Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы



1.Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары;
2.Өзге тілден енген сөздер;
3.Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні;
4.Лексикография.
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы тілдің сөздік құрамы деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкөріс тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылық, мәденн тұрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым сол тілдің сөздік құрамы да бай болады деген сөз. Мәселен, 17 томдық «Қазіргі орыс әдеби тілінің сөздігіне» 120480 сөз енген екен. Бұған енбей қалған қаншама сөз бар десеңізші. Алайда сөздікке енген сөздердің бәрі осы тілде сөйлейтіндерге түп-түгел таныс болмауы мүмкін. Кейбіреуі танымал болғанымен, енді біреулері мүлдем бейтаныс болуы ғажап емес. Сол сияқты «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» (1974) бірінші томына ғана (А–Ә) 5310 сөз енген. Ал ол сөздік он том болып шықты. Кез келген қазақ осы сөздерді түгел біледі, таныс деп айту қиын. Сонда сөздік құрамындағы сөздерді, қолдану жиілігіне қарай, актив сөздер (жиі қолданылатын) және пассив сөздер (сирек қолданылатын) деп, екі салаға бөлуге болады.
Актив сөздерге осы тілде сөйлейтін адамдар тек түсініп қана қоймай, өзінің сөйлеген сөзінде жиі қолдана білетін сөздер жатады. Демек, актив сөздер осы тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ болып табылады. Бұған күнделікті өмірде өзіміз айтып, әрі естіп жүрген таныс сөздердің бәрін жатқызуға болады. Пассив сөздерге көпшілік түсінгенмен, бірақ онша жиі қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған әр ғылымның өзіне ғана тән тар көлемдегі терминдері, көнерген сөздер тарихи сөздер, кәсіби сөздер, кітаби лексикалар жатады. Актив сөздер мен пассив сөздердің шекарасы қатып қалған дүние емес, жылжымалы өзгермелі деп түсіну қажет [1].
Сөздік құрамдағы сөздер түрлі принципке негізделіп, өзара әлденеше топқа бөлінеді:
1) Әдеби лексика мен диалектілік лексика сөздің әдеби және әдеби еместігіне қарай бөлінуі;
2) Жалпы халықтық лексика мен арнаулы лексика – әдеби тілдегі сөздердің халыққа таныс және онша таныс еместігіне қарай бөлінуі;
3) Бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер – тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай бөлінісін көрсетеді. Сөздік құрамдағы сөздер тілдегі өмір сүру тарихына, тұрақтылығына қарай да бір-бірінен ажыратылады. Қазақ тілінің байырғы сөздер түбірлеріне тән мынадай белгідері бар:
1. Толық мағыналы, көп мәнді болады.
2. Бір буынды болып келеді.
1. Болғанбайұлы Ә. Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы, 1997
2. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А, 1962
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А, 2002
4. М. Белбаева «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» Алматы. 1976

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары; Өзге тілден енген сөздер; Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні; Лексикография.

Орындаған: Қыдырханов Е. А.
Тексерген: Калиева С. Е.
Тобы: Фи-403

Семей 2015 ж.
Жоспары:
1.Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары;
2.Өзге тілден енген сөздер;
3.Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні;
4.Лексикография.
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы тілдің сөздік құрамы деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкөріс тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылық, мәденн тұрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым сол тілдің сөздік құрамы да бай болады деген сөз. Мәселен, 17 томдық Қазіргі орыс әдеби тілінің сөздігіне 120480 сөз енген екен. Бұған енбей қалған қаншама сөз бар десеңізші. Алайда сөздікке енген сөздердің бәрі осы тілде сөйлейтіндерге түп-түгел таныс болмауы мүмкін. Кейбіреуі танымал болғанымен, енді біреулері мүлдем бейтаныс болуы ғажап емес. Сол сияқты Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің (1974) бірінші томына ғана (А - Ә) 5310 сөз енген. Ал ол сөздік он том болып шықты. Кез келген қазақ осы сөздерді түгел біледі, таныс деп айту қиын. Сонда сөздік құрамындағы сөздерді, қолдану жиілігіне қарай, актив сөздер (жиі қолданылатын) және пассив сөздер (сирек қолданылатын) деп, екі салаға бөлуге болады.
Актив сөздерге осы тілде сөйлейтін адамдар тек түсініп қана қоймай, өзінің сөйлеген сөзінде жиі қолдана білетін сөздер жатады. Демек, актив сөздер осы тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ болып табылады. Бұған күнделікті өмірде өзіміз айтып, әрі естіп жүрген таныс сөздердің бәрін жатқызуға болады. Пассив сөздерге көпшілік түсінгенмен, бірақ онша жиі қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған әр ғылымның өзіне ғана тән тар көлемдегі терминдері, көнерген сөздер тарихи сөздер, кәсіби сөздер, кітаби лексикалар жатады. Актив сөздер мен пассив сөздердің шекарасы қатып қалған дүние емес, жылжымалы өзгермелі деп түсіну қажет [1].
Сөздік құрамдағы сөздер түрлі принципке негізделіп, өзара әлденеше топқа бөлінеді:
1) Әдеби лексика мен диалектілік лексика сөздің әдеби және әдеби еместігіне қарай бөлінуі;
2) Жалпы халықтық лексика мен арнаулы лексика - әдеби тілдегі сөздердің халыққа таныс және онша таныс еместігіне қарай бөлінуі;
3) Бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер - тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай бөлінісін көрсетеді. Сөздік құрамдағы сөздер тілдегі өмір сүру тарихына, тұрақтылығына қарай да бір-бірінен ажыратылады. Қазақ тілінің байырғы сөздер түбірлеріне тән мынадай белгідері бар:
1. Толық мағыналы, көп мәнді болады.
2. Бір буынды болып келеді.
3. Өзге түркі тілдеріндегі байырғы түбірлерімен дыбысталуы жағынан да, мағынасы жағынан да ұқсас, тектес, мәндес келеді. Мысалы: жел, кел, от, көз, төс, жыл, құс, қал, ай, қой, кес, көш, от, сан, сең, ор, өр, қаз, аш, күз, күн, көп, ат, жас, тас, қол, мол, кет, ет, ақ, бас, бар, бер, бел, көк, т.б.
Тілімізде өте ертеден өмір сүріп келе жатқан, сонымен қатар жаңа сөздер жасауға бірден-бір ұйытқы болған, аз буынды көп мәнді жалпы халықтық сөздер негізгі сөздік қор болып есептеледі. Бұлардың сан мөлшері, көлемі сөздік құрамдағы сөздерден әлдеқайда (анағұрлым) кем болады.
Ұлы Қазан социалистік революциясынан бергі кезеңде ғана қазақ тілінің сөздік құрамында мынадай басты өзгерістер болды:
1. Қазақ тілінің лексикасы бұрынды-сонды тарихта болып көрмеген күшті қарқынмен дамып, жаңа сөздермен толығып, кемелденіп байыды. Бұлар жаңа өндірістің, жаңа ауыл шаруашылығының, жаңа системаның, жаңа мәдениеттің, жаңа моральдың, техника мен ғылымның дамуымен байланысты тасқындап енді.
2. Ескі салт - сана, әдет - ғұрыпқа қатысты, көне құрылыспен көне тұрмысқа байланысты бірқыдыру сөздер күнделікті қолданыстан шығып қалды. Сөйтіп сөздік құрамдағы пассив сөзге айналды. Мысалы: барымта, әменгер, дүре, қалың мал, болыс, малай, жалшы, шабарман, кебеже, ұлық, сәукеле, бесік құда, ұрын келу, отқа салар т.б.
3. Сөздік құрамдағы бірқыдыру сөздердің мағыналары түрлі өзгеріске ұшырады. Бұлардың өзін бірнеше топқа бөліп қарауға болады:
а) Көптеген сөздер бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан мағына қосып, көп мағыналы болып қалыптасады. Мәселен, тап деген сөз революциядан бұрын ел, ру, ата (тек) ұғымында ғана жұмсалатын еді. Қозғамбайдың табы Бәйнеке атанатын. Бір жерде 12 - 13 үй қыстайтын (Қ. Тайшықов). Соңғы 60 - 65 жыл ішінде бұл сөздің бұрынғы тар мағынасы мүлдем кеңейіп, орыстың класс деген саяси термин сөзінің қазақша баламасы болып, түпкілікті қалыптасты. Сөйтіп бұл сөз адамның туыстық қатынасын ғана емес, сонымен бірге олардың қоғамдағы байлықтан алатын орны мен үлесіне қарай топтасқан жітін де білдіретін болды. Бұл сөз тіл біліміндегі сөз табы деген жаңа терминді жасауға да негіз болды. Сонымен тап деген сөз ең қысқа мерзімнің ішінде-ақ ең актив көп мағыналы сөзге айналып кетті.
ә) Бұрынғы мағынасынан қол үзіп, басқадай мағынаға ие болған сөздер де кездеседі. Мәселен бұрын ұран деген сөз ел мен ел, ру мен ру жауласқанда, ат жарыстырып, балуан күрестіргенде ата-бабасының аруағын шақырып рухтандыруды білдірген болса, қазір қоғамдық саяси мән бар үндеу, шақыру дегенді білдіріп отыр. Сол сияқты жасақ деп бұрын әскер қол мағынасында айтылса, қазір коғамдық тәртіпті сақтайтын ерікті жастар, қызметкерлер ұйымын (жасақшы) айтатын болдық.
б) Кейбір сөздің бұрынғы заттық мағынасы ұмытылды да, оның қосымша мағынасы актив болып айтылып жүр. Мәселен, талқы деген сөздің кұрал мағынасынан гөрі, оның дискуссия ұғымы күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылады.
г) Бұрын көп мағыналы болып келген кейбір сөздері қазір мағынасын тарылтып, аз мағыналы сөзге айналған. Мәселен, бұрын ел билеген үстем тап өкілдерін жуандар, күштілер деп атаған еді. Қазір бұл сөздер ол мағыналағынан мүлдем қол үзді.
д) Енді бір сөздердің экспрессивті - эмоциялық мәні өзгерген. Яғни революциядан бұрын жағымды стильдік мән туғызса, енді жағымсыз мағынаға ауысқан немесе керісінше қалыптасқан. Мәселен, ұлық, төре, мырза, атқамінер, қасқа менен жайсаңдар деген сөздер бұрын ең қадірлі сөз болса осы кезде бұл сөздер жағымсыз мән тудырып отыр. Қазір бұл сөздердің орнын халық қалаулылары, халық сүйген кандидат, Еңбек Ері, еңбек озаты, басшылар, екпінділер деген толып жатқан жаңа сөздер басты. Сондай-ақ, нашар, бұқара, кедей, шаруа дегендердің де стильдік мәні өзгерді, жағымсыздан жағымдыға ауысты. Бір дәуірдегі жаңа сөз көнеге, көнесі жаңаға, аз мағыналы сөз көп мағыналыға актив сөз пассивке, пассив сөз активке, бейнелі сөз қарапайым сөзге, жай сөз бейнеліге ауысып отыру заңдылығы әрбір тілдің сөздік құрамына тән нәрсе. Бұлар үздіксіз дамып, үнемі толығып өзгерумен болады. Мұндай заңдылықтар әлі де бола бермек.
Түрік тілдеріне ортақ сөздер.
Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, оның даму тарихы сол тілді иеленушілердің тарихымен тығыз байланысты. Алуан түрлі халықтар бір-бірімен өзара қарым-қатынаста өмір сүреді. Түрік тілдері ежелден көршілес отырып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болған. Бұл халықтардың өмір сүрген мекен-жайы, қонысы ғана іргелес болып қоймаған, бұлардың тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрпы, мәдени өмірі көбінесе ортақ болып келеді. Сонымен қатар бұл халықтар генетикалық байланысы бар, өзара туыс, әрі тектес түркі тілдерінде сөйлейді. Қазақ тілінін төл сөзіне негізінен сонау көне заманнан бері қарай өзімен қоса жасасып, атадан балаға өшпес мұра болып, бірден-бірге үзілмей келе жатқан байырғы жасамалы сөздер жатады. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорындағы байырғы сөздері шығу төркіні жағынан қарағанда, осы тілдерге еншілес сөздер болып келеді. Бұл сөздер қазақ әуелі халық, одан ұлт болып құралып, түрік тілдерінен өз алдына жеке бөлінбей тұрып пайда болған. Сондықтан олар түрік тілдеріне ортақ сөздер, я болмаса, жалпы түрікті сөздер деп аталады. Түрік тілдерінің тектестігін дәлелдейтін ортақ сөздердің мынадай түрлері кездеседі:
1.Анатомиялық атаулар: бас, кұлақ, көз, қас, аяқ, тізе, буын, шаш, төбе, маңдай, кірпік, қол, ауыз, тіс, бел, арқа, ерін жақ, т.б.
Мал атаулары: құлын, тай, бие, қысырақ, айғыр, ат, жылқы, іңгең, түйе, бура, бота, бұқа, өгіз, сиыр, бұзау, қой, қозы, лақ, т.б.
2.Туыстық атаулар: ата, ана, іні, келін, қатын, абысын, күйеу, ұл, қыз, ер, аға, құда, жиен, нағашы, бажа, әке, шеше, жезде, балдыз, сіңлі. бөле т.б.
3.Жан-жануар, аң, жәндік атаулары: қоян, түлкі, тиын, арыстан, піл, доңыз, аю, шымшық, қаршыға, қырғи, қарақұс, бөрі, қарға, бүркіт, қаз, үйрек, ит, жылан, құрт, шыбын, бүрге, қандала, маса, тышқан т.б.
4.Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, су, өзен, көл, ағаш, тас, ай, күн, жұлдыз, үркер, құм, саз, түп, түс, жауын, бұршақ, қар, жер, тау, теңіз, жаз, күз, таң т.б.
5.Түр-түсті, сапа-сынды білдіретін атаулар: қызыл, жасыл, қара, сары, ақ, көк, қоңыр, сұр, жирен, торы, қысқа, ұзын, қалың, жұқа, биязы, ауыр, жаңа, көне, ескі, ыстық, суық, тәтті, ащы, сұйық, қою т.б.
6.Сан есімдер: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, жүз, мың, жарты т.б.
7.Есімдіктер: мен, сен, ол, біз, анау, сонау, кім, не, қайсы, қалай, қанша, неше, барша, өзі, ешкім, ештеңе, түгел т.б.
8.Қимыл атаулары: кел, кет, жүр, кір, бар, қаш, көгер, ал, бер, қой, қал, өс, өт, өл, ер, т.б.
9.Үстеулер: ерте, кеш, ілгері, жоғары, төмен, қашық, алыс, шалғай, тез, жылдам, бұрын, түнде, жазда, қыста, күзде, жай, бәсең, т.б.
10. ІІІылау сөздер: немесе, мейлі, дейін, соң, түгіл, таман, үшін, мен, да, және, тұрмақ т.б.
Орыс тілінен түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне, ертеректе еніп қалыптасқан сөздердің сіңісіп кеткені соншалық, олардың басқа тілдік сөздер екені бірден аңғарылмайды да. Мысалы: доға, қамыт, бишік, жәшік, самауыр, бәтеңке, әшмөшке, бөтелке, жәрмеңке, кір, сот, түрме, сәтен, барқыт.
Осы сияқты түркі тілдерінен де орыс тіліне бірсыпыра сөздер ауысқан. Зерттеушілер орыс тілі лексикасындағы мына сөздерді шығу төркіні жағынан түркі тілдерінің сөздері деп есептейді: арба, арбуз, аргамақ, арық, алтын, аршин, бай, баклажан, балық, барыш, башмақ, беркут, буран, барсук, басмаш, вьюк, деньги, изюм, ишак, кабан, каракуль, кинжал, кишлак, кумыс, камыш, каторга, капкан, кендирь, кочевать, курган, курдюк, лошадь, отара, сабан, сазан, саксауыл, саман, тесьма, тулуп, туман, табун, сау-сағыз, урюк, утюг, чабан, чекмень, шаровары, янычары.
Түркі тілдері мен орыс тілдерінің бір-бірімен жоғарыдағыдай сөз алысуы бұл тілдерде сөйлейтін халықтардың жүздеген жылдар бойына қоныстас, көршілес елдер болып, экономика мен мәдениет саласында қарым-қатынас жасап кетуінің нәтижесінде болды.
Қазақ тілі лексикасының құрамындағы басқа тілден ауысқан сөздер қалыптасу жөнінен түрлі дәрежеде.Қазақ лексикасының кірме сөздер арқылы баюы. Әрбір тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден де ауысып алу арқылы да өз тілін байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланыста болғандығын көреміз. Бұл жағдайында Қазақ ССР тарихында былай деп жазған. Қазақстан жеріндегі халықтардың Қытаймен, Орта Азиямен, Вольга Булгариясымен және Киев Русімен сауда байланысы өрістеген. Қазақстанның, әсіресе, батыс, солтүстік-батыс аудандарының халқы Руспен өте-мөте берік байланыс жасап тұрған. Русспен, Шығыс Европаның басқа халықтарымен арадағы осы сауда байланыстарында негізгі делдалдыққа жүргендер булгарлар, хазарлар, онан кейін печенегтер мен половецтер болған. Византияның деректері Орта Азия халықтары мен Шығыс Европа халықтарының арасында біздің заманымыздың VI ғасырынан бастап-ақ керуен саудасы болғанын айтады. Осындай айырбас пен мәдени өзара байланыстар Қазақстан тайпалары мен халықтары мәдениетінің дамуында үлкен роль атқарған.
Монғол тілдерінен енген сөздер. Қазақ халқы XII-XIV ғасырларда Монғол халықтарымен де белгілі қарым-қатынаста болғандығы тарихтан мәлім. Соның нәтижесінде монғол тілдерінен қазақ тіліне бірсыпыра сөздер ауысып келіп, сөздік құрамды молайтуға азды-көпті себі тиген, Монғол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы мәлімет
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы ақпарат
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының негізгі пәнінен дәрістер
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арнасы
Сөз және мағына
Кез келген өркениетті мемлекеттегі аса маңызды қоғамдық саланың бірі – медицина саласы
Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні
Пәндер