Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары



Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Жұмыссыздық.
2. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері.
3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы нысандары.
4. Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына он бес тәуелсіз мемлекет құрылған соң олардың арасындағы бұрын көп жылдар бойы қалыптасқан экономикалық қатынастар үзілгені белгілі. Ал Қазақстан сияқты алдымен шикізат өндіретін өндіріске маманданған және қорғаныс өнеркәсібіне жеке бөлшектер ғана өндіретін кәсіпорындары бар республикаға бұл үлкен соққы еді. Қазақстан осы дағдарыстан шығу үшін нарықтық экономикалық қатынастарға көшуді жөн көрді. Ал, нарықтық қатынастарға көшуге, экономиканы реформалауға байланысты көптеген кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттер жұыссыздық мәселелеріне душар еді. Жете даыған нарықтық инфра құрылым, қалыптаса бастаған нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық, экономикалық тұтқалар жағдайында көптеген әлеуметтік мәселелер, атап айтқанда, еңбек және жұмыспен қамту саласы қауіпті сипат ала бастады. Отандық өндірістің дамуын ынталандыратын жетерліктей қолайлы инвестициялық климаттың, экономикалық және қаржылық тетіктердің болмауы, жалақының жоқтығы кейбір аймақтарда әлеуметтік жанжалдың, кедейшіліктің, қайыршылықтың пайда болуына әкелді. Алайда 90-шы жылдары болған жұмыссыздықпен қазіргі жұмыссыздықтың арасында үлкен айырмашылық бар. 90-шы жылдардағы жұмыссыздықты жаппай сипатта болды деуге болады. Қазіргі жағдайда да жұммыссыздық қоғамның ең өткір мәселелерінің бірі болып табылады. Жұмыссыздықтың халық араысында көп таралуы елдің экономикалық дамуына зор нұқсан келтіреді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміздегі жұмыссыздық жыл өткен сайын азая бастады. Жұмыссыздық кез-келген жағдайда болмасын, халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысына, әл-ауқатының деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып, барлық жағынан тез қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді. Осыған байланысты қазіргі таңда экономикамен әлеуметтік әділеттілік негізіндегі жоғары өркениетті демократиялық қоғам құру жолында әр түрлі оқиғаларды басынан кешіп отырған республикамыздың бүгінгі тіршілігіміздің негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты өмірін және мұң-мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Болашағымыз – жастардың қолында» дегендей, жас мамандарды көбірек жұмыспен қамтамасыз етуіміз керек. Бірақ елімізде бұл мәселе жиі талқыланса да, жұмыссыздық саны азаюы тежелуде. Жұмыссыздықтың көптігінен Қазақстанның жалпы ішкі өнімін жоғалтуда.
1. Темірбекова Б. А. Экономикалық теория. Оқу құралы. Экономика баспасы. - Алматы, 2008 ж. 213 бет.
2. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжұмашев Е., ˝Экономикалық теория негіздері ˝ -Алматы: ˝Санат˝, 1998 ж.
3. Әкімбеков С., Баймұхаметова А. С., Жанайдаров У. А. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған С. Әкімбеков. - Астана, 2002. - 464 б.
4. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы: «Қазакстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 2014 ж. 17 қаңтар.
5. Доғалов А.Н., Досмаганбетов Н.С. Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналган оқулық/-2-басылым, өңделген және толықтырылған. - Астана: Л.Н. Гумилев атындагы Еуразия ұлттық университеті, 2012. - 470 б.
6. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А„ Байжомартов Ү. С., Комягин Б. И.. /Жалпы редакциясын басқарган Шеденов Ө. Қ. - Ақтөбе: А-Полиграфия, 2004. - 455 бет.
7. Шәденов . Ө. Қ, Байжомартов. Ү.С, Жүнісов. Б. А, Комягин. Б. И. ˝ Жалпы экономикалық теория ˝ Алматы – Ақтөбе 2002 ж.
8. Әубәкіров Я. ˝Экономикалық теория негіздері ˝. Оқу құралы. Алматы, 1999 ж.
9. Егемен Қазақстан ˝ Жұмыссызы жоқ аудан ˝ 28 сәуір 2001 ж № 85 4 бет .
10. Егемен Қазақстан ˝ Жұмыссыздық берті – ауыр дерт ˝ 24 сәуір 2004 ж 2 бет № 105 – 106 ( 23742 )
11. ҚҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. № 2( 48 ) 2005 ж.
12. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми Интернет- ресурсы: www.stat.gov.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті Ветеринарлық Медицина Кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары.

Орындаған: Ахмадиева А.Ж.
Тексерген: Қуантқан Б.
Тобы: ВМ – 401.

Семей, 2015ж.
Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Жұмыссыздық.
Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері.
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы нысандары.
Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына он бес тәуелсіз мемлекет
құрылған соң олардың арасындағы бұрын көп жылдар бойы қалыптасқан
экономикалық қатынастар үзілгені белгілі. Ал Қазақстан сияқты алдымен
шикізат өндіретін өндіріске маманданған және қорғаныс өнеркәсібіне жеке
бөлшектер ғана өндіретін кәсіпорындары бар республикаға бұл үлкен соққы
еді. Қазақстан осы дағдарыстан шығу үшін нарықтық экономикалық қатынастарға
көшуді жөн көрді. Ал, нарықтық қатынастарға көшуге, экономиканы
реформалауға байланысты көптеген кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттер
жұыссыздық мәселелеріне душар еді. Жете даыған нарықтық инфра құрылым,
қалыптаса бастаған нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық, экономикалық
тұтқалар жағдайында көптеген әлеуметтік мәселелер, атап айтқанда, еңбек
және жұмыспен қамту саласы қауіпті сипат ала бастады. Отандық өндірістің
дамуын ынталандыратын жетерліктей қолайлы инвестициялық климаттың,
экономикалық және қаржылық тетіктердің болмауы, жалақының жоқтығы кейбір
аймақтарда әлеуметтік жанжалдың, кедейшіліктің, қайыршылықтың пайда болуына
әкелді. Алайда 90-шы жылдары болған жұмыссыздықпен қазіргі жұмыссыздықтың
арасында үлкен айырмашылық бар. 90-шы жылдардағы жұмыссыздықты жаппай
сипатта болды деуге болады. Қазіргі жағдайда да жұммыссыздық қоғамның ең
өткір мәселелерінің бірі болып табылады. Жұмыссыздықтың халық араысында көп
таралуы елдің экономикалық дамуына зор нұқсан келтіреді. Қазақстан
тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміздегі жұмыссыздық жыл өткен сайын
азая бастады. Жұмыссыздық кез-келген жағдайда болмасын, халықтың тұрмыс
деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Қандай мемлекет болмасын халықтың
тұрмысына, әл-ауқатының деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының
артып, барлық жағынан тез қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын
көрсетеді. Осыған байланысты қазіргі таңда экономикамен әлеуметтік
әділеттілік негізіндегі жоғары өркениетті демократиялық қоғам құру жолында
әр түрлі оқиғаларды басынан кешіп отырған республикамыздың бүгінгі
тіршілігіміздің негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты өмірін
және мұң-мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету. Президентіміз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев айтқандай, Болашағымыз – жастардың қолында дегендей,
жас мамандарды көбірек жұмыспен қамтамасыз етуіміз керек. Бірақ елімізде
бұл мәселе жиі талқыланса да, жұмыссыздық саны азаюы тежелуде.
Жұмыссыздықтың көптігінен Қазақстанның жалпы ішкі өнімін жоғалтуда. Ол
соңғы санақ бойынша жан басына шаққанда небәрі 12 мың доллардан келеді.
Халықтың басым көпшілігі жұмыстың сапасына емес, оның жалақысының көптігіне
қызығудың нәтижесінде басқа салаға мамандар жетіспеуде, ал жаңағы адам көп
қызығатын мамандықарда жұмыссыздық етек жаюда. Олардың қатарына ққазіргі
заманда экономист, қаржыгер, заңгер, программист және тағы басқалары
жатады. Соның нәттижесінде көптеген адам жұмыссыздыққа душар болуда немесе
өз біліміне сәйкес емес ортада жұмыс атқаруда. Сонымен қатар жұмыссыздықтың
көбеюі ақша көлемі азаюына байланысты болады, ал инфляцияның төмендеуі
уақытша жұмыссыздықтың пайда болуына әкеледі. Уақытша жұмыссыздық жалдамалы
жұмыс істеуге әкелуі әбден мүмкін. Жалдамалы жұмыс уақытша болғандықтан,
ол адамның дұрыс өмір сүруіне ешқандай кепілдік бере алмайды. Жұмыссыз адам
ақшаның тапшылығынан көп қиындыққа батады, сары уайымға салынады,
психологиялық күйзеліске ұшырайды, кейде оңай жолмен ақша табу үшін ірілі-
ұсақ қылмыстар жасауға өзін-өзі мәжбүрлейді. Сол себептен оны тек қана
жұмыссыздық деп қарастырмай, бірнеше бақытсыздықтың бастауы ретінде
қарастыруымыз керек. Әлемді алаңдатып отырған кедейшілік те осы
жұмыссыздықтан да пайда болады. Ендеше еліміз дамыған елдердің қатарына
қосылу үшін алдымен осы кемшіліктердің орнын толтырып, одан құтылудың
жолдарын тауып, оған апаратын жолдарды тоқтатуымыз керек.

Негізгі бөлім.
1. Жұмыссыздық.
Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысына, әл ауқатының
деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып, барлық
жағынан дер қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді.
Осыған байланысты қазіргі таңда нарықтық экономикамен әлеуметтік
әділеттік негізіндегі жоғарғы өркениетті демократиялық қоғам құру
жолында әртүрлі оқиғаларды басынан кешіріп отырған республикамыздың
бүгінгі тіршілігіміздің негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың
бақытты өмірін және мұң мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету.
Жұмыссыздық – Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебінің бірі болып
отыр. Кедейлік себептерінің қатарына жұмыссыздықпен қатар халықтың
шағын бизнеске қатысуының шектеулі қол жеткізуінің, жұмыс істейтін
кедейлер жалақысының төмен деңгейін, комуналдық және білім
саласындағы қызметтерге қол жеткізудің төмендігін, әлеуметтік
қорғаудың қазіргі жүйесінің жеткіліксіз тиімділігін адамзаттардың
жекелеген санаттарының масылдық, көңіл – күйін, сондай – ақ кедей
халықтың төмен хабардарлығын және қоғам өміріне қатысу дәрежесінің
төмендігін жатқызған жөн.
Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық белсенді халық санындығы
жұмыссыздар үлесі.
Еңбек өндіріс факторы, ерекше тауар болып табылады. Оның тауарлық
формасының ерекшелігі мыналардан тұрады :
Бұл ресурс, әдетте, өзінің толық көлемде сатылу объектісі болып

шықпайды.
Жалдау формасындағы сату.
Шамалы жинақылық (аймақтық, өндірістік және т.б.)
Тұтас еңбектің бөлігі (әлеуметтік формада) тұрақты өтімді
таппайды. Қорытындысында тұрақты құбылыс - жұмыссыздық туады.
Жұмыссыздықтың бөлінуінде бірнеше формалар бар.
Экономикалық теорияда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген
ұғымды ” пайдалану қалыптасқан. Оның мөлшері тапжылмастай емес. Әр
елдерде ол мөлшер 2-ден 7 пайызға дейін әртүрлі деңгейге жетеді.
Мемлекеттің міндеті – жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейінің
табиғи деңгейден асып кетпеуін бақылау болып табылады.
Америкалық экономист А.Оукен (Оукен заңы ) көрсеткен заңдылық
бар.
Жұмыссыздық іс жүзіндегі деңгейі оның табиғи деңгейінен 1% -ға жуық
артуы, іс жүзіндегі ЖҰӨ көлемін әлуеттік көлемін салыстырғанда
2.5%-ға
кейіндеуге жаткізеді.
Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипатына бірнеше факторлар
әсер етеді:
- ғылыми – техникалық процес;
- экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылық;
- сыртқы экономикалық бәсекелестіктің күрт күшеюі;
Мұндай жағдайларда еңбек рыногы мынаған міндетті:
1.Өте жоғары жинақылыққа жетуге ( кәсіпқойлық, біліктілік,
аймақтық және халықаралық көзқарастар аясында )
2.Үлкен икемділікке барып, қазіргі заманғы жағдайларға сай
өте жақсы бейімділік танытуға.

3.Еңбекақы ставкаларын дараландыру ( еңбекақыны нақтылы
жұмыскердің ағымдық еңбек үлесімін ғана емес, сонымен бірге адамның
жұмысқа лайықтылығын, әлеуметтік мүмкіндігін және біліктілігінің
өсуін есепке ала отырып құру керек )

1 – ші сызба.

Сонымен еңбек рыногын реттеу формасы болып тек Қазақстан
Республикасындағы күшінде бар жалпы еңбек заңнамасы ғана емес,
қайта еңбек келісімдер институты болуға тиісті.
Қазақстанда әлеуметтік еңбек сферасы аса бір реттелінбеген, дау
дамайлы істердің бірі болып табылады. Республика әлдеқашан басқа
дәуірге өткен, ал әлеуметтік – еңбек қатынастары 2000 жылдың 1
қаңтарына дейін Кеңес өкіметі кезіндегі еңбек ақымен реттелініп
келеді.
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының
“Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы ” жаңа Заңы, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының “ Халықты жұмыспен қамтылу туралы ” және
басқа заңдары күшіне енді. Ол заңдар азаматтардың Қазақстан
Республикасындағы еңбек еріктілігіне деген конституциялық
құқықтарын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарымен,
жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларымен қоса халықтың
жұмыспен қамтылу сферасындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазіргі кезде, әсіресе, экономиканың мемлекеттік емес
секторларында еңбек қорғаудағы, шеккен зияндарды қайтарудағы, мертігу
немесе кәсіптік сырқатқа ұшырағандағы көптеген жұмыскерлер
құқығының бұзылулары әдетке айналып барады.
1998 жылы Халқаралық еңбек ұйымының ( ХЕҰ ) басшылығымен
Қазақстанда алғашқы рет ірі масштабта жүргізілген мынаны көрсетті,-
еңбек қауіпсіздігі болуға тиісті тексерілген кәсіпорындардың 30 %
-дан астамында арнайы механизмдер, техникалар, аспаптар туралы
айтпағанның өзінде, тіпті әуелі олардың күзет қызметтері болмай
шыққан.
ХЕҰ есеп беру мәліметтері бойынша 1998 жылда Қазақстандық
өнеркәсіптегі жұмыссыздық елдегі еңбек ресурстарының 41 % -нан
астамынан асқан. Ал Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайын ХЕҰ
дабыл қағарлықтай деп бағалады.
Өмір деңгейіндегі және әлеуметтік сфераны дамытудағы
дағдарыстық жағдайдың асқынуы, демографиялық көрсеткіштердің
нашарлауы әлеуметтік - экономикалық қатынасты өзгертудің объективті
қажеттілігіне және Қазақстанның бірқалыпты әрі орнықты дамуын
қамтамасыз ету үшін еңбек ресурстарының өндіргіш күшінің өсуін
қамтамасыз етуге институционалдық және қаржылық механизмдердің
талдаулары себепші болды.

2. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың
өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін
арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға
мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын
ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада
жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың
көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық
саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе
уақытша жұмыс істемейтін бөлігі. Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік
құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал
көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген
сұранысты төмендетеді. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану
заңының іс-әрекетінің нәтижесі объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде
қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық
құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады – нәтижесінде
жұмыссыздар армиясы пайда болады. Ағылшын экономисті А.Пигу “Жұмыссыздық
теориясында” мынадай тезис дәлелдеді, — “еңбек рыногында бәсекелестік
жүреді ”. Бұл, еңбекке бағаның көтерелуін әкеп соғады. Сондықтан көптеген
экономистердің айтуы бойынша кәсіпкерлер жоғары көлемді жалақыны білікті
маманға төлеу, егер сол маман өнімнің шығару құнын көбейтсе, соның есебінен
еңбекке жоғары өнімділігі нәтижесінде кәсіпкерлердің жұмысшы персоналын
қысқартуға мүмкіндігі болады. Бұл дәрежеде мынадай принцип жүреді:
“Ыңғайлысы, 1 жұмысшы ұстап, оған жақсы жалақы беру, 5-6 адамға төмен
жалақы беруге қарағанда. Пигу өз кітабында көп жақсы, нақты өз ойын былай
деп қарастырған: “Жалпы ақшалай жалақының қысқаруы жұмысбастылық жағдай
жасай алады. Мұндай трактовканы дәлелсіз деп қарастырамыз, ол жалақысы аз
жұмысшылардың жұмыссыздық армиясына қосылуы”, “толуы” дегенді растайды.
Тұрпайы саяси экономика жұмыссыздықты теңдік жағдайынан “кездейсоқ”
ауытқу деп қарастырады. Алайда, капитализм тарихындағы аса күйзелісті
болған 30-жылдардағы дағдарыс тұғызған шым-шытырық оқиғалардың ықпалымен
ағылшын экономисі Д.Кейнс капитализм тұсында жұмыссыздықтың лажсыз сипатта
болғанын мойындайды. Жұмыссыздықтың болуын ол өндіріс құрал-жабдықтары мен
тұтыну заттарына жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен байланыстырады. Бұл
ретте Д.Кейнс өндірістің объективті заңдылықтары мен қайшылықтарын елемей,
кәсіпкерлер мен тұтынушылардың психологиялық мінез-құлық дәлелдеріне,
жиынтық сұранымды мемлекеттің ынталандыруы арқылы “жұмыспен толық”
қамтамасыз етуге болады.
Кейнстің ізбасарлары оның концепциясының түрлі жақтарын соның ішінде
жұмыссыздыққа және оның бағасының серпінділігімен өзара байланысына қатысты
жақтарын дамытып, толықтыра түседі. Бір жағынан, нақты жалақы мен баға
дәрежесінің өзгеруі және екінші жағынан, жұмыссыздықтың абсолютті көлемі
арасындағы олар (арасындағы) анықтаған кері тәулділік “сұранымның
молшылығы” жөніндегі Кейнстің теорияның рухында түсіндіріледі.
Экономикалық сілкіністер, шиеленіскен экономикалық құрылымдық
дағдарыстар, кейнсшілдік түсініктерге қарамастан жаппай жұмыссыздықпен
ұштасатын, бақылауға келмейтін созылмалы инфляция кейнстің теориялық негізі
ретінде пайдаланған мемлекеттік монополистік реттеу практикасының да
негізсіз екенін ашып көрсетті.
Қазіргі кезде де даусыз болып қала береді. Қазіргі неоконсерватизмнің
жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың негізінде рыноктік бәсекеден тыс
факторлардың әсерінен болатын жалақының қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық өз
еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға жалақы деңгейі
ұнамайды, немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес),
еңбектің маңыздылығы, қызығушылығы төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық
жалақы белгілеудегі рыноктік тепе-теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты,
мұнда жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық болады.
Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың ерекше мынадай түрлерін
қарастырады; ерекше бөледі:
Фрикциондық жұмыссыздық — адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір
жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.
Құрылымдық жұмыссыздық — өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде
болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы
жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
Циклдық жұмыссыздық — өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни
экономикалық циклдің осы фазасымен байланысты.
Құрылымдық және фрикциондық (экономикалық) жұмыссыздықтар оның
“табиғи” деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді.
Циклдің факторлар жұмыссыздықты “табиғи” деңгейден жоғарылатады.
Егер, жұмысбастылық толық болған жағдайда жұмыссыздық деңгейі
“Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп айтылады.
Және тағы бір жұмыссыздық түрі бір нақты аумақта жұмысшы күшінің сұраныс
пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде туындайды. Ол тең емес
экономикалық аумақтың дамуына ықпал етіп қалыптасады, және де
демографиялық, тарихтық, мәдениеттік тағы басқа да өзгеше факторлар әсер
етеді.
Жалпы ең негізгі жұмыссыздық – фрикциондық, құрылымдық, циклдық болып
келеді.
Жалпы жұмыссыз деп статистиклық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ
жұмыс іздеп және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар
жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын
нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын
функционалдық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, институтционалды,
ерікті, жасырын тағы басқа.
Жасырын жұмыссыздық — өндірісте және мемлекеттік ақпаратта артық
жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс
күшімен атқаруға болады.
Институтционды жұмыссыздық еңбек рыногының институтынан, құрылысынан,
ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туады.
Ерікті жұмыссыздыққа әр себеппен, өз еркімен жұмыс істегісі келмейтін
адамдар жатады.
Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс
жасауы: бұл кейбір өндіріс саласында кездеседі, әсіресе қайта өрлеу
өнеркәсібінде т.б.
Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі,
біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
Жұмыссыздық – экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек рыногында
талап етілмеумерінен туындайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс; адамдар
жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс
табылмайтын хал-жағдай.
Жалпы жұмыссыздық – үш критерийге қатар жауап беретін адам жұмыссыз
болып есептелетін кездегі жұмыссыздық, олар:
а) істейтін жұмыс (табысты жұмыс) жоқ,
б) белсенді түрде іздеп жүр,
в) белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа кірісуге даяр (қағида бойынша, екі
аптаның ішінде)
Ресми жұмыссыздық – маусымдық ауытқуларға түзетусіз, мемлекеттік
органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны.
Жасырын жұмыссыздық (бүркемелі) – жұмыс істеглері келетін, бірақ
жұмыссыз ретінде тіркелуді, әдетте, жәрдемақы алуға құқылы еместігінен
пайдасыз көретін жұмыссыздардың жалпы саны.
Созылыңқы жұмыссыздық – 12 айға және одан ұзақ уақытқа созылатын
жұмыссыздық.
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып
шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын
қарастырады. Мысалы, АҚШ-ы Конгресі экономикалық статистика бойынша
комиссияның жүргізген зерттеуі жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың
әрқайсысының өзінің ерекше “себептері” бар. Экономистер барлық
жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың
бірінші тобына – “жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен” туындауын
жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші
тобына – “жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық,
құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін” жатқызамыз.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық
және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды
жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің
абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым
ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс
деңгейінде қаралады.
Жұмыссыздқ деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:
ЖБ=ЖСЖК*100
Мұндағы – ЖБ – жұмыссыздық деңгейі;
ЖС – жұмыссыздар саны;
ЖК – жұмыс күшінің саны.
Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал
жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бар бөлігі өнім өндіруге
қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай
жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі
өсе түседі.
Әйелдердің де, еркектердің де жұмыссыздықтарының негізгі себептері
оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың қиындығы және кез келген
жұмыстың табылмауы болып табылады. Әйелдердің салыстырмалы теңсіздігінің
себебі – олар еркектерге қарағанда штат қысқартуға байланысты жұмыстан
жиірек босатылады және үй шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бойынша жұмысты
тастайды.
Жасқа қарай жұмыссыздық сипаттамасы да сондай-ақ еңбек рыногындағы
әйелдер мен еркектер арасындағы теңсіздікті айғақтайды.
3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы
нысандары.
ҚР Үкіментімен бірнеше жыл бойы жүргізілген монетарлық саясат табиғи
нәтижеге жұмыссыздықтың өсуі есебінен инфляцияны ауыздықтауға әкеледі. ҚР-
дағы жұмыссыздық жоғарыда айтылған барлық нысандарда көрсетіледі:
Кезеңдік жұмыссыздық елдегі экономикалық дағдарыстың нәтижесі ретінде
болады;
Уақытша жұмыссыздық жақсы өмірді іздеген елдің басқа елдерге жаппай
көшуінің нәтижесінде болды;
Құрылымдық жұмыссыздық сыртқы әлемнен экономиканың көп жыл жабық болуының
және нарықтағы қатынастарға қазіргі жағдайда көшу қажеттілігінің
нәтижесінде болады.
Осы нысандармен қатар жұмыссыздықтың негізгі пайызын көрінбейтін
жұмыссыздар құрайды. Ол біріншіден, көп кәсіпорындар толық емес жұмыс күні
тәртібінде жұмыс істеп және өндіріс көлемін қысқарта отырып, жұмыскерлерін
төлемсіз демалысқа жіберуге мәжбүр, екіншіден адамдар олардың ұйымдастыру
жұмыстары жетілмегендіктен, еңбек биржасынан гөрі өздері жұмыс тауып алуды
жөн көреді.
ҚР еңбек рыногындағы келесі проблемаларды бөліп қарастыруға болады:
Еліміздің әртүрлі аймақтарындағы жұмыспен қамтамасыз ету деңгейінің
біркелкі еместілігі өседі;
Жұмыссыздықтың мерізімінің өсуінің ұзақтығы;
Жұмыспен қамтылуының әлеуметтік құрылымы өзгереді;
екінші жұмыспен қамтылу өседі;
Материалдық өндіріс пен ғылым салаларында жұмыс істемейтіндердің саны
азайып, өндірістік емес салаларда көбейеді;
Жұмыссыздықтың қатары әйелдер мен жастары құрамында көбейеді.
Жұмыссыздықтың салдары қандай болады және ол қоғамға несімен қауіпті:
Адам еңбегі дегеніміз капитал сияқты жинап қоюға, қордалауға келмейтін
айрықша ресурс. Жоғалған жұмыс уақытын орынына келтіру мүмкін емес,
сондықтан жұмыссыздық салдарынан шығарылмаған және көрсетілмеген тауар мен
қызметтің орыны өтелмейді.
Егер адам жұмысынан айырылса, сөйтіп жалақысыз қалса ол қалайда күнкөріс
көзін іздейді.Бұл жағдайда мемлекет жұмыссызға жағдай жасауды өз моынына
алады. Алайда жқмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы тауар шығарғаны, қызмет
көрсеткені үшін берілген сыйақы бола алмайды, себебі жұмыссыз адам ешнәрсе
шығармайды, демек елдің әл-ауқаты да жоғарыламайды.
Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады. Халықтың
табысының азаюы сұраныстың азаюының бір себебі екендігін ілгеріде көрдік.
Тауаоға сұраныстың азаюы өз кезегінде өндірістің кемуіне және
жұмыссыздықтың одан әрі өршуіне жол ашады, себебі өндірістің кемуі жұмыс
орындарының қысқарып, жалақының кемуіне әкелетін жолдың басы.Сөйтіп қоғам
өзі құрған тұзаққа өзі түседі.
Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі
әбден ашынған халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет
өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге, шеруге,
төңкеріске қатысуға даяр тұрады.
Жұмыссыздық қылмыс, әсіресе жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі
күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен
пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді.
Жұмыссыздықпен күрес жолдары
тапсырма биржаларында және жұмыспен қамту қызметтерінің басқа да түрлері
құру;
жаңа жұмыс орындарын құру;
оқыту мен жұмыссыздарды оқыту үшін мүмкіндіктер жасау;
қылмысқа қарсы күрес;
мінез-құлық тұрақтандыру саясаты;
мемлекет үшін қосымша жұмыс орындарын құру;
мұндай журналистер, экономистер, дизайнерлер, құрылысшылар және басқа
сарапшылар кейбір профильдер, табу үшін арнайы орындарын құру. Халықты
жұмыспен қамту.
Қазақстан Республикасы ˝ Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы ˝
жұмыссыздығы үшін олардың, негізгі жалақысының 50 % - нан төмен емес
мөлшерде кепілдікпен ақы белгіленді. Ол төлем республикадағы
қалыптасқан жағдайға, күн көру деңгейімен төмен болмауы қажет.
Салыстыру үшін жұмыссыздық бойынша ақы мөлшерін келтірейік : АҚШ – да
жалақының 50 % - ын құрайды, Жапонияда жұмыссыздардың жас ерекшелігі
мен басқада көрсеткіштеріне бйланысты 3 – 12 айдың жалақысының - 60 –
80 % құрады, Францияда – 1 – 2,5 жылдағы жалақының 42 % - ын құрап,
қосымша күніне 40 франк төленеді, ал 3 жыл бойы ерекше ақы төленеді.
Ұлыбританияда 52 апта бойы 28,5 фунт стерлинг төлейді. Жұмыс
істейтіндердің жалақысынан шегеріліп, сол жиналған соммалардан арнайы
қор пар құрылады.
Нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде еңбек нарығындағы әр
түрлі категориядағы адамдарға дифференциялды түрде қарау көзделген.
Әсіресе жастарға. Осы мақсатта жастар арасындағы жұыссыздықпен күресу
үшін арнайы бағдарлама жасалып, ол өмірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық, оның себептері мен формалары
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның себептері мен формалары жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары туралы мәлімет
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық түсінігі, себептері мен формалары
Қазақстандағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайында
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы мәлімет
Жұмыссыздық. Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебі
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары жайлы мәлімет
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Пәндер