Тамақ шикізаттарын түйіршіктеу жабдығын жөндеу



Нарықтық қоғамда өмір сүріп жатқан дамыған елдерде ішкі жалпы өнімнің 70-75%-ы елдегі кәсіпкерліктің 70%-ын құрайтын шағын және орта кәсіпкерлерден алынады. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы Елбасымыз тәуелсіздік алғалы ұдайы айтып келеді. Алға даму да бар. Бірақ кемшілік те көп. Бұл туралы Жолдауда Дүниежүзілік банктің “Бизнесті жүргізу” туралы соңғы есебі бойынша Қазақстанда шағын және орта бизнес ашуға 89 тәулік кететінін, ал Эстонияда бұл үшін бар болғаны 5 тәуліктің жеткілікті екенін, еліміздің 50-ден астам заңдарында кәсіпкерлер үшін көзделген түрлі тежеулер бар екенін мәлімдеді. Кәсіпкердің тіркелсе де жұмысын бастамай жатып тексерулерге ұшырайтынын, пайда түсірмей жатып “айыппұл” төлеуге мәжбүр болатынын, елімізде атқарушылардан тексерушілер көп екенін баса айтты. Шағын және орта бизнес дамымай, елімізде халық тұтынатын өнім молшылығын жасамай, шетелдік қаржыгерлердің жеңіл несиелері арқылы ақшадан ақша жасауы, экспорт шикізаттары бағасының әлемдік рынокта өсуі арқылы келген түсім инфляцияның көзі екенін түсінетін уақыт жетті. Бүгінгі таңда бізге ең керегі – тауар өндіруші нысандарды көбейту. Оның ең басты бағыттарының бірі – шағын және орта бизнесті жан-жақты дамыту. Бүгінде Қазақстанда 899 мың шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, онда 1,7 млн. адам жұмыс істейді. Соңғы жеті жылда олардың саны 1,5 есе өсті.
Дегенмен, республикадағы ішкі жалпы өнімде шағын кәсіпкерлер шығаратын өнімнің көлемі 2005 жылғы 18,6 %-дан 2006 жылы 15,7%-ға төмендеді. Шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында жұмыс істемей тоқтап қалған кәсіпорындар саны өсуде. Шағын бизнес саласындағы даму қарқынының төмендеуі осы салада Елбасы айтқандай, әртүрлі әкімшілік және тағы басқа тосқауылдар көп орын алғандығын көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандай, республикада 899 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері бар. Олар сауда-саттық, құрылыс, халыққа қызмет көрсету, өндіріс, ауыл шаруашылығы салаларында қызмет жасайды. Несие олардың бәріне бірдей өсіммен беріледі. Осы дұрыс па? Мәселен, саудамен айналысатын шағын кәсіпкер мен өндіріс циклі ұзақ, үлкен тәуекелге бел буып кірісетін шаруа қожалықтарын салыстыруға бола ма? Ал осындай шаруа қожалықтарының саны 193 мың немесе шағын кәсіпкерлердің 21,4%-ын құрайды екен. Осы мәселелерді зерттеп, несие берудің пайыздық өсімін шағын кәсіпкерліктің құрылымына, жағдайына қарай реттеп беріп отыру керек сияқты.
Жолдауда еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы өте маңызды міндеттер белгіленді. Қазіргі таңда дүние жүзінде азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты елімізде азық-түлік молшылығын жасау, тамақ өнеркәсібін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару міндеттері қойылды.
Біз – ұлан-байтақ жері бар үлкен аграрлы елміз. Өз ресурстарымызды тиімді пайдаланып, халқымызды сапалы азық-түлікпен толық қамтамасыз етіп, артық өнімдерді шетелге шығарып сатып, елімізге қыруар пайда келтіруге мүмкіндіктеріміз бар. Ол үшін ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдауды күшейтіп, әсіресе, ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеу арқылы тамақ өнеркәсібін дамытуды қолға алуымыз қажет. Бүгінгі таңда бізде өндірілетін көкөністің, жемістің 2%-ы, томаттың 3%-ы, еттің 27%-ы ғана терең өңделеді.
1.1. Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971.
1.2. Ш. Тілегенов, Күзембаев, Н. Өсеров «Тамақтану кәсіпорынының жабдықтары» Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 253 бет.
1.3. Сурков В.Д., Липатов Н.Н., Золотин Ю.П. «Технологическое оборудование молочной промышленности». М. «Легкая и пищевая промышленность», 1983. – 431с.
1.4. Ивашов В.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности» Часть 1. М. Колос 2001 – 552 с.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІК - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

"Технологиялық машиналар және жабдықтар " кафедрасы

CӨЖ

Тақырыбы: Тамақ шикізаттарын түйіршіктеу жабдығын жөндеу

Орындаған:Ықласов Д.Б
Тексерген: Джилкишева А.Г

Семей 2015 ж.

Ауыл шаруашылық шикізаттары мен сауда - саттық жағдайы.
Нарықтық қоғамда өмір сүріп жатқан дамыған елдерде ішкі жалпы өнімнің 70-75%-ы елдегі кәсіпкерліктің 70%-ын құрайтын шағын және орта кәсіпкерлерден алынады. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы Елбасымыз тәуелсіздік алғалы ұдайы айтып келеді. Алға даму да бар. Бірақ кемшілік те көп. Бұл туралы Жолдауда Дүниежүзілік банктің "Бизнесті жүргізу" туралы соңғы есебі бойынша Қазақстанда шағын және орта бизнес ашуға 89 тәулік кететінін, ал Эстонияда бұл үшін бар болғаны 5 тәуліктің жеткілікті екенін, еліміздің 50-ден астам заңдарында кәсіпкерлер үшін көзделген түрлі тежеулер бар екенін мәлімдеді. Кәсіпкердің тіркелсе де жұмысын бастамай жатып тексерулерге ұшырайтынын, пайда түсірмей жатып "айыппұл" төлеуге мәжбүр болатынын, елімізде атқарушылардан тексерушілер көп екенін баса айтты. Шағын және орта бизнес дамымай, елімізде халық тұтынатын өнім молшылығын жасамай, шетелдік қаржыгерлердің жеңіл несиелері арқылы ақшадан ақша жасауы, экспорт шикізаттары бағасының әлемдік рынокта өсуі арқылы келген түсім инфляцияның көзі екенін түсінетін уақыт жетті. Бүгінгі таңда бізге ең керегі - тауар өндіруші нысандарды көбейту. Оның ең басты бағыттарының бірі - шағын және орта бизнесті жан-жақты дамыту. Бүгінде Қазақстанда 899 мың шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, онда 1,7 млн. адам жұмыс істейді. Соңғы жеті жылда олардың саны 1,5 есе өсті.
Дегенмен, республикадағы ішкі жалпы өнімде шағын кәсіпкерлер шығаратын өнімнің көлемі 2005 жылғы 18,6 %-дан 2006 жылы 15,7%-ға төмендеді. Шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында жұмыс істемей тоқтап қалған кәсіпорындар саны өсуде. Шағын бизнес саласындағы даму қарқынының төмендеуі осы салада Елбасы айтқандай, әртүрлі әкімшілік және тағы басқа тосқауылдар көп орын алғандығын көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандай, республикада 899 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері бар. Олар сауда-саттық, құрылыс, халыққа қызмет көрсету, өндіріс, ауыл шаруашылығы салаларында қызмет жасайды. Несие олардың бәріне бірдей өсіммен беріледі. Осы дұрыс па? Мәселен, саудамен айналысатын шағын кәсіпкер мен өндіріс циклі ұзақ, үлкен тәуекелге бел буып кірісетін шаруа қожалықтарын салыстыруға бола ма? Ал осындай шаруа қожалықтарының саны 193 мың немесе шағын кәсіпкерлердің 21,4%-ын құрайды екен. Осы мәселелерді зерттеп, несие берудің пайыздық өсімін шағын кәсіпкерліктің құрылымына, жағдайына қарай реттеп беріп отыру керек сияқты.
Жолдауда еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы өте маңызды міндеттер белгіленді. Қазіргі таңда дүние жүзінде азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты елімізде азық-түлік молшылығын жасау, тамақ өнеркәсібін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару міндеттері қойылды.
Біз - ұлан-байтақ жері бар үлкен аграрлы елміз. Өз ресурстарымызды тиімді пайдаланып, халқымызды сапалы азық-түлікпен толық қамтамасыз етіп, артық өнімдерді шетелге шығарып сатып, елімізге қыруар пайда келтіруге мүмкіндіктеріміз бар. Ол үшін ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдауды күшейтіп, әсіресе, ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеу арқылы тамақ өнеркәсібін дамытуды қолға алуымыз қажет. Бүгінгі таңда бізде өндірілетін көкөністің, жемістің 2%-ы, томаттың 3%-ы, еттің 27%-ы ғана терең өңделеді.
Ауылшаруашылық саласы, тамақ өнеркәсібі халқымыздың сұранысынан, олардың сатып алу қабілетінің өсу қарқынынан артта қалуда. Мәселен, 2000 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларын тұтыну 4 еседен астам өссе де, оларды өндіру 2,5 есе ғана артқан. Осының салдарынан ауылшаруашылық тауарларының импорт көлемі ұлғаюда, азық-түлік бағасы қымбаттауда.
БСҰ-ның бізге қойып отырған талаптарына сәйкес, мемлекеттік қолдау кем дегенде ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің 5 %-ын құрауы қажет. Ол бізде әзірге 2 % төңірегінде ғана. Ел мұқтажы қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдеріне деген сұранысты (өсімдік майы, көкөніс, қант) қанағаттандыруға басымдық беріп, мәселені шаруаларды ынталандыру арқылы шешуге болады.
Жолдауда Н.Ә.Назарбаев Үкіметке ауылшаруашылық саласын барлық деңгейлерде жүйелі түрде қолдауға тапсырма берді. Бұл шараларды орындау үшін Үкімет шешілмей жатқан проблемаларды терең зерттеп, ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдауды күшейтіп, алдағы кезде азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеу жолдарын қарастыруы керек.
Ендігі кезекте әрбір қазақстандық, әрбір мекеме, мемлекеттік қызметкер Президент Жолдауына сай өз орнын табуы керек. Біздердің, Парламент депутаттарының басты міндеттерінің бірі аймақтарға барып Жолдауды халыққа терең түсіндіру десек, бұл үдеріс бүгінде қойылған талап үдесінен шығу үстінде. Бұл сөзімізге Мәжіліс және Сенат депутаттарының жақындағы елге сапарлары дәлел бола алады.
Сонымен бірге, Үкіметпен бірлесе отырып Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген заңдарды қабылдау жөнінде қыруар жұмыстарды атқаруымыз керек. Жолдауда атап көрсетілгендей, депутаттар алдында жаңа салық, бюджет кодекстерін, бәсекелестік, құқық бұзушылықтың алдын алу туралы заңдарды қабылдау, кәсіпкерлікті дамыту үшін олардың қызметін лицензиялау, әртүрлі тексерулерден қорғау сияқты заңнамалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу міндеті тұр.
Әлеуметтік саладағы заңдар топтамасын да Елбасы Жолдауына байланысты жетілдіру керек. Осыған байланысты біздер Үкіметтен заң жобаларын Парламентке сапалы, уақтылы дайындап, енгізуді өтінген болар едік.
Мемлекет басшысының Жолдауда көтерген аса маңызды саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін толық мақұлдай отырып, заң шеңберінде қолдау көрсету депутаттар үшін үлкен сын және жауапкершілік.
2 Тамақ және жеңіл өнеркәсіптер
Тамақ және жеңіл өнеркәсібі - АӨК-тің 3 кезеңіБұл өнеркәсіптегі ең жалпы халықтық және тек қалада ғана орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.
Көптеген тамақ өнеркәсіптері көлемі үлкен, қымбат құрал-жабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.
Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрама жемнің сапасын арттыруға арналған пробиотикалық препараттарды зерттеу
Өнімдер өндірісі
Күкіртті алудың шикізат температурасын жоғарлатумен термиялық сатыдағы шығымын жоғарлату жолдары
Атырау мұнай өңдеу зауыты
Аймақтық өнеркәсіптік саясат
Құрама-жем өндірудің технологиялық үрдістерін зерттеу
Облыстың көлік және коммуникациялық байланыстары
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайы
Қазақстанның экономикалық аудандары
Темір жол көлігі саласындағы қызмет
Пәндер