Адам құқықтары мен бостандықтары



К І Р І С П Е

I БӨЛІМ. АДАМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
I.I. Адам құқығының түсінігі.
1.2. Халық және азаматтық туралы түсінік
1.3. Халықаралық құқықтағы босқындар мәселесі.
Баспана түсінігі.

II.БӨЛІМ. Халықаралық құқықтағы адамның негізгі құқықтары және оларды жүзеге асыру жолдары
2.1. Адамның әлеуметтік.экономикалық құқықтары мен бостандықтары
2.2. Адамдардың саяси құқықтары мен бостандықтары

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
К І Р І С П Е

Адам құқықтары мен бостандықтары тек қана бір мемлекеттің ісі емес, бүкіл халықаралық бірлестіктің субъектісі болып табылады. Адам құқығы облысы жөнінде жалпы танылған халықаралық нормалар қазір ұлттық заңдарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан да мемлекет ішіндегі адам құқын қорғау механизмі, халықаралық құқық нысандарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Адам құқығын қорғау жөнінде нормалар қабылдаған халықаралық ұйымдар, адам құқығының бұзылмауына жол бермеуге нақты механизмдер қарастырды. Егер мемлекет ішінде құқықтық көмек құралдары болмаған жағдайда, халықаралық құқық көзқарарасы бойынша, әрбір адам өзінің мемлекетінің халықаралық шарттары бойынша, адам құқығы мен бостандығын қорғау мемлекет аралық органдарынан көмек алуға болады. Адам құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау жайында, қоғамдық тәртіпті сақтауда, адам құқықтары мен бостандықтарын, адам денсаулығы мен ар абыройын қорғау негізінде заңда көрсетілген жағдайда ғана шектеледі. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси ниетпен шектеуге жол берілмейді.
Қоғамның демократиялық деңгейі, тек қана Конституцияда жарияланған қандай да бір құқықтар мен бостандықтардан көрінбейді, сонымен қатар қандай деңгейде азаматтар сол құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алуында.
Өкінішке орай, зейнеткерлердің, кәмелетке жасы толмаған балалардың, тағы сол сияқты халықтың қорғаусыз қабатының қазіргі жағдайлары қиын. Әскерге шұғыл щақыру, әскери қызметкерлердің қорғау системасы дұрыс қамтамасыз етілмеген. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жабылуы, мектептер, ауруханалардың және мәдени объектілердің қысқартулары, адамдардың дұрыс білім алу, дем алуға, емделуге мүмкіндіктерін шектеп тастады.
Көбінесе қазіргі кезде іс-тәжірибеде қылмыстық іс жүргізуде адам құқықтары мен бостандықтарының көп бұзылуының оқиғалары кездеседі. Адам ар абыройын қорлайтындай негізсіз ұстау, қамау оқиғалары аз емес. Адам құқық саласындағы әрекет ететін заңдарды білген жағдайда азамат өзінің Конституциялық құқықтарын қорғауға мүмкіндік алады.
Негізгі заңда көрсетілген Конституциялық қағидаларды өмірдің іс-тәжірибесіне араластыру үшін, республиканың әр азаматы өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауда құқықтық көмек алуға, қосымша құқықтық механизмдер құру қажет. Қажетті түрде адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін заңдардың жедел түрдегі билік басындағы саяси күштеріне тәуелсіз әрекет етуін қамтамасыз ету қажет.
Адамдардың әрбір ұрпағы өздерінің ұлы қазыналарын, яғни құқықтары мен бостандықтарын әрқашанда белсенді түрде қорғап, сендіру керек. Республикада адам әдет-ғұрпын, құқықтары мен бостандықтарын бағалау әлі де жеткіліксіз. Сондықтан да адам құқықтарын ұлы қазына ретінде тек қана сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде басшылыққа алуға әлі көп уақыт керек.
Осы дипломдық жұмысты таңдап алғандағы негізгі мақсатым, халықаралық құқықтағы адам құқығына терең үңіле отырып, қазіргі кезеңдегі айтулы келеңсіздіктер мен олқылықтардың орнын алу жолдарын қарастыра отырып, осы құқықтар мен бостандықтарды қорғауды жүйелі түрде ұйымдастыру үшін қандай мәселелер шешілуі керек екендігін талдадым.
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:

2.1. Конституция Республики Казахстан. Альбом схем. // Составители В.В.Мамонов, С.А.Табанов. - Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
2.2. Амандыкова С.К. "Конституционное право Республики Казахстан". Караганда: - Болашак Баспа, 1998 г.
2.3. Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана. Казахстан - 2030. Процветание, безопасность и улучшение.
2.4. Назарбаев Н.А. К обновленному Казахстану через углублению реформ, общенациональное согласие. - Алматы, 1994.
2.5. Назарбаев Н.А. Стратегия становления Казахстана как суверенного Казахстана. - Алматы. 1992.
2.6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасы. // Саясат. - 1996. N 9.
2.7. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша түсіндірме сөздік. - Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
2.8. Қазақстан: мемлекеттік кезеңдері. Конституциялық актілер. // құрастырған Ж.Бәйішев. - Алматы: Жеті Жарғы. 1997.
2.9. Абділдин С: Қазақстан Парламенті. Одақтан ордалы елге бет түзеп. - Алматы: Қазақстан. 1993.
2.10. Байтин М.Н. Государство и политическая власть. - Саратов. 1972.
2.11. Гражданство и свобода передвижения. - М. 1994.
2.12. Защита прав человека в современном мире. // Отв. ред. И.А.Ледях. - М.: ИГП РАН. 1993.
2.13. Исполнительная власть: Сравнительно-правовые исследования. - М: ИНИОН РАН. 1995.
2.14. Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. (вопросы Конституционного права). - Алматы.: Жеті Жарғы. 1996.
2.15. Лазарев Л.В. , Марышева Н.И., Пантелеева И.В. Иностранные граждани. "Правовое положение". - М: "Российское право". 1992.
2.16. Конституционное право (государственное право зарубежных стран). В 4-х томах. т- 1-2. Отв.ред. Б.А. Страшун. Изд-во 2 М: Изд-во: БЕК. 1996. с. 805.
2.17. Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. - Алматы, Жеті Жарғы, 1997. с.288.
2.18. Кубеев Е.К. Конституционный строй Республики Казахстан. Болашак-Баспа. Караганда. 1998. с.201.
2.19. Кудайбергенов У. Демократические государства и проблемы местной власти. // Советы Казахстана. - 1995 г. 7 апреля.
2.20. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Елдегі жағдай - ішкі және сыртқы саясаты, негізгі бағыттары туралы: жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа. // Ақиқат- 1998. N 11.
2.21. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы. - 1996. 398 б.
2.22. Мишин А. Конституционное право зарубежных стран. М.: Белые альби. с.404.
2.23. Мухамеджанов Е.Б. Парламент РК и законодательные органы зарубежных стран. - Алматы. Баспа. 1997 г. с.80.
2.24. Черников. Конституционное право Республики Казахстан: проблемы теории и практики. Алматы: Әділет- Пресс, 1997 г. с.163.

К І Р І С П Е

Адам құқықтары мен бостандықтары тек қана бір мемлекеттің ісі емес,
бүкіл халықаралық бірлестіктің субъектісі болып табылады. Адам құқығы
облысы жөнінде жалпы танылған халықаралық нормалар қазір ұлттық заңдарды
қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан да мемлекет ішіндегі адам
құқын қорғау механизмі, халықаралық құқық нысандарымен қамтамасыз етілуімен
тығыз байланысты. Адам құқығын қорғау жөнінде нормалар қабылдаған
халықаралық ұйымдар, адам құқығының бұзылмауына жол бермеуге нақты
механизмдер қарастырды. Егер мемлекет ішінде құқықтық көмек құралдары
болмаған жағдайда, халықаралық құқық көзқарарасы бойынша, әрбір адам өзінің
мемлекетінің халықаралық шарттары бойынша, адам құқығы мен бостандығын
қорғау мемлекет аралық органдарынан көмек алуға болады. Адам құқықтары мен
бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау жайында, қоғамдық тәртіпті
сақтауда, адам құқықтары мен бостандықтарын, адам денсаулығы мен ар
абыройын қорғау негізінде заңда көрсетілген жағдайда ғана шектеледі.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси ниетпен шектеуге жол
берілмейді.
Қоғамның демократиялық деңгейі, тек қана Конституцияда жарияланған
қандай да бір құқықтар мен бостандықтардан көрінбейді, сонымен қатар қандай
деңгейде азаматтар сол құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алуында.
Өкінішке орай, зейнеткерлердің, кәмелетке жасы толмаған балалардың,
тағы сол сияқты халықтың қорғаусыз қабатының қазіргі жағдайлары қиын.
Әскерге шұғыл щақыру, әскери қызметкерлердің қорғау системасы дұрыс
қамтамасыз етілмеген. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жабылуы,
мектептер, ауруханалардың және мәдени объектілердің қысқартулары,
адамдардың дұрыс білім алу, дем алуға, емделуге мүмкіндіктерін шектеп
тастады.
Көбінесе қазіргі кезде іс-тәжірибеде қылмыстық іс жүргізуде адам
құқықтары мен бостандықтарының көп бұзылуының оқиғалары кездеседі. Адам ар
абыройын қорлайтындай негізсіз ұстау, қамау оқиғалары аз емес. Адам құқық
саласындағы әрекет ететін заңдарды білген жағдайда азамат өзінің
Конституциялық құқықтарын қорғауға мүмкіндік алады.
Негізгі заңда көрсетілген Конституциялық қағидаларды өмірдің іс-
тәжірибесіне араластыру үшін, республиканың әр азаматы өзінің құқықтары мен
бостандықтарын қорғауда құқықтық көмек алуға, қосымша құқықтық механизмдер
құру қажет. Қажетті түрде адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік
беретін заңдардың жедел түрдегі билік басындағы саяси күштеріне тәуелсіз
әрекет етуін қамтамасыз ету қажет.
Адамдардың әрбір ұрпағы өздерінің ұлы қазыналарын, яғни құқықтары мен
бостандықтарын әрқашанда белсенді түрде қорғап, сендіру керек.
Республикада адам әдет-ғұрпын, құқықтары мен бостандықтарын бағалау әлі де
жеткіліксіз. Сондықтан да адам құқықтарын ұлы қазына ретінде тек қана сөз
жүзінде ғана емес, іс жүзінде басшылыққа алуға әлі көп уақыт керек.
Осы дипломдық жұмысты таңдап алғандағы негізгі мақсатым, халықаралық
құқықтағы адам құқығына терең үңіле отырып, қазіргі кезеңдегі айтулы
келеңсіздіктер мен олқылықтардың орнын алу жолдарын қарастыра отырып, осы
құқықтар мен бостандықтарды қорғауды жүйелі түрде ұйымдастыру үшін қандай
мәселелер шешілуі керек екендігін талдадым.

I БӨЛІМ. АДАМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

I.I. Адам құқығының түсінігі.

Заң адам құқығын, оларды пайдаланушы жеке тұлғаны мемлекеттің теріс
пайдалануынан қорғауы тиіс деген қағида 1690 жылы Джон Локктың "Басқару
туралы екі трактаты" еңбегінде алғаш рет шыққан.
Джон Локк заттардың табиғи тәртібіне байланысты бірінші орында
мемлекет құқығы емес, адам құқығы тұруы тиіс деп ойлаған. Өз еңбегінде Джон
Локк ағылшындарға билікті сыйлаушы кезең 1688 жылғы Революция нәтижесінде
пайда болған құқықтық көтерді. Ұлы Британияның жазылмаған Конституциясы
нақты басымдылығын, француз саясаткер философы Монтескье 1748 жылғы
"Заңдар жаны туралы" шығармашылығында өзара заң шығарушы, атқарушы және
билік сот тармақтары құзіреттерінің айрықша бөлінуін анықтады және
түсіндіріп берді. 1762 жылы Жан Жак Руссо адам құқығының революяциялық
қабілетін айтты: "Адам тәуелсіз болып туылады, бірақ бүкіл жерде шынжырмен
байлаулы". Кейінірек Америкада бүкіл Европада демократиялық революциялар
басталды. 1776 жылы 4 шілдеде Филодельфияда Американың тәуелсіздік
Декларациясы қабылданды. Томас Джефферсонның бұл құжатында Дж. Локк,
Монтескье және Руссоның интеллектуалды ықпалы көрінеді. Адам құқығының
оларды өкіметтің қорғау міндетін салтанатты қабылдап, хабарлап, он үш
Америка Құрама Штаттарының делегаттары жариялады:
біз өз айқындылық ақиқаты деп ойлаймыз. Бүкіл адамдар тең жаратылған
және жаратушы мен бөлінбейтін құқықтар берілген, соның ішінде бостандық,
өмір сүру және бақытқа ұмтылу құқығы кіреді;
осы құқықтары қамтамасыз ету үшін адамдар үкімет құрады, әділетті
үкімет басқарылатындардың келісіміне негізделеді;
егер қандай да бір мемлекет құрылымы осы құқықтарды бұзса, онда халық оны
өзгертуге немесе қысқартуғажәне жаңа құрылым орнатуға құқылы. Олар халықтың
игілік іс-әрекеттерін және қауіпсіздігін өте жақсы қамтамасыз ететін
қағидаларға негізделуге тиіс. Саяси қатынаста XVIII ғасырдың соңғы он
жылдығы адам құқықтарын бекітуде қолайлы уақыт болды. Бастилияның
құлауынан кейін бірнеше апта өткен соң, 1789 жылы 27 тамызда халық жиналысы
Лафайеттің құжаттар жобасы адам және азамат Декларациясы ретінде
қабылданды. Көбі оның ой-желісі философ Руссоның және Филадельфиялық
тәжірибенің жалғастырушысы ретінде танылды.
Француз Декларациясы "жоғарғы тәңір алдында және оның игілік еркімен
төмендегідей адам және азамат құқықтарын" растады және жариялады. [1]
1. Адамдар тәуелсіз және тең құқылы болып туылады және қалады.
Қоғамдық өзгешеліктер тек қоғам қажеттіліктерінің пайдасын ойлау
негізінде ғана жүргізіледі;
2. Бүкіл саяси бірлестіктердің мақсаты табиғи және бөлінбейтін адам
құқықтарын қамтамасыз ету. Мұндай бостандық, жеке меншік,
қауіпсіздік және езгілікке қарсылық.
3. Егеменділіктің қайнар көзі халыққа тікелей байланысы бар.
Ешқандай да корпорация, бірде-бір жеке дара осы қайнар көзден
шықпайтын билікті иемдене алмайды.
4. Бостандық басқаға зиян келтірмейтін бүкіл нәрсе істеуге мүмкіндік
беруден тұрады. Сондықтан да адамның табиғи құқықтарын жүзеге асыру
шекарасы басқа да қоғам мүшелерінің дәл сол құқықтарды пайдалануды
қамтамасыз ететінділігі. Шекараларды тек заңмен ғана анықтауы
мүмкін.
5. Заң тек қоғамға қауіпті әрекеттерге тиым салады. Заңмен тиым
салынбаған нәрсенің бүкілі рұқсат етіледі және заңмен рұқсат
етілмеген әрекетке ешкім де мәжбүрленуі тиісті емес.
6. Заң - жалпы ерікті білдіруші. Бүкіл азаматтар оның құрылуына
тікелей немесе өздерінің өкілдері арқылы қатысуға құқылы. Ол
барлығы үшін, өзінің қорғаушылығын көрсеткенде не жазылғанда тең
болуы тиіс.
7. Ешкім де айыпталуға, қамауға немесе тұтқынға тартылмай, егер заңмен
көрсетілген және заңда жазылған тәртібін сақталу жағдайымен
жүзеге асырылмаса. Сондай заңсыз бұйрықта шығарған, жүзеге асырған
оны орындау туралы бұйрық берген кімді-кім жазаланады, бірақ заң
күшіне сәйкес шақырылған немесе ұсталған әр азамат сөзсіз бағынуы
керек, қарсылық көрсеткен жағдайда ол жауаптылыққа тартылады.
8. Заң тек дәлме-дәл даусыз қажетті жазаларды орнатады. Заң күшін
тиісті қолдану шығарылғанға және жарияланғанға дейін құқық
бұзушылық жүзеге асырылса жазаланбайды.
9. Әр адамның кінәліліге белгілі болғанға дейін кінәсіздеп
боджаланады.
10. Ешкім де өз пікірін білдіруде ыңғайсызданбауы керек, діни пікірдің
өзінде де, өйткені мұның сипаты заңмен белгіленген қоғамдық
тәртіпті бұзбайды.
11. Ойларын және пікірлерін тәуелсіз білдіруі адамның қымбат бағалы
құқығының бірі.
12. Адам және азаматтар құқығын қамтамасыз ету қарулы күштерді
пайдалануды керек етеді.
13. Қарулды күштерді және әкімшіліктерді қаржымен қамтамасыз ету үшін
жалпы алымда қажет, ола бүкіл азаматтардың жағдайына байланысты
бөлінуі керек.
14. Барлық азаматтардың өздеріне өкілдері арқылы мемлекеттік алымдардың
қажеттілігін белгілеуге, оны алуға әркім келісім ьеруге, оның
шығындалуын бақылауға және оның бөліктің мөлшерін, негізін алу
тәртібіін және ұзақтығын анықтауға құқықтары бар.
15. Қоғам әр лацуазымды тұлғадан оған сеніп тапсырған басқару саласына
байланысты есеп беруді талап етуді құқылы.
16. Құқықтық пайдалануды қамтамасыз ту және билікті бөлу жүргізілмеген
әр қоғам конституциясына ие болмайды.
17. Меншік қасиетті әрі қол сұғылмайтын құқық болғандықтан, алдын-ала
және әділетті түрде орнын толтыру шартымен тек заңмен белгіленген ,
қоғамға аса қажетті реттерден басқа кезде ешкімді де ол құқығынан
айыруға болмайды.
Өздері мойындаған және жариялап отырған бастамалар негізінде Франция
Конституциясын бекіте отырып Ұлттық жиналыс құқықтардың теңдігі мен
еркінділігіне зиян келтіретін, бекітулердің күшін жояды. Американың
Тәуелсіздік Декларациясы, Францияның адам және азамат құқық Декларациясы
XVIII ғасырдың интеллектуалдық және құжаттық негізін құрады және кейінгі
екі ғасырда адам құқықтарын қорғау заңдылықтарын жүзеге асырды. Қазіргі
таңда адам құқықтарының конституциялық кепілі кең ауқымда тараған. Бір
зерттеудің көрсетуі бойынша, адам құқығын және негізгі бостандықтарын
1788 жылдан 1948 жылдар аралығында қабылданған Ұлттық Констиитуцияның 82
процентінде 1949 жылдан 1975 жылдар аралығында қабылданған ұлттық
конгституциялардың 93 процентінде ескерілінген. Бүгінгші таңда адам
құқықтарын қорғау қағидасы жүзден аса ұлттық конституцияларда бекітілген.
[2]
1789 жылғы француздық "адам және азамат құқығы" декларациясынан кейін
көптеген ел конституцияларында осы екі субъектілердің құқықтық жағдайына
байланысты нормалар пайда бола бастады.
Адам құқығы - бұл тұлғаға тумасынан берілетін одан бөлінбейтін
құқықтар. Бодандық және тәуелділіктен құтылу үшін буржуазиялық
революционерлер монархтен және шіркеуден олардың негізгі құқықтарын
мойындауды талап етті. Ал қазіргі уақытта мұндай талаптар тоталитарлық және
авторитарлық мемлекеттерде қойылып отыр.
Адамнан бөлінбейтін, аластатылмайтын құқықтар қатарына әдетте - өмір
сүруге құқық, бостандыққа құқық, менщікке құқық, отбасылық құпияға құқық
және тағы басқа құқықтар жатады. Соңғы жылдары бұлардың қатарына кейбір
"үшінші" және "төртінші" ұрпақ қосылып жүр. Мысалы, мәдениет жетістіктерін
қолдану құқығы, таза қоршаған ортада өмір сүруге құқығы және т.б. құқықтар.
Бұл құқықтарды мемлекет өз актілерімен және өз әрекеттерімен бере де, ала
да алмайды деп есептеледі.
Азамат құқығы керісінше тұлғаның белгілі бір мемлекетке саяси
қауымдастыққа жатуына байланысты болады. Саяси қауымдастықтың мүшесі
ретіндегі азаматтың құқықтары мемлекеттің актілері және әрекеттері арқылы
қамтамасыз етіледі және беріледі. Мысалы, оларға сайлау құқығы, саяси
партияға бірігу құқығы және тағы басқа құқықтар жатады. Тағы осы топқа
кейбір әлеуметтік-экономикалық құқықтарды кіргізуге болады. Олар тегін
білім алу құқығы, тегін медициналық біоім алу құқығы және т.б. құқықтар.
Бұл құқықтар азаматтарға мемлекеттердің материалдық мүмкіндеріне, сол
елдегі демократияның даму деңгейіне елдегі әдет-ғұрыпқа байланысты
беріледі.
Адам құқығы мен азамат құқығының арасында бір бекіп қалған шекара
жоқ. Олардың болуы тек жалпы теориялық деңгейде жүргізіледі. Екеуі де
Конституцияда жазылып мемлекетпен және оның органдарымен қамтамасыз
етілуге тиіс. Азамат және адам құқығын айыру қалыптаспаған тоталитарлы-
социализм мемлекеттерінде құқықтары басқаша болуы орныққан. Ондай елдерде
азамат құқығы мен еңбекші құқығы деп бөлуге қалыптасқан. Кейбір елдердің
Конституцияларында белгілі әлеуметтік-экономикалық құқықтар тек
еңбекшілерге ғана беріледі.
Адам құқықтары туралы халықаралық құқықтың негізгі қағидалық
нормалары дүние жүзіндегі көп елдермен мойындалып, қабылданғанымен тұлғаның
қоғамдағы нақты жағдайы сол елдегі құқықтық жүйеге байланысты болады.
Демократиялық құқықтық жүйе жағдайында адам мен азамат құқығының,
қоғам мен мемлекеттен тұлғаның жоғары тұруынан туындайтын жеке көзқарас
қалыптасқан. Мұндай жүйеде саяси және жеке құқықтар мен бостандықтарға көп
көңіл бөліп әлеуметтік-экономикалық құқықтарға көп көңіл бөлмейді. Бірақ
қазіргі уақыттағы жаңа конституцияларда (Бразилия, Италия, Перу және т.б.)
әлеуметтік-экономикалық құқықтар аумағы әжептәуір кеңейтілген кейбір
конституцияларда мысалы, Үндістанда мұндай құқықтар үкімет әрекетін
бағыттаушы ретінде қарастырылады, ал басқаларында, мысалы, Америка Құрамам
Штатында көптеген әлеуметтік-экономикалық құқықтар туралы мүлдем
айтылмайды. Оларды соттық талаптар, шешімдер арқылы қорғау мүмкін емес
болғандықтан, олар нағыз мағынасында құқық деп қарастырылмайды.
Адам құқығы туралы социалистік тұжырымдама ұжымдық қағидадардан
бастау алады. Бұл тұжырымдама бойынша мемлекет , қоғам, ұжым адамнан
жоғары тұрады. Тұл тұжырымдама қолдаушыларының айтуына қарағанда адам
қоғамда өмір сүреді және одан бос болу мағынасыз, мүмкін емес, сондықтан
адамның әсіресе азаматтың құқықтары тек қауымдастықта жүзеге асырылып
мемлекетпен қамтамасыз етіледі. Айтылған тұжырымдама бойынша адамға
құқықтар мен бостандықтар тек мемлекетпен ғана беріледі, ал табиғи
құқықтар негізінде мүлдем мойындалмайды. Социалистік тұжырымдама
керісінше адамның әдеуметтік-экономикалық құқықтарына көп көңіл бөледі.
Мұсылмандық құқықтық жүйеде адам құқығына деген көзқарас ұлғаның
діни-нанымына, жынысына байланысты болады. Мұсылмандардың мұсылман
еместердің алдында артықшылықтары болады. Оларға берілген құқықтар көлемі
көп болады. Мысалы, 1973 жылғы қабылданған Сирия Конституциясы бойынша
ел Президенті тек мұсылман адам ғана бола алады.[3] Классикалық мұсылман
құқығы бойынша ер адам әйел адамға қарағанда жоғары тұрады. Мысалы,
кейбір елдерде әйелдерге сайлау құқығы берілмеген, әйел мұрагерлер ерлер
алатын мұраның жартысын ғана алады, сотта екі әйел берген көрсетпе бір ер
адам берген көрсетпеге теңестірілген. Иранның 1979 жылдан бастап
тәжірибелік түрде пайдаланып 1996 жылы күшіне енген Қылмыстық Кодексі
бойынша әйел адам қоғамдық жерлерде бет пердесіз көрінсе, онда ол 74
қамшы соққысымен жазаланып отыруы мүмкін, күйеуіне сенім сақатамағаны үшін
оны таспен соққылап тастауы мүмкін. Бірақ ол үшін үш куәгердің болуы
қажет. Мұсылмандық құқықта адам құқықтары көп тоқталмай, оның Алла
Тағаланың алдында мұсылмандар қауымы алдындағы міндеттеріне ерекше көп
көңіл бөлінеді.
Классскалық мұсылман құқығында әйел адамдарға да кейбір кепілдіктер
беріледі. Мысалы, ерлі-зайыптылар ажырасқанда күйеуі балаларын қамтамасыз
етуге міндетті болады. Сонымен қоса классикалық мұсылман құқығы бойынша
ол тек мұсылман адамдары арасында ғана қолданылады. Классикалық мұсылман
құқығы бұрынғы күйінде кейбір елдерде ғана сақталған. Қазіргі уақытта
көп елдерде оларға жалпы азаматтық нормалар мен қағидалар, халықаралық
құқық әсерінің асытна түсіп өзгерістерге ұшырады. Бірақ барлық
мұсылмандық елдерде заң шығарушылықтың қайнар көзі болып шариғат
есептеледі.
Кәдімгі құқықтық жүйеде тұлғаның құқықтық мәртебесі оның белгілі
бір тайпа, руға тиістілігіне байланысты. Кәдімгі құқық нормалары тайпа
ақсақалдарының естерінде сақталып тек өз тайпаларының мүшелеріне
тарады.[4]
Құқық зерттеушілердің айтуан қарағанда тұлғаға берілген құқықтар мен
бостандықтарды ол тек қана өз тайпасында ғана жүзеге асырал алады.
Адам бір тайпаның бөлігі ретінде қарастырылады, ол адам тайпадан тыс
өмір сүре алмайды.
Адам құқықтары мен бостандықтары - дүние жүзілік қауымдастық игерген,
мойындаған және тиісті халықаралық құқықтық актілерде бекітілген және
заңдық жағынан қастамасыз етілген әрбір адамның құқығы ретінде
мойындалған ешкім де еркін шектеп немесе тиым сала алмайды. Адам өзінің
табиғи құқығы мен бостандығының қайнар көзі, сондықтан да оларда
шектелмеуі тиіс. Қазақстан Республикасы адам құқығы мен бостандығын қай ел
дің азаматтығы екендігіне қарамастан мойындайды, кеплідік береді әрі
қорғайды. Адам құқығы оның міндетімен байланысты. Сондықтан олардың жүзеге
асырылуы нақтылы жағдайға қатысты адамға берілген құқық оның мүмкін болған
мінез-құлық түрі мен өлшемінен сипат алады. Адам бостандықтары ешқандай
жағдайларға байланысты болмайды. Ол оның еркінің нәтижесі.
Адам мен азаматтардың құқықтары тепе-тең емес, Республика
азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Қазақстан мемлекеті мойындайтын
әрі кепілдік беретін өз азаматтарының белгілі мінез-құлқының заңдық
мүмкіндіктерін білдіреді. Адам құқықтары мен бостандықтары және азамат
құқықтары мен бостандықтары өзара байланысты болғанмен, дәл келмейді.
Біріншісі, бастаушы және жан-жақты категгория, ал екіншісі, қоғам мен
мемлекеттік даму деңгейін көрсетеді. Алайда, кез-келген жағдайда
құқықтар мен бостандықтар атау Қазақстан Республикасының Конститиуциясының
басты категориясына жатады. Адамды қазақстандық қоғамның ең қымбат
қазынасы ретінде бекітуге бағытталған. Адам және азаматтар құқықтары мен
бостандықтары серпінді түрде кеңейе түсуде. Өркениетті мемлекеттердегі
адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Республика
Конституциясында бекітілген. [5]

1.2. Халық және азаматтық туралы түсінік

Азаматтылық тұлғаға экономикалық саяси, мәдениет және басқа да
қоғамдық қызметтер саласына белсенді қатысуға рұқсат етеді. Сонымен қатар
азаматтар мемлекет тәуелділігінде. Мемлекет өз азаматы қайда жүргеніне
қарамастан, шетел мемлекетінде жүрсе де өз азаматтарынан міндеттерін
орындауды талап ете алады.
Негізінде мемлекеттік билікті атқарғанда тек халықтар көпшілік сол
елдің азаматтары арасында үздіксіз және тұрақты заңдылық қатынаста
міндетті жағдай болуы керек. [6]
Мемлекеттік тәуелсіздік пен азаматтық арасындағы байланыс болып кез-
келген мемлекет өз азаматының шеңберін және азмататтылығын берудің
жағдайлары мен тәртіптерін өз анықтауы. Бұұ халықаралық құқықтық
нормалармен мойындалған сонымен бірге 1930 жылы Гааг конференциясында
қабылданған жан-жақты конвенция.
Сондай-ақ, егемендің дегенді еске алуымыз қажет. Егемендік - бүл
мемлекеттік билік, ішінен және мемлекеттің территорияның сыртынан тәуелсіз,
азаматтарды біріктіретін біртұтас әлеуметтік, қауымдастық - халық. [7]
Басқа жағынан, егер мемлекет болмаса, нақты айтсақ, толық қызмет
істейтін мемлекеттік билік болмаса, азаматтылықтың мағынасы болмайды. Бұдан
мынадай қорытынды жасауға болады: азмататтылық және егеменді мемлекет
билігі өзара тығыз байланыста болатын немесе - өзара тәуелді қоғамдық
құбылыстар.
Сонымен қоса азаматтылыққа байланысты халықаралық шарт жасасу кезінде
мемлекеттер өз егемендігін жүзеге асырады.
Ішкі мемлекеттегі азаматтылық сұрақтарын тәуелсіз шешуде мемлекет өз
еркін дүниежүзілікте жалпы мойындаған нормаларды және халықаралық
құқықтық қағидаларды, ең алдымен адам құқығын сақтауды келістіруге
тырысады.
Азаматтылық бұл жеке тұлғаның бір мемлекет пен тұрақты саяси құқықтық
байланысы, сол мемлекетке байланысты анықталған көлемде құқықтар мен
міндеттерге ие болу және сол еодің билігіне бағыну.
Мұнда түсінікті, 1991 жылғы 20 желтоқсан айындағы "Қазақстан
Республикасының азаматтығы туралы" Заңы береді. Жоғарыда айтылғандарды
қорытындыласақ, жалпы әлем тәжірибесіндегі азаматтылық сұрақтарға
байланысты, құқықтық реттеудің жалпы тенденциялық дамуына байланысты,
кейбір мемлекеттердің азаматтылық туралы заң шығарушылығының салыстырмалы
құқықтық анализ өткізсек.
Шет елдердің азаматтық туралы заңдарының ерекшеліктерін анық ашу үшін
азаматтылықты алу және тоқтату жағдайларын бөліп қарастыру қажет. Бұған
қоса шетел заң шығарушылығында қазіргі таңда "азаматтылық" терминімен
бірге "бағыныштылық" термині қолданылатынын ескеруіміз керек.
"Бағыныштылық" термині монархиялық басқару үлгісіндегі елдердің заңына
тән қасиет болып табылады. Мысалға, 1978 жылғы 6 сәуірдегі "Дат
бағыныштылығы" туралы заңы.
Сонда да, азаматтылық республикалық басқару үлгісіне ғана тән қасиет,
ал бағыныштылық монархиялық басқару үлгісіне жатады деу қателік болады.
Бағыныштылық азаматтылықтың ескірген синонимі және ол тек кейбір
монархиялық елдерге тән.[8]
Жоғарыда айтылғанға қоса, шет мемлекеттерде азаматтылық сұрағын,
әкімшілік немесе сот органдарының шешуін ескергенміз жөн. Мысалы,
Ұлыбританияда, Чехияда, Словакияда азаматтылықты алу не жойылу сұрақтарын
Ішкі істер министрінің өкілдігіне берілген. Францияда азаматтықты алу
қайта қалпына келтіру және жойылу туралы декреттері Әділет министрінің
баяндамасымен үкімер қабылдайды. Ал Турцияда Ішкі істер Министрінің
баяндамасымен бұл сұрақтарды үкімет қарайды. Ал, Америка Құрама
Штаттарында азаматтылықты беру оны жою және натурализацияны жоққа шығару
құқығын тек аймақтық соттар иеленеді.

Азаматтылық алу әдістері.

Шетелдерде азаматытлық тумасынан, натурализация жолымен халықаралық
шарттар негізінде және жиі қалпына келтіру, арзы беру арқылы алуға болады.
Көрсетілген азаматтылықты алу әдістерінің ішінде көбіне тумасынан алу кең
тараған. Өйткені, көптеген адамдар азаматтылықты тумасынан алып, оны өмір
бойы сақтайды. Азаматтылықты тумасынан алу: көптеген елдердің заң
шығарушылық актілерінде азамаматтылықты тумасынан алу екі қағида
негізінде бекітілген "қандық құқ" және "жерлік құқ".
"Қандық құқ" қағидасына сәйкес, тұлғаның азаматтылығы әке-шешесіне
байланысты, туылған жеріне байланысты болмайды. Қазіргі таңда бұл қағидаға
Иордания, Ауғанстан; Сирия және кейбір араб мемлекеттері сүйенеді. Оған
қоса Европаның, Австрияның, Норвегияның, Италияның, Финляндия мемлекеттері
сүйенеді.
"Жерлік құқық" қағидасын ұстантаны елдер тұлғаның азаматтылығын
анықтау кезінде ең бірінші оның туылған жеріне көңіл бөледі. Бұл қағидаға
20-дан астам мемлекеттердің көбінесе Латын Америка елдерінің заң
щығарушысы сүйенеді. Мысалға, мексика Конституциясының 30-бабына сәйкес
Мексиканың тумасынан азаматы деп Республика территориясында туылған тұлға
саналады, әке-шешесінің азаматтылығынсыз. [9]
Үшінші мемлекетердің көбі жоғарыдағы екі қағиданы да ұстанады. Мұнда
бір қағида басым болып, екінші қағида қосымша түрге ие болады. Жоғарыда
аталған қағидаларды таңдау немесе басымдылығын басты негізде демографиялық
облыстағы саяси және басқа да себептерге байланысты мемлекет саясаты
белгілейді. [10]
Жоғарыдағы дәлелдеме ретінде Наполеонның басып алу саясатының мән-
жайларын айтуға болады. 1925 жылдың өзінде осыған орай азаматтылық
мәселелерін зерттеуші Кишкин С.С. былай деп жазған: "1804 жылы Франция
өзінің азаматтылық Кодексін дайындау кезінде қай қағида қандық немесе
жерлік француз азаматтылығын алудың негізін белгілейтін болады деген
мәселеге байланысты түсінбеушіліктер туды. Наполеон жерлік қағиданы
ұстана отырып; оны былай деп түсіндірді: "Азаматтардың қаншалықты көптігі,
соншалық солдаттың көптігі".[11]
Кей дамыған елдерде екі қағиданы қосып ұстамаған АҚШ, Англия, Франция
елдерінің азаматтары болып өз территориясында немесе өз территориясының
сыртында дүниеге келген нәрестелер, сондай-ақ өз территориясында дүниеге
келген шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың балалары
болып табылады.
1976 жылы 16 шілдедегі Канада азаматтылығы туралы заңға сәйкес Канада
азаматы болып Канада территориясында дүниеге келген әке-шешесінің
азаматтылығынсыз немесе әке-шешесі Канада азаматы болып табылатын
территория сыртында дүниеге келген кез-келген тұлға саналады. [12]
Азаматтылық сұрақтарын реттейтін ішкі мемлекеттік нормаларымен қоса
халықаралық құқықтық әдет нормалары бар екендігін ескеруге тиіспіз.
Мысалы, азаматтылық туралы заң шығарушысы "жерлік құқыққа" негізделген
мемлекетте де, дипломат қызметімен жүрген шетел азаматының баласына өз
азаматтылығын беруді тиым салатын нормалар болуы мүмкін.

Азаматтылықты беру (натурализация).

Бүкіл мемлекеттерде азаматтылықты алу әдісінің дүние жүзілік
тәжірибеде екі кеңінен тараған әдісі натурализация болып табылады.
Натурализация өтініші мен мемлекеттік өкілетті органы азаматтығы жоқ
адамдар және шетел азаматтары сұранады.
Көптеген елдер әртүрлі жағдайдың алдын-алу үшін, шетел азаматтарының
бұрынғы азаматтылығынан шығуды талап ететін нормаларға ие болады.
Азаматтылықты алатын сол мемлекеттің азаматтылығы бар, мемлекеттік
азаматымен некеде тұрған кезде немесе баланы асырып алған кезде
азаматтылығы басқа мемлекеттікі болса, не ешқандай азаматтылығы жоқ адамдар
азаматтылықты натурализация тәртібімен алады. Бұл кезде 1957 жылғы "Күйеуге
шыққан әйелдіңғ азаматтылығы туралы" конвенция есепке алынады. Мысалы, осы
конвенцияның екінші бабында "әйел адам шетел азаматымен некеге тұрса ол өз
азаматтылығын сақтап қалуға немесе күйеуінің азаматтылығын алуға құқылы".
Шет елдердің азаматттылық туралы заңдары, азаматтылықты алудың әртүрлі
арнайы жағдайларын көрсетеді. Көбіне азаматтылықты қабылдағысы келген
тұлғаға мемлекет өзінің территориясында белгілі мерзім бойы тұрақты өмір
сүруіне талап қояды. Мысалы, Италияда, Нидерландта, Оңтүстік Кореяда,
Францияда - 5 жыл тұрақты тұру, Норвегияда және Англияда - 7 жыл,
Испанияда - 10 жыл, Непалда - 12 жыл.
Азаматтылық алушыға бұл шарттан басқа да әртүрлі негіздер мен
талаптар қойылуы мүмкін. Мысалы, АҚШ-та натурализация үшін 15 жыл бойы
өмір сүруден басқа да мынадай жағдайлар бар: 18 жасқа толуы, натурализация
жөнінде өтініш тапсыру, АҚШ-та тұрақты өмір сүру үшін ағылшын тілінде
емін-еркін жазуды, сөйлеуді және оқи білу, АҚШ-тың басқару формалары мен
қағидаларын және тарихи негізгі дәуірлерін білу және ол адам АҚШ
Констиуциясына сенімділігі жөнінде ант ету және АҚШ өкіметіне немесе
басқа заң институттарына бағытталған ұйымдарға қатыспау және оларға
қарсы насихаттамау (1983 жылғы қабылданған АҚШ азхаматтылығы жөніндегі
Заңға түзетулер мен толықтырулар 312,313,334 баптары.).[13]
Натурализация шартын анықтайтын азаматтық жөніндегі шетел заңдарының
түрлі талаптарын куәлайтын тағы бір мысал келтірейік.
1975 жылғы Египет азаматылығы туралы заң. Египет азаматтылығына
қабылданудың мынандай жағдайларын көрсетеді. Египетте он жылдан кем емес
тұрақты өмір сүру, қоғамға зияны жоқ, есі дұрыс, ешқандай кемшіліктері
болмауы тиіс. Жақсы мінезді және жақсы қасиеттерге ие болуы тиіс, қылмыстық
іс-әрекеттері үшін сотталмаған, намысқа қарсы қылмыстары үшін бас
бостандығынан айырылмаған, араб тілін пайдалана білетін, өзінің өмір
сүруіне қажетті заңды мүлік пен қаражаттарға ие болуы керек.
Азаматтылық сұрағын шешу мемлекеттің ішкі қызметі болған соң
натурализация жөнінде жауап бермеу, келіспеушілік болатынын айта кеткен
жөн.
Бұл - мемлекеттің егеменділіік құқығы. Мысалы, Португалияның
аазаматтылығын бермеу негізі ретінде мемлекет тұлғаның Португалия
қоғамына нақты байланысы жоқтығы, осы елдің заңымен жоғары жазалы қылмычс
жасауы, шет мемлекеттерде әскери ерікті қызмет өтеуі болып табылады
(азаматтылық туралы Португалия заңының 9-бабы).
Жоғарыда айтылған шарттардың ішінде шет мемлекеттердің заңдарында
кездесетін қылмыс жасау, ал кейбір заңдарда құқық бұзушылықтың түріне
дейін көрсетілген.
Гвинея азаматтығың жөніндегі Кодекстің 60-бабына сәйкес азаматтылық
алушы адам психологиялық ауру болса немесе денсаулық жағдайы ұжым үшін
қауіпті және қатерлі болса азаматтылыққа қабылданбайды делінген.[14]
Заңды азаматтылықты бермеудің бір ғана негізі азаматтылық бермеуді
жағдай бола алады. Мысалы, Бельгияда натурализацияға арыз беруші тұлғаға
келісім бермейді. Егер оның бұрынғы мемлекетінің заң шығарушылығы қос
азаматтылыққа жол берсе.

Азаматтылықты қалпына келтіру (реинтеграция).

Азаматтылықты қалпына келтіру дегеніміз - белгілі бір мемлекеттің
азаматы болған және кейін жоғалтқан адамдар үшін қалпына келтіру болып
табылады. Бұл әдіс кең таралмаған, бірақ өмірде кездеседі. Оны алу тәртібі
жеңілдетеді. Мысалы, шет елге тұрмысқа шыққан әйел некені тоқтатуына не
жарамсыз деп танылған жағдайда ол өзінің бұрынғы елінің өкілді органынан,
өзінің азаматтығын қалпына келтіруге өтініш бере алады. Онда ол әйелге
азаматтылықты беру тәртібі жеңілдетіледі (уақыты).
Азаматтылықты беру - бұл әдіс төмендегідей:
Мемлекет өзінің азаматтылығын беруде қажетті натурализация шарттарын
сақтамай береді (сыйлайды), яғни, олардың алдында ерекше қызметі барларға
немесе басқа да мемлекеттік мүддеде тұлғаға қарастырылған өзінің ұлттық
заңдық құқықтары мен бостандықтарын береді. Егер тұлға басқа мемлекеттің
азаматы болса онда оның азаматылығы сақталады. Мысалы, 1955 жылғы Грек
азаматтылығы туралы Кодекстің 8-бабына сәйкес, натурализация үшін қажетті
негіздерсіз шетелдік азаматтарға азаматтылық берілуі мүмкін. Егер ол
Греция алдында үлкен қызмет атқарса, не қандай да бір құнды жаңалық ашса,
үлкен кәсіпорын негізін қаласа, егер ол ерекше дарынды ақылды бооса,
немесе мемлкеет мүдделеріне толығымен қызмет етсе оның азаматтылық алуы
жеңілдетілген тәртіппен беріледі.
"Қазақстан Республикасының азаматтылығы туралы" Заңның 18-бабына
сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтініші
бойынша оның азаматтығы қалпына келтірілуі мүмкін.
Басқа мемлекеттерде тұратын республика территориясын тастап шығуға
мәжбүр болған барлық қазақтардың олар азаматы болып отырған мемлекеттің
заңдарына қайшы келмейтін болса, Қазақстан Републикасының азаматтығын алу
құқығы танылады. Қазақстан көші-қон процестерін реттеп отырады. Қазақстан
Республикасы жаппай құғын-сүргін күштеп ұйымдастыру кезеңдерінде
адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар нәтижесінде республика
территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының
сондай-ақ бұрынғы одақтас республикалар теоориториясында тұратын
қазақстардың өз территориясына қайтып оралуына жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының азаматығын қалпына келтіру туралы өтініш
бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
Басқа азаматтығы бар немесе азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан
Республикасының азаматтығынан шығуына немесе азаматтығынан айырылғанға
дейін және азаматтылығы тоқтатылғаннан кейін оның
аумағынан тысқары кетпесе не олардың республика аумағында болмауына оның
19-бабында көзделген мерзімінен аспаса Заңның 16-бабы бірінші бөлігінің 1-
тармағының 1-абзацында көзделген шарттардың болуы талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы
құжаттарды рәсімдеу заңның 33-бабы талаптары ескеріле отырып және осы
Ереженің 5-тармағында және осы Нұсқаулықтың 2,1-тармағында белгіленген
тәртіппен жүзеге асырылады.
Осы Ереженің 5-тармағында көзделген құжаттардан басқа Қазақстан
Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінімге өтініш
берушінің бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болғанын және оның
республика аумағында тұрақты тұрғандығын (туу туралы куәлік, тұрғылықты
жерінен анықтама және т.б.) куәландыратын құжаттары қоса беріледі.
Басқа мемлекеттің азаматы мен азаматтығы жоқ адам олардың өтініштері
бойынша азаматтық туралы заңда қаралған шарттарға сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Республика аумағында кем
дегенде 5 жыл тұрақты тұратын, не оның азаматымен некелескен азаматтар
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Кәмелеттік жасқа
толмаған қабілтсіздер, Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргендер,
саяси себептермен Қазақстан Республикасы аумағын тастап кетуге мәжбүр
болғандар және олардың ұрпақтары көрсетілген шарттарсыз Қазақстан
азаматтығына қабылданады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы
23 желтоқсандағы Жарлығымен азаматтық туралы Заңға бірқатар өзгерістер
енгізді. Бұл Жарлық бұрынғы Кеңес одағының азаматтары арасындағы
қатынастардың кейбір ерекшеліктерін бейнелейді. Бұрыны КСРО азаматтары бір
республикадан екнішісіне еркін қатынады. Туыс адамдардың әр түрлі
республикаларда тұруларына мүмкіндік болды, тұрып жатты және бір-бірімен
ешқандай қиындықсыз араласты. Алайда, КСРО-ның ыдырауының және дербес
мемлекеттердің құрылуының нәтижесінде жағдай өзгерді. Шекара белгіленді
және соған орай шектеулер қойылды. Бұл адамдардың қатынасына,
мемлекетаралық қатынастарға әсер етті. Бұрынғы КСРО республикалары
арасындағы тарихи қалыптасқан қатынастарды одан әрі нығайту және
Қазақстан азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібін белгілеу мақсатында
Жарлық Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңға өзгеріс енгізді.
Отбасылық қатынастарды қалпына келтіру үшін бұрынғы Одақтас
республикаладың Қазақстан Республикасы азаматтарына жақын туыстары
(балалары, жұбайы, ата-аналары, апа-сіңлілері, аға-інілері, атасы мен
әжесі) барлар Қазақстан азаматтығына қабылданатын болды. Жеңілдетілген
тәртіптің мәні мынада, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау
туралы тілек білдірген адамдардың өтініштері өтініш берген күннен 6 айдан
асырмай қаралатын болады. Сонымен бірге осы Жарлық азаматтық туралы Заңмен
белгіленген басқа адамдардың азаматтық алуға қажетті он жылдық тұрақты
тұру мерзімін бес жылға дейін кемітті.
Азаматтық туралы мәселе Қазақстан Республикасының мемлекетаралық
шарттарымен шешіледі. [15] Қазақстан Республикасымен Беларусь
Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы осы мемлекеттердің азаматтылығын алудың жеңілдетілген тәртібі
туралы келісімге осылай қол қойылды. Мұндай келісімдер аталған
мемлекеттердің өздерінің азаматтығын жалпыға бірдей нормаларын, құқықтары
мен бостандықатырн сақтауға, адамдардың тиісті тарихи және дәстүрлі достық
байланыстарын сақтау мен нығайтудан туындайды. Келісімге сәйкес әр тарап
басқа елден өз аумағына тұрақты тұруға келген, бұрынғы КСРО азаматы
екендігін дәлелдеген азаматтарға азаматтық алудың жеңілдетілген
тәртібін ұсынады. Мұндай тәртіп төмендегідей шарттардың бірі орындалса:
1) егер өтініш білдіруші азаматтығын алған тараптың аумағында туған
немесе тұрған болса;
2) өтініш білдірушінің біреуі болса да азаматтығын алатын тараптың
аумағында тұрақты тұратын және жақын туыстары оның азаматтары болып
табылса қолданылады. Ішкі істер органдары тараптардың бірінің
азаматтық алуын тіркеуді 3 айдан асырмайтын мерзімге жеңілдетілген
тәртіппен жүзеге асырады.
Мысалға, Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасындағы келісімде ата-
аналары азаматтығының өзгерілгеніне байланысты балалардың азаматтығы
өзгеруінің ерекше тәртібі қарастырылған. Ата-аналарының азаматтығы өзгерген
кезде, соған орай екеуі де тараптардың бірінің азаматтығынан шығады,
тиісінше олардың кәмелетке толмаған балаларының да азаматтығы өзгереді.
Әке-шешесінің бірі бір тараптың азаматы болған, ал екіншісі тараптың
азаматтығын алған кәмелетке толмаған балалардың азаматтығы әке-шешенің
келісімімен анықталады, бұл келісім беретін өтініште білдірілуге тиіс.
Әке-шешелері бөлек тұратын балалар, егер бұл жөнінде әке-шешелердің
арасында басқа келісім болмаса, өздері тәрбиесінде болан әке-шешенің
азаматтығын сақтайды.
Кәмелетке толған балалардың белгіленген азаматтығы олардың әке-
шешелерінің бірі Қазақстан Республикасының азаматтығында, ал екінші Ресей
Ресей Федерациясының азаматтығында болса тараптардың заңдарына сәйкес
оңайлатылған тәртіппен өзгертілуі мүмкін.
Ата-ана құқықтарынан айырылған әке-шешелердің азаматтығы өзгергенде
балалардың азаматтығы өзгермейді. Балалардың азаматтығын өзгертуге ата-ана
құқықтарынан айырылған әке-шешелердің келісімдері талап етілмейді. [16]
Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы мен Монголия арасындағы Ерікті
қоныс аудару және еңбек шарты бойынша Қазақстан Республикасынан келген
адамдардың азаматтығы жөніндегі мәселелерді реттеу туралы шарт әрекет
етеді.
Онда еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін Монголия азаматтарын, сондай-
ақ олардың қасына ерген отбасы мүшелерін білдіреді. Ал "қоныс аударушы"
деген термин Монголия азаматтығынан ерікті түрде щыққан және Қазақстан
Республикасының азаматы болуы үшін осында тұрақты қоныстануға келген
адамдарды білдіреді.
Еңбек шарты бойына Қазақстан Республикасына келген адамдардың
азаматтығы туралы мәселе тараптардың ұлттық заңдарына және халықаралық
правоның жалпы жұрт таныған принциптеріне сәйкес олардың тек қана еркін
және ерікті тілек білдіруші бойынша шешіледі.
Қазақстанның билікті органдары Қазақстан Республикасына еңбек шарты
бойынша келген адамдардың Монголия азаматтығынан шығып, Қазақстан
Республикасының азаматтығын қабылдау жөніндегі жазбаша өтініштерін.
қанағаттандыру туралы Монғолия тарапынан ресми хабарлма алған күннен бастап
оларды өзінің азаматтығына қабылдайды.
Бүгін де Монголиядан келген 63,5 мың оралмандардың 859 оралманы
азаматтық алды. Өкінішке орай Монғолияда азаматтықтан шығу үдірісі өте
қиындап отыр. Соңғы 3-4 жылда Қазақстан бұл жөнінде ықшамды шешім қабылдау
мәселесін көтеріп отырса да, іске аспай отыр.[17]
Қазақстан азаматтығының болмауы себепті оралмандардың құқықтары
шектеліп отыр. Олардың басым көпшілігі Президент сайлауына қатысқысы келген
еді.
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудың дәстүрлі де
жеңілдетілген тәртібі кезінде қабылдауға қарсылық білдіру негізі
қодданылады. Азаматтықа қабылдау туралы өтініш, егер адам:
адамзатқа, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне
қарсы қылмыс жасаса;
Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға
шақырса;
мемлекеттік тәуелсіздікке, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін
заңа қарсы қызметті жүзеге асырса;
мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса, мемлекеттік
тілдің қызметіне қарсы әрекет етсе;
террорлық әрекеті үшін сотталған болса;
сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса
басқа мемлекеттің азаматы болып қабылданбайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы өтінішке мынадай
құжаттар қоса беріледі:
- бекітілген нысандағы екі дана сауалнама-өтініш;
- еркін нысанда жазылған екі дана толық өмірбаян;
- бас киімсіз қарсы алдынан түсірілген 3,5х5 көлемдегі төрт
фотосурет;
- "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" заңның 1-бабында
көзделген, белгілегне нысанда жасалған шарттарды сақтайтындығы
туралы міндеттеме;
- жұмыс орнынан лаузымы, оқушыларға - оқу орны көрсетілген екі дана
анықтама;
- мемлекеттік баж төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы
құжат.
Сауалнама-өтініштер мен өмірбаяндардың барлығына өтініш берушілердің
өздері жазылған уақытын көрсете отырып қол қоюға тиіс. Өтініш беруші
сауатсыздығын немесе кемтарлығы салдарынан оларға қол коя алмаған жағдайда,
онда оның келісімі бойынша оларға құжаттарды қабылдайтын қызметкер кол
қояды.
Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш
білдірген ажам өтініш берген сәтте Қазақстан Республикасы азаматымен
некеде тұрса, неке туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін
тапсырады.
Бұған қоса бұрынғы одақтық республика азаматының жақын туысқандарының
біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болса: баласы (оның ішінде асырып
алған), жұбайы (зайыбы), ата-аналарының біреуі (асырап алушы), әпкесі,
қарындасы, бауыры, атасы немесе әжесі, олардың Қазақстан Республикасында
тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан республикасының азаматтарымен
туысқандық дәрежесін куәландыратын (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік
және басқа) құжаттар, өз туысқандарының тұрақты тұратын жерлері туралы
мекен-жай бюросынан алған анықтама және оның Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататынын растайтын құжаттар көшірмесін тапсырады.
Егер Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тілек білдірген
адам Қазақстан Республикасы қос азаматтық жағдайларының туындауына жол
бермеу туралы келісім (шарт) жасасқан басқа мемлекеттің азаматы болса,
өтініш сол мемлекеттің құзіретті органының өтініш иесінің Қазақстан
Республикасының азаматтығын қабылдау ниетіне көзқарасын куәландыратын
құжатты бірге ұсынғанда ғана қабылданады.
Өтініштерді қабылдаған кезде ұлттық төлқұжатты, тұруға рұқсат
қағазын, азаматтығы жоқ адамдар куәліктерін тапсыруы талап етілуі қажет,
олар қаралып, сауалнама-өтініштерде белгі қойылғаннан кейін иесіне
қайтарылады. Ұлттық төлқұжатқа тұруға рұқсат қағазына азаматтығы жоқ
адамдардың куәліктеріне ешқандай белгі қойылмайды.
Құзіретті органдар оралмандар шығатын мемлекеттермен оралмандардың
осы мемлекеттердіғ азаматтығынан шығуының оңайлатылған рәсімдерін белгілеу
туралы мәселені шешу бойынша іс-әрекет етеді.

Халықаралық шарттарының нормаларына сәйкес азаматтылықты алу

Бұл бейбітшілік келісім шарттары болуы мүмкін, яғни белгілі бір топ
тұлғаларының өзінің ұлты немесе тарихи отанына қайтып оралу репатриация
келісімдері.
"Репатрианттарға" (отанына қайтып оралғандарға)Қазақстан Республикасы
аумағында жаппай жазалану, зорлық шаралар және қудалану нәтижесінде тастап
кеткен адамдар, сондай-ақ өз отанынақайтып оралған әскери тұтқындар мен
олардың ұрпақтары жатады.
Репатрианттардың туыстары мен ұрпақтары болып тең негізде:
репатрианттардың балалары (соның ішінде асырап алған балалары), жұбайы, аға-
інілері мен апа-сіңлілері, сондай-ақ олардың ата тегі тамыры бойынша
қандас туыстары, немерелері мен шөберелері, және олардың от басылары,
кәмелетке толмаған балалары.
Аймақтық сұрақ бойынша келісімдер: Мысалы, аймақтық бөлімнің бір
мемлекеттен екінші мемлекетке өтуі, не жаңа мемлекеттің қалыптасуы.
Аймақтық өзгерістер кезінде аптация жүзеге асады. Мемлекеттің
азаматтылығы ерікті тәртіпте, ерікті негізде таңдайды.

Азаматтылықты тоқтату әдістері.

Көптеген мемлекеттердің "Азаматтылық туралы заңдарында" азаматтылықты
тоқтатуының үш әдісін бөліп көрсетеді.
- өз еркімен шығу;
- азаматтықтан айыру;
- азаматтылықты жоғалту.
Азаматтылықтан өз еркімен шығу.
Шетел заңдарында азаматтылықтан шығу кейде азаматтылықтан бас тарту
деп аталады. Бұл жеке тұлғаның ерікті еркін білдіру бола отырып, әдетте
мемлекеттік мүдделерде шешілсе белгілі бір шарттармен шешіледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығы Азаматтық туралы Заңда
қарастырылған жағдайда тоқталады.
Оған Қазақстан республикасының азаматтығынан шығу жатады. Азаматтықтан
шығу Азаматтық туралы Заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініш
негізінде рұқсет етіледі. Азаматтықтан шығу жөнінде арыз Ішкі істер
министрлігі және Сыртқы істер Министрлігі арқылы Президенттің атына
беріледі. Жасы 14-ке толмаған бала Қазақстанның азаматтығынан шығуға
өтініш берген кезде, ата-аналарының бірі Қазақстанның азаматтығында қалатын
болса, осы ата-анасының баланың Қазақстан азаматтығына шығуына өзінің
қатынасы білдірілген арызы берілуі тиіс.
Заңмен белгіленген жағдайларда азаматтықтан шығуға рұқсапт берілмеуі
де мүмкін. Егер азамат мемлекет алдындағы міндетемесін немесе Қазақстан
аумағында орналасқан азаматтардың немесе ұйымдардың , қоғамдық
бірлестіктердің елеулі мүдделерімен байланысты мүліктік міндеттемелерін
орындамаған болса оған Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға рұқсат
етілмейді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, егер
шығу туралы өтініш берген адам айыпталушы ретінде қылмыстық жауаптылыққа
тартылған немесе сот үкімімен жазасын өтеп жатса; егер адамның
азаматтықтан шығу Қазақастан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздік
мүддесіне қайшы келсе де рұқсат етілмейді.
Ата-аналардың екеуінің де Қазақстан Республиксының азаматтығынан
шығуына орай олардың азаматтығы да өзгереді.
Азаматтық мәселесі бойынша шешім шығарушы лауазымды тұлға Қазақстан
Республикасының Президенті. Тұратын жеріне қарамастан басқа елдің
азаматын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының
азаматтығына қабылдау; Қазақстан Республиксына азаматтығын қалпына келтіру;
Азаматтық туралы заңда қарастырылған, Қазақстан Республикасының аумағынан
тыс жерде тұрақты тұратын жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтығынан
шығару; ерекше жағдайдарда басқа мемлекеттің азаматтарына Қазақстан
Республикасының азаматтығын беру туралы шешімді Президент қабылдайды.[18]
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішке мынадай
құжаттар қоса беріледі:
- белгіленген нысандағы сауалнама-өтініш;
- еркін нысагда жазылған және осы Нұсқаулықтың 2.1 - тармағына сәйкес
рәсімделген толық өмірбаян;
- 3.5х5 көлемдегі үш фотосурет;
- балалардың тууы туралы және неке туралы куәліктің көшірмесі;
Берілген құжаттардағы мәліметтердің толық еместігін немесе дәл
еместігін тапқан жағдайда олар тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізуі
үшін өтініш берушіге қайтарылуы тиіс.
Өтініш беруші осы Нұсқаулықта көзделген барлық құжаттарды берген
сәттен бастап өтінім орындауға қабылданды деп есептеледі.
Тиісті үлгіде рәсімделген материалдар өтініш берушінің тұрғылықты
жері бойынша облыстардың ішкі істер басқармаларындағы бағыныштылығы
жөніндегі аудандық ішкі істер органдарына жіберіледі.
Облыстардың және Қазақстан Республикасы Астанасының ішкі істер
басқармалары Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы
материалдарды рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, осы мәселелер жөніндегі
істі әрбір өтініш бойынша (Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
жөніндегі материалдардан басқа) екі бөлікті жүргізеді, Ұлттық қауіпсіздік
органдарының пікірін сұратады.
Облыстардың және Қазақстан Республикасы астанасының ішкі істер
басқармалары олар жөніндегі істі және өздерінің қорытындыларын Қазақстан
Республикасының ішкі істер министрлігіне жібереді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, азаматтығын қалпына
келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш
жасаған тұлғаны Қазазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің
криминалдық ақпарат орталығының есебі бойынша ішкі істер органдары
тексереді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, азаматтығын қалпына
келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы
материалдар жөніндегі Ішкі істер министрлігі, Ішкі істер басқармасы
шығарған қорытындыдан өтініш берушіні сипаттайтын тексерілген мәліметтер
толық баяндалуға тиіс. Қорытынды Ішкі істер министрлігі, облыстық, қалалық
ішкі істер басқармаларының бастықтары немесе олардың орынбасарлары
бекітеді.
Ішкі істер Министріліг Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік
комиттетімен келіскеннен кейін өздерінің қорытындыларын жасайды. Ол
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, азаматтығын қалпына
келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы
материалдармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне
жіберіледі. Өтініш берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығына қарсы
болған жағдайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз тұжырымын Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі
комиссияға баяндайды.
Азаматтық мәселелері жөніндегі материалдарды берген Ішкі істер
органдардың өтінімдерінде ауытқушылық болған жағдайда өтініш иесіне
орындамау дәлелі көрсетілген анықтама беріледі. Аталған анықтаманың
-екінші данасы өтініш берушінің жеке іс-қағаз, қосып тіркеледі.
18-жасқа толмаған, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке
жарамсыз деп танылған адамдарың Қазақстан Республикасының азаматтығынан
шығу туралы өтініштері олардың заңды әкімдері арқылы беріледі. Бұл ретте
14 жастан 18 жасқа дейін кәмелетке томаған балалардың өздері қол қойғаны
және келісімі қажет. Тәртіп бойынша олардың ата-анасы немесе өзге де заңды
өкілдері берген өтінішпен бір мезгілде беріледі.
Балалардың келісімін нотариат куәландырады және ата-анасының біреуінің
өтініміне қоса беріледі. Бұған қоса ата-аналарының өтінімдеріне сауалнама
- өтініштерде көрсетілген балалардың тууы туралы куәлігі көшірмесінің екі
данасы қоса беріледі.
Өтініштерді қарау мерзімі жергілікті Ішкі істер және Ұлттық
қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитеттерінде және басқа мемлекеттік
органдарда осы органдардың әрқайсысында бір айдан, ал жиынтығы - 6 айдан
аспауы тиіс. [19]

Азаматтықтан айыру

Кейбір шет елдерде азаматтылықтан айыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Адам мен азаматтардың құқықтары
Сот билігі арқылы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің қорғалу механизмдері
Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері
Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Адам мен азамат құқығы
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер