IX-XI ғасырлардағы Франция, Германия, Италия X-XIғасырдың ортасына дейінгі Англия. Испания мен Византия дамуының тарихи ерекшеліктері



1) IX.X ғасырларда Батыс Еуропа елдеріндегі феодалдық құрылымның нығаюы
2) IX.XI ғасырлардағы Франция, Германия,Италия
3) X.XIғасырдың ортасына дейінгі Англия. Испания мен Византия дамуының тарихи ерекшеліктері
Тарихи ғылымда феодализм дәуірінің басы ретінде құли иеленуші Батыс Рим империяның құлау (V ғ.), ал аяғы ретінде Ағылшын буржуазиялық революция саналады
Ортағасырлық феодалдық қоғамның дамуы экономикада, әлеуметтік және саяси құрылыста маңызды өзгерістермен сипатталады. Осы өзгерістерге сай феодализм дәуірін бірнеше кезеңдерге бөледі:
Ерте ортағасырлар кезінде өндірістің феодалдық түрі пайда болады;
Классикалық ортағасырларда дамыған феодализм дәуірі;
Кейінгі ортағасырлар феодализмнің құлдырауы және капиталистік өндіріс тәсілінің пайда болуы.
Мемлекет феодалдық қоғамның саси ұйымы ретінде оның экономикалық мәнін анықтап экономикалық процесстердің динамикасын анықтаған.
Орта ғасырлар ол феодализмнің тууы, үстемдік етуі және құлдырау кезеңі.
Феодализм сөзі feodum – жер үлесі деген мағынаны білдіреді, ортағасырларла Батыс Европа елдерде бұл сөзюен фоедалдық қызмет атқарған кезде сюзерен өз вассалына беретін жер үлесі.
Қазіргі замаңғы маркстік емес тарихнамада феодализмнің алуан түрлі сипаттамалары беріледі, бір зерттеушілер заңды тұжырымдаманы есепке алын феодализмнің негізгі белгілерін келтіреді:
Саяси бытыраңқылық;
Биліктің иерархиялық құрылымы;
Вассалитет;
Корпоративтілік
Басқалары феодалдықты кешенді түрде қарастырады және аталған белгілерге қоса келесілерді келтіреді:
Ірі жер иеленушілік;
Шаруалар сеньоралды қатынастар
Жалпы алғанда саяси және заңды құрылымдарға, феодалды қоғамның ментальдылығына аса назар аударылады.
Феодалдық мемлекеттің дәстүрлі типі монархия болды. Ортағасырларда билік формасы ретінде республикалар да пайда болды, Италия,Германияда, Русьте. Дегенмен олар ірі этникалық құрылыстар ретінде дамыды, келешекте оларды ірі мемлекеттер басып алатын.
Маркстік тарихнамада феодалдық антагонистік қоғамдық экономикалық формация ретінде қарастырылып, ол құл иеленушілік құрылыстан кейін және капиталистік құрылысқа дейін пайда болған дәуірді сипаттайды.
Маркстік тарихнама феодалдықтың басты белгілері ретінде келесілерді келтіреді:
Натуралды шаруашылықтың үстемдігі;ірі және ұсақ жер иеленудің бар болуы;
Шаруалардың феодалдардан жек ебасы тәуелділігі;
Яғни экономикалық емес мәжбүрлеу;
Техниканың құлдыраушылық сипаты
Ортағасырлар дәуіріндемемлекеттер күрделі эволюцияны бастан кешіреді.
Зерттеушілер Батыс Еуропада феодалдық мемлекеттің дамуында келесі кезеңдердіажыратады:
Ерте феодалды мемлекет (V-IX ғғ.);
Феодалдық бытыраңқылық дәуірі (V-XIII ғғ.);
Сословиелік монархия түріндегі орталықтанған феодалдық мемлекет (XIII-XV ғғ.);
Феодалдық абсолюттық монархия (XVI-XVIII ғғ.).
1) Мәшімбаев, С. «Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы» Алматы: Атамұра, 2003.- 190-192б.
2)Тортаев С «Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы» Алматы 2004 ж 226-230 б
3)Боранбаева Б «Орта ғасырлар тарихы» Астана 2011 ж 326-328 б

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1) IX-X ғасырларда Батыс Еуропа елдеріндегі феодалдық құрылымның нығаюы 2) IX-XI ғасырлардағы Франция, Германия,Италия 3) X-XIғасырдың ортасына дейінгі Англия. Испания мен Византия дамуының тарихи ерекшеліктері

Орындаған: Өмірбеков К
Тексерген: Бақытжанова А. Б

Семей 2015
1) IX-X ғасырларда Батыс Еуропа елдеріндегі феодалдық құрылымның нығаюы
Тарихи ғылымда феодализм дәуірінің басы ретінде құли иеленуші Батыс Рим империяның құлау (V ғ.), ал аяғы ретінде Ағылшын буржуазиялық революция саналады
Ортағасырлық феодалдық қоғамның дамуы экономикада, әлеуметтік және саяси құрылыста маңызды өзгерістермен сипатталады. Осы өзгерістерге сай феодализм дәуірін бірнеше кезеңдерге бөледі:
Ерте ортағасырлар кезінде өндірістің феодалдық түрі пайда болады;
Классикалық ортағасырларда дамыған феодализм дәуірі;
Кейінгі ортағасырлар феодализмнің құлдырауы және капиталистік өндіріс тәсілінің пайда болуы.
Мемлекет феодалдық қоғамның саси ұйымы ретінде оның экономикалық мәнін анықтап экономикалық процесстердің динамикасын анықтаған.
Орта ғасырлар ол феодализмнің тууы, үстемдік етуі және құлдырау кезеңі.
Феодализм сөзі feodum - жер үлесі деген мағынаны білдіреді, ортағасырларла Батыс Европа елдерде бұл сөзюен фоедалдық қызмет атқарған кезде сюзерен өз вассалына беретін жер үлесі.
Қазіргі замаңғы маркстік емес тарихнамада феодализмнің алуан түрлі сипаттамалары беріледі, бір зерттеушілер заңды тұжырымдаманы есепке алын феодализмнің негізгі белгілерін келтіреді:
Саяси бытыраңқылық;
Биліктің иерархиялық құрылымы;
Вассалитет;
Корпоративтілік
Басқалары феодалдықты кешенді түрде қарастырады және аталған белгілерге қоса келесілерді келтіреді:
Ірі жер иеленушілік;
Шаруалар сеньоралды қатынастар
Жалпы алғанда саяси және заңды құрылымдарға, феодалды қоғамның ментальдылығына аса назар аударылады.
Феодалдық мемлекеттің дәстүрлі типі монархия болды. Ортағасырларда билік формасы ретінде республикалар да пайда болды, Италия,Германияда, Русьте. Дегенмен олар ірі этникалық құрылыстар ретінде дамыды, келешекте оларды ірі мемлекеттер басып алатын.
Маркстік тарихнамада феодалдық антагонистік қоғамдық экономикалық формация ретінде қарастырылып, ол құл иеленушілік құрылыстан кейін және капиталистік құрылысқа дейін пайда болған дәуірді сипаттайды.
Маркстік тарихнама феодалдықтың басты белгілері ретінде келесілерді келтіреді:
Натуралды шаруашылықтың үстемдігі;ірі және ұсақ жер иеленудің бар болуы;
Шаруалардың феодалдардан жек ебасы тәуелділігі;
Яғни экономикалық емес мәжбүрлеу;
Техниканың құлдыраушылық сипаты
Ортағасырлар дәуіріндемемлекеттер күрделі эволюцияны бастан кешіреді.
Зерттеушілер Батыс Еуропада феодалдық мемлекеттің дамуында келесі кезеңдердіажыратады:
Ерте феодалды мемлекет (V-IX ғғ.);
Феодалдық бытыраңқылық дәуірі (V-XIII ғғ.);
Сословиелік монархия түріндегі орталықтанған феодалдық мемлекет (XIII-XV ғғ.);
Феодалдық абсолюттық монархия (XVI-XVIII ғғ.).

2) IX-XI ғасырлардағы Франция, Германия,Италия
Француз жерлерінің бірігуі
XI ғасырда Франция бірнеше ірі феодалдық иеліктерге бөлінді. Олар: Нормандия, Бургундия, Бретань, Аквитания герцогтіктері; Анжу, Тулуза, Шампань т.б. графтықтары. Герцогтер мен графтар корольдің бағыныштылары болғанымен, олар іс жүзінде корольге бағынбады.
Король иелігі домен деп аталды. Ол Париж бен Орлеанның төңірегінде болды. Корольдің иелігі көлемі мен халқының саны жағынан герцогтер мен графтар иеліктерінен аз болды. XII ғасырдан бастап корольдер әр түрлі жолдармен өз иеліктерінің көлемін ұлғайта түсті. Король өз иелігін басқа жерлерді жаулап алу, тиімді үйлену, мұрагерсіз мырзалардың жерін косып алу, антын бұзған бағыныштының жерін тартып алу арқылы ұлғайтып отырды.
Король II Филипп Август (1180-1223) ағылшын корольдерінің Франциядағы иеліктері - Нормандияны, Анжуды, Аквитанияның біраз бөлігін тартып алып, өз доменіне косты. Француз королінің доменіне Тулуза графтығы да қосып алынды. IV Көркем Филипп король (1285-1314) өз доменіне Шампань графтығын қосып алды.
Король IV Филипп Рим папасына қарсы күресте қолдау табу үшін 1302 жылы Бас штаттарды шакырды. Бас штаттар ауқатты қала тұрғындары, дінбасылар мен дворяндардың жиналысы еді.
Францияда XIV ғасырдың басында сословиелік монархия - орталықтанған феодалдық мемлекет калыптасты. Король ел басқаруда сословиелер өкілдерінің жиналысы - Бас штаттарға сүйенді.
Жүз жылдық соғыс. Жакерия.
XIV ғасырда Англия мен Франция арасында тарихтағы ең ұзақ соғыс басталды. Ол біраз үзілістермен жүз жылдан астам уақытқа (1337-1453 жылдар аралығы ) созылды. Франция оңтүстік-батыс облыстарын (Аквитания) өзіне қайтарып алу үшін соғысты. Тек сонда ғана Франция жерлері толық бірігіп, бір елге айналатын еді. Сондай-ақ Англия мен Франция арасында Фландрия үшін талас бұрыннан шешімін таппай келе жатқан даулы мәселе болатын.

Германия жерлерінің мемлекеттік-саяси даму ерекшеліктері
962 жылы Германия королі І Оттон Римді басып алды. Рим папасы оған тәж кигізіп, император деп жариялады. Германия империясының құрамына Солтүстік Италия да кірді. Аумағы кеңейген Германия корольдігі енді Қасиетті Рим империясы деп аталды. XI ғасырда Бургундия корольдігі мен Чехияның біраз жерін қосып алды.
XI ғасырдың ортасына қарай Германияда орын алған саяси бытыраңқылық біртіндеп күшейе түседі. Германиядағы ұсақ және орташа ауқатты жер иелері тікелей корольге емес, кінәздерге, герцогтерге бағынды. Ал кінәздер өз биліктерін нығайтып, бейбітшілік кезінде корольге тәуелді болмады.
1356 жылы император IV Карл Алтынбулла деген жарлығын жариялады. Ол бойынша императорлар жеті курфюрстердің (үш діни, төрт ақсүйек кінәздер) жиналысында сайланатын болды. Курфюрстер өздері сайлаған императорлардан кінәздердің дербестіктеріне араласпауын талап етті. Алтын булла Германияның саяси бытыраңқылығына заң жүзінде жағдай жасап берді.
Императорлардың қолында атқарушы аппарат болмады. Елдің жалпыға бірдей заң шығаратын, империялық қаржы мәселесімен айналысатын мекемелері қалыптаспады. Жергілікті кінәздердің дербестігі, орталық өкіметке тәуелсіз болуы Германияның саяси өмірінің басты ерекшелігіне айналды.
Германияның ірі қалалары экономикалық жағынан өзара бір-бірімен емес, қайта шетел орталықтарымен анағұрлым көбірек байланыста болды. Оңтүстік-шығыстағы қалалар Венециямен сауда-саттық жұмыстарын қызу жүргізді. Батыстағы қалалар сауда-саттық қарым-қатынастары жағынан Францияға және Фландрияға қарай бейімдеу тұрды. Солтүстіктегі қалалар Англиямен, Скандинавия және Балтық жағалауы елдерімен сауда-саттық жасады. Германия қалалары бірігуге ұмтыла қоймады. Неміс қалаларының шет елдермен экономикалық байланыстары өскен сайын олардың өзара ішкі қарым-катынастары нашарлай түсті.
Елдегі саяси бытыраңқылық Германияның экономикалық дамуына кедергі келтіре бастады. Ортағасырлық Германияда елдің саяси бытыраңқылығын жоюды көздейтін король өкіметі мен қалалардың арасындағы одақ қалыптаспады.
Герман рыцарьлары.
Германияның жергілікті кінәздерінің күшеюіне олардың Балтық жағалауындағы елдердің және славян халықтарының жерлерін басып алулары да себеп болды.
Ол халықтарға қарсы жасалған жорықтардың ең негізгі соғыс күші феодалдар - рыцарьлардан тұрды. Олар славян, Балтық жағалауы халықтарының жерлерін басып алып, оңай олжа таппақ болды.
Славяндардың лютич тайпасының жерін басып алу жорығын кінәз Альбрехт Медведь басқарды. Оның басып алған жерінде Бранденбург маркграфтығы құрылды. Берлин қаласы оның орталығы болды.
XIII ғасырда неміс рыцарьлары Латвияны, Эстонияның оңтүстік бөлігін, литвандық прус тайпасының жерлерін басып алды. 1237 жылы рыцарьлар Тевтон ордені деп аталған одақ құрды. Оның иеліктері Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын түгелге жуық камтыды. Бұл одақ өзінің жерін Орыс елінің есебінен ұлғайтуға әрекет жасады. Бірақ ол әрекеттері сәтсіздікке ұшырады.
Жаулап алынған Эльба сыртындағы жерлерде өзінің үстемдігін нығайту үшін неміс рыцарьлары неміс шаруаларын пайдаланды. Оларды басып алынған жерлерге жеңілдік шарттарымен қоныстандырды. Бұл шаруалардың бастарына азаттық берілді, олар алғашқы кезде салықтардан босатылды.

Германдық отарлау Эльба сыртындағы жерлер үшін пайдалы болды. Енді бұл жерде экономикалық өрлеу басталды. Егістік жердің көлемі артты. Жаңа қалалар пайда болды.
Еркін қалалар
Х-ХІ ғасырларда қолөнер кәсібінің ауыл шаруашылығынан бөлінуі нәтижесінде Германияда қалалар пайда болып, өсе бастады. Қалалар қолөнер мен сауда орталығына айналды. Қаланың орталығы әдетте сауда-саттық алаңы саналатын. Алаң маңында қала әкімшілігінің үйі - ратуша салынатын. Алаңның бір шетінде орталық шіркеу орналасты.
Ортағасырлық қалалар феодалдар жеріне салынатын, сол себепті ол лажсыздан феодал-мырзаларға бағынуға мәжбүр болатын. Қаладағы қолөнер кәсібі мен саудадан феодалға көп пайда түсетін. Қолөнершілер мен саудагерлерге феодалдың салығы көрер көзге зорлық еді. Сондықтан да қала тұрғындары феодалдарға қарсы күрес жүргізіп отырды. Ол күрестің нәтижесінде кейбір қалалар өзін-өзі басқару құқына қол жеткізді.

Италия
Қала мемлекеттері және олардың ерекшеліктері.
XI-XV ғасырларда Италия Еуропаның басқа елдері сияқты бытыраңқы ел болып қала берді. Бірақ онда бұрынғы қалалар ұлғайып, жаңа қалалар қатары өсті. Италия қалаларының онан әрі дамып, жетіле түсуіне кресшілер жорығы себеп болды. Кресшілерді Таяу Шығысқа тасудан, оларды азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз етуден Италия қалалары көп табыс тауып отырды. Қалаларда қолөнер мен сауда жоғары дәрежеде дамыды. Шұға, зығыр, жібек маталары тоқылды, шыныдан әсем бұйымдар жасалды, металл өндіріліп, кемелер құрастырылды. Қала қолөнершілері цехтарға бірікті.
Қалалар алғаш ірі феодалдардың жерінде орналасқандықтан, оларға тәуелді болды. Феодал-мырза пополандар деп аталған қала тұрғындарынан алым-салық жинап, қолөнер мен сауданың дамуына кедергі келтіріп отырды. Қалалардың феодал-мырзаға қарсы күресіне көмектесетін король өкіметі болмады, сондықтан пополандар ұсақ феодалдар - вальвассорлармен одақтасты.
Тынымсыз күрестің нәтижесінде ХІ-ХІІ ғасырларда Венеция мен Генуядан басқа - Мантуя, Милан, Феррара, Пиза, Кремона, Болонья, Тоскана, Флоренция қалалары дербестікке қол жеткізді. Тәуелсіздігін жеңіп алған қалалар коммуналар деген атқа ие болды. Олар өз үкіметтерін құрды. Ол үкімет Коммуналардың алқасы деп аталды. Коммуналар алқасы заң шығарды, салық жинады, шаруашылықты басқарды. Салықтан және т. б. табыстардан жиналған қорлар енді феодал-мырзалардың қалтасына емес, қаланың қазынасына түсетін болды. Ол табыс қаланың мұқтажына жұмсалды.
Ірі, бай қалалар маңындағы ұсақ қалаларды өзіне қосып алып, иеліктерінің шеңберін ұлғайтты. Мұндай ірі қалалар басқа қалалармен, тіпті басқа мемлекеттермен сауда жасау, соғысу, бітім жасау мәселелерін де өздері шеше бастады. Сөйтіп Италияда қала-мемлекеттер пайда болды. Олар Венеция, Генуя, Пиза, Равенна, Флоренция сияқты қалалар еді. Бұл қалалар төңірегіндегі ауылдық мекендерді де феодалдардан тартып алып отырды. Ол ауылдар ендігі жерде қала мүддесі үшін қызмет етті.
Италия қала-мемлекеттерінің дамуында айтарлықтай ерекшеліктер де байқалды. Венеция, Генуя, Пиза сияқты қалалар негізінен саудамен айналысып, ірі сауда орталықтарына айналды. Милан сияқты кейбір қалалар негізінен қолөнер кәсібінің орталығына айналды. Енді бір қалалар сауда, қолөнер орталықтары бола тұрып, өсімқорлық капиталмен де айналысты. Ал Италияның оңтүстігіндегі қалалар феодалдардан тәуелсіздігін ала алмады. Олар орталық үкіметке бағынышты болып қала берді.
Венецияның күшеюі
Орта ғасырлардағы қала-мемлекеттердің ең қуаттысы Солтүстік-Шығыс Италиядағы Венеция болды. Ол Еуропа мен Шығыстың арасындағы сауданың ірі делдалдық орталығына айналып, ХІ-ХІІ ғасырларда теңізде үстемдігін орнатқан бай мемлекет дәрежесіне жетті. Кресшілер жорықтары кезінде ол жерорта теңіздік империяға айналды.
XIII ғасырдың аяғынан бастап Венециядағы үкімет билігі бай көпестердің қолына көшті. Олар үлкен кеңесті сайлайтын. Кеңестің басында бүкіл өмір бойына сайланған дож тұрды. Венецияның шет елдерде елшіліктері болды.
1071 жылы Византия селжұқ түріктерінен жеңілді. Сөйтіп ол бүкіл Кіші Азия мен Армениядан айырылды. 1088 жылы Византия печенегтерден жеңілді. Печенегтер Фракияға басып кірді.
1091 жылы көктемде византиялықтарға қыпшақтар көмекке келіп, печенегтерді талқандады.
Византия түріктерден Кіші Азияны қайтарып алмақ болып Батыс Еуропа елдерінен көмек сұрады. 1096 жылы Франция мен Германия түріктерге қарсы I крест жорығына аттанды. Бірақ кресшілер кейінгі II, III жорықтарында да Византияға көмектесе алмады. Ал 1204 жылы IV жорық кезінде, кресшілер Кіші Азияның орнына Константинопольді басып алып, Византия империясын құлатты. Оның орнына Латын империясы құрылды.

3) X-XIғасырдың ортасына дейінгі Англия. Испания мен Византия дамуының тарихи ерекшеліктері

Англияны Нормандардың жаулап алуы.
Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде Британияға германдықтардың ағылшын-сакс тайпалары барып қоныстанды. Олар алғашқы кезде өзара қырғи қабақ соғыстар жүргізіп отырған жеті корольдік құрды. IX ғасырда олар бірікті. X ғасырдың аяғынан бастап бұл бірлестік Англия деп аталды. Оны алғаш даниялықтар жаулап алды. Англия бірлестігі тек XI ғасырда ғана даниялықтардың үстемдігінен құтылды. Алайда Англия корольдігі әлсіз еді. Феодалдар өзара қырқысып, әрі корольмен қактығысып, жауласып отырды. Англия корольдігінің осындай әлсіздігін пайдаланып, 1066 жылы Британ аралдарына Нормандия герцогі Вильгельм басып кірді. Гастингс маңындағы шайқаста ол ағылшындар королі Гарольдті жеңді. Вильгельм Лондонға басып кірді. Сөйтіп өзін Англия королі деп жариялады. Ол Жаулап алушы деген атаққа ие болды. Вильгельм ағылшын-саксондық ақсүйектердің жер иеліктерінің біраз бөлігін тартып алып, өзімен бірге келген рыцарьларына таратып берді.Барлық ағылшын-саксондық феодалдар Вильгельмге адалдық жөнінде ант берді. Олардың бәрі корольдің бағыныштыларына айналды.Вильгельм 1086 жылы жер, халық және мүлік санағын жүргізді. Ол санақтың барысы жазылған кітап Қаһарлы сот кітабы деп аталды. Англия халқының саны 1,5 млн болды. Оның 95%-ы ауылдық жерде тұрды. Бұрынғы ерікті шаруалардың көпшілігі тәуелді, басыбайлы шаруаларға айналды. Шаруалар феодалдарға қарсы күреске шығып отырды. XIV ғасырдағы балладаларда езілгендердің адал досы Робин Гудтың ерлігі туралы айтылады. Англияда бір орталыққа бағындырылған мемлекеттің күшеюі."Жаулап алушы" Вильгельм тұсында Англия қуатты державаға айналды. Ол әсіресе Вильгельмнің шөбересі II Генрих Плантагенет (1154-1189) тұсында онан сайын қанат жайды. II Генрих Англиямен қатар Франция жерінің 32 бөлігін иемденді. Егер Нормандия оған бабасынан мұра ретінде калған болса, Аквитания оның әйелі Алеонораның жасауы ретінде берілген үлесі болатын.
II Генрих Плантагенет сот реформасын енгізді. Бұрынғы феодалдардың Тәңір сотының орнына король соты орнады. Оған халықтың бәрі бірдей шағымдануға құқылы болды.
II Генрих әскери реформа да жүргізді. Енді феодалдар әскери қызмет аткарғысы келмесе қалқандық ақша төлеуге тиіс болды. Ол ақшаға өкімет рыцарьларды жалдады. Король шонжарлардың феодалдық жасағына тәуелді болуын азайтты.II Генрих ағылшын шіркеуін де тікелей өзіне бағындыруға тырысты. Оның бұйрығы бойынша Англияның бас епископы Фома Беккет өлтірілді. Себебі, ол корольдің іс-әрекеттерін сынаған болатын.Осындай реформалар король билігін нығайтып, бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуына көмектесті.
Парламенттің құрылуы.
II Генрих өлгеннен кейін оның мұрагерлері Франциядағы иеліктерінен айырылды. Оның үстіне елде феодалдар бүлігі күшейді. 1215 жылы корольге қарсы көтеріліс болды. Көтерілісшілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ пәнінің Оқу әдістемелік кешені
Романдық өнердің стильдік формалары
Ерте ортағасыр соңындағы батыс европа
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Шығыс және Батыс Рим империяларына бөліну
Жалпы тарихтан дәрістер
11-15ғғ. франция, англия, германия, италия
Батыс европа елдеріндегі ғылыми білімнің жинақталуы
VII-XI ғ. Оңтүстік және Батыс славяндар. Ежелгі орыстар мемлекетінің құрылуы. Киевская Русь. Крест жорықтары. Қалалардың дамуы. Крестшілердің мемлекеті
Батыс Еуропаның феодалдық қоғамының тарихы
Пәндер