Психологиядағы оқыту, тәрбие және дамытудың сәйкестілік мәселелері



• Педагогикалық психология . психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс.әрекетін зерделейтін сала
• Психологиядағы оқыту, тәрбие және дамытудың сәйкестілік мәселелері
• Тәлім.тәрбие психологиясы
• Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары
Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық психология педагогтар мен оқушылардың арасындағы өзара қатынас мәселелерін, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс- тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.
Тәлім-тәрбие психологиясының келесі тармақтары бар:
• 1) Оқыту психологиясы — дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын дамыту сияқты өзге де мәселелерімен айналысады.
• 2) Тәрбие психологиясы — гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді.
Бұлардан басқа мұғалімдер психологиясы, кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбиелеу мәселелерін қамтиды.
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р. Педагогика.- А., 1998 ж.
2. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі, - А., 1993, ақпан.
3. Құнанбаев А. Қара сөздері.- А., 1993ж. - 91 б.
4. Айтмамбетова Б., Бозжанова К. және т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.- А., 1985ж.
5. Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі.- А., Дарын, 2004 ж.
6. Әбенбасв С.Ш. Тәрбие теориясы және әдістемесі.- А., Дарын, 2004 ж.
7. Майғаронова. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. -А, 2002 ж
8. Қалиев С. Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері. -А. 2002 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

МӨЖ №3

Тақырыбы:

1. Психологиядағы оқыту, тәрбие және дамытудың сәйкестілік мәселелері

Оқытушы: Кулмышева Н.А. п.ғ.к.

Магистрант: Ногайбаева М.
6М010300 Педагогика және психология

Семей 2015

Жоспар:
* Педагогикалық психология - психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала
* Психологиядағы оқыту, тәрбие және дамытудың сәйкестілік мәселелері
* Тәлім-тәрбие психологиясы
* Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары

Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық психология педагогтар мен оқушылардың арасындағы өзара қатынас мәселелерін, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс- тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.
Тәлім-тәрбие психологиясының келесі тармақтары бар:
* 1) Оқыту психологиясы -- дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын дамыту сияқты өзге де мәселелерімен айналысады.
* 2) Тәрбие психологиясы -- гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді.
Бұлардан басқа мұғалімдер психологиясы, кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбиелеу мәселелерін қамтиды.
Педагогикалық психология -- балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері туралы білімдерді қарастыратын, сондай-ақ мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-аналардың, педагогикалық топтар мен ұжымдардың іс-әрекетінің психологиялық негіздерін зерттейтін психология ғылымының саласы. Педагогикалық психология терминін орыс педагогі П.Ф. Каптерев (1849-1922) енгізді. Педагогикалық психология қалыптасуына XIX ғ, ортасындағы сараптау психологиясы тікелей ықпал етті. Педагогикалық психология педагогика мен балалар психологиясымен дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психология құрылымы үш бөлімнен тұрады: тәрбие психологиясы, оқыту психологиясы, мұғалім психологиясы. Психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелері білім беру әдістерімен мазмұнын құрастыру кезінде, оқу құралдарын жасауда, диагностика құралдары мен психикалық даму түзетімін тексеруде қолданылады. Педагогтың жұмыс істеу стилі -- педагогикалық үрдісте жетекшілердің оқушылармен қатынас жасау әдістерінің жиынтығы, педагогикалық жұмысқа теориялық және тәжірибелік дайындалудың бірлігі де педагогикалық психология қарастыратын мәселелерінің бірі.
Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары.
Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау - сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.(5.28)
Ойлау - адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.
Ойлау - аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика - бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.

Ойлауды дамыту - оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.

1.Практикалық іс-әрекеттілік.

2. Көрнекі-бейнелік

3.Сөздік - логикалық.

Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.

1 Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық

2 Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау т.б.

3 Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.

4 Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.

5 Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.

6 Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.
7 Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.
8 Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.
9 Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.

10 Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.

Сын есімді оқыту процесінде оқушылардың ойлауын дамыту дегенде ойлаудың барлық түрлері, формалары мен амалдарын қалыптастыру және жетілдіруді танымдық және оқу іс-әрекетінде тәсілдерінің білімінің бір облысынан екіншісіне көшіруді жүзеге асыра білуді түсінеміз.
Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру арқылы біз оқушылардың ойлауын дамытамыз.Ойлауды дамыту критерилері ретінде оқушылардың ойлауын дамытудың қандай да бір деңгейінің жетістігін көрсететін көрсеткішті түсіндіреді.

Деңгей-ойлауды дамытудың дәрежесі, критерий - деңгейдің өлшемі.
Оқушылардың ойлауын дамыту деңгейлерін анықтау үшін, психологтар ойлауды дамытудың сегіз шартын тұжырымдайды:

-ойлау операцияларын түсіну дәрежесі - ойлаудың маңызды сипаттаушысы:
-ойлаудың әртүрлі түрлерінің қалыптасу дәрежесі.

-білім қорының, олардың жүйелілігінің, білімді меңгерудің жаңа тәсілдерін білу дәрежесі.

-мидың әртүрлі сапаларының динамикалық дәрежесі тереңдігі, икемділігі, тізбектілігі, шапшаңдылығы және т.б.

-іс-әрекеттегі ықшамдылық дәрежесі: шығармашылықпен жұмыс,жаңа жағдайларға бейімделе білу.

-оқушылардың логикалық ой қорытуларды меңгеру, оларды іс-әрекетінде қолдана білу дәрежесі

Психолог А.Н.Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын дамыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсетті.

Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады:
1.Ойлаудың икемділігі.

2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.

3.Ойлаудың сынилығы.

4.Ойлаудың мақсаттылығы.

5.Ойлаудың жалпылығы.

6.Ойлаудың өз бетіншелдігі.

7.Анықтылығы,дәлелдігі.
Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мәдениетін көтеруге, олардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі.
Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу процесінде ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Ойлау мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі барысында қалыптасады. Ойлау аппаратының дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі ұлғаяды,қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады.

Ақыл-ой еңбегі мәдениеті --- ойлау мәдениеті--- сыншыл ойлау мәдениеті.
Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-ой еңбегін, жақсы есті дамыған қиялды және оқуға шығармашылық тұрғыдан келуді талап етеді.

Ойлау мәдениеті түсінігін А.Қасымжанов, А.Ж.Келбұғанов ойлау қабілеті дамуының белгілі бір дәрежесі ретінде түсінеді, яғни тар мағынасында ол "Ойлаудың қағидалық әдісі немесе ұғымдарға сүйеніп ойлау өнері". Бұл бәрін терең, әрі жан-жақты қарастыруға көмектесетін, сол арқылы мәңгі даму үстіндегі әлемді дұрыс қабылдайтын ойлаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы қол жеткізу

Оқушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз бетінше еңбек ету және еңбек ету мәдениеті дағдыларын меңгереді. Бұл оларда өзінің жұмыс орнын қарапайым ұйымдастырудан бастап, дәл және дұрыс ақыл-ой, сонымен бірге практикалық әрекет дағдыларына дейін барлығынан көрініс табады. Олар ақыл-ой әдістерінің бірқатар қорын жинақтайды. Олардың таным әрекеті жоғарғы дәрежелі ойлау операцияларымен, ойлаудың шапшаңдығы, икемдігі, оралымдығымен, оқушылар бұрын кездеспеген жаңа, тың тапсырмаларға өзінің білімін, интеллектуалдық біліктілігі мен дағдыларын өз бетінше көшіріп қолдана алуымен ерекшеленеді. Оқу әрекеті дағдыларын меңгермеген оқушылар өз жұмысын жоспарлап, уақытты дұрыс, тиімді пайдалана алмайды.

Бұл жерде сөз ақыл-ой процестерінің сырттан басқарылуымұғалімі тарапынан, бағдарламалық оқулықтарымен, оқытатын құралдар, электронды машиналармен жөнінде ғана емес, оқу әрекеті барысында саналы түрде өзін-өзі басқару және өзін өзі реттеу жөнінде де болып отыр. Ал бұл үшін оқушыға оның жеке-психологиялық ерекшеліктерін, оның оқу және практикалық әрекетке қатынасын ескере отырып ықпал ету керек және оныңмеңгерген өзіндік жалпылама тиімді тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етуі қажет. Интеллектуалдық білік-дағдыларға үйрету бір-бірімен тығыз байланысты болатын төрт мәселені қамтиды: ойлау әрекетінің саналы болуына қажеттілік қалыптастыру, әрекет ету бойынша жалпы ережелерді білу, бұл әрекеттерді тәжірибе жүзінде тексеру және өзін-өзі бақылау.Оқушыларды керекті себептендіруді мотивация тудыру үшін оларда ойлау процесінің өзін саналандыруға рационализация қажеттілік пайда болуы, оны дамыту туралы неғұрлым кең мәселеге өсетін белгілі бір нақты әдіс қолданылады. Зерттеулер көрсеткендей, бұл қажеттілік оқыту барысында ақыл-ой әрекеті әдістерінің ұзақ уақыт қалыптасуы нәтижесінде пайда болады. Ойлауды саналандыруға қажеттілік ойлау мәдениеті әдістерін тиімді меңгерудегі қажетті алғы шарттардың бірі болып табылады.
Бұл жағдайда оқушы есіне үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады, бірақ оны пайдалана алмауы да, құрғақ жаттап алған материалдың мазмұнын жете түсінбеуі де мүмкін. Міне осы жерде ойлау мәдениетіне үйрету керек болары сөзсіз.

Әрине, оқушы білімді меңгеру кезінде ойлау әрекетінің белгілі бір тәсілдері мен әдістерін меңгереді, бірақ мұндай стихиялы, жүйесіздік жеткіліксіз екендігі анық. Бұл мәселені қалай шешуде педагог психологтардың көзқарастары әртүрлі, біреулері оқытуды өз бетінше ойлауды дамытатындай етіп ұйымдастыру керек деп есептейді,егер соңғы нәтижесінде оқушылар дұрыс ойлау мәдениетіне үйренетін болса, бұл жерде түбегейлі айырма жоқ.

Жақсы өңделген және берік тұрақталған әдістердің қалыптасуына әкелетін ақыл-ой дамуының аса маңызды жағын құрайды. Бірақ бұл пікір жалпылама сипатта ғана, себебі нақты әдіс-тәсілдері сан алуан, әр текті болып келеді. Бұл жерде біз ойлау мәденеитіне тоқталамыз.
Соңғы кездердегі педагогикалық ізденістерде ақыл-ой біліктерінің мақсатты түрде дамуына ойлау әрекетінің арнайы қалыптасуына ерекше назар аударылуда, яғни ойлау дағдыларына үйретуге, танымдық ізденіс процестеріне ден қойылуда. Бұл ізденіс басталғаннан бері педагогикалық тәжірибеде әртүрлі оқу курстарына ақыл-ой дамуына байланысты тапсырмаларды енгізуге ұмтылыс жаппай сипат алды. Мамандар мен оқытушыларға жаппай бағдар беру мақсатында ойлаудың білік-дағдыларының ортақ көрініс көрсету үшін ортақ үрдісіне мақсатты түрде қалыптастырылуға тиіс осы ойлау машықтарының бірыңғай үлгісі жасалды. Ақыл-ойинтеллектуалдық дағдыларының орталық тірегі, діңгегі болып ойлау белгіленеді.

Ойлау мәдениеті үшін төмендегідей сапалар тән болуы тиіс: айқындық, қайшылықсыз, бірізділік, негізділік, дәйектілік, яғни ойлау тәртібін құрайтын заңдылықтар басшылыққа алынады.

Ойлау мәдениетін тек қана пайымдаулар мен тұжырымдардың логикалық тұрғыдан қатаң дәлелдігі айқындамайды, ол үшін мінез-құлықтың да белгілі бір сапалары қажет: "оқушының ақыл-ойын басынан-ақ өзіндік сыншылдыққа, өзіндік көзқарастарын өз бетінше қорғай алуға, қарсы пікірлерге жауап табуға үйрету керек" екендігін И.Кант дәлелдеген болатын (9.102)
Ақылдың сыншылдығы, сонымен бірге, жеке тұлғаның мінез-құлық
ерекшелігіне айналады, ақыл-ой процестерінің жүруіне әсер етеді. Ол, шын
мәнінде, міндеттің ақиқат жағдайлары мен шарттарына сәйкес келмейтін сәтсіз ұқсату - сәйкестендірілуі шығарып тастайды.

Адам өзінің және өзгенің ойларына қатаң баға беріп отырады, олардың күшті және әлсіз жақтарын көре біледі, кез-келген болжамды ақиқат ретінде тани бермейді, оның ақиқаттығын дәлелдеуге ұмтылады. Адамның ойлау сыншылдығы өзі қалыптасқан көзқарастарын, қағидаларын қайта қарап, егер ол ғылым мен практиканың жаңа, тың мәліметтеріне,деректеріне қайшы келсе, оларды соған сәйкес өзгертіп отырады.

Ғылыми-техникалық даму жағдайында әр саладағы білімнің қажеттілігі мен адам әрекетінің сан алуан түрлерінің бөлініп шығу үрдісі, сонымен бірге әртүрлі мамандыққа ортақ болатын құраушы бөліктерінің көрініс беруі арқылы олардың бірігу үрдістері үнемі жүріп жатады, бұл адам еңбегінің неғұрлым түсуінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан оқыту барысы кезінде жеке тұлғалық сапалардың нақты дағдылары мен біліктерінің, қатаң анықталған білім жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз ету керек болады. Бұның бәрі оқушының оқу процесі кезіндегі ақыл-ой әрекетін басқара білуді барынша өзекті мәселеге айналдырды.

Оқушыларды ой еңбегіне тәрбиелеу түгелдей оқыту-тәрбие жұмыстарының кезінде үздіксіз жүріп отырады. Ақыл-ой тәрбиесінің табыстылығын айқындайтын негізгі факторлар; оқу материалдарының мазмұны, оқыту әдістері және оқушының сол арықылы реттеле ұмтылдырған, қоршаған өмірге байланысты жеке өзіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық психологияның негізгі міндеттері
Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Үшінші блок көрсеткіштері
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері жайлы
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу
Психологиядағы оқыту, тәрбие және дамытудың сәйкестілік мәселелері жайлы
Пәндер