Инвестицияның жіктелуі



Кіріспе
1. Инвестиция ұғымы және олардың жіктелуі
2. Қазақстанның ұлттық экономикасындағы инвестициялық қызметінің
негізгі мақсаты
3. Қысқа мерзімді инвестициялар туралы жалпы түсінік
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады.
Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
- бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
Кәсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарды жүзеге асыра алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді.
Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвеститциялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді.
Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз – бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады. Қаржылық (қоржындық) инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында құнды қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.
Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі – инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
1. Гаель А.Г. Ленточные боры Прииртышья / А.Г. Гаель //— Труды, лаборатории лесоведения АН ССС. – Алматы, 2005. – 125 с.
2. Атрохин В.Г. Рубки ухода и промежуточное пользование. / В.Г. Атрохин И.К. Иевинь. – М. :Агропромиздат, 2007. – 148 с.
3. Бородин М.А. Основы расчета и проектирования повышения производительности лесов. / М.А. Бородин , В.В. Степин. – М., Лесная промышленность, 2006. – 190 с.
4. Вибе Г.Г. Создание и реконструкция лесных культур на автоморфных почвах Западного Казахстана./ Г.Г. Вибе, – Алма-Ата: Кайнар, 2003.-216 с
5. Грибанов Л.Н. Ленточные боры Алтайского края и Казахстана. / Л.Н. Грибанов, – М.: Сельхозгиз, 2009. – 185 с.
6. Грибанов Л.Н. Степные боры Алтайского края и Казахстана / Л.Н. Грибанов, – М.: Гослесбумиздат, 2005. – 204 с.
7. Грибанов Л.Н. Сосновые леса Казахстана и биологические основы хозяйства в них./ Л.Н. Грибанов, – Свердловск: Гослесбумиздат, 2003. -110 с.
8. Макаренко Е.А. Типовые нормы выработки, нормы времени на рубки ухода за лесом в равнинных условиях./ Е.А. Макаренко, – М.: Сельхозгиз, 2004. – 158 с.
9. Дерябин Д.И. Реконструкция лесных насаждений. / Д.И. Дерябин – М.: Лесная промышленность, 2003. – 214 с.
10. Калинин Л.Б. Основы лесного хозяйства, таксации леса и охраны природы./Л.Б. Калинин – М., Агропромиздат, 2008 -330 с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы: Инвестицияның жіктелуі.

Орындаған: Абилкасова А.Д.
Тексерген: Тойкин С.Х
Топ: Лд -211

Семей
2015

ЖОСПАР

Кіріспе
1. Инвестиция ұғымы және олардың жіктелуі
2. Қазақстанның ұлттық экономикасындағы инвестициялық қызметінің
негізгі мақсаты
3. Қысқа мерзімді инвестициялар туралы жалпы түсінік
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер



КІРІСПЕ
Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз - бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады.
Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
- бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
Кәсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарды жүзеге асыра алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді.
Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвеститциялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді.
Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз - бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады. Қаржылық (қоржындық) инвестициялар - бұл табыс алу мақсатында құнды қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.
Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі - инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

1.Инвестиция ұғымы және олардың жіктелуі
Қаржылық инвестиция -- бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай- - ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді -- ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық құнды қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады. Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты -- түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады.
Инвестиция - экономиканы дамытудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерді енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төменбеуі мүмкін.
2. Қазақстанның ұлттық экономикасындағы инвестициялық қызметінің
негізгі мақсаты
Жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу;
* ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету;
* отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
* экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту;
* Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану;
* қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті инвестиция есебі
Инвестицияның жіктелуі және түрлері
Инвестициялық әрекеттің объектілері
Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Инвестицияның жіктелуі жайлы
Инвестиция есебі
Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдаланудағы саясаты
Инвестицияның жіктелуі жайлы ақпарат
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі
Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері
Пәндер