Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі туралы ақпарат



І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Сапаны басқаруды ұйымдастырудың тәжірибелері
2.2. сапа ұйымдары (QС)
2.3. «Бес нөлдік» жоспары
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.
Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
1. Морита А. Сделано в Японии система / Пер. с англ. – Москва: Прогресс, 1993. – 413 с.
2. Веблен Т. Менеджмент в подразделениях фирмы / Пер. с англ. – Москва: ИНФРА-М, 1996. – 288 с.
3. Баумоль У. Экономика / Пер. с англ. - 2 - е изд. - Москва: Дело ЛТД, 1993. - с. 135-137.
4. Шипунов В.Г., Кишкель Е.Н. Основы управленческой деятельности: Учебник. - Москва: Высшая школа, 1999. – 304 с.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі

Орындаған:Жумагазинов А.Е.
Тексерген: Төлеубекова С.С.

Семей -2015ж.
ЖОСПАР
І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Сапаны басқаруды ұйымдастырудың тәжірибелері
2.2. сапа ұйымдары (QС)
2.3. Бес нөлдік жоспары
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты -- баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Өнімнің сапасы -- бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны -- бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы -- бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.
Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1.Сапаны басқаруды ұйымдастырудың тәжірибелері
Ғылыми - техникалық жетістіктердің дамуы өнім сапасының ұлттық экономикасының дамуы ретінде қарастырылып келеді. Әлемнің дамыған мемлекеттерінде өнім сапасын арттыру және бәсекеге қабілеттілігін жақсарту мәселелерін шешу шаралары белсенді жүргізіліп келеді. Өндіріс дамуының мақсаты - ресурстарды ұтымды қолдану қағидасы болып табылады. Фирманың өндірістік қызметі: максималды арнайылық, монополизацияға әкелетін факторларды ескермеу, шығындарды үнемдеу сияқты элементтермен сипатталады. Нарықтық экономика жағдайында нақты ортаның бар болуы сапа себептеріне көп көңіл бөлуді білдіреді. Соңғы жылдары көптеген кәсіпорынның жетекшілері бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату құралы ретінде сапаны басқару қажеттілігін түсініп келеді Қазір фирмаларды басқаруға өте үлкен көңіл бөлінеді. Басқару мәселесі бұрын коммерциялық құқық құрамына кіретін болса, енді олар фирманың функционалдық табиғатының дамуындағы нақты қозғалыстарын айқындайды. Қаралып отырған салада фирманың басқару теориясы маңызды орын алады. Бұл жерде фирма ұғымында қазіргі жағдайда оның неғұрлым кең тараған түрі - корпорация екенін атап өту керек. Басқару коорпорациясы 30 - шы жылдары АҚШ-та басқарудың жеке меншіктен бөлінуі кезінде туындады. Қазіргі өнеркәсіптік фирманың сипаты оны басқару тәсілдеріне және оның өз қатынастарына тапсырыс берушілермен, жалдама жұмысшылармен және өнім берушілер арқылы қалай жасақталатыны көрінеді. Бұл теорияның тірек шарты менеджерлер мүдделерінің акционерлер мүдделерінен үстемдігі және сол үстемдіктің одан әрі зерттелуіне байланысты. Аталмыш жағдай фирманың үш үлгісінің туындауына алып келеді. Сонымен У. Баумоль өз тәжірибесінде сату көлемін арттыру мақсатында үлкен оллигополиялық фирманың үлгісін жасады. Оған негіз болған оллигополия салаларындағы ірі коорпоративті кәсіпорынның пайдадан гөрі, сатуға көп алаңдаушылығы еді. Мұны сатудан түскен пайданы объективті түрде санауға болатындығымен, ішінара түсіндіруге болады. Пайданы өлшеу көбінесе есептеу тәсілдеріне байланысты болады. Аталған үлгіде үш шектеу бар. Біріншіден, басқарушылықтың пайдалылығы тұрғысынан қарағанда, пайда мен сатудың арасында таңдау жоқ деп болжанады. Екіншіден, сатудың өсуіне байланысты табыстың бір бөлігінің шығыстарға жатқызылуы қалған пайданы көбейтуге кедергі болмайды. Үшіншіден, сатылу қарқыны төмен жағдайда фирма көлемінің тек ағымдық мәнін көтере алады. Екінші үлгіні басқару пайдалылығын көтерген кәсіпорынның экономикалық жағдайын сипаттаумен Р. Мэррис айналысты. Оның берген үлгісінде қызмет құрамында нақты активтердің екі құралды айнымалылардың өсу қарқыны және коорпорацияны жаулап алу қатерінен сақтауға кепілдік беретін акционерлік болжам қозғалысын бағалау нормасы анықталған. Өсу мен қауіпсіздік арасындағы шекті алмастыру нормасы қосымша өсу түріндегі шекті бағалау шығындарына тең келеді. Нәтижесінде, басқарушы фирманың акция құнының жоғарлауымен емес, өсудің басқару пайдалылығының оңтайлы деңгейіне дейін жетумен айналысатынын көрсетеді. Сапаны бақылау жұмыстары қазіргі кезде Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінде іске асырылып, ірі өндірісте енгізіліп келеді. Бұл елдердегі сапа бойынша жұмыс жапон компанияларының бірлескен кәсіпорындарға және филлиалдарға ауысуынан басталды. Бұл елдерде тез арада МС-9000 жүйесі кең жайылып, жапон өндірісінің стандарттарын өндіру жүзеге асырылды. Қазіргі кезде осы елдердегі көптеген кәсіпорындарда жапондық сапа үйірмелерін құру жоспарланып отыр. Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру Жапонияда стандарттың келесі түрлері байқалады: - халықаралық стандарт (МС 9000); - Жапония стандарты (Жапон өндіріс стандарты); - компаниялар мен фирмалардың стандарты; - тауар мен қызметтердің ерекшелігіне арналған стандарттар. Компаниялардың стандарттары өнідірістің іс-әрекет лицензиясы алынғанда беріледі. Жапонияда өз қызметкерлерін ұлтжандылыққа тәрбиелеуге үлкен көңіл бөледі. Әр фирмада сапа талдауының сұрақтарына жауап беретін бөлімшелер бар. Жапониядағы сапа үйірмелерінің рөлі психологиялық негіздерге сүйенеді. Өндірісте жұмысшылар мен менеджерлер және директор арасында тең қарым - қатынас сақталады, тауарды өндіру процесіне әркім өз үлесін сезеді, әрекетінде әр затты көре алады, нәтижесінде ұжымда бірқалыпты психологиялық климат қалыптасады. Жапонияда өнім сапасының тәжірибесі дамып келеді. Дүниежүзіндегі жетекші үш аймақ: АҚШ, Батыс Европа мен Жапон елі мысалында сапаны басқарудың даму тенденциясын қарастырайық. АҚШ - тың өнеркәсіптік фирмалары шығарылатын өнімнің жоғары сапасына сапаны басқаруда ұйымдастыру мен әдістерін жетілдіру арқылы қол жеткізген. 70-ші жылдардан бастап сапаны басқару бойынша барлық әрекеттердің басты мақсаты тұтынушыларға қажетті сапаны фирма үшін ең аз шығынмен қамтамасыз ету болды. Жоғары жағына сапа құнының мөлшері мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне және кірісіне сапа деңгейінің әсері қойылды. Бұл жағдайда өнімнің ғана емес, тұтынушыларға қызмет ететін бүкіл ұйым ақаусыз болуы керек деген бағдарлама қойылғаны белгілі. Сапаны басқарудың қазіргі жүйелері тұтынушылар талабына және өндірушінің шығындарын ең аз мөлшерге теңестіруге бағдарланған. Егер бірінші шарт ұйымның техникалық сипаттағы әрекеттерімен байланысты болса, ал екінші шарт сапалы өнім өндіруге шыққан жиынтық шығындардың ақталуымен байланысты. Осының негізінде сапаны бақылаудың жалпы тұжырымдамасы қалыптасты. Бұл бұйымдарды кейін пайдалану мен толық жетілдіру, тұтынушыларға қызмет ету едәуір үнемді болуы үшін жоспарлардың сапасын қамтамасыз ету фирманың әртүрлі ұйымдық бөлімдерінің талпыныстарын шоғырландыратын тиімді жүйе деп түсіндірілді.Теміржол көлігінде инновациялық қызметті басқарудың жетілдіру жолдары Өнім сапасын басқару мен тұтынушыларға қызмет көрсету аумағына фирмалардың ұйымдық құрылымдарының бүкіл негізгі тізбектерінің басқарушылары тартылып, нарықты зерттеу мен жаңа өнімді жоспарлау жобасын анықтау кезеңінен бастап, тұтынушылардың өнім шығаруда техникалық қызмет көрсетуімен аяқтап, өнім жасау процесіне мақсатты бағытталған іс - шаралар арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Жабдықтаушы фирмаларда шығарылатын өнімнің сапасын жақсартуда басты жауапкершілік ең алдымен зауыт басқарушыларына жүктелген. Ал тікелей бақылау мен жұмыскерлердің өнімдерін тексерумен инспекторлар айналысады. Сапаны басқаруды сапаны бақылау бойынша инспекторлар мен инженерлер жүзеге асыра отырып, кәсіпорында ақаулы өнім шығаруды қажеттілігіне қарай тоқтатуға құқы бар. Соңғы он жылдықта өнім сапасын басқару жүйесіндегі жетекші және жоспарлаушы тізбектің арнайы коорпоративті штатын құру тұжырымдалды. Сапаның коорпоративті қызметтеріне өнім сапасын қамтамасыз етудің жиынтық бағдарламаларын жоспарлау мәселесі мен оларды фирманың бүкіл бөлімдеріне жеткізу жүктеледі. Бұл бағдарламаларда өнімді шығарудың әрбір кезеңінде сапаға қойылатын талаптар қалыптасып, жеке құрылымды бөлімдердің мәселелері нақтыланады. Техникалық стандарттар тұтынушылар талаптарына сәйкес зерттеуші, өндіруші, жоспарлаушы және барлық құрылымды басқарушыларға түсінікті тілге аударып жеткізеді. Сапаны басқарудың қазіргі бағдарламалары өзінің іске асырылуының бірқатар кезеңдерін алдын - ала қарастырады. Алдымен нарық жайлы, соның ішінде нақты тауардың сапасына тұтынушылардың қоятын жалпы талаптары қарастырылады, содан соң өндіріске жұмсалатын шығындар анықталады. Осы кезеңдегі жұмыстың нәтижесі сапа деңгейін, оның техникалық параметрлері мен сипаттамаларын бекіту және өндіріс пен жобалық құрылыстық жұмыстардың кезеңдерінде қажетті сапаны қамтуға мүмкіндік беру, ал бірқатар жағдайларда өнімді сақтайтын, әрі тұтынушыларға жеткізетін техникалық шарттардың бүкіл жиынтығын тұжырымдау болып табылады. Аталған талаптар тұжырымдалып, фирманың ішінде өнімді тікелей шығарушыларға жеткізгеннен кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнім сапасын басқару жайлы Жапонияның тәжірибесі
Мемлекеттік экономикалық сектор жайында
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі туралы мәлімет
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі жайлы ақпарат
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі туралы
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапония тәжірибесі
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі жайлы
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі
Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі
Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару
Пәндер