Экономикалық жүйенің дамуына алғышарттар мен жағдайлар



1.Экономикалық жүйенің дамуына алғышарттар мен жағдайлар.
2.Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу өлшемдері, түрлері және ұйымдастыру үлгілері
3.Пайдаланылған әдебиеттер
1.Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау,
тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.
Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда “әлеуметтік-экономикалық жүйе” және “әлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын – экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен экономикалық жүйе – мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:

• мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;
• адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т.б.);
• елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;
• өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
1)Экономика ілімдерінің тарихы- Жанагулов А.Ш.Сүйіндіков Ж.С. Қарағанды-2004.
2)Экономиялық теория- Я.Ә.Әубәкіров.Б.Б.Байжұмаев.Алматы-1999.
3)Экономикалық теория-А.Н.Доғалов,Н.С.Досмағанбетов.Алматы-2014.
4)Экономика-Темірбекова А.Б.Алматы-2008.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

Экономика теория негіздері
пәнінен

СӨЖ

Орындаған: ғылыми биология мамандығының
2 курс студенті Еркінов.М.Е.
БЛ-409
Тексерген: Қуантқан.Б.Қ.

Семей қаласы, 2015 жыл

Жоспар
1.Экономикалық жүйенің дамуына алғышарттар мен жағдайлар.
2.Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу өлшемдері, түрлері және ұйымдастыру үлгілері
3.Пайдаланылған әдебиеттер

1.Экономикалық жүйе - экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау,
тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.
Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда "әлеуметтік-экономикалық жүйе" және "әлеуметтік-экономикалық саясат" деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын - экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен экономикалық жүйе - мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:

* мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;
* адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т.б.);
* елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;
* өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
* әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйеге ықпал ететін негізгі сипаттамалары;
* табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует);
* технологиялық аяның жай-күйі;
* ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;
* қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.
Экономикалық жүйенің ең басты ерекшеліктерінің біріне оның жүргізіліп жатқан түрлендірулерге сылбыр бейімделуін және осымен байланысты дамудағы енжарлықты жатқызуға болады

Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу өлшемдері, түрлері және ұйымдастыру үлгілері

Кез-келген қоғам экономиканы ұйымдастыру және оның мәселелерін шешу үшін өз қарамағында әртүрлі құрылымдарды, тетіктерді және институттарды қолдана алады. Осындай механизмдердің бірсыпыра жиынтықтарын экономикалық жүйелер арқылы қарастыруға болады.
Экономикалық жүйелер - экономиканың өзара байланысқан элементтерінің жиынтығы. Экономикалық жүйелердің жіктелу өлшемдері бойынша әртүрлі сыныптамасы бар:
1. Ашықтылық дәрежесі бойынша:
1.1 Жабық экономикалық жүйе - бұл барлық іскерлік белсенділік операциялардың ел ішінде ғана жүргізілуі орын алатын экономиканың ұйымдастырылуы.
2.1 Ашық экономикалық жүйе - бұл экономиканың халықаралық экономикалық қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы, бұл жерде ұлттық валютамен қатар шетел валютасы қолданылады.
2. Меншік қатынастары бойынша:
1.1 Дәстүрлі экономикалық жүйе - ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрлерге негізделген қатынастар.
Дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделелі. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.
Бұл жүйенің сипатты белгілері:
- өнімді өндіру, бөлу және айырбастау салттарға, дәстүрлерге
негізделеді;
- әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық, ұдайы өндіріс қарқынының тым төмен болуы;
- техникалық прогресстің шектелуі;
- халық санының өсуінің өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынынан тұрақты түрде артып отыруы;
- сыртқы қарыздың маңызды түрде орын алуы;
- мемлекеттің және қарулы күштер құрылымының жоғары рөлі.
1.2 Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе - орталықтандырылған жоспарлауға, өндірістің барлық факторларына мемлекеттік меншіктің орын алуына негізделген қатынастар.
Әкімшілдік - әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілдік - әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етті. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық - жоспарлы реттеумен алмастырылады.
Әкімшілдік - әміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда артықшылығы мынада: ол ашқ түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық, еңбектік және ақша қорларын ірі халық шаруашылығының міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады және жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде қолданады. Айталық, екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде бұл гитлерлік Германияда байқалды.
Әкімшілдік - әміршілік экономиканың олқылықтары мынадан байқалады.
Біріншіден, барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократ - тық инстанциясы арқылы шешу қажет болды. Олардың келісімін алуға
көп уақыттың кетуі - барынша кедергі болып табылады. Мұндағы басты мақсат - жаңа өнімді шығару қажеттілігі, жаңа техника мен технологияны ендіру болмақ. Ал келісімге кеткен уақыт бұған кедергі жасайды.
Екіншіден, кәсіпорын жоспарының орындалуы туралы тұтынушы алдында емес, жғары жақтағы орталық ұйымдар алдында есеп береді. Кәсіпорын есебі бұрыстау, боямалы ақпараттан құрылады. Сондықтан да орталық ұйымдар экономика және тұтынушылардың қажеттілігі туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модернизация-жапондық феномен ретінде
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғышарттар мен жағдайлар
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғышарттар мен жағдайлары
Саяси жүйе қызметтері
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Автоматтандырылған ақпараттық оқыту жүйесінің даму кезеңдері
Басқару функциялары - берілген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мақсатты қызметтің нақты түрлері
Инновациялық секторды инвестициялау
Дүниежүзілік валюта жүйесі туралы мәлімет
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
Пәндер