АҚ "Сүт" кәсіпорнында сапа менеджмент жүйесін енгізу. Зертхана меңгерушісінің қызметі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 Кәсіпорынмен танысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.1 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2 Ұжым қызметкерлерінің функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
2 Құжаттамалық процедуралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.1 Сапа аясындағы саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Басқарушының міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
2.3 Сапа менеджмент жүйесінің принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
3 Зертхана меңгерушісінің лауазымдық нұсқауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
«Қазагромаркетинг» АҚ Павлодар облыстық филиалының хабарлауынша, Павлодар облысында 25 сүтті қайта өңдеу кәсіпорны жұмыс істеуде. 2014 жылы «Сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен облыстағы 7 кәсіпорын 315,4 млн. теңге көлеміндегі субсидияға қол жеткізді. Мұның арқасында кәсіпорындар құрғат сүт өндіру көлемін 16,1%-ға, сарымай өндірісін 17,6%-ға, қатты ірімшік өндіру көлемін 14,3%-ға арттырды. 2015 жылы аталмыш бағдарлама бойынша республикалық бюджетте Павлодар облысына 353,4 млн. теңге қаражат каралған.
Облыстағы ең ірі сүт өңдеу кәсіпорны «Сүт» АҚ болып табылады. Кәсіпорынның өз шикізат базасы мен Павлодар, Ақмола облыстарындағы сүт қабылдау желісі бар. Тәулігіне кәсіпорын 200 тонна шикі сүтті өңдеп, 55 түрлі сүт және қышқыл сүт өнімдерін өндіруде. Сонымен қатар мұнде Ресейге экспорттау үшін «Президент» брендімен сүт өнімдері шығарылуда.
«SOLVIT» ЖШС «FRESHMILK» брендімен «Чечил» ірімшігін шығаруда, өндіріс қуаты жылына 60 тонна дайын өнімді құрайды, кәсіпорын өнімі республиканың барлық аймақтарына сатылуда.
Облыстағы ең ірі қатты ірімшік түрлерін өндіруші кәсіпорын «РЭГТайм» ШҚ 18 млн. теңге қаржысын жұмсап, ірімшік өндіру цехының реконструкциясын жасады. Сонымен қатар кәсіпорын 6 млн. теңгеге Германиядан құрал-жабдық сатып алып, өндіріс қуатын тәулігіне 40 тоннаға дейін арттырмақшы.
Сонымен қатар облыста қымызды өнеркәсіптік негізде өндіру көлемі артуда. Бұл салада «Сағып» ШҚ, «Алтай» ШҚ, «Ақжар-өндіріс» АФ» ЖШС жұмыс істеуде. 2015 жылы «Сағып» ШҚ-да қымызды шыны ыдысқа құю желісі орнатылды. Жыл басынан бері Мәскеуге 4 тонна өнім экспортталды.
1 Интернет желісі, www.google.kz сайты.
2 «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м Бұйрығы.
3 ИСО 9000:2000 Сапа менеджмент жүйесі. Негізгі ережелер және сөздік.
4 Интернет желісі, www.yandex.ru сайты.
5 Қажымұрат. «Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің рөлі» // Саясат – 2002.
6 Лапидус В.А. Всеобщее качество (TQM) в казахстанских компаниях, 2004 г – 256 б.
7 Канаев А.Т., Токтанаева А.А., и др. «Основы квалиметрии» Алматы: Арман – ПВ, 2007, 215-236 б.
8 Интернет желісі, @mail.ru сайты.
9 Менеджиент негіздері: Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. – Ақтөбе – Орал, «А – Полиграфия», 2005 ж – 519 б.
10 Интернет желісі, company@vostok.kz сайты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІК – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Стандарттау және биотехнология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Сапа менеджмент жүйесі пәні бойынша
(атауы)

Тақырыбы:  АҚ "Сүт" кәсіпорнында сапа менеджмент жүйесін енгізу. Зертхана
меңгерушісінің қызметі

Студент: Серікбекова Айжан
__________
(аты –жөні)
(қолы)

Тобы: СМ – 213 Шифр: 050732
Күні____________

Жетекші: Төлеубекова С.С.
________________
(аты – жөні)
(қолы)

___________________
(баға)

Комиссия мүшелері:
1. ______________________
________________
(аты – жөні)
(қолы)

2. ___________________________
___________________
(аты – жөні)
(қолы)

Семей 2015ж.
Мазмұны б
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1 Кәсіпорынмен 4
танысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .
1.1 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық 4
құрылымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.2 Ұжым қызметкерлерінің 6
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 Құжаттамалық 7
процедуралар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..
2.1 Сапа аясындағы 11
саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
2.2 Басқарушының 13
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..
2.3 Сапа менеджмент жүйесінің 15
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Зертхана меңгерушісінің лауазымдық 19
нұсқауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер 22
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .

Кіріспе

Қазагромаркетинг АҚ Павлодар облыстық филиалының хабарлауынша,
Павлодар облысында 25 сүтті қайта өңдеу кәсіпорны жұмыс істеуде. 2014 жылы
Сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта
өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау бағдарламасы
аясында республикалық бюджет есебінен облыстағы 7 кәсіпорын 315,4 млн.
теңге көлеміндегі субсидияға қол жеткізді. Мұның арқасында кәсіпорындар
құрғат сүт өндіру көлемін 16,1%-ға, сарымай өндірісін 17,6%-ға,  қатты
ірімшік өндіру көлемін 14,3%-ға арттырды. 2015 жылы аталмыш бағдарлама
бойынша республикалық бюджетте Павлодар облысына 353,4 млн. теңге қаражат
каралған.
 Облыстағы ең ірі сүт өңдеу кәсіпорны Сүт АҚ болып табылады.
Кәсіпорынның өз шикізат базасы мен Павлодар, Ақмола облыстарындағы сүт
қабылдау желісі бар. Тәулігіне кәсіпорын 200 тонна шикі сүтті өңдеп, 55
түрлі сүт және қышқыл сүт өнімдерін өндіруде. Сонымен қатар мұнде Ресейге
экспорттау үшін Президент брендімен сүт өнімдері шығарылуда.
SOLVIT ЖШС FRESHMILK брендімен Чечил ірімшігін шығаруда, өндіріс
қуаты жылына 60 тонна дайын өнімді құрайды, кәсіпорын өнімі республиканың
барлық аймақтарына сатылуда.
Облыстағы ең ірі қатты ірімшік түрлерін өндіруші кәсіпорын РЭГТайм
ШҚ 18 млн. теңге қаржысын жұмсап, ірімшік өндіру цехының реконструкциясын
жасады. Сонымен қатар кәсіпорын 6 млн. теңгеге Германиядан құрал-жабдық
сатып алып, өндіріс қуатын тәулігіне 40 тоннаға дейін арттырмақшы.
Сонымен қатар облыста қымызды өнеркәсіптік негізде өндіру көлемі
артуда. Бұл салада Сағып ШҚ, Алтай ШҚ, Ақжар-өндіріс АФ ЖШС жұмыс
істеуде. 2015 жылы Сағып ШҚ-да қымызды шыны ыдысқа құю желісі орнатылды.
Жыл басынан бері Мәскеуге 4 тонна өнім экспортталды.

1 Кәсіпорынмен танысу
1. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы

Қазагромаркетинг акционерлік қоғамының стратегиялық қызметі
агробизнес субъектілеріне қолжетімді ақпараттық-маркетингтік әрі кеңестік
көмек беру арқылы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенінің
бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға бағытталған.  
  Қазагромаркетинг АҚ еліміздің агроөнеркәсіп саласындағы ең ірі
құрылымдардың бірі: компанияның Алматы қаласы мен әрбір облыс және аудан
орталықтарында бөлімшелері бар (13 филиал және 2 өкілдік, аудан
орталықтарында 160 ауылдық ақпараттық-кеңес беру орталығы).
 Ауылдық ақпараттық-кеңес беру орталықтары жүйесі - компанияның бірден бір
артықшылығы.  Бұл орталықтардың көмегімен агробизнестің бәсекелестігін
арттыратын маркетингтік, ақпараттық жаңа технологиялар сәтті енгізілуде.  
Жыл сайын компания агроөнеркәсіп саласындағы 60 мың субъектіге тегін
ақпараттық-кеңестік қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар 2014 жылы компания АӨК субъектілеріне жеке қызмет
көрсету келісім-шарттары негізінде агробизнесті мемлекет тарапынан қолдау
және дамытуға қатысты 313 мыңға  жуық кеңестік қызмет көрсетіп,
ауылшаруашылық тауар өндірушілері компания бөлімшелеріне тікелей
хабарласқанда 38 мыңнан астам кеңестік қызметін ұсынған.    
Компанияның негізі қаланған уақыттан бастап апта сайын облыс орталықтары
мен Астана, Алматы қалалары нарығындағы азық-түлік, ауылшаруашылық шикізаты
мен жанар-жағармай бағасына мониторинг жүргізу үзілмеген. Сонымен қатар
ауылшаруашылық тауарларының өндіріс орындарынан босатылғандағы бағасы да
сарапталуда. Барлығы 160 ауылшаруашылық өнімінің нарықтық құны сараланады.
Компания бағаларды үнемі бақылап, олардың өзгерісін қалт жібермейді.   
Компания қызметінің басым бағыттарының бірі АӨК саласындағы
сараптамалық зерттеулер жүргізу. 2014 жылы ауылшаруашылық өндірістің жеке
салалары бойынша маркетингтік зерттеулер мен талдамалық шолу
жүргізілді:ауылшаруашылық техникасы нарықтары, ет және шұжық өнімдері,
майлы, дәнді, көкөніс дақылдары, қой шаруашылығының және құс еті өнімдері,
өз ісін жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін методикалық оқулық
дайындалған. Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Атырау
облыстарының аудандарына кәсіпкерлікті дамыту карталары әзірленді.
"Қазагромаркетинг" АҚ-ның облыс орталықтары мен Астана қаласындағы
өкілдіктері инвестициялық субсидиялау үшін инвесторлардан өтінімдер
қабылдауда.
Белгілі болғандай, инвестициялық субсидиялау былтырдан бері
Агробизнес-2020 бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. Инвестор
ретінде Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге
асыратын агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектісі болып табылатын жеке және
заңды тұлғалар қарастырылады.
Инвестициялық субсидиялар Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік
кешеніндегі жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын
кеңейтуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтейді. Бағдарлама шарттарына
сәйкес инвестициялық субсидиялар инвестициялық жобаны іске асыруға кеткен
шығындардың 20-дан 80%-ға дейінгі үлесінің орнын толтырады. Субсидиялау
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануға берілген жобалар бойынша іске
асырылады.
Инвестициялық субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014
жылдың 29 сәуіріндегі №421 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен
субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір
бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары негізінде жүзеге
асырылады.
Жоғарыда аталған  Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес бірінші топтың
бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін  инвесторлардың
өтінімдері 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін қаралады.
2015 жылдың 1 шілдесінен кейін екінші топтың бағыттары бойынша
инвестициялық субсидиялар берілетін  инвесторлардың өтінімдері қаралады. 
Қазагромаркетинг АҚ инвестициялық субсидиялау бағдарламасының операторы
болып табылады және инвесторлардан бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер
қабылдайды.

2. Ұжым қызметкерлерінің функциялары

2 Құжаттамалық процедуралар

Сапа менеджмент жүйесі – ол шығарылатын өнімнің сапасын басқару мен
кәсіпорынның жақсы жұмысын қамтамасыз етудің негізі. Сапа менеджмент
жүйесін жасауда ИСО 9000 сериялық стандартында келтірілген талаптар маңызды
болып табылады.
Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамалары жүйедегі жұмыстарды жаңадан
өндіруде, тексеруде, дәлелдеуде және қызметтің мәні мен сапасын одан әрі
жетілдіруге әсер етеді. Ұйым өзіне қажетті құжаттамалар көлемін өзі
анықтайды. Ол мынадай факторларға байланысты: кәсіпорынның түрі мен
көлеміне, процестің күрделігі, шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтің
күрделігіне, тұтынушылардың талаптарына, қызметкерлердің біліктілігіне және
тағы басқалар.
Құжаттама процестерді орындаудың мәні мен кезектілігін түсіндіруге
мүмкіндік береді. Оның қолданылуы төмендегілерді қамтамасыз етуге себеп
болады:
- тұтынушы талаптарына сәйкес жетістіктер мен сапаның жақсаруын;
- сәйкес кадрларды дайындау;
- қайталануы мен қолданылуын;
- объективті айқындалуын;
- сапа менеджмент жүйесінің үнемі жарамдылығы мен әсерлігін бағалау.
Сапа менеджмент жүйесінде құжаттардың келесі түрлері қолданылады:
- ішкі және сыртқы қолдануға арналған ұйымның сапа менеджмент жүйесі туралы
келісімді ақпаратты жеткізетін құжаттар; мұндай құжаттарға сапа бойынша
басшылық жатады.
- сапа менеджмент жүйесі ретінде нақты өнімге, жоба немесе келісімшартқа
қолданылатын сипаттаушы құжаттар; мұндай құжаттарға сапа жоспары кіреді.
- талаптарды орнататын құжаттар; оларға технкалық талаптарды құрайтын
талаптар жатады.
- кепілдеме немесе ұсыныстардан тұратын құжаттар; оларға әдістемелік
құжаттар жатады.
- қызметтер мен процестерді кезектілікпен орындайтын ақпараттардан тұратын
құжаттар; мұндай құжаттарға құжаттандырылған процедуралар, жұмыс
инструкциясы және сызбалар кіруі мүмкін.
- орындаған қызметтердің объективті айқындамаларды немесе қол жетілген
нәтижелерді құрайтын құжаттар;оларға жазбалар жатады.
Әр ұйым қажетті құжат көлемін және оларды тасушыларды анықтайды. Бұл
ұйымның түрі мен өлшемі, күрделігі мен процестердің өзара әрекеті, өнімнің
күрделігі, тұтынушылардың талаптары, тұлғаның біліктілігі, сонымен қатар
сапа менеджмент жүйесіне талаптардың тереңдігіне байланысты болып табылады.
Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасына кіреді:
- сапа аумағында саясат пен мақсаттартуралы құжаттамалы өңделген арыздар;
- сапа бойынша басқару;
- рәсімді құжаттандыру;
- нәтижелі жоспарлау, процестердің жүзеге асырылуы мен оларды басқаруды
қамтамасыз ететін ұйымға қажетті құжаттар.
Сапа менеджмент жүйесімен талап етілген құжаттар басқарылып отыруы
қажет. Басқарудың қажетті ортасын анықтау үшін құжатталған процедуралар
жасалуы керек, олар мыналарды қарастырады:
- құжаттарды жарияламас бұрын олардың бірегейлігін растауды (бекіту);
- құжаттардың қайта бекітілуі, қажеттілік шамасы бойынша талдау және
өзектілігін;
- құжаттарды қайта қарастыруда қоғамдық мәребесі мен өзектілік
идентификациясын қамтамасыз етуді;
- қолданыстағы құжаттардың қолану орындарында сәйкес версияларының болуын;
- құжаттардың анық және жеңіл сәйкестендірілуі болып сақталуын;
- сыртқы қалпына келтірілген құжаттар сәйкестендіруін және олардың
сілтемелермен басқарылуын;
- ескірген құжаттарды қолдануды тоқтату және кез келген мақсат үшін қалып
қойған құжаттардың сәйкес сәйкестендірілуін қолдануды қамтамасыз етуді.
Сапа менеджмент жүйесінің құжаттары мен жазбалары басқарылып отыруы
қажет. Жазбалар құжаттардың арнайы түрі болып табылады және жұмыс
жағдайында жүйенің қызмет нәтижесі және талаптарға сәйкестігі бойынша
енгізіліп және қолданылуы тиіс. Олар анық, жеңіл сәкестендірілген және
қалпына келтірілген болуы қажет сәйкестендіру, сақтау, қорғау, қалпына
келтіру, сақтау мерзімін анықтау және жазбаларды жою кезінде талап етілетін
басқару орталықтарын анықтау үшін құжатталған әдістемені жасап отыру керек
[8].
Кәсіпорын басшысы жобаны бастау шешімін қабылдап, кәсіпорын
жұмысшыларын ақпараттандыруы және келесі этаптарға сілтеме жасауы керек.
Сонымен бірге, СМЖ – ны жасау мақсаттарын қалыптастыру, жоғарғы деңгейде
СМЖ – нің процестерін белгілеу, оларды бақылау және сапасына баға беруі
керек. СМЖ мақсаттарынан соң, құжаттын аяғына сапа саласындағы саясатты
жазу керек. Бұл құжат кәсіпорынның СМЖ – нің нормативтік құжаттамаларының
ішіндегі негізгісі болып табылады.
СМЖ – нің жақсы жұмыс істеуі үшін кәсіпорын қызметшілері сапа
менеджменттің теориясын, ИСО 9000 сериялы стандарттарын, процесстер
теориясын, СМЖ – н енгізуге керекті негізгі талаптарды жақсы білулері
керек. Ол үшін кадрларды арнайы курстардан оқытады немесе өздері білімдерін
жетілдіреді.

СМЖ – ін енгізуді өте қиын және ұзақ үрдіс деуге болады (бір жарым -
екі жыл). Сондықтан да СМЖ – н енгізетін бағдарламада мыналар қамтылуы
керек:
- енгізу этаптарын сипаттау;
- әрбір этапқа жауап беретін адамдар тізімі. Әдетте оларды топ –
менеджрлерден, өз бөлімдерінің қызметін жақсы білетін жұмысшылардан алады;
- СМЖ – ін енгізу бюджеті. Оған сертификаттауға кететін шығындар,
консультанттар қызметінің ақысы, ары қарай оқытуға кететін шығындар,
менеджментті негізгі жұмысынан бөлгені үшін кететін шығындар;
- СМЖ – ін енгізуді бағалау.
Бағдарламаны жасап болған соң, СМЖ – н енгізу қолға алынады. Сапа
менеджментінің негізі болып үрдіс табылады. Ең алдымен, басшылық СМЖ – сі
үшін маңызды деп есептейтін бизнес – процесстерді сипаттау керек. Мысалы,
өндірістік кәсіпорын үшін өндіріс процессі мен өнімді сату, сервистік
қызмет көрсету мен сатып алу болып табылады.
Сипатталған бизнес – процесстерін оптилмалдандыру керек, яғни
стандарттардағы талаптарға сай болмағандарын жойып, стандарттарға сай басқа
да процесстерді жасау керек. Көбінесе, кәсіпортындарда стандарт бойынша
міндетті болып табылатын Тұтынушыларды қанағаттандыру бағасы атты үрдіс
болмайды. Сол себепті, осы процессті реализациялау және мониторингі үшін
көрсеткіштер жүйесін жасау керек.
Осы этапта сапа менеджмент жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін
нормативтік құжаттар, регламенттер мен үрдістер қалыптасады. Негізі болып,
осы кәсіпорындағы барлық құжаттар жиынтығы табылады.
Алдымен, сапа саласындағы саясат негізінде сапа бойынша басшылық
құжаты дайындалады. Ол СМЖ аумағындағы қызметті регламенттейтін негізгі
ережелерден тұрады: жауапкершілік шекарасы, сапа қызметіне талаптар, сапаны
қамтамасыз ететін үрдістер, СМЖ құжаттарының тізімі, айналымы, шағымдарды
қарау үрдісінің ретінен.
Құжаттардың келесі деңгейі құжаттандырылған үрдістер деп аталады. ИСО
9001 стандартына сәйкес, келесі алты үрдісті қарастыру керек:
- құжаттарды басқару
- мәліметтерді басқару
- СМЖ аудитін басқару
- стандартқа сай келмеген өнімдерді басқару, яғни ақаумен жұмыс және оны
жою
- сәкессіздіктерді түзейтін іс – шараларды басқару
- сәкессіздіктердің алдын алу шараларын басқару
Келесі деңгейдің құжаттары тиімді жобалауды, барлық процесстердің іске
асуын және оларда тиімді басқаруды қарастырады. Мұндай құжаттарға жұмыс
әдістемелерін, жұмысшылардың қызметтік нұсқаулықтарын, үрдістердің
технологиялық карталарын жатқызуға болады.
Құжаттар пирамидасының негізін СМЖ – мен берілген талаптар іс
жүзінде орындалып жатқанын дәлелдейтін құжаттар қалайды. Бұл істелінген
жұмыстар есебі, журналдар жазбасы, яғни жұмысшылардың күнделікті ісінің
құжаттамалары.
Нормативтік құжаттарды жасау барысында ИСО 9001 стандартының СМЖ
негізінде жұмыс жасайтын қызметшілердің құқықтарын да ескеру керек. Яғни,
бұл жұмысшылардың нормативтік құжаттарға қол жетімділігі, сонымен бірге
жұмысшылардың компетенциялары (білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі), қажет
болған жағдайда жұмысшылардың білім деңгейін көтеру, қызметшілердің
мотивация жүйесі т.б [7].

2.1 Сапа аясындағы саясат

Сапа менеджмент жүйелері ұйымдардың тұтынушыларды қанағаттандауын
жоғарлатуға септігін тигізеді.
Тұтынушыға мінездемелері олардың қажеттілігі мен күтулерін
қанағаттандыратын өнімдер қажет. Бұл қажеттіліктер мен күтулер өнімге
дайындалған техникалық шарттарда беріледі және тұтынушылар талаптары болып
есептелінеді. Талаптар тұтынушымен шара бекітіледі немесе ұйымның өзімен
анықталуы мүмкін. Қай жағдайда болмасын өнімге қолайлығын ақырғы тұтынушы
бекітеді. Тұтынушылардың қажеттіліктері мен күтулері ауысып отыратындықтан,
ал ұйымдар техникалық процестермен негізделген қысым көтерілгендіктен, олар
өздерінің өнімдерімен өздерінің әдістерін ұдайы жетілдіріп отыру керек.
Сапа менеджмент жүйесі келісім, ұйымға тұтынушылар талаптарын
талдауға, тұтынушыларға қолайлы өнімдерді алуға көмектесетін үрдістерді
анықтауға, сонымен бірге үрдістерді басқаратын жағдайда ұстап тұтынушыға
әкеп соғады. Сапа менеджмент жүйесі тұтынушының, басқа да қызығушы
талаптардың қанағаттандыруын арттыратын ықтималды көрсету. Мақсатында үнемі
жақсартуға негіз бола алады. Ол ұйымның өзіне талаптарға толық
сәйкестелетін өнімді тұтынушыларға жеткізу мүмкіндігіне сенімділік білдіру
керек.
Сапа бақылау қызметіне қойылатын талаптар:
- негізгі өндірісі үшін тағайындалған шикізаттың, материалдардың, жартылай
өнімнің, жиынтық бұйымдарының кіру бақылауы;
- өндірісі үдерісіндегі аралық бақылау;
- шығыс шикізатын өндірісте сақтау жерінен және цехтан цехқа өткізгенде
талаптардың орындалуын бақылау;
- дайын өнімді бақылау және препараттың тұрақтылығын қадағалауда бекітілген
пайдалану мерзімі ішінде жыл сайын және оның аяқталғаннан кейін бір жыл
ішінде жүргізілген сынаулардың нәтижелері жұмыс журналында белгіленеді.
Сапа бақылау қызметінде шығыс шикізатының, материалдарының, дәрілік
заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қайта сынақтау жүргізу
қажет болғанда қажетті санда үлгілері сақталуы керек.
Сапа бақылау қызметі өз әрекетінде мыналарды қолданады:
1) шығыс шикізат, қосымша, буып – түю және таңбалау материалдарын,
жартылай өнімдерді және дайын өнімдердің сұрыптау сынамасын жүргізу бойынша
нұсқаулық;
2) шығыс шикізат, қосымша, буып – түю және таңбалау материалдарын,
жартылай өнімдерді және дайын өнімдердің кіру бақылауын іске асыру бойынша
нұсқаулық;
3) шығарылатын өнімнің және талдау жүргізу әдісіне нормативті –
техникалық құжат;
4) дайын өнімнің жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гормолзавод ЖШС-не Сапа менеджмент жүйесін енгізу
«Шымкент сүт» ЖШС айран өндіру тізбегінің сапа жүйесін сараптау
КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Сүт өнімдерінің оның ішінде ірімшік өнімінің сапа элементтеріне талдау жүргізу
“ҰССО” жағдайында құрлыс материялдарының сапасын талдау
Бетонның құрылыс материалының түрлері
Шай өнімдерін сертификаттау және сапасын бағалау
Бетон өнімінің қоспаларын сынау
Өнім сапасын арттырудың экономикалық тиімділігі
Нан сапасына қойылатын жалпы талаптар
Пәндер