Тыныс алу жолдарынының аурулары



1. Кіріспе
2. Тыныс ауруларының түрлері мен белгілері.
3. Созылмалы түрде өтетін танау қабынулары.
Тыныс алу жүйесінің аурулары төлдердің арасында жиі кездеседі жәнеде жұқпалы емес аурулардың ішінде ас қорыту жүйесінің ауруларынан кейінгі екінші орынды алады. Жалпы кәзіргі кездегі жеке шаруашылықтарда барлық аурулардың 20-30%-ті тыныс алу жүйесінін ауруларының үлесіне тиеді.Тыныс алу жуйесімің ауруларын тудыратын көптеген себептерді негізгі екі топқа бөледі:
1.Төлдерді күту мен азыктандыру технологиясының бұзылуларынан организмнің резистентгік қабілетінің төмендеуі;
2.Микроорганизмдердің өсері.
Тыныс алу жүйесінің ауруларын дұрыс және дер кезінде анықтап, оларға тиімді ем қолданып, алдын ала сақтандыру шараларын ұйымдастыру үшін тыныс жолдары мен өкпенің атқаратын әр алуан қызметтерінің физиологиялық мәнін анық түсіне білу керек. Тыныс алу ағзалары жүйке жүйесі, қан және лимфа жүйелері арқылы организмдегі барлық жүйелермен өте тығыз байланыста. Сондықтанда тыныс алу жүйесінің аурулары организмнің барлық жүйелерінің қызметінің бұзылуының бірден-бір себепкері болады. Өйткені ол аурулар бірден газ алмасу процесі нашарлатып, төлдерде ентігу процесін тудырады. Өкпенің ауамен қамтамасыз етілуінің бұзылуы тыныс алу жүйесінің жеткіліксіздігінің үш сатысымен анықталады:
1.Ентігу құбылысы төлдер организміне тек қатты күш түскенде ғана білінеді;
2.Ентігу құбылысы төлдер организміне аздап қана физикалық салмақ түскенде-ақ байқалады;
3.Ентігу құбылысы үнемі жәй тұрған төлдерде де, физикалық салмақ түскен төлдерде де үнемі болып тұрады.
Өкпелердің қызметтерінің жеткілксіздіктері бірінші және екінші сатыларда өткен кезде организмдегі газ алмасуыньщ бұзылғандығы онша сезілмей, кемістікті толтыру (компенсаторлық) механизімінің іске қосылу нетижесінде оттегінің жетіспеушілігі байқалмайды. Ал үшінші сатысында ұлпаларда оттегінің жеткіліксіздігі (гипоксия) пайда болады, ягни қан мен ұлпалардың оттегімен қанығулары төмендейді.
1.К.Н. Қожанов «Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары» Семей 2005жыл (120)
орысша – қазақша мал дәрігерлік сөздігі . Т.Сайдулдин. Алматы, 1993жыл.(102)
2.Т.Сайдулдин «Індеттанулық және жануарлардың жұқпалы аурулары» Алматы-2009ж (150)
3.Е.И.Қасымов «Індеттану және инфекциялық аурулар вет.санитария негіздерімен» Алматы-2006ж (355)
4.З.Қ Қожабаев «Мал аурулары» Қайнар баспасы, Алматы-1989ж (210)
5.Ығылманұлы «Малдың жалпы патологиясы»
6.Қибасов Мади «Мал аурулары және оларды емдеу» Қайнар, Алматы 2004ж (166)
7.«Мал дәрігерінің анықтамалығы» Қайнар 1986ж (356)
8. Құрманов «Адамға малдан жұғатын аурулар» Алматы-Қазақстан 1983ж (145)
9.«Паразиталогия және жануарлардың инвазиялық аурулары ветеринариялық санитария негіздерімен» Алматы 2006ж (225)
10. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» Алматы 2005ж.
11. Н. Омарқожаұлы «Мал шаруашылығы» Астана 2007ж ( 146-286)
12. «Ішкі жұқпалы емес аурулар және рентгенология» жинағы Алматы 2007ж (255)
13. «Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары» Шымкент 2006ж (220-262)
14.Б.К. Ілиясов «Алғашқы ветеринариялық жәрдем» Алматы 2001жыл (250)
15.Б.К. Ілиясов «Ветеринариялық хирургия». Алматы 2009жыл (230)

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ

Тақырыбы: Тыныс алу жолдарынының аурулары.

Орындаған: Қатренова Г.М
Тексерген: Билялов Е.Е

Семей қаласы 2015

Жоспар
1. Кіріспе
2. Тыныс ауруларының түрлері мен белгілері.
3. Созылмалы түрде өтетін танау қабынулары.

Кіріспе
Тыныс алу жүйесінің аурулары төлдердің арасында жиі кездеседі жәнеде жұқпалы емес аурулардың ішінде ас қорыту жүйесінің ауруларынан кейінгі екінші орынды алады. Жалпы кәзіргі кездегі жеке шаруашылықтарда барлық аурулардың 20-30%-ті тыныс алу жүйесінін ауруларының үлесіне тиеді.Тыныс алу жуйесімің ауруларын тудыратын көптеген себептерді негізгі екі топқа бөледі:
1.Төлдерді күту мен азыктандыру технологиясының бұзылуларынан организмнің резистентгік қабілетінің төмендеуі;
2.Микроорганизмдердің өсері.
Тыныс алу жүйесінің ауруларын дұрыс және дер кезінде анықтап, оларға тиімді ем қолданып, алдын ала сақтандыру шараларын ұйымдастыру үшін тыныс жолдары мен өкпенің атқаратын әр алуан қызметтерінің физиологиялық мәнін анық түсіне білу керек. Тыныс алу ағзалары жүйке жүйесі, қан және лимфа жүйелері арқылы организмдегі барлық жүйелермен өте тығыз байланыста. Сондықтанда тыныс алу жүйесінің аурулары организмнің барлық жүйелерінің қызметінің бұзылуының бірден-бір себепкері болады. Өйткені ол аурулар бірден газ алмасу процесі нашарлатып, төлдерде ентігу процесін тудырады. Өкпенің ауамен қамтамасыз етілуінің бұзылуы тыныс алу жүйесінің жеткіліксіздігінің үш сатысымен анықталады:
1.Ентігу құбылысы төлдер организміне тек қатты күш түскенде ғана білінеді;
2.Ентігу құбылысы төлдер организміне аздап қана физикалық салмақ түскенде-ақ байқалады;
3.Ентігу құбылысы үнемі жәй тұрған төлдерде де, физикалық салмақ түскен төлдерде де үнемі болып тұрады.
Өкпелердің қызметтерінің жеткілксіздіктері бірінші және екінші сатыларда өткен кезде организмдегі газ алмасуыньщ бұзылғандығы онша сезілмей, кемістікті толтыру (компенсаторлық) механизімінің іске қосылу нетижесінде оттегінің жетіспеушілігі байқалмайды. Ал үшінші сатысында ұлпаларда оттегінің жеткіліксіздігі (гипоксия) пайда болады, ягни қан мен ұлпалардың оттегімен қанығулары төмендейді. Осы құбылыстың белгілері ретінде төлдерде әлсіздік пайда болып, көзге көрінетін кілегей қабықтары көгереді. Бұл жеткіліксіздіктер төлдерді ессіздендіріп (кома) өлім-жітімге ұшыратуы мүмкін.Төлдерде тыныс алу жүйесінің аурулары көбінесе жіті және жітілеу түрлерінде айқын белгілерімен көрініп малдың өлімімен аяқталуы мүмкін.Жалпы тыныс алу жүйесінің аурулары анатомиялық кұрылысы негізінде екі топқа бөлінеді:
1.Тыныс алу жолдарының аурулары (ринит, гайморит, фронтит, ларингит, трахеит);
2.Өкпе мен оның сірілі қабықтарының аурулары (өкпе қабынулары; оның сірі қабығының қабынуы; оған ауаның, сары судың жиналуы және өкпеде ауаның кернеуі).
Тыныс ауруларының түрлері мен белгілері
Танау қуысының кілегей қабығының қабынуы (Ренит-rhinitis) Қабыну процесінің сипаттамасы бойынша катаральды, крупозды және фолликулярлы болып бөлінеді.Өтуіне. байланысты - жіті және созылмалы; пайда болуына байланысты - бастапқы және қосалқы түрлерін ажыратады. Бұл аурумен малдардың барлық түрлері ауырады, әсіресе төлдердің арасында жиі кездеседі. Себептері. Танау қабынулары төлдерді күтіп-бағу мен азыктандырудың технологиясын дүрыс сақтамағандықтан болады. Көбінесе механикалық, физикалық және химиялық қоздырғыштардың әсерінен пайда болады. Олар шаң-тозаң, ыстық-суық, аммиакмен қаныққан ауа, ыстык, ас, химикаттармен өңделген сүрлем, желорай, ылғалдылық және т.б. Танаудың крупозды және фолликулярлы қабынуларында қоздырғыш микроорганизмдер (стрептококктар, стафилококктар, вирустар) мен организмнің сезімталдық қабілетінің күшеюі (аллергия) аса маңызды орын алады. Қабынудың қосалқы түрі індетті, инвазиялык, (кұрт) немесе жұқпалы емес аурулардың асқынуынан пайда болады.Дамуы. Танаудың кілегей қабықтары ісініп, жалқыаяқа толады да, тыныс жолы арқылы ауаның өтуіне кедергі жасап демалу жеткіліксіздігін тудырады. Қабынудың салдарынан бұзылған зат алмасуынын қалдықтары мен өрбіген микробтардың уыттары қан мен лимфаға сіңіп организмді уландырады, дене қызуы көтеріледі. Уақытында ем қолданбаса қабыну процесі асқынып көршілес ағзаларды да қамтуы мүмкін.Белгілері. Төлдер жабырқанқы, дене қызуы аздап көтерілген. Олар пысқырынып, түшкірінеді, мұрындарын тұрған жердегі заттарға үйкелейді. Дем алысы пысылдап, кейде ысқырытып шығады. Танауларынан ақпа ағып, кейде тыныс жолдары қатып қалған жалқыаяқтармен бітеліп қалуы да мүмкін. Жалпы кілегей қабықтары қызарып, домбығады. Жеңіл түрі 5-10 күннің ішінде толық жазылып кетеді. Созылмалы түрі ауық-ауық асқынумен, төлдердің арықтап, кілегей қабықтары бозарып жарақаттануымен сипатталады. Крупозды, фолликулярлы түрлерінде төлдер қатты жабырқайды, азыққа тәбеті жоқ, қызуы көтеріңкі болады. Ентікпе пайда болады, жақ астындағы лимфа бездері ісініп, ауырсынғандық байқалады. Кілегей қабықтарында сұрғылт-сары не қызғылт-сары түсті фибринді заттар шоғырланып, ісіндіреді. Ол заттар сырылған кезде орнында қанталаған жалақ пайда болады. Аурудың бұл түрлері дұрыстап емдегенде 2-3 аптаның ішінде жазылады.Ауру асқынып ұзаққа созылғанда танаудың төңірегіндегі терілер жарақаттанып қабынады (дерматит), лимфа түйіндері қабынады (лимфагаденит), көршілес орналаскдн ағзаларға тарайды (гайморит, ларингит, фарингит жөне т.б.).Анықтау. Ауру туралы жиналған мәліметтер мен ауруға тән сырт белгілеріне сүйене шырып анықталады. Ауруларды саралағанда кейбір індетті және құрт аурулары танаулардың кілегей кабықтарын зақымдайтынын ескерген жөн.

Танау кілегей қабықтарының қабынулары. Танау қабынулары қабынбаның сипаттарына байланысты кілегей қабына бетінің қабынуына фибриннің кілегей қабына жиналып қабаттануына және бездердің қабынуына өтуіне байланысты-жіті және созылмалы пайда болуына байланысты-басалқы және қосалқы түрлерге бөлінеді. Бұл аурумен малдың дерлік барлық түрлері ауырады, әсіресе төлдердің арасында жиі кездеседі. Мал көбінесе катаральды қабынумен ауырады: крупозды және фолликулярлы қабынулар сиректеу кездеседі, ал кездескен жағдайларда жылқыларда болады.Себептері. Танаудың қабынуларына малды күту мен азықтандыру тәртібінің бұзулары, көп жағдайларда, механикалық ыстық суықтың немесе химиялық қоздырғыштардың әсер етулерінен пайда болады. Құрғақ азықтарды жегенде көтерілген шаңмен дем алу, аммиакпен қаныққап ауамен не ыстық бумен дем алу, ыстық асты суытпай жегізу, аммиак ерітіндісімен өңделінген сүрлем шөп қабынулары, күннің ыстық кезінде шаң жолдармен топтап айдағаннан пайда болады. Танаудың қабынуларына салқын тию де себепкер болуы мүмкін желорай, ылғалдылық т.б. Танаудың крупозды және фолликулярлы түрлерде қабынуларында қоздырғыш микроорганизмдер стрептококктар, стафилококктар, вирустар және организмнің сезімталдық қабілетінің күшеюі аллергия аса маңызды орын алады.Танау қабынуларын бейімдейтін жағдайлар - азықтың құнарсыздығы, атап айтқанда, рациондағы карогиннің не ретинолдың аздығы, мал қораларының ластануы ауадағы бактериялардың қалыптан тыс көбейіп кетуі.Танаудың қосалқы түрде қабынулары басқа індетті, құрт немесс жұқпалы емес аурулардың асқынуларынан пайда болады. Дамуы Танаудың кілегей қабықтарының қабынулары мұрын жолдарын ісіндіріп, жалқыаяқа толтырады, сөйтіп ауаның өтулеріне кедергі жасайды да дем алу кемістіктерін туғызады. Қабынудан бұзылған зат алмасуының қалдықтары мен ербіген микробтар уыттары қан мен лимфаға сіңіп организмді уландырады, жалпы жабырқандырып қызуын көтереді. Себептерін жойып ем қолданбаса қабынулар көршілес орналасқан қосалқы қуыстарға, жұтқыншақ пен көмейге ауысып жайылып кетулері мүмкін. Белгілері. Танаудың кілегей қабықтарының беттерінің қабынулары жіті түрде өтсе, малдарда аздаған ғана жабырқаушылықтық белгілері байқалынады, дене қызуы қалыпты шама төңірегінде болып не 0,5-1"С дейін ғана көтеріледі, азыққа дсген зауқы көп өзгермейді не аздап қана төмендейді. Мал пысқырынады, түшкіреді, кейде мұрындарын аттақырға, қабырғаларға үйкелейді. Дем алысы пысылдайды, кейде ысқырынып шығады, дем алуы мен дем шығару уақыттары ұзарады. Танау кілегей қабықтарын тексергенде алдында ұйымалы сонан-соң ұйымалы -сарысулы ақпа ағып, кейде мұрын жолдары қатып қалған жалқықтар мен бекітіліп қалады да кілегей қабықтары қызарып, домбығып кетеді. Ауыру қолайлы жағдайда өтсе, малдар 5-10 күннің ішінде толық айығып кетеді. Көмейдің кілегей қабығының қабынуы (Laryngitis - ларингит). Көмейдің қабынуы пайда болу себептеріне байланысты өздігінен және қосымша, барысы бойынша жіті және созылмалы, жалқықтың сипаты бойынша катаральды және крупозды фибринді түрлеріне бөлінеді. Катаральды шырышты қабының қабыну малдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу жолдарынының аурулары жайлы ақпарат
Әйелдерді гинекологиялық тексеру
Сыныптан тыс оқыту жолдары
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Квадрат теңдеуді шешудің әдістері
«Сиыр табынын толтыратын ұрғашы бұзауларды азықтандыру»
Ринит, гаймарит, ларингит, фронтит аурулардың емі және профилактикасы
Созылмалы түрде өтетін танау қабынулары
Тыныс жолдарының аурулары
Тыныс алу жүйесінің аурулары туралы мәлімет
Пәндер