын болса да онысы олардың тұрмыс деңгейін көтеруге септеспейтінін көрсетеді.

2. Инновация ұғымы және маңызы. Түрлері.
Инновация сөзін қазақтың "тапқырлық", "жаңалық" сөздерімен тең мағынада қолдануға рұқсат етіледі. Ағылшынша Innovation көбіне-көп ғылым техниалық тапқырлық пен жаңалық ашуды көрсетеді. Әрине инновацияның қазіргі мағынасы ауқымды, ол көбінесе адамның рухани белсенділі арқылы әуелде болмаған жаңа жоспарлау, жобалау, техника, мәдениет, сауда, және қоғамдық өмір салтын қалыптастыру, ал, тар мағынада тек жаратылыстану ғылымдары мен өндірістік техникада жаңа тапқырлық ашуды көрсетеді.
Инновацияны алдын ала мөлшерлеу қиын. Бірақ күнібұрын жоспарлап, ұйымдастырып, бейімдеп, белгілі бір саладан жаңалық ашуға жұмылдыруға болады. Әрине, кім қандай жаңалық ашады, қалай ашылады, ол көбінесе белгісіз болады. Ғылым-техникалық жаңалық көбінесе ғалымдардың жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді өзара тоғыстырып, күрделі талдау жасау және синтездеу жұмыстары арқылы ашылады. Ғылым дамыса техникалық жаңалықты әлеуеттендіреді, техника дамыса ғылыми жаңалыққа алғышарт әзірлейді. Ол ізденіс пен қолданудың байланысына қатысты, көп түрлі мүмкіндікті тоғыстыра қолданудың жемісі. Көптеген жаңалықтар кездейсоқ пайда болғаны белгілі. Бірақ заман дамыған сайын инновацияны арнайы жоспарлау, мол қаржыландыру, жүйелі ұйымдастыру күнтәртіпке еніп келе жатқан секілді.
Инновацияда үлкен тәуекелшілдік болады. Егер кәсіпорын, немесе кез келген мекеме, тіпті кез келген адам бір деңгейде тұрып алса, бір түрлі әдіспен қайталанудан жазбаса, онда ол көбінесе күйреуге беттейді. Өйткені бәсекелестер жаңа мүмкіндік, арзан тауар жасап шығарып, пайдалы орайларды өздеріне қарай бұрып әкетеді. Christensen бұны инновация тығырығы деп атаған. (The Innovator's Dilemma)Заманауи өзгерістің толассыз туылуына, және өзгеріс периоды уақытының қысқаруына орай өзгеріске қарсы шара ретінде инновация туралы ізденіс артты. Ақпарат технологиясының біртіндеп өзекті болуына орай әрбір адамды негіз еткен, әлеуметтік белсенділікті сахна еткен, ортақ жасампаздықпен шұғылдану мен жаңалық ашуды ерекшелік еткен инновациялық қоғам қалыптасу үстінде және ол осы салада табысты жұмыс жасаған халықтарға әлемнің дамыған елдері деңгейіне көтерілуге мүмкіндік берді.
Нағыз Байлық инновациядан алынады. Қанша мол табиғи байлық болса да, адам қанша көп болса да бәрібір, егер инновациялық ізденіс пен даму болмаса, ондай ел кедей, мешеу күйден шыға алмайды. Инновация жетелеген өндірістік даму қоғамдық байлық дамуының бірден-бір себебі екені тайға басылған таңбадай айқын. Инновацияның халықтар, елдер тағдырын белгілейтін өте маңызды тетік екеніне адамзат баласының көзі жетіп келеді.
Инновацияның болуы бір мәселе болса, оның өндіріске, тұрмысқа қатысып, кірісіп, өндіріс пен тұрмыста өзгеріс тудыра алуы тағы бір мәселе. Кей елдердің, мысалы Қазақстанның инновациялық жасампаздық қуаты жоғары болғанымен, советтен қалған жүйенің шектемесінде, белсенділіктің тапшылығында, өмірдің жансыздығында көптеген жақсы жаңалықтар мида тозып, ауызда тозып, кітаптар арасында тозып, сөреде тозып қалып жататыны жасырын емес. Бұл инновацияға ден қоюды, оны тұрмысқа, өндіріске бағыттауды негізгі міндет етпесе, халықтың миы алтын болса да онысы олардың тұрмыс деңгейін көтеруге септеспейтінін көрсетеді.
Қарапайым мағынада айтсақ, егер әлдебір өзгертулер, тапқырлықтар, жаңалықтар қоғамда жалпы қолданыла бастаса, онда ол жаңалық ашудың шындап толық іске асқанын көрсетеді. Көптеген салаларда заттар мен әдістерге жасалған жаңалық өмірде белгілі бір мағынаға ие болса, ол өмірдің көптеген салаларында өзгерістерге ықпал ете бастайды. Әсіресе өнердегі, экономикадағы, сауда мен саясаттағы өзгерістердің халық пен елге тиімділері инновация есептеледі. Экономиканы алсақ, инновация экономикалық өсімді туғызады, заттың құнын арттырып, бағасын түсіруге көмектеседі, еңбек күштерінің сырап болмауына көмектеседі, қаражат, материал үнемдейді, жұмыс тәртібін жақсартады, уақыт шығынын азайтады.
Инновацияның мақсаты белсенді өзгерістерге таяр болу, тіпті де жақсысын жасап шығуға белсену. Ол өмірді кедейлік пен мешеуліктен құтқару үшін жасалған адам белсенділігінің ең жоғары көрінісі. Инновация мұнда жаңа ой, жаңа зат, ол бір жаңалық жасау барысы, ол бір өндіру мен қызмет көрсету салаларының сапасының жаңа деңгейге көтерілуі, санының артуы.
Инновация түрлері:
Intel компониясының жоғары техника қызметкері Gene Meieran -ның пікірінше инновацияның үш түрі бар:
1. Түбегейлі жаңалық ашу. Ол көбінесе мәлім салада дәстүрлісін бұзып, көнені жойып, түбегейлі өзгеріс алып келеді. Мысалы адамзат тарихында лампаның тапқырлануы, сандық технологияның тапқырлануы.
2. Жақсарту, жаңарту. Ол көбінесе біртіндеп өзгерістер жасау арқылы бәлім саланы, мәлім затты жетілдіріп, кемелді жаңасын жарату; жаңа артықшылықтар қосып, бір нәрсені бұрынғысынан тіпті де керемет ету.. Мысалы, Қаламның, машинаның жаңа түрін жасау.
3. Жаңаша қолдану. Яғни, бір нәрсенің бұрынғы қолданысынан басқа жаңа қолданысын тауып шығу. Ол заттың қолданысына жаңалық енгізіп, оны бұрынғыдан басқа мақсаттарда қолданудың жолын ашу. Мысалы мешеу елдер көмірді тек отқа жағуға пайдаланса, дамыған елдер көмірден 150 шақты тауар шығарады екен.

3. Қазақстан Республикасының инновациялық қарқыны.
Қазақстан Республикасының №1096 - Жарлығымен экономиканы диверсификациялау және модернизациялау негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамассыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға және экспортты көбейту үшін Қазақстан Республикасын дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық Стратегиясы бекітілген болатын.
Қазақстан Республикасын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық Стратегиясында жаңа заңдарды шығару, инвестициялық және инновациялық жобаларды, оның ішінде АӨК-нің салаларында мемлекеттің қатысын қамтамассыз ететін мемлекеттік институттарды құру және т.б. құрудың бірінші кезеңінде көзделген.
Еліміздің индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының екінші кезеңі (2006-2010 жылдары) өткен кезде, ол Стратегияның шараларын экономиканың барлық салаларында оның ішінде ҚР-сының АӨК-нің салаларында белсенділікпен жүзеге асыру кезеңі болды. Стратегиядағы шараларды жүзеге асыруды қаржыландыруға Даму банкі, инвестициялық қор, Инновациялық қор, халықаралық ұйымдардың және донор елдер, жеке сектордың қаржылары қосылған.
Еліміздің индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының үшінші кезеңі (2011-2015 жылдары) Стратегияны жүзеге асырудың ең табысты кезеңі болуы тиіс. Бұл кезеңде іске қосылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикадағы инновация
Қазіргі кездегі инновацияның қалыптасу ерекшеліктері
Оқу - тәрбие үдерісінде жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс - тәсілдерін қолдану тиімділігі
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС - ТӘСІЛДЕР
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау
Дамыған елдердегі инновация үрдістері
Мемлекеттік қызметтегі инновациялар
Химия сабақтарында сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолданып оқытудың әдістемесі орта
Қоғамдық қайта құрудың инновациялық мазмұны
Иннновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны
Пәндер