Қазақстан биоресурстары: өсімдіктер әлемі жайлы



1.Кіріспе. Қазақстан биоресурстары пәні және маңызы
2.Қазақстан биоресурстары туралы түсінік
3.Ормандарды пайдалану.
4.Жануарлар дүниесі
5. Қолданылатын әдебиеттер тізімі
«Қазақстан биоресурстары» пәні «Биология» мамандығы бойынша бакалаврлар дайындауда биологиялық пәндер ішіндегі негізгі пәндердің бірі.Тіршілік жасау үшін адамдар биоресурстарды үнемді пайдалануы керек.Соған байланысты соңғы жылдары өсімдіктер және жануарлар ресурстарын зерттеу жұмысының маңызы арта түсуде.
Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері:
Студенттерді Қазақстан өсімдіктері және жануарлары ресурстарының алуан түрлілігімен, пайдалы өсімдіктер және жануарлардың жеке топтарын және түрлерін зерттеу тарихының кезеңдерімен, сонымен қатар шикізат алу тәсілдерімен және оларды қолдану жолдарымен таныстыру
Студенттердің білуі қажет:
• Пәнді игеру барысында ресми белгілі биоресурстарды және олардан алынған өнімдерді практика жүзінде пайдалануды;

Өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын тиімді пайдалануды және қорғауды;
Шаруашылықта пайдалы өсімдіктердің және жануарлардың алуан түрлілігін, олардың экологиясын,таралуын, ресурстарын зерттеу тәсілдерін, Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының мүмкіншіліктерін;

Биоресурстардың: 1) негізгі түрлерінің систематикадағы орнын; 2) жеке түрлерді есепке алу тәсілдерін; 3) негізгі ресурстық түрлердің биомассасын анықтау тәсілдерін:
Студенттер нені меңгеру қажет:

• негізгі ресурстық түрлерді есепке алып тіркеудің әртүрлі тәсілдерін пайдалану;
• негізгі ресурстық түрлерді табиғаттан алу мөлшерін анықтау;
• ресурстарды қорғау және қалпына келтіру шараларын сауатты дайындау;
Студент «Қазақсатн Биоресурстары» пәнінен және басқада пәндерден біліп үйренген тәсілдерін ғылыми жұмыс жүргізгенде дұрыс пайдалана білуді практикалық әдетте дағдыға айналдыру керек. «Қазақстан Биоресурстары» пәні «Структуралық ботаникасымен», «Систематикасымен», «Зоологиямен», «Экологиямен», «Өсімдіктер биохимиясымен» және басқада биологиялық пәндермен тығыз байланысты.
Аралас пәндер тізімі: флористика, зоогеография, геоботаника, география, интродукция және т.б.
Алған білімді орнықтырып баянды ету үшін ұсынылады: Қазақстан табиғи байлықтарын (жануарлар әлемі,өсімдіктер әлемі және т.б.) туралы видеофильмдерді пайдалану. Оқу бағдарламасына сәйкес диапозитивтер (слайдтар) көрсету. Оқу бағдарламасына сәйкес мезгіл-мезгіл бақылау жұмыстарын, коллоквиумдар,тест жұмыстарын жүргізу.
а) негізгі:
2. 1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.
3. 2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.
4. 3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.
5. 4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.
6. 5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.
7. 6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.
8. 7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.
9. 8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша
10. 9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Қазақстан биоресурстары: өсімдіктер әлемі

Орындаған: Айдосова Л.А.
Тексерген: Жылкыбаева С.Д.

Семей 2015
1.Кіріспе. Қазақстан биоресурстары пәні және маңызы
Қазақстан биоресурстары пәні Биология мамандығы бойынша бакалаврлар дайындауда биологиялық пәндер ішіндегі негізгі пәндердің бірі.Тіршілік жасау үшін адамдар биоресурстарды үнемді пайдалануы керек.Соған байланысты соңғы жылдары өсімдіктер және жануарлар ресурстарын зерттеу жұмысының маңызы арта түсуде.
Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері:
Студенттерді Қазақстан өсімдіктері және жануарлары ресурстарының алуан түрлілігімен, пайдалы өсімдіктер және жануарлардың жеке топтарын және түрлерін зерттеу тарихының кезеңдерімен, сонымен қатар шикізат алу тәсілдерімен және оларды қолдану жолдарымен таныстыру
Студенттердің білуі қажет:
* Пәнді игеру барысында ресми белгілі биоресурстарды және олардан алынған өнімдерді практика жүзінде пайдалануды;

Өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын тиімді пайдалануды және қорғауды;
Шаруашылықта пайдалы өсімдіктердің және жануарлардың алуан түрлілігін, олардың экологиясын,таралуын, ресурстарын зерттеу тәсілдерін, Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының мүмкіншіліктерін;

Биоресурстардың: 1) негізгі түрлерінің систематикадағы орнын; 2) жеке түрлерді есепке алу тәсілдерін; 3) негізгі ресурстық түрлердің биомассасын анықтау тәсілдерін:
Студенттер нені меңгеру қажет:

* негізгі ресурстық түрлерді есепке алып тіркеудің әртүрлі тәсілдерін пайдалану;
* негізгі ресурстық түрлерді табиғаттан алу мөлшерін анықтау;
* ресурстарды қорғау және қалпына келтіру шараларын сауатты дайындау;
Студент Қазақсатн Биоресурстары пәнінен және басқада пәндерден біліп үйренген тәсілдерін ғылыми жұмыс жүргізгенде дұрыс пайдалана білуді практикалық әдетте дағдыға айналдыру керек. Қазақстан Биоресурстары пәні Структуралық ботаникасымен, Систематикасымен, Зоологиямен, Экологиямен, Өсімдіктер биохимиясымен және басқада биологиялық пәндермен тығыз байланысты.
Аралас пәндер тізімі: флористика, зоогеография, геоботаника, география, интродукция және т.б.
Алған білімді орнықтырып баянды ету үшін ұсынылады: Қазақстан табиғи байлықтарын (жануарлар әлемі,өсімдіктер әлемі және т.б.) туралы видеофильмдерді пайдалану. Оқу бағдарламасына сәйкес диапозитивтер (слайдтар) көрсету. Оқу бағдарламасына сәйкес мезгіл-мезгіл бақылау жұмыстарын, коллоквиумдар,тест жұмыстарын жүргізу.

2.Қазақстан биоресурстары туралы түсінік
Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі.Республикамыздың флорасы бай және сан алуан. Елімізде өсімдіктердің 400 -- ден аса, ал дәрілік өсімдіктердің 250 -- ден аса түрі кездеседі. Мұнда омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың 500 - ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12 , балықтың - 104, дөңгелек ауыздылар немесе балық тәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез - келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, қараторғай, бұлбұл, улы сұр жылан, бақа, алабұға , шортан және тағы басқалар кездеседі.Қазіргі уақытта сүт қоректілердің 130 түрі мен құстардың 450 түрінен ( оның 350 түрі ұялайды ) тұрады. Қазақстан палеарктикалық - зоогеографиялық облысқа кіреді. Қазақстанның жануарлар дүниесі барлық палеарктикалық аймақ сияқты пайда болуы мен қалыптасуы жағынан жас. Оның қалыптасуына жануарлардың дамуының жаңа тарихы мен орналасуы, сондай - ақ физикалық - географиялық жағдайлар үлкен рөл атқарған. Жануарлар дүниесінің үштік және төоттік дәірдегі даму тарихы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас.Республикада ормандар тек 3,8% алып жатыр. Сонымен қатар орманның жартысы -- сексеуілдер , бұларсыз ормандар 1,7% құрайды. Орманды жерлердің 10%- ы Шығыс Қазақстанда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында .Қазақстанның орман қоры 21 млн. гектар, ол жалпы жер көлемінің 3,5 пайызын алады. Орман өндірісте бағалы материал ғана емес, сонымен қатар топырақты эрозиядан сақтау, құм көшкінін тоқтату, суды реттеу, егінді қорғау, атмосфераны шаң - тозаңнан тазартуда оның маңызы зор. Сонымен қатар орман ағаштары қуаңшылық пен аңызақ желден сақтайды.
3.Ормандарды пайдалану.
Орман шаруашылығы - экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады.
Орман пайдалану (Лесопользование) -- орман пайдалану өдістері мен нысандарының заңды және экономикалык реттелген жиынтығы.
Орман топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді көп. Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде `'мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаштар'' өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды `''ауру қоздырғыш бактерияларды'''өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады. Сондықтан да, қылқан жапырақты орманды аймақтарда көпшілік демалып, тынығатын `''курорт-санаторийлер''' орналастырылады.
Қазіргі кезде дүние жүзінде орман аумағы 3 млрд. га-дан астам, яғни дүние жүзінің 27 - 28%-н орман алып жатыр. Өкінішке орай,адамзат қоғамы өз тарихында бүкіл О-ның 23 бөлігін жойған, сонымен бұрын жер бетінің 75%-н алып жатқан ормандардың көлемі көп кеміген. Әлемдегі ормандар негізінен 5 белдемде өседі ( Орман белдемдері). Жалпы Ораманның таралуындағы заңдылық салқын аймақтарда қылқан жапырақты, қоңыржай аймақтарда қылқан жапырақты және майда жапырақты ормандар аралас, ал жылы аймақтарда негізінен ірі жапырақты ормандар өседі.
Жер шарындағы мемлекеттердің табиғи-климаттық жағдайларына сәйкес әр мемлекеттегі Ормандардың көлемі мен түрлері әрқалай. Бразилияда 320 млн., Канадада 264 млн., АҚШ-та 195 млн., Анголада 60 млн., Перуде 57 млн., Колумбияда 50 млн., Үндістанда 46 млн. га орман бар. Ал бүкіл Африка елдеріндегі Орман қорлары 760 млн. гажерді қамтиды. Бұрынғы Кеңестер Одағындағы орманның көлемі 816 млн. га, яғни жер аумағының 37%-ын алып жатты (оның 50%-дан астамы Ресейдің үлесінде). Бұл әлемдегі Орманның , яғни 25%-н құрады. Орта Азия, Кавказ, Қазақстан аймақтарындағы Орман көлемі Ресейдегі Орман алқаптарының небәрі 3 - 4%-н құрайды.
Аумағының кеңдігіне қарамастан қазақ жерінде Орманды жерлер көп емес. Оның басты себебі жеріміздің негізгі бөлігі құрғақ, жартылай шөл, шөлді аймақтарда орналасқандығы, ал Орман ағаштары негізінен ылғал мол түсетін алқаптарда өседі. Республика аумағындағы Ормандар және бұталар алып жатқан көлем 21,6 млн. га, бұл Қазақстан жерінің 4,2%-ы ғана. Орман ағаштары республикада Солтүстік Қазақстанның орманды-дала зонасында және дала зонасының қосымша ылғал алатын ойпаңды жерлерінде өссе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы Қалба жотасы, Алтай-Сауыр, Солтүстік Тянь-Шань және Батыс Тянь-Шань тауларының ылғал мол түсетін орташа биік белдеулерінде өседі. Қазақстанның солтүстігіндегі шоқ-шоқ болып өсетін қайыңды орманды оңтүстікке қарай далалы алаптардағы біршама жерлерде өскен қарағайлы ормандар ауыстырады. Алтай-Сауыр тауларының теңіз деңгейінен 500 - 2500 м биіктік аралығында қылқан жапырақты - қарағай, майқарағай, шырша, балқарағай, самырсын сияқты бағалы ағаштар өседі. Ал Солтүстік Тянь-Шань таулы алабының төменгі белдеуінде (600 - 1700 м) көбіне түрлі бұталар мен жалпақ жапырақты ағаштар өседі. Олардың басым бөлігін алма, өрік, жаңғақ, қарақат тәрізді жеміс-жидекті ағаштар құрайды. Биіктігі 1500 - 3000 м белдеулерде негізінен қылқан жапырақты ағаштар өседі. Олардың негізгісі - жасы 300 жылға дейін, биікт. 40 - 50 м-ге, ал жуандығы 2 м-ге жететін Тянь-Шань шыршасы. Батыс Тянь-Шань алабында - Талас Алатауы, Қаратау мен Өгем жоталарында негізінен жерге төселіп өсетін қылқан жапырақты арша ағашы, ал бұталардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан биоресурстары. Өсімдіктер әлемі туралы ақпарат
Қазақстан биоресурстары: өсімдіктер әлемі
Өсімдіктер әлемі
Қазақстан биоресурстары
Ақ күзен.систематикасы.Құрлыс ерекшеліктері. Сары күзен. Систематикасы. Құрлыс ерекшеліктері. 3.шұбар күзен. систематикасы.құрлыс ерекшеліктері
Ботаникалық ресурстану ғылымы және оның ғылымдар жүйесіндегі орны
Қазақстан биоресурстар пәні және маңызы
Қазақстан биоресурстары туралы
Қазақстан қорықтарына сипаттама
Сілеусіндер, бархытты мысық, жанаттар, ескекаяқтылар
Пәндер