Желдеткіш құрылғылары



1 Желдету жүйелерінің арнауы және сипаттамасы 3
2 Механикалық желдету 7
3 Желдеткіштер 11
4 Ауаны кондиционерлеу жүйесінің түрі 13
және оның құрылғылары 13
5 Табиғи желдетуді есептеу 15
6 Авариялық желдету 18
Пайдаланылған әдебиеттер 20
Жұмыс орнындағы қалыпты метеорологиялық жағдайларды және ауа тазалығын қамтамасыз ету дұрыс үйымдасқан желдету жүйесіне айтарлықтай деңгейде тәуелді.
Желдету - өндірістердегі ауаны белгілі дәрежеде алмастырып тұруды қамтамасыз ететін құрылғылар. Бөлме тазалығы мен температурасын, ауа ылғалдылығын бірқалыпты ұстау үшін желдету өте қажет. Бұл талаптар гигиеналық тұрғыдан белгіленеді. Ауадағы газ, бу және тозаңдар мөлшері адам денсаулығына зиян тигізсе, ылғал мен температура адамның көңіл күйіне, жұмыс қабілетіне әсер етеді. Тіпті, кейбір өндіріс орындарында (жоғары дәлдікті механизмдерді құрастыру цехы, радиоэлектроникалық цех т.б.) ауаға қойылатын талаптар технологиялық процестің бірі ретінде есептеледі. Ал кей жағдайда бөлмедегі ауа температурасы мен ылғалдылығы ондағы заттардың, жабдықтардың, сондай-ақ құрылыс конструкцияларының бүлінбеуі үшін де өте қажет. Өнеркәсіп орындарындағы технологиялық процестер нәтижесінде зиянды заттар, шамадан тыс ылғал және жылу пайда болады. Ал тұрғын үйлерде санитарлық тораптар мен ас үйден, әсірее газ плитасынан көбірек тарайды.
Адам организмінен де зиянды заттар, жылу, газ және ылғал бөлінеді. Машина түтіні мен өндіріс қалыптары да сыртқы ауаны ластап, бөлмеге енуі мүмкін. Сонымен қатар терезеден түскен күн сәулесі мен үйдегі жарық көздері де бөлме температурасына әсер етеді. Осының бәрін жүйелі түрде реттеп, мөлшерлеп тұрудың маңызы зор.
Бұл желдетудің жүйесі бөлменің ішкі және сыртқы әртүрлі қысымның арқасында ауа массасының ауысуы болады. Қысымның әртүрлілігі бөлмеде болып жатқан ішкі және сыртқы ауаның әртүрлі тығыздығына және желдің ағынына байланысты. Табиғи желдету инфильтрация және аэрация түрінде іске асырылады.
Инфильтрация - біріккен табиғи желдеткіш құрылыс конструкциясының элементінің және қоршауының тығыздығымен емес, бөлменің ішкі және сыртқы әртүрлі қысым арқылы ауа ауыстырумен болады. Бұндай ауа ауыстырылу кездейсоқ факторларға байланысты – күш және жел бағыты, бөлменің ішкі және сыртқы ауа температурасы, құрылыс жұмысынең мөлшері. Инфильтрация тұрғын үйге арналған, бөлменің 0,5-0,75 көлеміне 1 сағатта жетеді, ал үлкен өндіріс орындарда 1,5 дейін.
1 Руденко П.А,Харламов Ю.А, Плескач В.М, Проектирование и производство заготовок в машинастроении.-Киеа:Выща школа,1991-247с.
2 Брюханов А.Н, Ковка и объемная штамповка.-М.:Металлургия,1975-407с.
3 Курдюмов А.В, Литейное производство.- М.:Металлургия 1982-280с.
4 Справочник технолога-машиностроителя под.ред.Косиловой А.Г,Мещяреков Р.К,- М.Машиностроение,1972.т1
5. Афонькин М.Г, Магницкая М.В. Производство заготовок в машиностроении.-Л.: Машиностроение, Ленингр. Отд-ние, 1987. – 256с.: ил.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Желдеткіш құрылғылары

Орындаған: Тлеуханова Гүлнұр

ХН-221

Тексерген: Тлеуғали Е.Т.

Семей қаласы

2015 жыл

Мазмұны
1 Желдету жүйелерінің арнауы және сипаттамасы 3
2 Механикалық желдету 7
3 Желдеткіштер 11
4 Ауаны кондиционерлеу жүйесінің түрі 13
және оның құрылғылары 13
5 Табиғи желдетуді есептеу 15
6 Авариялық желдету 18
Пайдаланылған әдебиеттер 20

1 Желдету жүйелерінің арнауы және сипаттамасы

Жұмыс орнындағы қалыпты метеорологиялық жағдайларды және ауа тазалығын
қамтамасыз ету дұрыс үйымдасқан желдету жүйесіне айтарлықтай деңгейде
тәуелді.
Желдету - өндірістердегі ауаны белгілі дәрежеде алмастырып тұруды
қамтамасыз ететін құрылғылар. Бөлме тазалығы мен температурасын, ауа
ылғалдылығын бірқалыпты ұстау үшін желдету өте қажет. Бұл талаптар
гигиеналық тұрғыдан белгіленеді. Ауадағы газ, бу және тозаңдар мөлшері
адам денсаулығына зиян тигізсе, ылғал мен температура адамның көңіл күйіне,
жұмыс қабілетіне әсер етеді. Тіпті, кейбір өндіріс орындарында (жоғары
дәлдікті механизмдерді құрастыру цехы, радиоэлектроникалық цех т.б.) ауаға
қойылатын талаптар технологиялық процестің бірі ретінде есептеледі. Ал кей
жағдайда бөлмедегі ауа температурасы мен ылғалдылығы ондағы заттардың,
жабдықтардың, сондай-ақ құрылыс конструкцияларының бүлінбеуі үшін де өте
қажет. Өнеркәсіп орындарындағы технологиялық процестер нәтижесінде зиянды
заттар, шамадан тыс ылғал және жылу пайда болады. Ал тұрғын үйлерде
санитарлық тораптар мен ас үйден, әсірее газ плитасынан көбірек тарайды.
Адам организмінен де зиянды заттар, жылу, газ және ылғал бөлінеді.
Машина түтіні мен өндіріс қалыптары да сыртқы ауаны ластап, бөлмеге енуі
мүмкін. Сонымен қатар терезеден түскен күн сәулесі мен үйдегі жарық көздері
де бөлме температурасына әсер етеді. Осының бәрін жүйелі түрде реттеп,
мөлшерлеп тұрудың маңызы зор.
Бұл желдетудің жүйесі бөлменің ішкі және сыртқы әртүрлі қысымның
арқасында ауа массасының ауысуы болады. Қысымның әртүрлілігі бөлмеде болып
жатқан ішкі және сыртқы ауаның әртүрлі тығыздығына және желдің ағынына
байланысты. Табиғи желдету инфильтрация және аэрация түрінде іске
асырылады.
Инфильтрация - біріккен табиғи желдеткіш құрылыс
конструкциясының элементінің және қоршауының тығыздығымен емес, бөлменің
ішкі және сыртқы әртүрлі қысым арқылы ауа ауыстырумен болады. Бұндай ауа
ауыстырылу кездейсоқ факторларға байланысты – күш және жел бағыты, бөлменің
ішкі және сыртқы ауа температурасы, құрылыс жұмысынең мөлшері. Инфильтрация
тұрғын үйге арналған, бөлменің 0,5-0,75 көлеміне 1 сағатта жетеді, ал үлкен
өндіріс орындарда 1,5 дейін.
Аэрация – біріккен табиғи жалпы ауыспалы желдету, ауаның шығуы
және кіруі ашылатын фрамуги терезесінен және фонар арқылы ауыстырылады.
Аэрация желдеткішін көп мөлшерде жылу бөлетін өндірістерде кеңінен қолда-
нылады. Аэрацияның негізгі артықшылығы көп мөлшерде ауа ауыстырылуы
механикалық энергияның шығынынсыз жүреді.
Тіршілік қауіпсіздігіне ауа ауыстыру шараларын ұйымдастыру негізінен 3
түрге бөлінеді:
1- Жалпы ауыспалы
2- Жергілікті ауысу
3- Қиыстырылған ауа ауыстыру
1. Жалпы ауыспалы – ауаның ауысуы бөлменің, лабораторияның т.б. барлық
көлемінде ауысады. Көбінесе бұл әдісті улы зат бөлме ішінде аздап
бөлінген жағжайда қолданылады.
2. Жергілікті ауысу - улы зат немесе улы газ; бөлменің бір жерінен
бөлінсе мұнда осы әдіс қолданылады.
3. Қиыстырылған ауа ауыстыру – жалпы және жергілікті ауа ауыстыру бір
бөлмеде орналасқан жағдайда қолданылады.
Ауаның ауысуы механикалық және табиғи болып екі түрге бөлінеді:

Механикалық ауа ауысуы бұл бөлме ішінде орнатылған қондырғылар
арқылы улы газ немесе шаң т.б. заттарды шығарып таза ауамен алмастырады.
Табиғи ауа ауысу, ол табиғи себебінен - жылулық немесе желдің бағытына
байланысты, ауа ауысып отырады.
Механикалық және табиғи ауа ауысуы араласса онда аралас ауа ауыстыру
деп атайды.
Жалпы ауысымды желдету бөлмедегі ауаның керекті параметрлерін қалыпты
ұстау үшін негізделген. Оның схемасы 16 суретте көрсетілген.


Сурет 16. Табиғи сору
желдетудің схемасы.

Жалпы ауысымды желдетудің жүйесі тиімді болу үшін бөлмеге кіретін
ауаның мөлшері (Lпр) одан шығарығарылатын ауаның мөлшеріне (Lвыт) тең болу
қажет.
Ауа алмасудың үйымдасу әдісі бойынша желдету жалпы алмасу, жергілікті
және аралас болып бөлінеді. Бөлменің барлық көлемінде өтетін ауа алмасуын
жалпы алмасу вентиляциясы деп аталады, зиянды заттар аз мөлшерде және бөлме
бойынша бірдей таралатын жағдайларда жиі қолданылады. Жергілікті вентиляция
зиянды заттарды (газ, су, шаң, артық жылу) олардың пайда болу орнынан сорып
алуға және бөлмеден оларды жоюға арналған. Аралас жүйе – бір мезгілде
жергілікті және жалпы алмасу желдетуін қолдану.
Табиғи желдету жүйесі – сыртқы және ішкі ортаның температурасының
әртүрлі болуынан, желдің әсерінен болады.
Табиғи ауа ауыстырылуы екі түрге бөлінеді: ұйымдастырылған және
ұйымдастырылмаған.
Ұйымдастырылған табиғи ауа ауыстырылуы арнайы орнатылған құралдар
арқылы улы заттар (шаң, газ т.б.) бір бағытта жылжиды. Ол аэрация және
дефлекторлар арқылы жүзеге асады, және де реттеуге келеді.
Ұйымдастырылмаған желдету ауаның сыртқы ортадан ішке немесе
керісінше жүруімен жүзеге асады.
Ұйымдастырылған табиғи ауа ауыстырылуын аэрация деп атайды. Табиғи ауа
айналымының кемшілігі бөлмеге, зертхана, цех ішінде т.б. аймаққа ауа
жылытылмай, тазаланбай кіреді. Ал шығарда улы заттардан (газдан, шаңнан)
тазартылмай сырттағы ауаны бұзады немесе уландырады. Санитарлық нормаға
сәйкес сырттан келген ауа табиги ауа ауысуы жазғы мезгілде 0,3 м төмен емес
және 1,8 м жоғары болмауы керек. Қысқы мерзімде еденнен 4 м төмен емес
өйткені ауа айналым аймақтары жұмыс бөлмелеріне баруы мүмкін.
СНменЕ сәйкес табиғи ауаның ауысуын есептегенде тек қана гравитациялық
қысымды ескеру қажет.
Ауаны айдауына байланысты желдеткіш – табиғи және механикалық
болып бөлінеді. Табиғи-механикалық, яғни аралас түрі жиі кездеседі. МЕСТ-ке
сәйкес барлық бөлмелерде табиғи желдету болуы шарт.
Желдету – ағындата желдету, жалпылай алмастыра желдету, табиғи және
механикалық желдету болып бірнеше топқа бөлінеді.
Ағындата желдету – ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны
тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің
ашылып-жабылуы кезінде іске асады.
Сора желдету – желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін керек. Бұл
жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, саңылау-саңылаудан таза ауа
кіреді.
Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір
мезгілде қатар жүреді. Мұнда осы екі процестің қайсысының қарқынды өтуіне
қарай, бөлмедегі ауа қысымы не артады, не кемиді. Соның нәтижесінде көрші
бөлмедегі ауа қысымы күрт артады да, лас ауа оларға тарамайды. Ауа алмасуы
үнемі қарқынды жүрген кезде ғана бұл әдіс тиімді.
Ауаның табиғи қозғалысы шығу каналдары, шахталар, форточкалар және
есік-терезелердегі қуыстар арқылы жүреді.
Желдің қысымын қолдану үшін және ауаның кейбір үлкен көлемінен арылу
үшін дефлекторлар қолданылады. Дефлекторларды ауа ауысу каналдарының жоғары
жағына орналастырады. Осы арқылы ауаның тартуын күшейтеді. Жел бағыты
дефлекторға жеткенде ауа каналындағы жылдамдығы өседі. Химия өндірісінде
көбінше колданылатын дефлектор ЦАГИ болып табылады.
Табиғи ауа ауыстыру механикалық ауа ауыстыруға қараганда өте арзан
болады. Өйткені табиғи ауа ауыстыруға механикалық ауа ауыстыру сияқты
желдеткіш қолданылмайды.
Ғимараттағы табиғи желдету 17 суретте көрсетілген.

Сурет 17. Ғимараттағы табиғи желдетудің схемасы:
а – жел жоқ кезде; б – жел бар кезде;
1- ауа шығып кіретін саңылаулар; 2 – зиянды заттарды
шығаратын агрегат; 3 – аэрациялық фонарь.

Қолданатын жеріне байланысты желдеткіш – жалпы ауысымды және
жергілікті болады. Жалпы ауысымды желдеткішті өндіріс орнындағы ластанған,
қыздырылған ауаны таза ауамен алмастыру үшін қолданады. Бұл желдетудің
түрін мына жағдайда қолданады: зиянды заттардың жылу және ылғал түрінде
бөлме ішінде бірқалыпты таралған кезде. Желдетудің бұл түрі үшін бөлменің
барлық параметрлері есепке алынады.
Өндіріс орнындағы ауа алмасуды қысқартуға болады, егерде зиянды
заттардың олардың шығу көздерінен қағып алатын болса. Осындай желдетудің
түрін жергілікті сорғыш желдеткіш деп атайды.
Жергілікті желдету ауаны сорғыш жэне шығарғыш болып бөлінеді. Өндіріс
орнындағы ауа қалпын жақсартуға арналған құрылғысына жергілікті ауа
шығарғыш желдету жатады, оның құрылғыларына мыналар кіреді : эуелі душ жэне
оазис, эуелі жэне эуелі жылуды бүркейтін.Жоғары температурада жүмыс
істейтін цехтарда ауаны ылғалдандыру үшін жылудың 350 Втм2
интенсивтілігімен пайдаланылады.Сэуленің интенсивтілігіне байланысты желдің
жылдамдығы 1-3,5 мс. Агрегаттың ылғалдану тиімділігі ауа құрамындағы суды
ыдыратқанда жоғарылайды.
Әуелі оазис - бұл өндіріс алаңының бір бөлігі. Барлық жағынан қалқа
арқылы бөлініп тұратын, салқын және таза ауамен бөлініп түратын бөлік.
Әуелі және әуелі-жылуды бүркеуіш - адамдарды салқын ауадан қорғау үшін
қолданады. Бүркеудің екі түрі болады: 1-ші жылы ауасыз берілетін әуелі
түрі; 2-ші. калориферге қыздырылған ауа түрінде берілетін әуелі.
Бүркеуіштің жұмысы мынаған негізделген : келетін ауа арнайы ауа өткізгіш
арқылы белгілі бұрышпен үлкен жылдамдықпен (10-15 мсек) өтіп, келетін
салқын ауамен араласады. Жылы ауадан алынған ауа қосылысы жұмыс орнына
осылай түседі және осылай шығады. Сырттан келетін салқын ауаға бүркеу
жұмысы кезінде қарсылық көрсетеді.

Сурет 18. Цех төбесіндегі ауа алмастырғыш фрамуги.

Жалпы ауысымды желдетумен салыстырғанда, жергілікті ауа сорғыш
желдеткішке шығын аз кетеді.
Бұл терезе, есіктегі, қабырғалардағы саңылаулар арқылы немесе әдейі
жасалған ашпалы-жаппалы терезе көздері және фрамуги (18 сурет ) арқылы
жүзеге асырылады.



Сурет 19. . ЦАГИ дефлекторының схемасы:
1–патрубок; 2–диффузор; 3–дөңгелек; 4–-шатыр.

Дефлектор көмегімен желдету. Дефлекторлердің желдің энергиясын
пайдаланып, ауа сорып өткізетін арнайы құрылғысы болады. Дефлекторды
өндіріс орнындағы аз мөлшердегі ластанған және де қыздырылған ауаны жою
үшін қолданады, сонымен қатар жергілікті желдету жүйесі үшін, мысалға
темірді қыздырған кезде пештен шығатын газды шығару үшін қолданады. Қазіргі
кезде ЦАГИ дефлекторы кең таралған (19 сурет).
Жел дефлектордың обечайкасын үрлеп өтіп, соның айналасындағыауаны
сиретеді. Соның салдарынан ауа өндіріс орнынан ауа өткізгіш және құбыр
арқылы өтіп қалпақтын астынан сыртқа шығады. Дефлектордың жұмысының
тиімділігі ең бірінші желдің жылдамдығына және оның жоғарыда орналасуына
байланысты.

2 Механикалық желдету

Механикалық ауа ауысуы бұл бөлме ішінде орнатылған қондырғылар арқылы
улы газды, буды немесе шаңды шығарып таза ауамен алмастырады.
Механикалық желдету жүйелері жалпы ауа ауысу, жергілікті, аралас,
авариялық және кондиционерлеу жүйелері болып бөлінеді.
Механикалық желдетудің түрлері: а)ауа сорғыш; б) ауа шығарғыш; в)ауа
сорып-шығарғыш (20 сурет -а, б, в ).
Ауаны кіргізіп шығарудың әдістері бойынша жалпы ауысымды желдету төрт
түрге бөлінеді: ағымды, сору,ағындата-сору.
Ауаны соратын желдеткіш. Оның құрылғылары мына элементтрден тұрады (
сурет-а) лас ауа қаққыш (1) құрылғысы, өндіріс орнына ауа өткізгіш (2)
арқылы келеді, ауаны шаңнан тазалайтын сүзгі (фильтр) (3), ауа қыздырғыш
калорифер (4), желдеткіш (5), ауа сорғыш құрылғы (6), ауам қабылдағыш
құрылғыда орналасқан ауа-реттеуіш құрылғысы (7).

Ауа шығаратын желдеткіш. Оның құрылғылары (7), желдеткіш (5),ауа
өткізгіш (2), ауаны шаңнан және газдан тазартатын құрылғы 8, ауаны сыртқа
шығаратын құрылғы 9, олшатырдан 1-1,5м жоғары орналасуы керек.
Желдетудің ауаны сорып-шығарғыш түрімен жұмыс жасағанда таза ауа
қондырғының дұрыс тығыздалмаған бөлігінен келеді. Бұл жүйенің кемшілігі
болып табылады.
Механикалық желдету ауа желдеткіштер, эжекторлар, ауа жүретін құбырлар
және т. б. қондырғылар арқылы орындалады.

Сурет 21. Эжектор:
1 — сопло; 2 — сейілту камерасы ; 3 — конфузор;
4 — мойынша; 5 — диффузор.

Эжектрлар. Тастандылардың ішінде материалдарды коррозияға ұшырататын
агресивті орта (мысалы: соққыдан немесе үйкелістен жарылыс шығаратын шаң;
өрт жарылыс қабілеті бар газ бен булар, ол ацетилен, эфир ж.т.б.) өте көп
болса онда эжекторлық желдетуді қолданады (21 сурет ).
Эжектордың жұмыс жасау принципі : өндіріс орнынан тыс орналасқан ауа
компресордегі құбырдан өтіп, соплаға келеді, одан, үлкен жылдамдықпен
шығарда эжекция әсерінен камерада сиретіледі, мұнда өндіріс орнындағы ауа
сорылып келеді. Конфузорда және мойыншада эжектрлі ауаның араласуы
байқалады. Диффузор динамикалық қысымды статикалық қысымға айналдырады.
Ауаны сорып-шығарғыш желдету. Бұл жүйеде ауа өндіріс орнына ауа
сорғыш желдету арқылы келеді. Ал ауа шығарғыш желдету арқылы шығады.
Өндіріс орнындағы сорылатын ауа ауаны сорып сорғыш жүйесіне жинақталады.
Ауа өткізу жүйесі арқылы өндіріс орнына қайтадан жіберіледі, ол таза ауаның
мөлшерін реттейтін қақпақша арқылы жүзеге асады. Мұндай жүйені пайдалану
жылуды үнемдейді.
Желдету жүйесін құрастырғанда келесі санитарлық-гигиеналық талаптар
орындалуы қажет:
1.Сыртқа шығатын ауаның мөлшері сырттан келетін ауаның мөлшерімен тең
болуы керек, айырмашылығы минималды болу керек. Лас ауаның таза ауадан
үлкен немесе керісінше болып түруы үшін ауа алмасуды үйымдастыру керек.
Мысалы, сыртқа шығатын ауаның мөлшері сырттан келетін ауаның мөлшерінен көп
болады, сол себептен өндіріс орнында ауаның сиретілуі байқалады. Өндіріс
орындарында артық қысымды ұстап тұру үшін ауа алмасудың сызбасын басқаша
орнатуы мүмкін. Мысалы, электровакуумды цехтарда шаңның мүлдем болмауы өте
маңызды;
1. 2. Ауа шығарғыш ауа сорғыш желдету жүйесін
өндіріс орнында дұрыс
орналастырылған болу керек. Зиянды заттараздап бөлінетін жерге тазаауаны
көп мөлшерде түсіру керек, ал зиянды заттар көптеп бөлінетін жерденкөптеп
шығару керек;
2. 3. Желдету жүйесі өндіріс орнындағы
жұмысшылардың салқындауына
немесе ыстықтауына алып келмеуі керек;
3. 4. Желдету жүйесі жұмыс орнында шу шығармауы
керек;
4. Желдету жүйесі электрлі, өртке төзімді, жарылу қауіпі жоқ, қарапайым
құрылғыдан құрастырылуы керек.
Қазіргі кезде өндірістік және қоғамдық үйлерде механикалық
ағындата-сора желдетуді кең пайдаланады. Көп жағдайларда ағындата желдетуді
ауамен жылыту жүйесіне жалғастырып, ауа қыздырғышпен жабдықтайды. Ол ауаны
жылытып беріп тұрады. Егер ауа сапасы белгілі бір мөлшерде қатаң сақталуға
тиіс болса, онда ол кондиционерлеу арқылы талапқа сәйкестендіріледі.
Ауаның құрамында улы заттар болса, оны тазартуға желдету
жүйелеріне тазартқыш құрылғылар, тозаң тұтқыштар, сүзгілер т.б. орнатылады.
Өнеркәсіп орындарында оны сыртқа қойғаны жөн. Егер желдету жабдықтарының
шуы жұмысқа кедергі тигізбесе оны ішке де орнатуға болады. Жергілікті ауаны
сорып алатын желдету. Зиянды заттарды шығатын көздерден оларды қағып алатын
және жою үшін қолданады. Зиянды заттар жергілікті сорып алатын
желдету құрылғысының ішінде жасырылады. Жасырғыш құрылғының ішінде
зиянды заттар сиретіледі, сол үшін олар сыртқы ортаға түспейді. Өндіріс
орнына зиянды заттардың түспеуі - аспирация деп аталады.
Аспирациялық жүйе техникалық прцесстерден бөлінетін зиянды заттардың
сыртқа шығу жолын жабады. Машина және механизмдерден бөлінетін зиянды
заттарды толық жасыру - өндіріс орнына зиянды заттардың түспеу тәсілі.
Желдету құрылғыларын жасағанда санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау
керек.
Жергілікті желдетумен керекті метеорологиялық параметрлері оңаша
жұмыс орындарда ұйымдастырылады. Мысалы, зиянды заттарды шыққан көздерінде
ұстау, бақылау кабиналарды желдету үшін ж.т.б.
Ең көп таралған жергілікті таратпайтын сору желдету. Зиянды заттардың
ауаға таралуымен күресудің негізгі әдісі олардың шығатын жерін жауып ауаны
соруды ұйымдастыру болып табылады.
Шаңнан қоргайтын қабат. Материалдарды өңдегенде, одан шаң бөлінгенде
адамдарға жарақат келтірмеу үшін қолданады. Ол тегістелген, жылтырлатылған,
және ағаш өңдейтін қаңылтыр болуы мүмкін.
Жергілікті сорудың конструкциясы толық жабық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс орындарын желдету әдістері жайлы мәлімет
Өндіріс орындарын желдету әдістері туралы
Микропроцессор. Дербес компьютер
Микроорганизмдерден, иiстерден ауаны тазалау құрылғылары туралы
Желдеткіш жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті
Өрт сөндіру құралдары
Желдету желілерінің жүйелерінің классификациясы
«Достық» қонақ үйінің инженерлік-техникалық жабдықталуы
Желдеткіш құрылғылары туралы
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары туралы
Пәндер