Сақтық рыногы



1. Сақтық рыногы туралы түсінік
2. ҚР.ның сақтық корпорациясы
3. Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесі
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Сақтық рыногы – сақтық қызметтеріне сұраным мен ұсынымды қалыптастыру сферасы; сақтық қызметтерін ұсынатын әр түрлі сақтық ұйымдарының, сонымен бірге сақтық қорғауды қажет ететін заңи және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды білдіреді. Сақтық рыногында клиенттерді және олардың қосымша ақшаларын сақтық қорларына тарту үшін тәуелсіз сақтық ұйымдарының арасында бәсеке пайда болады.
Сақтандыру, табыс (пайда) алу мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарынын қызметі сақтық ісі ретінде елестетіледі.
Сақтық рыногы сатып алу-сату объектісі «ерекше тауар» - сақтық қызмет болып табылатын және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасатын ақшалай қатынастардың сферасы болып табылады.
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметінің кең спектрін ұсынатын бірнеше мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары, кәсіпорындар, корпорациялар, меншіктің түрлі нысандарының қоғамдары пайда болды. Олардың қызмет сферасы сақтандырудың тәуекелдік түрлерін де: биржалық мәмілелерді, жүктерді, кредиттерді, коммерциялық, құқықтық және басқа айрықшалықты тәуекелдерді (валюта бағамының өзгеруі, ереуілсіз кезінде кәсіпорынның тұрып қалуы, соғыс қимылдары, жұмыссыздық, экологиялық тәуекелдерді және т.б.) сақтандыруды кіріктіреді.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және экспорттық кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық ұйымдарының капиталдану қарқынынан озық қарқынын ескере отырып, отандық инвесторлар мен экспортерлерді сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында мамандандырылған корпорацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік болып табылады.
2. Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтық корпорациясы Қазақстан Республикасының даму институттарының бірі болып табылады, оның негізгі мақсаты - 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған.
1. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет.
2. https://kk.wikipedia.org
3. Ж.Қ. Тайбек “Cақтандыру”, Оқу құралы, 2012 ж.
4. bigox.kz
5. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Сақтық рыногы

Орындаған: Оразбаева А.М. (ФН-305)
Тексерген: Курманбекова Г.А.

Семей 2015 ж.
Жоспар:
1. Сақтық рыногы туралы түсінік
2. ҚР-ның сақтық корпорациясы
3. Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесі
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Сақтық рыногы - сақтық қызметтеріне сұраным мен ұсынымды қалыптастыру сферасы; сақтық қызметтерін ұсынатын әр түрлі сақтық ұйымдарының, сонымен бірге сақтық қорғауды қажет ететін заңи және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды білдіреді. Сақтық рыногында клиенттерді және олардың қосымша ақшаларын сақтық қорларына тарту үшін тәуелсіз сақтық ұйымдарының арасында бәсеке пайда болады.
Сақтандыру, табыс (пайда) алу мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарынын қызметі сақтық ісі ретінде елестетіледі.
Сақтық рыногы сатып алу-сату объектісі ерекше тауар - сақтық қызмет болып табылатын және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасатын ақшалай қатынастардың сферасы болып табылады.
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметінің кең спектрін ұсынатын бірнеше мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары, кәсіпорындар, корпорациялар, меншіктің түрлі нысандарының қоғамдары пайда болды. Олардың қызмет сферасы сақтандырудың тәуекелдік түрлерін де: биржалық мәмілелерді, жүктерді, кредиттерді, коммерциялық, құқықтық және басқа айрықшалықты тәуекелдерді (валюта бағамының өзгеруі, ереуілсіз кезінде кәсіпорынның тұрып қалуы, соғыс қимылдары, жұмыссыздық, экологиялық тәуекелдерді және т.б.) сақтандыруды кіріктіреді.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және экспорттық кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық ұйымдарының капиталдану қарқынынан озық қарқынын ескере отырып, отандық инвесторлар мен экспортерлерді сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында мамандандырылған корпорацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік болып табылады.
2. Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтық корпорациясы Қазақстан Республикасының даму институттарының бірі болып табылады, оның негізгі мақсаты - 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған. Қоғамның бірден-бір акционері мемлекет болып табылады. Корпорация қызметінің негізгі бағыты - бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси, тәуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық қорғауды қамтамасыз ету. Корпорация экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді және контрагенттерден өтеуді алады. Өз қызметтерінде корпорация сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға экспорттық кредиттер мен инвестициялық сақтандырумен байланысты мәселелер бойынша консультациялық, маркетингтік және ақпараттық қызметтер көрсетуді жоспарлайды.
Корпорация жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар кіреді:
* алушының дәрменсіздігі, өзара келісімшартты орындауға қатысушы импортер (реципиент) елінің немесе үшінші ел үкіметтері тарапынан экспортерге немесе инвесторға қатысты дискриминациялық сипаттағы шешімдер, іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер);
* импортер (реципиент) елі үкіметтерінің шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға, валютаны айырбастауға шектеу енгізуі;
* экспроприациялау, мемлекет меншігіне айналдыру, тәркілеу;
* революциялар, қоғамдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және т.с.с.
Сақтық ұйымы бола отырып, корпорация Сақтық қызметі туралы заңға сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәуекелді сақтандыруға корпорация алатын көлемдердің әлеуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді ішінара қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.
Сақтандыру келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық рыногында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар болып табылады:
# сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы;
# сақтық брокері;
# сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
# актуарий;
# уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);
# өзара сақтандыру қоғамы;
# сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге заңи және жеке тұлғалар.
Сақтық брокері - сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандырушымен сақтандыру келісімшарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру келісімшартын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметті, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыратын заңи тұлға.
Сақтық агенті - берілген өкілеттіктеріне сәйкес бір немесе бірнеше сақтық ұйымдарының атынан және олардың тапсырмасымен сақтандыру келісімшарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлға.
Сақтық ісі және сақтық қызметі, Сақтық төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады; бұл қызметтен басқа ол қызметтің мынадай түрлерін:
* инвестициялық қызметті;
* өмірді сақтандыру саласында қызметті жүзеге асыратын тиісті жинақтаушы сақтық келісімшартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтық ұйымы үшін);
* сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;
* ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтық ісі және сақтық қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды;
* бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе онын қарамағына сақтандыру келісімшарттарын жасауға байланысты келіп түскен (сақтық ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді;
* сақтық ісіне және сақтық қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді;
* сақтық (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастырү мен жүргізуді;
* сақтық агенті ретінде сақтық делдалы болуды;
* консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға, сақтық ұйымдары арасындағы не сақтық ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге заңи тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын ассистансты;
* сақтық төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционері бола алады.
Жарғылық капиталының 50 пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдар сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.
Мемлекет өзі құрылтайшысы немесе акционері болып табылатын сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша, егер Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оның жарғылық капиталына салған қаражаты шегінде жауапты болады.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері сатып алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлттық валютамен төлеуге міндетті.
Құрылатын сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеуден өткізген кезге дейін толық төлеуге тиіс.
Жеке тән заңи тұлғалар - Сақтық қызметі туралы заңда және уәкілетті мемлекеттік органның өзге нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылған талаптарды ескеретін Қазақстан Республикасы резиденттері мен бейрезиденттері сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
Жиынтығында орналастырылған акцияларының (артықшылықты және өтеуі төлеп алынған) 25%-нан астамы меншігінде және басқаруында болатын ұйым бейрезиденттердің қатысумен сақтық (қайта сақтандыру ұйымы) болып табылады.
+ 1) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері;
+ 2) Жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің немесе орналастырылған акцияларының 50%-дан астамы меншікте және (немесе) басқаруда болатын заңи тұлға-резидент;
+ 3) бейрезиденттердің бағалы қағаздарының атаулы ұстаушылары болып табылатын резиденттер.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңи және жеке тұлғалар мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек сақтық ұйымы жүзеге асырады. Сақтық ұйымдарымен - Қазақстан Республикасы бейрезиденттерімен, жұмыс, емделу, демалыс мақсаттарында уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген, тек осы тұлғалардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде уақытша болған жеке тұлғалармен - Қазақстан Республикасының резиденттерімен сақтандыру келісімшарттарын жасасуға рұқсат етіледі.
Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырушы екінші деңгей банктері мен ұйымдарға жеке және заңи тұлғалардан - Қазақстан Республикасы резиденттерінен Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің пайдасына сақтық сыйлықақылар төлеумен байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.
Сақтық ісі мен сақтық қызметін жүзеге асыруға мынадай жалпы талаптар қойылады:
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы сақтық қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандырудың белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру ережелері және ішкі ережелер болғанда ғана сақтық қызметін жүзеге асыруға құқылы.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі ережелері:
:: сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
:: ішкі аудиттік қызметтің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
:: сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, рыноктық және басқа да тәуекелдерді басқару жүйесін;
:: құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
:: сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін айқындауға тиіс.
Сақтандыру ережелерін және сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі ережелерін директорлар кеңесі бекітеді. Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында актуарийі болмаса, сақтық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтық ұйымдары таратылған жағдайда сақтық ұйымдары, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтық төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Жұртқа мәлім, сақтық төлемақыларын кепілдендіру қоры құрылған.
Сақтық(қайта сақтандыру) ұйымы міндетті түрде мынадай алқалық органдар құра алады:
директорлар кеңесі - басқару органы;
басқарма - атқарушы орган;
тексеру комиссиясы - бақылау органы.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылады, ал оның капиталы тек кана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалармен қалыптасады.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымдарды құруға, сатып алуға немесе уәкілетті орган рұқсаты кезінде басқа заңи тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға, ал оның келісуінсіз өзінің оқшауланған бөлімшелерін - Қазақстан Республикасы аумағында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру және рыноктық экономикадағы қаржының өзекті проблемалары
САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Қазақстан Республикасының сақтық рыногы:оның жай-күйін талдау және даму перспективалары
Сақтандыру рыногының теориялық негіздері
Қаржы пәнінен оқу құралы
Қаржы жүйесі және оны үйымдастырудың қағидалары
Сақтандыру компанияларының тізімі
Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалық мәні, оның іс - әрекет сферасы
Бағалы қағаздар және қаржы рыногы
Нарық шаруашылығының негізгі түрлері
Пәндер