Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы мен дамуы



 Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі
 Ақша айналымының заңы
 Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен нышандары
 Қазақстанның ұлттық валютасы . тенге
 Еркін валюта түсінігі
 Қорытынды
 Пайдаланылған әдебиеттер
Ақша - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) баға лауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ. Ол ерекше тауар болып табылады.
Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ. Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидағада сүйене отырып, ақшаны –белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектеп өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтады.
Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, «тауар құны қатынасында қорытындыланатын , құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы жойылады.»
Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтканда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде-ақ қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А. Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы жэне мәні туралы ортак пікір жоқ. Бірақ та ақшаны аныктаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға белуге болады: рационалистік және эволюциялық.
 Шеденов Ө.Қ,Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., БайжомартовҮ.С., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория, 2004жыл - 56-70бет

 Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері КазМЗА Ғылыми кеңесі оқу орындарының студенттері үшін оқу қуралы ретінде үсынған - Алматы 2002, 7.3.14 Мәдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы. Алматы, 1995.

 Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Есқалиев т.б. Экономикалық теория негіздері: оқулық /- Алматы: "Санат", 1998.

 Темірбекова, А.Б. Экономикалық теория: оқу құралы / А.Б. Темірбекова; Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті.- Алматы: Экономика, 2008.- 275 б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы

Орындаған:Болатова Г.М.
Тобы:АГ­413
Тексерген:Қуатқан Б.Қ.

Семей, 2015жыл

Жоспар:
+ Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі
+ Ақша айналымының заңы
+ Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен нышандары
+ Қазақстанның ұлттық валютасы - тенге
+ Еркін валюта түсінігі
+ Қорытынды
+ Пайдаланылған әдебиеттер

Ақша - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) баға лауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ. Ол ерекше тауар болып табылады.
Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ. Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидағада сүйене отырып, ақшаны - белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны - мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектеп өкілдері ақшаны - мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтады.
Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, тауар құны қатынасында қорытындыланатын , құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы жойылады.
Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтканда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде-ақ қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А. Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы жэне мәні туралы ортак пікір жоқ. Бірақ та ақшаны аныктаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға белуге болады: рационалистік және эволюциялық.
Біріншісі(ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) акшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нэтижесі ретінде түсіндіреді, яғни акшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.
Біздің пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды. Айырбастық құн -- бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алушылық құны.
Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар -- бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айыр - бастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.
Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының әр түрлі формаларының ақырындап алмасуы нәтижесінде жүзеге асты, яғни қарапайым немесе кездейсоқ форма, ол алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде, яғни тауардың бір түрін басқасына қарапайым айырбастау кезінде (1 қой = 1 қап бидай) туындады. Бұл жағдайда бір тауар өзіне карама-қарсы тауарда өз құнын өрнектеді. Тауардың басқа тауар - ға айырбасталу қабілеті соңғының құнын өрнектейді, яғни тауарда құн бар;
-- толық немесе жайылыңқы формадағы құн егіншілер мен малшылардың алғашқы ірі қоғамдық еңбеқ бөлінісі нә - тижесінде туындаған айырбастың дамуымен байланысқан. Көптеген айырбасталатын тауарлар ішінен бір неме - се бірнеше өтімді тауарлар (тұз, мал, астық) айқындалады, оларды басқа тауарларға айырбастауға болады. Осылайша, құнның қарапайым (кездейсоқ) түрінен жайылыңқы формасына өту жүзеге асырылады, яғни әр алуан тауарлардың құны бір немесе бірнеше балама тауардың құнымен (тұз, мал, астық) өрнектеледі. Әр түрлі тауарларды айырбастау кездейсоқ форма кезіндегідей өзара емес, бір немесе бірнеше ерекшеленген тауарлар арқылы жүзеге асырады. Алтынның 10 унциясы10 кг темірге, 1 қойға, 1 қап бидайға айырбасталады; кұнның жалпы формасы. Тауарлык әлемнен жалпы бала - ма ретінде бір тауар алынады (басқаша айтқанда ығыстырылады). Барлық тауарлар осы тауарға теңестіріледі, сол аркылы олардың арасындағы құн салыстырылады. 10 кг темір, 1 қой, 1 қап астық 10 унция алтынға теңес - тіріледі.
Әр түрлі аймақтарда осындай тауар ретінде әр түрлі тауарлар алынды. Мысалы, солтүстіктің халкы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал өсіруші халықтары -- малды, егін егуші халықтар -- астықты, қалаларда -- металлы, яғни темірді, қорғасынды, бағалы металдарды және т.б. қолданды.
Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған жағдайда ғана, ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады. Мұндай ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның нақты формасымен жалпы балама формасы бірігеді де, бұл тауар ақша деген атауды алады:
құнның ақшалай формасы ары қарайғы айырбас нәтижесінде жалпы балама орнына бір ақшалай тауарды қоюмен сипатталады. Бұл рөлді тарихи тұрғыда алтын мен күміс жеңіп алды. Бұл тауарларды олардың шынайы табиғи қасиеттеріне (біртектілігі, бөлінбеуі, өз қасиеттерін сактау қабілеті, жоғары құны және т.б.) байланысты бөлу жүзеге асты. 1 унция -- 1 фунт стерлинг. Алтын ақшалар өз кұнын ақшалай тауардың құндық субстанциясынан алады, ол алтынды өндіру саласында пайда болады, яғни олардың құны кез келген басқа тауардың құны сияқты жұмыс уақытымен анықталады, соның нәтижесінде тауарды ақшаға айырбастау баламалардың айырбасы болып табылады.
Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы тауар бөлініп шығады.
Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен өрнектеледі: ақшаның жалпы тікелей айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауарлар мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде әрқашан және барлық жерде ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс, негізінен ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етеді және әр түрлі тұтыну құны бар әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстырады; ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді.
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік - экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.
Ақша бес түрлі қызмет атқарады:
* құн өлшемі,
* айналыс құралы,
* төлем құралы,
* қор және қазына жинау құралы,
* дүниежүзілік ақша.
Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.
Ақша айналымы -- ақшаның айналымдағы қозғалысы, оның айналым және төлем құралы ретінде қызмет етуі. Ақша айналымының тауар айналымынан өзгешелігі -- әрбір тауар айналымда уақытша болады, ал ақша өзінің айналым құралы қызметін атқарғаннан кейін, айналыс арнасында тұрақты қалып, тауарларды өткізуге қызмет ете береді. Ақша айналымының объективтік заңы төмендегідей: тауарлар бағасының айналыстағы жиынтығы аттас ақша бірліктерінің айналым саны қатынасына байланысты. Дәлірек айтқанда, айналымдағы ақша аумағы тауарлар бағасы мен аттас ақша бірліктерінің айналым саны арқылы анықталады. Ақша айналымы мен тауар айналымы арасында тығыз байланыс бар, біріншісі екіншісіне тікелей тәуелді. Ақша айналымы теңелген сайын шаруашылықты дамытуға қажетті ақша массасы азая түседі. Бұл ретте ақша айналымын жоспарлау және реттеу айрықша рөл атқарады.
Ақша айналымын жоспарлау -- мемлекеттің айналымға керекті нақты ақша мөлшерін жоспарлы түрде белгілеп, жалпы ақша жиынын ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажетіне сәйкес реттеуі. Экономикалық үздіксіз дамып отыруы үшін айналымдағы ақша мен тауар жиыны арасында қажетті сәйкестік сақталуы керек. Ақша айналымын дұрыс реттеу мақсатымен барлық кәсіпорындар ақшалай қаржыларын банктерде ұстап, тек төлемге қажетті мөлшерін ғана алып отырады. Ақша айналымы жоспарлау халықтың ақшалай кіріс-шығыс балансы мен Ұлттық банктің кассалық және кредиттік жоспары негізінде жүзеге асырылады. Баланста табыстың көзі және оны пайдаланудың негізгі бағыты көрсетіледі. Мұндай баланстың көмегімен ақшалай кіріс-шығыс арасындағы сәйкестік сақталып, халықтың қолында артық ақшаның жиналып қалуына жол берілмейді. Ақша айналымы жоспарлау барысында айналымдағы жалпы ақша мөлшерін шұғыл түрде реттеу үшін республика, облыс, аудан бойынша ай, тоқсан сайын нақты ақшаның қозғалысы есепке алынуы тиіс және сол арқылы ішкі және сыртқы рынокқа қажетті ақша мөлшерін анықтап, оның пайдаланусыз жатып қалуын болдырмауға, ақша айналымын жылдамдытуға жол ашылады.
Ал ақша айналымын реттеу шаруашылық салаларына қажетті айналымдағы ақша мөлшерін қадағалауға мүмкіндік береді. Айналымдағы ақша шамадан тыс көбейіп кетсе, ақшаның құнсыздануына әкеліп соқтырады. Айналымдағы ақшаны реттеу Ұлттық банкке жүктеледі. Ол айналымға қажетті нақтылы ақша мөлшерін шығарып, егер ол шамадан тыс асып кетсе, айналымнан қайтып алып отырады. Бұл сияқты реттеу коммерц. банктерге несие көлемін өзгерту арқылы бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сатып алу немесе коммерциялық банктер Ұлттық банкте орналастыратын міндетті резервтердің нормаларын өзгерту және нақты экон. жағдайларға сәйкес кредиттер бойынша проценттік ставкаларды өзгерту жолымен жүзеге асырылады.
Ақша айналымын реттеу ақша айналымының заңы негізінде жүргізіледі. Бұл заңға сәйкес айналымға керекті ақша мөлшері:
* 1) айналымға шығарылатын тауар;
* 2) тауар бағасының дәрежесі;
* 3) ақша айналымының жылдамдығы факторларына байланысты.
Айналымға керекті ақша мөлшерін анықтау үшін айналымға шыққан тауар бағасының жиынтығын ақша айналымының мөлшеріне бөледі. Экономикалық дағдарыс және соғыс жағдайында экономиканың тұрақсыздығының күшеюі, соғыс шығындарын өтеу үшін шамадан тыс көп ақшаның шығарылуы оның құнсыздануына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде ақша айналымын реттеу қажеттігі туады. Ол үшін айналымдағы тауар құнынан артық ақша шегеру керек. Ақша айналымын реттеу халықтың табысы мен шығыны арасындағы айырмашылықты негізге ала отырып жүргізіледі. Ақша айналымы бір деңгейде болған жағдайда табыстың шығыннан артуы айналымға түсетін қыруар ақшаны керек етеді де, шығынның табыстан асып түсуі -- айналымдағы ақша мөлшерін азайтады. Айналымға керекті ақша мөлшерін кассалық жоспар арқылы бақылап отыруға болады. Кейбір қиын-қыстау жағдайларда (соғыс т.б.) мемлекеттің қосымша ақша шығаруға мәжбүр болса, оның айналымдағы мөлшері кейін реттеледі.
Ақшаның металдық және номиналдық теориялары. Ақшаның металдық теориясын меркантилизм мектебінің өкілі Томас Мэн (1571-1641 жж.) жасаған. Осы теорияға сай - алтын мен күміс бойынша - ақша болып табылады. Алтын мен күмістің ақша болуы олардың алтын және күміс болуында емес, бастығы - олардың қоғамдық еңбектің өнімі болйында. Тауар құны алтынмен өлшенеді, себебі тауарға да және алтынға да қоғамдық еңбек жұмсалған. Аздаған уыс алтынға да қоғамдық еңбек жұмсалған. Аздаған уыс алтында қоғамдық еңбектің көптеген мөлшері баршылық. Ақшаның номиналистік теориясының негізні идеясы мынаған саяды: ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады, бағатылығын мемлекет бекітеді. Номиналистік теорияны жақтаушыларға ағылшын экономисі Дж. Кейнсті және американ экономисі Пол Самуэльмонды жатқызамыз. Американ экономисі Пол Самуэльсон ойынша: Ақша - бұл әлеуметтік шарттылық. Демек, ақша номиналистік теория өкілдерінің ойынша, бұл зомбылық, бағылықтағы жасанды төлем құралы, яғни алтынмен байланысты жоқ. Номиналистік теорияның алғашқы идеясы Ертедегі Римде пайда болған
Инфляция салдарын нейтрализациялау мақсатында мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді.
Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей түрде және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.
Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүрді. Табыстар саясатын шартпен екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалар өсуінің нысаналарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолдана отырып нақты табыстар мен бағаның өсуін төмендетуге тырысқан жағдайлар болған. Нысаналарға еркін орындалуға тиісті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы ставкалары өсуінің максималдық шегі пайдаланылған. Жалақы ставкаларының өзгерстері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқындылығымен байланыста болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табысы реттеледі, ал пайда - жанама түрде баға рқылы реттеледі.
Әдетте бақылауды пайдалану үшін бағалар мен жалақыны белгілі бір уақыт мерзімі бойынша тұрақты етіп ұстап тұру туралы аң қабылданатын. Жалдамалы жұмыскерлер үшін табыстар саясатының дикриминациялық дәрежесі жоғары болады, өйткені мемлекет органдары және өндірушілер бағадан гөрі жалақыға бақылау жүргізу оңайға түспейді, өйткені тауарлар топтарының саны көп болады. Бұдан басқа экономикада еңбек өнімділігінің өсуі автоматты түрде ұлттық табыстағы жұмысшылардың үлесін салыстырмалы және абсолютті төмендетеді.
Табыстар саясатының бір вариантына әлеуметтік контракт жатады. Бағаның өсуі мен жалақының арасында тұрақты компромисс орнату үшін үкімет ірі кәсіпорындар мен кәсіподақтарының арсында келіссөз ұйымдастырады. Табыстар саясаты қашан болмасын дискуссия тудыратын. Осы саясаттың қарсыластарының айтуы бойынша кісіпкерлер мен кәсіподақтар жетекшілері өздерінің мақсатты қызметтерінен- барынша көп пайда табу бас тарта алмайды, сондықтан олар үкімет белгілеген нысаналарды өз еркімен орындамайды.
Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарлату пайдалы тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін. Бағалардың өсуіне шек қоюды болдырмайтын келесі әдіс, ол буып- түю дайын өнімдердің сапасы мен салмағын төмендету. Осыдан басқа бағаға әкімшілдік бақылау жүргізу нарықтың қызметін дұрыс атқаруына, ресурстар мен капиталдардың еркін жылжуына кедергі болады. Нәтижесінде, экономикада тапшылық жинақтала түседі, тұтынуды нормалау қажеттігі туады. Табыстар саясатының жақтаушылары бойынша, егер кәсіпкерлер мен жұмыскерлер үкіметтің инфляциямен күресуге кші де, құралдары да жеткілікті деп сеңсе, онда бұл саясат инфляциялық күтімдерді сөндіруге мүмкіндік береді. Нарық қызметінің тиімділігі туралы әңгіме құрғанда мына жағдайды атап өту қажет: монополиялық күштердің - тауар өндірушілердің және ресурстар иелерінің - бар болуын өзі ресурстардың бөлінуін бұрмалайды. Экономикада инфляцияның болуы осы тұжырымды дәлелдейді. Сондықтан бағаға бақылау жүргізу жағдайды түзетуге көмек бере алады.XX ғ. 60 жылдары нарық экономикалы елдерде жүргізілген табыстар саясатының тиімділігі күткендей болмады. Сондықтан 70 жылдардың ортасында практика жүзінде барлық дамыған елдер оны жүргізуден бас тартты.Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың дефляциялық шаралары жатады. Алғашқыда олар циклға қарсы саясат көлемінде қолданған болатын. Орталық банк инфляцияның күшеюіне байланысты ақша массасының өсуіне, ерілетін несиенің көлеміне, есепке алу ставканың өсуіне және ашық нарықта сатылатын мемлекеттік құнды қағаздардың міндетті резервтерінің нормасына бірте-бірте шектеу еңгізеді.
Айналымдағы ақшаның көлеміне шек қоюдан басқа, мемлекет фискалдық әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады: мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып, жеңілдіктерді жойып, немесе тікелей және жанама салықтарды өсіріп, амортизациялық реттейтін ережелерді қатайтады.
Инфляцияны төмендету мақсатымен алюта саясатының инструменттері пайдалануы мүмкін: шетелдерден келетін ақшаға шек қою, ұлттық валюта курсын көтеру.
Дефляциялық шаралардың тежеу жасайтын әсері алдымен экономикалық өсуді баяулатты және жұмыссыздықты өсірді, ал бағалардың төмендеуі елеулі болмады.Стагфляцияның пайда болуы дефляция саясатының кейбір инструменнтерінен бас тартуға мәжбүр еттті.
Стагфляциямен күресудің неоклассикалық бағытының балама жолдары бар. Оның мәні: инфляцияны төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбау үшін, экономикадағы осы және басқа процестерді қолдан шығарып алмауды көздеу керек.
Филлипстің қисық сызығына рестриктивтік шектеу монетарлық және фискалдық саясатты қолданып қалайда қайтып келіудің қажетіне тырысу керек емес, жиынтық ұсыныстың қисық сызығына тікелей ықпал ету қажет. Осы үшін қаржылық және ақша саясатын азғана өзгертіп, қатал стандарттарды, мақсатты қаржыландыру мен несиелендіруді, салаларды селективтік қолдауды, протекционистік шараларды, табыстар саясатының элементтерін қолдануды пайдалануға болады. Соңғы варианты қолданудың тиімділігі жоғары және бұның әлеуметтік шығындары төмен.
Үкімет үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізудің екі бағыты болады: оны бірте-бірте ұзақ мерзімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы жайлы мәлімет
Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы және дамуы
Ұлттық валютаның енгізілуі және валюта үлгілері
Қазақстан Республикасында ұлттық валюта жүйесі
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы жайлы мәліметтер
Валюталық реттеу қызметі
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы туралы
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы, дамуы
Валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара әсері
Валюталық саясат - әлемдік шаруашылықтың маңызды саласы
Пәндер