Маталар, тоқыма және бейматалар ассортименттері



1. Маталар, тоқыма, бейматалар туралы жалпы түсінік
2. Маталар, тоқыма, бейматалар ассортименттері
3. Маталар, тоқыма, бейматалардың жасалу жолдары
Мата (лат. textile — мата, материя) химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді. Мата өнеркәсіпте киім – кешек тігу, төсек – орын жабдықтарын тігу кезінде кеңінен қолданылады. Бұл тұрмыстық мата түріне жатады. Сонымен қатар тігілетін киім түрлеріне қарай арнайы және техникалық мата түрлері де қолданылады. Олардан спорт киімдері, үй жиһаздары, қорғаныс киімдері т.б дайындалады. Маталар құрамына, құрылысына, өнделуіне, сырт көрінісіне және тігу, жуу, тазалау кезінде өнделу жұмыстарына байланысты түр түрге бөлінеді. Мата талшықтан тұрады. Талшықтар шығу тегіне қарай табиғи және қоспалы болып екіге бөлінеді. Табиғи талшықтарға өсімдік (зығыр, мақта ) талшықтары жатады. Киімдерді көбінесе мақта мен зығыр талшықтарының дайындайды. Елімізде мақта өсіретін бірден бір аймақ Оңтүстік Қазақстан облысы болып саналады. Мақта маталар қазіргі жағдайда білікті басу машиналарында механикалық жазу әдісімен орындалады. Талшық деп иілгіш, жіңішке және берік затты айтады. Мата өте жұқа өзара байланысқан жіптердің тоқылады. Әр бір жіп бірнеше иірілген жұқа талшықтардан тұрады. Тоқыма талшық деп жіптерді маталарды жасауға пайдаланатын талшықтарды айтамыз.Талшықтардың түрлері: дара талшық және техникалық талшықтар болып бөлінеді.Ұзына бойына ажыратылатын дара талшықтар деп (мақта, жүн), (зығыр, кендір) айтамыз. Техникалық талшықтары бірнеше өрілген әрі ажырамайтын талшықтар саналады. Тоқыма кәсібі - неолит заманында пайда болған кәсіптердің бірі. Ол алғаш әйелдердің өсімдік талшықтары мен жүннен тұрпайы киім тоқуынан басталады. Тоқыма кәсібі алғашқы қауым адамдарының қарым-қатынасы мен еңбек тәсілдері негізінде бірте-бірте дамыды.
1. Оралбекова А., Әбдіжаббарова С. Тігін өндірісінің жабдықтары: Оқулық.-Астана: Фолиант, 2008

2. Қуатбекова Л., Келесова Ү. Тігін бұйымдарының технологиясы: Зертханалық жұмыстар. – Астана:Фолиант, 2010

3. Нұржасарова М., Кучарбаева К., Рүстемова А. Киім дайындау технологиясы: Оқу құралы// М. Нұржасарова, К. Кучарбаева, А.Рүстемова. 2-басылым. – Астана: Фолиант, 2011

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Маталар, тоқыма және бейматалар ассортименттері

Орындаған: Қонақбаев Е.М.

Тобы: ТК-321

Тексерген: Бауыржанова А. З.

Семей, 2015 жыл

Жоспар
1. Маталар, тоқыма, бейматалар туралы жалпы түсінік
2. Маталар, тоқыма, бейматалар ассортименттері
3. Маталар, тоқыма, бейматалардың жасалу жолдары

1. МАТАЛАР, ТОҚЫМА, БЕЙМАТАЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Мата (лат. textile — мата, материя) химиялық талшықтар мен жіптерден
жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары
молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы
шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық
деп бөлінеді. Мата өнеркәсіпте киім – кешек тігу, төсек – орын жабдықтарын
тігу кезінде кеңінен қолданылады. Бұл тұрмыстық мата түріне жатады. Сонымен
қатар тігілетін киім түрлеріне қарай  арнайы және техникалық мата түрлері
де қолданылады. Олардан спорт киімдері, үй жиһаздары, қорғаныс киімдері т.б
дайындалады. Маталар құрамына, құрылысына, өнделуіне, сырт көрінісіне және
тігу, жуу, тазалау кезінде өнделу жұмыстарына байланысты түр түрге
бөлінеді. Мата талшықтан тұрады. Талшықтар шығу тегіне қарай табиғи және
қоспалы болып екіге бөлінеді. Табиғи талшықтарға өсімдік (зығыр, мақта )
талшықтары жатады. Киімдерді көбінесе мақта мен зығыр талшықтарының
дайындайды. Елімізде мақта өсіретін бірден бір аймақ Оңтүстік Қазақстан
облысы болып саналады. Мақта маталар қазіргі жағдайда білікті басу
машиналарында механикалық жазу әдісімен орындалады. Талшық деп иілгіш,
жіңішке және берік затты айтады. Мата өте жұқа өзара байланысқан жіптердің
тоқылады. Әр бір жіп бірнеше иірілген жұқа талшықтардан тұрады. Тоқыма
талшық деп жіптерді маталарды жасауға пайдаланатын талшықтарды
айтамыз.Талшықтардың түрлері: дара талшық және техникалық талшықтар болып
бөлінеді.Ұзына бойына ажыратылатын дара талшықтар деп (мақта, жүн), (зығыр,
кендір) айтамыз. Техникалық талшықтары бірнеше өрілген әрі ажырамайтын
талшықтар саналады. Тоқыма кәсібі - неолит заманында пайда болған
кәсіптердің бірі. Ол алғаш әйелдердің өсімдік талшықтары мен жүннен тұрпайы
киім тоқуынан басталады. Тоқыма кәсібі алғашқы қауым адамдарының қарым-
қатынасы мен еңбек тәсілдері негізінде бірте-бірте дамыды.

Қазақстан жерінде Тоқыма кәсібі VI-XII ғасырларда өріс алған. Бұл көбінесе
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалалық қоныстарында дамыған. Мақта-мата
тоқымаларын бата, боз, тор, шыт деп атайтын.
Мал жүнінен сырт киім (шекпен) үшін жүн мата тоқыды.
Жібек мата Қытайдан, Ферганадан және Самарқаннан тарады.
Ол кездегі жіп иіру-тоқу құралдары мен тоқыма станогының (тоқуш) қалдықтары
археологиялық қазбаларда да кездеседі. Өрмек тоқу, ши тоқу, жас шыбықтан
ыдыс, құрал жабдық тоқу, өру - тоқыма кәсібінің ежелгі түрлері. Қазір
тоқыма кәсібі дамыған, тоқыма өнеркәсібіне айналды.
Беймата бұйымдары көбінесе жайма түрінде ұзындығы 3 мм қысқа талшықтардан
немесе жіптерден жасалған жайғақтан өндіріледі. Жайғақ бір немесе бірнеше
қабаттан жасалынады. Жайғақ сирек тоқылған матамен, трикотаж жаймасымен,
қабыршықпен қатырмалау арқылы шығарылады. Беймата жаймалар матаға ұқсас
көрінеді, бірақ құрылымы және қасиеттері бойынша айырмашылығы көп.
Жайғақтар бір бірімен әртүрлі әдіспен бекітіледі. Бекітудің 3 әдісі
белгілі: механикалық, физика-химиялық және аралас.
Механикалық әдістермен өндірілетін бейматаларға іліп тоқыла тігілген жайма,
инетесімді және киізбасылым жайма жатады. Іліп тоқыла тігілген жайма
дайындағанда талшықты жайғақтарды жаймаға бекіту оларды тартылған жіптермен
немесе талшықпен іліп көктеу қолданылады.
Киіз бастыру тәсілімен беймата жүн немесе құрамында жүн ба- сым болатын
жайғақты арнайы ортада және жағдайды механикалық әсер ету әдісімен жасайды.
Жүн талшықтарының бір бірімен ілінісу нәтижесінде жайғақ киізденеді. Физика-
химиялық тәсілмен бейматаны жайғактарды сұйық байланыстырғыш заттар
(желімдер) арқылы біріктіру немесе ыстық пен әсер ету әдісімен (престеу)
жасайды. Аралас тәсілге жоғарыда аталған тәсілдердің екі немесе одан көбін
қолдану арқылы алу жатады.

2. МАТАЛАР, ТОҚЫМА, БЕЙМАТАЛАР АССОРТИМЕНТТЕРІ
Жүн мата. Бірыңғай жүнен немесе басқа талшықтар қосылып арлас тоқылған
маталар. Жүн маталар таза (6-10%ғана өзге талшық қосылған) және жартылай
жүн мата болып бөлінеді. Жартылай жүн матаға жасанды және синтет. талшықтар
көбірек қосылған . Бұл оның сапасын арттырады(тез тозбайды, мыжылмайды, т.
б. ). Мата жібінің иірілу әдісіне және түріне қарай жүн мата мәуіті, шұға
және аралас мата болып жіктеледі. Жүн матаны өндіру процесі күрделі де
алуан түрлі. Жүн матаны өндірудің өзіне ғана тән амалы шұға басқыш машинада
жүргізілетін процесс. Мұнда сабынды және тұзды т. б. жылы ерітіндіге
малынған мата мех. өңдеуден өтеді, арнаулы дәрі дәрмек сіңіріліп су
өтпейтін, умаждалмайтын, күйе жемейтіндей сапаға келтіріледі.
Кендір мата. Кендір және кендір тәріздес өсімдіктер талшығынан тоқылатын
мата. Кендір мата өндіруде мақта жіп (көбінесе өріс үшін) және жасанды
талшықтар да пайдаланылады. Кендір мата тоқылатын кендір жіптер иірілген
талшығының түріне(түтілген талшық яки қалдық), иірілу тәсіліне (құрғақ яки
дымқыл) , жіңішкелігіне және өңделу ерекшелігіне қарай топталады. Кендір
мата тоқуда полотналық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ассортименттің жіктелуі
Маталар, тоқыма және бейматалардың ассортименті
Материалдарының түрлерінің құрылымы
Тоқыма материалдарды өңдеу
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
ЗЫҒЫР ТАЛШЫҚТЫ МАТАЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Материалдардың классификациясы
Лекалоны матаға жаймалау
Жіптің сауда номері
Мақта - маталарын дайындаудың классикалық тәсілдері
Пәндер