Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік жайлы ақпарат



Кіріспе 3
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау 4
Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі 6
Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық 8
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 11
Мен осы өздік жұмыста еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық туралы қарастыратын боламын. Қысқаша айта кетсем: еңбек қорғаудың негізгі міндеті − заң актілері жүйелерін және оларға сәйкес әлеуметтік - экономикалық, техникалық, тазалық сақтау және ұйымдастыру шараларын талдап, орындау болып табылады, мұның бәрі еңбек процесі кезінде денсаулық сақтау қауіпсіздігін және оқушының еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Еңбек қорғауға еңбек заңдылықтары, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі мәселелер кіреді. Барлық оқушылар жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін үйреніп, игеруге және қауіпсіздік техникасы ережелерін жақсы білуге міндетті. Белгілі тапсырмамен жұмысқа кірісетін әрбір оқушы қауіпсіздік техникасы, бойынша алғашқы нұсқаулар алғаннан кейін ғана іске кірісу керек.
1 Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы (Қазақстан Республикасының 1999 ж. 10 желтоқсандағы N 493-І) Заңы (2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТЫН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультеті

Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

СОӨЖ
Тақырыбы: Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік

Орындаған: Кәкімов А.Ғ
Топ: ТФ-205
Тексерген: Жуманова Г.Т

Семей2015
Мазмұны

Кіріспе 3
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау 4
Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі 6
Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық 8
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 11

Кіріспе

Мен осы өздік жұмыста еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін
жауаптылық туралы қарастыратын боламын. Қысқаша айта кетсем: еңбек
қорғаудың негізгі міндеті − заң актілері жүйелерін және оларға сәйкес
әлеуметтік - экономикалық, техникалық, тазалық сақтау және ұйымдастыру
шараларын талдап, орындау болып табылады, мұның бәрі еңбек процесі кезінде
денсаулық сақтау қауіпсіздігін және оқушының еңбек қабілеттілігін
қамтамасыз етеді. Еңбек қорғауға еңбек заңдылықтары, қауіпсіздік техникасы
және өндірістік санитария жөніндегі мәселелер кіреді. Барлық оқушылар жұмыс
істеудің қауіпсіз әдістерін үйреніп, игеруге және қауіпсіздік техникасы
ережелерін жақсы білуге міндетті. Белгілі тапсырмамен жұмысқа кірісетін
әрбір оқушы қауіпсіздік техникасы, бойынша алғашқы нұсқаулар алғаннан кейін
ғана іске кірісу керек.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

Осы заң мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы өзге де
нормативтік–құқықтық актілердің сақталуына мемлекеттік бақылауды Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес Уәкілетті органдар мен
олардың аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

Мемлекеттік еңбек инспекторы қызметінің кепілі
Мемлекеттік еңбек инспекторының өз құзыретіне сәйкес қызмет
міндеттерін орындауына, тексеру жүргізуге жібермеу, жұмыс берушінің еңбек
қауіпсіздігін және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі қызметі туралы
қажетті құжаттар мен ақпаратты беруден бас тарту түрінде кедергі жасайтын
адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғаудағы қамтамасыз ету саласындағы құқықтары.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйіне тексеру
жүргізу мақсатында кәсіпорындарға кедергісіз баруға;
2) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуға;
3) жұмыс берушілерден, ұйымдардың лауазымды адамдарынан Қазақстан
Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының
сақталу мәселелері жөнінде қажетті ақпараттар, құжаттар, сондай-ақ
түсініктемелер алуға;
4) Қазақстан Республикасының әкімшілігі құқық бұзушылық туралы
заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау туралы заңдары талаптарының бұзылуына кінәлі заңды лауазымды және
жеке тұлғаларға нұсқамалар беруге және әкімшілік жазалар қолдануға;
5) Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін Қазақстан
Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік
құқықтық актілерінің талаптарына бұзушылық анықталған жағдайда жекелеген
өндірістерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындары мен жабдықтарды
пайдалануды осы бұзушылық жойылғанға дейін тоқтата тұруға (тыйым салуға);
6) Жұмыс орындарында Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап
бермейтін арнаулы киімді, арнаулы аяқ киім мен басқа да жеке қорғану
құралдарын пайдалануға тыйым салуға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
оқытудан, нұсқамадан және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі
ережелерді, нормалар мен нұсқаулықтарды білуін, тексеруден, медициналық
куәләндырудан өтпеген, тиісті арнаулы киімді, арнаулы аяқ киімді
пайдаланбайтын және Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау туралы заңдарын бұзған адамдарды жұмыстан шектеуді талап
етуге;
8) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
туралы заңдарының бұзылу, жұмыс берушілердің мемлекеттік еңбек
инспекторларының нұсқамаларын орындамау фактілері бойынша ақпараттар, талап-
арыздары және өзге де материалдарды тиісті құқық қорғау және сот
органдарына жіберуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды
жүзеге асыруға құқығы бар.

Мемлекет еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы міндеттері

Мемлекет еңбек инспекторлары:
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
туралы заңдары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
туралы заңдарын сақтау бойынша дер кезінде және сапалы тексерулер
жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
туралы заңдарының анықталған бұзушылықтары туралы оларды жою жөнінде
шаралар қабылдау үшін жұмыс берушілерді, ұйымдардың басшыларын, лауазымды
адамдарды хабардар етуге, кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар
енгізуге;
4) Ұйымдардың Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау туралы заңының сақталу жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерін
жинауды, қорытындылауды, жүйеге келтіруді және талдауды жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау
туралы заңдары мәселелері жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын
жүргізуге;
6) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бақылауды жүзеге
асырған кезде азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл
жасауға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарының бұзылу фактілері туралы өз
құзыреті шегінде уәкілетті органды және басқа да мемлекеттік органды
хабардар етуге;
8) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының бұзылу
фактілері туралы соның ішінде жекелеген өндірістердің, цехтардың,
учаскелердің жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуы тоқтатылған кезде
материалдар әзірлеуге және оларды құқық қорғау органдарына жіберу;
9) азаматтардың, ұйымдардың, еңбекті қорғау туралы заңдардың
мәселелері жөніндегі арыздарын, өтініштері мен ұсыныстарын дер кезінде
қарауға;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында біліктілік
талаптарына сәйкес қажетті әзірлі болуға;
11) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде алған
мемлекеттік құпияларды, қарайтын мәліметтерді, қызметтік коммерциялық жария
етпеуге міндетті.

Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі

Тараптардың өздерi келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi
1. Жеке еңбек шартындағы басқа тарапқа зиян келтiрген тарап оны осы
Заңға және өзге де заң актiлерiне сәйкес сот шешiмi негiзiнде не ерiктi
түрде өтейдi.
2. Жеке еңбек шартында осы шарт тараптарының материалдық
жауапкершiлiгi нақтыланады.

Қызметкерге жарақаттанудан немесе өзге де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік жайлы
Кәсіпкерлер жауапкершілігі
Заңның мақсаттары және маңызы
ҚР Еңбек кодексі, Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Стандарттау туралы заңдар және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар
ҚР-ның «Еңбек кодексі»
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары
Жалпы экологиялық объектіге - табиғи немесе қоршаған ортаны қорғау туралы қатынастар
ҚР-ның «Еңбек кодексі» жайлы
Пәндер