Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде жайлы ақпарат



I.Кіріспе
1.1 Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде.
1.2. Қалқаман.Мамыр поэмасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде.
1.3. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі Ә.Бөкейханов зерттеуінде.
II."Әдебиет танытқыш" . әдебиеттану ғылымының іргетасы ретінде
2.1. А.Байтұрсынұлының әдеби мұрасы туралы ғалымдар көзқарасы
2.2. Еңбек жайлы құнды пікірлер
III. Шәкәрім шығармаларының текстологиясы.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Бұл кітап 1912 жылы басылған. 1914 жылдан бері иғланы “Қазақта” басылып, оқушыларға біілінді. Мұны шығарған “Қазақ пен хандар” шежіресін жазған Шәкәрім. Шәкәрім Абайдың ағасы Құдайберді баласы. Абай барда таласып ақындық қылып, жарыққа шықпай, көлеңкеде жүре берген. 1900 жылы шыңғыс елін Иван Флипович Гусев Шәкәріммент сөйлескен. Маған сонда айтты. “Жұрттың бәрінің аузына алғаны Абай. Шәкәрімнің білімі де қазақта жоқ екен” деді. Гусев Шәкәрімнің тамырын тауып ұстаса керек. Осы 2-3 жыл ішінде Шәкәрім “Мұсылманшылдық”, “Қазақ айнасы”, “Қазақ һәм хандар шежіресі”, “Жолсыз жаза” һәм “Қалқаман-Мамыр” кітаптарын шығарды. Бларды оқыған кісі, Гусев адасыпты дейтін емес.
Білімді жұрттың аыны,
Біздің сөзді сынамас.
Жазушының жақыны,
Қазақ міні ұнамас.
Сынатарсың өзіңді,
Менің түгім құрымас,
Өстіп көпіру ақындық сипаты. Қанша кішірейем дегенмен Шәкәрімге мұны ақындық жырлатып отыр. Шын ақын бір көпірмей қоймайды.
Ескі бише отырмын бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Патша құдай сыйындым, тура баста өзіңе,
Жау жағадан алғанда,жан көрінбес көзіме.
Арғын, найман жиылса, таңырқаған сөзіме,
Қайран сөзім қор болды тобыхтының өзіне,
Өлеңді ақын сынағаны жөн. Оқушы-жазушы , ақын болмаса да, ақын сөзінде бұлар сынға салатын да мүшелер болатын.
1. Шаңбай Т. Шәкәрімтану мәселелері. Сериялық ғылыми жинақ. –Семей-Новосибирск, Талер-Пресс, 2006,-440 бет
2. Шаңбай Т. Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық жинақ, 1-т.-Алматы: Ратирет, 2007.-448 бет.- “Атамекен’ сериясы
3. Байтұрсынұлы А. (Қол қойған: Маса). Кітаптар жайынан // Айқап № 1, Б. 12–13, 1911; Оқыту жайынан // Қазақ № 29, 7 қыркүйек 1913.
4. ЕСПЕНБЕТОВ A. ШӘКӘРІМ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ ХАҚЫНДА. 2014 No1 (22)
5. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және кӛркемдік негіздері –А., 2000 -216 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. "Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы. Шәкәрім шығармаларының текстологиясы.

Орындаған: Алтынбекова А.С
Тексерген: Еспенбетов А.С.
Тобы: КЯ-313

Семей 2015

Жоспары:

I.Кіріспе
1.1 Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде.
1.2. Қалқаман-Мамыр поэмасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде.
1.3. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі Ә.Бөкейханов зерттеуінде.
II."Әдебиет танытқыш" - әдебиеттану ғылымының іргетасы ретінде
2.1. А.Байтұрсынұлының әдеби мұрасы туралы ғалымдар көзқарасы
2.2. Еңбек жайлы құнды пікірлер
III. Шәкәрім шығармаларының текстологиясы.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Әлихан Бөкейханов
Қалқаман-Мамыр
Бұл кітап 1912 жылы басылған. 1914 жылдан бері иғланы "Қазақта" басылып, оқушыларға біілінді. Мұны шығарған "Қазақ пен хандар" шежіресін жазған Шәкәрім. Шәкәрім Абайдың ағасы Құдайберді баласы. Абай барда таласып ақындық қылып, жарыққа шықпай, көлеңкеде жүре берген. 1900 жылы шыңғыс елін Иван Флипович Гусев Шәкәріммент сөйлескен. Маған сонда айтты. "Жұрттың бәрінің аузына алғаны Абай. Шәкәрімнің білімі де қазақта жоқ екен" деді. Гусев Шәкәрімнің тамырын тауып ұстаса керек. Осы 2-3 жыл ішінде Шәкәрім "Мұсылманшылдық", "Қазақ айнасы", "Қазақ һәм хандар шежіресі", "Жолсыз жаза" һәм "Қалқаман-Мамыр" кітаптарын шығарды. Бларды оқыған кісі, Гусев адасыпты дейтін емес.
Білімді жұрттың аыны,
Біздің сөзді сынамас.
Жазушының жақыны,
Қазақ міні ұнамас.
Сынатарсың өзіңді,
Менің түгім құрымас,
Өстіп көпіру ақындық сипаты. Қанша кішірейем дегенмен Шәкәрімге мұны ақындық жырлатып отыр. Шын ақын бір көпірмей қоймайды.
Ескі бише отырмын бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Патша құдай сыйындым, тура баста өзіңе,
Жау жағадан алғанда,жан көрінбес көзіме.
Арғын, найман жиылса, таңырқаған сөзіме,
Қайран сөзім қор болды тобыхтының өзіне,
Өлеңді ақын сынағаны жөн. Оқушы-жазушы , ақын болмаса да, ақын сөзінде бұлар сынға салатын да мүшелер болатын. Орыста Пушкин, Лермонтовты сынға салып, жұртқа жайған Белинский сөзге ақын емес, ойға ақын еді. Шәкәрім Пушкин болмас , біз Белинский болмаспыз.
Жазушының жақыны ,
Қазақ киімі ұнамас.
Сынатарсың өзіңді
Менің түгім құрымас, - болса дағы
"Қалқаман - Мамыр" туралы біраз сөз жазайын, бұл кітапты оқушыларға жаю үшін. Қалқаман - Мамыр ғашық болып қосылып, бейшара болған сорлыларды өлең ғып жазған жыр. Жігіт-Қалқаман , Қыз-Мамыр - 190 жыл бұрын болған адамдар. "Қалқаман-Мамыр" өлеңі орыс тілінде "Историческая хроника" аталады. Бұл сияқты тарихта болғанды өлең қылған, мысалы: Пушкинде "Царь Борис Годунов", Лермонтавта "Песня о купце" Калашникове. Бұл орыс өлеңдерінде өткен замандағы адамдардың мінезі, тұрмыс салты айнадғыдай көрінеді. Оқушыларға мұны тәржімә қылып көрсетуге, ақындықтан аман боп, амал құрып тұр.
Бұл айтылған Пушкин, Лерментов өлеңдері Абайдың мына мақтанына тура келеді:
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынн тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан, қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл!
Оюын ойып,
Орындап қойып,
Түр салғандай өрнекке.
Қиыннан қиып
Қиырданжиып,
Құрап сөзді термекке.
Еңбекке егіз тіл мен жақ,
Ерінбесең сөйлеп бақ!
"Қалқаман - Мамыр" өлеңі біздей ақын емес надан сынына аса жоғары көрінеді. Мұны оқушылар төменде жазылатын мысалдардан байқар. "Қалқаман-Мамырда" бұрынғы қазақ жұртының салты, қазақ мінезі, қазақтың ісі-қылығы әлгі орыс өлеңдеріне қарғанда, тіпті аз. Шәкәрім жақыннан қайырып, ойдағыдай толымды қылып жазбады. Жұрт көзін ашуға "Қалқаман-Мамыр" сияқты өлең өте керек. Рас, біздің қазаққа осы бойымен де "Қалқаман-Мамыр" айтулы жақсы өлеңнің бірі болар. Бірақ Көп бергеннен көп сұрадым деген. Мұны Шәкәрімнен көп сұрап жаздым.
Әке берсе қыз болмас кімге қатын
Қайтейін, сенде-ақ еді махаббатым.
Алдыңа кешу сұрай келіп тұрмын,
Көзге тірі болсам да, өліп тұрмын,
Қалқаман, осы саған хоштасқаным,
Денемді емес, жанымды беріп тұрмын.
Міне, қазақ қызының қашаннан болмысы , кестелі жазылған ғашықтың мінезі. Бұған Қалқаманның берген жауабы:
Ай, Мамыр, бұл іс оңай алдамасаң,
Зорлық жоқ өзің сүйіп, таңдамасаң.
Ержеткен қыз еркімен ерге тиер.
Молдалардан есіттім әлдеқашан.
Қалқаман мұны айтқан жоқ. Қазақ қызына 190 жыл бұрын түгіл осы күні еркімен ерге тию болған жоқ. Шариғатта бұл болғанымен мұны ол уақыт сөйлеген жоқ. Бұл қалқаманмен өтірік айтып, рәсімнің ыңғайына жайылатын молдаға жапқан жаласы болатын.[1-240-244]
Қыр баласы
Әлихан Бөкейханов
Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі
Оқшау сөз
Мұнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шаһкәрімнің бұл кітабы-қазақ шежіресін білмек болған аға-іні іздегенді осы кітаптан табасың. Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған ксі, Шаһкәрім кітабын әбден білмей қадам баспа. Кітап жиған жері жоқ, көшпелі далада жүріп Шаһкәрім шежіресіндей кітап жазбақ оңай емес.
Шаһкәрім жазады: Қазақтың түпкі атасының жайын білмек болып, көп уақыттан берлі сол туралы естіген, білгенімді жазып алып және әр түрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқыдым, ол оқып көрген кітаптардағы сөзді түгел жаза алмасам да, керектісін теріп алып, оған тура келген қазақтың ескі сөздерін қосып, жаздым дейді.3-інші бет
Бір алла бергеніңе сансыз шүкір,
Қалған жоқ зая болып қылған фікір,
Бітірдім түрік-қазақ шежіресін,
Болса да кемшілікті, қисық, бүкір. (109-ыншы бет)
Шаһкәрім өзі бүкір дегенмен, шежіресі - бала оқытқан молланың қолында болатын кітап. Түркі халқы әр рудан қосылып, әр түрлі атпен аталған. Нәсілі бір болмаса да, екі түрік ағайын болғысы келсе, бір жерін қанатып, қандарын сүтке яки қымызға қосып, бөліп ішеді де, \қаны қосылған қазандас болдық\ дейді. Оны анда дейді, біздің қазақтың; \ құда-анда\ дегендегі андасы осы сөз (18- інші бет )
Қытайдың шаңғылар заманындағы жырларының мағынасы мынау деп Шаһкәрім жазады:
Даңғырап арба кетеді,
Аттары пыс-пыс етеді.
Әскердің ата-анасы,
Және жастау баласы.
Етегіне жабысып,
Жібермейміз деседі,
Сары бұлт айналған
Сәнді шаһар қасында,
Қарға шулап қонады.
Соғысшының қатыны
Кимешегі басында,
Өрмек тоқып болады.
Қарғаның үнін есітіп,
Қызарып күн батқанда,
Өрмекші қатын жияды.
Байым өлді-ау деп ойлап,
Төсекке барып жатқанда,
Жаңбырдай жасы құлады.
(19-ыншы бет)
Бұр уақытта қатын баламен, үйімен, малымен көшіп жүріп, Батый хан заманындағыдай, арбалы жұрттың қорғанын қамағанда шығарған жыр ғой бұл.[2-251-254]
Әдебиет танытқыш -- Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының орны ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек.
Ұлттық әдебиеттану ғылымы қазір қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша өте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым көпшілігі тұңғыш рет осы зерттеуде жасалғанын ашып айтатын уақыт жетті. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов -- тіл терминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану, өнертану, фольклортану терминдерін жасауда да сондай кемеңгер, данышпан.
Ғасырлар тоғысындағы қоғамдық-экономиканың қалыптасуы, жаңа үкіметтің орнығуы, халықты жаппай сауаттандыру үшін оқу-ағарту шаралары жедел жүзеге асырылған кезең. А.Байтұрсынұлының әдеби-эстетикалық тұжырымдары мен әдебиеттегі жүйелеуге қосқан үлесі туралы әдебиеттанушы-ғалымдар: ХХ-шы ғасырдың басын-да әдебиеттану салада нақты іс атқарған, өзгелерге үлгі көрсеткен А.Байтұрсынұлы болды дейді.
Оның Әдебиет танытқыш атты еңбегі-ұлттық әдебиеттанудың әлемдік ғылымдағы зерттеулерге-деңгейлес, әдеби ұғым түсініктердің тұңғыш рет ұлттық ұғымға лайықталған, арнайы пән сөздері жарияланған ғылыми зерттеу екенін айтады. Академик З.Қабдолов 1988-ші жылы ғалым есімі, ақталғаннан кейін, А.Байтұрсынұлының әдеби мұрасы хақында Әдебиет танытқыш -- тұңғыш қазақы трактат, әдебиет теориясының басы екенін, кітаптың қадірі мен қасиеті, тарихи мәні мен маңызы кешегі кеңес кезінде бұрмаланғанымен, әлем ғалымдары арасын-да ғылыми тұрғыдан мойындалған ғылыми зерттеу еңбек екендігін ашып жазды, бүгінгі таныммен талдап таратты [2, Б. 70 - 80; Б. 38 - 41].Академик Р.Нұрғали Күлтегін баспасынан жарық көрген өзінің Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры атты зерттеу-еңбегінде Әдебиет танытқыштың қазір Алматыда сақталған кітаптарының соңғы беттері жыртылғандықтан, еңбектің тексті түгел берілмей отыр.
Зейін салған кісі, аңғарса керек, А.Байтұрсынов былай дейді: ұстасу шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс; 2) азаптаныс; 3)әуреленіс. Осылардың біріншісі -- әлектеніс пен үшіншісі әуреленіс тал-данады, ал екіншісі -- азаптаныс жоқ. Сондықтан сақталған кітап бойынша болашақта Әдебиет танытқыштың" толық текстін табу міндеті тұр, тағы бір мәселе әр түрлі жанрлық формаларды талдап болғаннан кейін А.Байтұрсынов әр жерде бұларды нұсқалықтың пәленше нөмірлерінен қара деп ескертеді. Ендеше „Әдебиет танытқыш" оқулық, оның хрестоматиясы -- нұсқалығы да болған ғой. Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны [201.]. Қысқасы, Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі „Әдебиет танытқыш" төңірегінде әлі-де көп зерттеулер жүргізу керек деген толғақты ойын әдебиеттанушы ғалымдарға арнайды [3, 35-б.].
Шындығында, қазақ әдебиеттану ғылымына негіз болған бұл зерттеу еңбектің келешекте арнайы кешенді түрде зерттейтін өзекті тақырып. Еңбектегі әдеби терминдер бұл күні әдбен халықаралық терминдерге бой алдырған әдебиеттану ғылымының сөздік қорын қазақыландыруға септігі тиер еді. Академик Р.Нұрғалиұлы: „Әдебиет танытқыш" әдебиеттанудың әлемдік терминологиялық стандарт-деңгейіне көтеріліп, шет сөзді араластырмай,қонымды, ықшамды, бір-бірімен сабақтас, ұйқас, ұялас ұғымдардың тұтас ұлттық қазақы жүйесін жасап берді.
Олардың басым көпшілігі автор репрессияға ұшырап, кітаптың тыйым салынғанына қарамастан әдеби тілге кіріп кетті. Интернационализм дегенді желеу етіп, шет тілді зорлап ендіру науқаны тұсында әдебиеттанудың да шұбарланғанық.Әрине қазір роман, лирика, драманы ұзақ әңгіме, толғау, айтыс-тартыс деп өзгерту мүмкін болмас, бірақ А.Байтұрсынұлы жасаған бірталай терминдер, сөздер қолдануға сұранып тұр дейді [3, 36-б.].Әдебиетші-ғалым Т.Кәкішұлы Әр дарынның тарихта өз орны бар атты мақаласындағы А.Байтұрсынұлының сол жылдары егемендікке ұмтылудың, азаттық алудың бірден-бір жолы оқу мен білім алып, ой-сананы дамытуда екендігін жете ұғынып, оны белгілі дәрежеде ағымға айналдыруға мұрындық" болғандығына баса көңіл бөледі [3]. Қазақ елінің болашағы үшін қаламымен күрескен қайраткердің қоғамдық белсенді қызметі мен публицистикалық еңбектері, ғылыми зерттеулеріндегі пікірлері ғалымның осындай қорытындыға келуіне негіз болды.
Әдебиет танытқыш туралы, ондағы атаулар мен терминдердің қазақ әдебиетінің барлық ұғым-түсінігіне сай келетінін айтып, зерттеуші: Мұндай еңбек бізде бұған дейін-де, бұдан кейін-де қайталанған жоқ. Ол -- әдебиет теориясы мен әдебиеттану ғылымының міндет-парызын қатар атқарып, біздің алдыңғы, ағаларымыздың эстетикалық сауатын ашуға мұрындық болған жүйелі оқулық. Ондағы анықтамалар мен терминдердің өзі күні бүгінге шейін біздің ғылыми арсеналымыздан орын алатын құнды қағидалар мен атаулар. Көркемдік әлеміндегі сөз өнерінің сай-саласын ұғындыратын „Әдебиет танытқыш"- қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған өміршең қондырғы-фундамент деген қорытындыға келеді [3, Б. 102, 210 - 211].
Әдебиеттанушы Т.Кәкішұлы ғалымды қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған зерттеуші ретінде бағалайды. Ол қаламгер еңбектерінен нақты мысалдар келтіре отырып, тарихи деректер негізінде пайымдаулар жасайды. 2000-шы жылы қаламгердің бұрын-соңды ғылыми ортаға таныс емес Қалам қайраткерлерінің жайынан деген мақаласын жариялады. Зерттеуші бұл мақаланы көпшілікке таныстырып отырғандағы мақсатын: ...мұндай мұраларды жариялау бізге керек...
Кешегісіз бүгін жоқ, бүгінгісіз ертеңнің кірпіші қаланбайды. Ұрпақтар сабақтастығы дегеніміз-де, міне, осы дейді. Әрі осы мақалының астарынан бәле іздеген өз қандастарымыз, Ахметті партиядан шығарып тынғанынан мағлұмат береді. Десе-де бұл тарихи маңызы зор мақала Ахаңның азаматтығын айқын танытқан, интернационалистерді үркітіп, айғай-шу шығарған, ұлтшылдықтың манифесі деген баға береді әдебиеттанушы ғалым Т.Кәкішұлы.
Орыс ғалымы А.Байтұрсынұлының Әдебиет танытқышын жеке дара алып қарастырмаса да, анықтамалығында әдебиет теориясын жазғанын айтты. Жалпы, көркем өнер, оның ішінде әдебиеттің барлық болмысы мен бітімін, көркем шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін анықтау жолында ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірді ғылыми бір жүйеге түсірген, әдебиет теориясына ұлттық сипат дарытуда терминдердің қазақша мағынасын тапқан автордың жан-қиярлық еңбегінің жемісі деп тұжырым жасаған.
Қорыта айтқанда, Әдебиет танытқыш -- қазақ әдебиеттану ғылымының алғашқы іргетасын қалаған қондырғы. 2007 жылы -- Ұ.Еркінбаев Ахмет Байтұрсынұлының „Әдебиет танытқышы" ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану контексінде [56], 2010 жылы -- А.Ойсылбай Ахмет Байтұрсынұлының „Әдебиет танытқышындағы" сөз өнері мен поэтика мәселелері кандидаттық диссертациялар қорғалып, нәтижесінде ғылыми негізде тұжырымдалған ой-танымдар мен соны ұсыныстар әдебиеттануға жаңа арна болып қосылды [57].
Әдебиет әлеміндегі әфсаналары ұлт басылымы Қазақтың тұңғыш санын шығарғанда, осы газеттің бас редакторы А.Байтұрсынұлы былай деген екен: ...Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға, ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халымыз оңды емес. Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілінен алыстап барады. Бұл, әрине, жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса, ол уақытта тілмен-де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен-де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті [3, 58б].
Осы айтқандарының үдесін бірінші болып өзі үлгі-өнеге, жол көрсетті. Оған айғақ -- оның қаламынан шыққан: Қырық мысал (1909, 1913,1922), Маса (1911,1914, 1922) жинақтары мен фольклорлық мұрасы Ер Сайын (1923), 23 жоқтау (1926).
Шәкәрім шығармасының текстологиясы
Текстология (мәтінтану) - қазақ әдебиетін зерттейтін ғылымда кенже қалып келе жатқан сала. Мәтінмен шұғылдану тонналаған руданың ішінен бірнеше грамм алтын іздейтін кеншілердің жанкешті еңбегін еске түсіреді.
Текстология - қаламгердің жинақтарын баспаға дайындауға ең сенімді, ең алғашқы, түпнұсқалық мәтінді табу міндетін қояды. Текстология ғылымы жазушының төл қолжазбасына сүйенуді талап етеді. Бұл жағдайдың қазақ әдебиетін зерттейтін ғылымды ығырыққа тірейтін қиыншылығы бар. Оның басты себебі қазақ әдебиетінің ертеректегі тарихын былай қоя тұрып, ХҮІІІ-ХІХ ғасырда өмір сүрген қаламгерлеріміздің өз қолымен жазған (автограф) шығармаларының бізге жетпеуі.
Шәкәрім Құдайбердіұлы қолжазбаларының аумалы-төкпелі заманда өртеніп, жоғалып мұрагер ұрпақтың қолына тимеуі трагедияның үлкені. Төңкеріс заманы, одан бергі саяси қуғын, жаппай қырғын, репрессия Шәкәрім мұрасын сақтауға мүмкіндік бермеді. Бұл - мәтінтанудағы, әсіресе Шәкәрім мұрасын жариялаудағы басты кедергі, ойсыраған олқылық. Қолжазба мұраларының бүгінгі күнге жетпеуі жүйелі, тиянақты ізденістерге қолбайлау болып келе жатқандығы мәтінтанудың көсегесі көгермеуіне басты себеп. Олай дейтініміз, мәтінтану үнемі қағаберіс қалуда. 1959 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. "Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы. Шәкәрім шығармаларының текстологиясы
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. "Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы
Шәкәрім мұрасы туралы
Шәкәрім мұрасы
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Әуезов және Абай
Нарманбет поэзиясындағы азаттық идеясы
Пәндер