Халықаралық ұйымдар жайлы мәлімет



1. ЮНЕСКО
2. Біріккен Ұлттар Ұйымы
3. Дүниежүзілңк сауда ұйымы
4. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
Біріккен Ұлттар ҰйымыныңБілім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.
Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондонконференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясынқабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО — 1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры — Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды.
XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады.
ЮНЕСКО негізгі мақсаты — бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.
• "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том
• ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету – Қазақстанның жұлдызды сәті - Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы – Айдын Бәймен мақаласы.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СРО

Тақырыбы : Халықаралық ұйымдар.

Орындаған: Сейтказыева Д.
ПТ-311
Тексерген: Мамырбеков А.М.

Семей 2015 жыл
Жоспары:
1. ЮНЕСКО
2. Біріккен Ұлттар Ұйымы
3. Дүниежүзілңк сауда ұйымы
4. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

1. ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization -- UNESCO)
Біріккен Ұлттар ҰйымыныңБілім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.
Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясынқабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО -- 1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры -- Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды.
XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады.
ЮНЕСКО негізгі мақсаты -- бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.
Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады:
* болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу;
* білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айналысу;
* заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау;
* мүше-мемлекеттерге техникалық ынтымақтастық түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын анықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынады;
* арнайы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.
1992 жылғы 22 мамырда ЮНЕСКО құрамына енгеннен бері, Қазақстан Республикасы аталған ұйым және басқа да мемлекеттермен өзара әрекеттесуі жолында қарқынды ынтымақтастық саясатын жүргізуде. Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен бекітілген 11 халықаралық конвенцияның мүшесі ретінде танылды. Қазіргі уақытта cпорттағы допингке қарсы күрес жөніндегі Халықаралық конвенцияға (2005 ж.) бекіту шаралары өткізілуде.
ЮНЕСКО Бюросы 1994 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасында қызмет атқару үстінде. 1995 жылы оған Орталық Азия, Кавказ, Иран және Монғолия елдеріндегі коммуникация мәселелері жөніндегі өңірлік Өкілеттілік статусы берілді. Сонымен қатар 1999 жылы ЮНЕСКО Өкілдігі Орталық Азия және Кавказ елдеріндігі білім мәселелері жөніндегі өңірлік статусын иемденді. 2001 жылы Бюро статусы Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан) үшін ЮНЕСКО-ның кластер-офисі болып қайта құру жолымен жоғарыланды.
2001 жылғы желтоқсанда ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігі ашылды. ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі қызметін О.Сүлейменов атқарады.
1997-2001 жылдар аралығында ҚР ЮНЕСКО Атқарушы Кеңесінің мүшесі болды, ал қазіргі уақытта оның қосалқы органдарының, яғни 2011 жылға дейін Үкіметаралық Кеңесінің әлеуметтік жаңғыртуды басқару бағдарламасы және ЮНЕСКО Штаб-пәтері жөніндегі Комитетінің, сондай-ақ 2009 жылы ЮНЕСКО Бас Конференциясының 35 - сессиясының аяқталуына дейін Үкіметаралық Кеңесінің Халықаралық гидрология бағдарламасының мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасының аталған органдарға қабылдануы ЮНЕСКО-ның Азиялық-Тынық мұхиты сайлау тобының шеңберінде басқа мемлекеттермен белсенді мақсатты сұхбатының нәтижесі арқасында қол жеткізілді, бұл елімізге қажетті консенсусті қамтамасыз етуге мүмкіншілік туғызды. Осы орайда (2009-2011жж) Халықаралық координациялық кеңестің Адам және биосфера бағдарламасына және де Үкіметаралық кеңестің коммуникацияны жетілдіру туралы Халықаралық бағдарламасына (2009-2013 жж.) Қазақстан Республикасы өз кандидатурасын ұсынғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, ҚР 2005 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық Океанографиялық комиссиясының мүшесі болып табылады.
2001ж. Қазақстан Республикасы 18 елді біріктіретін ЮНЕСКО-ның 31 - сессиясында құрылған Бас Конференциясының орыс тілді тобының төрағасы болып табылады. Орыс тілді топты құрудың мақсаты - ЮНЕСКО-ның бағдарламалық қызметіне қосымша топ мүшелері арасындағы мәдени байланыстарды ЮНЕСКО мұраттары мен жарғылық мақсаттарына сүйене отырып нығайтуға көмек көрсету. Топ мәдени-ақпараттық шаралар, соның ішінде көрмелер, концерттер мен шығармашылық кездесулер өткізумен айналысады.
Мәдениет және өркениет сұхбатының жақтаушысы болып табылатын Қазақстан Республикасы Мәдениетттер жақындастығы жылын атап өтудің бастаушысы ретінде үндеу салды, бұл туралы 2007 жылдың қазанында ЮНЕСКО Бас конференциясының 34-сессиясында тиісті қарар қабылданды. Бұл шешім 2007 жылғы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қолдау тапқан еді (6290 резолюция). 2009 ж. қазанында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 35-сессиясында Халықаралық мәдениет жақындастығы туралы іс-шара жоспарының жобасы қарастырылмақ.
ҚР ішкі және сыртқы саясатында ЮНЕСКО-ның басты басымдықтарының бірі болып табылатын мәдениеттердің әртүрлілігі туралы ЮНЕСКО-ның жалпыға бірдей декларациясы мен өркениеттер арасындағы сұхбаттының идеялары іске асырылуда. Астанада өткен үш Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съездері Қазақстанды ЮНЕСКО-ның негізгі мақсаттары болып табылатын татулық пен халықаралық қауіпсіздікті күшейту үшін белсенді күресші ретінде танытты.
Мәдени мұраларды қорғау Қазақстан мен ЮНЕСКО арасында нәтижелі ынтымақтастық туғызады. 2003 жылғы маусым-шілдеде Парижде өткен ЮНЕСКО Әлемдік Мұра Комитетінің 27-сессиясында, ҚР ұсынысы және тарихи ескерткіштер мен мекендерді қорғау туралы Халықаралық Кеңес кепілдемесі бойынша Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Әлемдік мәдени мұралар тізіміне енген болатын. 2004 жылы Қытайда орын алған ЮНЕСКО Әлемдік Мұра Комитетінің 28-сессиясында Қазақстанның тағы бір ескерткіші - Тамғалы археологиялық ландшафты петроглифтері аталған тізімге ілікті. 2008 жылы шілдеде Квебекте өткен ЮНЕСКО Әлемдік Мұра Комитетінің 32-сессиясында Орталық Азиядағы ең алғашқы табиғи объект - Сары-арқа - Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері Әлемдік мұралар тізіміне қосылды. Құжаттық мұралардың Әлемдік тіркеліміне Қожа Ахмет Яссауи мен шәкірттерінің қолжазбалары мен Невада-Семей антиядролық қозғалысқа қатысты мұрағаттық материалдар енді.
2001 - 2004 жж. Жапонияның қаржылық қолдауымен ЮНЕСКО-мен бірлескен ғылыми құжаттама құру, ескерткішті пайдалану мен жария етушілікке бағытталған ежелгі Отырар қалашығын сақтау жөніндегі жоба іске асты. 2011 жылы Бүкіләлемдік мұралар тізіміне Орталық Азиядағы Ұлы Жібек Жолының ескерткіштері туралы номинациясында Отырар-төбе кандидатурасы ұсынылуы мүмкін.
ЮНЕСКО Қазақстанның мәдени құндылықтары мен жетістіктері, оның көрнекті өкілдерінің шығармашылықтарын жария ету және халықаралық абыройын мойындауды қамтамасыз ету және Қазақстан өкілдерінің бүкіләлемдік мәдениетке қосқан үлесін халықаралық қоғамдастыққа таныту жолындағы тиімді арнасы болып табылады. Әр түрлі мерзімдерде ЮНЕСКО Штаб-пәтерінде Мәдени әртүрлілік және Орта Азия диалогі атты Фестиваль Мәдени мұра атты Қазақстан мемлекеттік программасының тұсаукесері, Абайдың 150 жылдығы, М.Әуезовтың 100 жылдығы, Мұхамед Дулатидің 500 жылдығы, Түркістан қаласының 1500 жылдығы, Қ.Сәтбаевтың 100 жылдығы, Тараз қаласының құрылғанына 2000 жыл, С.Мұқановтың 100 жылдығы, Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы, Ғ.Мүсіреповтың 100 жылдығы, Әлкей Марғұланның 100 жылдығы, Ахмет Жұбановтың 100 жылдықтары атап өтілді. ЮНЕСКО 2008-2009 жж. естелік күндер күнтізбесіне Қыз-Жібек эпосының 500 жылдығы сияқты іс-шаралар өткізілген болатын.
ЮНЕСКО білім саласындағы ынтымақтастықтың дамуына ҚР Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың сапары мен оның 2009 жылғы 9 шілдеде ЮНЕСКО-ның Микрософт компаниясымен бірлескен Білім лидерлерінің Жоғарғы білім: қалпына келтіру мақсатында құндылықтарды қайта бағалау атты форумында қатысқаны үлесін тигізді.
Жоғарғы оқу орындарындағы оқу программаларының бiрыңғай стандарттар өндiруiнің үлкен мәнін, дипломдардың өзара мойындауы мақсаттарындағы университетаралық байланыстардың дамуы, барлық жастағы азаматтар мен мамандық иелерінің бiлiм алу мүмкіншіліктерінің молаюы және қайта даярлануын есепке ала отырып, ЮНЕСКО бiр университет (мысалы, Гумилев атындағы Еуразия университетi немесе Әл Фараби атындағы КазҰУ) базасында немесе дистанциялық түрде білім алу факультеттiң ашу туралы Қазақстанның әрекетiн қолдады. Сонымен қатар ЮНЕСКО Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнің жанында Білім беру жөніндегі менеджмент Халықаралық ғылыми-тәлімдік орталығын құруын қолдап, оған Париждегі Халықаралық Жобалау институтымен байланыс орнатуын ұсынды.
Қазақстан ЮНЕСКО ассоциацияланған мектептерi жүйесі және UNITWINЮНЕСКО кафедрасы бағдарламасының мүшесі болып табылады, бұл қазақстандық мамандарға елiнiң жас буынына әлемдiк деңгейге сай бiлiм беруге мүмкiндiк туғызады. Қазақстан Республикасының жиырма бiр мектебі, лицейлері мен гимназиялары ЮНЕСКО ассоциацияланған мектептерi сертификаттарын иемденді, ұйымның қамқорлығымен сайып келгенде орташа оқу орындардың Бүкiләлемдiк қозғалысының қатысушылары ретінде танылды. 2006 жылдың наурызынан бастап, ЮНЕСКО және UNITWIN аралығында мәдениетаралық түсінушілікке бағытталған дінаралық сұхбат бойынша UNITWIN ынтымақтастық бағдарламасы іске қосылды. 13 ел кафедралары, соның iшiнде ҚР БҒМ шығыстануды институтының кафедрасы ЮНЕСКО кафедрасының мүшесі болып тағайындалды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, Халықаралық экологиялық және гуманитарлық Академиялары, сонымен бiрге Қазақ Ұлттық Музыка академиясында сәйкесiнше ЮНЕСКО-ның төрт кафедрасы - журналистика, ғылымдар зерттеуi, экология, музыка үйрену төңiрегiнде үздiксiз бiлiм беретiн кафедралар ашылды. 2004 жылы Алматы қаласында Сулейменов атындағы Қазақ шығыстану институтында ғылым және рух жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы ашылды. Қазiргі уақытта Қазақстандағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiнде Жаңа материалдар және технологиялар атты кезектi, алтыншы ЮНЕСКО кафедрасын әзiрлеуді аяқтау бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Қазақстан студенттерi ЮНЕСКО көмегiмен Жапония, Қытай, Израиль, Франция және Ресей Жоғарғы оқу орындарының стипендияларын иеленуде.
Бiздiң елiмiз ЮНЕСКО-ның ерекше мән беретін бiрқалыпты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған ғаламдық процесіне белсене қатысады. 1995 жылдан бастап Отанды қайта жандандыру және оның бiрқалыпты дамуы Меморандумы қабылданғаннан бері Қазақстанның саясатына кешендi түрде әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешу ендi. Қазақстан әскери ядролық қару-жарақ қоймасынан бас тартып, әлемдегі ең iрi Семей полигонын жапты. Ойдағыдай өткiзiлген реформалар арқасында кедейлiк пен жұмыссыздық қысқарды. Йоханнесбургтегi (2002 жыл, қыркүйек) Бүкiләлемдiк саммитте Қазақстан Республикасы ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде бiрқалыпты дамудың саясатының жолын ұстанушы және өткiзушісi болып табылатынын қайта растады.
2006 жылы мамырда Алматы қаласында Қазақстанның бастамашылығымен Орталық Азия мемлекеттерiнiң жаңартылатын көз энергияларының бiрқалыпты дамуының стратегиялық рөлi атты ЮНЕСКО мүше-мемлекеттерi министрлерiнiң деңгейінде Аймақтық конференция өтті. Конференцияға ЮНЕСКО-ның табиғи ғылымдар бойынша бас директорының орынбасары Вальтер Эрделен қатысты. Конференцияның күн тәртiбiнде - Орталық Азиядағы жаңартылатын энергияны дамыту, адамдық қорларын дамыту және технологиялардың тасымалдынуы, сондай-ақ аймақтық басымдылықтарды анықтау және іс-шара жоспарын анықтау жөніндегі ұлттық бағдарламалар қарастырылды. Форум Алматы декларациясы бекітілуі және ЮНЕСКО-ның Орталық Азия басшысының Орталық Азия елдерiндегi Әлемдік қайта қолданылатын энергияны қолдану төңiрегiндегі мәселелерді шешу жолдарының жоспары (GREET) ұсынысы бойынша қосылған Әлемдік қайта жаңарту энергиясы. Білім беру және меңгеру программасы атты Қорытынды құжатының қабылдануымен аяқталды.
2007 жылғы қазандағы ЮНЕСКО Бас конференциясының 34-шi сессиясы Орталық Азиядағы қайта жаңартылатын энергияның дамытуына бағытталған Алматы конференцияларының қорытындыларының мақұлдауы туралы қарар қабылдады, ал 2008 жылғы көктемде Атқарушы Кеңесінің 179-шы сессиясында ұйымның бас директоры бұл процесте ЮНЕСКО-ның белсендi рөл атқаруын жалғастыратынына кепiлдiк берді.
Бiрнеше жылдар бойы Қазақстан басқа да Орта Азия мемлекеттерімен біріге отырып, аталған ұйымның Арал дағдарысын жеңу жолын iздестiру шараларына белсенді түрде қатысуда. 1997 жылғы ЮНЕСКО қамқорлығымен Арал теңiзiнiң хауызының мәселелерi бойынша Ғылыми консультациялық кеңес (SABAS ) құрылды. Өлке елдерiнiң көмегiмен ЮНЕСКО 2025 жылға дейін қазіргі ахуалдың маңызды жақсаруына жетуге бағытталған Ұзақ мерзiмдi Арал теңiздерi су қорларының көрiну жобасын жасады.
Сонымен қатар Қазақстанның ЮНЕСКО-мен ғылыми саладағы ынтымақтастығы Адам және биосфера, Халықаралық гидрология программасы және Халықаралық геоғылымдар программасы атты үш Ұлттық ғылыми комитеттiң ынтымақтастығы арқасында іске асады.
2008 жылдың маусымында ЮНЕСКО-ның Халықаралық Гидрология программасының Мемлекетаралық кеңесiнiң 18-шi сессиясы Қазақстанның ауа райының әлемдік өзгерiсi шарттарындағы мұздықтардың жер асты суларына тигізетін әсерін зерттеуге бағытталған Алматы қаласында ЮНЕСКО қамқорлығымен Аймақтық Гляциологиялық Орталық құру туралы ұсынысын қолдады.
2005 жылдың ақпанында Қазақстандағы А.Қастеев атындағы Алматы балалар көркем мектебiнiң жанындағы ЮНЕСКО Тұрақты өкiлдігiнiң жан-жақты жәрдемдесуi арқасында құрылған алғашқы клубы Бүкiләлемдiк қауымдастықтар, орталықтар және клубтарының федерациясына (FMACU-WFUGA ) ЮНЕСКО-ның белсендi мүшесі ретiнде қабылданды. Қазіргі таңда ЮНЕСКО клубтарының Ұлттық федерациясы құрылған.
2008 жылғы маусымдағы Парижде өткен ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкiлдiгімен ұйымдастырылған Гуманитарлық және әлеуметтiк ғылымдар саласындағы ресми патронажындағы Халықтардың алғашқы Ұлы қоныс аударуы атты Халықаралық ұйымының конференциясы маңызды үлесiн қосты. Оған генетика, антропология, археология, палеография және лингвистика салаларындағы Қазақстан, Франция, Италия, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Голландия, Қытай, Үндістан, Перу сияқты мемлекеттердің көрнекті ғалымдары қалай, қашан, неліктен әлемде алғашқы көшіп-қонулар пайда болғаны мен олардың бағыттары туралы сөз сөйледі. Еуропа, Орта Азия, Американы ел қондыру ғылыми болжамдар баяндалып, көшпенді өркениеттердің Ұлы қоныс аударуға қосқан үлестері қарастырылып, қазіргі халықтардың атақоныстары туралы пікір алмасу өткен болатын. Аталған Халықаралық Форум ЮНЕСКО-ның осы саладағы, соның ішінде түрлі мемлекеттердің ұлттық университеттерінде жаңа зерттеулерге жол ашты.
2009 жылдың маусымында Парижде Халықтардың алғашқы ұлы қоныс аударулары атты жинақ ағылшын және орыс тiлдерiнде шығарылды. Ол адамгершiлiк өркениеттiң дамыуының миграциялы тұрғыларын зерттеудегi пайдалы аспап ретінде ЮНЕСКО-мен сабақтас дипломаттық және ғылыми шеңберлерде оң үн қосуларын алды.
2009 жылы Қазақстанның ЮНЕСКО қамқорлығымен ұйымдастырылған маңызды халықаралық шаралардың өткiзу орталығы есебінде танылуы жалғасуда. Олардың арасында Орталық Азиядағы шекарааралық су қорларының қолдануының сұрақтары бойынша дөңгелек үстел (Алматы, наурыз), Орталық Азиядағы Жiбек жолы ескерткiштері Бүкiләлемдiк мұраның тiзiмiне сериялы номинациясының әзiрлеуi бойынша 5-шi аймақтық семинар (Алматы, мамыр), Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы ВИЧСПИД инфекциясымен күрес жолдары бойынша ұлттық стратегияларын жетiлдiру (Алматы,маусым) сияқты семинарларды атап өтуге болады.

2.Біріккен Ұлттар Ұйымы
Біріккен Ұлттар Ұйымы - екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.

Штаб-пәтері Нью-Йорк (АҚШ) қаласында орналасқан. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. Біріккен Ұлттар атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945 ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды. БҰҰ құрылымы: Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде - орыс, ағылшын, қытай, фран­цуз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификация­лауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдас­тықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.
Көзі қарақты көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбіт­шілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүше­лер мен оның бюджетін қабылдау мәселе­лері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ас­самблея Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әртүрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. Бүгінде Қауіп­сіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше. Осы тұста айта кетейік, біраз жылдардан бері Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қатарын көбейту жөнінде мәселе қозғалып жүр. Бірақ әзірше ол шешімін тапқан жоқ.
Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:
* бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
* ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;
* халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты
* жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;
осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.
БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор.
БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.

Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.
БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.

1992 жылы 2 наурызда, тә - уелсіздігімізге қол жеткеніне екі жарым ай толғанда Қазақ - стан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының толық - қан - ды мүшелігіне өткенінде еліміз әлемдегі өзінің ішінде де, сыр - тын - да да ешқандай бір ке - ре - ғарлықтан, қайшылықтардан таза, қалыпты өмір кешіп жат - қан мамыражай тынысты аз мемлекеттің бірі болатын. Шү - кіршілік етерліктей орнымыз бар, содан бергі тәуелсіз 20 жылда еліміз осы ырғағынан жаңылмай, өңірдегі тұрақ - ты - лық пен айқындықтың эпи - цен - трі ғана емес, әлемдік аренада беделді мемлекетке айналды. Әрине, осы тұрғыдағы мемлекетті қалыптастыруда Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев - тың ерен еңбегінің орны ерекше.
БҰҰ-ға қабылданған еліміз Ұйымның Жарғысында және Жалпыға ортақ декларацияда көрсетілген бостандық пен құ - қық сақтауды, оны қамтамасыз етуді міндетіне алып, әлемдік қоғамдастық бас біріктірген Ұйымға ол қастерлейтін құн - ды - лықтарды қадірлейтін бөл - ше - гі ретінде енді. Сонымен қатар, еліміз әлемдік қоғам - дастыққа толыққанды интеграциялануда және тәуелсіз мемлекет қалыптастырудағы ре - фор - маларды жүргізуде БҰҰ-ның түрлі институттары тара - пы - нан қолдауға ие болды.
Қазақстан БҰҰ-ға мүшелік - ке қабылданғанда оның құ - ра - мын - да 168 мемлекет болса, қа - зір оның қатары өсіп, 193 елге жетті. Сол алғаш мүшелікке өткеннен бері еліміз Ұйым жұмысына белсенді атсалы - суы - мен келеді. Бұл - еліміздің сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі.
БҰҰ жанындағы Қазақ - стан - ның Тұрақты өкілдігі Президент Жарлығымен 1992 жыл - - дың 15 маусымында ашыл - ған - нан бері еліміздің сыртқы сая - сатының міндеттері мен мақ - сат - тарын алға апарудағы, әлем - дік қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтаудағы оң бас - та - ма - ларды жүзеге асырудағы, өңір - дегі және ел ішіндегі маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі белсенді құрамдасының қызметін атқарып келеді.
Қазақстан тәуелсіз ел атан - ғанда бұрынғы Одақтан аса ірі ядролық арсенал мұраға қа - лып, Семей ядролық полигоны жұмыс істейтін. Міне, осы кезде Ел басшысы бірден-бір дұ - рыс, яғни ядролық қарудан бас тарту туралы шешім қабыл - дады. Осылайша, 1991 жыл - дың 29 тамызында тарихи құ - жатқа қол қойылып, еліміздің ядросыз саясатының негізі қа - ланды. Арада 20 жыл өткен соң БҰҰ Бас Ассамблеясы Қа - зақстан бастамасын қолдап, өзінің 64-ші сессиясында 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халық - ара - лық күні деп жариялады.
Ядролық қару мен сынақ алаңынан өз еркімен бас тарту әлемдік тарихта бұрын-соңды орын алмаған айтулы оқиға еді. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның 2010 жылы елімізге келіп, Семей ядролық полиго - ны - ның орнына барған сапа - рында осы бастаманы аса ма - ңыз - ды тарихи қадам деп ба - ға - лады және Қазақстан ядролық қарусызданудың айқын лидері. 1991 жылы Президент Нұр - сұл - тан Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы және ядролық қарудан бас тарту туралы батыл шешім қабыл - да - ды. Бұл - көрегендік қадам, деп ядролық қаруы бар державалардың басшыларын Қазақстан жолымен жүруге шақырды.
2010 жылы БҰҰ Бас хатшысы қазақ жеріне екі рет, сәуір және желтоқсан айларында келіп кетті. Ал БҰҰ Бас хатшысы ешбір елге, егер ондағы жағдай тұрақты болып және ешқандай кикілжің орын алмаса, бір жылда екі мәрте атбасын бұрған емес.
Қазақстанның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілдігі өз жұмысында әлемдік қоғам - дас - - тықтың назарын Семей ядролық полигонының зардаптарын жоюға аударып, 1997 жылдан бері Ұйымның осы мәселе бойынша 6 қарар қабыл - дау - ына мұрындық болды. Оның соң - ғысы Бас Ассамблеяның 66-шы сес - сия - сында қабылданды. Ал 2009 жылы Семей қаласында бес Орталық Азия мемлекеттері басшыларының мәмілеге келіп, Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құру жөніндегі шешімге қол қоюы халықаралық және өңірлік қауіп - сіздікті қамтамасыз етуде маңызды қа - дам болды. Осы орайда Қазақстан ядро - лық қауіпсіздік бойынша және ядролық материалдардың таралуы мен ядролық терроризмге қарсы өңірлік іс-жоспар - дың жасалуына бастамашылық етті.
Вашингтонда 2010 жылдың сәуі - рін - дегі Жаһандық саммитте Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа ядролық қарусыз аймақтар құру жөніндегі бастамамен шығып, оның Таяу Шығыста да қажеттілігін мәселе етіп көтерді.
2011 жылы Бас Ассамблеяның 66-шы сессиясында Бас хатшының бас - та - ма - сымен ядролық қарусыздану бой - ын - ша жоғары деңгейдегі кездесу өткізі - ліп, оған БҰҰ-ға мүше қауіпсіздік мә - селелері бойынша жаһандық көш - бас - шы мемлекеттердің басшылары қа - тыс - ты. Бас хатшының жеке өзінің шақы - руымен Қазақстан, Франция, Корея, Жапония, Бразилия, Украина және Ресей мен АҚШ-тың сыртқы саясат ве - домстволарының басшылары кездесуге жиналды.
Осы отырыста Қазақстан Президенті ядролық қауіпсіздік мәселесімен қатар, оның әскери және әскери емес аспектілерін де көтеріп, оның ішінде атомды бейбіт мақсатқа қолдану, атом электр стансаларының қауіпсіздігі ту - ралы мәселе қозғап, ядролық қаруы бар мемлекеттердің оны қолданамын деп қорқытуы мен жалпы қолданбау жайында құқықтық міндеттеме алған құжат қабылдау қажеттігіне тоқталып, оны уақыт оздырмай тезірек әзірлеу керектігін мемлекет басшыларының назарына салды.
Қазақстанның БҰҰ-дағы ендігі бір басымдық беретін бағыты - этнос - ара - лық және дінаралық толеранттылық мәселелері. Біздің еліміз БҰҰ аясында 80 мемлекетті құрамына біріктірген Өр - кениеттер альянсы достарының қа - та - рында. Сондай-ақ еліміз 2010 жыл - дың Мәдениеттердің халықаралық жа - қын - дасуы жылы деп жариялануы бас - та - машыларының бірі болды. Жақын арада Ұйым мәдениеттердің халық - ара - лық жақындасуының онжыл - ды - ғы - на дайындығын бастайды. Ол жай - ын - дағы ұсыным 2011 жылдың жазында ЮНЕСКО-ның Тұрақты кеңесінің отырысында қабылданған еді.
Осы мақсатпен біздің еліміздің бас - тамасымен өткізіліп жүрген, қазіргі күні әлем мойындап отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшы - лары - ның съезі үндесе түседі. Қазақстан бастамасы қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауда жергілікті, ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейде үнқа - ты - су - ларды қолдау қажеттігінің тамаша үлгісі болып отыр.
Еліміздің Ұйым аясындағы жұмы - сы - ның ендігі бір құрамдас бөлігі те - ңізге шығар жолы жоқ мемлекеттердің сауда және транзитті-көлік әлеуетін арт - тыру бойынша мәселелерді шешу болып табылады. Осы ретте 2003 жылы дамушы мемлекеттердің қаты - суы - мен теңізге шығар жолы жоқ мемлекеттердің Алматыда өткен БҰҰ-ның министрлер конференциясының, онда қабылданған Алматы деклара - циясы мен бағдарламасының маңызы зор. Ол қазіргі күні Ұйымға мүше мемлекеттердің осы бағыттағы ын - тымақтастықтарын арттыруына қажет - ті құқықтық негіз қалайды.
Жаһанданған әлемде жеке бір елдің қауіпсіздігі жайын сөз етуге болмайды. Сол себептен, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде (ҚК) қаралатын барлық мә - се - лелер бойынша Қазақстан ұстанымы айқын. Олардың маңызды деген бір - қа - та - рын назарға салып өтсек, ол - ядро - лық және өзге қарулануға қарсы, ға - рышты бейбіт мақсатқа пайдалану, Таяу Шығыс мәселелері, Палестина, Иран - ның және Солтүстік Кореяның ядро - лық бағдарламаларына ҚК-нің санк - ция - лары, Ауғанстандағы жағдай, со - зыл - малы даулар, трансұлттық қыл - мыс - тар, есірткі тасымалы және тағы да бас - қа адамзат баласы алдында тұрған проб - ле - маларды оң шешудің әлемдік қоғам - дастықпен бірге жолдарын іздестіру.
Еліміз Ұйым комитеттерімен ҚК санкциялары бойынша ынтымақтаса жұ - мыс атқарып, оның қарарларының орындалуы турасында жыл сайын есеп беріп отырады. Сонымен қатар, БҰҰ ҚК-дегі ынтымақтасуының бір парасы Контртеррористік комитет (КТК) ая - сында жүзеге асырылып келеді. Атал - ған комитеттің жұмысы Ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық және өңір - ара - лық деңгейде террорлық әрекеттерге қарсы әлеуеттерін нықтауға негізделген. 2011 жылдың қыркүйегінде елор - да - мызда БҰҰ ҚК-нің өңірлік семи - нары өткізіліп, онда жаппай қырып-жою қаруларын таратпау және өңірдегі мемлекеттерге шығарылып, кіргізілетін экспорт пен импортқа жауап беретін мемлекеттік органдарға қажетті нақты ұсынымдар қарастырылды.
Қауіпсіздік кеңесінің назарындағы ендігі маңызды мәселелердің бірі - Әйел - дер, бейбітшілік пен қауіпсіз - дік. Бұл үдерістің негізі БҰҰ-ның 1325 (2000) қарарында қаланып, орын алған кикілжіңдер мен қақтығыстарды шешуде әйелдер рөлін ұлғайтуға, қақ - тығыс-жанжалдарды болдырмауға олар - дың қатыстырылуы мен бейбіт өмірді қалпына келтіруде, кикілжің - дер - дің салдарымен күресте әйелдердің белсенділігін арттыруға бағытталған.
Қауіпсіздік кеңесі БҰҰ-ның Өңір - лік орталығының жыл сайынғы превентивті дипломатиясының Орталық Азия бойынша есебіне ерекше мән береді. Ол өңірдегі 5 мемлекеттің - Қа - зақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түр - кіменстан және Өзбекстан тарапының бастамасымен құрылған БҰҰ-ның ар - найы саяси миссиясы. Жыл сайын БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Қазақстанның Тұрақты өкіліне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПР және маркетингтік коммуникация
Туризмнің табиғатқа әсер ету проблемасы
Internet глобальді ақпараттық желісі
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелері
Стандарттаудың заңнамалық базасы туралы
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құқықтық мәртебесі
Бухгалтерлік есептің мәні және түрлері
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ПРИНЦИПТЕРІ
Аудиттің мәні
Аудиттің мазмұнына анықтама
Пәндер