Макроэкономикалық тұрақтандыру



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Жаңа экономикалық саясаттының қалыпатсуы мен
келешектегі бағыт бағдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2. Макроэкономикалық тұрақтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

3. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу
жағдайларын жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

4. Ескі экономикадан — жаңа экономикаға: жолды анықтау ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
Кіріспе
Біз мемлекеттік тәуелсіздіктің 13 жылын өткердік. Бұл тарихтың жаһандық сынақтарына жауаптар және жаңа экономиканы іздеудің күрделі кезеңі болды. Кідіріссіз де қысқа мерзімде біртұтас үш міндетті: тәуелсіз мемлекет құру, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға және тоталитаризмнен демократияға көшуді жүзеге асыру міндеттерін шешу қажеттігі туындады. Біз өзімізге әлемнің көптеген жетекші державалары секілді ондаған жылдар бойы, ал жүздеген жылдар туралы тіпті сөз жоқ, біртіндеп дамып, экономикалық және демократиялық өзгерістерді біртіндеп нығайтуға жол беріп қоя алмадық. Тарих бізге басқа шарттарын көлденең тартты, біз оларға төтеп бердік, өйткені бізде асқак құлшыныс, жеңіске деген ерік-жігер және, бастысы, барша қазақстандықтардың басталған реформаларды колдауы болды.
Ал бүгін өткен жылдарды еске түсіріп және біздің күш-жігеріміз бен жетістіктерімізді талдай отырып, нық сеніммен былай деуге болады: біз стратегиялық тұрғыда дұрыс жолды тандадық. Экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-саяси реформалар кейде қаншалықты қиын жүргеніне қарамастан, күткен нәтижелерге жеткізді: ел экономикасы мен демократиялық процестер серпінді даму үстінде. Қазақстан орынды түрде өңір лидері саналады және барынша бәсекеге қабілетті экономикасы бар 50 мемлекеттің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда.
Әлбетте, біз мінсіз экономикалық модель жасап, өте оңды қоғам құрып қойдық деп айта алмаймыз. Бұлай ету жүйенің тоқырап, іріп-шіруін білдірер еді. Реформалардың өзі де біз үшін тар өрісті мақсат болған жоқ. Біз оларды өз замандастарымызға жақсы өмір тілеп, қазақстандықтардың келесі ұрпақтарының болашақтылығын қамтамасыз   ету  үшін жүргіздік.
Біздің стратегиялық мақсатымыз ел Конституциясымен бекітілген: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары". Және айту керек, біз өз мақсатымызға қол жеткізуде дәйекті боп қалып отырмыз.
Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты – бұл Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының құлуы мен оның келешектегі  дамуын  қарастырдым.
Өткен жүзжылдықтың аяғы адамзат тарихындағы ең бір ауқымды өзгерістер кезеңі болды: қоскіндікті дүниенің негіздері қиратылды. Бізге, егер тиісінше шаралар қабылдамасақ, экономикалық күйреуден де қашып құтылу мүмкін еместей көрінген. Біз экономиканы ырықтандыруға әзір едік, бірақ та бізде нарықшылар командасы болмай шықты.
Қазақстан жауапты таңдау жасады жөне бәсекелестікке, меншіктің әрқилы формаларын дамытуға негізделген экономикаға әлеуметтік  бағдарлануды белгіледі.
Алайда мақсатты жариялау және елді сапалық тұрғыда басқа жағдайға көшіру — бұл мәні бірдей емес міндеттер. Тұтас ұрпақтар тіршілік әрекетінің мүлдем басқа жағдайларына бейімделген ел үшін өздігінен икемделетін және әлеуметтік бағдарланған нарық тетігін қалыптастыру тарихи тұрғыда жүйелік көшу жөніндегі күрделі міндеттердің тұтас кешенінен тұратын айрықша, ауқымды проблемаларды шешуді өз-өзінен көздейді.
Өткен өзгерістердің басты қорытындыларын бағалай отырып, мынаны сөзсіз мойындаған жөн: біз нарық тетігін іске қосып, сұраныс пен ұсыныс бағаны реттейтін, тауар ағымдарының қозғалысын, бәсекелестіктің табиғатын, инвестиция арналарын айқындайтын ахуал жасай алдық.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Егемен Қазақстан, 2005, 12 қаңтар.
2. Кокурин Д., Мелкумов Г.
«Участники мирового рынка нефти»
Россискии экономическии журнал 2003 №9 123-136 б.
3. С. Сатыбалдин, О. Төлемісов, С. Мұқаев
«Табиғат байлығына егеменділік және оның құны», Алматы 1998ж.
4. К. Дүкенбаев «Қазақстан энергетикасы» Алматы 1999ж
5. Каримова З, Умирбаева Э. «Минеральные ресурсы Казахстана и мира»//Экономика и статистика 2002 №2 40-49 б.
6. Сабырова М.Е. «Көмір саласының құрылымын қайта құру тиімділігі және оның іске асырылу механизмі» Алматы. Домино 2004ж
7. Нұрғалиев Қ.Р. « Қазақстан экономикасы» Алматы, Қазақ ун-ті 1999ж
8. Сәбден О. « XXI ғасырға қандай экономикамен кіреміз» Алматы 1997ж
9. Қазақстан цифрларда 2004ж . Статистикалық жинақ, ҚР Стастистика жөніндегі агенттігі

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Жаңа экономикалық саясаттының қалыпатсуы мен
келешектегі бағыт
бағдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2. Макроэкономикалық
тұрақтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

3. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу
жағдайларын
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17

4. Ескі экономикадан — жаңа экономикаға: жолды анықтау ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...41
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.43

Кіріспе
Біз мемлекеттік тәуелсіздіктің 13 жылын өткердік. Бұл тарихтың жаһандық
сынақтарына жауаптар және жаңа экономиканы іздеудің күрделі кезеңі болды.
Кідіріссіз де қысқа мерзімде біртұтас үш міндетті: тәуелсіз мемлекет құру,
жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға және тоталитаризмнен
демократияға көшуді жүзеге асыру міндеттерін шешу қажеттігі туындады. Біз
өзімізге әлемнің көптеген жетекші державалары секілді ондаған жылдар бойы,
ал жүздеген жылдар туралы тіпті сөз жоқ, біртіндеп дамып, экономикалық және
демократиялық өзгерістерді біртіндеп нығайтуға жол беріп қоя алмадық. Тарих
бізге басқа шарттарын көлденең тартты, біз оларға төтеп бердік, өйткені
бізде асқак құлшыныс, жеңіске деген ерік-жігер және, бастысы, барша
қазақстандықтардың басталған реформаларды колдауы болды.
        Ал бүгін өткен жылдарды еске түсіріп және біздің күш-жігеріміз бен
жетістіктерімізді талдай отырып, нық сеніммен былай деуге болады: біз
стратегиялық тұрғыда дұрыс жолды тандадық. Экономикалық, құқықтық және
әлеуметтік-саяси реформалар кейде қаншалықты қиын жүргеніне қарамастан,
күткен нәтижелерге жеткізді: ел экономикасы мен демократиялық процестер
серпінді даму үстінде. Қазақстан орынды түрде өңір лидері саналады және
барынша бәсекеге қабілетті экономикасы бар 50 мемлекеттің қатарынан лайықты
орын алуға ұмтылуда.
        Әлбетте, біз мінсіз экономикалық модель жасап, өте оңды қоғам құрып
қойдық деп айта алмаймыз. Бұлай ету жүйенің тоқырап, іріп-шіруін білдірер
еді. Реформалардың өзі де біз үшін тар өрісті мақсат болған жоқ. Біз оларды
өз замандастарымызға жақсы өмір тілеп, қазақстандықтардың келесі
ұрпақтарының болашақтылығын қамтамасыз   ету  үшін жүргіздік.
        Біздің стратегиялық мақсатымыз ел Конституциясымен бекітілген:
"Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары". Және айту керек, біз өз
мақсатымызға қол жеткізуде дәйекті боп қалып отырмыз.
        Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты – бұл Қазақстанның
жаңа экономикалық саясатының құлуы мен оның
келешектегі  дамуын  қарастырдым.
        Өткен жүзжылдықтың аяғы адамзат тарихындағы ең бір ауқымды
өзгерістер кезеңі болды: қоскіндікті дүниенің негіздері қиратылды. Бізге,
егер тиісінше шаралар қабылдамасақ, экономикалық күйреуден де қашып құтылу
мүмкін еместей көрінген. Біз экономиканы ырықтандыруға әзір едік, бірақ та
бізде нарықшылар командасы болмай шықты.
        Қазақстан жауапты таңдау жасады жөне бәсекелестікке, меншіктің
әрқилы формаларын дамытуға негізделген экономикаға
әлеуметтік  бағдарлануды белгіледі.
        Алайда мақсатты жариялау және елді сапалық тұрғыда басқа жағдайға
көшіру — бұл мәні бірдей емес міндеттер. Тұтас ұрпақтар тіршілік әрекетінің
мүлдем басқа жағдайларына бейімделген ел үшін өздігінен икемделетін және
әлеуметтік бағдарланған нарық тетігін қалыптастыру тарихи тұрғыда жүйелік
көшу жөніндегі күрделі міндеттердің тұтас кешенінен тұратын айрықша,
ауқымды проблемаларды шешуді өз-өзінен көздейді.
        Өткен өзгерістердің басты қорытындыларын бағалай отырып, мынаны
сөзсіз мойындаған жөн: біз нарық тетігін іске қосып, сұраныс пен ұсыныс
бағаны реттейтін, тауар ағымдарының қозғалысын, бәсекелестіктің табиғатын,
инвестиция арналарын айқындайтын ахуал жасай алдық.
Жаңа экономикалық саясаттының қалыпатсуы мен келешектегі бағыт
бағдары
Елеулі экономикалық табыс таңдаған экономикалық даму моделінің
дұрыстығын долелдейді. Мұны нақты ІЖӨ өзгерісінің динамикасы айқын
көрсетеді. Мәселен, 2003 жылы 1991 жылмен салыстырғанда ІЖӨ-нің артуы 106,3
пайызды құрады, бірақ бастысы — бүл көрсеткіш бойынша біз дағдарысқа
дейінгі 1990 жылдың психологиялық тұрғыда маңызды шебіне әбден жакындай
түссек, 2004 жылдың қорытындылары бойынша бұл шепті еңсереміз.
        КСРО экономикасы әр республикаға, нақты қажеттіліктерді
ескерместен, өз рөлі мен даму стратегиясы берілетіндей түзілген болатын.
Украинада — технологиялық өндіріс, Белоруссияда мәшине жасау шоғырланды,
Өзбекстан мақта өндірді. Қазакстанға аграрлық-шикізаттық шылау рөлі
берілді. Бұл оның орасан табиғи ресурстарымен айқындалған еді.
Біздің еліміз әлемдік темір рудасы қорының шамамен 8 пайызына,
әлемдік уран қорының 25 пайызға жуығына иелік етеді. Мұнайдың барланған
қоры бойынша Қазақстан әлемде 12-орын алады және болжам бойынша 2015 жылы
мұнай өндірудің көлемі жағынан алғашқы ондық елдерінің  қатарына  кіреді.
        Қазақстан көмір өндіретін ел ретінде әлдеқашан танылған.
Республикадағы көмір қоры 35,8 миллиард тоннаны құрайды. Бұл жалпы әлемдік
қордың 3,6 пайызы. ТМД елдерінің арасында көмір қоры мен оны өндіру бойынша
Қазақстан Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады.
        Біздің республиканың міндетіне үлкен бөлігі тасып әкетілетін табиғи
ресурстарды өндіру кірді. Қазақстанда өндірілетін мұнайдың — 70, темір
рудасының — 55, қара металдың — 46, көмірдің 28 пайызы
сыртқа  кетіп  жатты.
        Біздің өнеркәсіп жоғары қосымша құны бар өнімдерді жеткілікті
шығармады, онда 4 жөне 5 қайта бөлісулер болмады. Жерімізде ресурстардың
барлық түрі бола тұра, біз ақырғы өнімді шығармадық.
        Ауыл шаруашылығына экстенсивтік жөне шығындық сипат тән еді.
Біздегі қажетгі селекциясыз және кымбат тұратын жемшөптегі мал шаруашылығы
тиімсіз болды. Түсімі өте төмен ұлан-ғайыр егіс алқаптары елдің астыққа
деген қажетін жабуға мүмкіндік берді, бірақ
экономикалық  тұрғыда  өзін  ақтама ды.
        Қазакстанның ауылдарына тыңайтқыштар, гербицидтер, ауылшаруашылық
мәшинелерін сатып алу, егін орағын, астық, ет пен сүт тасу мен өңдеуді
каржыландыру үшін орталықгандырылған түрде жыл сайын одактық орталыкган
1985 жылдың бағаларымен 4 миллиард
рубльге  жуық сомада  дотация  бері летін.
        Қазақстан экономикасының дербестігі туралы сөз бола алмайтын.
Барлық ірі кәсіпорындардың 80 пайызы одақтық бағыныста болды. Республикаға
тек тамақ және жеңіл өнеркәсіпке билік ету құқығы қалатын.
        90-шы жылдардың басында "саясат экономиканың алдында жүретін",
бірақ уақыт бөрін өз орындарына қойды. Егемендік алдық деп есі кете
қуанудан кейін жаңа мемлекеттерге дербес экономикалық жүйелерін құруға тура
келді. Нарыққа өту алдын ала айқындалды, алайда көшу моделін таңдау күн
тәртібінде түрған ең қиын мәселе болды.
Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Дж.Стиглиц атап
көрсеткеніндей, "бұл елдер коммунизмнен бас тартуын қандайлық шүғылдықпен
жарияласа, батыс кеңесшілері өздерінің нарық экономикасына жедел көшудің
"мүлтіксіз" рецептерін сондайлық шұғылдықпен айтып бақты". Сол кезде біз
кейбір шетелдік кеңес берушілердің теориялық ізденімдері нақтылықтан
қандайлық алшақ екенін  түсіндік.
        Экономикалық, көп ретті жасанды байланыстардың үзілуі алғашқы
жылдары келеңсіз ұласпалы әрекет туғызды. Кәсіпорындар тоқтап жат өнімдер
өтпей тұрғандықтан, коймаға жұмыс істеді. Ондаған мың адамдар жұмыссыз және
тірлік ету қаражатынсыз қалды.
Ауыл шаруашылығы тірек еткен дотациялар мен субсидияларды төлеу тоқтатылды.
Орталықтандырылған жоспарлы сатып алуға бағдарланған колхоздар мен
совхоздар бір сәтте бәрінен айырылып тынды. Осынау келеңсіз процестердің
салдары ретінде бюджетке салықтар түспей қалды. Жалақы мен зейнетақыға
каражат болмады. Қазына қаңырап, қаржы резервтері түгесілді.
        1991 жылға қарай Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал
әлдеқайда қиындады. ІЖӨ 12 пайызға төмендеп кетті. Рынокта тауар
жетімсіздігі байқала бастады. Бұрынғы жылдары тұмшаланып келген инфляция
сыртқа сыпырыла шығуға әзір тұрды.
Сол жағдайда бізге бір мезетте аса маңызды міндетті шешуге тура келді. Осы
дағдарысты еңсеру ғана емес, сонымен бірге өзіміздің дербес экономикалық
жүйемізді құра бастау қажет болды.
        Ол кезде ырғалып-жырғалуға уақыт берілмейтін. Әлемдік экономикалық
жүйені жақсы білетін отандық кәсіпқойлар да болмады. Реформалау тәжірибесі
және қажетті заңнамалық база жоқ еді. Өзгерістер бағдарламасының өзі де жоқ
болатын. Ал жаңа жүйеге өтуді өте қысқа мерзімде жүзеге асыру қажет еді.
Сондықтан да біз стратегиялық шешімдерді жедел қабылдай отырып, алға қарай
жүрдік. Әрине, біз басқа елдердің тәжірибесін ескеруге тырыстық, бірақ та,
белгілі болғанындай, олардың бірде бірі біздегіге ұқсас жағдайда нарыққа
жылдамдата көшуді жүзеге асырмаған екен.
                                                
Макроэкономикалық тұрақтандыру
        Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен
ұсыныстың; табыстар мен шығындардың; ақша массасы, айналым қаражаты мен
инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бұған мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын
енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын  еді.
    Мемлекеттік экономикалық саясат ақша-кредит, салық-бюджет, баға және
антимонополиялык, инвестициялық, технологиялық саясат кіруі тиіс болды. Бұл
екі деңгейлі банк жүйесін құруды, алтын-валюта резервінің қорлануын, қор
биржасы, салық, кеден және басқа  органдар  секілді жаңа мемлекеттік
институттарды қалыпта дамытуды талап етті.
Бірінші кезеңде өзекті міндет басқарудың әміршіл-әкімшіл
әдістерін алмастыру болды. Өйтпеген жағдайда туындаған проблемаларды шеш
алмас едік. Ал олар анық көрініс берді.
Тұтыну тауарларын өндіру барынша азайды. Қаңыраған сөрелер сұраныс пен
ұсыныстың сәйкессіздігін көрсетіп тұрды. Тек бағаны өсіру есебінен пайда
қуушылықтың жалпыға ортақ жарысы басталып кетті.
        Тауар тапшылығы, өсіп бара жатқан гиперинфляция жағдайына тап
болған біз бірінші кезекте бағаның ырықтандырылуын жарияладық, ол нарықка
өтудің табанды қадамы болды. Сұраныс ұсынысты туғызады деген классикалық
кестені іске косу керек болды. Бірақ та адамдар бұл шараны, бағалар кілт
аспандап кеткендіктен, ауыр қабылдады.
Кеңестік экономикада бағалар сұраныс пен ұсынысты ескеріп емес, саяси және
идеологиялық себептер бойынша белгіленетін. Сондықтан да экономика әрдайым
тапшылыкты және инфляциялық болды. Оның үстіне тауарлармен және
қызметтермен қамтамасыз етілмеген артық ақша проблемасын жоспарлы экономика
әдістерімен шешу мүмкін емес. Бұл жағдайдан бірден-бір шығу жолы
тұмшаланған инфляцияны ашық инфляцияға айналдыру болып табылатындықтан,
кесімді бағалардан еркін бағаларға біртіндеп көшу сәтсіздікке ұшырайтын
еді, сондықтан да онымен классикалык, әдістер бойынша күресу көмектеспеді.
        Алайда рынокты тұтыну тауарларымен толтыру айтарлықтай тез жүрді,
кезектер жоғалды, карточкалық жүйе алып тасталды. Адамдар өз бизнесін
ұйымдастыра бастады, белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлік бастамашылық көрініс
берді. Бұл сұраныс пен ұсыныс экономикасының алғашқы  нәтижесі  болды.
        Бірақ та өндіріс тоқтап, байланыстар үзілген ретт біздің біртұтас
рубль аймағында тұрып жатуымыздан жағдай күрделі болып қала берді. Мұндағы
келеңсіз үрдістер Мәскеу жүргізіп отырған жүйесіз ақша эмиссиясымен
айқындалды. Ресейден Қазақстанға ескі рубльдер вагондап жөнелтілді, мұның
өзі инфляция үшін нәрлі топырақ болды. Біз таңдау алдында тұрдық — не ақша
массасын қысу керек, не бағаға қатаң мемлекеттік бақылау орнату керек.
Екінші нұсқа ескі кезеңдерден әлдеқайда қалыпты болып көрінетін, бірақ та
әу бастан-ақ реформалар қисынына  қайшы  келетін.
        Біз өз жолымызды таңдадық, ол ұлттык. валюта енгізуді көздеді.
Қазақстан бұған бұрынғы Одақ елдерінің ішінде соңғысы болып барды, өйткені
басқаларға қарағанда Ресеймен экономикалық байланыстары әлдеқайда берік
еді. Бірақ біздің шыдамымыз шегіне жетті. Сөйтіп 1993 жылғы 15 қарашадан
бастап біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны — ұлттық
валютамыз теңгеге ие болдық. Жуырда біз аса маңызды жетістігіміз болып,
одан кейінгі ауқымды өзгерістерге кеңістік ашқан сол оқиғаның 10 жылдығын
атап өттік. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995
жылы оны екі таңбалы көлемге дейін түсіріп, инфляция процесін ауыздықтауға
мүмкіндік берді.
        Тікелей тәуелсіздік алғаннан кейін бірінші кезекке дербес бюджет,
салық және кеден жүйелерін құру мәселелері де шықты. Іс жүзінде оларды
тақыр жерден түзуге тура келді. Бірінші кезеңде сәйкес нормативтік-құқықтық
базаны жасау талап етілді.
        Ескі жүйені қирату алғашқы жылдары мемлекеттік бюджеттің өте үлкен
сәйкессіздіктеріне соқтырды, өйткені әлеуметтік кепілдіктер мөлшері нақты
экономикалық мүмкіндіктерден асып тұрды. Мысалға, 1991 жылдың бюджет
тапшылығы 20 пайыздан артық болды.
        Теориялық тұрғыда бюджет тапшылығын төмендетуге кәсіпорындардан
алынатын салықтарды кілт ұлғайту және әлеуметтік бағдарламаларды сондайлық
кілт қысқарту есебінен жетуге болады. Алайда салық ауыртпалығын үнемі
ұлғайту орынды емес, өйткені бүл іскерлік белсенділіктің төмендеуіне және
экономиканың көлеңкеге кетуіне соқтыратын еді. Сондай-ақ кәсіпорындарда да
үлкен салықтарды төлеуге жеткілікті  каражат  болмады.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып салық реформасын жүргізді.
1995 жылы Президенттің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығы шықты. Соған сәйкес салықтардың саны
3 еседен астамға қысқарды. Салық органының қызметі принципті түрдегі басқа
сипатқа ие болды. Салықтар мембюджетті толықтырудың әдісі ретінде ғана
емес, сонымен бірге инвестициялық-өндірістік қызметті ынталандырудың кұралы
ретінде де қарастырыла бастады.
        Енді экономикалық тұрақтану кезеңі басталғаннан кейін салық
жүйесінде біз екпінді өндіріс саласынан айналым саласына көшірдік. 2002
жылы ҚҚС ставкасын 16 пайызға дейін, әлеуметтік салықты 26-дан 21 пайызға
дейін төмендеттік. 2004 жылғы 1 каңтардан бастап ҚҚС ставкасы 15 пайызға
дейін төмендеді, ал әлеуметтік салықты есептеу кезінде 20-дан 7 пайызға
дейінгі регрестік ставка әрекет етеді.
        Қазақстанда принципті тұрғыдағы жаңа және осы заманғы екі деңгейлі
банк жүйесі құрылды, оны халықаралық барша қаржы ұйымдары ТМД-дағы үздік
жүйе деп атайды. Ұлттық банк тәуелсіз болды. Бұл мемлекеттік ақша-кредит
саясатының тиімділігін кілт арттырды. Екінші деңгейдегі банктер даму
серпініне ие болды. Өз кезегінде банк саласындағы реформалар бағалы
қағаздар рыногын қалыптастыру жөніндегі  белсенді  күш-
жігермен  нығайтылды.
        Бюджет жүйесін реформалау 1996 жылы "Бюджет жүйесі туралы" Заңның
қабылдануымен басталды. Ел Үкіметі бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық банк
кредиттерін алу практикасынан бас тартып. қаржыландырудың инфляциялық емес
көздерін пайдалануға көшті. Осы шаралардың бәрі мемлекеттік шығындарды
қатаң шектеумен бірлесе келіп, макроэкономикалық тұрақтанудың негізіне
айналды.
        Мемлекет иелігінен алуға, жекешелендіруге, сондай-ақ инвестициялык,
саясатқа байланысты мәселелерге жеке тоқталғым келеді. Ақша массасының
қысқаруы мен инфляцияны төмендетудің кері жағы да болды. Кәсіпорындар
тоқтай бастады. Төлемеушілік дағдарысы ушықты. Өзара есептесудің негізі
бартер болды. Осы жылдарда атқарылғанның  бәріне  қатер  төнді .
        Қарапайым қисын мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты
көшудің мүмкін еместігін еске салып тұрды. Бұл қадам нарық субъектілерін
қүру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі
психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды.
        Сондықтан да біз ауқымды жекешелендіруге кірістік. Бүгінде оны
өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен
алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең
мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен  сипатталады.
        Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында
1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың қатарында
ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды.
        Екінші кезең "Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен
мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттык
бағдарламасы" негізінде жүргізілді.
        Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен
жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті
дамытуға белгі берілді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік
сауда жүйесін өзгерту басталды.
        Көтерме-бөлшек сауда, сауда-саттық және автокөлік бірлестіктері
шағын жекешелендіруді жүргізудің алдында дербес заңды тұлғалар құру
мақсатымен сегменттелді. Осының арқасында дүкендерді, мейрамханаларды,
дәріхана желісін, автомайқұю стансаларын коса алғанда қызмет көрсету
саласында бәсекелестік орта пайда болды.
        Біз нарықтық экономиканың негізгі субъектісі маркетинг пен
менеджменттің прогресшіл де тиімді әдістерін пайдаланатын меншік иесі болып
табылатынын білдік. Купондық жекешелендірудің ащы сабағы мынада еді,
меншікті жайдан-жай бөліп, үлестіріп беруге болмайды. Жаңа меншік иесі
капитал мен технологияларды тартуға кабілетті болуы  тиіс.
Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар "Жекешелендіру
туралы" Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол
тек ақша қаражатына жүзеге асырылды.
        Шетелдік компаниялар өзімен бірге сондайлык қажетті инвестициялар,
басқарудың озық тәжірибесін әкеледі деп білуіміз орынды екен. Нәтижесінде
біздің кәсіпорындар өз дамуының жаңа серпініне ие болды. Жаңа жұмыс
орындары ашылды. Адамдар тұрақты жалақы ала бастады.
        1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды
жетілдіру мәселелері шыкты. Сондықтан қазіргі төртінші кезеңде біз
мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша
мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді белуге жаңа
көзқарас  қолдана  бастадық.
        Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалык қауіпсіздігін
анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің
ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ
секторында — бұл "ҚазМұнайГаз", энергетикада — "КЕГОК", телекоммуникацияда
— "Қазақтелеком", темір жолда — "Қазақстан темір жолы".
            Қазір біз бұл салаларды да реформалауға жеттік. Темір жол
саласын қайта құрылымдау бағдарламасы басталды. Электр энергетикасы жөне
телекоммуникация салаларын монополиясыздандыру міндеті  қойылды.
        Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған
жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды құруға
жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 пайызға жуық
көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.
        Экономикалық реформалар ІЖӨ құрылымында жақсы байкалады. Мәселен,
1991-ден 2003 жылға дейінгі кезеңде тауар өндірісінің үлесі 43 пайызды
құрап, 23 пунктке қысқарды, тиісінше қызмет көрсету өндірісінің үлесі 37,2-
ден 52,3 пайызға дейін өсті. ІЖӨ құрылымының мүндай өзгерісі осы заманғы
жалпы әлемдік үрдістерге сай келеді. Қазақстанда ІЖӨ құрылымындағы қызмет
көрсетудің үлесі Достастық мемлекеттерінің арасындағы ең бір жоғарысы (ТМД
бойынша орташа 44 пайыз). Әлемнің дамыған елдерінде қызмет көрсетудің үлесі
шамамен 60-73 пайызды құрайды, атап айтқанда Жапонияда — 66 пайыз,
Ұлыбритания мен Германияда — 71 пайыз.
        Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым
сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі
бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті.
Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін
институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен,
мамандандырылған өкілетті орган жөне Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы
заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру жөне өзара қорғау туралы,
қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер
жасасылды.
        1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі
бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары,
әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы.
        Қорытындысында қазіргі сәтте жан басына шаққандағы    
игерілген     тікелей     шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша
Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға
бірінші болып инвестициялык деңгейдегі кредит рейтингі берілген.
        Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз
шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы
ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы қаражатының
жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазакстанның өзі орасан
кен орындарын толық мәнінде игере алмады.
        Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың
іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы
мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993
жылы "Шеврон" корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны
бойынша келісім жасалуы баскд трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі
болды.
        Инвесторлардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды.
Бүгінде Қазақстанда өлемнің аса ірі мүнай компанияларының бәрі жұмыс
істейді. Олардың арасында "Эксон Мобил", "Шелл", "Эни", "ШевронТексако",
"Тоталь", "Бритиш петролеум", "Лукойл", Қытай ұлттық мұнай корпорациясы
бар. Олардың қазақстандық рынокта болуы елдің жоғары инвестициялық
тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғау
саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да  куаттайды.
Соңғы 30 жылда коры 10 миллиард баррель деп бағаланған аса ірі Қашаған кен
орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланған қорлары бойынша әлемде
жетекші орындардың біріне шықты.
        Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз бір ғана
көмірсутегін өндірумен тәмамдалмайды. Оларды әлемдік рыноктарға тасымалдау
үшін инфрақұрылым жасаудың маңызы бүдан кем емес болатын. Кеңестік кезеңде
ішкі рынокқа бағдарланған Қазақстанның мұндай тұрба құбырлары жоқ еді.
Тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыш және ойдағыдай іске асырылған жоба Каспий
тұрба кұбыры консорциумы болды. КТК-ның іске қосылуымен біз тасымал
маршруттарын белсенді ету жөнінде дәйекті саясатты жүзеге асыра бастадық.
Өткен жыл Каспий бойынша келіссөз процесінде сірескен сеңді бұзып өткен жыл
болды. Ресеймен стратегиялық әріптестік қазір қайрандағы бірлескен ірі
жобаларда нақты жүзеге асырылып келеді. Қытай бағытындағы тұрба кұбырының
құрылысы басталады.
        Біздің еліміздің экономикалық дамуындағы мұнай факторының рөлін
бағаламау мүмкін емес. Шынында да, 1985 жылмен салыстырғанда бүкіл әлемде
көмірсутегі шикізатын өндіру 1,3 еседен кем болып отырғанда, біз өндіру
көлемін 225,4 пайызға ұлғайта алдық, ал Ресей сексенінші жылдар кезеңіндегі
деңгейді енді ғана калпына келтіре бастады.
Шынында да, мұнайдың арқасында біз экономикалык, жүйені өзгерту процесін
жеделдете алдық. Бірақ та дамудың қазіргі динамикасына кол жеткізуге
энергия сақтаушыларға деген әлемдік бағаның артуы ғана ықпал етіп қойған
жок,- Бұл — экономикалық өзгерістердің нәтижесі.
        Бүгінде мемлекеттік бюджеттің ширегі ғана мұнай табыстарының
есебінен  қалыптасады.
        Тікелей инвестициялар қара және түсті металлургияның тиімділігін
көтерді. "Самсунг" және "Қазақмыс" корпорациялары саланың дамуына 1833,5
млн. доллар жұмсады. Бұл 2000 жылы-ақ шақпақ мыс шығару жөніндегі 1990
жылғы деңгейді 9 пайыз арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде мыс
өндірудің көлемі бұрынғы жылдардың үздік көрсеткіштерінен асып түсті. Испат-
Қармет өндірістің дамуына 500 млн. доллардан астам жұмсады. Қарметкомбинат
металдармен және полимерлермен қапталған металл табақшалар шығарудың қуатты
индустрияландыру  кезеңінен  өтті.
        Қазхром мен Қазалюминий 537,2 млн. доллр мөлшеріндегі
инвестициялардың арқасында тиімділігі жоғары өндірістерге айналды. Мұны
қорғасын-мырыш саласының жұмысы туралы да айтуға болады.
        Нақ осы салалар бүгінде ел бюджетін негізгі толықтырушылардың бірі.

        Алдағы кезде бюджет жоғары қосымша құны бар дайын өнімнің, шағын
жөне орта бизнес пен өңдеу салаларын дамыту түсімдері есебінен барған сайын
көбірек толығатын болады.
        Экономикадағы реформалар өздігінен қатардағы азаматтар тарапынан
меншікке деген көзкарастыңөзгеруі жағдайында ғана тиімділік бере алар еді,
түрғын үйді жекешелендіру кезеңінде осылай болды да. Меншікке ие ету тұрғын
халық менталитетінің өзгеруіне әкелді. Мемлекетке иек арту, масылдык
психология өткенге кете бастады. Енді өз тұрғын үйінің жауапкершілігі
азаматтардың өздеріне көшті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты одан өрі
өзгерту кажеттілігі пайда болды. Қасаң ТПК-лардың орнына халықтың пәтер
иелерінің кооперативтері тұрпатындағы өз ұйымдарына екпін түсірілді.
Табысты орнықтыру және экономикалық өсу жағдайларын жасау
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған
стратегиялық бағдарламалық құжатқа мұқтаж болатын. Олар "Қазақстан-2030" ел
дамуының Стратегиясында тұжырымдалды.
        Осы сәттен бастап реформалар жүйелік деңгейге көшті. Реформалардың
басымдықтары институттық өзгерістер жағына қарай ойысты. Экспорттық
әлеуетті кеңейту және сыртқы инвестициялық
ресурстарды  ұлғайту  жолдары  белг іленді.
        Бұл процесс Қазақстан кезекті сынаққа — 1997-1998 жылдарғы азиялық
қаржы дағдарысына тап болған сәтте де тоқтамады. Іс жүзінде соңғы сәтке
дейін біз халықтың тұрмыс деңгейі күрт құлдырауына жол бермеу үшін теңгенің
бағамын жасанды түрде ұстауға тырыстық. Қазақстан тағы да кәсіпорындардың
жаппай жабылуы мен жұмыссыздықтың қар көшкіні секілді өсу қаупімен бетпе-
бет келді.
Бұл дағдарыс біз үшін сабақ болды. Болашақта Қазақстанның алдында мұнайға
деген жоғары бағалар сынағы тұрды. Біз мұнай долларларын өңдеу салаларын
дамытуға және осы заманғы бәсекеге қабілетті экономика құруға бағыттай
отырып, оларды дұрыс жұмсай білу керектігін түсіндік. Мұның өзі энергия
сақтаушыларға деген әлемдік бағалардың өзгерісіне тәуелділікті азайтуға
мүмкіндік берер еді.
        Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамуды қамтамасыз ету, қолайсыз сырткы факторларға
тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құруға кірісті.
        Алайда мұны сілкіністер мен дағдарыстар жағдайында ғана сақтандыру
әдісі ретінде қабылдамау керек. Оның мәні бүдан тереңірек. Ол болашақ
ұрпақтар алдындағы біздің жауапкершілігіміздің көрінісі ретінде пайда
болып, артық пайдаларды бір сәттік проблемалардың шешіміне жұмсауға
елігуден тыс болуымызга мүмкіндік берді. Қазіргі таңда Ұлттық қорда 4,7
млрд. доллар немесе 631,8 млрд. теңге жинақталған, олар республикаға
тұрақты табыстар әкелетін жоғары өтімді қаржы   құралдарына  салынға н.
Банк жүйесіне сенімді арттыру үшін шаралар кабылданды. Кеңестен кейінгі
кеңістікте алғаш рет жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендірудің ұжымдық
жүйесі құрылды. Мұның өзі азаматтардың қозғалыссыз жатқан қаржыларын нақты
секторды қаржыландыруға тарту  мүмкіндігін  туғызды.
        Елорданы Астанаға көшіру елдің дамуына елеулі серпін берді.
Мемлекетті бұрынғыдан тиімді басқару және өңірлік дамудың сәйкессіздігін
реттеу үшін елдің географиялық байтағында экономикалық-саяси тартылыс
орталығын күру қажет болды.
Геосаяси артықшылықтармен қатар елорданы көшіру ел экономикасы үшін орасан
зор мультипликативтік тиімділік берді. Құрылыс өркендеуінің ұласпалы
әрекеті барлық облыс орталықтарын қамтыды, олар бүгінде өзгеріп сала берді.
Мұның өзі мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылуына, салалас өндірістердің
дамуына жеткізді. Қысқа мерзімде қала айтарлыктай өзгеріп, мемлекеттің
шынайы саяси орталығына  айналды.
        Он жылда нарықтық қатынастарға барлық салалар тартылды. Ауыл да
бұдан тыс қалған жоқ, бірақ ондағы реформалар кешігіп жүріп жатты.
        Біз барлық мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын ұжымдық
меншікке бердік, содан кейін жекешелендіру жүргіздік. Қиын, бірақ
стратегиялық тұрғыда дұрыс жол таңдап алынды, ол ауылда нарықтық қатынастар
жүйесін жасауға бастады.
        Рынокқа берік бағдарланған фермерлер табы пайда болды. "Астық үшін
айқас" кезеңдері ұмытылды. Соңғы үш жылда жұмыс ырғағындағы Қазақстан дәнді
дақылдардың миллиард пұттарын өндіріп отыр. Бұл ретте егін жинау-себу
науқандарына кеңестік уақытқа қарағанда жанар-жағар май материалдары 10 есе
дерлік аз жұмсалады.
        Алайда тұтастай алғанда жер мәселесі шешілмей қалып келді.
        Аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу
үшін 2003-2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2003-2005 жылдарға
арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасының қабылдануымен біз
аграрлық сектордың тиімді кызмет етуінің негізін қалыптастыратын
институттық тетіктерді іске қостық.
        Жер кодексі айтарлықгай ауыр қабылданды. Бүл кездейсоқ емес еді.
Жер мемлекеттің негізі болып табылады. Бүгінде ауылда қазақстандыктардың 43
пайызы тұрады. Олардың әрқайсысының жерге деген өз қатынасы бар. Бұл
мәселедегі пікірлердің қарама-қайшылығы да осыдан.
        Бірақ та нарық мұндай текетірестерге төзбейді. Аграрлық сектор —
бұл химия кәсіпорындары, мәшине жасау, мұнай өнеркәсібі өнімдерін және
қызмет саласын аса ірі тұтынушы екені көп реттеұмытыла береді. Бұл
салалардың бәрі дерлік түгастай нарыққа киліктірілген. Бірақ та дәл осыны
аграрлық сектор туралы айтуға әлі болмайды, өйткені ауылшаруашылық
мақсатындағы жерлер нарықтық қатынастарға әлі киліктірілмеген.
        Жерге деген ұқыпты қатынас жоқ кезде жеке меншікке деген құрмет
туралы қалай айта алмакпыз. Бұл проблеманы жерді жеке меншік иелеріне
берген жағдайда ғана шешуге болады. Және де сөз
жүзінде  емес,  іс  жүзінде.
        Біз жердің тозуы, жер қорының азуы дегеннің не екенін білеміз. Жер
табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп
тұрған киттердің бірі болып табылады. Егер олар айналымнан шығарылса,
өндірістік шығындар мен бағалардың, активтердің нарықтық құнын негіздей
отырып анықтау, тұрлаулы ақша айналымы, шетелдік инвестицияларды кеңінен
тарту, ипотекалык кредиттің дамуы мүмкін  емес.
        Осыны сезініп, түсіну бізге агроөнеркәсіптік кешен үшін, сондай-ақ
бүкіл ел үшін аса маңызды Жер кодексін қабылдауға мүмкіндік берді.
        Жерге деген жеке меншік және осы негізде еңбеккерлердің жаңа табын
тәрбиелеу — аграрлық сектордағы өркенді өсудің негізі.
        Енді ауыл шаруашылығына инвестициялар, жаңа технологиялар мен
тиімді менеджмент келуі керек. Жердің сезімтал да қамқоршыл қожасы пайда
болуы керек. Ал жеке меншік иелері мен инвесторлар ауылды
нақтылы  өзгерте  алады.
        Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту
жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді.
Қазақстандық экономиканы ырықтандыру процесі кері жүрмейді. Ендігі жерде
сөз осы жылдары талдап жасалып, байқап көрілген заңнамалық, нормативтік-
құқықтық базаны нақты мазмұнмен толықтыру және түзету, оның әлеуетін одан
әрі дамыту туралы болып отыр.
        Нарыққа көшу кезінде мемлекеттің экономикаға араласуы кілт
шектелді. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін қай жерде дербес еркін өсу жүріп
жатқаны, ал қай жерде мемлекеттің елеулі колдауынсыз, тікелей араласуынсыз
болмайтыны айқын көрінді.
        Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор
үлесін серпінді ұлғайту болып табылады. Мәселен, статистика мәліметтері
бойынша, 2004 жылдың I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мың заңды тұлғаның
192,7 мыңдайы жеке меншік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98 пайызы,
өндеу саласында бұл үлес — 98%-ды; ауыл шаруашылығы мен орман
шаруашылығында 97,5 пайызды құрайды.
        Көптеген экономикалық процестердің нақты қатысушысы жеке меншік
иесі болып отыр, тұрғын халықтың өзі де белсенді рөл атқарады. Оның мүмкін
болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кеңінен
қатысуы айрықша нарықтық мінез-құлық қалыптастырды, бүл меншік иесін сатып
алушының сұраныстарына ғана емес, тіпті қыңырлығына да сергектікпен карауға
мәжбүр етеді. Біз жаппай кәсіпкерлік рух феноменінің — жаңа менеджменттің
қаз тұруы үшін нәрлі ортаның калыптасуымен істес болып отырмыз.
        Әсіресе шағын кәсіпкерліктің дамуы атап көрсетуге тұрарлық. Нақ
осының дамуы, бірінші кезекте, осы заманғы нарықтық шаруашылық барған сайын
өзі дамитын ашық жүйеге айналып, өзін-өзі реттейтін қабілетке ие болуда деп
санауға негіз береді. Экономикалық қатынастардың жаңғыртылуы жалғасып
жатқаны сөзсіз және жетілдіріле   түсетін  болады.
        Әлемдік шаруашылық байланыстарына кірігуге қабілетті жаңа нақты
экономиканы құру аса маңызды тағы бір міндетке айналды. Экономиканы
құрылымдық өзгертудің айтарлықтай жан қинайтын проблемасы бар болмысымен
бой көтеріп түр.
Оның бұрынғы құрылымы деформацияланған болатын, өңдеу өнеркәсібіндегі
көптеген бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі сақталып қалды.
Көптеген өндірістердің қалыптан тыс монополиялануы да тежеуішке айналды,
мұның өзі олардың жинақылығына, шығаратын өнімдердің сапасына және
өндірістің тиімділігіне, оның рентабельділігіне келеңсіз әсер етті.
        Қазақстан экономикасы мембюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай
қолдау үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқы байланыстарды
өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа
бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес,
сонымен қатар бір мезгілде валюта қорын толықтыруға, теңгені нығайтуға,
оның айырбастылығын күшейтуге мүмкіндік берді. Осылайша импорттық тауарлар
үшін, шетелдік инвесторлар үшін қызықтырғыш ішкі рыноктың тартымдылығы
артты, экономиканы тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалды.
Шетелдік инвесторлар мен біздің мемлекеттің мүдделерін ұштастыру оңай
міндет емес. Негізінен олар өнеркәсіптің барынша тартымды
салалары бойынша үйлеседі.
Мақсатты шаралардың нәтижесінде шетелдік күрделі қаржыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
Өтпелі экономикадағы макроэкономикалық тұрақсыздық
Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері
Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу қарқыны
Дағдарыс және оған қарсы басқару
Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары
Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының кезеңдері
Әлемдік дағдарыстың зардабын игеру
Ақша-несие саясатының теориялары
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу: факторлары, кезеңдері, ерекшеліктері
Пәндер