Герантология мәселелері



1. Кіріспе
2. Геронтология ғылымы туралы түсінік.
3. Қартаң адамдардың проблемалары.
4. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік.медициналық проблема ретінде.
Геронтология(грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше geron және іatreіа – емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30–40-жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеум.-гигиеналық себептері мен клиник. белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді; егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиол. және биохим. көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрілердің қартайған организмге тигізетін әсері, вегетативтік жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфол. және гистохим. өзгерістер зерттелді. Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерінің (сыртқы әсерлерді қабылдауы көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш-қуатының азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларындағы (зерде, ес, зейін, т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалдық және эмоционалдық «ішкі әлемге кету», өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивтік құбылыс деп қарамау керек. Қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІ
УНИВЕРСИТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ ПӘНІ
С Ө Ж
Тақырыбы : Герантология мәселелері



Орындаған : Тұрсынғали Аида , ПХ-415,
2-курс студенті

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ,2015 ЖЫЛ
Жоспар :
1. Кіріспе
2. Геронтология ғылымы туралы түсінік.
3. Қартаң адамдардың проблемалары.
4. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік-медициналық проблема ретінде.
Геронтология(грекше geron және logos - ілім) - адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше geron және іatreіа - емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30 - 40-жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеум.-гигиеналық себептері мен клиник. белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді; егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиол. және биохим. көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрілердің қартайған организмге тигізетін әсері, вегетативтік жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфол. және гистохим. өзгерістер зерттелді. Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерінің (сыртқы әсерлерді қабылдауы көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш-қуатының азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларындағы (зерде, ес, зейін, т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалдық және эмоционалдық ішкі әлемге кету, өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивтік құбылыс деп қарамау керек. Қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады. Мыс., қанағаттану, парызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік, т.б. қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі - осы қартаю кезінде орын алатын құбылыс. Қарт адамның шығарм. белсенділігі жоғары болатындығы жиі байқалады. Қартаюдың психик. ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударылса да, Геронтология ғылыми пән ретінде егде жастағы адамдардың көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының, сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгеруіне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланысты пайда болды. Геронтологияның қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке дайындау, егде жастағы адамдар мен қарттардың белсенді әрі толық өмір сүруі амалдарын зерттеу, т.б. жатады
Дүние жүзінде қарт адамдардың абсолюттік саны күннен күнге өсіп бара жатқандықтан, олар туралы мәселелер де өте тереңдеп бара жатыр. Осы мәселені зерттейтін ғылым геронтология деп аталады, яғни ол термин герон -- қарт, логос -- ғылым деген екі сөздің тоғысуынан шыққан. Поль де Кюридің айтуы бойынша, бұл терминді алғаш рет Илья Мечников ойлап тапқан. Геронтология қартаю процесін ғана зерттемейді, ол сонымен қатар қартаю кезеңіндегі адам денсаулығын және өмір ұзақтылығына да мән береді.
Қартаю барлық табиғи ағзалар әлеміне тән, тек адам үшін ол экономикалық, әлеуметтік және психологиялық процестермен сабақтасады. Геронтологияның қазіргі кезде жеке дамыған бөлімі -- әлеуметтік геронтология. Ол өмір ұзақтығын және өмірдің салтын зерттейді.
Геронтология ғылымының мағынасын түсіну үші, оның дамуының сатыларын қысқаша болса да білу қажет.
Геронтология ұғымының қай кезеңде пайда болғаны туралы әртүрлі пікірлер айтылады. Бір зерттеушілер геронтология ерте заманда пайда болған ғылым деп айтады, яғни ол ерте замандағы медицина ғылымының атасы Гиппократ және Ибн-Сина, философтар Цицерон және Сенеки аттарымен байланысты деген. Ал кейбіреулерінің пайымдауы бойынша геронтология өз бастауын кейінгі жүзжылдықтың екінші жартысында, қарт адамдардың саны едәуір өскен шағында пайда болды дейді. Осы уақытта ең алғаш геронтологияның ғылыми-зерттеулік институттары құрылған. Осы айтылған екі пікір де дұрыс деп айтылады, яғни геронтология - жас ғылымдардың ішіндегі ең көнесі және көне ғылымдардың ішіндегі ең жас ғылым болып саналады.
Қоғам мәдени дамыған сайын, адам өмір тарихында өмірді ұзарту және өлімді ысырып тастауға әр уақытта әр түрлі амал-тәсілдер іздеген, бірақ оның нақты эксперименталдық жұмыстары мен практикалық қорытындысы XX ғ. ғана қолданыла бастады.
Геронтологияны мәдениеттің құрдасы деп те айтуға болады. Ерте ғасырлардан бері ғалымдар қартаю кезінде жастықты артқа қайтару үшін көптеген амалдар іздеген. Әр ғасырда қартаю ғылымы жаңа білімдер жинай бастады, әрине ол әр түрлі бағыттағы мамандармен байланысты, яғни олар: дәрігер - физиологтар, филологтар және биологтар, психологтар және социологтар, демографтар және этнографтар, тарихшылар және құқықтанушылар.
Бірақ бұл ғылымның пайда болуына өз үлестерін қосқан ғылымдардың қатары бұдан да көп. XX ғасырда геронтология жаңа, өте жас ғылымдардың жетістіктеріне байыды: биохимия, биофизика, психоаналитика, психофизиология және т.б. Негізінен геронтология - комплекстік тәртіпаралық зерттеулер негізіндегі ғылым болып табылады.
Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағзаның қартаю құбылысы
Қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелері
Ағзаның қартаю құбылыстары және герантология мәселелері
Қартаю кезіндегі жасушалардың өзгерістері
Қартаюдың генетикалық механизмдері
Жалғыздық феномені
Цитология.Зиянды әрекетерге жасушаның реакциясы.Жасушаның қартаюы мен өлуі
Цитология туралы түсінік
Оқу әдістемелік құрал жоғарғы медициналық оқу орындарының мейірбике ісі мамандығы бойынша оқитын жоғарғы курс студенттеріне арналған
Онтогенез және аурулар кезіндегі ақуыз құрылысының өзгерісі
Пәндер