Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы жайлы мәлімет



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Зат алмасудың биологиялық мәні

2.2. Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясына сипаттама

2.3. Май алмасуының бұзылыстары

III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Белгілі бір тәртіппен кезектесіпкеліп отыратын әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығын зат алмасу процесі деп атаймыз.. Организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың жасушалар мен органдарға тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, жасуша құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін – метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттер деп аталады. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу реакциясы – анаболизм, ал бұған қарама-қарсы өтіп жататын процесті катаболизм дейді. Зат алмасудың бұзылуы көптеген ауруларға ұшыратады органдарды, организмді. Сондықтан да зат алмасу дұрыс жүруі үшін ең біріншіден дұрыс тамақтану, зиянды азықтарды қабылдамау болып табылады.
1. Х.С. Жұмабеков « жануарлардың паталогиялық анатомиясы», Алматы 2011 жыл.
2. Ө. Ығылманұлы «ветеринариялық паталогиялық анатомия», Алматы 2010 жыл.
3. Т.Несіпбаев «Жануарлар физиологиясы», Алматы 2012 жыл.
4. Н.Р. Абылаев «биохимия в схемах и ресунках» , Алматы «ғылым» 2001 жыл.
5. А.С. Ибадильдмн «гепатология және клиникалық биохимия», Алматы «қарасай» 2008 ж.
6. Қайырханов « жануарлар биохимиясы», Семей 2014 ж.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы:Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы.

Орындаған: Смаилова Б.Т.
Топ: ВС - 203
Тексерген: Нуркенова М. К.

Семей- 2015жыл
Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Зат алмасудың биологиялық мәні

2.2. Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясына сипаттама

2.3. Май алмасуының бұзылыстары

III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

I.Кіріспе
Белгілі бір тәртіппен кезектесіпкеліп отыратын әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығын зат алмасу процесі деп атаймыз.. Организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың жасушалар мен органдарға тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, жасуша құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін - метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім - метаболиттер деп аталады. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу реакциясы - анаболизм, ал бұған қарама-қарсы өтіп жататын процесті катаболизм дейді. Зат алмасудың бұзылуы көптеген ауруларға ұшыратады органдарды, организмді. Сондықтан да зат алмасу дұрыс жүруі үшін ең біріншіден дұрыс тамақтану, зиянды азықтарды қабылдамау болып табылады.

II.Негізгі бөлім

2.1. Зат алмасудың биологиялық мәні

Зат алмасу - тіршілік процесстерінің химиялық қозғалысы. Зат алмасу (метоболизм) бір-бірімен тығыз байланысты екі процесстің жиынтығы. Олар:
Ассимиляция қарапайым заттардан торшалар құрамындағы күрделі органикалық қосылыстар түзіліп, торшалардың құрылымы күрделінеді. Процессте химиялық бос энергиялар пайдаланылады. Ассимиляция эндоэргиялық құбылыс.
Диссимиляция торшалардағы күрделі қосылыстар қарапайым заттарға ыдырап, энергия босайды, бұл экзоэргиялық құбылыс.

Зат алмасу кезеңдері

1. Алғашқы кезеңі болып асқорыту процесі айтылады. Сыртқы ортадан қабылданған қоректік заттардың организмде механикалық, химиялық, биологиялық өндеуден өтуінен және қорытылуынан басталады.
2. Екінші кезеңі асқорыту жолынан ыдырау өнімдері қан мен лимфаға сіңуімен екінші кезең басталады. Органикалық заттар ыдырап синтезделіп, қоректік заттар энергия көзі, құрылымдық материал ретінде пайдаланылады.
3. Үшінші кезеңі ол организмде пайда болған ыдырау өнімдерін бөліп шығару.

2.2. Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясына сипаттама

Негізгі зат алмасу процесін зерттеу үшін үш шартты сақтау керек.
Олар:
1. Салыстырмалы тыныштық
2. Қоршаған ортаның бейтарап температурасы
3. Ашқарын жағдайы.
Организмдегі зат алмасу процесінің қарқынына көптеген факторлар әсер етеді. Оған әсер етпейтін бірде- бір не сыртқы, не ішкі факторлар болмайды. Осыған байланысты зат алмасу процесі малдың жасына, жынысына, салмағына, тұқымына, азықтандыру деңгейіне, физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады.
Зат алмасуының типтік алмасуының паталогиясы деп - организмнің белгілен органындағы зат алмасу процесінің дұрыс істемеуінен сол органда пайда болған өзгерістер айтамыз.
Мысал, су алмасуының бұзылуы болғанда қандай патологиялық өзгерістер болады екен?! Соған тоқталып өтсем.
Пайда болу себебіне және даму жолдарына қарай жүректік, бүйректің, бауырлар, ашылулық, қабынулық, уыттық, неирогендік, аллергиялық, лимфогендік ж.б. ісінулер ажыратылады. Жүректік ісіну. Жүректік ісіну жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде веналық тамырларда қан іркіліп қалудан және жүректен шығатын қан көлемі азаюынан болады. Жүректен шығатын қан көлемі азаюы:
1.гипосияға, метоболизмдік ацидозға, капиллярлар кемерлердінің өткізгіштігі жоғарылауына;
2. бұйрек ишемиясына, ренин-ангитензин жүйесі арқылы әлдостеренонның артық түзілуіне, гипернатриемияға, гипоталамуста антидиурездік гормонның түзілуі көбейуне, бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңіріуі артуына әкеледі.
Осы көрсетілгенденр организмде судың ұсталып қалуына, олигоцитемиялық гиперволемияға, сулануға және ісінуге әкеледі.

2.3. Май алмасуының бұзылыстары

Майлардың сіңірілуінің бұзылуы. Ішектерде тағамдық май сіңірілуі үшін оның эмулсиялануы (лат. emulsus -- сұйықта заттың ерімеген микроскопиялық тамшылары араласқан жағдайда сақталу түрі қажет. Ұлтабарға ет түспеуі немесе оның тым аз түсуі майлардың сіңірілуіне тікелей әсер етеді. Өт жолдарының бітелуі, өт қабығының қабынуы (холецистит) және өт шығару үрдістерінің бұзылыстарымен сипатталатын бауырдың кейбір аурулары кездерінде тағамдық май эмульсияланбауынан сіңірілмейді.
Ауқаттық гиперлипемия. Майлы тамақты көп ішкеннен кейін 2 -- 3 сағаттан соң дамиды да, 4 -- 6 сағаттан соң ең жоғары деңгейге көтеріледі. 9 сағаттан кейін қандағы май мөлшері қалыпты деңгейге жетеді. Ол көк бауыр алынып тасталғанда, гепариннің өндірілуі бұзылғанда ұзақ және жоғары деңгейдегі гиперлипемия байқалады. Ac тұзы, өт қышқылдары гиперлипемияның дамуына әкеледі.
Тасымалдық гиперлипемия бауырда гликогеннің қоры азайғанда (ашығу, қантты диабет ж. б.) байқалады. Бұл кезде май қорларынан, өкпеден, сүйек кемігінен, майлардың бауырға бағытталуы көптеген гормондардың әсерлерінен болады. Ашыққан организмге глюкоза жібергенде бауырда гликогеннің қоры қалыптасып, майлардың бауырға тасымалдануы (тасымалдық гиперлипемия) азаяды.
Бөгелулік (ретенциондық) гиперлипемия -- қаннан майлардың тіндерге ауысуы бегеледі. Босаған май қышқылдары альбуминмеп байланысып (альбуминнің I молекуласы май қышқылының 6 -- 7 молекуласын байланыстырады), қаннан жасушаларға ауысады. Осыдан қанда альбуминнің жеткіліксіздігі (ашығу, бүйрек, бауыр аурулары) кездерінде майдың қанда ұсталып қалуына, гиперлипемияның дамуына әкеледі. Осындай жағдай гепариннің жеткіліксіздігі кездерінде байқалады (атеросклероз, қантты диабет ж. б.).

Морфогенезі

Инфильтрация - Қан және лимфадағы алмасу өнімдерінің жасушаға және жасуша аралығына шамадан тыс сіңуі
Декомпозиция (фанероз) - жасушаның немесе жасуша аралығының ультрақұрылымдарының ыдырауы
Бейтабиғи синтез - жасушада немесе тінде қалыпты жағдайда кездестпейтін заттардың түзілуі
Трансформация - жалпы өнімдерден басқа алмасу өнімдерінің түзілуі

Жіктелуі

1. Генетикалық факторларға байланысты дистрофиялардың түрлері: жүре пайда болған және тұқым қуалайтын;
2. Үрдістің таралуына байланысты дистрофиялардың түрлері: жалпы және жергілікті;
3. Зат алмасуының бұзылуына байланысты дистрофиялардың түрлері: белокты, майлы, көмірсулы, минералды;
4. Паренхима немесе строманың зақымдауына байланысты дистрофиялардың түрлері: паренхиматозды, стромалды-қан тамырлы, аралас

Қорытынды
Зат алмасу бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың жасушалар мен органдарға тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, жасуша құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін - метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім - метаболиттер деп аталады. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу реакциясы - анаболизм, ал бұған қарама-қарсы өтіп жататын процесті катаболизм дейді. Жасыл өсімдіктерде фотосинтез нәтижесінде түрлі көмірсулар түзіледі.Жануарлар әдетте осы көмірсулармен қоректенеді. Қарапайым қанттар қанмен жануарлар денесіне таралып, күрделі полисахарид - гликогенге айналады. Метаболизм нәтижесінде көмірсулар (пируват) органикалық қышқылға, одан әрі майға, көмірсудан пайда болған органикалық қышқылдар аммиак азотымен реакцияласу нәтижесінде амин қышқылына, май, ақуыздар метаболизм нәтижесінде ыдырап, соңында несеп зәрі, аммиак, көмірқышқыл газы, т.б. қарапайым заттарға айналады.Зат алмасудың бұзылуы көптеген ауруларға ұшыратады органдарды, организмді. Сондықтан да зат алмасу дұрыс жүруі үшін ең біріншіден дұрыс тамақтану, зиянды азықтарды қабылдамау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Орын толтыру, бейімделу процестерінің морфологиялық көрінісі

Орындаған: Смаилова Б.Т.
Топ: ВС - 203
Тексерген: Нуркенова М. К.

Семей- 2015жыл

Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Орнын толтыру және бейімделу процестер

III.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

I.Кіріспе
Организмнің ішкі ортасы мен өзін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы жайлы ақпарат
Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы
Жануарлар организмдерінің бейімделу процесі
Зат алмасудың тиіптік бұзылуының патологиясы
Жүйке жүйесінің жалпы патологиясы
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер
Клиникалық биохимия пәні
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Тыныс алу жүйесінің патологиясы
Пәндер