Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері



1. Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны
2. Көлденең, тікелей және трендтік талдау әдістері.
3. Факторлық талдау әдісі.
Пайданылған әдебиеттер
Талдау (грек тілінен алынғанда analisis)- құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген элементтерін біріктірілуін білдіретін «синтез» ұғымымен диалектикалық бірлікте болады.

Экономикалық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Макродеңгейдегі экономикалық талдау ұлттық әлемдік экономика деңгейінде экономикалық құбылыстарды зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және биліктің орындаушы органдарының шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген.
Экономикалық талдау тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады.
1. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. — М.: Финансы и статистика, 2001-416с.
2. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учеб. пособие. – М.: Инфра-М, 2001-222с.
3. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник:М.: ИНФРА-М, 2002. – 336с.
4. Дүйсембаев К.Ш. Анализ финансовый отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009, 366с.
5. Дүйсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. – Алматы: Экономика, 2000.-294с.
6. Дүйсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2005.- 128с.
7. Любушин Н.П., Лещева В.Б., Дьякова В.Г., Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: Учеб. Пособие для вузов/Под ред. проф. Н.П. Любушина. – М.: ЮНИТА-ДАНА, 2001. -471с.
8. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового анализа. – М.: Инфра – М, 2002.-208с.
9. Журавлев В.В., Савруков Н.Т. Анализ хозяйственно – финансовой деятельности предприятия. Конспект лекций. – СПб.: Политехника, 2001.-127с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

CӨЖ
Тақырыбы: Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері

Орындаған: БазарбаеваА.А
Тексерген: Искакова М.С.
Тобы: ЭН-301

Семей 2015

Жоспар

1. Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны
2. Көлденең, тікелей және трендтік талдау әдістері.
3. Факторлық талдау әдісі.
Пайданылған әдебиеттер

Талдау (грек тілінен алынғанда analisis)- құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген элементтерін біріктірілуін білдіретін синтез ұғымымен диалектикалық бірлікте болады.

Экономикалық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Макродеңгейдегі экономикалық талдау ұлттық әлемдік экономика деңгейінде экономикалық құбылыстарды зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және биліктің орындаушы органдарының шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген.
Экономикалық талдау тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады.
Экономикалық талдаудың мәні, мазмұны және тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады:
:: кәсіпорын қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін жоғарлату;
:: еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының экономикалық тиімділігін анықтау;
:: өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін іздеу және қорды көтеруді анықтау;
:: кәсіпорын қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау;
:: жоспарлар және басқару шешімдерін орындауды бақылау;
:: кәсіпорынның ағымдағы және келешектегі қаржылық жағдайын анықтау.
Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты.
Экономикалық талдау мемлекеттілілік, ғылымилық, объективтілік, жүйелілік, кешенділік, жеделділік, пәрменділік, бұқарашылдық принциптеріне негізделген.
Мемлекеттілік принципі экономикалық құбылыстарды бағалаудың мемлекеттік амалдарының негізінде жасалады. Осылайша, меншік нышанына қарамай, құрылымдық бөлімшелердің және кәсіпорындардың қызметін талдау барысында мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясатын және одан пайда болатын халық шаруашылығының сәйкес даму кезеңіндегі міндеттерді ескеру қажет.
Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметінің экономикалық талдаудың жеке әдісі материалистік диалектика және саяси үнемділікке негізделуі тиіс, яғни, экономикалық талдау ғылыми сипатта болып, экономикалық заң талаптарын жан-жақты есепке алып жүргізілуі тиіс. Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметін талдау теориясын жетілдіру, қазіргі заманғы экономикалық- математикалық әдістерді және ЭЕМ-ді кеңінен қолдану жолы арқылы жүзеге асырылады.
Объективтілік принципі экономикалық талдау барысындағы нақты экономикалық құбылыстар және үрдістерді, олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын зерттеу шынайы және объективті ақпараттар жағдайында жүргізілуі тиіс, ал зерттеу қорытындысында алынған шешімдер нақты аналитикалық есептеулерге негізделуі тиіс. Талдау объективті, нақты және дәл болуы тиіс. Пайдаланылатын ақпараттар кәсіпорынның мүліктік жағдайын және оның қызмет корытындысы дәл көрсетуі және құжат түрінде негізделуге тиіс, өйткені оның шынайылылығы экономикалық талдаудың қорытындысына әсер етеді.
Жүйелілік принципі экономикалық талдау барысында кәсіпорын қызметі оңаша тұрғыдан емес, өзара байланыс тұрғысынан қаралуы тиіс, бұл жағдайда шаруашылық үрдістері динамикалық оқылуы тиіс.
Кешенділік принципі экономикалық талдау барысында талданылатын кәсіпорынның барлық кезеңдерін, құбылыстапрын, көрсеткіштерін олардың өзара байланыстылығымен жүйелі түрде оңашаландыру қажет.
Жеделділік принципі экономикалық талдаудың тез және нақты жүзеге асырылуын, талдау қорытындысы негізінде басқару шешімдерін қабылдауды көздейді. Сонымен қатар, осы шешімдер кәсіпорын қызметі үрдісінде нақты және уақытылы жүзеге асырылуы тиіс. Талдаудың жеделділігі сапалық және сандық көрсеткіштерді жоспарланған көрсеткіштерден ауытқудың себептерін уақытылы анықтау және ескертуден, теріс факторлардың көзін жою жолдарынан тұрады. Осылайша, талдаудың уақыттылығы оны жоспарды орындауды бақылаудың жеделділігіне мүмкіншілік береді. Экономикалық талдаудан қажетті тиімділік алу үшін оның қорытындысы орындаушымен жедел түрде кәсіпорын басшылығына жеткізілуі тиіс.
Пәрменділік принципі өндірістік қызмет барысына және оның қорытындысына белсенді әсер етуге, яғни, жетіспеушіліктерді, санаудағы қателіктерді, салақтықты уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Осы принцип экономикалық талдау материалдарын кәсіпорынды басқаруға пайдалануға, нақты іс-шараларды дайындауға, жоспарлық мәліметтерді негіздеуге, түзетуге және анықтауға мүмкіндік береді.
Экономикалық талдау жүзеге асырылатын соңғы принцип - бұқарашылдық принципі. Бұл экономикалық талдау барысында озық тәжірибелерді неғұрлым анықтауға және қолда бар шараушылық ішілік қорларды пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіпорын жұмысшыларының кең шеңберін аналитикалық жұмысқа жұмылдыруды білдіреді.
Экономикалық талдау ғылым ретінде арнайы білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы талдаудың әдістері мен тәсілдері
Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау
Қаржылық талдау
Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі
Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны. Факторлық талдау әдісі
Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі
Экономика дәрістер кешені
5-Лекция. Математикалық модельдеу және талдаудың экономика-математикалық тәсілдері
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдіснамасы мен техникасын, өндірістің тиімділігін арттыру жолдарын игеру
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ. Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі
Пәндер