Паповавирустар. Парвовирустар. Поксвирустар. Вирустың клеткаға өтуі



1. Паповавирустар. Парвовирустар. Поксвирустар.
2.Вирустың клеткаға өтуі
паповавирустар (папилломалар, сүйел, полиомалар тудырады) 2) ұшық вирустары (әр түрлі ұшық инфекциялары, желшешек, белдеме теміреткі тудырады) жәнепоксвирустар (шешек ауруы пайда болады). Вирус пен сау жасушаның өзара қарым-қатынасы аса күрделі. Вирустың өніп-өсуі жасушаға байланысты. Ол төзімді, иммунитеті жоғары болса, өзінің денесіне вирусты кіргізбейді. Егер жасуша ісік вирусына сезімтал келіп, төзімсіз болса, онда вирус белсенділік көрсете бастайды. Вирус өз денесінен нуклеин қышқылын босатып шығарады да, ол әуелі цитоплазмаға, одан кейін ядроға енеді. Сол жерде қолайлы жағдай туса, өніп-өсіп, жасушаның тіршілік ету қабілетін жояды. І. т. в-дың қасиеттері әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Кейінгі кездерде вирустардың бәрі емес, солардың ішінде онкогені бар вирустардың ісік туғызғыш қасиеті жоғары екені анықталды (америкалық ғалымдар Р.Хюбнер, Г.Тодаро, 1969). Бұрын ғалымдар жасушаға ісік тудырушы онкогенді вирустарды жұқтырғаннан кейін, жасушаның өзінің қалыпты жағдайын өзгертпейтінін, ешқандай аурудың дамымағанын байқаған. Тіпті бұл кезде жасушаның құрамынан вирустардың жоғалып кететіні анықталған. Онкогенді РНҚ-құ-рамдас вирустардың құрамынан ДНҚ-ны РНҚ-ға синтездейтін арнайы фермент табылған. Соның нәтижесінде пайда болған ДНҚ-көшірме нағыз ДНҚ-мен бірігеді де, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Міне, осы ісік туғызғыш вирустарды провирус деп атайды. Провирустарды алғаш рет ғылымда дәлелдеген америкалық ғалым Х.М. Темин (1975). Бұл ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Хим. канцерогендер, рентген, радий, ультракүлгін сәулелері, “мутация” жасайтын дәрілер немесе созылмалы аурулар провирусты тежейтін күштерді әлсіретеді. Соның нәтижесінде организмнің реттеуіне келмейтін дамылсыз өсіп-өнетін ісік жасушалары пайда болады. І. т. в. біріншіден көлденең, екіншіден төте (анадан балаға емшек сүті немесе жыныстық жасуша арқылы) жолдармен таралады.
Қ.Х. Әлмағамбетов, Ә.Ө. Байдүйсенова, Қ.М. Мұхаметжанов «Микроорганизмдер биотехнологиясы», Жатқанбаев Ж. «Биотехнология».

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: 1. Паповавирустар. Парвовирустар. Поксвирустар.

2.Вирустың клеткаға өтуі

Орындаған: Қайратова А.Қ
Группа: БТ-407

Семей 2015
1)паповавирустар (папилломалар, сүйел, полиомалар тудырады) 2) ұшық вирустары (әр түрлі ұшық инфекциялары, желшешек, белдеме теміреткі тудырады) жәнепоксвирустар (шешек ауруы пайда болады). Вирус пен сау жасушаның өзара қарым-қатынасы аса күрделі. Вирустың өніп-өсуі жасушаға байланысты. Ол төзімді, иммунитеті жоғары болса, өзінің денесіне вирусты кіргізбейді. Егер жасуша ісік вирусына сезімтал келіп, төзімсіз болса, онда вирус белсенділік көрсете бастайды. Вирус өз денесінен нуклеин қышқылын босатып шығарады да, ол әуелі цитоплазмаға, одан кейін ядроға енеді. Сол жерде қолайлы жағдай туса, өніп-өсіп, жасушаның тіршілік ету қабілетін жояды. І. т. в-дың қасиеттері әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Кейінгі кездерде вирустардың бәрі емес, солардың ішінде онкогені бар вирустардың ісік туғызғыш қасиеті жоғары екені анықталды (америкалық ғалымдар Р.Хюбнер, Г.Тодаро, 1969). Бұрын ғалымдар жасушаға ісік тудырушы онкогенді вирустарды жұқтырғаннан кейін, жасушаның өзінің қалыпты жағдайын өзгертпейтінін, ешқандай аурудың дамымағанын байқаған. Тіпті бұл кезде жасушаның құрамынан вирустардың жоғалып кететіні анықталған. Онкогенді РНҚ-құ-рамдас вирустардың құрамынан ДНҚ-ны РНҚ-ға синтездейтін арнайы фермент табылған. Соның нәтижесінде пайда болған ДНҚ-көшірме нағыз ДНҚ-мен бірігеді де, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Міне, осы ісік туғызғыш вирустарды провирус деп атайды. Провирустарды алғаш рет ғылымда дәлелдеген америкалық ғалым Х.М. Темин (1975). Бұл ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Хим. канцерогендер, рентген, радий, ультракүлгін сәулелері, "мутация" жасайтын дәрілер немесе созылмалы аурулар провирусты тежейтін күштерді әлсіретеді. Соның нәтижесінде организмнің реттеуіне келмейтін дамылсыз өсіп-өнетін ісік жасушалары пайда болады. І. т. в. біріншіден көлденең, екіншіден төте (анадан балаға емшек сүті немесе жыныстық жасуша арқылы) жолдармен таралады.

2)Вирустың жасушаға енуі
Вирус (лат. vīrus - у) - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі - басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал құйрығының ұзындығы 20-22 нм-ге тең. Құйрығының ұшы - нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.

Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді:1) жасушаға ену;2) жасушада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; 3)вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; 4)одан вирионның түзілуі; 5) ересек вирустың жасушадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына жасуша қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда жасушамембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана жасушаның зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір жасушаны іштей жеген вирустар көршілес жасушаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустарды молекулалық биология 1 зерттейді. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін (генетикалық кодты анықтау) пайдаланылады. Вирус бөлшегінің жеке компоненттері өте күрделі қызмет атқарады. Мысалы, белок қабық вирусты қолайсыз жағдайдан сақтайды, нуклеин қышқылы оның түқымқуалаушылык және зақымдаушылық қасиетін анықтайды, ал ферменттер баска организм клеткасын ерітіп, вирустын оған енуін оңайлатады. Адам орга-низміне вирустар бірнеше жолдармен енеді. Көбінесе олар ауамен немесе тағамдармен, кейде насекомтаратқыштар -- маса немесе кенелер көмегімен келіп енеді. Тұмау. Тұмаумен ауырмаған адам жер шарында некенсаяқ болар. Бүл сырқат өте ертеден белгілі. Бүұл жөнінен кейбір мәліметті ерте дүние дәрігері -- Гиппократтың еңбектерінен де кездестіруге болады. Тұмау эпидемиясы адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918 -- 1920 жылдары түмаумен 500 миллиондай адам ауырьш, оның 20 миллиондайы қаза тапқан, ал бүның өзі ірінші дүние жүзілік соғыста қаза тапқандар санынан әлдеқайда көп. І^ Тұмау ісенеттен басталып, тез тарайды. Тұмаудың нағыз қоз-дырушысы'1933 жылы табылды. Осыған дейін ауруды бір кішкене ғана бактерия қоздырады делініп келді. Кейінірек ол микроб тұмау вирусының серігі екені анықталды. Қазір тұмау вирусының толып жатқан топтары бар. Сондықтан оның бір тобына жақсы әсер ететін құрал, екіншілерін мүлде зақымдамайды да. Бұлардың ішінде ішекті зақымдайтын энтеровирустар, бездерді кабындыратын аденовирустар бар. Организмге қоздырғыш әдетте тағам арқылы таралады, ал кейде ол ауадан да келіп түседі. Одан соң вирустар нерв клеткаларына еніп, әсіресе адам қозғалысын басқаратын нервтерді бүзып, жансыздандырады. Осының нәтижесінде адамның кейбір мүшелері жансызданады, омыртқалары қисайып бітеді және оны емдеуде өте қиынға соғады. Егерде ұлпаның бір үзімін алып ішінде қоректік ортасы бар пробиркаға салып +35, + 37°-та үстаса, ол өте шапшаң еніп- бастайды, белінеді. Ұлпаны әлсін-әлі жуып, таза жаңадан жасалған коректік ортаға салса, ол үзақ уақыт тіршілік ете алады. Бұл үшіы алдын-ала ұсақталған ұлпаны +35, +37°-та асқазан ферменті -- трипсинмен бірқатар уақыт өңдейді. Трипсин клеткалар арасындағы байланысты бұзады да, пробиркада бірыңғай заттар түзеді. Осы түзілген заттарды жуып, триисинді бөледі де, артынан қан сарысуы, түз ерітіндісі және антибиотиктер бар арнаулы затпен сүйылтады. Бүдан соң осы қоспаны пробиркаларға немесе арнаулы ыдыстарға қүйып, +37°-та термостатта үстайды. Осындай жағдайда клеткалар шыны қабырғаларына жабысып, көбейе бастайды. Бұның шын мәнісінде осылай кебейетіндігін аңғару клетканы микроскоппен қарасаңыз оның негізгі құрам бөлігі -- ядро, ядрошық, цитоплазма және қабығы айқын көрінеді, егер электрондық микроскоппен қарасаңыз оның цитоплазмадағы митохондрийі мен рибосомаларын, ядродағы хроматиндерін ажыратуға болады. Осындай клетканы вируспен зақымдаса, онда жүретін процесті микроскоппен карап бақылап отыруға болады.
Әр вирус клетканың белгілі бір жеріне ғана бекиді, ал клетка қабырғасында осындай вирустармен байланыса алатын жеке учаскелер болатыны анықталды. Әр клеткада ондаған, кейде жүздеген вирус бөлшектері адсорбцияланады. Электрондық микроскоппен іқарасаңыз микробтардың вирусы -- бактериофагтардың бактериялар клеткасында адсорбциялануын байқауға болады. Бактерияның бір шетіне 50-дей фаг бөлшектері бекиді. Өсімдіктердің вирусы басқа тыстан көмексіз клеткаға адсорбциялана және ене алмайды. Ауру өсімдіктен сау өсімдікке оларды зиянды насекомдар таратады. Клетка қабырғасына бекіыгеннен кейін вирустар оның ішіне ене бастайды. Жоғарыда бактериофагтар бактерия клеткаларына бекінеді дедік. Міне осы жерді олар қаңт суда қалай ерісе, солай ерітеді. Фаг құйрығы жиырылып барып, қайта жазылғанда ондағы нуклеин қышқылдары клетка ішіне шашырайды да, фагтың белок қабығы клетка сыртында қалып қояды. Сөйтіп клеткаға енген нуклеин қышқылы өзі тектес фагтарды көптеп түзе бастайды. Вирустың клеткаға енуі басқаша да болуы ықтимал. Кейде клетканың өзі оның қабырғасына бекіген вирус бөлшектерін ішке тартып жүұтып жібереді. Шынында эволюциялық даму барысында қалыптасқан, ортада қоректік заттарды жүтып сіңіру қасиеті, дәл осы жағдайда клеткалар үшін тым зиянға айналып отыр. Шынында вирустарды өзіне -- жұтып алу клеткалардың өзін-өзі өлтіруімен тепе-тең. Кейбір қүрылысы күрделі вирустар клеткаға ферменттер көмегімен ене алады. Шынында тірі организм клеткасы әр түрліхимия-лық құрамы бар екі қабаттан түратындықтан, бұл қалай жүретін күбылыс екені қызықты нәрсе. Клетка ішіне ену үшін вирустар осы екі бегеттен өтулері тиіс, бүл вирустарда арнаулы ферменттердің болуына байланысты. Клетка ішіне енген соң вирус еруі керек. Бұл үшін клеткада арнаулы протеаза ферменті бар. Егерде енген вирусты ерітетін фермент болмаса, олар қолайлы жағдайды күтіп жата береді, егер клеткада тиісті фермеңт болса, ол вирустың сыртқы қабығын бүлдіреді де, ішіндегі нуклеин қышқылын босатады. Бұдан әрі осы нуклеин қышқылы көбейіп езіне тән вирустар түзіп, клетканы іштен жеп құртады. Кейде вирустық нуклеин қышқылы цитоплазмада қалады, ал кейде ол ядроға және ядрошықтарға өтеді. Міне осы кезден бастап вирустың көбеюі басталады. Сонымен, қазір вирустың көбеюінде нуклеин қышқылының ролі барлығына ешбір талас жоқ, сонда онын. белогы неге қажет? Бүл ағдайды анықтау үшін бактериофагтар мысал етіп алынды. Белоктың азғана мөлшері (2%-ке жуығы) вирус бөлшектершде орналасқан және ол ДНК-мен байланысқан. Бұл белок ДНК-мен бірге клеткаға енеді. Вирустың көбеюінде оның ролі осы уақытқа дейін жұмбақ болып отыр. Бұдан әрі клетка ішіне енген нуклеин қышқылы вирустың тұқым қуалаушылық қасиетінің программасын орындауға кіріседі. Ал бұл программада клетка тек вирусты құрау үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етуші болып қала береді. Келіп түскен программа бойынша клетка енді вирустық нуклеин қышқылының бүйрығын ғана орындаушыға айналады. Белгілі бір уақытқа дейін клеткада вирустың бар жоқтығын анықтау мүлде қиын. Бұл үшін қазір ғылымда белгіленген атомдар әдісі қолданылады. Алдын-ала қүрамында -- белгіленген атомдары бар вирустарды клетканың қай бөлігінде болса да анықтап біліп отыруға болады. Мәселен, радиоактивті фосфорды қолдана отырып, нуклеин қышқылы белгіленген вирусты алуға болады; радиоактивті күкірт арқылы белокты қабығында изотопы бар вирусты алуға болады. Сөйтіп, радиоактивті изотоптар көмегімен вирус пен клетка арасындағы қарым-қатынасты зерттеуге болатыны анықталды. Клеткаға енген вирустар өздеріне тән ұрпақтарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Паповавирустар. Парвовирустар. Поксвирустар
Вирустар түсінігі мен түрлері
Вирустардың жіктелу принциптері. олардың номенклатурасы. вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирусқа қарсы иммунитет
Екі жіпті үзілмелі РНҚ
Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері. ДНҚ-сы бар және РНҚ-сы бар вирустар
Вирустың ДНҚ құрылымы
Вирустардың жіктелуі. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустардың жіктелуі Вирустардың репродукциясы
Вирустардың жіктелі принциптері.Олардың номенклатурасы.Вирустардың көбеюінін биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Пәндер