Еңбек процесін ұйымдастыру



Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми.әдістемелік негіздері
2 Еңбекті басқару және оның ұйымдастырылуын жетілдіру
2.1 Нормалар мен бағалаулар
2.2 Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы және оның даму тарихы
2.3 Еңбекті ғылыми ұйымдастыруды(ЕҒҰ) жетілдіру
3 Еңбектің бөлінуі мен кооперациясы
4 Жұмыс орындарын ұйымдастыру және қызмет көрсету
5 Еңбектің озық әдістері,жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату және дайындау
5.1 Еңбектің озық әдістерін үйрену және тарату
5.2 Жұмыс кадрларын дайындау және біліктілігін жоғарылату
6. Еңбек жағдайлары
7 Еңбекті қалыпты етуді ұйымдастыру
7.1 Нормативті қадағалау түрлері
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер тізімі
«Еңбекті ұйымдастыру,қалыпты ету және еңбекті төлеу» пәнінің мақсаты ғылыми негіздер және еңбек үрдістерін жобалаудың практикалық әдістері,еңбек нормаларын белгілеу,еңбекті төлеу мен ынталандыру бойынша білімдер кешенін қалыптастыру болып табылады.
Бұл пәнді үйренгеннен кейін студенттер білуі керек:
Ұйымның принциптерін,еңбектің реттелуін және материалдық ресурстарды,еңбек үрдісі құрылымын,жұмыс уақыты шығындарын және еңбектің реттелуін үйрену әдістері, рмативтерді құрастыру тәртібі және еңбек нормаларын есептеу әдістемесін,жұмысшылар еңбегін ұйымдастыруды жетілдірудің негізгі бағыттарын,ИТР және қызметкерлер,еңбек төлемін ұйымдастыру әдістерін білу.
1 Шекеленко В.В. . «Экономика, организация и планирование производства», 2000г.
2 Әбдікәрімова Б.Т. «Кәсіпорын экономикасы», 2008ж.
3 Үмбетәлиев С.Қ. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», 2009ж.
4 Ниязбекова Ф.М. «Кәсіпорын экономикасы», 2008ж.
5 Кайкен Ж.Б., Сұлтанов Ө.С., Қалдыбаев М.М. «Кәсіпорын экономикасы», 2010ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Еңбек процесін ұйымдастыру

Орындаған: Омаргазина Д.М.
ХН - 221
Тексерген: Турусбекова А.С.

Семей 2015 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері
2 Еңбекті басқару және оның ұйымдастырылуын жетілдіру
2.1 Нормалар мен бағалаулар
2.2 Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы және оның даму тарихы
2.3 Еңбекті ғылыми ұйымдастыруды(ЕҒҰ) жетілдіру
3 Еңбектің бөлінуі мен кооперациясы
4 Жұмыс орындарын ұйымдастыру және қызмет көрсету
5 Еңбектің озық әдістері,жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату және дайындау
5.1 Еңбектің озық әдістерін үйрену және тарату
5.2 Жұмыс кадрларын дайындау және біліктілігін жоғарылату
6. Еңбек жағдайлары
7 Еңбекті қалыпты етуді ұйымдастыру
7.1 Нормативті қадағалау түрлері
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Еңбекті ұйымдастыру,қалыпты ету және еңбекті төлеу пәнінің мақсаты ғылыми негіздер және еңбек үрдістерін жобалаудың практикалық әдістері,еңбек нормаларын белгілеу,еңбекті төлеу мен ынталандыру бойынша білімдер кешенін қалыптастыру болып табылады.
Бұл пәнді үйренгеннен кейін студенттер білуі керек:
Ұйымның принциптерін,еңбектің реттелуін және материалдық ресурстарды,еңбек үрдісі құрылымын,жұмыс уақыты шығындарын және еңбектің реттелуін үйрену әдістері, рмативтерді құрастыру тәртібі және еңбек нормаларын есептеу әдістемесін,жұмысшылар еңбегін ұйымдастыруды жетілдірудің негізгі бағыттарын,ИТР және қызметкерлер,еңбек төлемін ұйымдастыру әдістерін білу.

1 Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Еңбек - адамның мақсатқа құрылған саналы қоғамдық-пайдалы қызметі нәтижесінде шығарылған материалды адамдық қажеттілікке қолайлы ету болып табылады.Осы негізде тұтынушылық баға жасалады.
Нақты еңбекті ұйымдастыру келесідей міндеттерді шешу мақсатына ие болады:экономикалық,психофизиология лық,техникалық және әлеуметтік.
Еңбектің нормалануы мен ұйымдастырылуының ғылыми негіздемесін келесідей үш топқа бөлуге болады:әлеуметтік-экономикалық,техн ика-техникалық және психофизиологиялық.
Еңбекті ғылыми ұйымдастыруды(ЕҒҰ) ендіруде пайда болуы ғылыми-техникалық дамумен шарттас келген,еңбек психологиясы мен физиологиясымен тығыз байланысты жаңа ғылыми пәндердің қорытындылары мен жетістіктері ескерілуі керек. Бұлар: биомеханика, эргономика, инженерлік психология,өндірістік эстетика және басқалар.
Жұмысқа қабілеттілік - еңбектің жеке өнімділігінің физиологиялық негізі.
Физиологиялық және экономикалық көзқарас жағынан жұмысқа қабілеттілік ұғымымен еңбек тиімділігі ұғымы байланысты.
Адамның жұмысқа қабілеттілігіне еңбектің ауырлығы мен бір сарындылығы әсер етеді.

2 Еңбекті басқару және оның ұйымдастырылуын жетілдіру
2.1 Нормалар мен бағалаулар
Еңбектің нормалануы - арнайы жұмысты орындау үшін қажетті тірі еңбектің санын анықтау.
Жұмысшылардың уақыт нормасы - өнім бірліктерін орындауға бекітілген уақыт саны.
Еңбек шығыны нормасы - өнім бірліктерін орындауға бекітілген
еңбек шығыны саны.
Шығарылу нормасы - уақыт бірліктерінде өндірілуі қажет өнім саны.
Машинаның уақыт нормасы - өнім бірліктеріне бекітілген машиналарды қолдану ұзақтығы.
Машина өнімділігінің нормасы - уақыт бірліктерінде машина өндіретін өнімдер саны.
Норма элементарлы және іріленген болып келуі мүмкін.
Еңбектің тура нормалануы уақыт нормасы негізінде жүргізілмеген жағдайда жиынтық санның нормативтері мен қызмет көрсетілу нормалары белгіленеді.
Қызмет көрсету нормасы - арнайы ұйымдастырушылық-технологиялық жағдайында ауысым ағымында біліктілігі сәйкес қызметкермен қызмет етілетін құралдар бірліктерінің шартты саны.
Қызмет көрсету уақытының нормасы - арнайы өндірістік жағдайлардағы құралдар бірліктерінің ауысым(бір айда) ағымында қызмет көрсетуіне қажет уақыт саны.
Жұмыс істейтіндердің сандық нормативтері - арнайы ұйымдастырушылық-технологиялық жағдайлардағы персоналдар санының бұл жұмысты орындау үшін қажет персонал еңбегі шығынының жиынтық өлшемі.
Өнеркәсіптің әртүрлі салаларында нормалар мен бағалаудың түрлі жүйесі әрекетте болады.Құрылыста орындалатын жұмыстарда көбінесе бірыңғай,ведомствалық,жергілікті және типтік нормалар мен бағалаулар болады.

2.2 Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы және оның даму тарихы
Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы(ЕҒҰ) - бұл техника мен адамдарды бірыңғай өндірістік процесте мейлінше тиімді байланыстыратын және еңбек өнімділігін жоғарылату мен адам денсаулығын қамтамасыз ететін өндіріске жүйелі ендірілген ғылым жетістігі мен тәжірибе алмасу негізіндегі еңбектің ұйымдастырылуы.
Еңбек туралы ғылымның даму тарихы Де-ля-Гир,Амонтон,Бернулли,
Эйлер,Де-Камюс және т.б. француз оқымыстыларының атымен тығыз байланысты ХVІІ ғасырдың екінші жартысында басталады.
ХІХ ғасырдың соңында АҚШ-та Тейлор жүйесі деп аталатын жұмыс процесін рациональды ұйымдастыру жүйесі пайда болды.Франк Джильберт осы бағыттағы жұмысты жалғастырушы болып табылды.
Еңбек туралы ғылымның дамуы кеңес кезеңінің басында яғни ХХ ғасырдың 20-жылдармен сәйкес келеді.Ол уақыттағы ең атақты мекемелердің ішінде Время Лигасы,Орталық еңбек институты (ОЕИ) болды. Время журналы шығып тұрды.НОТ бойынша 1-Бүкілресейлік және 2-Бүкілодақтық конференциялары өткізіледі. 1966 жылы Бүкілодақтық Ғылыми-зерттеу және еңбекті жобалау институты(БҒИЖИ) құрылады.

2.3 Еңбекті ғылыми ұйымдастыруды(ЕҒҰ) жетілдіру
Қазіргі жағдайдағы НОТ жетілдірілуі келесідей негізгі бағыттар бойынша өтеді:
Еңбектің кооперативтенуі мен бөлінуінің рациональды формаларын ендіру.
1. Кадрларды дайындау және біліктілігін жоғарлату.
2. Еңбек процесін ұйымдастыру.
3. Жұмыс орындарына қызмет көрсету және ұйымдастыру.
4. Еңбек пен демалыстың рациональды күн тәртібін,қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету.
5. Еңбекті жоспарлауды жетілдіру.

3 Еңбектің бөлінуі мен кооперациясы
Еңбектің бөлінуі - бірлескен еңбек процесінде жұмыс істей тін жұмысшылар қызметінің шектелуі.
Еңбек бөлінісі жалпы,жеке және дербес болып бөлінеді.Мұнымен бірге,еңбек бөлінісі келесідей түрлерге бөлінеді: қызметтік,кәсіби-технологиялық,білі ктіліктік.
Еңбек қызметінің бөлінісі(дифференциациясы) профессия (кәсіп) мамандық, біліктілік сияқты ұғымдардың туындауын анықтайды.
Профессия(Кәсіп) жұмысшының қандай да бір еңбек қызметін анықтайды.
Мамандық кәсіп аймағындағы қызметтің нақты көлемін көрсетеді.
Біліктілік - жалпы және арнайы дайындықтың,сол сияқты қандай да бір күрделі жұмыстардың орындалуына қажетті практикалық тәжірибенің жиынтығы.
Еңбектің рациональды бөлінуі - орындаушылар арасындағы еңбек процестері мен операцияларының мейлінше мақсатты бөлінісі.Еңбек бөлінісінің рациональды түрлерін жасауда экономикалық,физиологиялық және әлеуметтік-психологиялық аспектілерін ескеру қажет.
Еңбектің бөлінісі оның кооперацияларымен үзіліссіз байланысты.
Еңбек кооперациясы - өндіріс процесіндегі жұмысшылардың бірлескен қатысуының рациональды формаларының бекітілуі.
Жұмысшы еңбегі кооперациясы келесідей түрлерге бөлінеді:өндірістік,цехтық,бригада ішілік және звеналық.
Бригада - жұмысшы еңбегі кооперациясының негізгі формасы.Ол өндірістік тапсырмаларды бірлесіп орындау үшін біріккен бір немесе бірнеше кәсіптің түрліше біліктілігіндегі жұмысшылардың ұйымдасып ресімделген еңбек ұжымы.
Өндірістік тәжірибеде бригадалардың екі негізгі типі-мамандандырылған және кешендік түрлері қалыптасты.

4 Жұмыс орындарын ұйымдастыру және қызмет көрсету
Жұмыс орны деп жұмыс орындаушының еңбек қызметі жүргізілетін
қажетті техникалық құралдармен қамтылған аймақты атайды.
Жұмыс аймағы -өндіріс процесіндегі арнайы технологиялық тізбелікке сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене мүмкіндіктерін шыңдау
Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы
Кәсіпорындағы маркетинг және өндірісті ұйымдастыру туралы
Жасанды былғары жасау процессінде қолданылатын үрдістер
Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін оқу – тәрбие үдерісінде пайдалану
Сәулет - құрылыс жобалау бөлімі
Ғылыми менеджмент туралы
Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару мазмұны мен оны ұйымдастыру
Білім беру сапасын басқарудың теориялық негіздері
Фредрик Уинслоу Тейлордың шығармашылығына сипаттама
Пәндер