Семей қаласы бойынша тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығын талдау



Халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленген.
Ауыз сумен қамтамасыз етуде біршама жағдайдың жақсаруына қарамастан, бүгінгі таңда республика халқының едәуір бөлігі тиісті сападағы және толық көлемде ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша су бұру жүйесінің қазіргі жағдайы айтарлықтай Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына жеткіліксіз.
Мәселен, халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін қолданылатын 1-санаттағы ашық су айдындарынан алынатын су сапасы жалпы республика бойынша санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша
2009 жылмен салыстырғанда төмендеген, 1989 су сынамасының 151-і немесе 7,6% нормативке сай келмеген, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша – 4,5%.
Қызылорда облысы бойынша су айдындарының ластану деңгейі бұрыңғыдай жоғары болып қалуда – 95,8%, Батыс Қазақстан облысында – 22,4%, Ақмолада – 16,9%, Оңтүстік Қазақстанда – 8,5%.
Ашық су айдындар суының сапасына әсер ететін себептердің бірі су бұру желілеріндегі авариялар және шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік сарқынды суды тазаламай ағызу болып табылады.
Осыған байланысты, Бағдарлама су көздерінің тазаланбаған сарқынды сулармен ластануының алдын алуды, сумен жабдықтау және су бұру салаларына жеке капиталды тартуды, пайдалану кәсіпорындары мен ұйымдарының тиімді және рентабельді қызметін қамтамасыз етуді, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуды, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын барынша пайдалануды және су шаруашылығы саласында жобалау-іздестіру жұмыстарының сапасын арттыруды көздейді.
Бағдарламаны іске асыру кезінде жүйелі тәсілдердің бірі орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, әлеуетті инвесторлар, ғылыми институттар, үкіметтік емес ұйымдар, пайдалану мекемелері арасындағы тиісінше өзара іс-қимыл мен іс-қимылдың үйлестірілуін ұйымдастыру болып табылады.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру Қазақстан Республикасының халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және су бұру қызметтерімен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
3. Қазақстан Республикасындағы сумен жабдықтаудың және су бұрудың ағымдағы жағдайын талдау
1.
Бүгінгі таңда республиканың қалаларында ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы орын алуда.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қала халқының орталықтандырылған сумен жабдықталуы 82 %-ды құрайды.
Халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелеріне қол жеткізу деңгейі бойынша Қазақстан Республикасы дамыған елдерден артта қалады, бұл көрсеткіш 90 – 95 %-ды құрайды.
Республика бойынша қалалардағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 27 000,3 километрды құрайды, оның ішінде таратушы су құбыры желілері – 18 173,7 километр, бұл ретте, қазіргі уақытта республика бойынша «иесіз» 2 188 километр желі бар.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша су құбырлары желілерінің көпшілігі қанағаттанарлықсыз жағдайда, сенімді пайдаланудың 25 жылдық нормативті мерзімін ескере отырып, жұмыс жағдайында сумен жабдықтаудың 36 % желісі бар, шамамен 64 % желіге күрделі жөндеу немесе оларды толығымен алмастыру қажет болып отыр.

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Seven
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
OӨЖ
Тақырыбы: .Семей қаласы бойынша тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығын талдау
Орындаған: Мұхатбек Т.Қ
ГМУ-209
Тексерген: Самиева Г.Т
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
OӨЖ
Тақырыбы: .Семей қаласы бойынша тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығын талдау
Орындаған: Мұхатбек Т.Қ
ГМУ-209
Тексерген: Самиева Г.Т

2015


Халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі 2011 - 2020 жылдарға арналған Ақ бұлақ бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! атты Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленген.
Ауыз сумен қамтамасыз етуде біршама жағдайдың жақсаруына қарамастан, бүгінгі таңда республика халқының едәуір бөлігі тиісті сападағы және толық көлемде ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша су бұру жүйесінің қазіргі жағдайы айтарлықтай Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына жеткіліксіз.
Мәселен, халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін қолданылатын 1-санаттағы ашық су айдындарынан алынатын су сапасы жалпы республика бойынша санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша
2009 жылмен салыстырғанда төмендеген, 1989 су сынамасының 151-і немесе 7,6% нормативке сай келмеген, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша - 4,5%.
Қызылорда облысы бойынша су айдындарының ластану деңгейі бұрыңғыдай жоғары болып қалуда - 95,8%, Батыс Қазақстан облысында - 22,4%, Ақмолада - 16,9%, Оңтүстік Қазақстанда - 8,5%.
Ашық су айдындар суының сапасына әсер ететін себептердің бірі су бұру желілеріндегі авариялар және шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік сарқынды суды тазаламай ағызу болып табылады.
Осыған байланысты, Бағдарлама су көздерінің тазаланбаған сарқынды сулармен ластануының алдын алуды, сумен жабдықтау және су бұру салаларына жеке капиталды тартуды, пайдалану кәсіпорындары мен ұйымдарының тиімді және рентабельді қызметін қамтамасыз етуді, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуды, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын барынша пайдалануды және су шаруашылығы саласында жобалау-іздестіру жұмыстарының сапасын арттыруды көздейді.
Бағдарламаны іске асыру кезінде жүйелі тәсілдердің бірі орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, әлеуетті инвесторлар, ғылыми институттар, үкіметтік емес ұйымдар, пайдалану мекемелері арасындағы тиісінше өзара іс-қимыл мен іс-қимылдың үйлестірілуін ұйымдастыру болып табылады.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру Қазақстан Республикасының халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және су бұру қызметтерімен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
3. Қазақстан Республикасындағы сумен жабдықтаудың және су бұрудың ағымдағы жағдайын талдау
1.
Бүгінгі таңда республиканың қалаларында ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы орын алуда.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қала халқының орталықтандырылған сумен жабдықталуы 82 %-ды құрайды.
Халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелеріне қол жеткізу деңгейі бойынша Қазақстан Республикасы дамыған елдерден артта қалады, бұл көрсеткіш 90 - 95 %-ды құрайды.
Республика бойынша қалалардағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 27 000,3 километрды құрайды, оның ішінде таратушы су құбыры желілері - 18 173,7 километр, бұл ретте, қазіргі уақытта республика бойынша иесіз 2 188 километр желі бар.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша су құбырлары желілерінің көпшілігі қанағаттанарлықсыз жағдайда, сенімді пайдаланудың 25 жылдық нормативті мерзімін ескере отырып, жұмыс жағдайында сумен жабдықтаудың 36 % желісі бар, шамамен 64 % желіге күрделі жөндеу немесе оларды толығымен алмастыру қажет болып отыр.
Негізінен су құбыры желілері 25 - 40 жыл бұрын пайдалануға берілген және ішкі беті қорғалмаған (негізінен, болат және шойын құбырлар). Сондықтан, тат басудың салдарынан су таратқыштар мен су құбыры желілері тез тозып, бұзылады және басылады, ол су құбырларының өткізу мүмкіндігін азайтып, авариялар санының артуына, судың ысырап болуына және ауыз су сапасының нашарлауына алып келеді.
Осының салдарынан сумен жабдықтау желілерінде жыл сайын судың ысырап болуының артуы тіркелуде, мысалы, 2009 жылы 2004 жылмен салыстырғанда ысырап мөлшері 10,9 %-ға артты.
Сумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану нәтижесінде республика бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу 5,3 %-ға артты, жалпы республика бойынша сумен жабдықтау желілеріндегі авариялардың саны 2004 жылмен салыстырғанда 15,8 %-ға азайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін Стратегиялық даму жоспарына сәйкес ТҮКШ саласындағы басты мақсаттардың бірі суды тасымалдау кезінде нормативтік ысырап үлесін 2015 жылға қарай - 19 %-ға, 2020 жылға қарай - 15 % дейін жеткізу болып табылады.
Мәселен, Қазақстан Су Арнасы қауымдастығының деректері бойынша республикада орташа есеппен алғанда нақты нормативті (нормативтен тыс) коммерциялық су балансындағы ысырап қалалық сумен жабдықтау кәсіпорындарында 15 % бастап 20 %-ға дейін құрайды. Осыған байланысты 2 жылдың ішінде сумен жабдықтау секторында үлкен жұмыс жүргізу - Стратегиялық жоспарда белгіленген индикаторларға қол жеткізу үшін нормативтен тыс (коммерциялық) ысырапты 2 - 3 % жою қажет.
Бұл ретте, көздерден су жинағыштан бастап пайдаланушыға дейін суды толық аспаптық есепке алуды ұйымдастырмай сумен жабдықтау желілерінің құбырларын тіпті 100 % жаңаларына ауыстырылса да, нормадан тыс ысырапты (коммерциялық) жоюға алып келмейтінің пайдалану кәсіпорындарының және сенімді су балансын бермейтінін түсіну қажет.
Суды тарату мен тұтынудың барлық деңгейінде оны есепке алудың сенімді деректері ғана кәсіпорындардың су балансын қалыптастырады, оны талдау өз кезегінде суды тасымалдау кезіндегі оның ысырап болуының төмендеу немесе арту деңгейін көрсетеді.
Суды сапалы есепке алуды ұйымдастыру ғана кәсіпорындардың су балансында нормативтен тыс су ысырабын 2 - 3 есеге дейін қысқарта алады.
Бос қаражат болмаған кезде, суды жеке есепке алу аспаптарын (ЖЕА) сатып алу және орнату бойынша міндеттерді орындай отырып, пайдалану кәсіпорындары сатып алынған және орнатылатын аспаптардың дәлдік сыныбына назар аудармаған, аспаптардың басты өлшемі баға болды, нәтижесінде суды коммерциялық есепке алудың аспаптық паркі дәлдіктің А және В төмен сыныпты арзан аспаптарымен қамтылды.
Әлемдегі суды тұтыну көрсеткіштерін мұрағаттауды ұйымдастыру жөніндегі қолданыстағы қазіргі заманғы технологиялар көрсеткіштерді абоненттік қызметтердің стационарлық немесе алып жүретін жабдығымен қашықтан алу мүмкіндігімен біріктірілген, бұл кәсіпорындарда суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге негіз болады.
Суды есепке алудың жаңа технологияларына өтуді бүгінгі күннің өзінде Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларында пайдалану кәсіпорындары, негізінен сумен жабдықтау жүйелеріне жаңа пайдаланушыларды қосуға арналған техникалық талаптарды белгілеу кезінде жүзеге асыруда.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002 - 2010 жылдарға арналған Ауыз су салалық бағдарламасын іске асыру аяқталады.
Осы Бағдарламаның іс-шаралары ауыл халқын ауыз сумен жабдықтау бөлігінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған:
жалпы ел бойынша сумен жабдықтаудың орталықтандырылған көздерінің суын пайдаланатын халықтың санын 20 - 25 %-ға арттыру; жалпы сумен жабдықтау деңгейін 80 %-ға дейін арттыру.
Бағдарлама шеңберінде барлығы 12 935 километр су құбыры мен ауыз сумен жабдықтау желілері салынды, қайта жаңартылды және күрделі жөнделді. Халқының саны 3,5 млн. адамнан асатын 3 449 елді мекенді ауыз сумен жабдықтау жақсарды.
Талдау жасайтын кезеңде тасымалданатын суды пайдаланатын ауыл халқының саны 6 еседен астам қысқарып, 71,1 мың адамды құрады. Санитарлық нормаларға сай келмейтін су құбырларының жағдайы 336-дан 133 бірлікке азайды.
Бағдарламаны іске асырудағы белгілі бір оң нәтижелерге қарамастан, ауыл халқын сумен жабдықтау проблемасы осы күнге дейін сақталып келеді.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі - АЕМ) орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуі 13,5 %-ға ғана артып, 42,5 %-ды құрады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша АЕМ-нің жалпы санынан 6943-тен орталықтандырылған ауыз сумен жабдықталмағандарына (проблемалы) барлық ауыл халқының 40 %-ын құрайтын немесе халқының саны 3 млн. адамды құрайтын 3 592 АЕМ жатады. Осындай АЕМ 4 санат бойынша топтастырылған және 1-кестеде келтірілген.
1-кесте
Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықталмаған АЕМ санаттары
Рс №
АЕМ санаттары
АЕМ саны
Үлес салмағы, %
1.
Тасымалданатын суды пайдаланатындар
134
3,7
2.
Топтық су құбырына қосылуды талап ететіндер
386
10,7
3.
Топтық су құбырлары (қайта жаңарту мен салу)
114
3,2
4.
Орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі барлары
2958
82,4

Барлығы
3 592
100
Жалпы, 2002 - 2010 жылдарға арналған Ауыз су бағдарламасын іске асыру кезінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, су құбырларын сапасыз салу мен қайта жаңарту, жөндеу-салу жұмыстарын орындау мерзімдерінің бұзылуы және ауыз судың сапасын қамтамасыз етпеу фактілері орын алған.
Оның басты себебі сумен жабдықтау жүйесін дамыту мен жаңғырту жұмыстарын жоспарлау кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың жүйелі тәсілі мен тиісті өзара іс-әрекетінің болмауы болып табылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру үнемі басымдықтарға сәйкес жүргізілмеді. Нәтижесінде, кейбір жағдайларда ауқымды бюджет қаражатына салынған объектілер тұрып қалып, ал басқалары қаржыландырудың жетіспеуі салдарынан азғантай бөлшектермен қайта жаңартылып жатты.
Сонымен қатар, 2002 - 2010 жылдарға арналған Ауыз су бағдарламасын іске асыру нәтижелеріне жасалған талдау ауыл халқын ауыз сумен жабдықтау мәселесінде пайдалану кәсіпорындарының болмауы немесе олардың жеткілікті дәрежеде материалдық-техникалық жабдықталмауы тежеуші факторлардың бірі болды.
Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылы қалалық жерлерде желілерінің жалпы ұзындығы 12 455,8 километр болатын 186 су бұру кәсіпорындары бар, олардың 8 712 километрі немесе 70% жөндеуді қажет етеді.
Су бұру инфақұрылымына қосылу деңгейінің ауқымы қалаларда өте кең, Аякөз қаласында - 12 %, Сәтпаев қаласында - 98 %-ға дейін. Облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында су бұру жүйесіне халықтың 60 - 94 %-ы қосылған. Риддер, Зырянов, Қаратау, Сәтпаев, Жезқазған, Жаңатас сияқты өндірістік бағыттағы көптеген қалаларда су бұру жүйесіне қосылу деңгейі жоғары - 90 %-дан асады.
Бұл ретте, суды бұрумен бірге қалалық тұрғын үй қорының жалпы алаңының үлес салмағы республика бойынша орташа 73,4 % құрайды.
39 қала мен кентте тазалау құрылыстары мүлдем жоқ, тиісінше сарқынды судың төгіндісі тазалаусыз жүзеге асырылады.
Барлық сарқынды су көлемінен тазаланудан өтетін, нормативтік талаптарға дейін 64 %-ы жеткізіледі, тазаланбаған сарқынды судың қалған 36 %-ы, мәселен Тараз қаласында тікелей сүзгілеу алаңына, Көкшетау, Орал, Петропавл, Қостанай қалаларында жинағыштарға ағызылады.
Жұмыс істеп тұрған құрылыстардың көпшілігі қазір өзінің пайдалану ресурстарын сарқыған және жөндеуді талап етеді, басқалары - артық жүктемемен жұмыс істейді, ол сарқынды суларды тазалау технологияларының жобалық деректеріне сәйкес келмеуіне әкеліп соғады.
Мәселен, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан сияқты облыстарда жеткіліксіз тазаланған сулардың пайызы 39-дан 72%-ға дейін жетіп отыр.
Бұл қолданыстағы тазалау құрылыстарының артық жүктемемен жұмыс істейтінін көрсетеді.
Мұндай тазартылған сарқынды су жинағыштары жиі-жиі өзінің шекті белгілеріне дейін толып, су объектілеріне және елді мекендерге және қоршау бөгеттерінің авариялық жарылу қаупін туғызады.
Сондай-ақ су бұру желілерінің негізгі қорлары тозуының салдары аварияның жоғарғы деңгейі болып табылады, мәселен 2009 жылы республика бойынша орташа алғанда 1 километрге 0,2-ден 29,5 аварияға дейін құрады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың сарқынды суларының едәуір көлемі тікелей қалалық тазалау құрылыстарына түседі, олар өнеркәсіптік сарқынды суларды тазалауға есептелмеген. Соңғы уақытта тұрмыстық сарқынды суларда шетелде өндірілген жуу заттарының сарқынды суы көп болып отыр, оларды тазалау қиын және табиғи ортаға зиянды әсерінің сақталу кезеңі ұзақ әрі тиісінше су көздерін ластайды.
Қоршағанортаминінің деректері бойынша қазіргі уақытта 43 ірі өнеркәсіптік кәсіпорнының сарқынды суы төгінділерінің 50 %-ы қойылған талаптарға сәйкес келмейді, су бұру жүйесіне төгінділердегі зиянды заттардың шоғырлануы шекті жол жіберілетін нормадан асып кетеді. Тұтастай, республикадағы көптеген елді мекендердің су бұру жүйесінің негізгі қорларының тозуы 40 - 70%-ға, ал кейбіреулерінде 100%-ға дейін жетеді.
Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылы ауылдық жерлерде жалпы ұзындығы 2 075,5 километр болатын, су бұру желісі бар 163 кәсіпорын жұмыс істейді, бұл ретте 1 452 километр жөндеуді талап етеді.
Су бұру жүйесі бар ауылдық тұрғын үй қорының жалпы алаңының үлес салмағы республика бойынша орташа 8,8%-ды құрайды.
Ауылдық елді мекендердегі сарқынды сулардың барлық көлемінен нормативтік деңгейге дейін 45,4% тазартылады, қалған 54,6% тазартылмаған сарқынды сулар.
Бұдан бұрын ауылдарда су бұру объектілерінің құрылысына қажетті деңгейде назар аударылмаған, яғни сумен жабдықтау басымдық болып табылған. Су бұру жүйелері аудандық орталықтарда және ірі кенттерде салынған. Ал сарқынды суларды әкімшілік-шаруашылық ғимараттардан, мектеп, аурухана және көп этажды құрылыстардан ғана бұру жүзеге асырылған.
Қазіргі таңда, ауылдық кенттерде шығарылатын (ассенизациялық) қалдықтарды жоюдың жүйесі басым, кәріздік (ағым) аз пайызбен - 3 - 5% шамасында қамтылған.
Сонымен қатар, кенттердің санитарлық жағдайы сумен жабдықтау бойынша алдағы шығындарды есепке ала отырып, су бұрудың орталықтандырылған жүйесінің құрылғыларынсыз қоғамдық және өндірістік объектілерде жергілікті тазалау құрылыстарын, септиктерді жетілдіру жолымен бірінші кезеңде жақсартылуы мүмкін.
Сапасыз құрылыс себептерінің бірі сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерінің жобалау-сметалық құжаттамасының әзірлену деңгейінің төмендігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша бүгінгі таңда сараптамаға ұсынылатын жобалардың жартысы дерлік мемлекеттік құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес келмей, пысықтауға қайтарылуда.
Тек 2009 жылдың өзінде жобаларда 326 мыңнан астам әр түрлі кемшіліктер мен жобалау нормаларынан ауытқу анықталған. Негізінен, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеумен сумен жабдықтау және су бұру объектілерін жобалау тәжірибесі жоқ ұйымдар айналысады.
Қазіргі уақытта Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес субъектілерді, оның ішінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалауды лицензиялау облыстық (Астана және Алматы қалалары) жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар жобалау жұмыстарын өткізуге 12 мың лицензия берген. Бұл ретте, 50-ден аспайтын ұйым сумен жабдықтау объектілерін жобалауға маманданған және жақсы өндірістік базасы мен білікті мамандары бар.
Жобалау-іздестіру жұмыстары деңгейінің төмендігі құрылыс жұмыстарының едәуір қымбаттауына, ал кейде оны жүргізудің мүмкін еместігіне алып келеді. Сумен жабдықтау объектілерін салу немесе қайта жаңарту жұмыстары сапасыз жасалған жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі - ЖСҚ) негізінде жоспарланып жүргізілген жағдайлар орын алған.
Нәтижесінде жаңадан салынған желілер 1 - 2 жыл істеп, пайдаланудан шығады. Сумен жабдықтау объектілерін жер бөлінісінің және электрмен жабдықтау жүйелеріне қосу мәселелері шешілмей аудандық әкімдіктер әзірлеген ЖСҚ бойынша салу орын алған фактілері болды.
Қазіргі кезде сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін жобалаған кезде жобаларға алыс және жақын шетелдік технологиялар, материалдар және жабдықтар қолданылады.
Сонымен қатар, сумен жабдықтау және су бұру объектілерін жобалаған кезде алыс шетел және отандық өндірушілердің тиімсіз технологиялары негізінде үлгілік жобалар қолданылады, оларда энергия тиімділігі жоқ, бірақ бір артылықшылығы бар - бағасы арзан.
Осыған байланысты, технологиялық шешімдері бар, қазіргі уақыттағы жабдықтарды шығаратын, бәсекелестігі бар отандық өндіруші нарығын құрып, қазіргі және болашақтағы өндірісті қолдайтын және ұзақ мерзімді кепілдігі бар отандық кәсіпорындардың өнімін қолдау қажет.
Бұдан басқа бүгінгі күні ғимарат салу сметаларында іске қосу-баптау жұмыстарының шығыны мүлдем жоқ, бұл объектілерді пайдалануға беруде және оларды одан әрі пайдалануда кері әсер етеді. Көбінесе баптаусыз қабылданған күрделі объектілерге қызмет көрсетілмейді және жұмыс істемейді.
Жер асты су объектілері суының сапасы жер үсті суынан едәуір жоғары, сондықтан оларды ауыз сумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланған тиімдірек. Соған қарамастан, елді мекендердің елеулі бөлігі жер асты суларын ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланбайды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің деректері бойынша республикада 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекет теңгерімінде тұрған жер асты суларының 1282 кен орны барланған.
Барланған ауыз судың пайдалану қоры республиканың жиынтық қажеттілігінен 2 есе артады және тәулігіне адам басына 1,12 м3 құрайды.
Сонымен қатар, жер асты суларының барланған қорларын игеру баяу қарқынмен жүргізіліп жатыр, ал соңғы жылдары республиканың бірқатар өңірлерінде мүлдем дерлік тоқтатылған. Көптеген жер асты суларының кен орындары 10 - 15 жыл қатарынан пайдаланылмай келеді, ал жекелеген жағдайларда олардың пайдалануға берілу мерзімінің кешіктірілуі 25 - 30 жылды құрайды.
Сондықтан, барланған қорлар халықтың ауыз суға деген қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз ете алмайды.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта барланған кен орындарының жалпы санынан (1282) 402 кен орны ғана пайдаланылуда (алынатын судың көлемі тәулігіне 2,0 млн. текше метрді құрайды), ол халықтың ауыз суды тұтынуының жалпы теңгерімінде 56 %-ды құрайды.
Келтірілген фактілер жер асты су көздерінің қолда бар әлеуетін толық көлемде пайдаланбауының куәсі болуда.
Пайдалану ұңғымаларын орналастыру көптеген жағдайда есептік схемаларға сәйкес келмейді, бақылау тораптары жоқ, бұл жер асты су көздері қорының тауысылуына әкелуі мүмкін.
Жалпы сумен жабдықтаудың барлық жер үстіндегі көздері соңғы жылдары антропогендік сипаттағы әр түрлі заттармен айтарлықтай ластанғанын және олардың көбінің су сапасы нормативтік талаптарға сай келмейтінін атап өткен жөн.
Аумағы бойынша жер асты суларының тым тепе-тең бөлінбеуі және әртүрлі сапа оларды шаруашылық қызметке толық тартуға мүмкіндік бермейді. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректері бойынша республика шеңберінде жер асты суларының 700-ден аса әлеуетті ластану көзі табылды. Жер асты сулары сапасының нашарлану қаупі 10 шақты елді мекенде, жүзден аса су көзінде және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған бірқатар жер асты суларының су жинағыштарда анықталды.
Қазіргі уақытта 291 бақылау пункті жер үсті суларына мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар, Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымның талабы бойынша Қазақстанда желі 740 гидрологиялық бекеттен тұруы қажет. Осыдан жер үсті суларының сапасын бақылау үздіксіз бақылауды бұзумен өтеді деген қорытынды жасауға болды. Бірнеше жылдар бойы көптеген су объектілерінде тіптен бақылау жүргізілмеген.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі құбырлардағы су сапасын бақылау маңызды проблема болып табылады. Ауыз су сапасын бақылайтын санитарлық-эпидемиологиялық зертханалардың жабдықтары, әсіресе ауылды мекендерде тіптен жаңартылмайды. Қалалық су арналары өз қаражаты есебінен зертханаларын ұстап тұра алса, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерде мұндай зертханалар мүлдем жоқ немесе уақыт талабын қанағаттандырмайды, тікелей су өткізу жүйесіндегі су сапасының автоматтандырылған үздіксіз бақылау құралдары мүлдем қолданбайды.
Бұрын атап көрсетілгендей, су шаруашылығы секторына сумен жабдықтау желілерінің тозуы мен су шаруашылығы секторы кәсіпорындарының активтерін жаңартуға және жаңғыртуға жұмсалатын қаржының жетіспеушілігі туралы мәлімдейтін нормативтік техникалық шығындар жоғары деңгейге тән.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005 - 2009 жылдар кезеңдерінде сумен жабдықтау мен су бұру қызметін көрсетуге ел бойынша тарифтер орташа 27 теңгеден 33,8 теңгеге дейін көтерілді.
Осыған байланысты, сумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметтеріне тариф белгілеумен байланысты мәселелерге басты назар аудару қажет.
Сумен жабдықтау саласындағы жағдай, сонымен қатар суды тиімсіз пайдалану проблемасына байланысты күрделене түсуде.
Осылайша, бүгінгі таңда ауыз суды пайдалануда тарифтің төмен деңгейіне қатысты дамыған елдерге қарағанда бүгінгі күні Қазақстанда жан басына шаққанда 2345 м3 құрайды, Еуропада бұл көрсеткіштер жылына 455,5 м3 құрайды.
Сол себепті, бүгінгі таңда сумен жабдықтау қызметтерін жеткізушілерді өз шығындарын қысқартуға ынталандырумен бірге, тұтынушылардың суды ұтымды пайдалануға, оның ішінде суды есептеу аспаптарын орнату жолымен ынталандыру, суды үлесті пайдалану нормаларын төмендету, пайдаланылған су көлеміне байланысты және тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтерді енгізу мәселесі де өткір тұр.
Тұтынушы топтарға сараланған тарифтерді қолдану Алматы қаласы мен Ақмола облысының су арналарының жұмысын үлгі ретінде көрсетуге болады. Екінші жылдың өзінде заңды тұлғалардың суды тұтынуы төмендегені байқалды.
Қолданған су көлеміне сай сараланған тарифтерге - яғни екінші кезеңге өту қажет. Егер де заңды тұлғаларға қатысты мәселенің түсініктілігі белгілі болса, онда осындай тарифтерді халыққа қолданған кезде, қызметтерді тұтынушылар сияқты пайдалану орындарында барлық тетіктері мен қатерлерін егжей-тегжейлі әзірлеу қажет. Нұсқаларды салыстыру, аспаптардың көрсеткіштерін қашықтан беретін су есептейтін автоматтандырылған жүйені енгізу немесе бірден бақылаушылар санын өсіру.
Сезімталдығы жоғары, нақтылығы төмен класты суды есептеудің арзан аспаптарын пайдалану, аспаптарды дұрыс құрастырмау, үйдің жалпы есептегіш құралының (ЖЕҚ) болмауы немесе оны олардың көрсеткіштерін елемеу, пайдаланылған суды 30 %-ға дейін дұрыс есептемеу-коммерциялық шығындарға әкеледі, тиісінше пайдаланушы кәсіпорындар елеулі түрде табысын жоғалтады.
Осылайша, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің деректері бойынша қалалардағы суды есептеу аспаптарымен қамту деңгейі республика бойынша орташа есеппен 82 %-ды құрады. Ауылдық елді мекендерде суды есептеу аспаптарымен қамту 40 %-ға да жетпейді.
Тарифтік саясат -- орта және ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыруға арналған инвестицияларды өтейтін пайдаланушы кәсіпорындарының жұмыс өтімділігін қамтамасыз ететін сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің тарифтерін қалыптастыруға бағытталған болуы қажет.
Қазіргі уақытта пайдаланушы кәсіпорындар, жобалық ұйымдар, жергілікті және республикалық деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің аппараттары, оқу орындары Су ресурстары және су пайдалану мамандығы бойынша білікті кадрларға тапшы.
Қазіргі уақытта, 7 ЖОО ҚР су секторы үшін кадрларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ластанған топырақтың мониторингі
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ
Картоп өндірісі
Риддер қаласының жерлерін аймақтарға бөлу
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апат аймақтары
Апатты аймақтар
Ақтөбе қаласының ауа құрамының ластануы
Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайлары (Арқалық қ. мысалында)
Орман шаруашылығы
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстары
Пәндер