Бағаның түрлері, формалары, жүйелері



1. Бағалар жүйесі және олардың классификациясы
2. Бағалар классификациясы (баға түрлері және олардың классификациясы)
3. Баға белгілеудің сатылары бойынша бағаларды топтастыру
4. Бағаларды негізгі шарттарын есепке алып топтастыру
Экономикадағы бүкіл бағалар бір-бірімен тығыз байланысқан және бірігіп әрдайым түрлі факторлардың әсері бір жүйені құрайды.
Бағалар жүйесі – нарық қатысушыларына қызмет көрсететін және олардың экономикалық қарым-қатынастарын басқаратын, біріккен реттелген әртүрлі баға түрлерінің жиынтығы.
Бағаның бір түрінің деңгейінің, құрылымының өзгеруі басқа бағалар түрлерінің өзгерісіне әкеліп соғады. Бұл нарық механизмінің және нарық субъектілерінің элементтерінің байланысымен шартталған.
Әр блок және әр баға, жалпы баға жүйесінің бөлігі ретінде, қатал белгіленген экономикалық жүктемені әкеледі.
Қазіргі бағалар жүйесінде әр түрлі бағалар жүйесі қызмет атқарады, және олар қазіргі заманғы нарықтардың ерекшеліктері мен масштабтарына қатысты құрылады. (1 суретте көрсетілген)

Дүниежүзілік бағалар - жалпы дүниежүзілік нарық масштабында тауарлар мен қызметтер конъюктурасының көрінісін жалпы және толық беретін және халықаралық нарыққа қызмет ететін бағалар.
Халықаралық аймақтық нарықтар бағалары – дүниежүзілік бағаларды іске асырудың нақты формасы болып табылатын және тауарлардың сату-сатып алу халықаралық орталықтар жиынтығы болатын халықаралық (базалық) нарықтарға қызмет көрсететін бағалар.
Ұлттық (ішкі) бағалар - ұлттық шаруашылықтың салаларының ерекшеліктерін есепке алып құралатын және елдің ішкі нарығындағы тауарлар мен қызметтер конъюктурасынтолық көрсететін, ұлттық экономикаға қызмет көрсететін бағалар.
Халықаралық бірлескен бизнестегі бағалар - кәсіпорынның шетел инвестицияларымен жұмысы, халықаралық бірлескен бизнестің басқа да формалары масштабында тауар айналымына қызмет ететін бағалар.
Сыртқы сауда бағалары - импортталатын және экспортталатын өнімдердің айналымына қызмет ететін бағалар.
Бағаның құрылымдық элементтері және оның құрылымы
Әр бағаның өзінің белгіленген элементтері болады:
1) өнім бірлігінің өздік бағасы;
2) кәсіпорын табысы (рентабельдік нормасына);
3) жанама салықтар (акциз, қосымша құнға салық салу).
Мұнда баға түріне қатысты бұл элементтердің құрамы өзгеруі мүмкін. Проценттер немесе бірлік бөлігі ретінде көрсетілген бағаның жеке элементтерінің қатынасы баға құрылымын құрайды.
1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 108-118 б
2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 293-300 б.
3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 434-456 б
4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 308-344 б.
5. Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал. Семей.:2002.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Бағаның түрлері, формалары, жүйелері.

Орындаған: Орынгалиева М.М
Тобы: ХН-221
Тексерген: Турусбекова А.С

Семей 2015
Жоспар:
1. Бағалар жүйесі және олардың классификациясы
2. Бағалар классификациясы (баға түрлері және олардың классификациясы)
3. Баға белгілеудің сатылары бойынша бағаларды топтастыру
4. Бағаларды негізгі шарттарын есепке алып топтастыру

Бағалар жүйесі және олардың классификациясы
Баға жүйесі түсінігі
Экономикадағы бүкіл бағалар бір-бірімен тығыз байланысқан және бірігіп әрдайым түрлі факторлардың әсері бір жүйені құрайды.
Бағалар жүйесі - нарық қатысушыларына қызмет көрсететін және олардың экономикалық қарым-қатынастарын басқаратын, біріккен реттелген әртүрлі баға түрлерінің жиынтығы.
Бағаның бір түрінің деңгейінің, құрылымының өзгеруі басқа бағалар түрлерінің өзгерісіне әкеліп соғады. Бұл нарық механизмінің және нарық субъектілерінің элементтерінің байланысымен шартталған.
Әр блок және әр баға, жалпы баға жүйесінің бөлігі ретінде, қатал белгіленген экономикалық жүктемені әкеледі.
Қазіргі бағалар жүйесінде әр түрлі бағалар жүйесі қызмет атқарады, және олар қазіргі заманғы нарықтардың ерекшеліктері мен масштабтарына қатысты құрылады. (1 суретте көрсетілген)

Дүниежүзілік бағалар - жалпы дүниежүзілік нарық масштабында тауарлар мен қызметтер конъюктурасының көрінісін жалпы және толық беретін және халықаралық нарыққа қызмет ететін бағалар.
Халықаралық аймақтық нарықтар бағалары - дүниежүзілік бағаларды іске асырудың нақты формасы болып табылатын және тауарлардың сату-сатып алу халықаралық орталықтар жиынтығы болатын халықаралық (базалық) нарықтарға қызмет көрсететін бағалар.
Ұлттық (ішкі) бағалар - ұлттық шаруашылықтың салаларының ерекшеліктерін есепке алып құралатын және елдің ішкі нарығындағы тауарлар мен қызметтер конъюктурасынтолық көрсететін, ұлттық экономикаға қызмет көрсететін бағалар.
Халықаралық бірлескен бизнестегі бағалар - кәсіпорынның шетел инвестицияларымен жұмысы, халықаралық бірлескен бизнестің басқа да формалары масштабында тауар айналымына қызмет ететін бағалар.
Сыртқы сауда бағалары - импортталатын және экспортталатын өнімдердің айналымына қызмет ететін бағалар.
Бағаның құрылымдық элементтері және оның құрылымы
Әр бағаның өзінің белгіленген элементтері болады:
1) өнім бірлігінің өздік бағасы;
2) кәсіпорын табысы (рентабельдік нормасына);
3) жанама салықтар (акциз, қосымша құнға салық салу).
Мұнда баға түріне қатысты бұл элементтердің құрамы өзгеруі мүмкін. Проценттер немесе бірлік бөлігі ретінде көрсетілген бағаның жеке элементтерінің қатынасы баға құрылымын құрайды.
Баға құрамы және құрылымы 2 суретте көрсетілген.
Бірнеше көтерме делдалдар болған кезде оған қатысты сондай мөлшерде (санда) бір тектік элементтер пайда болады: көтерме делдалдың сатып алу бағасы, көтерме делдалдың сату бағасы.
Оның нәтижесінде баға құрамындағы снабженческо-сбытовой қосымшасының саны өседі, ал тауар бағасының құрылымы күрделенеді.
Кәсіпорын өндіретін өнімнің бағасын біле тұра, бағада шығындар, табыстар және жанама салықтар қандай роль ойнайтынын анықтауға болады.
Оның негізінде өздік құнның төмендеуінің резервтері анықталады, баға стратегиясы жасалып шығады, сонымен қатар кәсіпорынның қазіргі мезетіне және мақсатына байланысты баға белгілеу әдісі таңдалады.

Бағалар классификациясы (баға түрлері және олардың классификациясы)
Бағалар біріңғай баға жүйесін құрайды және оның өзінің классификациясы болады.
I ұлттық экономикаға қызмет көрсету саласы бойынша бағалардың топтастырылуы
Берілген топтың бағалары төмендегідей жіктеледі:
1) көтерме бағалар өнеркәсіптік кәсіпорындар немесе олардың делдалдары бөлшектік саудалық ұйымдар қызметтерінсіз өзінің тауарларын үлкен мөлшерлерде сататын бағалар. Өнім көтерме бағамен кәсіпорындар, салалар араларында, сауда ұйымдарына сату арқылы көтерме саладан бөлшектік салаға сатылады, бірақ ол ұсақ партиялармен сатып алатын халыққа сатылмайды. Көтерме бағалармен тауарларды жөнелту қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысады;
2) бөлшектік бағалар - тауарларды соңғы тұтынушы - халыққа сататын бағалар, өйткені бұндай тауарлар негізінде тұтынушылық өнімдер болып табылады. Бөлшектік бағаларды қолдануда көбінесе қолма-қол ақшамен есеп айырысады;
3) сатып алу бағалары (закупочные) - ауылшаруашылық өндірушілер ауылшаруашылық өнімдерін үлкен көлемде мемлекетке және кәсіпорындаға сататын бағалар. Егер мұндай өндірушілер ауылшаруашылық емес өнімді сататын болса (мысалы, артық техника), онда бұл бағалар көтерме болады. Көбіне ауылшаруашылық өнімін үлкен көлемде мемлекеттік саясаттың материялдық базасы ретінде фондтар құру үшін мемлекеттік органдар сатып алады. Сонымен қатар сатып алу бағалар деп ауылшаруашылық өнімдерін үлкен партиялармен мемлекеттік емес кәсіпорындар және ұйымдар (мысалы, ет комбинаттары) сатып алатын бағаларды атайды. Егер ауылшаруашылық өнімі халыққа сатылатын болса, онда бөлшек баға деген ұғым қолданылады. Сатып алу бағалар ұғымынан мемлекеттік сатып алу бағалары ұғымын айыра білу керек. Мемлекеттік закупка бағалары - орталықтанған мемлекеттік фондттар құру үшін мемлекеттік органдар әртүрлі өнімдерді (тек қана ауылшаруашылық өнім ғана емес) сатып алатын бағалар. Мемлекеттік сатып алу объектісі болатын өнімдер халықшаруашылық, стратегиялық және әлеуметтік маңызға ие болады (шикізаттың негізгі түрлері, жанармай, бидай, мақта және т.б.
Бағаның басқа түрлеріне қарағанда, мемлекеттік сатып алу бағалары арқылы ең алдымен жалпы ұлттық мәселелер шешіледі, сондықтан мемлекет сатушыға белгіленген жеңілдіктер береді;
4) құрылыс өнімдерінің бағалары. Құрылыс өнімдеріне қолданылатын сметалық бағалар туралы айтылады. Оның екі түрі болады: жалпы құрылыс объектісінің сметалық құны және типтік құрылыс объектісінің шекті өнімі бірлігінің орташаланған сметалық құны (мысалы, 1шаршы метр тұрғын ауданы үшін, 1 шаршы метр бояу жұмыстары және т.б.);
5) Тарифтер - ерекше түр тауарларының бағалары - қызметтер бағалары. Қызметтің ерекшелігі - оның нақты материалдық-заттық формасы болмауында. Осыған байланысты сатып алушы қызметті сатып алуы кезінде оның (қызметтің) сапасы туралы толық түсінігін алуға мүмкіндігі болмайды. Сатып алушы сатып алатын қызметі туралы ақпаратты тек оның сатушысы арқылы біледі. Қызмет көрсету кезінде өндіріс мерзімі тұтыну мерзімімен дәлме-дәл келеді, яғни мұнда делдалдың көмегі қажет емес. Бұл қызметті бағалаудың ерекшілігін шарттайды және қызметтерге арналған тарифтер ұғымын түсіндіреді, бірақ қызметтерге арналған бағалар ұғымын қолдану дұрысырақ болар.
Қызмет көрсету саласына байланысты көтерме тарифтер (ауыр жүк транспорты, байланыс және юридических лиц арналған қызметтердің басқа түрлері) және бөлшектік, яғни халыққа арналған қызметтерге тарифтер;
6) сыртқы сауда бағалары - жоғарыда айтылғандай, ұлттық тауарлар мен қызметтердің экспорты, ал шетел тауарлары мен қызметтерінің импорты іске асатын бағалар. Бұл топтың бағаларының құрылуы ұлттық бағаларды құрудан ерекшеленеді. Сыртқы сауда бағаларын есептеуде бәсекелестік материалдарды қолдану пайдалы, яғни дүниежүзілік нарықта ұқсас өнімді немесе өнімнің технико-экономикалық параметрлері бойынша жақын өнімді өндіретін және сататын фирмалардың бағалары туралы ақпарат.
Экспорттық бағалар - дүниежүзілік нарықта өндірушілер немесе сыртқы саудалық ұйымдар ұлттық тауарларын (қызметтерін) сататын бағалар. Бұл бағалар келесі түрде анықталады:
- дүниежүзілік нарықта ориентир - бағаны таңдау;
- бұл бағаны шарттасудың (келісудің) нақты шарттарына әкелу (сапасын, тасымалдауын, төлемін, сақтандыруын, сақтауын және т.б. ескере отырып);
- экспорттық пошлинасын еңгізу;
- ҚР Ұлттық банкінің курсы бойынша келісімді жасаған күнге экспорттаушы - ел валютасына ауыстыру.
Импорттық бағалар - фирмалар тауарларды (қызметтерді) шетелден сатып алатын бағалар. Импортталатын өнімдерге бағаларды кедендік импорттық баж салығына, валютаның курсы және бұл тауардың мемлекет ішінде жөнелту шығындарының негізінде белгіленеді. Импорттық бағалар құрылымында жанама салықтар маңызды орын алады.
II Мемлекет басқаруының қаталдығы деңгейі бойынша бағаларды топтастыру:
1) нарықтық бағалар (бос) - мемлекеттің тура бағалық қатысуынан бос болатын бағалар. Сонымен қатар, олар бағаның деңгейі мен құрылымына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика негіздері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Кәсіпорындардың өнім сапасы
Кәсіпорынның айналым қаржысы
Өндірісте еңбек күшімен жасалатын тауарларға сұраныс икемділігі
Еңбек нарығы туралы ақпарат
Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы табиғаты
Құн теориясы, маңызы мен мәні
Нарықтық қатынастар және бөлшек сауда нарығы туралы жалпы түсінік
Ақшаның маңызы мен қызметі
Пәндер