ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары



I. ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар
1. Қазақстан Республикасы төтенше жағдай министрі және Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі
2. Төтенше жағдайда халықты қорғау
3. Табиғи төтенше жағдайлардың болу сипаттағы себептері
4. Қауіпсіздікке байланысты пайдалынылатын заңдар
5. Құқықтық және нормативті . әдістемелік қамсыздандыру


II. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары
1. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай
2. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің құзыреттілігі
3. Қауіпсіздік түсінігі, ТЖ негізгі міндеттері
4. Төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек түрлері
5. Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар
Владимир Карпович Божко — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Ұлттық қауіпсіздік офицері, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі. Генерал-лейтенант Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беруді мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918-ші жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бомбылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттігі туындады. Сөйтіп әуе шабуылынан қорғану үшін 1920 жылдары жергілікті әуә шабуылынан қорғану жүйесі құрылды. Кеңестер Одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) – деп аталына бастады. Кеңес үкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады.

Төтенше жағдайда халықты қорғау
Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиацияға қарсы баспаналарда, турнирлерде, кен орындарында, жер асты өткелдерінде, жер асты гараждарда және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі. Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады. Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталынады. Сонымен қатар соғыс уақытына шекаралас аудандар мен санатталған қалалардан халықты көшіру тәртібі белгіленеді.
1. С. Арпабеков. Өмір – тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004 ж.
2. С. Тойжанов. Өмір қауіпсіздігінің негіздері. Алматы.-Дәнекер.-2004 ж.
3. Тәтіханова Г.С. Тіршіліктің қауіпсіздік негізі. Оқу-әдістемелік кешені- Семей 2006 ж
4. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері. В. Ситникова, М., 1997 ж
5. С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994ж.
6. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000ж.
7. Тәтіханова Г.С. Тіршіліктің қауіпсіздік негізі.- Оқу-әдістемелік кешені.– Семей. – 2006 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері пәні бойынша
СӨЖ
Тақырыбы: 1. ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар
2. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары

Тексерген: Нуржуманова Ж. М.
Орындаған: Абдуллаева А. Е.

Семей 2015 ж.

Тақырыбтық жоспар:
I. ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар
1. Қазақстан Республикасы төтенше жағдай министрі және Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі
2. Төтенше жағдайда халықты қорғау
3. Табиғи төтенше жағдайлардың болу сипаттағы себептері
4. Қауіпсіздікке байланысты пайдалынылатын заңдар
5. Құқықтық және нормативті - әдістемелік қамсыздандыру

II. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары
1. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай
2. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің құзыреттілігі
3. Қауіпсіздік түсінігі, ТЖ негізгі міндеттері
4. Төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек түрлері
5. Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар

Қазақстан Республикасы төтенше жағдай министрі және Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі
Владимир Карпович Божко -- Қазақстанның мемлекет қайраткері, Ұлттық қауіпсіздік офицері, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі. Генерал-лейтенант Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беруді мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918-ші жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бомбылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттігі туындады. Сөйтіп әуе шабуылынан қорғану үшін 1920 жылдары жергілікті әуә шабуылынан қорғану жүйесі құрылды. Кеңестер Одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) - деп аталына бастады. Кеңес үкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады.

Төтенше жағдайда халықты қорғау
Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиацияға қарсы баспаналарда, турнирлерде, кен орындарында, жер асты өткелдерінде, жер асты гараждарда және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі. Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады. Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталынады. Сонымен қатар соғыс уақытына шекаралас аудандар мен санатталған қалалардан халықты көшіру тәртібі белгіленеді.

Табиғи төтенше жағдайлардың болу сипаттағы себептері
Тибиғи сипаттағы төтенше жағдай адам тіршілігі басталғаннан бері қауіпін төндіруде. Табиғи катастрофалардың әсерінен жер шары бойынша әр 100000 адам өлуде. Табиғи катастрофалардың қысқа мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар. Ол өзінің күтпеген жерден болтандығымен қауіпті. Табиғи катастрофаның тағы да бір қауіптілігі - оның болғаннан кейінгі салдары. Табиғи катастрофа болғаннан кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық т.б. жағдайлар орын алуы мүмкін. Табиғи төтенше жағдайдың орын алуына антропогендік әсердің де ықпалын айта кеткен жөн. Барлық табиғи катастрофалардың бір бірімен байланысы бар. Атап айтқанда, жердің сілкінуі мен цунамидің , тропикалық циклондар мен су тасқындарының. Жердің сілкінуінен өрттер, газдардың атылуы платинаның жарылуы орын алып, ол оқиғалар да өздерінің күшті әсерлерін тигізіп жатады. Вулканның атқылау жайлауды ластап, жан-жануарлардың өлуіне, аштыққа соқтырып жатса, екінші жағынан атмосфералық ауаныда ластайды. Ал көшкіндер (паводок) жер асты суларын ластап, құдықтарды уландырып, инфекциялық ауруларды ұшқындырады. Осыған орай табиғи стихиялық құбылыстардың бір-бірімен байланысын қарастырып көрейік. Табиғи катастрофадан қорғану әрекеттерін жоспарлай отырып, оның зардабын азайтуға болады. Табиғи төтенше жағдайдан қорғаудың негізі болып апаттың себебі мен механизмін ғылыми түрде зерттеп, білуге болады. Табиғи апаттың орын алу процессін біле отырып оның қандай мөлшерде, қандай болатын екенін болжауғада болады. Ал уақытылы және дәл болжап, апаттан қорғаудың тиімді жолдарын қарастыруға, шығынды барынша азайтуға мүмкіншілік жасайды.

Қауіпсіздікке байланысты пайдалынылатын заңдар
Адам - мемлекеттің ең қымбат қазынасының бірі, ал оның өмірін сақтау мемлекеттік негізгі мақсаты. Оған дәлел адам мен оның өмірін қорғау еліміздің ата - заңы конститутцияда 1-ші бапта берілгендігі. Сондай-ақ, конститутцияның 31 бабы, мемлекетті адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы орта жасау және қорғауды міндеттейді. Осыларға байланысты мемлекетімізде адам өмірін қорғау мәселелері бойынша бірнеше заңдар қабылданып, ережелер бекітілген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы, "Азаматтық қорғаныс туралы","Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы","Өрт қауіпсіздігі туралы","Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы","Терроризмге қарсы қүрес туралы","Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы","Төтенше жағдай туралы","Соғыс жағдайы туралы", "ҚР қарулы күштер және қорғаныс туралы", "Мемлекеттің материалдық қоры туралы", "Еңбекті қорғау туралы" , "Халықтың санитарлық эпидемиалық саулығы туралы"және т.б. қабылдаған Заңдары мен ҚР өкіметінің 1999 жылы 27 сәуірдегі бекіткен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар туралы агенттігінің ережесі мен Биотерроризмге қарсы эпидемиалық және профилактикалық жұмыстарды күшейту туралы ҚР денсаулық министрлігі, көлік және коммуникация министрлігі мен төтенше жағдай туралы агенттіктің біріккен бұйрығы және т.б.
Менеджмент жүйесін құқықтық қамсыздандыру мемлекетте және аймақтық деңгейде қабылданған заңнамалық және нормативтік актілерге, жүйенің жұмыс істеуі мен дамуы бойынша негізделеді. Бұл актілерге: Қазақстан Республикасының заңдары, Үкімет және басқа да басқару органдарының шешімдері, мемлекеттік стандарттар жатады. Менеджментті құқықтық қамсыздандыру келесі бағыттарда жүргізіледі:
-- ел экономикасы жұмыс істеуінің құқықтық сұрақтары;
-- стандарттау, метрология, тауарлар мен қызметтерді сертификаттау, тұтынушылар құқығын қорғау, монополияға қарсы саясат, өнім сапасын басқару, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жүйелері бойынша заңдар және нормативті актілер;
-- қауіпсіздік және тауарлардың өзара алмасуы, ресурстарды жинақтау, өндірістің дамуы, ұжымның әлеуметтік дамуы, қоршаған ортаны қорғауды реттеу бойынша заңдар және нормативті актілер;
-- ұйымның құрылуы мен жұмыс істеуін құқықтық реттеу;
Инновациялық қызмет пен кәсіпкерлікті құқықтық қамсыздандыру жүйесінде негізгі орынды 1995 ж. қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы алады. Қазақстанның АК-мен кәсіпкерлік қызметтің негізін салушы жағдайлар іске асырылды.

Құқықтық және нормативті - әдістемелік қамсыздандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен 17.05.2003 ж. 2003-2015 ж.ж арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясы бекітілген. Онда: мемлекеттік инновациялық саясаттың негізгі бағыттары анықталған. Бұл стратегияны жүзеге асыру үшін инновациялық жобаларды зерттеумен, жасаумен, қаржыландырумен айналысатын арнайы институттар құрылған.
Инновациялық кәсіпкерліктің дамуына үлкен үлесін қосқан, 2006 ж. наурызында қабылданған Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңның жүзеге асырылуы алады. Осы заңмен ғылыми-техникалық субъектілер мен ғылыми-техникалық өнімді тұтынушылар арасындағы қатынастар реттеледі; негізгі мақсаты ғылыми-техникалық потенциалдың дамуы, тиімді пайдаланылуы, Қазақстан экономикасы дамуында ғылым мен техниканың қосқан үлесінің өсуі болып табылатын мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың құрылу реті мен оның іске асырылуы реттеледі.
Сонымен қатар, заңда осы саясатты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет органдарының міндеттері көрсетілген. Заңға сәйкес мемлекеттің инновациялық саясатының негізгі принципі мен экономиканың инновациялық даму жолындағы стратегиялық бейімділігі, маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қолдау, инновациялық инфрақұрылымның дамуы мен кадрларды дайындауда мемлекеттің қатысуы анықталады.
Инновациялық қызмет тиімділігін көтеруге маңызды орынды сапаны сертификаттау және қамсыздандыру облысындағы заңнама алады. (Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заң, Стандарттау туралы заң, Өнім мен қызмет сертификациясы туралы заң).
Стандарттау норма, ережелерді бекітетін қызмет ретінде келесілерді қамсыздандырғанда жүзеге асады:
-- қоршаған орта, өмір, денсаулық және мүлік үшін өнім, жұмыс, көрсетілетін қызмет қауіпсіздігі;
-- өнімнің техникалық және ақпараттық сәйкестігі мен өзара алмасуы;
-- ғылым, техника және технологияның даму деңгейіне сәйкес өнім, жұмыс көрсетілетін қызмет сапасы;
-- өлшем бірліктер;
-- барлық ресурстарды үнемдеу;
-- табиғи және техногенді апаттар мен төтенше жағдайлардың пайда болуын есепке ала отырып, шаруашылық объектісінің қауіпсіздігін сақтау;
-- мемлекеттердің қорғанысы мен мобильді дайындығы.
Сертификаттау өнімнің, қызметтің сәйкестігін дәлелдейтін қызмет ретінде келесі жағдайларда іске асырылады:
-- Қазақстанның бірегей тауар нарығында әр түрлі меншік формалардағы шаруашылық етуші субъектілердің қызметіне жағдайлар жасау:
-- өнімді таңдағандағы тұтынушылардың бірігуі;
-- арсыз өндірушіден тұтынушыны қорғау;
-- қоршаған орта, өмір, денсаулық және мүлік үшін өнім, жұмыс, қызмет қауіпсіздігін бақылау;
-- сапа және өнім көрсеткіштерін дәлелдейді.
Инновациялық қызметті құқықтық қымсыздандыру бағыттарының бірі мемлекет заңнамасымен қорғалатын қызмет нәтижелерінің авторлық және де басқа да құқықтар жиынтығы, яғни интеллектуалды меншікті қорғау.
Интеллектуалды меншіктің материалды-заттай негізін интеллектуалды өнім құрайды. Ол жасаушының творчестволық ынтасының нәтижесі ретінде түрлі формада болады:
-- ғылыми ашылымдар және жаңалықтар;
-- ғылыми-зерттеулік, конструкторлық, технологиялық және жобалық жұмыстардың нәтижесі;
-- жаңа өнім, техника, материалдың үлгілері және ерекше ғылыми-өндірістік қызметтер;
-- ғылыми, техникалық, экономикалық, басқаруышылық, маркетингтік сипаттағы ерекше кеңес беру қызметтері;
-- жаңа технологиялар, патенттер.
Интеллектуалды меншік объектілерінің әр түрлілігіне және оларды қорғау талаптарын ескере отырып, құқықтық реттеу бірқатар функционалды салаларға бөлінеді: авторлық құқық, өнеркәсіптік меншік, ғылыми меншік.
Авторлық құқық нақты интеллектуалды өнімді жасау және қолданумен байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Авторлық құқық ерекше ғылыми, әдебиет, көркем өнер және т.б. шығармалар авторына өз шығармаларын кез-келген әдістермен таратуға және сатуға арнайы құқық береді.
Авторлық құқық авторға өмір бойы беріледі және қайтыс болған жағдайда кемінде 50 жыл күшін жоғалтпайды. Авторлық құқық барлық шығармашылық нәтижелерге тарайды, интеллектуалды өнімнің арналымы мен артықшылығына тәуелді емес. Олар: техникалық суреттеулер, кітаптар мен брошюралар, эксплуатация бойынша ұсыныстар, бағдарламалық өнім, фирмалық білдірулер, т.б. жатады.
Авторлық құқыққа сәйкес түрлі формадағы интеллектуалды меншік (патенттік құқық, ноу-хау, бағдарламалық өнім және т.б.) сату-сатып алудың заты және ұйымның жарғылық капиталына салым немесе оның бір бөлігі болып табылады.
Инновациялық менеджмент жүйесін жасаудың барлық теориялық, методикалық және тәжірибелік сұрақтар, оның қызмет етуі мен дамуы мемлекетаралық (халықаралық), мемлекеттік, аймақтық және ұйымдық деңгейдегі нормативті-методикалық құжаттарда көрсетілуі тиіс. Төмен деңгейде тұрған құжаттар жоғары тұрған құжаттарға қарсы болмауы керек.
Нормативті-методикалық құжаттар мынадай түрде болуы мүмкін:
-- нормативті актілер
-- стандарттар
-- әдістемелер, нұсқаулар.
Стандарттар келесі түрде болады: халықаралық, еуропалық стандарт, ТМД елдерінің мемлекеттік стандарттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары, аймақтық, салалық, ұйымдық стандарттар.

Төтенше жағдайлар

Төтенше жағдай - белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы (ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап).
Төтенше жағдай -- адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьшдарға үшыратып, тіршілік жағдайык бүзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
Қазақстан мемлектінің орналасқан жері -- орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты қүбылыстар жиі болып жатады. Зілзала -- бүл кенеттен найда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бүзатын, материалдық қүнды-лықтарды үлкен шығынға үшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат қүбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне төн физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері
ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар
ТЖ кезінде халықты қорғау
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау
Төтенше жағдайлар және олардың алдын алу
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
Сұрапыл апаттардан тұрғындарды қорғау
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары туралы
Халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау
Пәндер