Интеллектіні психогенетикалық зерттеу



Психогенетика (психо... және гр. genetikos — туылуына, шығу тегіне жататын) —
• 1) психикалық және мінез-құлықтық кейбір құбылыстардың тұқымқуалаушылық сипатын және олардың генотипке тәуелділігін зерттейтін ғылым саласы. Психогенетиканың негізін Ф. Гальтон, Н. Жуел-Нильсон және т.б. қалады. Психогенетикалық жетістіктер адамның жасы келген сайын, оның зердесінің жеке ерекшелігіне генотиптің тигізер ықпалы айқындалып, күшейе түсетінін көрсетеді. Мысалы, адамның миллиондаған жылдар бойы ортаға бейімделу қабілетінің жетілуі, оның өзгеге және қоғамға деген қатынастары тұлғалық ерекшелігінің қалыптасуы осының айғағы;
• 2) психологияның генетикамен шектес саласы, психологиялық процестердің генетикалық негіздерін зерттейтін салааралық ғылым. Психогенетиканы кейде психология саласына жатқызады. Психогенетика адамның жеке тұлғалық психологиялық ерекшелігінің шығу тегі мен қалыптасуын генотип ортаның ықпалы арқылы қарастырады. Ғылымда адамның психикалық қызметінің даму факторлары туралы біржақты көзқарас қалыптасқан. Психогенетикадағы көптеген ізденістер жоғары психикалық қызметтің индивидтер арасындағы әртүрлілігін зият, ақыл-парасатпен салыстыруға айрықша мән береді. Психогенетикадағы тектестік дәрежесі (жалпы гендер саны) мен ақыл-парасат күйінің көптеген көрсеткіштерінің арасында тікелей байланыс бар екендігін тапты. Адамдық, әлеуметтік факторлар мен жағдайлар жеке тұлғалық психикалық ерекшеліктерді генотипке бейімдеуге ықпал етеді деген болжам күшін жойған жоқ.
Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.
Александров, А.А. «ПСИХОГЕНЕТИКА»Питер, 2007.- 192 с
Равич-Щербо И.В. Марютина Т.М., Григоренко Е.Л. Психогенетика. Учебник. М., 1999
Қосымша әдебиеттер:
www.itv.ru
https://intellect.lokos.net/sessions/
inform.kz/kaz/article

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласы Шәкәррім атындағы Мемлекеттік Университет

СӨЖ
Тақырыбы: Интеллектіні психогенетикалық зерттеу

Орындаған:Таласпаева М.Б
Тексерген: Абдуллина Г.К

Семей2015
Психогенетика (психо... және гр. genetikos -- туылуына, шығу тегіне жататын) --
* 1) психикалық және мінез-құлықтық кейбір құбылыстардың тұқымқуалаушылық сипатын және олардың генотипке тәуелділігін зерттейтін ғылым саласы. Психогенетиканың негізін Ф. Гальтон, Н. Жуел-Нильсон және т.б. қалады. Психогенетикалық жетістіктер адамның жасы келген сайын, оның зердесінің жеке ерекшелігіне генотиптің тигізер ықпалы айқындалып, күшейе түсетінін көрсетеді. Мысалы, адамның миллиондаған жылдар бойы ортаға бейімделу қабілетінің жетілуі, оның өзгеге және қоғамға деген қатынастары тұлғалық ерекшелігінің қалыптасуы осының айғағы;
* 2) психологияның генетикамен шектес саласы, психологиялық процестердің генетикалық негіздерін зерттейтін салааралық ғылым. Психогенетиканы кейде психология саласына жатқызады. Психогенетика адамның жеке тұлғалық психологиялық ерекшелігінің шығу тегі мен қалыптасуын генотип ортаның ықпалы арқылы қарастырады. Ғылымда адамның психикалық қызметінің даму факторлары туралы біржақты көзқарас қалыптасқан. Психогенетикадағы көптеген ізденістер жоғары психикалық қызметтің индивидтер арасындағы әртүрлілігін зият, ақыл-парасатпен салыстыруға айрықша мән береді. Психогенетикадағы тектестік дәрежесі (жалпы гендер саны) мен ақыл-парасат күйінің көптеген көрсеткіштерінің арасында тікелей байланыс бар екендігін тапты. Адамдық, әлеуметтік факторлар мен жағдайлар жеке тұлғалық психикалық ерекшеліктерді генотипке бейімдеуге ықпал етеді деген болжам күшін жойған жоқ.
Интеллект (лат. іntellectus -- таным, ұғыну, аңдау) -- жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.

Интеллект функциялары:
* оқуға деген қабілеттілік;
* қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.
Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:
* абстрактылы интеллект,
* ересектер зияты,
* нақты интеллект,
* кристалданғая интеллект,
* қарапайым интеллект,
* жануарлардың зияты,
* жасанды интеллект.
Интеллектті диагностикалау интеллект коэффициентімен жүргізіледі.
Психогенетикалық генетикалық зерттеулеріндегі негізгі әдістер генеологиялық асыранды балаларды зерттеу және егіздерді зерттеу болып табылады. Генеологиялық негіздер немесе генограмма деп атайды (генеологическое дерево). Генеологиялық негіздерді немесе генограмманы жасаудың ережелері мен символдары бар. Пробанд - бойында белгілі бір генетикалық ұқсастығы бар адам немесе зерттеуге алынатын адам (дербес қасиеттер: қабілеттер, ерекше белгілер, тұқым қуатын аурулар). Мінез-құлықтың жоғарғы формалары дамуының екі негізгі тармағы ағымы ретінде көрінетін құбылыстармен үздіксіз байланысты. Психогенетикада кез-келген жаңа түрдің қалыптасып, дамуына, оның ерекшелігінің пайда болуы орта факторлардың әсерлері де мүмкін. Жеке адамның қалыптасып, дамуында ортаның алатын орнын көптеген психогенетиктер мойындаған.
Мендель ашқан заңдылықтардың дұрыс екендігі 1900 жылдан кейін өсімдіктер мен жануарлардың түрлі белгілері мен қасиеттерінің тұқым қуалауына жүргізілген көптеген зерттеулердің нәтижесінде дәлелденді. Мендель анықтаған будан ұрпақтағы белгілердің ажырауының ара қатынасы әрбір ген тек бір белгілердің тұқым қуалауын қуаттаған жағдайда дұрыс болып есептеледі. Мысалы, бір ген бұршақ тұқымының тегіс болуын, екіншісі -- кедір-бұдырлығын анықтайды. Сонымен қатар, гендер мен олар анықтайтын белгілердің ара қатынасының күрделі және әр түрлі сипатта болатындығын аңғартатын біраз деректер жинақталды. Біріншіден, бір геннің өзі бірнеше белгіге қатарынан әсер ете алатындығы, екіншіден, бір белгіні кейде бірнеше ген бірігіп анықтайтындығы, яғни бұл жағдайда гендердің өзара әрекеттесетіндігі белгілі болды. Сонымен, организмнің көптеген белгілері мен қасиеттерінің фенотиптік көрінісі онтогенез (жеке даму) кезінде гендердің өзара әрекеттесуімен түсіндіріледі. Гендердің өзара әрекеттесу құбылысының ашылуы генетиканың әрі қарай дамуында маңызды орын алды. Осы заңдылықтың негізінде ХІХ ғасырдың аяғында неміс биологы А.Вейсман ұсынған организмнің тұқым қуалайтын факторларының мозаикасы (алалығы) туралы ұғым теріске шығарылды. Оның орнына организмнің кез келген белгісінің дамуы барысында генотип жүйесіндегі күрделі байланыстар мен өзара әрекеттесу туралы мәселе көтеріледі. Кейде бір геннің өзі екі немесе бірнеше белгілердің дамуына әсер етеді. Мұндай құбылысты геннің жан-жақты әсері деп атайды. Гендердің жан- жақты әсерінің биохимиялық негізі біршама жақсы зерттелген. Бір геннің бақылауымен түзілетін бір белок -- фермент тек жалғыз ғана белгінің дамуын анықтап қоймайды. Сонымен қатар басқа да белгілер мен қасиеттердің дамуына қатысты биосинтез реакцияларына әсер етеді. Гендердің жан- жақты әсері көптеген организмдерде кездеседі.
Кемелдену-онтогенездің ұзақ даму кезеңі. Ол жеке тұлғаның рухани, интеллектуалды, дене қабілеттерінің ең жоғарығы дамуымен ерекшеленеді. Хронологиялық жасы шартты, индивидуалды. Ол адамның әлеуметтік- экономикалық жағдайына байланысты. Төмеңгі шекарасы бозбаланыңаяқталуы 20-21 жас, жоғарғы шекарасы қарттық шақтың басталуы 60-65 жасты қамтиды. Л.С.Выготский кемелденудің (18-25 жастардағы) адамда дамуды бала дамуының заңдылығына бағынбайды дейді. Барлық ересек адамның даму деңгейі бірдей болмайды. Әлеуметтік және эмоционалды ессею кезеңінде бірте- бірте дене дамуның өзгеруіне, білім, тәжірибенің өсуіне байланысты болады. Зерттеулерде есеюдің шекарасын, оның дағдарыс кезеңдерін анықтауда бір шешімге келген жоқ. Стадиялар адамдардың өздерінің қойған мақсаттарына байланысты анықталып, шекарасы белгіленеді. Негізінен теориялық зерттеулер қарттық кезеңді балалық шақпен салыстыруда Ф.Олпорт былай көрсетеді: Қарттық есею дегеніміз адамның балалық шақтағы мотивация формаларын өлшеу,-деп бағалайды. Сондықтан даму психологиясында бұл кезеңнің зерттеулері өміршең болып табылады. Кейінгі кездерде акмеология (грек сөзі- акме ең жоғарғы жетістік) бағыты пайда болды. Ол ересек адамның ең жоғарғы жетістігінің интенсивті дамуын зерттеуді қарастырады. Негізін салғандардың бірі-А.А.Бодалев. Алайда көптеген зерттеулердің дені кәсіби мамандықтағы жетістіктерге байланысты болды. Сонымен қоса отбасының тұрақтылығына байланысты аймақты да қамтыды.
Кемелдену кезеңі бозбалалық кезеңінен айырмашылығы өзінің дене және жыныстық пісіп жетілудің жоғары деңгейі мен жалпы соматикалық дамудың аяқталуымен сипатталуы. Бұл кезең интеллектуалды жетістік кезеңі болып табылады. Б.Г.Ананьев: Ақыл- ой дамуның ерекшелігі- онтогенетикалық феномен болып табылады,- деді. Э.Клапаред есеюді психикалық қатаю қалпы, яғни даму үрдісі тоқтайды, ал В.Джеймстің айтуынша, 25 жастан кейін ересек адам жаңа идеяны қабылдай алмайды: ізденімпаздық өтеді, ақыл- ой байланыстары қалыптасқан, ассимиляцияға қабілеттілік тоқтайды. Л.С.Выготский пікірінше, есею балалық шақ дамуынан басқа заңдылықтарға бағынады. Э.Эриксон кезеңдегі болатын өзгерістер: материалдық, экономикалық, т.б. жағдайларға тәуелсіз жаңа әлеуметтік, экономикалық статусқа байланысты. Ерте есею (21-25) кезеңінде кәсіби мамандану, қызығушылық пен мативтердің бір- біріне тең келу белсенді қалыптасады. Отбасы құру, жан жарын іздеу де негізгі проблема болады. 26-30 жас өмірлік жол табу мен әлеуметтік статус факторларын қарастырады. 30-33, 40-45 жастағылар бала тәрбиесі, жоғары материалдық жетістік, қызықты жұмыс мотивтеріне ауысады. 40-50 55-60 жас отбасындағы өзгерістер (балалардың бөлек кетуі), өмірлік жоспардың өзгеруі, әлеуметтік белсенділікпен сипатталады. Дамудың әр бір стадиялары психоәлеуметтік кикілжіңдермен сипатталады да, ол өз шешімін табады. Жеке тұлғадағы дағдарыс жаңа өмірлік мақсаттарға байланысты тууы мүмкін. Бұл кезең келелі бетбұрыс болды. Э.Эриксон есею кезеңінің барлық стадияларында идентика (жекелік) негізгі актуалды дейді. Оның бұл даму моделін Д.Левинсон дамытады. Д.Левинсон адам өмірінің төрт дәуірді: балалық және бозбалалық кезеңі (0-22жас), ерте есею, орташа есею, кеш есею (60 жастан кейін) деп бөледі.
Жеке тұлғаның бұл кезеңін зерттеушілер дамудың қозғаушы күшін әр түрлі түсіндіреді. Ш.Бюлер есеюдің фазаларын өзін- өзі анықтау кезеңі деп қарастырады. Дж.Лоувингер бұл кезеңді өзі туралы қарым- қатынастың қайшылығы жоқ деп психоанализ бен Л.Колбергтің адамгершілік даму теориясымен біріктіре қарастырады. Дж.Лоувингер стадиялары:
Саналық стадиясы: адамдар өздері туралы түсініктерді өздерінің жетістіктеріне байланысты есептейді, беделді адамдар мен құрбы- құрдастарының пікірлеріне де сүйенуі мүмкін. Сонымен бірге өздеріне сын көзбен де қарайды.
Автономды стадия: ішкі өздерінің жеке жетістіктері мен идеал арасындағы кикілжіңдерді саналау. Басқа адамдарды түсінуге, достардың таңдауын сыйлау, төзімділік танытумен ерекшеленеді.
Интегралды стадия: өздерінің ішкі және басқа адамдармен қарым- қатынас талабын орындау, оларды бағалаумен ерекшеленеді.
Р.М.Грановская ересек адамның даму стадияларын: 25-35 ерте есею, 35-45 орташа есею, 45-60 кеш есею, 60-70 қарттық шақ деп бөлінеді. Қарттық кезең дағдарысы- кемелдену мен қарттық кезеңдер арасында байқалады. Бұл дағдарыс екінші кемелдену кезеңінен қарттық кезеңге көшумен байланысты. Қарттық кезеңде ішкі әрекет маңызды ролді алады. Э.Эриксон теориясына сүйенетін болсақ, қарттық өмір сүруде аяқтау кезеңі болып табылады... Қарт адам өз өмірінің мәнін ойлайды. Эриксонның анықтауы бойынша, даналық дегеніміз ұрпақтар байланысының бірізділігінен тұрады. Қарттық кезеңдегі адамдар тұқым қуалау арқылы және жүре пайда болатын психикалық ауруларға шалдығуы мүмкін. Мәселен,қарт адамдардың көбі Альцгеймер ауруымен ауырады. Статистика бойынша, дүние жүзінде 65- тен асқан жастағыларды зерттеген: 65- 69 жастағылардың- 13% , 70-74жастағылардың- 16%, 75-79 жастағылардың- 19%, 80-84 жастағылардың- 23%, 85-89 жастағылардың- 40%, 90-100 жастағылардың- 69% Альцгеймер ауруына бейім болатынын көрсеткен. Альцгеймер ауруы (альцгеймер типіндегі пресенильді жəне сенильді деменция)- жанұя мен қоғамның бейімделуінің айқын бұзылыстарына алып келетін тұлғаның, естің жəне практикалық қызмет дағдылардың үдетуші жəне қайтымсыз жоғалуы. Алғаш рет 1907 жылы неміс неврологы Алоис Альцгейлирмен (1864- 1915) сипатталынған. Бұл аурумен 80 жастан жоғары адамдардың 20% зардап шегеді, ол қарт адамдардың өлім себептері арасында төртінші орын алады.
Альцгеймер аруы- нейродегенеративті аурудың ең таратырылған формасы, ол қарт адамдардың ақыл- есінен адасқанына әкеледі (23 қарт адамдардың барлығы ақылынан адасады). Қарт адамдардың жасы 65- тен асқандардың 7% ауырады. Клиникалық көрсеткішінің анықтауы бойынша интеллектуалды қабілеттің, естің, сөздің, бағдарланудың озықтығының нашарлануына және пікірінше мәселені шешу қабілетінің нашарлануын көрсетеді. Кейін бірте- бірте дамудағы қозғалыстың, жүріс- тұрысының нашарлануына әкеледі.
Альцгеймер ауруының себептері табиғаттық ауруды және дамуындағы генді айқындайтын біркелкі алдыға жылжытатынымен түсіндіріледі. Альцгеймердің аз кездесетін формасы - ол 65 жастан басталып аутосомалық- доминантты тұқым қуалаушылық мінездемесінде анықталады. Осылардың көбіне геннің 14-ші хромосомасы (пресенилин- 1) жауап береді, ал орташа бөлігінде ерте ауыратыны осы ұқсас гендерімен байланысқан (пресенилин- 2), олар 1-ші хромосомаларда және 21-ші хромосомалардағы амилоидты белогінің алдында тұрғанды көрсетеді. Сыртқы клеткаларынның амилоидты белоктың жиыны нервттік жіпшелерде- осы аурудың барша белгілеріне сай мінездеме болып келеді. Осындай ықпал Дауна синдромында да (патология 21-ші хромосомамен байланысқан) анықталады, және Даунамен ауыратын адамдардың 50 жастарында Альцгеймер ауруына шалдығады. Жоғарыда аталған геннің шарасыз дамуындағы Альцгеймер ауруының ерте формасына әкеледі.
Альцгеймер аурудың ерте басталуы геннің идентификациясымен байланысты, экстракорпоральды ұрықтандыру техникасымен қолдануға рұқсат беретін әбден жаңа үйлесім. Жақын арада 30 жастағы әйел V717L генін тасушы болып, Альцгеймердің ерте дамуындағы ауруын төрт он жылдықта (жиелікте, оның апайында ауруының дамуы 38 жаста пайда болғанын) анықтаған.
Осы әйелдің жұмыртқа жасушалары донорлық спермамен ұрықталған және маткасындағы имплантациясы берілген генмен тестіленген болып көрсетілген. Патологиялық мутацияға жатпайтын бірнеше эмбрионалдардан алынғандары маткаға салынған болатын, солардан тек біреуі ғана дамуында, әйел патологиялық генінсіз дені сау баланы өмірге сәтті әкеліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу жайлы ақпарат
Қиын балалар ұғымының мәні
Фрейдтің психоаналитикалық теориясы
Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру туралы ақпарат
Психогенетиканың қалыптасып дамуы
Психогенетика
Психологиялық кеңес беру жайлы ақпарат
Дифференциалды психология түсінігі
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу
Пәндер