Азия және Африка елдерінің 2000-2015 жылдарындағы халықаралық аренадағы орнына сипаттама беру



Азия — адамзаттың пайда болған ошақтарының бірі, қолдан суарудың, қалалардың, көптеген мәдени кұндылықтардың отаны. Аймаққа 45 мемлекет мүше, құрамына енетін мынадай 5 ірі аймақты бөліп көрсетеді: Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Шығыс, Орталық Азия.Табиғат жағдайы барынша алуан түрлі. Басты минералдық байлықтары: мұнай, газ (Парсы шығанағы елдері), көмір және темір рудасы (Қытай, Үндістан), түсті металдар (қалайы белдеуі Мьянмадан Индонезияға дейінгі аралықта орналасқан).
Табиғат байлықтары біркелкі таралмаған, энергетикалық суқоры (Қытай), агроклиматтық қорлар (муссондық аудандар), рекреациялық қорлар, орман қорлары Оңтүстік-Батыс Азияда жақсы дамыған.Аймақта халықтың саны өскен сайын жер қорының жеткіліксіздігі (тау сілемдері мен шөлейт жерлердің көпшілігі) егістік жерлердің үлесін шектейді. Оңтүстік-Батыс және Орталық Азияда су проблемасы туындап отыр.
Халқының саны 3,5 млрд адам. Теңіз жағалаулары мен аралдарда халықтың орналасу тығыздығы жоғары, шөлді жерлерде төмен (Монғолия, Қазақстан). Табиғи өсу жоғары, урбандалу деңгейі төмен (3,5%). Аймақтағы халықтың ұдайы өсуі демографиялық жарылыс құбылысына байланысты.
Араб елдері жарылыстың ошағы болып отыр. Этникалық құрамы мен діни құрамы өте күрделі. Әр түрлі тіл әулеті (9 тіл әулеті) мен топтарына жататын 1 мыңнан астам ұлт тұрады. Елдердің көпшілігі — көп ұлтты мемелекеттер.
Шетелдік Азия — діндердің отаны. Дін материалдық мәдениетте де (мұсылмандардың мешіттерінде, индустардың храмдарында, буддалардың ғибадатханалары мен монастырьларында) кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде адам өмірінің барлық жақтарына күшті ықпал етуде.
Өнеркәсібі. Соңғы 10 жылдың ішінде Шетелдік Азияның дүниежүзілік шаруашылықтағы рөлі айтарлықтай өзгерді. Мұның ең алдымен өнеркәсіп өндірісіне қатысы бар, аймақта 6 топ елдерінің өнеркәсіп өндірісі қызмет етеді.
1. Жапония (экономикалық көрсеткіштерінен) — өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған ел.
2. Қытаймен Үндістан экономикалық және әлеуметтік дамуда зор табыстарға жеткен, алайда жан басына есептегенде көрсеткіштері төмен.
3. Азияның жаңа индустриялық елдері: Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг. Экономикасының негізін машина жасау саласы кұрайды.
4. Парсы шығанағындағы мұнай өндіруші елдер: Сауд Арабиясы, Кувейт. Экономикасының негізі — мұнай өндіру өнеркәсібі.
5. Индустрияландыру әзірше, негізінен, таукен өндірісімен, жеңіл өнеркәсіппен шектелетін елдер (Монғолия, Вьетнам, Бангладеш т.б.).
6. Лаос, Камбоджа, Непал, Бутан т.б. дамушы елдерде өңдеуші өнеркәсіп жоққа тән.
1. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
2. Васильев Л. С. История Востока. Учебник для вузов: В 2 т. 3-е изд. М.: Высш. шк., 2003.
3. Бродель Ф. Материальная цивилизация: экономика и капитализм, XV-XVIII вв. В 3 т., – М.: Весь мир, 2006
4. История Востока: В 6 т. Т.3, Т.4, – М.: Вост. лит., 1999–2005.
5. Новейшая история стран зарубежной Азии и Африки. – Л.: Из-во Ленинград. ун-та,2000. – 544 с.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Азия және Африка елдерінің 2000-2015 жылдарындағы халықаралық аренадағы орнына сипаттама беру

Азия -- адамзаттың пайда болған ошақтарының бірі, қолдан суарудың, қалалардың, көптеген мәдени кұндылықтардың отаны. Аймаққа 45 мемлекет мүше, құрамына енетін мынадай 5 ірі аймақты бөліп көрсетеді: Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Шығыс, Орталық Азия.Табиғат жағдайы барынша алуан түрлі. Басты минералдық байлықтары: мұнай, газ (Парсы шығанағы елдері), көмір және темір рудасы (Қытай, Үндістан), түсті металдар (қалайы белдеуі Мьянмадан Индонезияға дейінгі аралықта орналасқан).
Табиғат байлықтары біркелкі таралмаған, энергетикалық суқоры (Қытай), агроклиматтық қорлар (муссондық аудандар), рекреациялық қорлар, орман қорлары Оңтүстік-Батыс Азияда жақсы дамыған.Аймақта халықтың саны өскен сайын жер қорының жеткіліксіздігі (тау сілемдері мен шөлейт жерлердің көпшілігі) егістік жерлердің үлесін шектейді. Оңтүстік-Батыс және Орталық Азияда су проблемасы туындап отыр.
Халқының саны 3,5 млрд адам. Теңіз жағалаулары мен аралдарда халықтың орналасу тығыздығы жоғары, шөлді жерлерде төмен (Монғолия, Қазақстан). Табиғи өсу жоғары, урбандалу деңгейі төмен (3,5%). Аймақтағы халықтың ұдайы өсуі демографиялық жарылыс құбылысына байланысты.
Араб елдері жарылыстың ошағы болып отыр. Этникалық құрамы мен діни құрамы өте күрделі. Әр түрлі тіл әулеті (9 тіл әулеті) мен топтарына жататын 1 мыңнан астам ұлт тұрады. Елдердің көпшілігі -- көп ұлтты мемелекеттер.
Шетелдік Азия -- діндердің отаны. Дін материалдық мәдениетте де (мұсылмандардың мешіттерінде, индустардың храмдарында, буддалардың ғибадатханалары мен монастырьларында) кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде адам өмірінің барлық жақтарына күшті ықпал етуде.
Өнеркәсібі. Соңғы 10 жылдың ішінде Шетелдік Азияның дүниежүзілік шаруашылықтағы рөлі айтарлықтай өзгерді. Мұның ең алдымен өнеркәсіп өндірісіне қатысы бар, аймақта 6 топ елдерінің өнеркәсіп өндірісі қызмет етеді.
1. Жапония (экономикалық көрсеткіштерінен) -- өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған ел.
2. Қытаймен Үндістан экономикалық және әлеуметтік дамуда зор табыстарға жеткен, алайда жан басына есептегенде көрсеткіштері төмен.
3. Азияның жаңа индустриялық елдері: Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг. Экономикасының негізін машина жасау саласы кұрайды.
4. Парсы шығанағындағы мұнай өндіруші елдер: Сауд Арабиясы, Кувейт. Экономикасының негізі -- мұнай өндіру өнеркәсібі.
5. Индустрияландыру әзірше, негізінен, таукен өндірісімен, жеңіл өнеркәсіппен шектелетін елдер (Монғолия, Вьетнам, Бангладеш т.б.).
6. Лаос, Камбоджа, Непал, Бутан т.б. дамушы елдерде өңдеуші өнеркәсіп жоққа тән.
Ауыл шаруашылығы. Кең-байтақ территорияда алуан түрлі ауыл шаруашылығы аудандарының 3 түрі қалыптасқан:
1. Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияның бүкіл муссонды секторын қамтитын күріш егетін аудандар.
2. Жерорта теңізінің жағалауындағы субтропиктік егіншілік ауданы (жеміс, жүзім, бидай, цитрус дақылдары т.б.)
3. Аймақтың қалған территориясында бидай, тары тектес дақылдар өсіріледі. Жайылымдық мал шаруашылығы Орталық, Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азияда жүргізіледі. Мәдени дақылдың бірі болып саналатын мақтаның экспортқа шығарылуы маңызды орын алады.
XXI ғасырдың басынан бастап аймақтық экономикалық интеграция әлемдік шаруашылық дамуының ерекше белгісіне айналды. Дүниежүзінің түрлі аймақтарында интеграция кең етек жаюда. Жаһандану үдерісі экономикалар бәсекесінің күшеюіне алып келді, бұл өз кезегінде елдердің экономикалық күш-жігерлерін біріктіруіне итермелейді. Іс жүзінде бүкіл әлем түрлі аймақтық топтардың жиынтығынан тұрады. Аймақтық интеграция бұл бір аймақта орналасқан түрлі елдердің ұлттық шаруашылық жүйелерінің бірігуін және аймақтық топтардың қалыптасуынан көрініс табады. Оның негізінде елдер арасындағы сауда және инвестициялық өзара байланыстарды нығайту жолындағы кедергілерді жою мақсатында ұлттық шаруашылық жүйелердің өзара ықпалдасу деңгейінің тереңдеуі жатыр.
Аймақтық интеграция үдерісінің айқын мысалы ретінде мынадай әлемдік интеграциялық үлгілерді айтуға болады: ЕҚ, НАФТА (Еркін сауда жөніндегі солтүстікамерикалық келісім), МЕРКОСУР (Оңтүстік жартышар елдерінің жалпы нарығы), АСЕАН және басқа да топтар.
Орта Азия (ОА) елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстан) үшін ағымдағы онжылдық шешуші рөл атқару қажет, себебі олар өз егемендіктерін сақтай отырып әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграцияланудың тиімді жолын таңдай алады, болмаса дамыған елдердің трансұлттық корпорациялары үшін шикізат көзі болып қалып қоюы әбден ықтимал.ОА аймағындағы интеграциялық үдерістер ол әлеуметтік өмірдің интерұлттандырылуымен, елдердің өзара тәуелділік деңгейінің өсуімен және қатысушы-мемлекеттердің ұлттық мемлекеттіліктерін, қауіпсіздіктерін бекітудегі және жаһандық қауіп-қатерлерге төтеп беру қажеттіліктерімен байланысты халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаһандық үрдістердің салдары болып табылады. Аталған мақсаттарға қол жеткізу ең алдымен, ОА елдерінің аймақтық ынтымақтастығының нәтижелі дамуына тәуелді.
ТМД шеңберіндегі, сондай-ақ ОА аймағындағы интеграциялық үдерістердің басты бастамашысы Қазақстан болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бірнеше рет ОА елдерін ресурстарын біріктіруге, жиынтық әлеуеті мен оның нәтижелері әлемдік экономикада мойындата алатын және халықтарымыз үшін жоғары өмір сапасын қамтамасыз ете алатын, тиімді және өзара байланысты экономикаларды құруға шақырды. Қазақстанның ОА мемлекеттерінің интеграциялық қауымдастығын құру мен оны жүзеге асыру бойынша бастамасы фундаменталды алғышарттарға - аймақтың тарихи, географиялық, саяси, экономикалық, мәдени, тілдік, діни ортақтықтарына негізделеді.
ОА аймағы елдерінің экономикасы жарты ғасыр бойы бірыңғай одақтық халықтық шаруашылық кешенінің құрамдас бөлігі ретінде қызмет етіп келді. Кеңес одағының ыдырауы және шаруашылық жүргізу шарттарының түбегейлі өзгерісі - бұл мемлекеттердің тек бірігу арқылы ғана шешімін табатын мәселелер жиынтығының кеңеюіне әкеліп соқты.
ОА аймағындағы қазіргі геосаяси жағдайға аймақтың экономикалық-саяси қауіпсіздігіне орта мерзімде белгілі бір ықпал етуге қабілетті бірнеше жаһандық сипаттағы үрдістер әсер етуде. Олардың ішінде мынадай үрдістерді атап өтуге болады:
- әлемдік деңгейде дамудың экспорттық-шикізаттық көздерінің сарқылу қауіпі, ол энерготасымалдаушылар бағасының қымбаттауымен және оларды иемдену үшін күрестің ушығып кетуімен жалғасын табуда, бұл аймақтағы тауар, капитал және жұмыс күші нарығына әсер етіп қана қоймай, сондай-ақ ұлттық басқару жүйесін де қозғайды;
- мемлекетаралық бірігулер шеңберіндегі халықаралық қатынастардың ары қарайғы поляризациясы: бір жағынан, бұл қытай мен Ресей қатысатын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) және Еуразиялық Экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ), екінші жағынан, аймақтағы өз позицияларын бекіту жөнінде күштерін нығайтушы батыстық құрылымдар - НАТО және ЕҚ;

* Қытай мен Үндістанның әлемдік экономикалық өсудің жаңа локомотивтеріне айналуы және олардың ОА аймағының дамуына елеулі әсер етуі;
* ОА елдері экономикаларының өсуін тежеуші факторлардың мәнінің жоғарылауы, олар дәстүрлі қиындықтармен қатар, жаңа аймақтық қауіп-қатерлермен, жекелей алғанда экологиялық мәселелермен байланысты;
* сауда және капиталдар қозғалысы саласында дибаланстың сақталуы, тіпті оның күшеюі. Ол валюта бағамдарының ауытқуына және ұлттық экономикалар құрылымын қайта құруға алып келуі мүмкін;
* халықтарының жұмысбастылық деңгейінің төмендігінен туындайтын ОА аймағы елдерініен келетін миграция ағымының өсуі, ол Еуропа елдерін қоса алғанда басқа елдердің әлеуметтік жүйелеріне салынатын салмақты арттыра түседі;
* ОА елдерінің әлемнің жетекші державаларының мүдделерінің қақтығысу аумағында орналасуы және басқа да факторлар [4].
Аталған үрдістер әлі күнге дейін халықаралық қатынастардың даму болашағы үшін Орта Азия аймағында стратегиялық айқынсыздықтың сақталып отырғанын аңғартады.
Бүгінде ОА елдеріне Ресей, батыс (Америка), сондай-ақ, шығыс (Қытай) және исламдық елдердің (Иран, Түркия, Пәкістан) ықпалы терең сезіліп отыр. Осыған орай, ОА елдері жан-жақты бағыттар бойынша интеграциялық даму саясатын ұстануда және бірнеше түрлівекторлы интеграциялық топтарға мүше болып табылады.
ОА елдерінің ынтымақтастық даму векторлары мен сәйкес интеграциялық ұйымдар
Даму векторлары
Интеграциялық ұйымдар
1. Еуразиялық кеңістіктің ресейлік даму векторы
· Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД);
· Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ).
2. Шығыстық (Қытай) даму векторы
· Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ)
3. Исламдық интеграциялық даму векторы
· Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ);
· Исламдық даму банкі (ИДБ);
· Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ).
4. Интеграциялық дамудың еуропалық векторы
· Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ);
· Еуроатлантикалық әріптестік кеңесі (ЕАӘК);
· Бейбітшілік үшін әріптестік НАТО бағдарламасы;
· Еуроодақпен Орта Азияны қолдаудың аймақтық стратегиясы ЕҚ бағдарламасы;
· Демократия және адам құқықтары саласындағы Еуропалық бастама ЕҚ бағдарламасы.

ОА елдерінің сыртқы саяси қызметінде сыртқы әріптестердің неғұрлым көбімен ынтымақтастық орнатуға бағытталған. Өзара ынтымақтастықтың әрбір саласындағы (экономика, саясат, қауіпсіздік) негізгі әріптес те әр түрлі, сәйкесінше, ол ұлттық дамудың басқа салаларында үстемдік рөлге ие емес.
Қазіргі таңда және жуық арадағы перспективада ОА-ның өзара тығыз байланысты жалпы нарығының стратегиялық маңызы өз күшін жоғалтпайды. Тығыз экономикалық байланыстардың басымдықтары елдердің географиялық жақындығымен, біртұтас құрылған инфрақұрылымымен және минералды шикізаттық, жылу-энергетикалық, жер-су ресурстарын тиімді пайдаланумен байланысты. ОА Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан. Аймақ территориясы Батыс пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстікті байланыстыра отырып стратегиялық маңызы зор, бастысы, өте жоғары табиғи, экономикалық және еңбек әлеуетіне және сыйымды ішкі нарыққа ие. ОА елдері территория ортақтығымен қатар, ғасырлар бойғы бірлескен тіршілік тәжірибесімен және халықтарының экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық байланыстарының біртұтастығымен өзара тығыз байланысты. 3,5 шаршы шақырымнан астам жерді қамтитын ОА аумағында 60 млн жуық халық тұрады. Бұл жалпы ТМД халқының 20%-н құрайды. Ауқымды территориясы, энерготасымалдаушылардың және басқа да стратегиялық ресурстарының бай қоры және мықты ауыл шаруашылық әлеуеті экономикадағы және геосаясаттағы маңызды рөлін көрсетеді.
Аймақ елдерін интеграциялық бірігуге итермелейтін негізгі факторлардың бірі - ортақ ресурстық әлеует. ОА табиғи ресурстарға өте бай аймақ болып табылады. ОА аймағында энергетикалық ресурстардың, газдың, уранның, қара, түсті және сирек кездесетін металдардың көп қоры шоғырланған. Көмір өндіру көлемі бойынша әлемде 10-орынды, электр энергиясын өндіру жөнінен 19-орынды алады. Алтынның жиынтық өндірісі бойынша (Өзбекстан - 90 т, Қырғызстан - 24, Қазақстан - 18,9 т) 9-орынға ие.Сондай-ақ, ОА аймағы әлем экономикасында жер көлемі жөнінен 10-орынға ие (Қазақстан - 19,4 млн. га, Өзбекстан - 4 млн. га, Қырғызстан - 1,4 млн. га; Тәжікстан - 0,9 млн. га). Жеміс-жидек және бау-бақша өндірісі бойынша - 16, мақта өндіруден - 5, мүйізді ірі қара малдың саны жөнінен - 20 орынды иеленеді .
ОА мемлекеттерінің орналасу жағдайы да оның Азия құрлығындағы геостратегиялық маңызын көрсетеді - аймақ елдері арқылы маңызды жер және әуе коммуникация жолдары өтеді. Аймақ энергетикалық ресурстарға (Каспий теңізі - өзінің мұнай және газ қорымен), тау-кен шикізатына және бағалы металдарға өте бай.
ОА елдерінің аймақтық интеграциясына түрткі болатын осындай орасан зор тарихи, мәдени, діни, территориялық ортақтықтарын және табиғи-шикізаттық, экономикалық әлеуетін және ортақ стратегиялық мақсатын ескере отырып, ОА елдері үшін интеграцияның келесідей бес тиімді бағытын көрсетуге болады. Олар:
1) ОА елдерінің аймақтық интеграция құруы үшін стратегиялық маңызы зор бағыт бұл - аймақ елдерінің мемлекеттік қауіпсіздігін қорғауға бағытталған интеграция болып табылады. Себебі, ОА аймағы бірнеше жылдан бері әлемдік ірі державалар үшін экономикалық, саяси және әскери тұрғыдан стратегиялық маңызды аймақ екенін де ескеру қажет. Аймақ елдерінің өздерінің мемлекеттік шекараларын бекітуге бағытталған күш-жігерлеріне қарамастан, олар халықаралық терроризм, діни экстремизм және этникалық сепаратизм, наркотик пен қару-жарақтың заңсыз айналысы және заңсыз миграция секілді трансұлттық қауіп-қатерлер үшін ашық болып қала беруде. Мұндай жағдай ОА елдерінің ұлттық, экономикалық, мемлекеттік қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді және бұл елдердің өз қауіпсіздіктері үшін халықаралық ынтымақтастықты, аймақтық бірлікті күшейтуге мәжбүрлейді.
2) Келесі бағыт - бұл энергетика. Бұл сала бойынша ОА елдері орасан зор әлеуетке ие. Гидроэнергетиканы қаржылық жағдайдың қиындығына қарамастан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінде дамытуға болады. Энергетика саласының Қазақстанда да даму болашағы зор, оған Екібастұз көмір бассейнін пайдалану жобаларын да қосуға болады. Бұл мәселе аймақтағы, сондай-ақ, Үндістан, Қытай, Еуропа елдерін қоса алғанда, электр энергиясының тапшылығымен байланысты. Бүгінде Германия өз территориясында атом энергиясын өндіруден толықтай бас тартуды жоспарлап отырғаны белгілі. Бұл тиісінше электр энергиясын сырттан тасымалдау қажеттілігін туындатады, ал әзірше Германия және басқа да Еуропа елдерінің ішіндегі энергияның балама көздері электр энергиясымен толық қамтамасыз етуге қабілетсіз. Сондықтан да, бір-екі жылдың ішінде энергетикалық саланың даму басымдылықтарын айқындайтын, жаңа нысандардың құрылысы мен қаржыландырылуын үйлестіретін (бұл бағыт бойынша Еуразиялық даму банкінің тәжірибесі сәтті болды) нақты жоспар құрып, мемлекетаралық құрылым қалыптастыру қажет. Тек станциялар құрылысымен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар, солар арқылы өндірілетін электр энергиясының қайда кететіндігін де нақты білу қажет. Ал бұл үшін ОА елдері арасында бірыңғай жүйе болуы тиіс. Бұл сала бойынша ортақ қызығушылық танытқан қатысушы-елдердің тұрақты және сенімді электрлік қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен іс-әрекеттері ортақ энергетика нарығының қалыптасуы мен қызмет етуіне, электр энергиясы саудасының кеңеюіне қажетті жағдайлар жасайды. Мұндай ынтымақтастықтың сәтті үлгісі ретінде ТМД елдерінің энергетикалық жүйелерінің Латвия, Литва, Эстония және Монғолияның қатысуымен қатар жүргізген жұмыстарының ұйымдастырылуын айтуға болады [7].
3) Келесі маңызды бағыт - транзит. Қазіргі кезде әлемдік экономиканың негізгі ойыншыларын Қытайдан Еуропаға және кері бағытта қалайша жүкті тез жеткізуге болады және ресурстарды тасымалдаудың арзан жолы қандай деген сұрақтар мазалайды. Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея ресурс тапшылығын терең сезінуде және транзиттік шығындарды үнемдеу жолдарын іздестіруде. Мұндай жағдайда ОА елдері өздерінің транзиттік әлеуетінің стратегиялық маңызын терең түсініп, оны тиімді жүзеге асыруға тырысу қажет. Қазіргі кезде көліктік жолдардың маңызын түсіне отырып, Қазақстан мен Тәжікстан жол құрылысын белсенді жүргізіп жатыр. 2008 жылы бекітілген ТМД елдері ынтымақтастығының басым бағыттарына сәйкес, көлік саласында халықаралық көлік жолдарын бірлесіп дамыту жөнінде келісімге қол қойылған болатын. Бүгінде әрбір елдің тарапынан қай жерге жаңа вагондар қою, қай жердегі теміржолдың жіңішке жерлерін кеңейту қажет екендігін анықтау үшін транзит жолдарының жағдайын сапалы түрде қайта бағалау жүргізіліп жатыр және де жаңа сипаттағы логистикалық шешімдер де ізделу үстінде. Бұл әрекеттердің барлығын үйлестіруші бірыңғай орган құрылғаннан кейін ғана бұл бағыттағы жұмыстардың жемісі анық көрінетін болады.
4) Төртінші стратегиялық бағыт - ауыл шаруашылығы және бау-бақша өнімдерін тиімді өткізу. Бұл салада ОА елдерінің әлеуеті өте жоғары. ТМД елдері кең сұранысқа ие ғаламдық қажеттіліктерді ескере отырып, ет және астық өнімдерінің көлемін ұлғайту жөнінде бағдарламалар қабылдаған. Бүгінде Қазақстан Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Ресеймен бірге ортақ астық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азия және Африка елдерінің 2000-2015 жылдарындағы халықаралық аренадағы орнына сипаттама
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
ҚХР - дың Африканың дамушы елдеріндегі экономикалық саясаты
ХХғ.соңындағы Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы
Африка мемлекеттердің саяси - экономикалық жағдайы
ТҮРКИЯНЫҢ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ САЯСИ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі және Қытайдың позициясы
АҚШ дипломатиялық қызметінің тарихи дамуы
Пәндер