Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың қолданыстағы көріністері мен жасалу жолдары



М а з м ұ н ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың қолданыстағы көріністері мен жасалу жолдары.
1.1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың зерттеулердегі сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.2. Ә. Нұрпейсовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаласының жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ...20

ІІ тарау. Трилогиядағы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқылы және басыңқы компонентерінің мезгілдік жағынан өзара қарым . қатынастары
2.1. Трилогиядағы бір мезгілдес сабақтас құрмаластар ... ... ... ... ...35
2.2. Трилогиядағы әр мезгілдес сабақтас құрмаластар ... ... ... ... ... ... .42

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
Кіріспе
Қазақ тіл білімі саласындағы ең көп қолға алынған және аз зерттелгенінің бірі - құрмалас сөйлем синтаксисі.
Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы пікірлерді отызыншы жылдар ішінде мектептерге арналып жазылған оқулықтардан, оқу бағдарламаларынан кездестіруге болады. Құрмалас деген термин де сол кездерден бастап енді. Бұл термин грамматикалық термин ретінде тек лингвистикада ғана қолданылады. Бұл атау - құра деген етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем - екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралатын құрамды категория.
Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке мүшелерден құралады да, құрмалас сөйлем жеке сөйлемдерден құралады, басқаша айтқанда, жай сөйлем жеке сөздерге ғана жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді өз ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі -сөз, екіншісінің мүшесі - сөйлем. Бұл жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен қүрылысы, қүрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұл екі категорияның бір-бірінен мағыналық өзгешілігі - олардың бірінің жеке бір ғана ойды біілдіріп, екшшісінің күрделі ойды білдіруінде.
Осы айтылған структуралық және мағыналық сипаттары жағынан алғанда, құрмалас сөйлемге екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ғана ойды білдіретін сөйлемдер жатады. Сөйлем құрмалас болу үшін өз ішінен сөйлемдік бөлшектерге бөлінуі шарт.
Құрмалас сөйлем синтаксисіндегі күні бүгінге дейін кездесіп жүрген күрделі мәселелердің көбі оның сабақтас түрінен болады.
Сабақтас құрмалас сөйлем мәселесі тек қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркология бойынша күрделі проблемалардың бірінен саналады.
Сабақтас құрмалас сөйлемді дұрыс тану деген сөз мұның өзіне тән айырым белгілерін ғылыми жүйеде саралау болып шығады. Ал бұл жағдайдың өзі қазақ тіл білімі былай тұрсын, түркологиялық ілімде де басы ашылмаған мәселе. Құрмалас сөйлемді зерттеушілердің көбі сабақтасты айқындауда өзіндік түсінік, тұжырым мен әр түрлі критерийлер үсынады. Бұл ретте көптеген түркологтар сабақтас құрмалас сөйлемнің әрбір компонентінің айырым бастауышы болсын деген талапты бірінші орынға қойса, енді қайсыбіреулері басыңқы бөлшектен бөлек бағыныңқыда арнайы бастауыштың болуын басты меже тұтпайды. Сондай-ақ соңғы кездерде танылып жүрген интонациялық белгіні бір топ ғалымдар қолдаса, енді біреулері бүны бағыныңқыға тән айырым белгі ретінде қарамайды. Міне, осы жағдайларды ескере келіп, сабақтас сөйлемнің грамматикалық сипатын дұрыс тани білу үшін, оған тән айырым белгілерді саралап алу қажет. Ондай белгілерді Қ.Есенов мынадай деп саралайды:
1. Сабақтастағы әрбір сөйлемнің өзіне тән бастауышы мен баяндауышы болып, соған орай олардың субъект-предикаттық қатынасқа түсіп отыруы;
2. Бағыныңқы сөйлем баяндауышын басыңқымен байланыстыратын түрліше амал-тәсілдердің болуы. Олар - шартты рай, есімше, көсемше, қимыл есім формалары және осылармен қосыла айтылатын түрліше жалғаулықтар мен шылау сөздер.
3.Бағыныңқы сөйлемнің біршама да болса айырым ойға ие болып, басыңқыдағы ойдың мазмүнын түрлі жақтан айқындап тұруы.
4.Бағыныңқы компоненттің басыңқымен ұласпалы интонация арқылы айтылуы [1,175]
1. Тіл білімінде сөйлемнің сөйлем екендігін айқындайтын ең басты меже-предикаттық қатынастың болатындығы айтылады. Осыған орай түркологиялық ілімде де бағыныңқы сөйлемді айқындауда бұл белгі (предикаттық қатынас) соңғы кездерде таныла бастады.
Предикаттық қатынас - бастауыш пен баяндауыштың қатынасы. Олай болса, бұл байланысу бағыныңқы сөйлемдерден осындай бас мүшелердің болуын талап етіп отырады. Сөйлем ішінде болатын бастауыш кейде арнайы аййтыла бермейді, алайда оның барлығы баяндауыштың жіктік жалғау формасы арқылы белгілі болып тұрады. Мұндай заңдылық сабақтаста шартты рай тұлғасы арқылы жасалған бағыныңқыларда болады. Сондықтан мұндай сөйлемдердің баяндауышы арқылы әрі қимыл иесін біліп тұрамыз. Ал есімше, көсемше тұлғасы арқылы жасалған бағыныңқылар жайында мұны айтуға болмайды. Өйткені бұл сөйлемдерде предикаттық қатынастың орын алуы, шартты рай тұлғалы бағыныңқылардағыдай, баяндауыштың сөздің жалаң өзімен ғана емес, арнайы бастауыштың айтылуымен тығыз байланысты болады.
Бұл жай қазақ тілі бағыныңқыларын саралауда «предикаттық қатынас» болсын деген тұжырымның тым әлсіздеу де бір жақты екендігін аңғарта түседі. Сондықтан да есімше, көсемше тұлғалы сөйлемдердің де бағыныңқы болудағы қызметін ескере отырып, жалаң «предикаттық қатынас» деуден гөрі «субъект-предикаттық қатынас»деп айтқан дұрыс болар еді [1,176].
Сабақтас құрмалас сөйлемді айқындауда бүл критерий ең басты меже болып саналады. Өйткені кез келген конструкцияның сөйлем екендігін оның бойында субъект-предикаттық қатынастың бар-жоқтығы айқындап тұрады. Егер сөйлемнің бойынан мұндай қасиет табылса, онда оның сөйлемдік қүрылыста келгені де, ал табылмаса, ондай конструкцияның сөйлемдік дәрежеге жете алмағандығы белгілі болады.
Құрмалас сөйлемдегі бастауыш жайындағы ілімді одан әрі дамытқан және осы жайында кейбір толықтырулар енгізген адам профессор Н.К.Дмитриев болды. Автордың мүндай пікірі оның бағыныңқы сөйлемнің өзіндік белгілерін айқындаумен тығыз байланысты еді [2, 245].
Профессор Н.К.Дмитриевше, сөйлемнің бағыныңқы бола алуы ондағы бастауыш пен баяндауыштың бар-жоқтығына қатысты келеді. Егер
де бағыныңқының өз бойында басыңқы сөйлемнен бөлек өз алдына бастауышы мен баяндауышы болса, автор мұндайды сабақтас құрмалас деп атайды. Кейінгі кездерде жарық көрген түркі тілдерінің еңбектеріндегі сөз болатын предикаттық қатынас осы Н.К.Дмитриевтің ілімімен ұштасып жатады. Автор мұндай предикаттық қатынасты сөйлемнің бастауышы мен баяндауышының қиысып келуі негізінде түсіндіреді де, бұл қасиетке ие бола алмағандарын бағыныңқы сөйлемнің ауыспалы түрі деп қарайды.
Бағыныңқы сөйлемге тән болатын субъект-предикаттық қатынас жалпы сөйлем атаулыға қатысты ортақ заңдылықтардан шығады. Өйткені сабақтас құрмаластың компоненттерін (бағыныңқы, басыңқы) сөйлем дәрежесінде қарастыратын болсақ, олардан талап етілетін заңдылықтар жалпы сөйлем синтаксисінің нормасынан алынады.
Сабақтас құрмаластың бастауышы жайында ілімді саралай талдасақ, оның мазмүны толығырақ ашылады:
1) Бастауыштың қажеттілігін барлық бағыныңқы сөйлем түрлерінде бірдей қарау. Мұндай көзқарасты әсіресе профессор Ғ.Абдурахманов қолдайды.
Профессор Қ.Сартбаев бағыныңқы сөйлемнің өзіндік белгілерін айта келіп, ондағы болатын грамматикалық тұтастықты орынды көрсетеді. Мұндай грамматикалық тұтастық бағыныңқының бойында болатын бас мүшелермен айқындалады. [3,102]
Ал профессор Ғ.А.Абдурахманов сабақтас құрмаластағы бас мүшелердің қатынасын бағыныңқылардың барлық түрлерінен бірдей қажет етеді. Сөйтіп күні бүгінге дейін көптеген түркі тілдерінде сабақтас құрмалас деп танылып келген конструкцияны жай сөйлем деп түсіндіреді. [4,84]
Сол сияқты профессор Ч.Б.Алиев те сөйлемнің құрамында бастауыш біреу-ақ болса, мұндайды жай сөйлем деп қарайды. [5,131]
Қазақ тіл білімінің тұңғыш филолог-профессоры Қ.Жұбанов құрмалас сөйлемнің бас мүшелердің негізінде құралуын талап етіп еді:
«Күрделі сөйлем болу үшін күрделі мүшенің бастауышы да, баяндауышы да болуы шарт» [6,230]. Күрделі мүше деп бүл жерде қүрмалас сөйлемді айтып отыр.
2) Бастауышты бағыныңқы сөйлем түрлерінде саралай қолдану. Бұлар бастауыштың әрбір бағыныңқыда бірдей бола беруін талап етпейді, оны міндетті деп санамайды. Бастауышты саралай қолданудағы мұндай ғалымдардың қатарына Г.Саибатталов, М.Гаджиев, Н.Сауранбаев. Ғ. Бегалиев т.б. жатқызуға болады.
Башқұрт тілінің құрмалас сөйлем синтаксисін арнайы қарастырған профессор Г.Саибатталов бастауыш сөзінің бағыныңқыларда әрдайым бола бермейтінін, соған орай олар қүрылысы жағынан екі құрылымды болуымен қатар бір құрылымды да болып келетінін және осы бір құрылымды құрылыстың түркі тілдерінде басым екендігін айтады. Автор бастауыштың болуын есімшелі, көсемшелі бағыныңқы сөйлемдермен ғана байланыстыра қарайды [7,19].
Профессор М.З.Закиев сабақтас құрмалас сөйлемнің әрдайым екі құрылымды болып келуін айта отыра, кейде оның бір құрылымды да болуын теріске шығармайды [8,278].
Сабақтас құрмаластағы бастауыштың қажеттілігі, сонымен қатар кейде оның әрбір компонентте бола бермейтіндігін қазақ тіл ғалымдары да (С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев) айтқан еді.
Доцент С.Жиенбаев өзінің «Синтаксис мәселелері» атты еңбегінде құрмалас сөйлем компоненттерінен бастауыштарды талап ете отырса да, шартты рай тұлғасында келген бағыныңқылардың бір ғана бастауышқа ортақтасуын да айтады. Бұл жайды автордың осы бағыныңқыларға берген мысалдарынан көруге болады: Барсам да, таба алмадым [9,19].
Доцент Ғ.Бегалиев «Құрмалас сөйлем» атты еңбегінде шартты және қарсылықты бағыныңқылардың бір бастауышқа да ортақтасып келе беретіндігін ескертеді.
Профессор Н.Сауранбаев та бастауыштың ортақ болып келуін теріске шығармайды. Профессор Т.Қордабаев бағыныңқы сөйлемдердің бас мүшелердің негізінде құрылуын қолдайды [24,267].
3) Бағыныңқы сөйлемді айқындауда бастауыш меже бола алмайды.
Бұлар сөйлемнің сабақтас екендігін ажыратуда бастауышты негізгі тірек қылмай, баяндауышқа арқа сүйейді, сондықтан баяндауыштың болуын басшылыққа алады. Мұндай ілімді жақтаушылардың қатарына Н.П.Дыренкова, М.Ш.Ширалиев, С.Аманжолов, М.Балақаев, т.б. жатқызуға болады.
Сөйтіп бір топ ғалымдар бағыныңқы сөйлемнің критерийін айқындауда баяндауыш мүшені ең негізгі басты меже ретінде ұсынды. Бұл ретте бастауыштың әр компонентте де бола бермей, оның ортақтаса айтылуына мүмкіндік беріледі. Осы турасындағы ілімнің әлі де болса тұрақталмағанын байқауға болады.
2. Баяндауыш - сөйлем сабақтастырудағы негізгі орталық. Сабақтас қүрмаластағы синтаксистік компоненттер субъект предикаттық қатынастың негізінде белгілі бір форма арқылы өзара тығыз байланысқа түседі. Бүл ретте жай сөйлемдердің арасын құрмаластырып, оларды бір бүтіннің қарамағына түсіруде бағыныңқының баяндауышы елеулі қызмет атқарады. Сондықтан да ол сабақтас сөйлемдегі негізгі орталық, аралық баспалдақ болып саналады. Олай болса, бағыныңқының баяндауышы - жалпы сабақтас құрмалас сөйлемнің типтерін жасаудағы негізгі көрсеткіш, ең қажетті байланыстырғыш элемент ретінде танылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Есенов Қ. «Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер». - Алматы, 1974 ж.
2. Дмитриев Н. К. «Грамматика башкирского языка». - Москва – Ленинград , 1948 г.
3. Сартбаев К.К. «Некоторые спорные вопросы сложноподчиненного предложения киргизского языка»// «Труды института языка и литературы» .Фрунзе 1965 г.
4. Абдурахманов Т.А. «Основы синтаксиса сложного предложения современого узбекского литературного языка». Автореферат докт. дисс – Ташкент, 1962 г.
5. Алиев Ч. Б. «Проблема придаточного предложения в карачаево – балкарском языком языке» // «Вопросы опистательных грамматик языков Современого Кавказа и Дагестана» - Москва , 1984.
6. Жубанов К. «Исследования по казахскому языку». Алматы, 1966
7. Санбатталов Т.Т. «Синтаксис сложного предложения башкирского языка». Автореферат докт. дисс. Уфа, 1972.
8. Закиев М.З. «Синтаксический строй тамарского языка». Уфа, 1969.
9. Жиенбаев С. «Синтаксис мәселелері», Алматы, 1939.
10. Жұбанов Қ. «Қазақ тілінің програмы». Алматы, 1936
11. Аманжолов С. «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы». Алматы, 1994.
12. Ахтямова Т.М. «Вопросы изучения русских сложно подчиненных придложений с придаточными обстоятельство в узбекских группах вузов» . - Ташкент, 1966.
13. Дәулетов М. «Хәзирги заман қарақалпақ тилинде кеңейтілген пысықтауыш» . - Нукус, 1966
14. Хавичев М.А. «Карачаево – балкарский язык» – Москва 1966
15. Чередниченко И. Т. «Особые случаи придаточности в современном русском языке». - Львов, 1948.
16. Дмитриев Н.К. «Граммантика кумыкского языка». - Москва - Ленинград, 1940
17. Есенов Қ. «Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы» . Алматы, 1982
18. Кононов А.Н. «Грамматика современного турецкого литературного языка». Москва- Ленинград, 1956.
19. Сартабаев Қ. «Қыргыз тилиндеги кошмо сүйломдүн синтаксиси». Фрунзе ,1966
20. Санбатталов Т.Т. «Синтаксис сложного предложения башкирского языка». - Баку, 1963
21. Бердымуратов К. «Придаточные предложения в каракалпакском языке и их структура». - Нукус. 1957
22. Ағманов Е. «Қазақ тілінің тарихи синтаксисі». - Алматы , 1991
23. Балақаев М. Қордабаев Т. «Қазіргі қазақ тілі». Алматы, 1966
24. «Қазақ тілінің граматикасы» І, ІІ. Алматы, 1967.
25. Жукеев Т. «Қазақ тіліндегі пысықтауыш мүшеге қатысты синкретикалық құбылыстар». Филология ғылымдарының кондидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. - Астана, 2005.
26. Қордабаев Т. «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі» . - Алматы , 1995.
27. Шәукенұлы Қ. «Синтаксис» Алматы, 2004 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
М а з м ұ н ы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың қолданыстағы
көріністері мен жасалу жолдары.
1.1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың
зерттеулердегі
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.2. Ә. Нұрпейсовтің Қан мен тер трилогиясындағы мезгіл
бағыныңқылы сабақтас құрмаласының жасалу
жолдары ... ... ... ... ... ... ...2 0

ІІ тарау. Трилогиядағы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың
бағыныңқылы және басыңқы компонентерінің мезгілдік жағынан
өзара қарым – қатынастары
2.1. Трилогиядағы бір мезгілдес сабақтас
құрмаластар ... ... ... ... ...35
2.2. Трилогиядағы әр мезгілдес сабақтас
құрмаластар ... ... ... ... ... ... .42

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
5

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Диплом жұмысының маңыздылығы.

Синтаксистің үлкен бір саласы - құрмалас сөйлем. Құрмалас
сөйлемнің бір түрі мезгіл бағыныңқылы құрмалас
сөйлемнің Ә. Нұрпейісовтің Қан мен тер романында жасалу
жолдары мен қолданыстағы көріністері , бағыныңқы , басыңқы
компонентерінің мезгілдік жағынан өзара - қатынастары теориялық
тұрғыдан жаңаша қарауға ықпал етеді. Мезгіл бағыныңқылы
сабақтастың жетіліп отыруы әдеби тіліміздің баю, даму
жолымен тығызы байланысты. Сол көріністердің мазмұн -сыры осы
жұмысымызға негізгі арқау болды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Диплом жұмысын жазудағы мақсат – қазақ тіліндегі мезгіл
бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердерің табиғаты мен
мәнін, оның сөйлемде алатын орынын айқындау.
Диплом жұмысының міндетттері.
Диплом жұмысының көрсетілген мақсатына орай жұмыста
мынадай нақты міндеттер қойылды:
– романда кездесетін мезгіл бағыныңқылы сабақтастарға талдау
жасап, жасалу жолдарын анықтау;
– мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың мағыналық жағынан қарым –
қатынастарын көрсету;
– оларды өзіндік ерекшеліктері бойынша біртұтас жүйеге
жинақтау;
– мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың қазақ тілінің тіл –
сөйлеу жүйесінде алатын орны мен атқарылатын
қызметтерін сипаттап анықтау.
Диплом жұмысында пайдаланылған әдістер.
Дағдылы лингвистикалық сипаттама, салыстыру, топтау, талдау
әдістері қолданылады.
Диплом жұмысының құрылымы.
Орындалған жұмыс кіріспеден, екі тараудан , қорытынды мен
пайдаланылған әдбиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе
Қазақ тіл білімі саласындағы ең көп қолға алынған және аз
зерттелгенінің бірі - құрмалас сөйлем синтаксисі.
Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы
пікірлерді отызыншы жылдар ішінде мектептерге арналып жазылған
оқулықтардан, оқу бағдарламаларынан кездестіруге болады. Құрмалас деген
термин де сол кездерден бастап енді. Бұл термин грамматикалық термин
ретінде тек лингвистикада ғана қолданылады. Бұл атау - құра деген
етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған
категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын
сөйлем - екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралатын құрамды категория.
Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке мүшелерден құралады да,
құрмалас сөйлем жеке сөйлемдерден құралады, басқаша айтқанда, жай сөйлем
жеке сөздерге ғана жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді өз
ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі -сөз,
екіншісінің мүшесі - сөйлем. Бұл жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-
бірінен қүрылысы, қүрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұл екі категорияның бір-
бірінен мағыналық өзгешілігі - олардың бірінің жеке бір ғана ойды
біілдіріп, екшшісінің күрделі ойды білдіруінде.
Осы айтылған структуралық және мағыналық сипаттары жағынан алғанда,
құрмалас сөйлемге екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі
бір ғана ойды білдіретін сөйлемдер жатады. Сөйлем құрмалас болу үшін өз
ішінен сөйлемдік бөлшектерге бөлінуі шарт.
Құрмалас сөйлем синтаксисіндегі күні бүгінге дейін кездесіп жүрген
күрделі мәселелердің көбі оның сабақтас түрінен болады.
Сабақтас құрмалас сөйлем мәселесі тек қазақ тіл білімінде ғана емес,
жалпы түркология бойынша күрделі проблемалардың бірінен саналады.
Сабақтас құрмалас сөйлемді дұрыс тану деген сөз мұның өзіне тән
айырым белгілерін ғылыми жүйеде саралау болып шығады. Ал бұл жағдайдың өзі
қазақ тіл білімі былай тұрсын, түркологиялық ілімде де басы ашылмаған
мәселе. Құрмалас сөйлемді зерттеушілердің көбі сабақтасты айқындауда
өзіндік түсінік, тұжырым мен әр түрлі критерийлер үсынады. Бұл ретте
көптеген түркологтар сабақтас құрмалас сөйлемнің әрбір компонентінің айырым
бастауышы болсын деген талапты бірінші орынға қойса, енді қайсыбіреулері
басыңқы бөлшектен бөлек бағыныңқыда арнайы бастауыштың болуын басты меже
тұтпайды. Сондай-ақ соңғы кездерде танылып жүрген интонациялық белгіні бір
топ ғалымдар қолдаса, енді біреулері бүны бағыныңқыға тән айырым белгі
ретінде қарамайды. Міне, осы жағдайларды ескере келіп, сабақтас сөйлемнің
грамматикалық сипатын дұрыс тани білу үшін, оған тән айырым белгілерді
саралап алу қажет. Ондай белгілерді Қ.Есенов мынадай деп саралайды:
1. Сабақтастағы әрбір сөйлемнің өзіне тән бастауышы мен
баяндауышы болып, соған орай олардың субъект-предикаттық қатынасқа түсіп
отыруы;
2. Бағыныңқы сөйлем баяндауышын басыңқымен байланыстыратын түрліше
амал-тәсілдердің болуы. Олар - шартты рай, есімше, көсемше, қимыл есім
формалары және осылармен қосыла айтылатын түрліше жалғаулықтар мен шылау
сөздер.
3.Бағыныңқы сөйлемнің біршама да болса айырым ойға ие болып,
басыңқыдағы ойдың мазмүнын түрлі жақтан айқындап тұруы.
4.Бағыныңқы компоненттің басыңқымен ұласпалы интонация арқылы
айтылуы [1,175]
1. Тіл білімінде сөйлемнің сөйлем екендігін айқындайтын ең басты меже-
предикаттық қатынастың болатындығы айтылады. Осыған орай түркологиялық
ілімде де бағыныңқы сөйлемді айқындауда бұл белгі (предикаттық қатынас)
соңғы кездерде таныла бастады.
Предикаттық қатынас - бастауыш пен баяндауыштың қатынасы. Олай болса,
бұл байланысу бағыныңқы сөйлемдерден осындай бас мүшелердің болуын талап
етіп отырады. Сөйлем ішінде болатын бастауыш кейде арнайы аййтыла бермейді,
алайда оның барлығы баяндауыштың жіктік жалғау формасы арқылы белгілі болып
тұрады. Мұндай заңдылық сабақтаста шартты рай тұлғасы арқылы жасалған
бағыныңқыларда болады. Сондықтан мұндай сөйлемдердің баяндауышы арқылы әрі
қимыл иесін біліп тұрамыз. Ал есімше, көсемше тұлғасы арқылы жасалған
бағыныңқылар жайында мұны айтуға болмайды. Өйткені бұл сөйлемдерде
предикаттық қатынастың орын алуы, шартты рай тұлғалы бағыныңқылардағыдай,
баяндауыштың сөздің жалаң өзімен ғана емес, арнайы бастауыштың айтылуымен
тығыз байланысты болады.
Бұл жай қазақ тілі бағыныңқыларын саралауда предикаттық қатынас
болсын деген тұжырымның тым әлсіздеу де бір жақты екендігін аңғарта түседі.
Сондықтан да есімше, көсемше тұлғалы сөйлемдердің де бағыныңқы болудағы
қызметін ескере отырып, жалаң предикаттық қатынас деуден гөрі субъект-
предикаттық қатынасдеп айтқан дұрыс болар еді [1,176].
Сабақтас құрмалас сөйлемді айқындауда бүл критерий ең басты меже
болып саналады. Өйткені кез келген конструкцияның сөйлем екендігін оның
бойында субъект-предикаттық қатынастың бар-жоқтығы айқындап тұрады. Егер
сөйлемнің бойынан мұндай қасиет табылса, онда оның сөйлемдік қүрылыста
келгені де, ал табылмаса, ондай конструкцияның сөйлемдік дәрежеге жете
алмағандығы белгілі болады.
Құрмалас сөйлемдегі бастауыш жайындағы ілімді одан әрі дамытқан және
осы жайында кейбір толықтырулар енгізген адам профессор Н.К.Дмитриев болды.
Автордың мүндай пікірі оның бағыныңқы сөйлемнің өзіндік белгілерін
айқындаумен тығыз байланысты еді [2, 245].
Профессор Н.К.Дмитриевше, сөйлемнің бағыныңқы бола алуы ондағы
бастауыш пен баяндауыштың бар-жоқтығына қатысты келеді. Егер
де бағыныңқының өз бойында басыңқы сөйлемнен бөлек өз алдына бастауышы мен
баяндауышы болса, автор мұндайды сабақтас құрмалас деп атайды. Кейінгі
кездерде жарық көрген түркі тілдерінің еңбектеріндегі сөз болатын
предикаттық қатынас осы Н.К.Дмитриевтің ілімімен ұштасып жатады. Автор
мұндай предикаттық қатынасты сөйлемнің бастауышы мен баяндауышының қиысып
келуі негізінде түсіндіреді де, бұл қасиетке ие бола алмағандарын бағыныңқы
сөйлемнің ауыспалы түрі деп қарайды.
Бағыныңқы сөйлемге тән болатын субъект-предикаттық қатынас жалпы
сөйлем атаулыға қатысты ортақ заңдылықтардан шығады. Өйткені сабақтас
құрмаластың компоненттерін (бағыныңқы, басыңқы) сөйлем дәрежесінде
қарастыратын болсақ, олардан талап етілетін заңдылықтар жалпы сөйлем
синтаксисінің нормасынан алынады.
Сабақтас құрмаластың бастауышы жайында ілімді саралай талдасақ, оның
мазмүны толығырақ ашылады:
1) Бастауыштың қажеттілігін барлық бағыныңқы сөйлем түрлерінде бірдей
қарау. Мұндай көзқарасты әсіресе профессор Ғ.Абдурахманов қолдайды.
Профессор Қ.Сартбаев бағыныңқы сөйлемнің өзіндік белгілерін айта келіп,
ондағы болатын грамматикалық тұтастықты орынды көрсетеді. Мұндай
грамматикалық тұтастық бағыныңқының бойында болатын бас мүшелермен
айқындалады. [3,102]
Ал профессор Ғ.А.Абдурахманов сабақтас құрмаластағы бас мүшелердің
қатынасын бағыныңқылардың барлық түрлерінен бірдей қажет етеді. Сөйтіп күні
бүгінге дейін көптеген түркі тілдерінде сабақтас құрмалас деп танылып
келген конструкцияны жай сөйлем деп түсіндіреді. [4,84]
Сол сияқты профессор Ч.Б.Алиев те сөйлемнің құрамында бастауыш біреу-
ақ болса, мұндайды жай сөйлем деп қарайды. [5,131]
Қазақ тіл білімінің тұңғыш филолог-профессоры Қ.Жұбанов құрмалас
сөйлемнің бас мүшелердің негізінде құралуын талап етіп еді:
Күрделі сөйлем болу үшін күрделі мүшенің бастауышы да, баяндауышы да болуы
шарт [6,230]. Күрделі мүше деп бүл жерде қүрмалас сөйлемді айтып отыр.
2) Бастауышты бағыныңқы сөйлем түрлерінде саралай қолдану. Бұлар
бастауыштың әрбір бағыныңқыда бірдей бола беруін талап етпейді, оны
міндетті деп санамайды. Бастауышты саралай қолданудағы мұндай ғалымдардың
қатарына Г.Саибатталов, М.Гаджиев, Н.Сауранбаев. Ғ. Бегалиев т.б. жатқызуға
болады.
Башқұрт тілінің құрмалас сөйлем синтаксисін арнайы қарастырған
профессор Г.Саибатталов бастауыш сөзінің бағыныңқыларда әрдайым бола
бермейтінін, соған орай олар қүрылысы жағынан екі құрылымды болуымен қатар
бір құрылымды да болып келетінін және осы бір құрылымды құрылыстың түркі
тілдерінде басым екендігін айтады. Автор бастауыштың болуын есімшелі,
көсемшелі бағыныңқы сөйлемдермен ғана байланыстыра қарайды [7,19].
Профессор М.З.Закиев сабақтас құрмалас сөйлемнің әрдайым екі
құрылымды болып келуін айта отыра, кейде оның бір құрылымды да болуын
теріске шығармайды [8,278].
Сабақтас құрмаластағы бастауыштың қажеттілігі, сонымен қатар кейде
оның әрбір компонентте бола бермейтіндігін қазақ тіл ғалымдары да
(С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев) айтқан еді.
Доцент С.Жиенбаев өзінің Синтаксис мәселелері атты еңбегінде
құрмалас сөйлем компоненттерінен бастауыштарды талап ете отырса да, шартты
рай тұлғасында келген бағыныңқылардың бір ғана бастауышқа ортақтасуын да
айтады. Бұл жайды автордың осы бағыныңқыларға берген мысалдарынан көруге
болады: Барсам да, таба алмадым [9,19].
Доцент Ғ.Бегалиев Құрмалас сөйлем атты еңбегінде шартты және
қарсылықты бағыныңқылардың бір бастауышқа да ортақтасып келе беретіндігін
ескертеді.
Профессор Н.Сауранбаев та бастауыштың ортақ болып келуін теріске
шығармайды. Профессор Т.Қордабаев бағыныңқы сөйлемдердің бас мүшелердің
негізінде құрылуын қолдайды [24,267].
3) Бағыныңқы сөйлемді айқындауда бастауыш меже бола алмайды.
Бұлар сөйлемнің сабақтас екендігін ажыратуда бастауышты негізгі тірек
қылмай, баяндауышқа арқа сүйейді, сондықтан баяндауыштың болуын басшылыққа
алады. Мұндай ілімді жақтаушылардың қатарына Н.П.Дыренкова, М.Ш.Ширалиев,
С.Аманжолов, М.Балақаев, т.б. жатқызуға болады.
Сөйтіп бір топ ғалымдар бағыныңқы сөйлемнің критерийін айқындауда
баяндауыш мүшені ең негізгі басты меже ретінде ұсынды. Бұл ретте
бастауыштың әр компонентте де бола бермей, оның ортақтаса айтылуына
мүмкіндік беріледі. Осы турасындағы ілімнің әлі де болса тұрақталмағанын
байқауға болады.
2. Баяндауыш - сөйлем сабақтастырудағы негізгі орталық. Сабақтас
қүрмаластағы синтаксистік компоненттер субъект предикаттық қатынастың
негізінде белгілі бір форма арқылы өзара тығыз байланысқа түседі. Бүл ретте
жай сөйлемдердің арасын құрмаластырып, оларды бір бүтіннің қарамағына
түсіруде бағыныңқының баяндауышы елеулі қызмет атқарады. Сондықтан да ол
сабақтас сөйлемдегі негізгі орталық, аралық баспалдақ болып саналады. Олай
болса, бағыныңқының баяндауышы - жалпы сабақтас құрмалас сөйлемнің типтерін
жасаудағы негізгі көрсеткіш, ең қажетті байланыстырғыш элемент ретінде
танылады.
3. Бағыныңқы сөйлемнің дербес ойға ие бола алуы.
Сабақтас құрмалас сөйлемге тән болып келетін бүл белгі ондағы оқиға
желісінің субъект-предикаттық қатынастың негізінде құралуымен тығыз
байланысты. Осындай байланыстың қарамағына түскен әрбір синтаксистік
компоненттер өзіндік айырым ойға ие болып түрады. Мұндай әрбір жеке ойлар
бірін-бірі толықтырады, айқындайды, біріншідегі ой арқылы екіншісінің
мазмұны ашылады. Бұл ретте әсіресе бағыныңқы компонент айрықша мәнге ие
болады. Өйткені негізгі сөйлемде баяндалған түпкі ойдың мазмұны
бағыныңқыдағы дербес оймен байланысты келеді. Сабақтас сөйлемнің бағыныңқы
компоненті басыңқыда хабарланған ойдың шартын, мезгілін, себебін т.б.
мағыналық белгілерін білдіріп тұрады деуіміз де осыдан.
Бағыныңқы сөйлемде дербес ойдың болуы жайында ең алғаш пікір айтқан
адамдардың бірі - профессор Н.К.Дмитриев еді: [2,192-бет]. Кейіннен бұл
пікір әр зерттеушілер тарапынан қолдау тапты. Бұлардың қатарына
М.Ш.Ширалиев, Н.Сауранбаев т.б. жатқызуға болады.
4. Бағыныңқы сөйлемнің өз басыңқысымен ұласпалы интонацияда айтылуы.
Кез – келген сабақтас құрмалас сөйлем өз құрамындағы синтаксистік
компоненттердің ыңғайына қарай айтылу барысында интонациялық жікке ие болып
тұрады. Мұндай интонациялық құбылыс жеке сөйлемдер арасын селбестіруде
елеулі қызмет атқарады. Бағыныңқы сөйлемде болатын дауыс екпіні оның
баяндауыш тұлғасымен тығыз байланыстырыла қаралады. Өйткені интонациялық
жік бағыныңқыдағы осы баяндауыш сөзінің басыңқымен байланысқа түскен
жерінде болып отырады.
Құрмалас сөйлемдегі интонация ұластырушы мәнге ие болып, екі жай
сөйлемнің басын бір жерге қосуда елеулі қызмет атқарады. Сабақтас
құрмаластағы интонация жөнінде профессор М.Балақаевтың пікірі назар
аударарлықтай. Автор өзінің Сабақтас сөйлемнің ерекшеліктері атты
мақаласында сөйлем атаулыда болатын интонациялық құбылыстың барлығын бірдей
тең дәрежеде қарауға болмайтынын, олардың әр сөйлемде өзіндік қызметі
барлығын ескертеді: Сөйлемнің айтылу интонациясы ұластырушы болса, онда ол
сөйлемнің бағыныңқы болғаны. Сөйлемдегі сөздер тобы ырғақты үнмен, түрлі
әуенмен және кідіріс жасалып айтылса, олар сөйлем ішіндегі сөйлем болмай,
жай сөйлемнің бөлшектері болғаны.
Сабақтас құрмалас сөйлемдегі интонациялық белгіні әңгіме
қылғанымызда, оның сөйлемдер арасын байланыстыратын тәсілдік қызметін де
ескергеніміз жөн.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің бойынан осы аталған төрт критерийдің
де орын алуы қажет. Егер де олардың біреуі сөйлем бойынан табылмаса, оның
сабақтас та бола алмағандығы. Олай болса, бағыныңқы сөйлемге тән болып
келетін басты белгілерді талап етіп отыр - жалпы сабақтас құрмаластың
грамматикалық құрылысын дұрыс тани білуге мүмкіндік жасайды.

І тарау.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаласының қоланыстағы көрісітері
мен жасалу жолдары.
1.1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың зертеулердегі
сипаттамасы
Сабақтас құрмалас сөйлемдегі аумақты да күрделі
мәселенің бірі – оның бағыныңқы түрлерін өзара саралау
мәселесі. Өйткені бұл тіл – тілдердің қайсысында болмасын
зерттеушілердің назарын әрдайым өзіне аударып отырады. Қазақ
тілі бағыныңқыларының ең алғашқы зерттелу барысында
олардың саралану жолы орыс тіліндегі еңбектер мен
граматикаларға негізделген болатын. Осы орайда бағыныңқы
сөйлемдердің топтастырылуы жағынан жалпы тіл білімінде
орын алған кейбір ілімдерге тоқтала кеткен жөн. Өйткені
ол ілімдер қазақ тіл біліміндегі сөз болғалы отырған
мәселеге өзіндік әсер етпей қойған жоқ.
Ертеректе тіл білімінде сабақтас сөйлемдерді бағыныңқылық
жақтан өзара саралауда белгілі бір принцип меже болып
отырмады. Өйткені бағыныңқы сөйлемдердің ғылыми жүйеде
топтастырылу, белгілі бір қалықа түсуі әр ілімнің негізінде
болды. Бұл ол кездерде қай тілге болса да тән құбылыс
еді. Граматикалық заңдылықтар мен тілдік құбылыстардың
жетіліп, дамып отыру процесі сабақтас сөйлемнен де орын
алды.
Қазақ тілі бағыныңқы сөйлемдерін топтастыруда функционалды,
тұлғалық және құрылыс - семантикалық принциптер басшылыққа
алынды. Соның ең алғашында үстем болған түрлі - функционалды
классификация. Қазақ тіл білімінде бұл тәсілді қолданушылар
профессор Қ. Жұбанов , доцент С. Жиенбаев және процессор Н.
Сауранбаев болды. Бұл аталған ғалымдар өздерінің еңбектерінде
орыс тілінің ізімен бағыныңқы компанентті басыңқының бір
мүшесі есебінде қарап , оны сол мүшенің атымен атады.
Сөйтіп бағыныңқының қызметі сөйлем мүшесінің қызметімен
бірдей ұғынылды. С. Жиенбаев осы жайында Бағыныңқы
сөйлемді басыңқы сөйлемнің бір мүшесі қатарында есептеу
керек, - деді [9,17].
Қазақ тілі бағыныңқыларын осылайша сөйлем мүшелерінің
ыңғайында саралау 1940 жылдарға дейін орын алып келеді.
Профессор Қ. Жұбанов 1936 жылы 5 – 6 кластарға арнап
жазған Қазақ тілінің програмасында бағыныңқы сөйлемді
басыңқының белгілі бір мүшесіне тели отырып саралайды. Бұл
ретте тек шартты рай тұлғалы сабақтастар ғана негізге
алынған. Сөйлемдер бағыныңқылық жақтан жеті түрге жіктеледі.
1) бастауыш бағыныңқы; 2) баяндауыш бағыныңқы; 3) септес
бағыныңқы; 4) іліктес бағыныңқы; 5)шақтас бағыныңқы; 6) жанас
бағыныңқы; 7) қабыс бағыныңқы [10,23].
Доцент С. Жиенбаев өзінің Синтаксис мәселелері атты
еңбегінде бағыныңқы сөйлемдердің топтастыру принципін, негізінен
алынғанда, профессор Қ. Жұбановтың үлгісімен жүргізеді. Бұл
оның өзі атағындай, нақтылы бағыныңқылар түрінде айқыын
байқалады. Автордың нақтылы бағыныңқылар деп отырғаны -
қатынастық сөздерімен жұмсалған шартты рай тұлғалы
сөйлемдер. Мұндай бағыныңқылар сөйлем мүшелерінің атымен
аталып отырады. Бағыныңқы сөйлемдерді жіктеуде С.Жиенбаев
шартты, қарсылықты бағыныңқылардың да бар екендігін көрсетіп,
кәдімгі нақтылы бағыныңқылардың өзі де осылар дейді және
үйірлі мүшелерді бағыныңқы сөйлемнің қатарына жатқызады.
Бағыныңқы сөйлемдерді фунционалды принципті негізінде
саралау профессор Н. Сауранбаевтың еңбектерінен орын алды. Ол
мезгіл , себеп, амал, шарт қарсылықты бағыныңқы түрлеріне
жіктейді.
Бағыныңқы сөйлемдерді топтастыруда жоғарыда аталған
ғалымдардың арасында өзара айырмашылықтар болды. Мысалы, Қ.
Жұбанов пен С. Жиненбаев өз еңбектерінде бастауыш, баяндауыш
бағыныңқыларды атаса, Н. Сауранбаевтың зерттеулерінде бұл аталған
бағыныңқылар сөз болмайды.
Қазақ тілі бағыныңқы сөйлемдерін топтастыруда соңғы
кездерінде мағыналық принцип орын алды. Бұл принцип
бойынша бағыныңқы сөйлем сөйлемдік мәнінде кең ұғымда
түсініліп, оның басыңқымен тығыз қарым – қатынасқа түсудегі
екі арадағы мағыналық мазмұны басшылыққа алынады.
Сабақтас сөйлемдерді мағыналық белгісіне қарай жіктеу
профессор С. Аманжоловтың Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің
қысқаша курсы атты еңбегінен орын алды. Онда сабақтас
құрмалас сөйлемдер он сегіз түрге жіктелген: 1) себеп -
салдар, 2) мезгіл, 3)шарты, 4) ұқсасты, 5) мақсатты, 6) қарсылықты, 7)
дағдылы, 8) нұсқаулы, 9)үлестес, 10)аяулы, 11) баяндауыш, 12)
қыстырмалы, 13) мекен, 14) арналас, 15) сілтеу, 16) ыңғайлас, 17) үдетпелі,
18) тақырыпты [11,201] .
Бағыныңқы сөйлемдерді топтастыруда қазақ тіл білімінде
мағыналық – тұлғалық принцип те басшылыққа алынады. Бұл принцип
бойынша бағыныңқы сөйлемдердің басыңқыны айқындаудағы
мағыналық белгілері мен олардың жолдары тығыз байланыстырыла
қаралады.
Түркі тілдеріндегі бағыныңқы сөйлемдер әр түрлі принциті
негізге алып отырады. Мәселен, М. Ш. Ширалиев , А, Абдуллаев
сөйлемнің синтаксистік функциясын басшылыққа алса, Қ. Сартбаев,
Т. Санбатталов бағыныңқы сөйлемдердің құрылысы мен семантикасын
қарайды.
Тіліміздегі бағыныңқы сөйлемдердің жасалу жолдарын саралай
талдасақ, олардың көпшілік жағдайда басқаша амалдар арқылы
құрмаласатын байқауға болады. Бұл ретте бағыныңқы сөйлемнің
баяндауышы елеушілі қызмет атқарады. Егер қатыстық бағыныңқыларда
сөйлемдер арасын байланыстырушы дәнекер әр уақытта да
шартты рай тұлғалы баяндауыш болса, өзге бағыныңқы
түрлерінде осы қызметке баяндауыштың басқа грамматикалық
тұлғалары қатынаса алады. Мұндай баяндауыш етістіктің есімше,
көсемше т.б. түрлерінде жұмсалып, бағыныңқы мен басыңқы
компонентерді әр алуан мағыналық байланысқа түсіріп отырады.
Сөйлемдер арасындағы осындай әр алуан мағыналық
байланыстардың тоғысар арнасы да біреу – ақ. Ол бағыныңқы
компоненттің басыңқыға пысықтауыштық ыңғайда жұмсалыумен
тығыз байланысты келеді. Ал, мұның өзі, салып келгенде,
бағыныңқы баяндауышының есімше, көсемше тұлғаларында келуімен
айқындалады. Өйткені осындай амалдар арқылы жасалған
бағыныңқы сөйлемдер өз басыңқысымен шарттастық , мезгілдік ,
амалдық, себептік т.б. мәндерде жұмсала айтылып , пысықтауышқа
тән заңдылықтардың негізінде құралады. Тіл білімінде осындай
мәндегілер адвебиалды сөйлемдер деп те аталып жүр. Мұндай
атау пысықтауыштың бойына тән мағыналарын қамтиды.
Адвебиалды бағыныңқы сөйлемдерді құрылыс - сенмантикалық
принцике сүйене отырып , оларды өзара былайша жіктеуге болады

1) шартты бағыныңқы; 2) қарсылықты бағыныңқы; 3)мезгіл бағыныңқы;
4)себеп бағыныңқы; 5) амал бағыныңқы; 6) мақсат бағыныңқы.
Дүниедегі заттар мен құбылыстардың қимыл - әрекеті белгілі
бір уақыт мерзімінде болып жатады. Уақыт – өмірде болып
жататын оқиғаларға тән заңдылық. Өйткені уақыттан тысқары,
мезгілсіз ешбір оқиғалардың орындалуы да мүмкін емес. Алайда
осындай процестердің біздің санамыз бен түйсігімізге,
тәуелсіз сөз беттерімен орындалып жататындығын ескерте кеткен
жөн. Мұның өзі мезгілдік ұғымның мөлшері біреудің тарапынан
айқындалмайтынын аңғартса керек. Мезгілдік ұғым белгілі бір
іс – әрекет, объектімен тығыз байланысты. Сондықтан да ол –
өмірде үзбей болып тұратын заңды да табиғи процесс.
Мезгілдік ұғымның мұндай көрінісі өз сипатын мезгіл
бағыныңқылы сабақтас сөйлемнен де таба алады. Бұл ретте
бағыныңқы компонент басыңқыда айтылған ойдың мезгілін
білдіріп , ондағы орындалған немесе орындалатын оқиға - әрекетінің
уақыт мөлшерін көрсетіп тұрады. Ал, бүтіндей сөйлем бойындағы
мезгілдік қарым – қатынас ондағы бағыныңқы және басыңқы
баяндауыштардың берілу жолдарымен байланысып жатады. Мұндай
баяндауыш формаларының өзгеріп отыруы мезгілдік қатынастың
құбылуына да әсерін тигізеді.
Сонымен қатар бағыныңқының осы түрінде қолданылатын
кейбір үстеу сөздер де сөйлемнің мезгілдік дәрежесін
айқындауға қатынасып отырады. Бұл айтылған жайдан мезгіл
бағыныңқылы сабақтаста мезгілдік ұғымды жалаң бағыныңқы
компаненттен , оның баяндауышынан іздестіре бермей бүтін сөйлем
бойынан , синтаксистік компанентердің тығыз қарым –
қатынасындағы бірлігінен танудың жөн екендігі аңғарылады.
Бағыныңқы сөйлемнің табиғаты әр түрлі түсінілетін не,
болмаса оған тән критерилер дұрыс сараланбағандықтан , түркі
тілдері жайында жазылған кейбір еңбектерде мезгіл
бағыныңқылы сабақтасын дұрыс тани алмаушылық кездесіп
қалады. Бұл мәселе жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара
жігін ажыратудағы кейбір кезедесетін қиыншылықтармен
де астарласып жатады. Соның салдарынан зерттеушілердің
біреуі әдеттегі кейбір жайылма жай сөйлемдерді мезгіл
бағыныңқыны сабақтас деп таныса, кейбіреулері басы ашық мезгіл
бағыныңқылы жай сөйлем деп қарайды. Мәселен, Т.М. Ахтямова
өзбек тіліндегі Илгари давлатимиз борида эрим билан
театрға борар эдік деген жай сөйлемін мезгіл бағыныңқылы
сабақтас деп талдайды [12,10].
Ал М. Дәулетов қарақалпақ тіліндегі мына тәрізді мезгіл
бағыныңқыларды жай сөйлем қатарында түсіндіреді: Мектептен
шыққанда ызғырық самал есіп тур еди. Пуу жіберилген уақта матор
тоқтады [13,75].
Қарашай - балқар тіліне арналған кейбір еңбектер де
мезгіл бағыныңқы болатын сабақтас жай сөйлем ретінде
қаралады. Кюн чыкьгынчы бииз таугьа чыкьган эдик [14,230].
Мезгіл бағыныңқылы сөйлем - сабақтастардың ішіндегі әдеби
тілімізде ең аумақты да кең қолданылатын түрі. Бұл
заңдылық тіл – тілдердің көпшілігіне ортақ болып келеді. Мезгіл
бағыныңқылардың тілімізде көп қолданылуы олардың жасалу
жолдарының жан - жақты келетіндігімен айқындалады.
Түркі тілдерінде, сонымен қатар қазақ тілінде сабақтас
құрмалстың құрылымдағы бағыныңқы компоненттер өздерінің
орналасуы жағынан көбінесе тұрақты болып келеді: бағыныңқы
бұрын , басыңқы кейін жұмсалады. Осыған орай да бағыныңқы
сөйлемдердің орын тәртібі арнайы әңгіме бола бермейді.
Сабақтас құрмаласта бағыныңқы сөйлемдердің өз
басыңқысынан бұрын орналасуы түркі тілдерінің табиғатына тән
құбылыс. Солай бола тұрсада да айтушы адамның көзқарасы,
мақсат – тілегі не нәрсеге боса назар аударуына байланысты
кейде бағыныңқы сөйлемдердің тәртібі алмасып отырады.
Осындай заңдылыққа сай олар сөйлемнің бас шенінде ғана
жұмсалып қоймай, бағыныңқы компоненттің аралығына түсіп
те не болмаса одан кейін де қолданылып қалады.
Бағыныңқы компаненттің өз басыңқысынан бұрын орналасуы
қалайша түсіндіруге болады? Біріншіден, түрлі тілдерінің
заңдылығы бойынша бағыныңқы сөйлемдер өз басыңқыларының
түрліше амалдық сипатын білдіру үшін жұмсалады. Мұндай
амалдық сипат басыңқыда айтылған ойдың (мезгіл басыңқыда
айтылған ойдың) мезгіл, амал, мақсат, шарт, себебін білдіру
ыңғайында келеді.
Бағыныңқы сөйлемнің өз басыңқысынан бұрын орналасыуы,
екеншіден, қазақ тілінде, сондай – ақ түрлі түрлерінде оның
өз басыңқысымен жалғаулық арқылы емес, көбінесе баяндауыш
формалары арқылы құрмаласуымен де тікелей байланысты. Өйткені
сабақтас құрмалас сөйлемдегі байланысу амалы жалғаулықтар
арқылы жүзеге асса, бағыныңқы компоненттің орналасуы екінші
орынға шығады. Демек, бағыныңқыларды байланыстыратын амал –
тәслердің түрлері де олардың орын тәртібіне әсер етпей
қоймайды.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің орыс тілінде жалғаулықтар
арқылы жасалуларына орай олардың бағыныңқы сыңары көбінесе
өз басыңқысынан кейін орналасады дедік. Солай бола тұрса
да, мұнда да кейде қазақ тіліндегідей бағыныңқылардың сөйлем
басында қолданылып қалулары кездеседі. Бұл жайды орыс
тілінің бағыныңқы сөйлемдерін зерттеуші ғалымдар көрсеткен
болатын: Что Ноздрев лгун отъявленный , это было известно всем
(Гоголь) [15,107].
Сөйтіп бағыныңқы сөйлемдердің орын тәртібі қай тілде
болса да белгілі тәртіппен қалыптасқан болса, кейде
қолданылу барысына қарай олардың орны алмасып та келе
береді. Қазақ тілі заңдылығында бағыныңқы компанент көбінесе
сөйлем басында қоланылатын болса, сонымен қатар оның
сөйлемнің ортасы мен соңында да орналасып қалатыны
байқалады. Бағыныңқы сөйлемнің қоланысындағы осындай заңдылыққа
өз кезінде профессор А. Ысқақов назар аударған болатын.
Ендігі сөзіміз осылар жайында болмақшы.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы компоненті
қолданылу барысына қарай кейде сөйлемнің ортасында, дәлірек
айтсақ, басыңқы қанаттың ортасында жұмсалады. Бұл ретте
сөйлемнің басыңқы компоненті екіге жарылады да (сөйлемнің
басы және соңына), бағыныңқы бөлшек солардың екі аралығына
түседі. Басыңқының бұлайша жарылысқа түсуі көбінесе оның
бастауыш сөзінің сөйлем басында оқшаулануы арқылы жүзеге
асады. Басыңқы бастауышының сөйлем басында даралануы оған
ерекше мән туғызады, айрықша көңіл аудартады. Сонымен
қатар ол өзінен кейін іле -шала қолданылатын бағыныңқы
сөйлемдегі оқиға желісімен тығыз байланыстылықты да
күшейтеді.
Мұндай тәртіпте орналасқан сөйлемдер Ә. Нұрпейсовтің Қан мен
тер трилогиясында жақтың қасы. Мәселен бағыныңқылықты
сабақтастың жасалу жолдары бойынша трилогиядан терілген
сөйлемдердің дені дағыныңқы сөйлем өз басыңқысынан бұрын
орналасқан сөйлемдер. Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы
компоненті сөйлем ортасында, дәлірек айтсақ,басыңқы сөйлемнің
ортасында келуі тек бірлі – жарым мынадай сөйлемдерде кездесті.
Судыр Ахмет, буы бұрқыраған от алдарына келе бергенде ,
қасында отырған қонақтың біріне құда деп айтып та салды
(546 – бет).
Бұрын да аз сөзді жігіт , інісі алгеннен кейін, тіпті
үндемей, ыза – кек тілін байлап тастағандай боп жүр (282 – бет).
Осындай қайратты жігіттер , ертеңгі күні дружина құрғанда да,
керек қой (288 – бек).
Сөйлемдерді осындай құрылысты айтуда басыңқының Судыр
Ахмет, жігіт, жігіттер өзіне айрықша назар сударылып, ол
ерекшелене жеке интонациялық құбылысқа да ие болып тұр. Ал
егер осы сөйлемдегі бастауыш сөзінің орын өзгертіп, оны
өз басыңқысымен қосып айтсақ, жоғарыда айтылған қасиеттер
бастауыштың бойынан аластағы болар еді, ол басыңқыдан
аластағы болар еді, ол басыңқыдағы басқа сөздермен бірге
жай ғана әдеттегі қалпында айтылады қараңыз.
Бұл бұрқыраған ет алдарына келе бергенде, Судыр Ахмет
қасында отырған қонақтың біріне құда деп айтып та
салды.
Демек, басыңқы сөйлемнің екіге жарылуы, бағыныңқының
солардың екі аралығына түсуі осылайша бір сөздің айрықша
даралана , көңіл бөліне айтылуымен де тығыз байланысты.
Негізгі ой көптілік жағдайда басыңқы жай сөйлемде беріледі
де, бағыныңқы компонент сол басыңқыдағы ойды түрлі жағынан
айқындап, дәлелдеп түсіндіру үшін қолданылатын қосымша бір
мүше ретінде тұрады.

1.2. Ә. Нұрпейсовтің Қан мен тер трилогиясындағы мезгіл
бағыныңқылы сабақтас құрмаластың жасалу жолдары

Синтаксистік категориялардың толық мазмұны ондағы жеке
сөздер мен сөйлемдердің аралық байланысын, өзара қарым –
қатынасын, құрылымдық жолдары мен бір бүтіннің қарамағына
түсудегі құрылыс ерекшелігін жан – жақтың талдағанда ғана
ашыла түседі.
Бағыныңқының баядауышы сөйлемдер арасын жалғастырып
байланыстырғыш қызметке ие болу үшін белгілі бір формада
келесі басқа да көмекші сөздермен бірге қоланылады.
Сондықтан де сабақтас сөйлемдігі баяндауыштың толық мазмұнының
ашылуы оның осындай құрылымдық жолын аралай талдаумен
айқындалады. Ал бұл жай, сайып келгенде, сабақтас құрмалас
сөйлемнің жасалу жолдарын зерттеу болып табылады.
Өйткені сабақтас сөйлемнің қан түрінің болмасын құрылуы,
белгілі қалыпқа түсуі осы бағыныңқының баяндауышы арқылы
жүзеге асады. Мұндай баяндауышты жетекшісі келесі бөлшекпен
ұластырушы - түрліше граматикалық амал тәсілдер. Мезгіл
бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарында, міне, осындай
формалық құбылыстар сөз болмақшы.
Кез – келген етістікті сөз бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы
бола бермейді. Мұндай қасиетке сабақтас құрмаласты жасай
алатын амалдар мен үйлесе келген баяндауыш қана ие
болады. Осыған орай да, ең алдымен, етістіктің қандай
формалық түрлері бағыныңқының баяндауышын жасай алатындығы
анықталуы қажет. Себебі бұл мәселе күні бүгінге дейін
түркологияда әлі толық айқындалмай, әр зерттеушілер оны
әр түрлі түсіндіріп келеді. Мұның өзі түркі тілдеріндегі
сабақтас сөйлемге жалпылама болса да бір өлшемнің жоқтығын
байқатады.
Сабақтас құрмалас, соның ішінде мезгіл бағыныңқылы
сабақтас сөйлемнің жасалуына байланысты ең алдымен айтарымыз –
көпшілік түр кологтар бағыныңқының өсімше , көсемше формалары
арқылы да жасалатынын теріске шығармайды. Біздің мұны айтып
отырған себебіміз: кейбір ғалымдар (профессор Н.А. Баскаков , М.Ш.
Ширалиев т.б.) бұл аталған жолдарда бағыныңқы сөйлемге тән
деп қарамайды да, осы ретте тек шартты рай тұрғысынан
ғана айтады.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдегі
синтаксистік компоненттердің бір – бірімен байланысы басқа да
сабақтас құрмаластардың түрлері сияқты бағыныңқының баяндауышы
арқылы жүзеге асады.
Сонымен қатар екі жай сөйлемдерді бір бүтіннің
қарамағына түсіруде басқа да амалдар, атап айтсақ, шылаулар да
өзіндік қызмет атқарады. Сөйлемдер арасын байланыстыратын
осындай амал - тәсілдерді бір жерге жинақталғанда , оларды өзара
былайша саралауға болады.
1. Баяндауыш формасы арқылы. Мұнда мезгіл бағыныңқылы
сабақтас құрмалас сөйлемдер етістіктің есімше , көсемше және
шартты рай тұлғалары арқылы жасалады.
Есімше жолының соңғы көсемше, шартты рай тұлғалық етістіктерден
өзіндік айырмашылығы бар .
Есімшенің барлық формалары бір дәрежеде бағыныңқы сөйлемді
жасалуға қатынаса бермейді. Мұндай функцияға көбінесе есімшенің
ған формантты түрі ие болады. Сондықтан да сабақтас сөйлемнің
есімше арқылы жасалған жолын айтқанымызда, оның осы ған
формантты түрін түсінетін боламыз.
Есімшенің бұл түрі сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай
алуан қызмет атқарады. Бірде күрделенген сөйлемнің түрінде
анықтауыш мәнінде жұмсалса , енді бірде екі жай
сөйлемдерді байланыстырғыш баяндауыш қызметінде келеді. Мұның
барлығы ған формантты есімшенің сөйлем ішінде қолданылу
ыңғайымен тығыз байланысы.
Өйткені есімшенің бұл түрі сөйлем ішіндегі басқа да
сөздермен қарым – қатынасқа түсуде басыңқы қалпын өзгертіп ,
өзіне қажетті элементтердің қысыла айтылуын талап етіп
тұрады. Мұндай көмекшелілер түрінше афинкстер мен шылаулар.
Есімшелердің осылайша қолданылуы сөйлем ішіндегі қызметін
айқындауға көп жағдайда қиындық туғызады.
Есімшенің сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндауыштық
қызметі оның тұлғалық өзгерістерін саралай талдағанда ғана
ашылады. Ал тұлғалық өзгерістер деп отырғанымыз есімшені
бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштық қызметіне түсіре алатын түрліше
амал – тәсілдер. Бұл айтылғаннан есімшенің жеке қалпындағы
түрлі уақытта бағыныңқының баяндауышы бола алмайтындығы
белгілі болады. Ал мұның өзі ған формасының сабақтас сөйлемде
тек көмекшілік қызмет атқарып, негізгі басым салмақты осындай
тұлғалы сөзбен тіркесе айтылған басқа амалдардың бойынша
екендігін аңғарта түседі.
Олай болса, есімшенің ған формантты түрі бағыныңқының
баяндауышы болу үшін аффиксация жолына түсуі қажет. Бұл
ретте ған форматты есімше белгілі септік жалғауларында
қолданылады.
Кейбір ғалымдар (Н.З. Гаджиева, Ч. Б. Алиев) есімшенің барлық
септік жалғаулы түрі де бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы
бола алады десе, кейбіреулері (Н.А. Баскаков, М.Ш. Ширалиев) тіпті
есімшемен келген сөйлемдерді сабақтас құрмалас деп танымайды.
Есімшелі сөйлемге байланысты бұлайша әр түрлі көзқарастардың
орын алуына , біріншіден, осы конструцияның қайсыбіреулерімен
әрдайымда жай сөйлем деп танылуынан болса, екіншіден, оның
септік жалғаулы қоланысындағы қызметінің өзара жекелей
сараланбауынан болып отыр.
Профессор Н. К. Дмитриев есімшені бағыныңқы сөйлем жасаудың
бір жолы деп атай тұрса да, қолданылу аясын жекелей
саралап көрсетпеді. Есімше қатынасқан сөйлемдердің өзіндік
арнайы бастауышы болса, мұндайлардың барлығын да тең дәрежеде
сабақтас құрмалас деп түсіндіреді. 16, 201.
Профессор Н. сауранбаев есімшелі сөйлемдердің арнайы
бастауышы болса болады.
Олардың барлық септіктегі түрі де бағыныңқының баяндауышы
болады деген пікірінен соңғы зертеулеріне дейін арыла
алмады. Автор 1954 жылы жарық көрген Қазіргі қазақ тілі
турсында есімшемен келген сөйлемдерді бұрынғысынша анықтауыш,
толықтауыш бағыныңқылар деп атай тұрмаса да, оларды үйірлі
мүшелі сабақтас деп қарастырды.
Барыс жалғаулары есімше дейін , шейін септелулік шылауларымен
тіркесе айтылса, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болуға
мүмкіндік алады. Ал ілік, табыс септік жалғаулы есімшелердің
бойында мұндай қасиет болмайды, яғни бұл септіктегі
есімшелер көмекші шылау мәнді сөздермен тіркесіп айтыла
алмайды. Барыс септікті есімшенің бойындағы осындай қасиет
оны атау түріндегі есімшелі сөйлемдермен бірдей тарауға
мүмкіндік береді.
Есімшенің атау қалпы да күрделенген сөйлемде
қабыспалы аралымды жасауға қатынасса (баласы жақсы оқыған әкесі
қуанып жүр), барыс септіктегісі де (Баласы жақсы оқығанға әкесі
қуанып жүр) осындай қызметке ие болады.
Тек алғашқысы атрибуттіқ мәнде болса, екіншісі
объектілік қалтыныста жұмсалады. Мұндай конструкиялы күрделенген
сөйлемдер шылаулардың қатынасымен ғана мезгіл бағыныңқылы
сабақтас құрмаласқа айнала алады. (Баласы жақсы оқынғанға дейін,
әкесі әбіржеумен болады.) 17,15.
Демек, барыс септікті есімшенің бағыныңқы сөйлем баяндауышы
болудағы сипаты осындай өзін меңгере жұмсалған шылау
сөздердің қатынасымен тығыз байланысты келеді.
Мезгіл бағыныңқылардың ішінде ғанда тұлғасы әдебие
тілімізде өте аумақты да кең қолданылады.
Бұл аңдылық тіл тілдердің көпшілігіне ортақ болып
келеді. Мезгіл бағыныңқылар дың тілімізде көп қолданылуы
олардың жасалу жолдарының жан – жақты келетіндігімен
айқындалады. Мезгіл бағыныңқылы сөйлемде бағыныңқының
баяндауышы етістіктің шартты рай тұлғасы , есімше , көсемше
және қимыл есім формаларында жұмсалып, өз басыңқылармен
тікелей байланысып тұруын бір сөзбен топтастырып, синтетикалық
мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем деуге балады. Енде Ә.
Нұрпейсовтің Қан мен тер триологиясындағы синтетикалық мезгіл
бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерге тоқталайық.
1. - ған формантты есімше жатыс септігінде келеді. Мезгіл
бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің осы жолмен келген түрлі
бағыныңқыларына қарағанда жиі қолданылады дедік.Мұндай жиі
қолданыс осы тұлғалы бағыныңқының ең көне түр екендігі
байланысты жатады. Бұл жайды ескі көне жазбаларыайқын алады.
Орхон Енесей ескерткіштеріне үңіле қарасақ, мезгіл бағыныңқылы
көбінесе тек осы жолмен беріліп отырған.
Мұның өзі есімше тұлғалы мезгіл бағыныңқының тіптен
көне түр өткендігін айқындай алады.
Ұза көк тәңрі асра зір қылынтукда екін ара кісі оғлы
қылынмыс. Мұндай тұлғадағы мезгіл бағыныңқы сөйлемдер қазірде
де тілімізде кеңінен өріс алып отыр. Мысалы:
Қыз енді жылт бұрылып жүгіре жөнелмек болғанда , Еламен
оның нәзік білегінен ұстай алды (58 – бет).
Әне бір кезде артынан іздеп бармақ боп әзірленіп
отырғанда , жағаға суық хабар тарады. (65 - бет).
Алып денелі бұжыр қара кісі шыққанда, олар жетістігіндегі
малды тастай - тастай сала аттарына ұмтылды (74 – бет).
Қонақ жігіт шыққан кезде , сыртта ат оқыранды (13 –
бет).
Осы жай қинап жүргенде, бай ауылдың жас мырзасы ат
басының тыныштығын бұзып кетті. (15 – бет).
Құла ат асқырынып жолдан шыға жалт бергенде , Федоров
ер үстінен ұшып кете жаздады (44 – бет).
Судыр Ахмет шра өте қалғанда, есікке жақын тұрған рай
сыртқа ытқып шықты (132 – бет).
Осындай құрылыста келген сөйлемдерді трилогиядан
көптеген кездестіруге болады. Олардың бағыныңқы сөйлемнің
баяндауышына назар аударсақ, күрделі түрмен жұмсалатынанда
байқаймыз. ол кезде есімшелі баяндауыш көсемше сөзімен
тіркесе қолданылады. Мұндай мезгілдік қатынастың болуына
белгілі дәрежеде көсемше сөзінің де әсері тиеді десек те
болады. Мәселен:
Шеткі бір үйдің жанынан өте бергенде жылаған әйел
дауысын есітті (139 – бет).
Қалың қол қаптап шыға келгенде , көше бойындағы қатын
балалар у – шу болды (164 – бет).
Есікті ашып қалғанда , ішкі лап берген желмен
терезеге кірген қарын уф – ф! деп үрген қуықтай тарсиып
кетеді (53 – бет).
Трилогиядан бағыныңқының баяндауышы тек күрделі түрде
ғана еме, дара түрде келетіндігіне де мысал келтіруге
болады. Мысалы:
Рай аттарында, Ақбала да кінәсіз жанша көзін төмен
салып, монтиып жүрді (104 – бет).
Төлек сайып тастамақ боп кіжінгенде , анасы тоқтатыпты
(214 – бет).
Әзірге Сүйеу қартқа жіберген кісіні көргенде, түсі
бұзылып кетті (217 – бет). - ғанда құрылыстындағы сабақтас сөйлем
кейде шарттылық мәнде жұмсалады. Мұндайда бағыныңқының
баяндауышы көбінесе болымсыз түрде қолданылады. Оны мезгіл
бағыныңқылы сабақтаспен шатастыруға болмайды.
2. Есімшенің ар – ер формантты түрі де мезгіл бағыныңқылы
сөйлемді жасауға қатынаса алды. Мұндайда осы тұлғаны
есімше де жатыс септік формасында келеді. Мезгіл
бағыныңқының бұл жасалу жолы қан мен тер трилогиясында
өте сирек ұшырасады. Бұл жайды осындай сөйлемдердің
көбінесе - ғанда құрылысында айтылуымен түсіндіруге болады.
Екі түрлі құрылыстағы мезгілді сабақтастың айырмашылығы тек
мезгілдік меннің әр сапада айтылуымен ажыратылы. Егер -
ғанда тұлғалы бағыныңқыда көбінесе орындалған іс – әрекет
баяндалып отырса, - арда түрінде орындалатын, енді орындала
берген оқиға хабарланады. Мысалы,
Сері жегіт келерде аяқ – аяғына тимей кеткені қайда? (17
– бет).
Ол ән салаларда, көршілес балықшылар көтеріле сыртқа
шықты (77 – бет).
Кейбір түркі тілдерінде осындай жолдың (ар – формантты)
есімше Мезгіл бағыныңқыда актив роль атқаратындығы байқалады.
Алайда бұл ретті есімшелі баяндауыш жатыс септік тұлғасында
жұмсалмай, бастапқы атау қалпын сақтап қалады. Оның өзінде де
мұндай құрылыстың қолданылу заңдылығы болады. Мәселен, өзбек
тілінде - ар тұлғалы есімше мезгіл бағыныңқының баяндауышы
болуда өзі жалғанған сөзімен болымды және болымсыз түрде
қабаттаса қолданылады: Коля үйге кирар- кирмас, буылси гапира кетди.

Профессор А.Н. Кононов мезгіл бағыныңқылардың осындай
есімшелі сөздердің қосарлануы арқылы келгенін редупликациялық
жолымен жасалынған деп қарайды [18,521].
Бағыныңқы сөйлем баяндауышының осындай түрде
қолданылуы қарыз тілінде де кездеседі: атасы үйүна жетер –
жетпес, үйдон кичине уулы чуркап чықты [19,115].
Синтетикалық мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің жасалуында
көсемше де елеулі қызмет атқарады, бұл ретте көсемшенің
барлық формалары да қатынаса алады.
3) Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы - ғанша формасындағы
көсемшемен беріледі.
Ә, Алдекең ауыз ашуға отыр екен, - деп ойлағанша ,
шұнақ құлақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түсіндірмелі салалас сөйлем құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі
Қарсылық мәнді құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Сабақтас құрмалас сөйлемді оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
Есімшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы қызметі
Есімше тұлғаларыy барлық тіл деңгейлері тұрғысынан қарастыру
Құрмалас сөйлемнің ғылым ретінде даму, қалыптасу жолы
Пәндер