Қазақстан Республикасында орман басқару жұмысының қамтамасыз етілуі



Кіріспе
1 Қазақстан Республикасында орман басқару жұмысының қамтамасыз
етілуі
1.1 Орман орналастыру объектісіндегі ормандардың өсу ерекшеліктері мен
жағдайын зерттеу
1.2 Орман басқаруды ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі талаптары
2 Орман иелену және орманды қосымша пайдалану құқығы
2.1 Орман басқаруда аэро.ғарыш суреттерін қолдану
2.2 Орман орналастыру жобасы құжаттарының мазмұны мен сапасына
қойылатын талаптар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасындағы орман басқару жұмыстарының негізгі міндеті:
1) орман ресурстары, олардың жағдайы мен динамикасы туралы жан-жақты және нақты мәлімет алу;
2) мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман қорының есебін, орман мониторингін, ұзақ мерзімге пайдалануға берілетін орман қоры учаскелеріне құжаттар дайындауды (қосымша ақыға) қамтамасыз ететін орман қоры мен орман ресурстарының мәлімет базасын жасау және жаңарту;
3) ішкі шаруашылығындағы жерлерді ұйымдастыру;
4) орман қоры жерлерінің есебін және түгендеу құжаттарын, орман карталарын жасау;
5) орман ресурстарын пайдаланудың барлық түрлерінің, өсіріп-өндірудің, орманды күзету мен қорғаудың және басқа да орман шаруашылық іс-әрекеттердің ғылыми-негізделген мөлшерін анықтау;
6) МОҚ жерлері ұзақ мерзімді пайдалануға берілген мемлекеттік ұйымдардың (бұдан әрі – орман иеленушілер) орман орналастыру белгілеген тапсырмаларды орындауын бақылау;
7) орындалған орман шаруашылық шараларының сапасын және орман пайдалануды бақылау;
8) Қазақстан Республикасының Орман кодексімен белгіленген басқа да міндеттер.
Орман басқару материалдары бойынша орман орналастыру ұйымының орман иеленушілері үшін орман орналастыру жобасы жасалады. Ол, орман шаруашылығы саласындағы өкілетті органмен бекітілгеннен соң, орман пайдалануды жүргізуге, қазіргі және болашақтағы пайдалануды жоспарлау мен болжауға, басқа да орман шаруашылық мәселелерін шешуге арналған негізгі ұйымдық – шаруашылық құжат болып табылады.
Орман басқару материалдарының негізінде:
Ормандардың мониторингі, мемлекеттік орман кадастры және өкілетті орган белгілеген жүйе бойынша орман қорын мемлекеттік есепке алу жұмыстары жүргізіледі;
Мемлекеттік орман қоры категориялары (бұдан әрі - МОҚ категориялары) негізделеді және орман пайдалану режимі шектеулі ерекше қорғалатын учаскелер бөлініп шығарылады;
МОҚ категориялары шегінде орманды басты мақсатта кесудің жыл сайынғы мөлшері белгіленеді.
Аралық және басқа кесулердің жыл сайынғы көлемі анықталады (орман орналастыру кезінде анықталған орман өсіру қажеттілігіне және орман шаруашылығын жүргізудің экономикалық жағдайларына байланысты осы кесу түрлері анықталады);
Орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру жүргізіледі;
Орман иеленушілерімен орман шаруашылық шаралардың басқа түрлерін жүргізудің қажеттілігі;
1. Агапонов Н. Н., Ковальский А. И. Путеводитель по объектам лесной
мелиорации горного Крыма. Симферополь «Полиграф. Центр «Новая
Эра», 2004.– 140 с.
2. Аллабергенұлы Д. Отанымыздың байлығы мен сұлулығы . 2002.2-бет
3. Анучин Н. П. Лесная таксация. – М.: Лесн. пром.-сть, 2006.– 552 с.
4. Асқарова .Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау.Алматы:2007
48-49 беттер
5. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н.Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.2005. 244-бет
6. Әлімбек Қ. Орман мәселесі басты назарда.2003.298-бет

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында орман басқару жұмысының қамтамасыз етілуі

Дайындаған: Бағдатова А.Б
Тексерген: Самиева Г.Т.

Семей
2015 жылы

Жоспар
Кіріспе
1 Қазақстан Республикасында орман басқару жұмысының қамтамасыз
етілуі
1.1 Орман орналастыру объектісіндегі ормандардың өсу ерекшеліктері мен
жағдайын зерттеу
1.2 Орман басқаруды ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі талаптары
2 Орман иелену және орманды қосымша пайдалану құқығы
2.1 Орман басқаруда аэро-ғарыш суреттерін қолдану
2.2 Орман орналастыру жобасы құжаттарының мазмұны мен сапасына
қойылатын талаптар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы орман басқару жұмыстарының негізгі міндеті:
1) орман ресурстары, олардың жағдайы мен динамикасы туралы жан-жақты және нақты мәлімет алу;
2) мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман қорының есебін, орман мониторингін, ұзақ мерзімге пайдалануға берілетін орман қоры учаскелеріне құжаттар дайындауды (қосымша ақыға) қамтамасыз ететін орман қоры мен орман ресурстарының мәлімет базасын жасау және жаңарту;
3) ішкі шаруашылығындағы жерлерді ұйымдастыру;
4) орман қоры жерлерінің есебін және түгендеу құжаттарын, орман карталарын жасау;
5) орман ресурстарын пайдаланудың барлық түрлерінің, өсіріп-өндірудің, орманды күзету мен қорғаудың және басқа да орман шаруашылық іс-әрекеттердің ғылыми-негізделген мөлшерін анықтау;
6) МОҚ жерлері ұзақ мерзімді пайдалануға берілген мемлекеттік ұйымдардың (бұдан әрі - орман иеленушілер) орман орналастыру белгілеген тапсырмаларды орындауын бақылау;
7) орындалған орман шаруашылық шараларының сапасын және орман пайдалануды бақылау;
8) Қазақстан Республикасының Орман кодексімен белгіленген басқа да міндеттер.
Орман басқару материалдары бойынша орман орналастыру ұйымының орман иеленушілері үшін орман орналастыру жобасы жасалады. Ол, орман шаруашылығы саласындағы өкілетті органмен бекітілгеннен соң, орман пайдалануды жүргізуге, қазіргі және болашақтағы пайдалануды жоспарлау мен болжауға, басқа да орман шаруашылық мәселелерін шешуге арналған негізгі ұйымдық - шаруашылық құжат болып табылады.
Орман басқару материалдарының негізінде:
Ормандардың мониторингі, мемлекеттік орман кадастры және өкілетті орган белгілеген жүйе бойынша орман қорын мемлекеттік есепке алу жұмыстары жүргізіледі;
Мемлекеттік орман қоры категориялары (бұдан әрі - МОҚ категориялары) негізделеді және орман пайдалану режимі шектеулі ерекше қорғалатын учаскелер бөлініп шығарылады;
МОҚ категориялары шегінде орманды басты мақсатта кесудің жыл сайынғы мөлшері белгіленеді.
Аралық және басқа кесулердің жыл сайынғы көлемі анықталады (орман орналастыру кезінде анықталған орман өсіру қажеттілігіне және орман шаруашылығын жүргізудің экономикалық жағдайларына байланысты осы кесу түрлері анықталады);
Орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру жүргізіледі;
Орман иеленушілерімен орман шаруашылық шаралардың басқа түрлерін жүргізудің қажеттілігі;
Орман шаруашылығына қажет обьектілерге, суландыру мен жол құрылысына, рекреациялық көркейтуге сметалар мен техникалық жобалар жасау үшін арнайы инженерлік іздестіру мен зерттеулер жүргізіледі.
Облыстағы барлық орман иеленушілері үшін орман орналастыру жобаларының негізінде облыс бойынша жиынтық бір орман орналастыру жобасы және облыс ормандарының картасы, орман мониторингінің ақпараттық базасы жасалады.
Орман шаруашылығын жүргізетін заңды және жеке тұлғалардың тұрақты жер пайдалануындағы орман қорының жерлері орман орналастыру объектісі болып табылады.
Орман иеленушісі аумағының бір бөлігінде ғана орман орналастыруды жүргізуге болады, бірақ ол бір орманшылықтың немесе мастерлік учаскенің аумағынан кем болмайды. Жуықтағы 15-20 жылда шаруашылыққа пайдалануға белгіленбейтін орман аумағында, қажет болса ғарыштық және басқа түсірулерді қолдану арқылы шығын және еңбекті аз қажет ететін ара қашықтық әдістерімен зерттеу жүргізілуі мүмкін.Орман орналастыруды қажет ететін объектідегі орман орналастыру жұмыстарының толық кезеңі 3 жылдан және үш кезеңнен тұрады - дайындық, далалық, камералдық. Үздіксіз орман орналастыруға көшкен кезде орман орналастыру жұмыстары жыл сайын (қысқартылған түрде) бүкіл тексеру кезеңі бойы жүргізіледі.

1 Орман басқару жобасы жөнінде негізгі қағидалар.
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен туындайды.Мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, мемлекеттiк орман қорының кешендi пайдаланылуын ұйымдастыру үшiн орман мекемелерiне және уәкiлеттi органның өзге де мемлекеттiк ұйымдарына.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiне байланысты мақсаттар үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтарға, мемлекеттiк табиғи резерваттарға, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтарға, мемлекеттiк ботаникалық бақтарға, мемлекеттiк дендрологиялық саябақтарға (бұдан әрi - заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) берiледi.Орман иелену құқығы жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган беретiн тұрақты жер пайдалану құқығы актiсiмен куәландырылады.
Жекеше орман иелену құқығының туындауы.Жекеше орман иелену құқығы жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың оларға Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес жеке меншiгiне немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерiнде туындайды.

Сурет 1. Жалпы орман қорларының картада алатын орны

Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң құқықтары.Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану.Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудi қоспағанда, осы Koдекстe белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;
Аумақтық органдармен келiсе отырып жобалау және техникалық құжаттамаға сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;
Өздерi дайындаған өнiмдi өткiзу және алынған табыстарды пайдалану;
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн беру құқығы бар.
Жекеше орман иеленушiлердiң құқықтары.
Жекеше орман иеленушiлердiң:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету;
Өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру. Жобалық және техникалық құжаттамаға сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жеке орман қоры учаскелерiнде құрылыстар мен ғимараттар, оның iшiнде орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу.

Сурет 2. Орман орналастыру жұмыстарындағы ағаш жастарының көрсеткіштері (%).

Өздерi дайындаған өнiмдi және оны өткiзуден түскен табысты меншiктену құқығы бар.
Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң мiндеттерi.
Мемлекеттiк орман иеленушiлер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығын жүргiзуге;
2) ормандардың молықтырылуын, күзетiлуiн, қорғалуын, санитарлық жай-күйiн жақсартуды және күтiп-бапталуын, олардың өнiмдiлiгiнiң, қорғаныштық және өзге де пайдалы қасиеттерiнiң артуын, орманның көп мақсатқа ұтымды пайдаланылуын ұйымдастыруды, орман орналастыруды, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң есебiн жүргiзудi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорлары объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның сақталуын қамтамасыз етуге;
3)Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорының ресурстық әлеуетiн пайдалануға міндетті.
Кесте-1
Далалық орман орналастыру жұмыстарының сапасын тексеру көрсеткіштері
Кім тексереді
Далалық кезеңдегі тексеру саны
1
2
Орман орналастыру ұйымының басшылығы
2 орман орналастыру партиясынан кем емес (бір партиядан 1-2 маман)
Орман орналастыру партиясының бастығы
Барлық орман орналастыру мамандарын бір маусымда 2 реттен кем емес
Орман иеленушілері бағынатын өкілетті орган
Өз шешімдері бойынша, бірақ облыстағы әр объектіде 1 маманнан кем емес
Орман иеленушілер
Обьект аумағында жұмыс істейтін барлық мамандарды, бір маусымда 1 реттен кем емес

4) орманның орта құрайтын және ортаны қорғайтын функцияларының сақталуын, сондай-ақ екпелердi, дәрi-дәрмектiк, тағамдық және техникалық шикiзатты дер кезiнде қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн экологиялық жағынан оңтайлы тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзуге, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өзге де талаптарды орындауға;
5) мемлекеттiк орман қоры аумағының өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, өрт қауiпсiздiгi мен орман пайдалану ережелерi бұзылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқа да бұзушылықтың алдын алуға, оны дер кезiнде байқап, жолын кесуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты еңбекпен қамту туралы алғашқы
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті
Жер қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың функциялары жайында
Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тiркемелер мен машиналардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентi
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастры
Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасында ауылдық аймақтардың жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Бірыңғай жер салығын есептеу механизмі
Мемлекет жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы
Пәндер