Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері



1.Азаматтық Қорғаныс
2.Жеке тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
3.Халықтың Төтенше жағдайдағы Іс әрекеттер мен міндеттері
4.Халықтың су тасқыны мен су басу кезіндегі іс әрекеті
5.Пайдаланылған әдебиеттер
Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б.
Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚР ғылым және білім министірлігі Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері 2. Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері мен міндеттері

Орындаган: Мұратқан.Е
Тексерген:Нуржуманова Ж.М

Семей 2015 ж.

Жоспар:
1.Азаматтық Қорғаныс
2.Жеке тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
3.Халықтың Төтенше жағдайдағы Іс әрекеттер мен міндеттері
4.Халықтың су тасқыны мен су басу кезіндегі іс әрекеті
5.Пайдаланылған әдебиеттер

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) -- мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б.
Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.

Халықаралық Азаматтық Қорғаныс символы.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ

Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.

Жеке тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

1. Жеке тұлғалардың:
1) ұшырауы мүмкін төтенше жағдайлардың қауіпті факторларының туындау қатері туралы және қажетті қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратты күні бұрын алуға;
2) азаматтарды, объектілерді төтенше жағдайлардан және олардан туындаған салдарлардан қорғау мәселелері бойынша жеке өтініш білдіруге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жіберуге;
3) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте қатысуға;
4) осы Заңда көзделген жағдайларда, азаматтарды қорғауға арналған ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, басқа да мүлікті пайдалануға;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өздерінің денсаулығына келтірілген зиян мен мүлкіне келтірілген нұқсанды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтетуге;
6) төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өмірін, денсаулығын және жеке мүлкін қорғауға;
7) мертігуіне немесе ауруына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айырылған, мертігуден немесе аурудан қаза тапқан немесе қайтыс болған асыраушысынан айырылған жағдайларда, егер бұлар төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою жөніндегі міндеттерді орындау салдарынан болған болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандырылуға;
8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өздерінің денсаулығына келтірілген зиян мен мүлкіне келтірілген нұқсанды өтету туралы сотқа қуыным беруге құқығы бар.

Халықтың Төтенше жағдайдағы Іс әрекеттер мен міндеттері:

Сел - тау өзенінің арналарында 3-5 мс жылдамдықпен биіктігі 10-20 м дейін (кейбір жағдайларда 40-50 м дейін) жекелеген толқындармен қозғалатын, су мен үгілген материалдар қоспасындағы қасқағым сәтте өтетін тау тасқыны, ол салмағы 300 тонна үлкен тастың өзін оңай дөңгелетіп әкетеді.
Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен еңістердің болуынан, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдың көптігінен, ұзақ нөсерден, қар мен мұздақтың тез еруінен, биік таудағы өзендерді бұзып шығуынан пайда болады. Селдің алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып, жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай - ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандар болып табылады.
Жылдың жылы мерзімінде (мамыр-қыркүйек) Қазақстанның таулы аудандарында сел пайда болады.
Сел қаупінің белгілері:
-- сел қаупі күшті аудандарда қатты нөсердің ұзақ жаууы;
-- биіктегі сел қаупі бар өзендерде ауа температурасының күрт көтерілуі, бұл морендік өзендердің суға толып, арнасын бұзып шығуын тудырады;
-- өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе оның жоғарғы жағында өзен бөгеті бұзылуын көрсететін шұңқырдың пайда болуы;
-өзен бөгетінің бұзылуына алып келетін жер сілкінісі.

Сел қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары:
1. Таудағы жағдай туралы баспасөз хабарларын ұдайы қадағалаңыз.
2. Сел қаупі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз.
3. Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз.
4.Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені тасқынның соққысынан сырғыма мен опарылма түсуі мумкін.
5. Сел араларымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық кемінде 20-30 м болға тиіс.
6. Сел қаупі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.
7. Сел тасқынының белгісін сезген бойда арнадан қашығырақ кетіп тау беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріліңіз.
8. Сел тасқыны өткеннен кейін селдік арнаға түспеңіз, өйткені ол қайталануы мүмкін.
9. Арнаға төмен түскен кезде және онымен жүрген кезде әсіресе ой-шұңқырдан аса сақ болыңыз.
10. Морендік - мұздақтық кешенде және оның бойымен сел тасқыны қаупі болмайтын немесе өте сирек болатын кезеңде, ең жақсысы, ауа температурасы қалыпты кезде жүру ұсынылады.
11. Үйінділер бейберекет жатқан, сондай-ақ мұздақтан немесе қар көшкінінен пайда болған кедергілері бар өзен бөгеттерінің жанынан жүрмеңіз.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
Көп жағдайда халық сел қаупі туралы ондаған минут бұрын, кей жағдайда 1-2 сағат бұрын естуі мүмкін. Осындай тасқынның жақындауын дөңгеленіп және бір-біріне соқтығысып үлкен жылдамдықпен келе жатқан гүрілден естуге болады.
Сейсмоқауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерді ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ кранын жауып, жарықты өшіріп, электрприборларын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.
Сел қаупі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балалардың шығуына көмектеседі. Бірінші кезекте аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.
Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ немесе арқан болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның ішіне біртіндеп жақындай отыра тасқынның бағыты бойынша шығару керек.

Қар көшкіні - бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.
Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-Шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында.
Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60º - пен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын-шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады.

Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшуіні болып табылады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр.
Көшкін қаупінің белгілері:
1. Көшкін апаттарының деректері адамдардың қаза болуына алып келетін лықсулардың көпшілігінің адамдардың кінәсінен болатындығын көрсетіп отыр. Көшкіннің лықсуы оның қозғалысының үлкен жылдамдығынан бірнеше секундпен өлшенеді. Мұндай жағдайда адамның қауіпсіз орынға жету мүмкіндігі жоқ. Бұдан шығатын қорытынды -- қарлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қорғаныс туралы
Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері. Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері мен міндеттері
Азаматтық қорғаныс мәселелері
Азаматтық қорғаныс мәселелері туралы
Мемлекеттік бюджет жүйесі
Минералды бюджет қамтамасыздандыру деңгейін теңестіру
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті: реттеу, жоспарлау және жобалау
“МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ”
Жергілікті бюджеттердің құрылымы
Мемлекеттік бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары
Пәндер