Макроэкономикалық көрсеткіштерге статистика мәліметтері. Инфляция,салдары,қарсы саясат. Инвестиция түсінігі,маңызы.ҚР-ғы инвестициялық қызмет сипаты



1. ҚР.ғы экономикалық өсу,ерекшелігі,себептері
2. Инфляция,салдары,қарсы саясат
3. Инвестиция түсінігі,маңызы.ҚР.ғы инвестициялық қызмет сипаты
I. Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Жалпы экономикалық өсу бұл кез-келген мемелекеттің болашаққа деген болжамын анықтаудағы басты инструмент болып саналады.
Жалғасып жатқан қаржы дағдарысын, америкалық доллар курсының түсуін, мұнай мен азық-түлік бағасының қымбаттауын ескере отырып, БҰҰ экономистері болжамның үш нұсқасын жасап шығарған. Олардың ең нашары АҚШ ІЖӨ-сінің 1,2%-ға төмендейтінін жора¬малдайды, өте жақсы деуге болатыны – өсім 1%-ды, базалық түсім 0,2%-ды құрайды. Елдің әлемдік экономикасының өсу қарқынының жалпы төмендеу көрінісінде ТМД елдері оң нәтижелер көрсетті, делінген БҰҰ-ның “2007-2008 жылдардағы Еуропа эко¬номикалық комиссиясы аймағындағы экономикалық жағдай” баяндамасында.
Қазақстанда 2008 жылғы 21 – 30 сәуір аралығында болған ХВҚ-ның тапсырмасында “…ІЖӨ-нің өсу қарқыны 2009 жылы 6%-дан жоғарыламас бұрын, 2008 жылы 5%-ға төмендейтіні” расталды, бірақ сонымен бірге, әлемдік экономикадағы жоғары белгісіздік жағдайын және оның Қазақстанның экономикасына әсерін тағы да ескермесе болмайды.
Қазақстан стратегиялық бағдарламаның бірінші кезеңінде (2001-2010 ж.ж.) тұр. Бұл кезеңде келесідей мақсаттарды жүзеге асыру көзделген болатын:
• Бес жылдық ауылды дамыту жоспарын белгілеу және ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру;
• Жеке меншіктің, яғни жерге деген жеке меншік проблемасын шешу;
• Тұрғын мәселесін шешу мен кедейлікпен күрес шараларын бекіту;
• Қазақстанда әлеуметтік жағынан жоғары орта топ деңгейін қалыптастыру;
• Зенетақ, жалақы мөлшерін үнемі мемлекеттік бюджетті көтеру арқылы өсіріп отыру;
• Шетел инвестицияларын тиімді пайдалану және өндірістік орындарды көбейту мен қатар экспортқа бәсекелік қабілеттілігі жоғары өнім шығару;
• Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке ену.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІ
УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІ
С Ө Ж
Тақырыбы :

1-Макроэкономикалық көрсеткіштерге статистика мәліметтері
2- Инфляция,салдары,қарсы саясат
3-Инвестиция түсінігі,маңызы.ҚР-ғы инвестициялық қызмет сипаты

Орындаған : Тұрсынғали Аида , ПХ-415,
2-курс студенті

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ,2015 ЖЫЛ

Жоспар :

1. ҚР-ғы экономикалық өсу,ерекшелігі,себептері
2. Инфляция,салдары,қарсы саясат
3. Инвестиция түсінігі,маңызы.ҚР-ғы инвестициялық қызмет сипаты

I. Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Жалпы экономикалық өсу бұл кез-келген мемелекеттің болашаққа деген болжамын анықтаудағы басты инструмент болып саналады.
Жалғасып жатқан қаржы дағдарысын, америкалық доллар курсының түсуін, мұнай мен азық-түлік бағасының қымбаттауын ескере отырып, БҰҰ экономистері болжамның үш нұсқасын жасап шығарған. Олардың ең нашары АҚШ ІЖӨ-сінің 1,2%-ға төмендейтінін жора-малдайды, өте жақсы деуге болатыны - өсім 1%-ды, базалық түсім 0,2%-ды құрайды. Елдің әлемдік экономикасының өсу қарқынының жалпы төмендеу көрінісінде ТМД елдері оң нәтижелер көрсетті, делінген БҰҰ-ның "2007-2008 жылдардағы Еуропа эко-номикалық комиссиясы аймағындағы экономикалық жағдай" баяндамасында.
Қазақстанда 2008 жылғы 21 - 30 сәуір аралығында болған ХВҚ-ның тапсырмасында "...ІЖӨ-нің өсу қарқыны 2009 жылы 6%-дан жоғарыламас бұрын, 2008 жылы 5%-ға төмендейтіні" расталды, бірақ сонымен бірге, әлемдік экономикадағы жоғары белгісіздік жағдайын және оның Қазақстанның экономикасына әсерін тағы да ескермесе болмайды.
Қазақстан стратегиялық бағдарламаның бірінші кезеңінде (2001-2010 ж.ж.) тұр. Бұл кезеңде келесідей мақсаттарды жүзеге асыру көзделген болатын:
* Бес жылдық ауылды дамыту жоспарын белгілеу және ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру;
* Жеке меншіктің, яғни жерге деген жеке меншік проблемасын шешу;
* Тұрғын мәселесін шешу мен кедейлікпен күрес шараларын бекіту;
* Қазақстанда әлеуметтік жағынан жоғары орта топ деңгейін қалыптастыру;
* Зенетақ, жалақы мөлшерін үнемі мемлекеттік бюджетті көтеру арқылы өсіріп отыру;
* Шетел инвестицияларын тиімді пайдалану және өндірістік орындарды көбейту мен қатар экспортқа бәсекелік қабілеттілігі жоғары өнім шығару;
* Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке ену.
Соңғы жылдары Қазақстанда мароэкономикалық тұрақтануы байқалуда. Бұл мемлекеттің бюджетнің тапшылығын қысқарту мен қатал монетарлық саясатты дәйекті жүргізудің арқасында қол жеткізілді.Егер инфляция шектен тыс асып кетсе, ұлттық валютаның бағамы экономиканың жалпы жағдайы мен көзделіп отырған стратегиялық ұмтылыстарға сай келмесе, ал өсім қойылымдары нақты сектор үшін жоғары болып, оған қол жеткізу мүмкін болмай қалса немесе нақты сипатында теріс болып отырса, алға қойған мақсаттардың іке асу мүмкіндігі тарылады.
Қазіргі таңда Қазақстанда инфляция тұрақты деңгейге түсіп, елдің стратегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағыттауына септігін тигізуде. Бұл орайда Қазақстан үшін экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа басты назар аудару қажет.Жеке меншік тнституттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайту көзделген.
oo Бастапқы нөлдік кезеңде (1998-2000 ж.ж.) экономикалық өсу келесі бағыттарда жүргізілді: Қатаң монетарлық саясатты үздіксіз жүргізу. Инфляция деңгейін 1998 жылғы 10 пайыздан, 2000 жылы 5 пайыздан асырмау шаралары көзделді
oo Еліміздің жаппай инвестициялық жағдайын жақсарту үшін заң шығару жетілдірілді;
oo Шетел инвестицияларын белсенді тарту, оларды көлемді және нәтижелілігі туралы халыққа баяндап отыру көзделді
oo 2010 жылға дейінгі бірінші кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлуді қажет етеді.
Бұл басымдық тәртібімен айтар болсақ -- ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды жақсарту көзделген. Осы салаларды дамыту арқылы қазақстан экономикасының құрылымдық мәселелері ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлікпен күрес мәселелерін де шешуге мүмкіндік береді. Бұлар қазіргі таңдағы ерекше маңызды проблемалардың бірі.
Экономикалық өсудің Қазақстан экономикасы үшін маңызды екені баршамызға аян. Қарқында экономика болмайынша халықтың әлеуметтік мәселелерін қаржыландыру, қоғамды жемқорлық пен қымыскерліктен қорғау мүмкін емес. Сондықтан да бұл басымдық бүгін де, ертең де өз құнын жоймайтын маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.

Экономикалық өсудің факторлары:
Тікелей факторлар:
Жанама факторлар:
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
oo Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
oo Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
oo Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
oo Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
oo Сұраныс факторлары - тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
oo Ұсыныс факторлары - бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
oo Бөлу факторлары - қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.


Экономикалық өсудің типтері
Экономикалық өсудің типтері
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

Интенсивті
Интенсивті
Экстенсивті
Экстенсивті
Аралас
Аралас

1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
oo қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
oo ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
2. Экстенсивті типі - қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
oo жұмыс күшінің санының өсуі;
oo капиталдың көлемі өсуі.
3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары - халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
oo Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
oo Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
oo Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
oo Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

I. Инфляция термині ( латын тілінен аударғанда - дүмпуі) ең алғаш рет Азамат соғысы кезінде 1861 - 1965 ж.ж америкада қолдана бастады.

Егер де экономикада ақша тауарлардан артық болса, онда ақша бірлігінің құны өседі. Осының бәрі инфляция болып табылады. Тауарлардың барлығы әкімшілік органдармен бақыланып отыратын командалық жүйеде ақшаның құнсыздану материалдық игіліктерінің тапшылығынан көрінеді.
Инфляция тұтыну бағаларының индексі арқылы өлшенеді. Инфляция қарқыны келесі формуламен есептеуге болады:

Осыдан инфляцияның үш себебін бөліп алуға болады:
а) ақша массасының өсуі;
б) ақша айналымы жылдамдығының өсуі;
в) өнім өндірісі көлемінің төмендеуі;

Бірінші себебі - экономикадағы ақша массасының өсуі - Орталық банктің ( ОБ) қате ақша - несиелік саясаттың салдарынан, сонымен қатар, мемлекеттің қосымша ақша басып шығаруға итермелейтін бюджеттік тапшылықтан болуы мүмкін.
Мемлекет жаңа ақша шығарғанда, ол қоғамда бар ақша қорларының құнын төмендетеді, өйткені ол тауарлық бағаларды өсіреді. Бұл құбылысты экономисттер инфляциялық салық деп атайды. Өйткені инфляция қолма-қол ақшаға салық болып табылады.
Инфляция қарқынын белгілейтін екінші маңызды себеп ақша айналымы жылдамдығы V болып табылады.
Инфляцияның үшінші себебі: ұлттық өндірістің нақты көлемінің қысқаруы болып табылады. Ол өндіріс шығындарының өсуіне әкелетін еңбек ақының өсуі, экономикадағы циклдық құлдыраудың, өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру, шаруашылық байланыстардың үзілуі салдарынан болуы мүмкін.Ақша массасының тұрақты деңгейі кезінде нақты өндіріс көлемінің қысқаруы инфляция қарқынының өсуіне әкеледі, өйткені азырақ тауарлар мен қызмет көрсету көлеміне ақшаның бұрынғы көлемі қарсы тұрады. Бірақ бұл себебі: алдыңғы екеуіне қарағнда инфляциялық процесте айтарлықтай роль атқармайды.Экономикадағы монополизмнің жоғарғы деңгейі мен мемлекеттің нарықтық билігі ( әкімшілік түрде бағаларды өсіру) инфляцияның себептері болуы мүмкін. Инфляция себептеріне талдау жасағанда инфляциялық күту факторында ескерген жөн. Ол инфляцияны тудыруы да, инфляцияның объективті себептерінің ( ақша массасының өсуі, өндірістің қысқаруы) күштері жойылған кезде де инфляцияның сақталуына ықпал етуі мүмкін.
oo Ашық инфляция сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясы формасында болады.
oo Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныстың нақты өндіріс көлемінен артық болғанан туындайды. Ол ең алғашқы рет кейнстік талдау шеңберінде зерттелді.
oo Сұраныс инфляциясы ақша массасының ( монетарлық импульс) өсуінен, мемлекеттік шығындардың және жеке инвестициялардың өсуінен, сонымен қатар, ақша айналымының жылдамдығын үдететін инфляциялық күтулер салдарынан туындайды.
oo Ашық инфляцияның екінші формасы - бағалар деңгейінің өсуіне әкелетін шығындардың өсуі. Бұл процесс шығындар инфляциясы деп аталады.
Шығындардың өсуінен туындайтын инфляция теориясы екі жақты монополияның бағалар өсуін түсіндіреді. Нарықта бір жағынан, олигополиялық кәсіподақтар кездеседі. Екеуіде инфляцияның туындауына түрткі қылады.
Шығындар инфляциясы шикізат пен энергия бағаларының өсуінен де қалыптасуы мүмкін. Шикізатты өндіру, тасымалдау жағдайлары өзгеруінен, импорттық құрал-жабдықтың бағалары өсуінен шикізат қымбаттайды.
Ашық инфляцияға қарағанда жасырын инфляция экономикадағы тұрақты бағалар деңгейімен сипат-талынады, бірақ ол тікелей тауарлық тапшылықтан көрінеді. Тауарлық тапшылықта ақшаның құнсыздануы білдіреді. Азаматтар мен фирмалар өздеріне керекті тауарларды сатып алмайды, нәтижесінде олардың құлдырауындағы ақша қаражаттарының құны түседі.
oo Мемлекеттік инфляцияның себептері емес, оның саларымен ( бағалардың өсуімен) күрескен кезде жасырын инфляция пайда болады. Ол бағалар мен табыстарды қатырып қоюға ұмтылады.
oo Жасырын инфляцияның бірінші және ең күйреткіш салдары нарықтық механизмнің деформациясы болып табылады. өйткені бағалар жүйесі экономикалық белсенділікке ықпал ете алмайды.
Әкімшілік тарапынан белгіленген бағалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты туралы
Дағдарыс және оған қарсы басқару
Инфляция және Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат
Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайы және инфляциялық процесс
Мароэкономика
Экономикалық өсу басты макроэкономикалық категориясы ретінде
Қазақстан Республикасы экономикасында инфляциялық процестерді талдау
2013-2015 жылдардағы ҚР-ның макроэкономикалық көрсеткішіне сипаттама
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу туралы ақпарат
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Пәндер