Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері жайлы



1. Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері.
2. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері.
Көркем әдебиет өмірде болып жатқан тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, адам тағдырын, өмірін бейнелі түрде сипаттайтын өнер саласы.
Қоғамдық сананың айрықша саласы-өнер; өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы-бояу, әншінің құралы-үн, бишінің құралы-қимыл болса, әдебиетішінің құлаы-тіл. Демек, әдебиет-сөз өнері.
Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті-көркем әдебиет.
Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері нақты, затты болғанымен жансыз, қимылсыз, ал әдебит кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылтып, құлпыртып көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін-бас өнердің бас, «өнер атаулының ең қиыны және күрделілісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинский) десек, халқымыздың «өнер алды-қызыл тіл» деген қағидасы да соны растайды.
Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді.
Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді…Қысқасы, адамның көңіл-күйінде сан сапа құбылыстартуғызып, із қалдырады. Бұл әдеби шығарманың, яғни көркем әдебиеттің эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген.
1. А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» Кітапта: А.Байтұрсынов шығармалары. А.,1989
2. З.Ахметов «Өлең сөздң теориясы» А., 1973
3. Қ,Жұмалиев «Әдебиет теориясы» А., 1969

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласыныңШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері.

Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері.

Топ: Қ – 317 с
Орындаған:Едилова М.Н.
Тексерген:Құрмамбаева Қ.С.

Семей 2015ж

Жоспар:
1. Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері.
2. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері.

Көркем әдебиет өмірде болып жатқан тарихи оқиғаларды, құбылыстарды,
адам тағдырын, өмірін бейнелі түрде сипаттайтын өнер саласы.
          Қоғамдық сананың айрықша саласы-өнер; өнердің жалпы адамзат
мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын
қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы-бояу, әншінің құралы-үн, бишінің
құралы-қимыл болса, әдебиетішінің құлаы-тіл. Демек, әдебиет-сөз өнері.
          Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті-көркем әдебиет.
          Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері нақты, затты болғанымен жансыз,
қимылсыз, ал әдебит кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылтып,
құлпыртып көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін-бас өнердің
бас, өнер атаулының ең қиыны және күрделілісі (Бальзак), ең жоғары түрі
(Белинский) десек, халқымыздың өнер алды-қызыл тіл деген қағидасы да соны
растайды.
          Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге
көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді.
          Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел
баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады,
күлдіреді...Қысқасы, адамның көңіл-күйінде сан сапа құбылыстартуғызып, із
қалдырады. Бұл әдеби шығарманың, яғни көркем әдебиеттің эстетикалық әсері,
оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген
          Кітап және симфония, сурет немесе, мүсін не туралы деген сұрақтың
жауабы бір-ақ: адам туралы, адамның әсемдігі мен асыл қасиеттері туралы
адам рухының керемет күші мен қасиеті жайлы... Өнер дүниесінің (туындысының)
бәріне ортақ мазмұн-адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты; өнер
туындысының қай түрі болсын, әрқайсысы өз тілінде өмірдегі, қоғамдағы адам
тіршілігінің мәні мен мағынасын паш етеді.
          Адам тағдыры-жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді тунадың
өзгеше тәсілі.
          Болмыстың көркем көрінісі мен адамды нақты қимыл-әрекет үстіндегі
жанды бейнелеу-тек сөз өнерүінің ғана еншісі. Бейнелеу құралы-тіл. Тіл
арқылы сөзбен сурет жасалады, яғнио кез келген көркем шығарманың тілсіз
өрілуі мүмкін емес.
          Көркем әдебиеті тілі-әдеби тілдің ауқымында жасалғанымен, ұғымдық
аясы одан әлдеқайда кең. Бұл-оның шығармашылық қызметінен, образды
бейнелеуші, кейіпкерді мінездеуші сипатынан туындайды. Өзінің осы
ерекшелігіне орай көркем әдебиет тілі екінші және басты ерекшелікке-жалпы
халықтық тілдің барлық қабаттарын (диалектілерді, жаргондарды, кәсіби
сөздерді) керегінде қамтитын синтетикалық тұрпатқа ие болады.
          Көркем әдебиеттің тілі-тіл мәдениетінің, тілдік талғамның ғана
тарихы емес, қоғамдық өзгерістердің, әлеуметтік психологияның да тарихы.
Өйткені жалпы ұлттық тіл мәдениеті аясында жасалған әр кезең әдебиетінде
сол әдебиетті тудырған уақыт ерекшеліктері өзіне тән сөз саптау стилі
арқылы таңбаланады.
          Әдебиеттің пәні-адамның өмірі, қоғамдық қарым-қатынастар мен
алуан түрлі қоғам өміріндегі құбылыстар, өз мінез-бітімімен дараланып
көрінетін жеке адамдардың тағдыры. Әдебит қоғам өміріндегі сан қилы
шиеленіс, тартыстарды, қақтығыс пен күресті бейнелейді. Сондай-ақ саяси,
экономикалық, моральдық тағы басқа талай мәселелерді қорғайды. Алайда
оларды дербес талдап кетпей, адамның тағдырын көрсету, кейіпкердің іс-
әркетін, мінез-құлқын ашу қажеттілігіне орай, белгілі мөлшерде баяндайды.
          Жазушы кейіпкерлер өмір сүретін, әркет ететін қоғамдық ортаны,
жағдайды нақты бейнелейді, олардың іс-әркетінің, мінез-құлқының белгілі
тарихи жағдаймен байланысын айқындап береді. Әдебиет өмірді көрккем образ
арқылы бейнелейді, адамның дараланған характерін жасау, жеке оқиға,
жағдайларды суреттеу арқылы қоғамдық өмірдегі аса маңызды заңдылықтарды
ашып береді.
          Қоғамдық өмірде әдебиет қозғамайтын мәселе, назар аудармайтын
жағдайлар аз-ақ, жоқтың қасы. Алайда әдебиет алдымен адамның тұтас тұлғалы
бейнесін көрсететін болғандықтан, қоғамдық өмірдегі қай мәселеге болсын
эстетикалық қатынас тұрғысынан қарап, оны шығармадағы көрсетілетін нақтылы
өмірлік жағдайларға орай бейнелейді. Көркем шығармада өмір құбылысы, оның
әр түрлі ерекшеліктері тұтас көрсетілсе де, ненің маңызды, мәнді екені
айқын ажыратылып, дәл танылады. Уақиғалардың, адам бейнесінің әдебиетте
нақтылы сереттеледі, оқырманға өмірдің өзін көріп отырғандай әсер беріп,
шығарманың ой-сана күшті ықпал етуіне мүмкіндік береді. Әдебиетте қоғам
өмірі, тарихи даму пройесі үнемі алға қарай бастайтын тура тартылған жол
сияқты болып жатпайды, қайшылығы мол қиын жағдайлар, қақтығыстар,
адамдардың тағдыры арқылы көрінеді. Жекелеген жағдайлар, сан түрлі адамның
өмір-тағдыры арқылы жазушы қоғамдық заңдылықтардың, әлеуметтік
құбылыстардың сырын ашып береді.
          Әдебиет адамның байқағыштық, сезімталдық, көркем ой-қиялдан
ләззат ала білу секілді қабілеттерін күшейте түседі, эстетикалық сезімін
байытады. Әдебиет адамды биік қоғамдық идеялдар, зор арман-мұратарға
жетелейді. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, табандылыққа баулиды, адалдық
үшін күресуге жігерлендіреді. Оқырман әдеби шығармадан әлеуметтік
мәселелерге жауап-шешім іздейді. Ендеше, көркем әдеби шығарма өзінің үлкен
қоғамдқ, тәрбиелік маңыздылығымен де эстетикалық сезімімізге әсер етіп,
өмірдегі адамның бойындағы, мінезіндегі, әдемілікті, әсемдікті қалай түсіну
керектігін үйретеді.
          А.Байтұрсыновтың Әдебиеттанытқышы, ең алдымен, сөз өнерінің
табиғатын, өнердің басқа түрлерінен айырмашылығын, артықшылығын сөз етеді.
...Сөзбен сымбаттаудың я кескіндеудің үлгісін көрсету үшін автор Абай
өлеңдерінен мысалдар келтіреді. Әдебиет танытқышта ауыз әдебиетінің ең
шұрайлы, ең бейнелі, мазмұны мен көркемдігі бай үлгілерін пайдаланған.
Ағартушы өз айтқандай, адамның насихатшысы ретінде қазақ халқының көркем
ойлау жүйесіндегі рухани қадір-қасиеттерге, жақсылық пен жамандық
тартыстарына, ерлік пен батырлқ істерге, бірлік пен ынтымақ, сұлулық
сырларын бейнелеген үлгілерген көбірек көңіл бөлген.
...ауыз және жазба әдебиеттің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі
адамгершілік, эстетикалық, әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөледі.
Әдебиет-сөз өнері
Суреткерге тән ерекшеліктер
  Сезім. Нәзік сезімталдық
Бақылау. Жіті бақылағыштық
Қиял. Творчестволық фантазия
Интуиция. Сезімталдық
Өмірбаян. Тәжірибе молдығы
Парасат. Сананың саралығы
Шеберлік. Өнердегі шын шеберліккеапарар жол-еңбек. Шеберлік шексіз.
Шабыт. Шалқыған шабыт болмаса, шеберліктенде ештеңе шықпайды. 
Суреткерлік сипаты оның азаматтық рухынан, қоғамдық бітімінен басталады.
Демек, оның жеке өз басының дара асиеті, оның рухани жан дүниесі,
әлеуметтік кейпі мен моральдық кескіні, дүниетанымы мен қоғамдық қызметі,
білімі мен мәдениеті бір-бірімен ұштасып, бірін-бірі толықтырып, нағыз
суретекердің өзіндік болмысын танытады.
     Әрбір өнер адамының бәрінен бұрын жаны сұлу, адамгершілігі мол,
мінезге бай, білімі терең және мәдениеті биік болуы керек.
     Суреткер-өз дәуірінің перзенті, сондықтан ол-қоғғам қайраткері,
өйткені қаламгерлік-қоғамдық іс. Әдебиеттің қоғамдық мәнін сөз еткенде,
оның танымдық маңызын аттап өту мүмкін емес. Көркем шығарма адамға өмірді
танытады, таныта тұра тәрбиелейді. (М.Әуезовтің Абай жолы шығармасы
туралы камерун жазушысы Бенжамен Матиптің пікірін келтіру) көзқарасын
қалыптастырады, мінез-құлқына ықпал етеді, тұрмыс-тіршілігіне әсерін
тигізеді. (М.Өтемісұлынан, С.Мұқановтан, М.Мақатаевтан, Ә.Нұршайықовтан
мысалдар айту)
     өркем әдебиеттің құдіретті күшін, немес, оның өмір таныту,
атәрбиелеу жапйын ғана емес, күллі қоғамдық өзгертушілік қасиетін түсіну
үшін, оның эстетикалық тбиғатын тану қажет. Эстетика-жан тебірентер,
адамды баурап алар әсем әсер. Әдеби шығарма аамның күллі ой-қиялын, сыр-
сезімін түгел баурап алар әсем әсері. Әдебиеттің әлеуметтік мәнін, оның
қоғамдық-өзгертушілік күшін осы тұрғыдан түсіну шарт.
     Сөз өнері-қоғамдық сананың әрі күрделі, әрі орасан маңызды саласы.
Қоғамдық сана (идеология)-белгілі бір таптың мақсат-мүддесіне сәйкес
көзқарастар жүйесі. Демек әдебиет-қондырма, яғни қоғамның белгілі бір
дәуіріндегі экономикалық құрылысына, базиске негізделеді. Әр дәуірдің
әдеиетінде сол дәуірдің ізі сайрап жатады, онда қоғамдық құрылыстағы іс-
әрекеттерді даттау не жақтау болады; олардың дамуына ықпал жасайды, я
құлдырауына әсер етеді. Демек, әдебиет-тіл сияқты бірнеше дәуірдің
жемісі, емес, бір ғана дәуірдің жемісі. Тіл-бәріне ортақ және бейтарап.
     Әдебиет-мәдениеттің бір бөлігі, ал мәдениет-қондырма.
     Әдебиет-ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; көркем
шығарма өзегі-шындық. Жазушы өмірдегі сан-салалы шындықтан зінің
суреткерлік мақсатына керегін ғана таңдап, шығармасына арқау етеді. Ол
өмір құбылыстарын өзінің дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан
саралайды. Ал суреткердің бл қасиеттерін ол өмір сүріп отырған қоғамдық
орта белгілейді. Ол өзі қаласын-бәрі-бір, белгілі бір таптың көзі,
құлағы мен үні (Горький) болмақ. Демек-әдебиет таптық. Әдебиеттің
таптығының жоғары түрі-әдебиеттің халықтығы.

Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері.
Әдеби шығарма - материалды тасушысы тіл болып енетін, өнердің түрі.
Әдеби жанр (французша §епге—тек, түр) термин ретінде шартты, екі
мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің, тектері — эпос, лирика, драма; 2)
әдеби шығарманьщ түрлері — әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, тра-
гедия т. б.
Жанр мәселесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы. Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері.Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы туралы ақпарат
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Әуелбек Қоңыратбаев - әдебиеттанушы ғалым
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер