Адам құқығы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ...4

1 АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ...6
1.1 Адам құқықтарының тарихы ...6
1.2 Адам құқықтарының түрлері ...10
1.2.1 Жеке (тұлғалық) құқықтар ...10
1.2.2 Саяси құқықтар ...12
1.2.3 Әлеуметтік.экономикалық құқықтар ...14

2 АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МӘРТЕБЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ. ОМБУДСМЕН ...16
2.1 Адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің конституциялық
принциптері ...16
2.2 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі
Уәкіл (Омбудсмен) ...18
2.2.1 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл
қызметі ... 18
2.2.2 Халықаралық қауымдастық Адам құқықтары күні ...21

ҚОРЫТЫНДЫ ...24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... 26
Адам дүниеге келген күннен бастап өзінің құқықтарына ие болары белгілі. Қазақстан Республикасы Конституциясында былай делінеді: «Адам құқығы мен бостандығы әркімге тумысынан бастап беріледі, абсолюттігі мен ажырамастығы мойындалады, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды...».[1]
Құқық – адам бойына енгізілген өзіндік құндылық, құқық – бұл адам бостандығының өлшемдері. Бостандық – бұл өз құқықтарыңды жүзеге асыру мүмкіндігі. [2]
Адам құқығы шектеулі, ол ешқашан абсолютті бостандықта бола алмайды. Тек құқық қана әлсізді күштіден қорғауға бағытталған. Құқықтық мүшесі ретінде де , әлеуметтен тыс нәрсе ретінде де адамға және нақты бір мемлекеттік құрылыс мүшесі ретінде азаматқа да қатысты бола алады. Кез келген елдің кез келген азаматы адам, ал кез келген адам нақты бір мемлекеттің азаматы бола алмайды. Мұны Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында «әркімнің құқығы бар» деп көрсетілген мысалдан көруге болады. Мұндағы «Қазақстан азаматтары құқылы» деп айтылған кезде, бұл тек Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық статусына қатысты екендігі көзделеді. «Азаматтық» деген терминнің өзі адамның нақты бір мемлекетке жататындығын, содан барып өзара құқықтар мен міндеттемелер туындайтындығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 30 тамызда Республикалық референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат – қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» және Конституцияның 12 бабының 2 тармағында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, оларды ешкім айыра алмайды, заңдармен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұнымен қолданылуы осыған қарай анықталады» делінген.
Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеологиялық және саяси әр алуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.
Мысалы, қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3-тармағы)мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (1948 ж.), «Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы», «Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы» (1966), «Балалар құқы декларациясы» (1959), «Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция» (1954 ж) және басқа бірқатар құжаттар қабылданды. Алайда «азаматтың құқы» азаматтың құқынан ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай оған айрықша міндет жүктейді. Міне, осы негізде Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады.
Конституциялық Кеңес – Қазақстан Республикасының 1995 жылы бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Конституциясы күшіне енгеннен кейін құрылған еліміздің барлық аумағында Ата Заңның үстемдігін және мызғымастығын қамтамасыз етуші, тәуелсіз мемлекеттік орган. Бұл органның Ата Заңның тұрақтылығы мен елімізде конституциялық заңдылықтың дамуына, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын баянды болуына қосқан үлесі айтарлықтай. Конституциялық Кеңес өзіне Ата Заң арқылы берілген өкілеттіктердің шеңберінде әрқилы дауларды конституциялық ретке келтіріп, билік тармақшалары немесе өзге де мемлекеттік органдардың арасындағы, сырт көзге қарағанда шешімі жоқтай көрінген тартыстарды конституциялық-құқықтық жүйеге келтіріп отырды. Конституциялық Кеңес өз қызметін жүзеге асыру кезінде саяси және өзге де себептерді негізге алмай тек қана құқықтық қағидаларды басшылыққа ала отырып, қорытынды шешімдер шығаратын орган.
Кеңестің қызметі, негізінен, еліміздің Ата Заңының нормаларын түсіндіруді, Конституция нормаларын қолдану кезінде туындаған мәселелер бойынша турасын табу үшін жолдаған өтінімдерді қарауды, сонымен қатар, Парламент қабылдаған, бірақ әлі Президент қол қойып күшіне енбеген заңдардың, әлі де болса ратификацияланбаған (Парламент арқылы бекітілмеген) Республиканың халықаралық шарттарының ел Конституциясына сәйкестігін тексеруді қамтиды. Әрине, конституциялық бақылау органының қызметі онымен шектеліп қалмайды. Дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешу, Конституцияның 47-бабында көзделген реттерде, яғни, Республика Президентін науқастануына байланысты қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатуы немесе Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн жағдайларда қорытындылар беру де соның өкілеттігінде. Сонымен қатар, соттардың өтініштері бойынша қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің конституциялығын қарайды.
Конституцияның 78-бабының талаптарына сәйкес республика соттары Ата Заңда баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес. Егер сот қолдануға тиісті заң немесе өзге де нормативтік-құқықтық акт Конституцияда баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұрып, осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Әрине, мемлекеттік билік органдары ішінде заң актілерін күнделікті қызметінде сараптама жасай отырып, ең көп қолданатын соттар. Осыны есепке ала отырып Конституция, Конституциялық Кеңес пен соттар қызметтерін ұштастыру арқылы, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды Ата Заңның үстемдігін дәріптеудің арнайы тетігі арқылы алға қойған.[6]
Тақырыптың зерттелу маңыздылығы өте зор, өйткені әр мемлекет халықтан басталады, әр халық отбасыдан басталады, ал әр отбасы адамнан басталады.
Адам құқығы - бұл жеке адамның өмірін, адам қасиеттері мен қоғамдық өмірдің барлық саласындағы іс-әрекет бостандығын қамтамасыз ететін табиғи мүмкіндіктері.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995.
2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің «Қазақстан еспубликасы Конституциясының 1 пункті, 4-бабы мен 2 пункті 12-бабының ресми түсіндірілуі туралы» 28.10.1966 ж № 6 Қаулысы.
3. Жылтырбаева Р.С Майлыбаева Айгерим Утегенов. Адам құқығы туралы идеялардың қалыптасу тарихы АқМУ ХАБАРШЫСЫ, заң ғылымдар сериясы, 2010 №4 (45)
4. Халықаралық құжаттардағы адам құқығы. – Алматы: Ғылым, 1998
5. Амандықов С.К. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқу құралы. – Астана. 2001ж
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
7. «Егемен Қазақстан» 28 Тамыз 2010 «Демократияның жоғары мектебі» мақаласы. Абу-Али Саттар, Қарағанды қаласының прокуроры
8. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл (Омбудсмен) www.ombudsman.kz
9. «Егемен Қазақстан» 10 желтоқсан 2010 «Адам құқықтары – ең басты құндылығымыз» Асқар ШӘКІРОВ, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4

1 адам құқығы
6
1.1 Адам құқықтарының тарихы
6
1.2 Адам құқықтарының түрлері
10
1.2.1 Жеке (тұлғалық) құқықтар
10
1.2.2 Саяси құқықтар
12
1.2.3 Әлеуметтік-экономикалық құқықтар
14
2 АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МӘРТЕБЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ. ОМБУДСМЕН 16
2.1 Адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің конституциялық
принциптері
16
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі
Уәкіл (Омбудсмен)
18
2.2.1 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл
қызметі
18
2.2.2 Халықаралық қауымдастық Адам құқықтары күні
21
ҚОРЫТЫНДЫ
24
Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ
26

КІРІСПЕ

Адам дүниеге келген күннен бастап өзінің құқықтарына ие
болары белгілі. Қазақстан Республикасы Конституциясында былай
делінеді: Адам құқығы мен бостандығы әркімге тумысынан бастап беріледі,
абсолюттігі мен ажырамастығы мойындалады, заңдар мен өзге де
нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын
анықтайды....[1]
Құқық – адам бойына енгізілген өзіндік құндылық, құқық – бұл
адам бостандығының өлшемдері. Бостандық – бұл өз құқықтарыңды жүзеге
асыру мүмкіндігі. [2]
Адам құқығы шектеулі, ол ешқашан абсолютті бостандықта
бола алмайды. Тек құқық қана әлсізді күштіден қорғауға бағытталған.
Құқықтық мүшесі ретінде де , әлеуметтен тыс нәрсе ретінде де адамға және
нақты бір мемлекеттік құрылыс мүшесі ретінде азаматқа да қатысты
бола алады. Кез келген елдің кез келген азаматы адам, ал
кез келген адам нақты бір мемлекеттің азаматы бола
алмайды. Мұны Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-
бабында әркімнің құқығы бар деп көрсетілген мысалдан көруге
болады. Мұндағы Қазақстан азаматтары құқылы деп айтылған кезде, бұл
тек Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық статусына қатысты
екендігі көзделеді. Азаматтық деген терминнің өзі адамның нақты
бір мемлекетке жататындығын, содан барып өзара құқықтар мен міндеттемелер
туындайтындығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата
(негiзгi) заңы. 30 тамызда Республикалық референдум өткiзу (бүкiл халықтық
дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан
халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды
еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — ҚР
Конституциясының күнi деп жарияланды. Конституцияның ең жоғары заңдық күшi
бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi
Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң
нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады, оның ең қымбат – қазынасы адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары және Конституцияның 12 бабының 2 тармағында:
Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, оларды ешкім
айыра алмайды, заңдармен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұнымен
қолданылуы осыған қарай анықталады делінген.
Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi,
идеологиялық және саяси әр алуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы,
саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар
бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық
амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға
сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға
бейiмделiп тұжырымдалған.
Мысалы, қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты
тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары
нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3-
тармағы)мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай
да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын
қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: Адам
құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1948 ж.), Адамдардың
экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы, Адамдардың
азаматтық және саяси құқықтары туралы (1966), Балалар құқы декларациясы
(1959), Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция (1954 ж) және басқа
бірқатар құжаттар қабылданды. Алайда азаматтың құқы азаматтың құқынан
ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен
бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына
орай оған айрықша міндет жүктейді. Міне, осы негізде Қазақстан
Республикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын
қалыптастырады.
Конституциялық Кеңес – Қазақстан Республикасының 1995 жылы
бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Конституциясы күшіне енгеннен
кейін құрылған еліміздің барлық аумағында Ата Заңның үстемдігін және
мызғымастығын қамтамасыз етуші, тәуелсіз мемлекеттік орган. Бұл органның
Ата Заңның тұрақтылығы мен елімізде конституциялық заңдылықтың дамуына,
адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын баянды болуына қосқан
үлесі айтарлықтай. Конституциялық Кеңес өзіне Ата Заң арқылы берілген
өкілеттіктердің шеңберінде әрқилы дауларды конституциялық ретке келтіріп,
билік тармақшалары немесе өзге де мемлекеттік органдардың арасындағы, сырт
көзге қарағанда шешімі жоқтай көрінген тартыстарды конституциялық-құқықтық
жүйеге келтіріп отырды. Конституциялық Кеңес өз қызметін жүзеге асыру
кезінде саяси және өзге де себептерді негізге алмай тек қана құқықтық
қағидаларды басшылыққа ала отырып, қорытынды шешімдер шығаратын орган.
Кеңестің қызметі, негізінен, еліміздің Ата Заңының нормаларын түсіндіруді,
Конституция нормаларын қолдану кезінде туындаған мәселелер бойынша турасын
табу үшін жолдаған өтінімдерді қарауды, сонымен қатар, Парламент
қабылдаған, бірақ әлі Президент қол қойып күшіне енбеген заңдардың, әлі де
болса ратификацияланбаған (Парламент арқылы бекітілмеген) Республиканың
халықаралық шарттарының ел Конституциясына сәйкестігін тексеруді қамтиды.
Әрине, конституциялық бақылау органының қызметі онымен шектеліп қалмайды.
Дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының
сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы
мәселенi шешу, Конституцияның 47-бабында көзделген реттерде, яғни,
Республика Президентін науқастануына байланысты қызметiнен мерзiмiнен бұрын
босатуы немесе Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн жағдайларда
қорытындылар беру де соның өкілеттігінде. Сонымен қатар, соттардың
өтініштері бойынша қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық
актілердің конституциялығын қарайды.
Конституцияның 78-бабының талаптарына сәйкес республика соттары Ата
Заңда баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына
нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді
қолдануға құқылы емес. Егер сот қолдануға тиісті заң немесе өзге де
нормативтік-құқықтық акт Конституцияда баянды етілген адамның және
азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірді деп тапса, іс
жүргізуді тоқтата тұрып, осы актіні конституциялық емес деп тану туралы
ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Әрине, мемлекеттік
билік органдары ішінде заң актілерін күнделікті қызметінде сараптама жасай
отырып, ең көп қолданатын соттар. Осыны есепке ала отырып Конституция,
Конституциялық Кеңес пен соттар қызметтерін ұштастыру арқылы, тұлғаның
құқықтары мен бостандықтарын қорғауды Ата Заңның үстемдігін дәріптеудің
арнайы тетігі арқылы алға қойған.[6]
Тақырыптың зерттелу маңыздылығы өте зор, өйткені әр мемлекет халықтан
басталады, әр халық отбасыдан басталады, ал әр отбасы адамнан басталады.
Адам құқығы - бұл жеке адамның өмірін, адам қасиеттері
мен қоғамдық өмірдің барлық саласындағы іс-әрекет бостандығын
қамтамасыз ететін табиғи мүмкіндіктері.

1 адам құқығы

1.1 Адам құқықтарының тарихы

Адам құқығының қазіргі күнгі халықаралық құжаттарда көрсетілген
тізімі- қазіргі қоғамның нормаларына арналған
эталондар мен стандарттардың ұзақ тарихи қалыптасуының
нәтижесі. Адам құқығы дамуының шешуші кезеңі 17-18
ғасырлардағы Еуропадағы буржуазиялық – демократиялық революция болды.
Ол адам құқығының кең жиынтығын ұсынып қана қоймай, сондай-ақ,
адам құқығының әмбебаптығы негізіне айналып, оған нағыз демократиялық
мән берген формалды түрдегі теңдік принципін ұсынды. Формалды
теңдестікке негізделген адам құқығы қоғамдық дамудың
басты құнды бағыттарының біріне айналды, олар мемлекет
сипатына зор әсер етті, оның билікшілдігін шектеушілер болды,
мемлекет өкімет пен жеке адамның арасындағы демократиялық өзара
іс–әрекеттің орнауына ықпал етті, жеке адамды биліктік құрылымдар тарапынан
шектен тыс қорғаншылық жасау және ерік-күші мен мүдделерін жаншудан
босатты. Құқықтық мемлекет қалыптастыру қоғамдық сана мен тәжірибеде
адам құқығын бекітпейінше мүмкін болмас еді.
Адам құқығы адамдар әрекетінің бірнеше рет
қайталанылатын актілерінен қайталанылатын байланыстар мен қарым-
қатынастардың тұрақты формаларынан қалыптасқандығының өзі қызықты.
Ең әуелі адам қол жеткізуге ұмтылатын құндылықтар болды. Бұл
құндылықтар адам баласының дүниеге келуінен бастап –
ақ бойына енгізілген еді. Шөліркеу, аштық сезімдері жеке
адамды сұраныстарды қанағаттандыруға, осы құндылықтарға қол жеткізуге
ұмтылуға итермеледі.
Алғашқы қауымдық құрылыста адам жалғыз жүріп өз мүдделерін
жүзеге асыра алмайтын еді. Сондықтан ол басқа адамдармен бірігуге мәжбүр
болды.
Қауым мүшесі ретінде адам өз мүдделерін шектеп, қысым жасамау
үшін басқалардың да мүдделерін мойындауға мәжбүр еді. Бүкіл тайпа
болып азық таба отырып, адамдар оны өзара бөлісті, сол
арқылы бір-бірінің мүддесін тани білді. Индивидті қауымға бірігуге
итермелейтін басқа да көптеген факторлар болды. Қалыптасқан
қоғамдағы жеке адамдардың (индивид) әр түрлі мүдделері,
сұраныстары, мақсаттарының жиі қақтығысуы, соғыстар, шиеленістер
туғызып, қылмысты қоздырады. Дегенмен, қоғам мүшелерінің істері
мен әрекеттері әртүрлі болса да адам бойындағы құндылықтар
әртүрлі индивидтердің мүдделерін орайластыра отырып адамдардың
өзара әрекеттері процесін реттей алады.
Бірақ дүние бір орнында тұрмайды, қоғамның мәдени прогресі егер ол
жеке тұлғаның жағдайына жаңалық енгізбесе, егер адам дамудың әрбір жаңа
сатысынан, мейлі, тарихи шектеулі болсын, бірақ тарихта үнемі
кеңейе түсетін жаңа еркіндік минимумын алмаса мүмкін емес.
Алғашқы қауымдық құрылыстың кластар пайда болу
дәуіріндегі қорытынды құлау сатысында құқық нормалары туындайды. Дегенмен,
құқық нормалары мен адам құқығы - әртүрлі кезеңдік құбылыс. Әлемнің
көптеген аймақтарының құқықтық жүйелері ірі қоғамдық еңбек
бөлінісіне, оның өнімділігінің артуына байланысты қалыптасты. Бұлар
артық өнімнің пайда болуы және қоғамдық байлықты қалыптасып
үлгірген артықшылығы бар туыстық ұйымдар арқылы басқару процесін
жүзеге асырушы жоғарғы топтардың қолына жинау мүмкіндігін
жасады. Олар үстем тап өкілдерінің қоғам мүшелерінен көпшілігіне
қолданатын зорлық, күштеу әдістеріне баса негізделген еді. Еркіндік
деңгейі өте төмен болып, ол тек билік жүргізуші жоғарыдағыларды
ғана қамтыды.
Еркіндік сөзінің өзін қолдану, айтушыларға қарағанда, б.д.д.
ХХІV ғасырда пайда болған. Ол кезде монарх Шумер өзінің қол
астындағылар үшін, арсыз салық жинаушыларға қарсы санкция
қолдану, билікке ие адамдардың әділетсіз істерінен жесірлер
мен жетімдерді қорғау және первосвященниктердің храм
қызметшілерін құлға айналдыру тәжірибесін тоқтату арқылы еркіндік
белгіледі.
Б.д.д. V-ІV ғасырларда ежелгі полистердегі (Афинада, Римде) адам
құқығы идеяларының тууы, азаматтық принципінің пайда болуы прогресс пен
еркіндікке қарай жылжу жолындағы ірі қадам болды. Римдіктер әуелі
билікті қарапайым бөлуді жүзеге асырып, содан кейін табиғи
құқық концепциясын жасай отырып азаматтық бостандықтың
дамуына өз үлестерін қосты. Демократ еңбектерінде (б.д.д 460-370
жылдар адамның пайда болуы мен қалыптасуын, оның тегі мен қоғамды
әлемдік дамудың табиғи процесінің бір бөлігі ретінде қарастыруға алғашқы
талпыныстардың бірі кездеседі. Софист Ликофрон мемлекеттік қауымды
адамдардың арасындағы өзара одақ жөніндегі
келісімдерінің нәтижесі ретінде сипаттады. Оның ғылыми
тұжырымдамасында заң да жәй келісім және жеке құқықтың жәй кепілі
болып шығады. Римнің көрнекті ойшылдарының бірі Цицерон (б.д.д 106-
43 ж.) бойынша ізгі азаматтың міндеттері ақиқатты тану, әділдік,
рух ұлылығы мен сыпайылық сияқты ізгіліктерді ұстану
қажеттілігімен белгіленеді. Азамат өзі басқаға кесір
келтірмеуімен қатар жапа шегушіге жәрдем беруі тиіс.
Орта ғасырларда азаматтық бостандықтар аздап қана нақты көрініске ие
болды. Абсолюттік табиғи идеясын Аврелий Августин және айырықша,
Фома Аквинский өзінің Сумма теологии атты шығармасында дамыта түсті.
Бұл кезеңде еркіндік өте шектеулі еді, өйткені феодалдық
қоғам – бұл жалпыға бірдей тәуелділік қоғамы. Сыртқы
экономикалық мәжбүрлеу, әлеуметтік иерархия, көпшіліктің
құқықсыздығы, озбырлық, күштеу, қорқыту үнемі зорлық-
зомбылық туғызды. Дегенмен осы кезеңнің өзінде Англияда монарх
құқығын шектеу, монархияны сословие өкілдерімен
біріктіруге ұмтылыстар жасалып, монархтың өктемдік жүргізуі үшін ол
қадағалауға тиісті ережелерді белгілеуге тырысу пайда болды.
Монархтың, барондардың, рыцарлардың бір-біріне қарсы
тұруы еркіндіктің Ұлы хартиясын қабылдаумен аяқталады (1215
ж). Онда король шенеуніктерінің өктемдігін ауыздықтауға
бағытталған статьялар, сот, шерифтер және констебтер
қызметіне заңды білмейтіндерді, не оны орындағысы
келмейтіндерді тағайындамау талаптары енгізілді. Ұлы хартияның 39-
бабы ерекше орын алды, онды еріктілерге қатысты шара қолдану
тендестердің заңды үкімі және ел заңы бойынша қарастырылды.
Англиядағы буржуазиялық құрылыс қалыптасу кезеңіне
жататын Құқық туралы петиция (1628 ж) монархқа қол астындағыларды
король әкімшілігінің озбырлығынан қорғауға тиісті нақты міндеттер
жүктеді. Адам құқығын қамтамасыз етудің келесі қадамы тиісті
процедуралар ұғымын енгізген Хабеас корпус акті (1679 ж) болды.
Ол жеке адам еркіне қол сұғылмау кепілдігін, кінәсіздік презумпциясы
принципін және басқа да жеке адам құқығын қорғауға арналған аса маңызды
институттарды бегіледі.
Вирджиний құқық декларациясы адам құқығының алғашқы мемлекеттік
анықтамасы болды.
Осы тарихи құжатқа баға бере отырып К.Маркс былай деп жазды:
Америка – бұл алғаш рет ұлы демократиялық республика идеясы пайда
болған, адам құқығының алғашқы декларациясы жарияланған және ХVІІІ
ғасырдағы революцияға бірінші дүмпу берілген ел.
Вирджиний құқық декларациясы идеялары АҚШ
Тәуелсіздік декларациясында дами түсті (1776 ж) Онда: Біз барлық адам тең
жаратылған және жаратушы берген нақты етене құқытарға ие, оларға
өмір, еркіндік, бақытқа ұмтылу жатады, бұл құқықтарды адамдар арасында
қамтамасыз ету үшін өзінің орынды өкілеттілігін басқарылатындардың
келісімінен алатын мемлекет құрылады деген ең көрнекті ақиқатты
ұғынамыз делінген.
АҚШ Конституциясында (1787 ж.) алғашында табиғи ажырамас адам
құқығының тізбесі болған жоқ. Кейіннен 1789 жылы Билль құқық
туралы құрастырған Конституцияға алғашқы 10 түзетулер ұсынылып, ол 1791
жылы бекітілді. [4]
Табиғи ажырамас адам құқығы идеялары Ж.Ж.Руссоның, Г.Гроцияның,
Д.Локканың, Ш.Монтескьенің доктриналарында да дамытыла түсті.
Заң, жалпы айтқанда, - деп жазды. Ш.Монтескье, - адам ақыл-
ойы, өйткені ол жер бетіндегі бар халықтарды басқарады; ал әр
халықтың саяси және азаматтық заңдары осы ақыл-ойға қосымша жекелеген
оқиғалар ретінде ғана болуы тиіс...
Д.Локктың айтқандарын ескермей кетуге болмайды: Адам,
бұрын дәлелденгендей, толық бостандық пен табиғи заңның барлық құқықтары
мен артықшылықтарын барлық басқа адамдар сияқты шексіз пайдалануға құқылы
болып туады. Бұл докториналар өзінің тарихи маңызы жағынан баға жетпес
құқықтық акт – адам және азамат құқығы декларациясын (1789 ж) жасаған
ұлы француз революциясының күшті факторына айналды. Онда надандық, адам
құқығын ұмыту немесе оны елемеу қоғамдық қасірет пен үкіметтің
бұзылғандығының бірден бір дәлелі болып табылады делінген.[3]
Жалпы айтқанда, Адам құқықтары ұғымы алғаш рет 1789 жылы Францияда
кабылданған Адам мен азамат құқықтарының декларациясында пайдаланылады.
Бірақ бұған дейн де британдық Ұлы еркіндіктер хартиясында (1215 жыл)
мен Құқықтар жайындағы бильде (1689 жыл) адамға жаратылысынан тән құқықтар
туралы идеясы айқындалып көрсетіледі.
XIX ғасырда дамыған мемлекеттерде адамның негізгі азаматтық пен саяси
құқықтар жиыны қалыптасады (бостандық және теңқұқылық, жеке еркіндігі, жеке
меншік құқығы, сайлау құқығы т.с.с.). Ал XX ғасырда бұл жиынға қоғамдық пен
экономикалық құқықтар қосылады (мысалы, кәсіподаққа ену құқығы, жұмыс
істеуге және демалуға құқықтары).
1922 жылы адам құқықтарын қорғайтын неміс және француз лигалары
бастамасымен Адам құқықтары үшін халықаралық федерациясы құрылады. Бұл осы
салада дүниедегі тұңғыш халықаралық ұйым болып саналады.
1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылданды. 1950 жылдан
бастап әр 10 желтоқсанда Адам құқықтар күні атап өтіледі.

1.2 Адам құқықтарының түрлері

Негізінде, құқықтық теорияда адам құқықтарының келесі топтастыру жүйесі
қарастырылады.

1.2.1 Жеке (тұлғалық) құқықтар

Бұлар азаматтыққа, жынысқа, жасқа, нәсілге, ұлтқа, дінге қарамастан әр
адамға тән және жаратылысынан беріледі.
- Өмір сүруге құқығы
- Жеке еркіндігі құқығы
- Тұлға абиырлығы құқығы
- Жеке өмірге жанаспаушылық құқығы
- Өзін-өзі қорғау құқығы
- Баспанаға жанаспаушылық құқығы
- Өзінің ұлттық пен мәдениеттік тәнділігін идентификациялау
- Намыс бостандығы және пікір бостандығы
- Жылжып кету мен тұратын орнын ауыстыру бостандығы
- Ұлт пен тілді таңдау бостандығы
- Сот қорғанышын иелену құқығы
- Дін тұту бостандығы
- Жеке меншік құқығы (кейде экономикалық құқықтарға жатқызылады)
Жеке құқықтар мен бостандықтарға адам азаматтығына қарамай-ақ ие
болады. Бұл тумысынан тиесілі құқықтар, олар мемлекеттің не басқа
тұлғалардың еркі бойынша аластатылуы мүмкін емес. Бұлар адамның өмірімен,
бостандықтарымен, ар-ожданымен және басқа табиғи құқықтарымен байланысты
құқықтар. Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабына сәйкес әркімнің
өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.
Өмір сүру құқығы әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар
және өзінің құқықтары мен бастандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық
тәсілдермен қорғауға хақылы деген конституциялық нормалармен бекітіле
түскен (13-6.). Салауатты өмір сүру құқығына әркімнің өз құқықтары мен
бостандықтарын сот арқылы қорғауға, білікті заң көмегін алуға құқығы бар
деген сияқты конституциялық нормалармен кепілдік беріледі (13-6. 2,3-тт.).
Адамның жеке басының бостандығы (16-6.) және еркін жүріп-тұру құқықтары (21-
6.) конституциялық түрде бекітілген. Кез келген конституциялық
мемлекеттердегі сияқты Қазақстан Республикасында заңда көрсетілген реттерде
ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға немесе
қамауға және қамауға алуға жол беріледі. Бұл жағдайда тұтқындалған адамның
сотқа шағымдануға, тұтқындалған сәттен бастап адвокаттың көмегін
пайдалануға құқығы бар. Конституциялық құқықтарға бекітілген және бір
жаңалыққа Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның
оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша
таңдап алуға құқығы барлығын жатқызуға болады. Әрбір адамның Республикадан
тыс жерлерге кетуіне және Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз
қайтып оралуына кұқығы бар. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығы
конституция-. лық құқық болып табылады (17-6.). Адамдық қадір-қасиеттерге
құрметпен қарау азаматтық қоғамның басты белгілерінің бірі. Құқықтық
мемлекетте ештеңе де адамның қадір-қасиетін түсіру үшін негіз бола алмайды.
Конституцияда ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай
қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетті қорлайтындай жәбір көрсетуге не
жазалауға болмайды деп атап көрсетілген. Адамның қадір-қасиетіне құрметпен
қарау әрбір лауазымды тұлға мен мемлекеттік қызметшінің құқықтық міндеті
болып табылатындығын әркез есте ұстау керек. Жеке құқықтар мен бостандықтар
саласына адамның жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол
сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына конституциялық құқығы
барлығын жатқызуға болады (18-6. 1 -т.). Осы конституциялық құқыққа сәйкес
тұлғаның келісімінсіз оның жеке өміріне қатысты ақпараттар жинауға,
сақтауға, пайдалануға және таратуға тыйым салынады. Ар-ожданды, қадір-
қасиетті және жақсы атты қорғаудың, моральдық зиянның орнын толтыруды қоса
есептегенде, соттық тәртібі заңдылықты бекітілген.
Жеке құқықтар санатына сондай-ақ әркімнің өзінің жеке салымдары мен
жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен
сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан
хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы барлығы жатады.
Бұл құқықтарды сақтаудың кепілдіктері адам және азаматтардың жеке
өміріне негізсіз қол сұғуға қатысты заңдылықтармен қарастырылған
жауапкершіліктің түрлі формалары болып табылады. Жазысқан хаттардың,
телефон арқылы сөйлескен сөздерінің және телеграф хабарларының құпиялылығын
жария ету Қазақстан Ресупбликасының заңымен қудаланады. Бұл құқықты
шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол
беріледі. Бұл ретте мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды
тұлғалар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа оның құқықтары мен
мүдделерін қорғаушы құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу
мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті

1.2.2 Саяси құқықтар

Бұлар адамның азаматтығымен тығыз байланысты болады.

- Сөз бостандығы
- Азаматтық алу құқығы
- Бірлесу құқығы
- Жиналыс өткізу бостандығы
- Мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығы
- Әділ сот жүргізуге қатысу құқығы
- Үндеу немесе петиция бағыттау құқығы
- Бұқаралық ақпарат құралдары бостандығы
- Сайлау құқығы

Саяси құқықтар мен бостандықтар мемлекеттік билікті жүзеге асыру
процесінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі азаматтың құқықтық жағдайын
белгілейді. Бұл ретте саяси құқықтар мен бостандықтардың табиғи сипаты
Қазақстан Республикасында биліктің бірден-бір бастауы Қазақстан халқы болып
табылады деген қағидадан келіп шығады. Азаматтарға кең ауқымды саяси
құқықтар мен бостандықтар берілген. Саяси құқықтардың ең маңыздысы
азаматтардың белсенді және бәсең сайлау құқығынан тұратын сайлаушылық құқық
субъектісі болып табылады. Белсенді сайлау құқығы мынадан көрінеді:
Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі
басқару органдарын сайлауға және республикалық референдумға қатысу жолымен
сайлауға құқығы бар (ЗЗ-б. 2-т.). Бәсең сайлау құқығы мемлекеттік органдар
мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлануға құқығы барлығынан
көрінеді. Сайлау құқығына тек сот әрекетке қабылетсіз деп таныған, сондай-
ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар
ие емес. Саяси құқықтар қатарына азаматтардың мемлекет ісін басқаруға
қатысу құқығы жатады (ЗЗ-б. 1-т.). Азаматтар бұл құқықты әрқилы жүзеге
асырады. Ең алдымен олар оны тікелей, басқаша айтқанда республикалық
референдумға, мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша жалпыхалықтық дауыс
беруге, сайлауға қатысу жолымен жүзеге асырады. Сонымен бірге мемлекет ісін
басқаруға қатысу құқығы өкілді органдардың қызметінен де өз орнын табады:
азаматтар сайлаушылар ретінде өз депутатгарына ықпал ете алады.[5]
Азаматтардың белсенділігін танытудың, қоғам мүдделеріне ынтасын
арттырудың бір құралы олардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі
басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық
өтініштер жолдауға құқығы барлығы болып табылады. Республика азаматтарының
мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар (ЗЗ-б. 4-т.). Конституцияда
мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық
міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді деп
атап керсетілген. Мемлекеттік қызметтен өту Республика заңдылықтарымен
реттеліп отырады. Мемлекеттік қызметшінің жасы Конституцияға сәйкес алпыс
жастан, ал ерекше жағдайларда алпыс бес жастан аспауы керек. Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес сөз бен шығармашылық еркіндігіне
кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Әркімнің заңмен тыйым
салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы
бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын
мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді. Конституция Республиканың
конституциялық қүрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет
қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық,
діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен
зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермейді (20-
6. 3-т.). Саяси құқықтар қатарына жатқызылатын Қазақстан Республикасы
азаматтарының маңызды конституциялық құқықтарының бірі бірлесу бостандығы
құқығы болып табылады (23-б). Қоғамдық бірлестіктерді азаматтар белгілі бір
міндеттерді жүзеге асыру үшін өз күштерін біріктіру мақсатында құрады.
Дегенмен әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау
органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін шектеулер бар, олар
партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны
қолдап сөйлемеуге тиіс (23-6. 2-т.). Республика конституциясы азаматтардың
бейбіт жиналуға, жиналыстар, митинтер мен демонстрациялар өткізуге құқығын
таниды (32-6.) және оларды еркін өткізуді қамтамасыз етеді. Деген-мен бұл
құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық
сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін
заңмен шектелуі мүмкін екендігі ескертіледі.

1.2.3 Әлеуметтік-экономикалық құқықтар

- Кәсіпкерлік бостандығы
- Жеке меншік құқығы
- Еңбек құқықтары
- Жанұяны және аналық, әкелік, балалықты қорғау құқығы
- Қоғамдық қамтамасыздыққа ие болу құқығы
- Баспанаға ие болу құқығы
- Денсаулықты қорғау мен дәрігерлік көмек алу құқығы
- Әділ салық төлеу құқығы

Әлеуметтік-экономикалық құқықтардың маңызды бір санаты жеке меншікті
иемдену және ұстау құқығы болып табылады. Конституцияның 26-бабына сәйкес
Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын
мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Бірінші рет 1995 жылғы Қазақстан
Республикасының Конституциясы жерге жеке меншік құқығын бекітті (6-6. 3-
т.). Конституцияда меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен
кепілдік беріледі. Конституциялық түрде меншікке қол сұғылмаушылық
бекітілген: соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды.
Дегенмен, Конституция заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы
үшін мүліктен айыру мүмкіндігін қарастырады. Мұндай айыру тек мүліктің құны
тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.
Еңбек саласындағы адамның конституциялық құқығының маз-мұны едәуір
өзгерістерге ұшырады. Егер бұрынғы конституцияларда еңбек ету құқығы
Конституциялық түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқығы туралы
Адам құқығының тарихы
Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы
Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі
Құқықтық мәртебенің негізгі түрлері
Қазақстандағы адам және адамзат құқығының қалыптасу тарихы
Қызметкер құқығы мен мүмкіндігін кеңейту
Омбудсмен әрекетінің басты міндеті - азамат құқықтарын қорғау
Азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын ашу
Адам және азамат құқықтары Заңмен қорғалуға тиіс
Пәндер