Сералин Мұхамеджан шығармашылығы



1. Сералин Мұхамеджан өмірі.
2. Сералин Мұхамеджан шығармашылығы.
3. Сералин Мұхамеджан өмірін зерттеші ғалымдар пікірлері.
Сералин Мұхамеджан (1872-1929) - жазушы, ақын, публицист, журналист.Қостанай облысы Қарабалық ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген. Троицкідегі медреседе оқып, Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген. 1911-1915 жылдары Троицкіде «Айқап» журналын шығарды.1919-1920 жылдары - «Ұшқын» газетінің қызметкері. 1921-1922 жылдары - Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы. 1922-1923 жылдары - Қостанай губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1923-1926 жылдары - «Ауыл» газетінің редакторы қызметтерін атқарған.
М.Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді. 1- кезеңіне «Айқап» журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады. 2 кезең 1918-1928 жылдар аралығын қамтиды, бұл кезеңде «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды. 1900 жылы алғашқы жарияланған «Топжарған» поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада ХІХ ғасырдың 30-40- жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. 1909 жылы жарық көрген «Гүлқашима» поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. М.Сералин Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократиялық идеяларын қолдады. Ол Фердоуси «Шаһнамасының» «Рүстем - Зораб» бөлімін В.Жуковский нұсқасынан, сондай-ақ А.Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне аударған.
Мұхамеджан Сералиннің қызметіне қатысты пікірлер алғаш болып ХХ ғасыр басында жарық көрген мерзімді басылымдарда білдірілді. Татар тіліндегі «Вакыт», орыс тіліндегі «Оренбургский листок», қазақ тіліндегі «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті басылымдарында М. Сералин көрнекті публицист екені айтылады. 1906 жылдан бастап Орынбор қаласында шыға бастаған татар газеті – «Вакыт» өзінің 1911 жылғы санында қазақ тілінде «Айқап» атты журналдың шығарыла бастағанын хабарлай отырып, оны шығарушысы М. Сералиннің өмір жолына қатысты мәліметтер де келтіріле кетеді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Сералин Мұхамеджан шығармашылығы

Тексерген:Жундыбаева А.К.
Орындаған: Кұсаинов Ж
Топ: ФИ-311

2015 жылы

Жоспар:
1. Сералин Мұхамеджан өмірі.
2. Сералин Мұхамеджан шығармашылығы.
3. Сералин Мұхамеджан өмірін зерттеші ғалымдар пікірлері.

Сералин Мұхамеджан (1872-1929) - жазушы, ақын, публицист, журналист. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген. Троицкідегі медреседе оқып, Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген. 1911-1915 жылдары Троицкіде Айқап журналын шығарды.1919-1920 жылдары - Ұшқын газетінің қызметкері. 1921-1922 жылдары - Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы. 1922-1923 жылдары - Қостанай губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1923-1926 жылдары - Ауыл газетінің редакторы қызметтерін атқарған.
М.Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді. 1- кезеңіне Айқап журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады. 2 кезең 1918-1928 жылдар аралығын қамтиды, бұл кезеңде Ұшқын, Еңбекші қазақ, Ауыл газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды. 1900 жылы алғашқы жарияланған Топжарған поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада ХІХ ғасырдың 30-40- жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. 1909 жылы жарық көрген Гүлқашима поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. М.Сералин Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократиялық идеяларын қолдады. Ол Фердоуси Шаһнамасының Рүстем - Зораб бөлімін В.Жуковский нұсқасынан, сондай-ақ А.Сорокиннің Жусан повесін қазақ тіліне аударған.
Мұхамеджан Сералиннің қызметіне қатысты пікірлер алғаш болып ХХ ғасыр басында жарық көрген мерзімді басылымдарда білдірілді. Татар тіліндегі Вакыт, орыс тіліндегі Оренбургский листок, қазақ тіліндегі Айқап журналы мен Қазақ газеті басылымдарында М. Сералин көрнекті публицист екені айтылады. 1906 жылдан бастап Орынбор қаласында шыға бастаған татар газеті - Вакыт өзінің 1911 жылғы санында қазақ тілінде Айқап атты журналдың шығарыла бастағанын хабарлай отырып, оны шығарушысы М. Сералиннің өмір жолына қатысты мәліметтер де келтіріле кетеді. Ол мәліметте М. Сералиннің қазақтың танымал ақыны екені, бірнеше поэманың авторы болып табылатындығы аталып көрсетіліп, ендігі жерде оның танымал журналист болатындығына сенім білдіріледі. Санкт-Петербургские ведомости газетінің 1898 жылғы шыққан нөмірінде М. Сералиннің ағартушылық қызметі айтылған. Қазақ газетінде М. Сералин қоныс аударушылар легінен қорғанудың бірден-бір жолы қазақтардың келімсектер сияқты он бес десятинадан жер үлесін алып, отырықшылдыққа көшуді уағыздаушы ретінде көрсетіледі.
Кеңестік биліктің орнығуы, әкімшіл-әміршіл жүйе ретінде қалыптасу кезеңінде жарық көрген әдебиеттерде М.Сералиннің қоғамдық-саяси қызметіне баға беру маркстік-лениндік методология ұстанымына негізделеді.
Алаш қозғалысы қайраткерлерінің 1917 жылғы қызметіне қатысты С. Брайнин мен Ш.Шафироның 1933 жылы Большевик Казахстана журналында жарияланған мақаласында ХХ-ғасыр басындағы қазақ зиялылары арасындағы екі ағым болғандығы, М. Сералин мен Б. Қаратев бастаған зиялылар тобы шығысшыл, Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсынов бастаған топ батысшыл топ ретінде көрсетіледі. Қазақ интеллигенциясы арасындағы екі топқа бөлінушілік болғаны жайлы пікір Е.Феодоровтың мақаласында да айтылады.
И. Рамиевтің 1926 жылы шығарған, 1905-1926 жылдардағы жарық көрген татар баспасөзіне арналған библиографиялық көрсеткішінде қазақ басылымы - Айқап журналының шығарушысы болып табылған М.Сералинге көрнекті қазақ қаламгері ретінде баға беріледі.
1943 жылы жарық көрген Қазақ ССР тарихында М. Сералиннің қазақ қоғамындағы ағартушылық қызметіне де назар аударылып, оның жетекшілігімен шыққан Айқап журналы қазақ халқының ұлттық санасының өсуіне игі ықпал тигізгендігі аталып көрсетілді.
М.Сералиннің тұлғалық келбетіне өткен ғасырдың 40-жылдары әдебиетші-ғалымдар да өз назарын аудара бастады. Ондай ғалымдардың бірі К.Жұмалиев пен Е.Ысмайлов болды.Бұл авторлардың қазақ әдебиеті тарихына арналған еңбегінде ХХ ғасыр басында демократиялық бағыттағы ақын-жазушылардың алдыңғы сапында М.Сералиннің болғандығы, оның шығармалары және ұлттық мүддені қорғау жолында сіңірген еңбегі нақтылы түрде аталынды. Бірақ та, тарихи шығармаларда М.Сералинге қатысты бағалар сол кезеңдегі идеологиялық талапқа сай беріліп, оны революциялық қозғалыстың бел ортасында болды, қазақ және орыс шаруаларының ынтымақтаса патшалық билікке қарсы күресуін жақтады деп көрсету етек ала бастады. Бұған А.Ф.Якуниннің бірінші орыс революциясы тұсындағы Қазақстанға арналған еңбегіндегі мына жолдар дәлел бола алады: Сералин революциялық-демократиялық интеллигенцияның алдыңғы қатарлы өкілі болды.Ол халық алдында сөйлеген сөздерінде қазақ және орыс халықтарының достығы идеясын насихаттады, ол қазақтарды орыстардан революциялық күресті меңгеруге, орыс мәдениетін үйренуге үгіттеді, қазақтарды отаршылдыққа көшіп, жер шаруашылығымен шұғылдануға шақырды.
А.Ф.Якуниннің жоғарыдағы сөздерінен М.Сералиннің ағартушылық қызметінен гөрі революциялық-демократиялық қызметі басым түскендей көрінеді. Мұның өзі сол тұстағы тарих ғылымының идеология құралына айналғандығының айқын көрінісі болатын.
ХХ ғасырдың 40-50 жылдары жазылған ғылыми әдебиеттерде М. Сералиннің қызметі көп жағдайда баспасөз тарихына қатысты айтылды. Бұл ретте Н.Сәбитовтың құрастыруымен жарық көрген библиографиялық көрсеткішті және Б. Кенжебаевтың еңбегін ерекше айтуға болады. Н. Сәбитовтың Айқап журналында жарияланған бірқатар мақалалар жайлы мәліметтерді келтіре отырып, ол мақалалардың жариялануына М. Сералиннің ықпалына көңіл бөліп, ол жайлы өзінің оң көзқарасын білдіреді. Б.Кенжебаевтың еңбегінде 1888-1928 жылдар арасындағы жарық көрген қазақ тіліндегі газеттер мен журналдарға шолу жасап, Айқап журналы жайлы және оның шығарушысы М.Сералин туралы мәліметтер келтіреді. Автордың пікірінше, М.Сералин қазақ баспасөзінің тарихында өзіндік терең із қалдырған қайраткер ғана емес, әрі ұлттық мүддені қорғаушы күрескер ретінде танылған тұлға болатын. Ол М.Сералин шығарған Айқап журналына халықтың сана-сезімін, теңдік - бостандық үмітін оятты, шаруашылығы мен мәдениетін дамытты, саяси белсенділігін көтерді деген баға берді.
Б. Кенжебаевтың ХХ-ғасыр басындағы қазақ басылымдарына қатысты мұндай пікірі партиялық талапқа, үстемдік еткен иделогияға сай келмейтін. Соған орай 1951 жылы қараша айында Социалистік Қазақстан газетінде Қазақ баспасөзін зерттеудегі өрескел қателер деген көлемді мақала жарияланды.Бұл мақалада Х.Бекхожиннің 1949 жылы Дала уалаяты газеті туралы қорғаған кандидаттық диссертациясы мен Б. Кенжебаевтың 1950-жылы шыққан Қазақ баспасөзінің тарихынан деген еңбегі партиялық талапқа сай сынға алынды.Аталмыш мақалада 1917 жылғы Қазан революциясына дейінгі қазақ баспасөзі идеялық жағынан кеңестік заманға сай емес, олардағы материалдарда керітартпа, ұлтшылдықты насихаттайтын идеялар таратылды делінген тұжырым негізделді.
Социалистік Қазақстан газетіндегі мұндай сын ХХ ғасыр басындағы қазақ басылымдарын объективті тұрғыда зерттеуге, ол басылымды шығарушыларға баға беруге өзіндік кері әсерін тигізгендігін жоғарыда аталған А.Ф. Якуниннің еңбегіннің мазмұнынан аңғаруға болады. Сондай-ақ, Б. Кенжебаевтың 1957 жылы жарық көрген еңбегінен де Социалистік Қазақстан газетінің сынының әсері байқалады. Б. Кенжебаев М. Сералиннің журналистік қызметін көрсету мақсатында оның Айқап журналын шығарудағы атқарған еңбегіне оң баға бергенмен, журналдың мазмұнында ұлтшылдықтың, үстем тап өкілдерінің мүддесін көздеушіліктің сарыны бар екендігін де атап өтеді. Автор М.Сералиннің публицистік мұраларына көбірек назар аударып, оның ұлт-азаттық қозғалыстағы орнын ашып көрсетуге талпыныс танытпайды. Дегенмен де, Б.Кенжебаевтың еңбегінде М. Сералиннің Ауыл газетін шығаруды ұйымдастырудағы қызметінде, Ұшқын, Еңбекші қазақ газеттерінде саяси өмір,шаруашылық мәселелеріне қатысты жарияланған мақалаларының мазмұнында қазақтарды жарқын болашаққа тарту деген ниет жатқандығын теріске шығармайды.
М.Сералиннің басшылығымен жарық көрген Айқап журналын Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде қарастыру 1960 жылдары жүзеге асырыла бастады. 1966 жылы Г.К.Сатыбекова Айқап журналы Қазақстан тарихының дерегі ретінде деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.Бұл диссертацияда автор Айқап журналында жарық көрген материалдарды дерек көзі ретінде талдаумен қатар М. Сералиннің қоғамдық-саяси қызметіне шолу жасап өтеді. Автор М.Сералиннің қызметіне баға беруде Айқап журналындағы мәліметтерді келтіруімен шектеліп, қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғау жолында атқарған көптеген қызметін назардан тыс қалдырған.Аталған диссертацияға қатысты көрнекті деректанушы-ғалым Қ.Атабаевтың Диссертациялық жұмыстың тақырыбы деректанулық мағынада аталғанымен, жұмыстың мазмұны оған сай болмағандығын және онда, Айқап журналын деректанулық талдау жасау орнына, журнал көтерген мәселелерге шолу жасау мен ол мәселелердің маңызы туралы баяндаумен шектелу орын алғанын айтуымыз керек деген пікіріне толық қосылуға болады.
Қазақстан баспасөзі деген атпен жарық көрген кітапта революцияға дейін Қазақстанда негізінен діни мазмұнда екі-үш газет, оншақты кітапша ғана шығып тұрды деген мәлімет беріліп, Айқап журналын шығарған М. Сералин секілді өзге де ұлттық басылымдардың жетекшілері діншілдер ретінде бағаланды.
Бірақта мұндай бағаға қарамастан Б. Кенжебаев М. Сералинді 1976 жылы шыққан ХХ-ғасыр басындағы қазақ әдебиеті атты еңбегінде ағартушы, демократиялық ұстанымдағы қайраткер ретінде көрсетті. Автордың мұндай тұжырымы сол тұста жарық көрген өзге де ғылыми еңбектерге өз әсерін тигізбей қоймады.
Б.Кенжебаев М.Сералиннің өмірі мен қызметіне қатысты тың мәліметтерді ғылыми айналымға еңгізуімен же дараланды. Ол М. Сералиннің баспагерлік қызметтен бөлек қоғамдық-саяси өмірге де қызу араласқандығын негіздейтін материалдарды тартып, М.Сералин көрнекті қоғамдық қайраткер, қазақ халқының ХХ-ғасыр басындағы дарынды журналисі, әрі ақыны деген тұжырым жасады.
М.Сералиннің қоғамдық-саяси қызметінің кейбір тұстары К.Б. Бейсембиевтің ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр басындағы Қазақстандағы идеялық саяси ағымдарға байланысты жазылған еңбегінде көрініс тапты. Автор М.Сералиннің қоғамдық-саяси қызметінің ХХ-ғасыр басындағы ұстанымында ұлтшылдықтың сарны болғанын айтады. Кітапта жасалған мұндай тұжырымның қоғамдық ғылымдарда үстемдік еткен маркстік-лениндік методологияның талаптарына үйлесімді болғаны дау тудырмайды. К.Бейсембиев М.Сералин жетекшілік еткен Айқап журналы төңірегіне топтасқан Б.Қаратаевқа және Ж.Сейдалинге де ұлтшыл деп баға беріп, оларды үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғаушылар болды дегенді негіздеуге тырысады. Осылайша автор М.Сералин мен оның пікірлестері саналған өзге де қайраткерлерге баға беруде тар таптық методологияның шеңберінен шыға алмады.
К.Б.Бейсембиев 1965 жылы шығарған ХХ-ғасыр басындағы Қазақстандағы прогрессивті-демократиялық және маркстік ой-пікір туралы еңбегінде де М.Сералиннің қызметіне қатысты мәліметтер келтіреді. Ол мәліметтерде М.Сералиннің Айқап журналын шығару жолында атқарған қызметі, бірінші орыс революциясы тұсында социал-революционерлердің ықпалына түскендігі жайлы айтылады. Автор бұл кітабында М.Сералинді Айқап журналын шығарудан бұрын прогрессивті идеяны насихаттады, феодалдық-патриархалды нанымдарды сынға алды, феодалдық деспотизмге қарсы күресті деген ұстанымын білдіреді.
М.Сералинді К.Б.Бейсембиевтің кітабында социал-революционерлердің ықпалына түскен қайраткер ретінде көрсетуінің өзінен партиялық талаптың ғалымдарды объективті шындықты айтуына кедергі келтіргені сезіледі. Сонымен қатар К.Б.Бейсембиевтің М.Сералинді отаршылдық жағдайда қазақтарды бірден, тездетіп отырықшылдыққа көшуді үгіттеді және әкімшілік-сайлау жүйесін түсінбеді деуі шындыққа жанаспайды. К.Б. Бейсембиев Қазақстандағы қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікір деген еңбегінде қазақ даласындағы болыстық сайлауды М.Сералин оң өзгерістерге бастайтын жол санады деуі негізсіз. Өйткені, М.Сералин болыстық сайлаудың қазақтар арасына үлкен дау ала келгенін сезе білді және бұл жөнінде Айқап журналында мақалалар жариялады.
М.Сералиннің ұсақ буржуазиялық ағымның ықпалында болғаны жайлы пікір 1957 жылы шыққан Қазақ ССР тарихының 2-томында кездеседі. Мұндай пікір кейіннен жарық көрген 5 томдық Қазақ ССР тарихының 1982 жылы шыққан 3-томында қайталанғанымен М. Сералинге оң баға беруге деген талпыныс нышаны орын алды. Оны кітаптағы мына жолдардан байқайға болады: Журналдың бағыты айқын емес еді. Көптеген мәселелерде Айқап ұсақ буржуазиялық позиция ұстанды. Соған қарамастан М. Сералин аса маңызды қоғамдық проблемалар көтерді. Ол егіншілікке көшуге, мәдениет пен халық ағарту ісін дамытуға үгіттеді, әйелдердің тең праволығы жолында, жаңа тұрпаттағы қазақ мектептерін ашу, оқу орындары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Сералиннің шығармашылығы
М. Сералин шығармашылығы туралы ақпарат
М.Сералин шығармашылығы туралы
Мұхамеджан Сералиннің шығармашылығы
Сералин Мұхамеджан
«М.Сералин шығармашылығы»
Мұхамеджан сералиннің өмірбаяны, бүтін шығармашылық мұрасы және ағартушылық қызметі
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасыр басындағы газет-журналдарды шығарушылар мен автор-тілшілер
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Пәндер