Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу туралы ақпарат



1. 2013.2014 ж. Қазақстан Республикасының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне сипаттама
2. Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу
3. Инфляцияның әлеуметтік.экономикалық салдары және инфляцияға қарсы саясаты
4. Инвестицияның мәні, түрлері
5. Қазақстандағы инвестициялық саясат
Қазақстан экономикасы 2013 жылы еуроаймақ елдерінің борыш проблемаларының ушығуына, АҚШ-та сақталып отырған жоғары жұмыссыздық деңгейіне және Қытай экономикасының баяулауына негізделген әлемдік экономикадағы ұлғайып келе жатқан дағдарыс құбылыстарының ықпалымен дамыды.
Қолайсыз сыртқы экономикалық конъюнктураға қарамастан, отандық экономика 5,0% өсу қарқынына қол жеткізді. Есептік деректер бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ 12 118,9 АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 6,7%-ға жоғары. 2013 жылы экономикалық өсудің негізгі факторлары тұтынушылық сұраныстың жақсаруы және қызметтер өндірісінің қарқынды өсуі болды.
Есептік деректерге сәйкес ЖІӨ-нің өсуіне үй шаруашылықтарының соңғы тұтыну шығыстары өсімінің жоғары қарқыны – 11,1% (үлесі 4,8 п.т.), мемлекеттік басқару органдары – 11,4% (үлесі 0,9 п.т.), сондай-ақ инвестициялар – 3,3% (үлесі 0,8 п.т.) болды.
Тұтынушылық белсенділіктің ұлғаюымен қатар қызметтер саласының көрсеткіштері жақсарды. Өсу саудада (14,6%), тұру және тамақтану бойынша қызметтерде (11,2%), ақпарат және байланыста (20,5%), қаржылық және сақтандыру қызметінде (11,7%), сондай-ақ әкімшілендіру және қосымша қызмет көрсету саласында (11,8%) байқалды.
Бұдан басқа, 2013 жылы тұрақты өсу 2011 жылғы өсудің қолайлы үрдісін сақтаған денсаулық сақтау, білім беру, өнер, ойын-сауық және демалыс сияқты әлеуметтік салалар аясында байқалды.Сонымен бірге, 2013 жылы дамыған елдердің ішкі теңгерімсіздігіне негізделген қолайсыз сыртқы экономикалық жағдайлар экспортқа бағдарланған салалардың даму серпінінің бәсеңдеуіне әсер етті.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі шамалы (1,5%) өсті, тау-кен өнеркәсібі тауарларын өндіру 2011 жылғы деңгеймен салыстырғанда бар болғаны 0,4%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 3,0%-ды құрады.Тау-кен және өңдеу өнеркәсібіндегі елеусіз өсу қарқыны нәтижесінде ЖІӨ өсіміне жалпы өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 0,5 %-ды құрады.
Тауарлар өндірісі өсуінің баяулауына қарамастан, өңдеу салаларының арасында сусындар өндірісінде (16,2%), былғары және оған қатысты өнімдер өндірісінде (20,8%), өзге де металл емес минералдық өнім өндірісінде (10,7%), сондай-ақ машина жасауда (16,5%) өсім байқалды. Бұдан басқа, қолайлы және тұрақты өсу қарқыны (5,0%-дан кем емес) темекі, тоқыма, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдар, киім, сондай-ақ фармацевтика өнімдері өндірісінде жалғасты.
1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» //Жетісу, 2014.
2. Қазақстанның экономикасын реформалау. — М.Б. Кенжеғозинның редакциялығымен Алматы, 1997.
3. Айсағалиева С.С. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті талдау // Экономика және статистика, 2013, №1-2.
4. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі, 2013 -№1.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Экономика және бизнес кафедрасы

СӨЖ

Орындаған: Сексенбаева Еркежан ПД-405
Тексерген: Ғабдуллина Ляззат Бағлановна

Жоспар:
1. 2013-2014 ж. Қазақстан Республикасының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне сипаттама
2. Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу
3. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары және инфляцияға қарсы саясаты
4. Инвестицияның мәні, түрлері
5. Қазақстандағы инвестициялық саясат

1. 2013-2014 ж. Қазақстан Республикасының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне сипаттама

Қазақстан экономикасы 2013 жылы еуроаймақ елдерінің борыш проблемаларының ушығуына, АҚШ-та сақталып отырған жоғары жұмыссыздық деңгейіне және Қытай экономикасының баяулауына негізделген әлемдік экономикадағы ұлғайып келе жатқан дағдарыс құбылыстарының ықпалымен дамыды.
Қолайсыз сыртқы экономикалық конъюнктураға қарамастан, отандық экономика 5,0% өсу қарқынына қол жеткізді. Есептік деректер бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ 12 118,9 АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 6,7%-ға жоғары. 2013 жылы экономикалық өсудің негізгі факторлары тұтынушылық сұраныстың жақсаруы және қызметтер өндірісінің қарқынды өсуі болды.
Есептік деректерге сәйкес ЖІӨ-нің өсуіне үй шаруашылықтарының соңғы тұтыну шығыстары өсімінің жоғары қарқыны - 11,1% (үлесі 4,8 п.т.), мемлекеттік басқару органдары - 11,4% (үлесі 0,9 п.т.), сондай-ақ инвестициялар - 3,3% (үлесі 0,8 п.т.) болды.
Тұтынушылық белсенділіктің ұлғаюымен қатар қызметтер саласының көрсеткіштері жақсарды. Өсу саудада (14,6%), тұру және тамақтану бойынша қызметтерде (11,2%), ақпарат және байланыста (20,5%), қаржылық және сақтандыру қызметінде (11,7%), сондай-ақ әкімшілендіру және қосымша қызмет көрсету саласында (11,8%) байқалды.
Бұдан басқа, 2013 жылы тұрақты өсу 2011 жылғы өсудің қолайлы үрдісін сақтаған денсаулық сақтау, білім беру, өнер, ойын-сауық және демалыс сияқты әлеуметтік салалар аясында байқалды. Сонымен бірге, 2013 жылы дамыған елдердің ішкі теңгерімсіздігіне негізделген қолайсыз сыртқы экономикалық жағдайлар экспортқа бағдарланған салалардың даму серпінінің бәсеңдеуіне әсер етті.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі шамалы (1,5%) өсті, тау-кен өнеркәсібі тауарларын өндіру 2011 жылғы деңгеймен салыстырғанда бар болғаны 0,4%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 3,0%-ды құрады. Тау-кен және өңдеу өнеркәсібіндегі елеусіз өсу қарқыны нәтижесінде ЖІӨ өсіміне жалпы өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 0,5 %-ды құрады.
Тауарлар өндірісі өсуінің баяулауына қарамастан, өңдеу салаларының арасында сусындар өндірісінде (16,2%), былғары және оған қатысты өнімдер өндірісінде (20,8%), өзге де металл емес минералдық өнім өндірісінде (10,7%), сондай-ақ машина жасауда (16,5%) өсім байқалды. Бұдан басқа, қолайлы және тұрақты өсу қарқыны (5,0%-дан кем емес) темекі, тоқыма, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдар, киім, сондай-ақ фармацевтика өнімдері өндірісінде жалғасты.
2013 жылы ЖІӨ-нің өсуіне теріс әсер еткен қолайсыз фактор табиғи-климаттық жағдайлар болды. Бүкіл Қазақстан аумағындағы ұзаққа созылған құрғақшылық өсімдік шаруашылығының 27,6% құлдырауына әкелді, бұл нәтижесінде мал шаруашылығындағы көрсеткіштерге де әсер етті: құлдырау 3,8% құрады. Жалпы ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі 17,4%-ға төмендеді.
2013 жылы сияқты экономика өсуінің негізгі факторы ағымдағы жылғы алғашқы алты айда ішкі тұтынудың өсуі болды. Тұтынушылық белсенділіктің ұлғаюына халық кірістерінің және еңбекақының үдемелі өсуі, сондай-ақ жұмыссыздықтың қолайлы деңгейі әсер етті.
2014 жылғы қаңтар-маусымда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай кіріс 323,3 мың теңгені құрады және атаулы мәнде 8,7%-ға өсті. Халықтың нақты кірістері кезең ішінде 2,1%-ға, нақты еңбекақы 0,5%-ға өссе, маусымдағы жұмыссыздық деңгейі 5,2%-ды құрады.
Тұтынушылық сұраныстың өсуі байқалады: 2014 жылы тауар айналымы нақты мәнде өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 12,4%-ға өсті. Отандық экономика дамуының серпініне оң әсер еткен өзге маңызды фактор негізгі капиталға инвестициялар болды, ол 2014 жылғы қаңтар-маусымда 7,9%-ға өсті.
Қолайлы үрдістер тұтыну нарығында байқалады, оның баға конъюнктурасы болжанған дәліз шегінде орналасқан. Сонымен, тұтыну бағаларының индексі 2013 жылғы желтоқсанға қарағанда маусымда 2,7%-ды құрады және өткен жылдың деңгейінде сақталды; жылдық мәнде инфляция 5,9%-ды құрады.
Инвестициялық және іскерлік белсенділік 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің 11,3%-ға өсуін қамтамасыз етті. Бірінші жартыжылдыққа арналған жоспардың орындалу пайызы 104,5%-ды құрады.
Экспорттың едәуір төмендеуіне және импорттың елеулі ұлғаюына қарамастан, 2014 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы шоттың оң сальдосы 1,9 млрд. АҚШ долларын құрады.
2014 жылдың бірінші жартыжылдығында экономиканың нақты секторы қалыпты қарқынмен өсті. Өнеркәсіптің өсуі 1,8%-ды құрады, тау-кен өнеркәсібі 2,2%-ға, өңдеу өнеркәсібі 1,8%-ға өсті.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі де өсудің елеусіз қарқынын көрсетуде (1,4%), бірақ маусымдылықтың және қалыптасқан қолайлы климаттық жағдайларға байланысты 2014 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының НКИ 110,5% деңгейінде бағаланады.
Ағымдағы жылы ЖІӨ нақты мәнде, бағалау бойынша, өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 6,0% деңгейінде қалыптасады. ЖІӨ өсімінің негізгі факторлары 2014 жылы ішкі сұраныс: түпкі тұтыну және жалпы жинақтау болады.
2014 жылы түпкі тұтыну шамамен 8,5%-ға, негізгі капиталдың жалпы жинақталуы 8,0%-ға өседі.
2. Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу
Қазақстан экономикасының өсуі үшін негізгі басымдықтың бірі болып саналатын экономикалық өсу маңызды орын алып даму стратегиясының негізгі жеті басымдығының ішіндегі бүгін де ертең де өз мәнін жоймайтын бағдарламалардың бірі болып саналады. Экономикалық өсу шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын, орта бизнестің барлық жерде қолдау негізінде отандық жеке меншік секторын дамыту мен бірге дамыған нарықтық экономикаға негізделінеді.
Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез қалыптасуға қабілеті бар шағын және орта кәсіпорындарында ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнім) 40-50 пайызын өндірілуі қажет.
Экономикалық өсуге қол жеткізу үшін экономикалық саясаттың келесі негізгі қағидаларын сақтау керек:
* Мемлекеттің экономикаға араласуының шектеулі болуы. Мемлекеттің міндетті шағын және орта бизнесті белсенді қолдай отырып,нарықтық ережелерді құру оларды сақтауды қамтамасыз ету.
* Инфляцияны, бюджет тапшылығын төмендету жолымен, Ұлттық валюта жағдайын және қорланудың жоғарғы нормасы негізінде макроэкономиканы тұрақтандыру.
* Бағаны нарықтандыру, бұл Қазақстанда қазіргі күнде аяқталған процестер қатарына жатқызылады.
* Жеке меншік институттарын жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайту.
* Кәсіпорынды жекешелендіру. Бұл процесте қазіргі күнде негізінен аяқталған болып есептеледі.
* Ашық экономика және еркін сауда құру. Бұл жағдайда, біздің ұлттық қарызымызды қамтамасыз ету жас әрі әлсіз екендігін ескеруіміз қажет, сондықтан оны қорғау және нығайту мемлекеттің негізгі әрі басты міндеттерінің бірі болып табылады.
* Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеруді жалғастыру. Оның мақсаты -- экспорттан экономиканың өрлеуімен қатар елдің саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдесдесетін жоғары деңгейде табыс алу.
* Шетел инвестицияларын тиісінше қорғау. Қазақстанға тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін нақты іс-қимыл мен тиімді шаралар қажет.
* Дүниежүзілік тәжірбиеден туындап отырған Қазақстан үшін технологиялық стратегияны қалыптастыру. Бұл қағида еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология мен ғылымды қажет ететін өндірістерге бет бұруды көздейді.
3. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары және инфляцияға қарсы саясаты
2014 - 2018 жылдары инфляциялық аяның ағымдағы деңгейде 6,0-8,0% дәлізінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық саладағы маркетингтік қызметтің қалыптасуы мен бүгінгі даму деңгейі
Демографиялық саясатты доктриналық қолдау
Ұсақ бизнес
Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің Туризм департаменті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ САЯСАТЫ
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Инфляцияның әлеуметтің экономикалық зардаптары
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы
Туристік саланың инвестициялық - инновациялық қызметін дамыту
Пәндер