Интернет тораптарына қосылу технологиялары



1. Интернет желісіне қосылу
2. Интернетке қосылу технологиясының түрлері
3. 1.Сымдық қосылу
4. 2.Сымсыз байланыс
5. Сымдық байланыс технологиялары.
6. Dial.Up . телефондық модем арқылы қосылу
7. ISDN
8. Интернет желісіне жоғары жылдамдықта қатынау
Интернет желісіне қосылуға қоятын талаптар ең төмен болғанымен, қарапайым үй қолданушыларының өзінде Интернетке қалай қосылуға болады деген сұрақ туындайды. Ал басқалары модемдік қосылу, бөлінген каналдардың түрлі әдістері мен сымсыз байланыс түрлері арасынан ыңғайлысын таңдау мәселесін шешу керек. Сондықтан бұл модульде сіз интернетке қосылу әдістері және олардың ерекшеліктерімен танысатын боласыз. Мұнда осы күндері ескі болып саналатын интернетке телефондық модем арқылы қосылудан бастап, сымсыз желілердің үшінші буынына дейін қарастырылады. Технологияларды қарастырмас бұрын Интернетке қосылу түсінігіне анықтама беріп кетейік.
Интернетке қосылу – Интернетке шығуды қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар жиыны.
Интернетке қосылу технологиясының түрлері
Интернетке қосылу технологиясын 2 түрге бөлуге болады: сымдық қосылу және сымсыз қосылу.
1.Сымдық қосылу телефон желісін, коаксиалды кабель, бұрамалы жұп және талшықты-оптикалық кабельді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Енді солардың әрқайсысына жеке тоқталып кетейік.
Телефондық таратушы өткізгіш — ғимарат ішінде стационарды жасырын және абоненттік ашық телефондық немесе тармақталған хабар тарату желісіне арналған екі немесе төрт тінді кабель.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Автоматтандыру және электротехника кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Интернет тораптарына қосылу технологиялары

Орындаған:Социалов С.К
Тобы: ВТ-211
Қабылдаған: Шайханова А.К

СЕМЕЙ 2015

Интернет желісіне қосылу

Интернет желісіне қосылуға қоятын талаптар ең төмен болғанымен, қарапайым үй қолданушыларының өзінде Интернетке қалай қосылуға болады деген сұрақ туындайды. Ал басқалары модемдік қосылу, бөлінген каналдардың түрлі әдістері мен сымсыз байланыс түрлері арасынан ыңғайлысын таңдау мәселесін шешу керек. Сондықтан бұл модульде сіз интернетке қосылу әдістері және олардың ерекшеліктерімен танысатын боласыз. Мұнда осы күндері ескі болып саналатын интернетке телефондық модем арқылы қосылудан бастап, сымсыз желілердің үшінші буынына дейін қарастырылады. Технологияларды қарастырмас бұрын Интернетке қосылу түсінігіне анықтама беріп кетейік.
Интернетке қосылу - Интернетке шығуды қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар жиыны.
Интернетке қосылу технологиясының түрлері
Интернетке қосылу технологиясын 2 түрге бөлуге болады: сымдық қосылу және сымсыз қосылу.
1.Сымдық қосылу телефон желісін, коаксиалды кабель, бұрамалы жұп және талшықты-оптикалық кабельді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Енді солардың әрқайсысына жеке тоқталып кетейік.
Телефондық таратушы өткізгіш -- ғимарат ішінде стационарды жасырын және абоненттік ашық телефондық немесе тармақталған хабар тарату желісіне арналған екі немесе төрт тінді кабель. Кабельдің мысалы 1-суретте келтірілген.

78 -сурет. Телефондық таратушы өткізгіш.

Коаксиалды кабель (латын тілінен: co -- бірге және axis -- ось, яғни
өстес), сонымен қатар коаксиал деген атпен де танымал (ағылшынша coaxial), -- бір осьте орналасқан орталық өткізгіштен және экраннан тұратын электр кабелі. Әдетте жоғарғы жиіліктегі сигналдарды жіберу үшін қолданылады.

79-сурет. Коаксиалды кабель

Коаксиалды кабель құрамы 2-суретте келтірілген: 1 -- ішкі өткізгіш,
2 -- изоляция (тұтас полиэтилен), 3 -- сыртқы өткізгіш,
4 -- қабық (жарыққа тұрақтандырылған полиэтилен)
Бұрамалы жұп (ағылшынша twisted pair) -- айырылған өткізгіштердің бір немесе бірнеше өзара оралған жұбынан тұратын байланыс кабелінің түрі, сыртынан пластикалық орамамен қапталады (3-сурет).

80-сурет. Бұрамалы жұп

Оптикалық талшық -- шыны немесе пластик сияқты оптикалық мөлдір материалдан жасалған, толық шағылысуды қолдану арқылы ішінде жарық тасымалдауға арналған желі.

81-сурет. Оптикалық талшық

2.Сымсыз байланыс
Байланыстың бұл түрі нақты бір жиілік аралығындағы радиотолқындар арқылы жүзеге асырылады. Мұндағы негізгі түсінік - радиосәуле шашу.
Радиосәуле шашу (радиотолқындар, радиожиіліктер) -- толқындарының ұзындығы 5·10−5 -- 1010 метр және жиіліктері сәйкесінше 6·1012 Гц-тен бірнеше гигагерцке дейін жететін электромагниттік сәулелену. Радиотолқындар радиожелілерінде мәлімет жөнелту үшін пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер туралы
ISDN жайлы жалпы түсінік
Желілік жобалау мен басқару туралы түсінік
Қазіргі WEB технологиялар
Желілік тақта - компьютерді желіге қосатын құрылғы
Интернет желісіне қосылу үлгісі
Телекоммуникация желілері және электрлі байланыс жүйелері
Internet және интернет серверлері
Желі топологиясының түрлері
Жергілікті желі желілерін құру технологиялары
Пәндер