Жеке адамның құқығы мен заңы



Мазмұны

Кіріспе

1. Жеке адамның саяси мәдениетін қалыптастырудағы саясаттың ролі
2. Жеке адамның құқығы мен заңы

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Жеке адамның саяси мәдениетін қалыптастырудағы саясаттың ролі
2. Жеке адамның құқығы мен заңы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Cаяси тәртіп

Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің
әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық
және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Ол
қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән – мағынасын терең түсініп -
білуге адамдардың өмірінде атқаратын орнын, атқаратын рөлін айқындауға,
оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік
береді. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы, әсіресе қазіргі өтпелі
кезеңдегі күрделі қоғамдық – саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс
- әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттық сыр – сипатын, басқа
адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің
мақсат – мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы, халықтық
қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ
мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді.
Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократиялық мемлекет орнауы
және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын барлық
адам түгелімен саяси шешім қабылдауға қатыса алмайды.
Десе де, мемлекеттік саясатта жұртшылықтың әр түрлі топтарының
мақсат – мүдделерінің ескерілуі, басқарушы топтың құзыреттілігі мен
жауапкершілігі көбіне азаматтардың саналығы мен белсенділігіне байланысты.
Адамдардың саясатқа қатысып, салиқалы шешім қабылдауы өзінен - өзі тумайды.
Ол үшін газет, журналдарды оқып, радио тыңдап, теледидар көру де аз. Ондағы
материалдарды сындарды сараптап, шынайы қорытынды шығару, саяси өмірдің
субъектісі болу үшін жүйелі түрде саясат теориясын игеріп, саяси процеске
қатысу жолдарын арнайы оқып – үйрену, іс жүзіндегі тәжірибе керек. Біздің
заманымызда кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет әр
адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрақты тіршілік еткендіктен басқа
адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет етуі керек. Мұндай
білімі жоқ адам саяси істерде амал – айла, құлықтың құлы болып кетеді. Оны
саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді.
Азаматтардың көпшілігінің саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси
сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімшілігіне негізделген үкімет
жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік
және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады.
Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде өркениетті өмір
сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі және ол осы бағытта
талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс.
Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ықпалы әр түрлі. Жеке адамның
саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның
қоғамдағы орны да жоғары болады. Адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі
оның саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық –
құқықтық заңда айқындалады. Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндік беретін
құқығы конституциялық сипаттан қарапайым демократиялық еркіндікке тікелей
байланысты. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдың
әлеуметтік – мәдени, саяси – құқықтың алғы шарты қажет. Ең алдымен, адамның
ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде
білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның жеке заңы
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институты
Конституциялық құқық әдістері
ҚР адам мен азаматтың азаматтық құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары және азаматтылығы жоқ тұлғаларғалардың құқықтық жағдайы
Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтардың құқықтық жағдайы
Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институтының түсінігі
Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы
Баланың мүдделерін қорғау
Пәндер