Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны



1. Осы заман мектебіндегі ғылыми басқарым мəні
2. Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары
Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару əрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Бұл үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуі міндетті:
- мектеп түрі мен мақсаты;
- ақпараттық жабдықталуы( оқушылар қызығулары мен мүмкіндіктері , ата-аналар тапсырыстары);
- мамандар, материалдық-техникалық, психологиялық жағдайлар (анықталған қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін);
- оқу жоспарының мектептік баламасы;
- оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық, дəрісбаян-тəжірибелік, мектептің əрқилы сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды-ағымдық жəне т.б.);
- оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тəртібі (бес-алты күндік, апта, түске дейінгі не күннің екінші жартысында);
- мектептің белгілеген мақсаттарға жетудегі басты шарттары (мамандар, материалды-техникалық, қаржылық, ғылыми-əдістемелік, əлеуметтік-психологиялық).
Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның тұтастығын сақтауға, екінші жағынан- ондағы жүйе бірліктерінің əрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажетінен туындаған мақсаттардың дəл мезетінде орындалып баруына бағытталуы қажет. Мақсаттар мектептің педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал сол мазмұнның іске асырылуы, өз кезегінде көптеген , əрқилы əдістер мен формаларды ойластыруды керек етеді.
Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар – педагогикалық ұжым жəне оның басшыларының қызметтік іс-əрекеттері (В.А.Сластенин). Мектептердің көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей- мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Екінші деңгей- мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; əлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, əкімшілік-шаруашылық бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде.
Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты

Орындаған: Жағыбарова Мадина
Тексерген: Жумашбекова Самал
Тобы: ФИ-311

Семей 2015

Мектеп - педагогикалық жүйе жəне басқару нысаны
Жоспары
1. Осы заман мектебіндегі ғылыми басқарым мəні
2. Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары

1. Осы заман мектебіндегі ғылыми басқарым мəні?
Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару əрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Бұл үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуі міндетті:
- мектеп түрі мен мақсаты;
- ақпараттық жабдықталуы( оқушылар қызығулары мен мүмкіндіктері , ата-аналар тапсырыстары);
- мамандар, материалдық-техникалық, психологиялық жағдайлар (анықталған қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін);
- оқу жоспарының мектептік баламасы;
- оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық, дəрісбаян-тəжірибелік, мектептің əрқилы сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды-ағымдық жəне т.б.);
- оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тəртібі (бес-алты күндік, апта, түске дейінгі не күннің екінші жартысында);
- мектептің белгілеген мақсаттарға жетудегі басты шарттары (мамандар, материалды-техникалық, қаржылық, ғылыми-əдістемелік, əлеуметтік-психологиялық).
Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның тұтастығын сақтауға, екінші жағынан- ондағы жүйе бірліктерінің əрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажетінен туындаған мақсаттардың дəл мезетінде орындалып баруына бағытталуы қажет. Мақсаттар мектептің педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал сол мазмұнның іске асырылуы, өз кезегінде көптеген , əрқилы əдістер мен формаларды ойластыруды керек етеді.
Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар - педагогикалық ұжым жəне оның басшыларының қызметтік іс-əрекеттері (В.А.Сластенин). Мектептердің көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей- мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Екінші деңгей- мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; əлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, əкімшілік-шаруашылық бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.

Үшінші деңгей- оқу барысында жəне оқудан тыс білім-тəрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тəрбиешілер, сынып жетекшілері. Бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.
Төртінші деңгей- сыныптық жəне жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың субъект-субъектті сипатын баса танытады. Мұндай қатынаста оқушы өзара ықпал нысаны болумен бірге өз дамуының қозғаушы күші - субъект ролін де атқарады.
Сатысына қарай əрбір басқару субъекті бір уақытта жоғары деңгейлі басқарудың объекті - нысаны болып есептеледі.
Басқарымды жүйеде оқушылар ұжымы маңызды орынға ие. Бұл ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі: біріншісі- жалпы мектептік жəне сынып ұжымы; екіншісі- оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорттық бөлімдер, шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену топтары (бригадалары) жəне т.б. Педагогикалық жəне оқушылар ұжымдарының өзара бірлестік іс-əрекеттері Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы мен жалпы білім беруші мекемелер Жарғысы негізінде реттеліп барады.

2. Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары
Басқару іс-əрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:
- мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге əр кезеңінің соңғы нəтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау);
- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша ұзақты болашақ пен əр жылға жоспар түзу);
- ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру жəне бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру);
- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында əрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру);
- ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың əлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау жəне мадақтау);
- қадағалау (талдау жəне жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру);
- педагогикалық талдау (оқу процесін, тəрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тəрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер жəне талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру).
Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару мазмұнын екі жікке келтіруге болады: 1) ұйымдастыру- бақылау жұмыстары (басқарымдағылардың іс-əрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау жəне т.б.) жəне 2) басқарушылар іс-əрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу,
ұжым құрылымын жүйелеу, іс-əрекеттердің технологиялық негізін қалау).
Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру);
- əкімшілік - ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т.б.);
- психологиялық - педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);
- қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау).
Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару əдістері пайда бола бастады. Оқу-тəрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану тəсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау жəне əдістемелік материалдармен жұмыс жасау əдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп əкімшілігінің күш-қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, əр мұғалімге де таныс болуы міндетті.
Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, ұстаздық, мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Əлеуметтік - психологиялық əдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тəртіп Ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп Жарғысына ендіріледі.
Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай - педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшеңдік жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір басшының жіті білуі.

Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
Мақсаты: педагогикалық іс-әрекет туралы; мұғалімнің теориялық және практикалық іс-әрекетінің мәнің, мотивациясының, мақсатының, мазмұның ролі туралы білімді қалыптастыру.
Іс-әрекет біздің түсінігімізше, бір жағынан, ғылыми білімнің категориясы, адамдардың қоғамдық-тарихи болмысының спецификалық формасы, басқа жағынан, олардың бар болуы мен дамуының әдісі, табиғатты және әлеуметтік мақсатты бағытталған түрлендірілуі арқылы түсіндіріледі. Табиғат заңдарына қарағанда әлеуметтік заңдар ақиқаттың жаңа формалары мен қасиеттерін құрып, қандай да бір бастапқы материалды өнімге айналдыратын тек адам іс-әрекеті арқылы табылып жатады. Субъектпен орындалатын кез келген іс-әрекет мақсат, түрлендіру үрдісінің өзі және оның нәтижесін қамтиды (6-сұлбаны қараңыз). Болмыстың бір түрі мен адамның өмір сүру әдісі ретінде іс-әрекет:
- адам өмірінің материалдық жағдайларын құру, адамның табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыздандырады;
- адамның рухани дүниесінің даму факторы, оның мәдени қажеттіліктерінің жүзеге асырылуының шарты мен формасы болып табылады;
- адамның өзінің тұлғалық потенциалының жүзеге асырылуының, өмірлік мақсаттарға, табыстарға қол жеткізу саласы болып табылады;
- адамның қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде өзін өзі табу үшін, өзінің әлеуметтік қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;
- ғылыми таным, өзін өзі тану мен өзін өзі дамыту критериі мен көзі болып табылады;
- қоршаған әлемді тану мен түрлендіруді қамтамасыздандырады (Смирнов В. И. Общая педагогика в тезисах, дефинициях, иллюстрациях. М., 1999. С.165).
Іс-әрекеттің маңызды сипаттамалары болып табылатындар:
пәнділік - ол іс-әрекет үрдісі кезінде түрлендірілетін объективті дүниенің қасиеттері мен қатынастарына бағынады (Давыдов В. В. Деятельность: теория, методолгии, проблемы. М. 1990. С.151);
әлеуметтілік - адам іс-әрекеті әрқашан өзінің өнімімен, ақпаратпен алмасуға, жеке мақсаттар мен жоспарларды үйлестіруге, өзара түсіністікке жетелейтін қоғамдық сипатта жүреді.
саналылық - іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде сана әртүрлі функцияларды орындайды: ақпараттық, бағытталған, мақсаттылық, мотивті-түрткішіл, реттеушілік және бақылаушыл (Буева Л. П. Человек, деятельность и общение. М., 1978. С. 103-104).
Іс-әрекеттің нәтижелері оңай аңғарылады және сапалы-сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін.
Қажеттілік - аса қажеттіліктен және оны жүзеге асыру мен дамыту үшін қажет объекттер мен әрекеттерде туындайтын адамның күйі, сондай-ақ оның белсенділігінің көзі болып келетін, танымдық үрдістерді, қиял мен жүріс-тұрысты ұйымдастырады және бағыттайды.
Мотив - қажеттілікті қанағаттандыруға байланысты іс-әрекетке түрткі болу; әрекеттер мен қылықтардың таңдауы түсіндірілетін сезінімді себеп; әрекеттерді таңдауға түрткі болатын зат(материалды немесе идеалды).
Мақсат - күтілетін нәтиженің сезінімді бейнесі, адамның іс-әрекеті соған қол жеткізуге бағытталған.
Есеп - қандай да бір жағдайларда берілген және осы жағдайлардың түрлендірілуі кезінде орындалатын іс-әрекет мақсаты (Леонтьев А. Н. Избранные психологические произведения: в 2-х т. М., 1983. Т. 2. С. 156).
Әрекет - іс-әрекет бірлігі, сезінімді мақсатқа жетуге бағытталған кездейсоқ, қасақана белсенділік (Словарь практического психолога Сост. С. Ю. Головин. Минск, 1997. С. 120).
Операция - берілген жағдай шарттарымен анықталатын әрекетті жүзеге асыру әдісі.
Іс-әрекетке адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын санасында сәйкес объекттер мен әрекеттер түрінде келетін әртүрлі қажеттіліктермен жетеленеді. Іс-әрекеттің мотивация сипатына орындалуындағы табандылығы, яғни мақсатқа жетудегі табысы да тәуелді. Іс-әрекеттің мотивтері мен мақсаттары адам өмірінің қоғамдық шарттарына және оның жеке дамуының деңгейіне тәуелді. Іс-әрекеттің жеке дамуындағы маңызды рөл индивидтің қоғамдық тәжірибені меңгеру ойнайды. Іс-әрекет бірқатар ішкі, бір бірімен байланысқан әрекеттер арқылы жүзеге асып, біршама автоматтандырылған компоненттерден құрылған. Алайда жалпы алғанда әрбір іс-әрекет сезінімді, мақсатты бағытталған сипатта болады. Сезінімді мақсат заң сияқты адам әрекеттерінің әдісі мен сипатын анықтайды (К.Маркс). Ол күтілетін нәтижені алуда кездестірілетін кедергілерді белсенді түрде жеңуге жетелейді. Адамның іс-әрекетінің негізгі түрі болып оның физикалық және ой еңбегі табылады. Физикалық өнімділік еңбек қоғам мен оның әрбір мүшесінің өмір сүруі үшін қажет материалдық құндылықтарға бағытталған. Ой еңбегі ақиқатты үйренуге, ғылыми теориялар, әдеби, көркем және басқа да рухани құндылықтарды құруға бағытталған.
Адам іс-әрекеті - оның дамуына қажетті шарт, бұл үрдіс кезінде өмірлік тәжірибе пайда болып, қоршаған айнала танылып, білім сіңіріліп, дағды мен икемділік пайда болуының арқасында іс-әрекеттің өзі де дами түседі. Леонтьев А., Рубинштейн С., Теплов Б. және басқа да ғалымдардың зерттеулері және басқа ғалымдардың зерттеулері іс-әрекет кезінде психикалық үрдістер дамып, тұлғаның ой, сезім мен қайсарлық қасиеттері, қабілеттері мен мінез-құлығы жетіле түседі. Іс-әрекетті тұлға дамуының бір факторы ретінде қарастыра отырып, оның рөлі орта факторынан біршама өзгеше екендігін ескеру қажет. Шынында да, егер орта дүние мен өмір бейнесін құрып, баланы оның дамуы үшін қажетті материалмен қоршай отырып, әлеуметтік даму алғышарты болып келсе, онда іс-әрекет - тұлғаның өздігінен өзін-өзі дамытуы, даму үрдісінің субстанциясы, оның материалдық жолы (жүру арқылы жүруге үйрену және т.б.). Даму, мысалы, адамгершілік, эстетикалық, саясаттық, еңбек және басқа да - бұл әрқашан іс-әрекет үрдісі, мақсатты бағытталған белсенділік кезінде пайда болған тұлғалық құрылымдағы жаңа түзулер.
Іс-әрекет - субъекттің объектке қатынасының белсенді формасы:
танымдық - ақиқатқа жету, оны ашу, зерттеу;
еңбектік - материалдық құндылықтар құрылып, сақталып, жетілдіріле түседі;
көркемдік - көркем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде
Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі басқару үрдісі
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде. педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты туралы ақпарат
Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
Педагогикалық логистиканың педагогикалық жаңашылдықтарды басқарудағы ерекшеліктері
Білім басқарудың мемлекеттік – қоғамдық жүйелері
Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері
Педагогикалық менеджмент
Мектеп педагогикалық жүйе, ғылыми басқару нысаны ретінде
Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны
Пәндер