Жырау және тарих



1. Қазақ жырауларының тарихта алар орны ерекше.
2. Жырау деген атау «жыр» сөзінен шыққан.
3. Жыраулар поэзиясының тарихтағы құндылығы.
Қазақ халқының жырауларының тарихы өте күрделі. Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан.Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер.
Х.Сүйіншәлиев «VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» Алматы, «Мектеп» 1989ж.
Ә.Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» Алматы, «Санат»,
1994ж.
М.Мағауин «Ғасырлар бедері» Алматы, «Жазушы» 1991ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Халқымыздың ұлы ұландары жыраулар шығармашылығында
(эссе)
"Жырау және тарих" ғылыми сипаттағы мақала әзірлеу.  

Орындаған:
Жәлелова М.С.

Тобы: ФИ-403

Тексерген: Қадыров А.Қ.

Семей қаласы 2015 жыл
Халқымыздың ұлы ұландары жыраулар шығармашылығында (эссе)

Халқымыздың ұлы ұландары жыраулар шығармашылығында. Жырау дегенде
есімізге бірден Бұқар, Қазтуған, Үмбетей, Ақтамберді сияқты және тағы басқа
бірқатар жыраулар түседі. Барлығы дерлік әдебиет сахнасынан ерекше орын
алған біртуар тұлғалар. Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі. Әдебиетте
де тарихта да маңызды орын алар тұлға. Жырау - өз жанынан шығарып айтатын
және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі
жырау атауы-жыр сөзінен туындайды деген түсінік жырауға Қазақ
әдебиетінің энциклопедиясында берілген. Өз жанынан суырып шығарып
жырлайтын жыраулар XV ғасырда ғана туа салған жоқ. Жырау тұлғасының тарихы
тереңде. Сәугейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат
құбылыстарына т.б. жайларға қарай болжам жасау, абыздың бір міндеттерін
атқару – көне дәуір жырауларына тән қасиет - делінген.
Иә, жыраулық мектептің түп негізі абыздардан
басталады. Ел ертеңі жайлы болжам жасап, данышпандығымен дараланып жүрген
жыраулар хан сарайында отырып, алдағы болар қауіп-қатерді болжап отырды.
Хандардың түсін жорып, халық арасындағы қарым-қатынастардың қалай бағыт
алатынын болжап, оны жыр жолдарымен жеткізіп, абыздық дәстүрді әдебиетпен
байланыстыра дамытты. Жыраулар өз заманындағы нағыз халық жанашырлары бола
алды. Олар жыр шығарып, толғау айып, тек өнер иесі ғана болып қойған жоқ,
жаугершілік заман болып, ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып, жауға
аттанған батыр, қолбасы болды. Сол қызметтерді атқара жүріп, ел қорғау,
халықты азат ету мақсатын паш ететін сарбаздарын жігерлендіретін,
патриотизмді насихаттап немесе хан, уәзірлерге пікір қосып, кемшіліктерін
бетіне басып, қаймықпай ашық жеткізетін міне осы жыраулар болды. Бұл
пікірге мысал келтіретін болсақ, Доспамбеттің:

Арғымаққа от тиді,
Қыл мықынның түбінен.
Аймедетке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан,
Зырлап аққан қара қан
Тыйылмады жонның уақ тамырынан.
Сақ етер тиді саныма
Сақсырым толды қаныма - деген жолдарынан жыраулардың қолбасы, батыр болып,
әрқашан алғы шепте жүріп, жоу оғынан жараланып, елі үшін жан аямағанын
байқаймыз.
Таза, мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза, мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады. – дейтін Асан қайғының терең философиялық толғаулары
да осы жыраулардың еншесінде. Қазақ әдебиетінде есімі ел аузында сақталып,
аңызға айналып жүрген жыраулар өте көп. Дегенмен оларды зерттеудегі бір
қиындық жыраулар шығармаларының ауызша таралып, бүгінгі кезге ауыздан-
ауызға таралу арқылы жеткендігінде болып отыр. Уақыт өткен сайын ұмытылып
немесе біреулердің өз жанынан қосып өзгертулері нәтижесінде жеткендігінде.
Жалпы жыраудың қазақ қоғамында атқарған қызметіне келетін болсақ –
сөз өнерін сүйеніш етіп, шешендігін шебер пайдаланып жүрген жыраулардың аса
бір ел тарихындағы халық қамы үшін маңызды рөл атқарған тұсы қазақ хандығы
дәуірі болды. Бұл кезеңде әр жыраудың өзіндік тарихи орны, әр хан тұсында
саяси-әлеуметтік маңызы болды. Қандай заманда болмасын кез-келген хан,
сұлтан тұсынан бірлі-жарым жырау табылып отырды. Олардың ханға жағымды, хан
өзіне ақылшы тұтатыны да, ақылсыз келген хандар жұрт арасына іріткі салушы
ретінде түсініп жағымсыз көретіндері де болды. Бірақ жыраулардың қай-
қайсысы да халық жанының жанашыры болып, барлығының поэзиясы бірге ең әуелі
қазақ халқының құралу дәуіріндегі қыйлы күйді жеткізді. Жыраулар
поэзиясының негізгі сарындағы туған жер, ұлт-азатық күрес, сонымен қатар
насихат, өнеге ғибрат, нақыл сөз үлгілерін көптеп кездестіреміз.
Қазақ халқы жыршыны әнші, шешен, жырау адамдармен қатар қойып,
қадірлеген. Жыршылар өздері жырлайтын шығармаларын, толғауларын белгілі бір
аспаппен сүйемелдеп (домбыра, қобыз) кейде әуенге салып жырлаған. Жыршылар
тек жырды жеткізуші ғана емес ұлы өнер иелері де болып табылады.
Шығармаларының сарыны мен тақырыбы бірыңғай болып келетін және
бірегей тарихи тақырыптарды, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді, қолбасы
батырлар мен елбасылардың ісін, жер мәселесін жыр ғып толғап отырудан басқа
көркемсөз шығарушы өнерпаз ақындардың да қазақ әдебиетінде қалыптасу тарихы
ертеде. Ақындардың жыраулардан айырмашылығы сонда оның тақырып ауқымы кең
адам жандүниесінің өнері. Заман өзгеріп әдебиеттің сарыны да басқа бағытта
қанат жая бастады.

Жырау және тарих
Жоспары:
1. Қазақ жырауларының тарихта алар орны ерекше.
2. Жырау деген атау жыр сөзінен шыққан.
3. Жыраулар поэзиясының тарихтағы құндылығы.

Қазақ халқының жырауларының тарихы өте күрделі. Ордада ханның қасында
әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған
ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын,
тарихи кезеңдерді жырға қосқан.Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык
жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы
құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған
жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар жыраудың әдеби мұралары
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Жырау кім
ЖЫРАУ МЕН ЖЫРШЫЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУЫ
Асанқайғы поэиясындағы Жәнібек бейнесін ашу
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай жайлы мәлімет
Әлкей Марғұлан деген кім
Жыраулар шығармашылығы
Дауылпаз баба – Қожаберген
“ӘЗ ТӘУКЕГЕ ҚЫЗМЕТ ҚЫП, ЖАЗДЫМ “ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫ”
Пәндер