Балалар үйіндегі оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1.Қазақтың ұлттық мінез бітістерінің ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.2.Халық педагогикасындағы адамгершілiк тәрбиесi ... ... ... ... ... ... 21

II.БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГТЫҢ РОЛІ

2.1. Адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың педагогикалық диагностикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2.Балалар үйіндегі тәрбие жұмысы деген мәселелер қарастырылған.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
КІРІСПЕ

Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан балалар мен жастар ұйымдарының өз қызметін тоқтатуы, бұқаралық ақпарат құралдарының зорлық-зомбылықты насихаттауы, индивидуализм мен ішін-жеп пайдалану психологиясы жастарды тәрбиелеу ісіне үлкен зиян келтіреді. Мәнді өлшемде азаматгық, патриоттық тәрбиенің ғана емес, сонымен қатар азамат-патриоттық жеке басын қалыптгастыру идеясының беделі түсіп, оған сенім жойылды.
Өкінішке орай қазіргі кезде көптеген жастар маңызды азаматтық борыштарды орындауға жауапкершіліксіз қарап, рухсыздық пен әлеуметтік жетілмегендікті, басқа адамдарға келгенде шыдамсыздықты, тіші агрессивтікті байқатады. Сонымен қатар құңдылық бағдарлар. іс-әрекет түрткілері, қоршап ал әлемге деген қатынас, өз қабілет-бейімдері мен Қазақстан тағдырына деген көзқарастар өзгерді. Жастардың көптерінің бойында білімге, еңбекке, әдебиетке, өнерге, шығармашылық қызметпен адамгершілік құндылықтарға деген қызығушылықтар жойылған.
Жастар арасымдағы бұндай жайға жол беруге болмайды, өйткені бұл жай Қазақстан республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тура қатер туғызады. Әсіресе әскери борыштарды орындауда бұл жай ерекше өткір байқалады. Жоғарыда айтылған жағдайдың себебінің бірі патриоттық азаматтық тәрбиенің рөлі мен маңызының төмендеуімен байланысты. Мемлекеттің стратегиялық қызығушылықтар тәрбие жұмысының жалпы принциіттерін жасап шығаруды, мемлекеттің тәрбие үрдісі мен жастар саясатының барлық аспектілеріне әсер беруіне арттыруды талап етеді.
Қазақстан Ресиубликасының Елбасы Н.Назарбаев толық тұжырымдағандай қазіргі кезде білім және тәрбие саясаты Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып жүргізуде қалыптасқан, сондықтан, тұлға еуразиялық мәдениет пен еуразиялық ынтымақтастықта дамиды. Тәрбиенің жалпы адамзаттық бастауы кейбір ағартушылық бағдарлама мен идеология шеңберінде іске асырылуы міндет. Ал қазіргі тәрбиенің мақсаты мен нәтижесі бойына өз халқының мәдениетін сіңірген, басқа халықтардың мәдениетін бағалайтын, өмірінің барысында түрлі іс-әрекетті өз басымен ұйымдастыруға қабілетті адам. Адмгершілік тәрбиенің мазмұнын тәжірибеде іске асыру жастарды өмірде бағыт алып, ізгіліктілік пен демократияның мұаттарын қорғай білуге үйретуге жағдай туғызады.
Тәрбие әлеуметтік ішкі жүйе, азаматтық қоғам институты ретінде азамат тәрбиесінің негізгі факторы болады. Азаматтық тәрбие ден біз қоғам мен мемлекеттің мүшесі ретінде өсіп жатқан адамның әлеуметтік-саясаттық. қүқықтық, экономикалық экологиялық моральдық-этикалық бөімдерін, тәжірибелік іс-әрекет адамдарын қалыптастыру жүйесінің процесі деп түсінеміз. Әлеуметтік және басқа қатынастар туралы білімдер стандарттары азамат тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға интеграциялау мәні негізінде жас азамат бойында әлеуметтік іс-әрекет субъектісі ретінде көзқарастар мен сенімдер, ой-сана мен адамгершіліктік қасиеттер қалыптасады. Тәжірибелік іс-әрекетте өсіп жатқан алам оның әлеуметтік ортадағы орнын белгілейтін айқындалған азаматтық қасиеттермен ұстамдардың этикалық негіздерінде дамып қалыптасады. Қазіргі заманның жеке адамы қоғамда жүріп жатқан үрдістердің бәріне де белсенді әсер береді.
Айта кететін жағдай азамат пен мемлекет арасындағы саясаттық-құқықтық қарастардың әлемдік үлгілері мен стандарттары азаматтық тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға интеграциялау тек олардың ортасынан орын алып қала қоймай, адамның мемлекеттік және қоғаммен қатынастарнның басқа аспектерін де жандандыра түседі. Бұл біздің республикамыздың азаматтық тәрбие жуйесі үшін егемендік пен тәуелсіздікті нығайту жағдайында және осы салада өз тәжірибемізді жинақтауға қажет ереекше көкейтесті мәселе.
Азамат тәрбиесінің келесі мәселелерін қайта қарастыруға қоғамдағы идеологиядан бас тарту жайы ерекше әсер береді. Бұрын түрлі құбылыс, түсініктер, өзінің ішкі, сыртқы ерекшелітетеріне қарамастан, бәрі түгел қосылып қарастырыла берді. Оған себеп идеология мен саясат бір болды да догматикалық көзқарастар басым орын алды. Осыған орай азаматық көптеген қасиеттер қоғамда басым белгіленбеген (көбінесе саяси сипатпен) нұсқауларға тәуелді талданып құрылымданды. Жаңа заман азаматтық тәрбиенің құрылымын, компонентерін (тәрбиенің өзін де) саяси конықтурадан жеке алып қарастыруға жағдай жасады. Ерекше айта кететін жай жоғарыда айтылғандар, әсіресе азаматтық тәрбие мәселелеріне өте қажетті нәрселер.
Азаматты қалыптастыру мәселелері ішінде біздің республикада ерекше өзектісі азаматтық тәрбие жүйесінде жаңа стандарттарды зерттеп дайындау. Біздің республикамыздағы қазіргі азаматтық тарбие жүйесі бүгінгі күнде ұлттық менталитетінің және әлеуметтік ортаның көпұлттылық ерекшеліктері ерекшеліктері мен өзгешеліктерін толық есепке алып байқатпайды десек артық болмас. Әрине, бұрын азаматтық тәрбиенің теориялық негіздері мен қолданбалы аспектері, сонымен қатар, оның стандарттары зерттеліп дайындалған жоқ деуге болмайлы.
Азаматты тәрбиелеу жүйесі өз мәнін қазіргі замандық педагогикалық жүйеден алады, бірақ кеңес Одағының бұрынғы республикасы егемендік пен тәуелсіздік алғаннан соң өздігімен дами бастады. Тіпті бүгінгі күн шындығы ондағы өзгерістер бұл негіздерді қайта қарастыруды талап етеді. Бұл талатағы тағы бір айқындаушы себеп - кеңес педагогикасындағы азаматты тәрбиелеу жүйесі басқа кұндылиқтарда құрылған, кей жағдайда тіпті жаңа өзгерістерге мүлдем келіспейді, өйткені, Қазақстан халықтары мен қазақ халкының ерекшелік өзгешеліктері бар.Әр адам ғылыми тұжырымдалған өнегелдік принциптер көмегімен құлықтың әділеттілігін, тәртіптің дұрыстығын бағалай алады, өз өмірін қоғамдық үлгілер және мұраттар мен салыстырады, мораль талаптары тұрғысынан өз қылықтарына баға бере алады. Мектепте өнегелікке тәрбиелеудің әдіснамалық негізін зерттеу объектісі мораль болып табылатын мінез-құлық ілімі құрайды. Ол философиялық ғылым.
Біздің болашақ болатын мораліміз - бүкіл адамзаттың адамгершілік прогресінің жоғары сатысы, ол қоғам мұраттарына мүлтіксіз берілгендіктен және жоғары өнегеліліктің Отанға сүйіспеншіліктің, барлық елдердің еңбекшілермен туысқандық ынтымақтастық, қауымдастық және қоғамдық борышты бұзуға төзімсіздіктің берік берлігі болып табылады. Біздің қоғамдық мораль адамзат қалыптастырған адамгершіліктің гуманистік ережелерін мұра етіп алады және дамытады. Біздер жаңа қоғамның ең тәуір өнегелі кедергі келтіретінің бәрінен түпкілікті құтылумыз керек.
Бүгінгі таңда білімнің өзінің шынайы міндетіне жауап беруден қалғанына бүкіл дүние жүзінің педагогтары алаңдатушылық танытуды. Оқушылардың ғылым негіздері туралы білімдер мен шектен тыс «жұмысбасты» етумен білімнің мақсаты айтарлықтай кеміп кетті. Үлгерімнің жоғары процентіне қол жеткізу бірінші кезектегі маңызды міндет болып санала бастады. Сол үшін де оқытудың барлық үрдісі әр түрлі тестілер мен емтихандарды жаттап алуға және тапсыруға алып келді.
Біздің жағдайларымызда мектептің ықпалы әлеуметтік ортаның, бүкіл біздің құрылысымыз бен адамдар арасындағы қоғамдық қатынастардың системасымен тереңдетіліп, толықтырыла түседі. Осының нәтижесінде баланы қоршаған бүкіл шындық өмірдің ықпалымен күшейтіле түскен мектептің мақсат көздеген ықпалдарының нәтижесінде адамның адамгершілік дамуы, оның бүкіл рухани бет-бейнесінің қалыптасуы болып жатады.
Қазіргі өтпелі заманда ата-аналардың қолында тәрбиелеген баланың адамгершілік қасиеттері шамалы болып тұрғанда, жетімдер үйінде, яғни, балалар үйінде тәрбиленген баланың жағадайы қандай болмақ. Осы сұраққа жауап беру – біздің «Балалар үйі оқушыларын рухани адамгершілікке тәрбиелеу» атты диплом жұмысымыздың өзектілігін анықтап отыр.
Зерттеудің мақсаты:
А) Педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқып танысу, талдау;
Ә) Рухани адамгершілік туралы түсінік беру;
Б) Қазіргі таңдағы рухани адамгершілік тәрбиені балалар үйіндегі оқушыларда қалыптастыру
Зерттеудің міндеттері:
Қоғамның саяси-әлеуметгік, экономикалық жағдайының өзгерістеріне байланысты адамдардың жалпы дамуына, әрбір адамның өзіндік ерекшеліктеріне, олардың үжымдық, топтық өзара қарым-қатынастарының ықпалын арттыруға аса зор мән берілуде.
Жеке түлғаның жан-жақты дамуына әсер ететін қоғамдық жағдайлардың мазмұны өзгеріп, оқыту мен тәрбие берудің психологиялық бағыттары шығармашылықпен іздестірілуде.
Зерттеудің нысанасы: балалар үйіндегі рухани адамгершілік тәрбие.
Диплом жұмысының ғылыми болжамы:
1.Егер балалар үйінде рухани адамгершілік тәрбие дұрыс жолға қойылса, бала тәрбиесіне мемлекет пен қоғамның тұтас ерекше қамқорлығы болса ғана еліміздің болашағы болады.
2.Жастарды ұлттық идеология, халықтық педагогика приоритеттерінде тәрбиелегенде, тілдің, мәдениеттің, дәстүр саясаттардың, ұлттық патриотизмнің дамуы мүмкін.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың мақсаты, міндеттері айқындалды, зерттеу әдістері таңдап алынып, оқыту объектісі, зерттеу заты, дипломның ғылыми болжамы көрсетілді.
Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
1.Макаренко А.С. Цель воспитания.Соч. в семи томах,5 том. –М, 1958.
2.Қазақстан Республикасының «Ұлттық энцикиклопедиясы”
3.Ж. Аймауытов, М. Әуезов. Қазақтың өзгеше мінездері. //Алаш, 1917 , 30 наурыз.
4.Ш.Уәлиханов. Таңдамалы шығармалары.
5.Ы.Алтынсарин. Мұсылмандықтың тұтқасы.
6. Ә.Табылдиев. Халқ тағлымы. –Алматы:Қазақ университеті, 1992.
7. Ә.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. –Алматы: Ана тілі, 1992.
8.Педагогика тағлымдары. –Алматы:Рауан, 1991.
9.Халқтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. –Алматы, 1995.
10.Ж.Б.ж-е Р.М.Қоянбаевтар. Педагогика.
11.И.С. Марьенко. Оқушыларды сапалы тәртіпке ж/е мінез – құлық мәдениетіне тәрбиелеу.
12. Елікбаев Н. Ұлттық психология
13.Турсунов Б.Ж. Нравстенность – духовнное просвешение.
14.К.У.Биекенов, З.Ж.Жаназарова Ж.А., Нұрбекова Ж.А. Отбасымен әлеуметтік жұмыс.
15. Д. Нұрғалиева. Адамгершілік құндылықтары қалыптастырудың педагогикалық диагностикасы.
16.Т. Ермұханова.Адамгершілік арқауы ұлттық білім.
17.С.Х. Ғаббасов. Тән – жан – рух тәрбиесі.
18.Омарова Л. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мәселелері
19. Игенбаева Б. Бала жанның бағбаны.
20. Нұрғалиева Д. Адамгершілік құндылыққа жаңа бетбұрыс
21. Ботабаева Ә. Өзін сыйлағанды, өзге де сыйлайды.
22. Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі.
23. Жарықбаев Қ. Табылдиев Ә. Әдеп және тәнтану
24. Кішікбаев Д. Қазақ менталитеті: кеше , бүгін , ертең.
25. Нұрмұратов С. Ұлттық болмыс пен ұлттық сана.
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Государственная семейная политика в странах Европейского сообщества и США. М., 1996. 9 б.
2. М.С.Комаров. Введение в социологию. М., 1994, 234 б.
3. .Социальная работа с инвалидами. –М., 1995.
4.Қ.Тұрғанбекова. Әлеуметтік ғылымдар құрылымдағы әлеуметтік жұмыс. //Ізденіс,№1, 2002. - 189 –194 б.
5.С.Піралиев.Болашақ мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби бейімделуінің өзара байланыстығының мәселесі.//Ұлт тағлымы, 2/2001. – 56-64 б.
6.Социальная педагогика: Учеб.пособие для студ. высш. учеб. заведений /Под редак.В.А.Никитина. –М.: ВЛАДОС, 2002. –272 с.
7.Ю.В.Василькова, Т.А. Василькова. Социальная педагогика: Курс лекций: Учеб.пособие для студ. высш. учеб. Заведений.-М.:Академия, 2000.- 440 с.
8.А.Н.Тесленко. Социализация молодежи:педагогика отношений в социуме.-Алматы-Астана, 2002.-236 с.
9.Биекенов К.Ү, Жаназарова З.Ж., Нұрбекова Ж.А. Отбасымен әлеуметтік жұмыс:Оқу құралы.-Алматы:Қазақ университеті, 2003 ж. –133 б.
10.Қ.Тұрғанбекова. Әлеуметтік ғылымдар құрылымдағы әлеуметтік жұмыс. //Ізденіс,№3, 2001. - 128 –134 б.
11.Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментіні. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру. Шымкент, 2000.
12.Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментіні. Халықты әлеуметтік қорғаудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдараламасы. - Шымкент, 2002.
13.Антонов А.И. Микросоциология семьи. Методология исследования структур и процессов. – М., 1998.
14. Антонов А.И., Медков В.М. Социология семьи. – М., 1998.
15.Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке.-Алматы, 1973.
16.Бойко В.В. Малодетная семья. Социально-псизологический аспект.-М., 1980.
17. Ваганов Н.Н. Стратегия охраны здоровья женщие и детей на 90-ые годы. // Семья в Росии, 1995, №1-2.
18.Васильева Э.К. Семья и ее функция. –М.,1975.
19.Витек К. Проблемы семейного благополучия. –М., 1988.
20. Габдуллина К.Г. Соцтология. Учебник.Тараз, 1999.
21. Габдуллина К.Г. Соцтология Казахстана в контексте всеобщей глобализации. - Алматы, 2002.
22. Голод С.И. Стабильность семьи: социальный и демографический аспекты: - Л., 1984.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Педагогика және психология кафедрасы

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 3
I. АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1.Қазақтың ұлттық мінез бітістерінің ерекшелігі
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
1.2.Халық педагогикасындағы адамгершілiк тәрбиесi ... ... ... ... ... ... 21

II.БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГТЫҢ
РОЛІ

2.1. Адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың педагогикалық
диагностикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Балалар үйіндегі тәрбие жұмысы деген мәселелер қарастырылған.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..43
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

КІРІСПЕ

Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан балалар мен жастар ұйымдарының өз
қызметін тоқтатуы, бұқаралық ақпарат құралдарының зорлық-зомбылықты
насихаттауы, индивидуализм мен ішін-жеп пайдалану психологиясы жастарды
тәрбиелеу ісіне үлкен зиян келтіреді. Мәнді өлшемде азаматгық, патриоттық
тәрбиенің ғана емес, сонымен қатар азамат-патриоттық жеке басын
қалыптгастыру идеясының беделі түсіп, оған сенім жойылды.
Өкінішке орай қазіргі кезде көптеген жастар маңызды азаматтық
борыштарды орындауға жауапкершіліксіз қарап, рухсыздық пен әлеуметтік
жетілмегендікті, басқа адамдарға келгенде шыдамсыздықты, тіші агрессивтікті
байқатады. Сонымен қатар құңдылық бағдарлар. іс-әрекет түрткілері, қоршап
ал әлемге деген қатынас, өз қабілет-бейімдері мен Қазақстан тағдырына деген
көзқарастар өзгерді. Жастардың көптерінің бойында білімге, еңбекке,
әдебиетке, өнерге, шығармашылық қызметпен адамгершілік құндылықтарға деген
қызығушылықтар жойылған.
Жастар арасымдағы бұндай жайға жол беруге болмайды, өйткені бұл жай
Қазақстан республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тура қатер туғызады.
Әсіресе әскери борыштарды орындауда бұл жай ерекше өткір байқалады.
Жоғарыда айтылған жағдайдың себебінің бірі патриоттық азаматтық тәрбиенің
рөлі мен маңызының төмендеуімен байланысты. Мемлекеттің стратегиялық
қызығушылықтар тәрбие жұмысының жалпы принциіттерін жасап шығаруды,
мемлекеттің тәрбие үрдісі мен жастар саясатының барлық аспектілеріне әсер
беруіне арттыруды талап етеді.
Қазақстан Ресиубликасының Елбасы Н.Назарбаев толық тұжырымдағандай
қазіргі кезде білім және тәрбие саясаты Қазақстан халықтарының ұлттық
мәдениеті мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып жүргізуде қалыптасқан,
сондықтан, тұлға еуразиялық мәдениет пен еуразиялық ынтымақтастықта дамиды.
Тәрбиенің жалпы адамзаттық бастауы кейбір ағартушылық бағдарлама мен
идеология шеңберінде іске асырылуы міндет. Ал қазіргі тәрбиенің мақсаты мен
нәтижесі бойына өз халқының мәдениетін сіңірген, басқа халықтардың
мәдениетін бағалайтын, өмірінің барысында түрлі іс-әрекетті өз басымен
ұйымдастыруға қабілетті адам. Адмгершілік тәрбиенің мазмұнын тәжірибеде
іске асыру жастарды өмірде бағыт алып, ізгіліктілік пен демократияның
мұаттарын қорғай білуге үйретуге жағдай туғызады.
Тәрбие әлеуметтік ішкі жүйе, азаматтық қоғам институты ретінде азамат
тәрбиесінің негізгі факторы болады. Азаматтық тәрбие ден біз қоғам мен
мемлекеттің мүшесі ретінде өсіп жатқан адамның әлеуметтік-саясаттық.
қүқықтық, экономикалық экологиялық моральдық-этикалық бөімдерін,
тәжірибелік іс-әрекет адамдарын қалыптастыру жүйесінің процесі деп
түсінеміз. Әлеуметтік және басқа қатынастар туралы білімдер стандарттары
азамат тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды
талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға интеграциялау мәні негізінде
жас азамат бойында әлеуметтік іс-әрекет субъектісі ретінде көзқарастар мен
сенімдер, ой-сана мен адамгершіліктік қасиеттер қалыптасады. Тәжірибелік іс-
әрекетте өсіп жатқан алам оның әлеуметтік ортадағы орнын белгілейтін
айқындалған азаматтық қасиеттермен ұстамдардың этикалық негіздерінде дамып
қалыптасады. Қазіргі заманның жеке адамы қоғамда жүріп жатқан үрдістердің
бәріне де белсенді әсер береді.
Айта кететін жағдай азамат пен мемлекет арасындағы саясаттық-құқықтық
қарастардың әлемдік үлгілері мен стандарттары азаматтық тәрбиенің келелі
мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл
салада әлемдік стандарттарға интеграциялау тек олардың ортасынан орын алып
қала қоймай, адамның мемлекеттік және қоғаммен қатынастарнның басқа
аспектерін де жандандыра түседі. Бұл біздің республикамыздың азаматтық
тәрбие жуйесі үшін егемендік пен тәуелсіздікті нығайту жағдайында және осы
салада өз тәжірибемізді жинақтауға қажет ереекше көкейтесті мәселе.
Азамат тәрбиесінің келесі мәселелерін қайта қарастыруға қоғамдағы
идеологиядан бас тарту жайы ерекше әсер береді. Бұрын түрлі құбылыс,
түсініктер, өзінің ішкі, сыртқы ерекшелітетеріне қарамастан, бәрі түгел
қосылып қарастырыла берді. Оған себеп идеология мен саясат бір болды да
догматикалық көзқарастар басым орын алды. Осыған орай азаматық көптеген
қасиеттер қоғамда басым белгіленбеген (көбінесе саяси сипатпен) нұсқауларға
тәуелді талданып құрылымданды. Жаңа заман азаматтық тәрбиенің құрылымын,
компонентерін (тәрбиенің өзін де) саяси конықтурадан жеке алып қарастыруға
жағдай жасады. Ерекше айта кететін жай жоғарыда айтылғандар, әсіресе
азаматтық тәрбие мәселелеріне өте қажетті нәрселер.
Азаматты қалыптастыру мәселелері ішінде біздің республикада ерекше
өзектісі азаматтық тәрбие жүйесінде жаңа стандарттарды зерттеп дайындау.
Біздің республикамыздағы қазіргі азаматтық тарбие жүйесі бүгінгі күнде
ұлттық менталитетінің және әлеуметтік ортаның көпұлттылық ерекшеліктері
ерекшеліктері мен өзгешеліктерін толық есепке алып байқатпайды десек артық
болмас. Әрине, бұрын азаматтық тәрбиенің теориялық негіздері мен қолданбалы
аспектері, сонымен қатар, оның стандарттары зерттеліп дайындалған жоқ деуге
болмайлы.
Азаматты тәрбиелеу жүйесі өз мәнін қазіргі замандық педагогикалық
жүйеден алады, бірақ кеңес Одағының бұрынғы республикасы егемендік пен
тәуелсіздік алғаннан соң өздігімен дами бастады. Тіпті бүгінгі күн шындығы
ондағы өзгерістер бұл негіздерді қайта қарастыруды талап етеді. Бұл
талатағы тағы бір айқындаушы себеп - кеңес педагогикасындағы азаматты
тәрбиелеу жүйесі басқа кұндылиқтарда құрылған, кей жағдайда тіпті жаңа
өзгерістерге мүлдем келіспейді, өйткені, Қазақстан халықтары мен қазақ
халкының ерекшелік өзгешеліктері бар.Әр адам ғылыми тұжырымдалған өнегелдік
принциптер көмегімен құлықтың әділеттілігін, тәртіптің дұрыстығын бағалай
алады, өз өмірін қоғамдық үлгілер және мұраттар мен салыстырады, мораль
талаптары тұрғысынан өз қылықтарына баға бере алады. Мектепте өнегелікке
тәрбиелеудің әдіснамалық негізін зерттеу объектісі мораль болып табылатын
мінез-құлық ілімі құрайды. Ол философиялық ғылым.
Біздің болашақ болатын мораліміз - бүкіл адамзаттың адамгершілік
прогресінің жоғары сатысы, ол қоғам мұраттарына мүлтіксіз берілгендіктен
және жоғары өнегеліліктің Отанға сүйіспеншіліктің, барлық елдердің
еңбекшілермен туысқандық ынтымақтастық, қауымдастық және қоғамдық борышты
бұзуға төзімсіздіктің берік берлігі болып табылады. Біздің қоғамдық мораль
адамзат қалыптастырған адамгершіліктің гуманистік ережелерін мұра етіп
алады және дамытады. Біздер жаңа қоғамның ең тәуір өнегелі кедергі
келтіретінің бәрінен түпкілікті құтылумыз керек.

Бүгінгі таңда білімнің өзінің шынайы міндетіне жауап беруден қалғанына
бүкіл дүние жүзінің педагогтары алаңдатушылық танытуды. Оқушылардың ғылым
негіздері туралы білімдер мен шектен тыс жұмысбасты етумен білімнің
мақсаты айтарлықтай кеміп кетті. Үлгерімнің жоғары процентіне қол жеткізу
бірінші кезектегі маңызды міндет болып санала бастады. Сол үшін де оқытудың
барлық үрдісі әр түрлі тестілер мен емтихандарды жаттап алуға және
тапсыруға алып келді.

Біздің жағдайларымызда мектептің ықпалы әлеуметтік ортаның, бүкіл біздің
құрылысымыз бен адамдар арасындағы қоғамдық қатынастардың системасымен
тереңдетіліп, толықтырыла түседі. Осының нәтижесінде баланы қоршаған бүкіл
шындық өмірдің ықпалымен күшейтіле түскен мектептің мақсат көздеген
ықпалдарының нәтижесінде адамның адамгершілік дамуы, оның бүкіл рухани бет-
бейнесінің қалыптасуы болып жатады.

Қазіргі өтпелі заманда ата-аналардың қолында тәрбиелеген баланың
адамгершілік қасиеттері шамалы болып тұрғанда, жетімдер үйінде, яғни,
балалар үйінде тәрбиленген баланың жағадайы қандай болмақ. Осы сұраққа
жауап беру – біздің Балалар үйі оқушыларын рухани адамгершілікке
тәрбиелеу атты диплом жұмысымыздың өзектілігін анықтап отыр.

Зерттеудің мақсаты:
А) Педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқып танысу, талдау;
Ә) Рухани адамгершілік туралы түсінік беру;
Б) Қазіргі таңдағы рухани адамгершілік тәрбиені балалар үйіндегі
оқушыларда қалыптастыру

Зерттеудің міндеттері:
Қоғамның саяси-әлеуметгік, экономикалық жағдайының өзгерістеріне
байланысты адамдардың жалпы дамуына, әрбір адамның өзіндік ерекшеліктеріне,
олардың үжымдық, топтық өзара қарым-қатынастарының ықпалын арттыруға аса
зор мән берілуде.
Жеке түлғаның жан-жақты дамуына әсер ететін қоғамдық жағдайлардың
мазмұны өзгеріп, оқыту мен тәрбие берудің психологиялық бағыттары
шығармашылықпен іздестірілуде.
Зерттеудің нысанасы: балалар үйіндегі рухани адамгершілік тәрбие.

Диплом жұмысының ғылыми болжамы:

1.Егер балалар үйінде рухани адамгершілік тәрбие дұрыс жолға қойылса,
бала тәрбиесіне мемлекет пен қоғамның тұтас ерекше қамқорлығы болса ғана
еліміздің болашағы болады.
2.Жастарды ұлттық идеология, халықтық педагогика приоритеттерінде
тәрбиелегенде, тілдің, мәдениеттің, дәстүр саясаттардың, ұлттық
патриотизмнің дамуы мүмкін.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде жұмыстың мақсаты, міндеттері айқындалды, зерттеу әдістері
таңдап алынып, оқыту объектісі, зерттеу заты, дипломның ғылыми болжамы
көрсетілді.
Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау –
масқара болушылық.

Б.Момышұлы
I. АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1.Қазақтың ұлттық мінез бітістерінің ерекшелігі
Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың бойында мінез-құлықтың
белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерінің бір-біріне,
жанұяға, басқа адамдарға мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын
мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы
мақсат көздеген қызметі.
Біздің жағдайларымызда мектептің ықпалы әлеуметтік ортаның, бүкіл
біздің құрылысымыз бен адамдар арасындағы қоғамдық қатынастардың
системасымен тереңдетіліп, толықтырыла түседі. Осының нәтижесінде баланы
қоршаған бүкіл шындық өмірдің ықпалымен күшейтіле түскен мектептің мақсат
көздеген ықпалдарының нәтижесінде адамның адамгершілік дамуы, оның бүкіл
рухани бет-бейнесінің қалыптасуы болып жатады.
Маркстік педагогика мен психология туа біткен адамгершілік
қасиеттерінің болуын үзілді-кесілді жоққа шығарады және бұлардың қалыптасуы
өмір бойында болып жатады, әрі тәрбие мен бүкіл қоршаған шындық өмірдің
ықпал етуі арқасында ғана осы қасиеттерге бала өзінің жеке басының
әлеуметтік тәжірибесі үстінде ие болады деп дәлелдейді.
Темпераментте көрінетін жоғары нерв қызметінің адам мұраланған типі,
сөзсіз, адамның мінез-құлқына да белгілі дәрежеде өз табын қалдырады. Бірақ
біз, алайда, тәрбие мейлінше үлкен шекте жоғары нерв қызметінің типін
қалыптастыру процесіне ықпал ете алатындығын, ал ең бастысы темперамент
өзінен-өзін алғанда мінез-құлыққа, жақсы немесе жалғандыққа, ізгілікке
немесе зұлымдыққа, әділдікке немесе жалғандыққа бағытты анықтайтынын
білеміз. Сангвиник те, флегматик те, холерик те, меланхолик те, ізгі
зейінді де батыл бола алады. Дәл осындай ұнамсыз қылық жасаған адамдардың
арасында да сан алуан темпераментті адамдар кездеседі. Сондықтан да жоғарғы
нерв қызметі типтерінде туа біткен айырмашылықтар қандай да болсын
моральдық қасиеттердің дамуын алдын-ала белгілемейді деп айтуға болады.
Осыдан келіп аса маңызды педагогикалық қорытынды шығады: дұрыс
тәрбиелеу жолымен және оңды ықпал еткенде тәрбиенің мақсаттары мен
міндеттеріне сай келетін моральдық қасиеттерді қалыптастыру ісін қамтамасыз
етуге болады.
Біз оқушыларда кездестіретін теріс қасиеттер - нашар тәрбиенің және
ортаның теріс ықпалының нәтижесі. Бұлар туа біткен болып қойылады.
Қайта тәрбиелеу - тәрбие ісіне қарағанда, анағұрлым үлкен ұзақ та
еңбекті көп керек ететін процесс. Алайда, дұрыс тәрбиелеуді ортаның оңды
ықпалымен ұштастырып алғанда, өмір мен тәрбиенің ұнамсыз жағдайларының
ықпалымен баланың бойындағы көрінетін теріс қылықтарды жоюға болады.
Бұған М.Горький атындағы колония мен Ф.Э.Дзержинский атындағы
коммунадағы А.С.Макаренко жүзеге асырған тәрбие системасы тамаша дәлел бола
алады. Өз өмірінің алғашқы кезеңінде көптеген теріс әдеттер мен мінез-
құлықты және қоғамға қарсы бағдар-бағыттарды қалыптастырып игерген,
педагогикалық тұрғыдан алғанда өз бетімен кеткен жүздеген балалар
А.С.Макаренко мен ол құрған педагогтар мен тәрбиешілердің тәрбие беру
ықпалының арқасында өз елінің пайдалы азаматтарына айналды.
Кәдулігі мектептің жағдайларында қазірдің өзінде-ақ қайта тәрбиелеу
мүмкін болмай отырған педагогикалық тұрғыдан алғанда өте күшті бетімен
жіберілген балалар бүгінгі күнде де кездесетіні даусыз. Мұндай балалар
қатаң режимі бар арнаулы балаларды тәрбиелейтін мекемелерге барады, мұнда
олардың көп бөлігі қайта тәрбиелеу ісіне көнеді. Әлеуметтік қауіпті
жасөспірім балалар жөнінде бұдан да гөрі қатаң шаралар қолданылады, бірақ
олар жөнінде жаза қолдану арнаулы тәрбие беру жұмысымен ұштастырылады,
көптеген жағдайларда бұл жұмыс та өзінің нәтижелерін беріп келеді.
Осының бәрі біздің елімізде адамгершілік тәрбиесіне көзқарастың негізнде
теріс сипаттарды жеңіп шығуға сенім, тәрбиенің мақсаттары мен міндеттеріне
сәйкес тәрбиеленушінің жеке басын жобалауға мүмкіндік бар екендігін
көрсетеді.
Біздің елімізде адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеті - оқушыларды
мораль рухына тәрбиелеу болып табылады, яғни басқа сөздермен айтқанда,
мораль оқушылардың мінез-құлқының олардың бір-біріне, жанұяға өздерін
қоршаған адамдарға, өз мемлекетіне, Отанына қатынасының негізіне алынуға
тиіс.
Осы міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын жақсылап анықтап алу үшін, ең
алдымен жалпы алғанда, мораль дегеніміздің өзі не екенін оның ықпал ету
күшінің неден көрінетіндігін, мораль дегеніміз қандай екендігін, мұның
буржуазиялық, діни моральдан айырмашылығы неден екенін айқын да нақты көз
алдымызда келтіруіміз керек.
Моральдық-этикалық нормалар, халықтың ұлттық әдет-ғұрыптары,
қалыптасқан дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады, жастардың мінез-
құлқына байымды әсер етеді. Өйткені, халқымыздың өзі келешекке - ұрпаққа -
айтар ақылын, адамгершілік үлгісін, салт-санасын, дәстүрлерді насихаттап
келеді. Халқымыз өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, ұрпақты адал еңбекке,
өнер-білімге тәрбиелейді, үйелменнің, ауыл-аймақтың, елдің ар-намысын
қорғау сияқты ізгі адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.
Қай қоғамда болмасын, оның барлық салаларында, өмірде, еңбекте,
тұрмыста, үйелмендік және басқа қатынастарда, мораль адамның мінез-құлқын,
сана-сезімін реттейді: мораль принциптері барлық адамдарға тарайды, оладың
өзара қатынас мәдениетін құрайды. Мораль принциптері белгілі қоғамдық
бастауларды, өмір құрылысын, қарым-қатынас формаларын қуаттайды, бекітеді
немесе, керісінше, өмір талаптарына байланысты олардың өзгеруін талап
етеді.
Өкінішке орай, біздің еліміздің саясатын, моральдық нормалардың
принциптерін біле тұрып, қоғамдық жатаққана ережелерін бұзушы адамдар да
кездеседі.
Бұлар кім?
Біріншіден, кейбір адамдар біздің адамгершілік көзқарасымызды
қабылдаудың орнына, бізге жат адамдардың идеясын мақұлдап, соның тұтқыны
болған.
Екіншіден, кейбіреулер адамгершілік мінез-құлық принциптерін және
нормаларын біледі. Бірақ мораль олардың сана-сезіміне, әдетіне айналмаған.
Үшіншіден, қайсы біреулер адамгершілік принциптерін мінез-құлқын
нормаларын дер кезінде қабылдаған. Бірақ олар бұл дәрежеде өздерін ұстай
алмайды, түрлі кешірілмейтін қылықтармен айналысады. Мысалы: мемлекет
мүлкін талан-таражға салу, үйлерді тонау, адам өлтіру, анаша шегу т.б.
Бұл жағдайлар көбінесе жастар арасында жиі кездеседі, олар өмір
мектебінен өтпеген, тәжірибесіз, өзіне қажетті адамгершілік әдетін бойына
сіңірмеген және еңбек етуден қашатын арамтамақ, жатып ішер адамдардың
ықпалына түскен жастар. Мұндай адамдар елімізде онша көп емес, бірақ
қоғамға үлкен зиян келтіреді.

Сонымен қазіргі кезеңде көпшілік арасында жүргізілетін тәрбие
жұмыстарының мақсаты мен мазмұны әр адамға, оның ой-өрісіне. сезіміне,
мінез-құлқына ықпал жасау тиіс.
Бұл орайда мектептің мұғалімнің ролі өте зор, өйткені олар оқушылардың
тәрбиесіне байланысты міндеттерді шешеді және тәрбие әдістері мен
тәсілдерін жетілдіреді. Бұл міндеттер мұғалімнің сауаттылықты,
ізденпаздықты, өз ісіне асқан шеберлікті талап етеді.
Біздің әрқайсымыз күнделікті ондаған тәртіп ережелерін орындаймыз,
мысалы: таныс кісімен кездескенде сәлем береміз, көк сигнал берілген
көшеден өтеміз, кино мен театрларда өз орнымызға отырып, дауыстап
сөйлемеуге тырысамыз (қоғамдық орында тәртіп ережесі) т.б.
Кез-келген қоғамда қауымдасып өмір сүру ережелерін сақтау қоғамдық
тәртіпті ұстаудың ең маңызды шарты болып табылады. Түрлі елдерде бұл
ережелердің жергілікті жағдайларға, дәстүрлер мен салттарға тәуелді өзіндік
ерекшеліктері болады. Бірақ олардың ортақ жағы көп болуына байланысты тіл
білмеген күннің өзінде әр түрлі ұлт өкілдерінің бірін-бірі түсінуіне
мүмкіндік береді. Шындығына келгенде, мұның өзі адамдар әлемінің жануар
әлемінен өзгешелігін білдіретін белгілердің қатарына жатады және ол елеулі
сыртқа белгі. Ал сыртқы белгілерге қарап, қоғам туралы пікір айту қиын.
Ғасырлар бойы қалаптасқан үйелмендегі және қоғамдағы тәртіп ережелерін
үйреншікті орындауда адамдардың өндіріс пен тұрмыстағы өзара қарым-қатынасы
тасада қалады.

Бейбітшілік, Еңбек, Бостандық, Теңдік, Туысқандық, Бақыт бүкіл
адамзаттың ежелден арман еткен асыл мұраттары. Ең әділетті, ең дұрыс күрес
осы асыл мұраттардың салтанат құруы жолында болады. Бұл морльдық талаптар
адам санасын да өмір сүреді, мұның қайнар көзі көп.
Әр адам ғылыми тұжырымдалған өнегелдік принциптер көмегімен құлықтың
әділеттілігін, тәртіптің дұрыстығын бағалай алады, өз өмірін қоғамдық
үлгілер және мұраттар мен салыстырады, мораль талаптары тұрғысынан өз
қылықтарына баға бере алады. Мектепте өнегелікке тәрбиелеудің әдіснамалық
негізін зерттеу объектісі мораль болып табылатын мінез-құлық ілімі құрайды.
Ол философиялық ғылым.
Біздің болашақ болатын мораліміз - бүкіл адамзаттың адамгершілік
прогресінің жоғары сатысы, ол қоғам мұраттарына мүлтіксіз берілгендіктен
және жоғары өнегеліліктің Отанға сүйіспеншіліктің, барлық елдердің
еңбекшілермен туысқандық ынтымақтастық, қауымдастық және қоғамдық борышты
бұзуға төзімсіздіктің берік берлігі болып табылады. Біздің қоғамдық мораль
адамзат қалыптастырған адамгершіліктің гуманистік ережелерін мұра етіп
алады және дамытады. Біздер жаңа қоғамның ең тәуір өнегелі кедергі
келтіретінің бәрінен түпкілікті құтылумыз керек.

Бүгінгі таңда білімнің өзінің шынайы міндетіне жауап беруден
қалғанына бүкіл дүние жүзінің педагогтары алаңдатушылық танытуды.
Оқушылардың ғылым негіздері туралы білімдер мен шектен тыс жұмысбасты
етумен білімнің мақсаты айтарлықтай кеміп кетті. Үлгерімнің жоғары
процентіне қол жеткізу бірінші кезектегі маңызды міндет болып санала
бастады. Сол үшін де оқытудың барлық үрдісі әр түрлі тестілер мен
емтихандарды жаттап алуға және тапсыруға алып келді.
Қазіргі кездегі білімнің мәні материя заңдары үстемдік ететін үлкендердің
әлеміне сәттілікпен кіруге мүмкіндік беретін білімдердің белгілі бір
көлемін игеруге жағдай туғызатын құрал ретінде түсіндіріледі.
Рас, материалдық қажеттіліктер өте маңызды, оған ешкімнің таласы жоқ. Күн
сайын жеу, ішу, киіну қажет, басында бастаған болу керек. Сол себепті де
кейбір ата-аналар бала тәрбиелеу ісіне өзінің қатысын, тек материалдық
қамқорлық жасау: киіндіру, ішіндіру... деп түсініп жүр.
Алайда адам – тек қана тән емес, сонымен қатар үлкен қажеттігі бар жан
да. Нақты өз аттарымен атайтын болсақ, жан деп отырғанымыз - рух, ал тән -
нәпсі. Қазақта мынадай фразеологиялық сөз тіркестері көп кездеседі: рухани
бай адам, адамның рухы, рухы жоқ, рухы жоғары, рухтанып кетті, рухани
байлық, ұлттық рух, рухани ұстаз, т.с.с . Осы тіркестерге мұқият зер сала
отырып, рух деген нәрсенің адам денесіндегі бір қуат екендігіне көз
жеткізуге болады. Оның адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттері мен
жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі екендігін аңғару қиын емес.
Қасиеттер рухтан туындайды да, барлық жаман қасиеттер нәпсінің
көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік
үшін үнемі осы екі қуаттың күресі жүріп жатады. Жақсыны, я жаманды таңдап
жататынымыз да осыдан.
Жақсы-жаман болып жіктелуінің себебі де осыған байланысты.
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр,
Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр.
Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен
Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.
Шәкәрім
Асылында, жаман адам болмайды, бойындағы нәпсісі рухынан үстем
болғандықтан, барлық ақылы, білімі, қайрат -жігері мен өнері нәпсінің
құлына айналғандықтан, жақсы іс-әрекеттер мен көркем амалдардың табылуы
қиын.
Рухтың мекені - адамның жүрегі. Жүректің жылуы, махаббат, ар -
намыс, қайрат - жігер деген сезімдердің барлығы да осы рухтан туындайды.
Түсіну үшін мынадай салыстыру келтіруге болады: Күн – адамның рухы
болса, сәулесі - оның ақылы. Рухани бай адам ең алдымен әділ, мейірімді
және қанағатшыл болады.
Ұлы Абай ақыл мен жан туралы уақытында былай деген:
Ақыл мен жан мен - өзім, тән менікі,
Менімен менікінің мағынасы екі.
Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
Менікі өлсе өлсін, оған бекі

Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ та қайтып келіп, ойнап-күлмес.
Мені мен менікінің айрылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес.
Жалпы жаратылыс та адам денесі сияқты екі бөліктен тұрады. Біріншісі –
бес сезу мүшелерімізбен сезіп, ақылымызбен ажырататын материалдық дүние.
Екіншісі - сезу мүшелеріміз бен сезе алмайтын, бірақ ішкі жанымызбен сезіп,
ақылымыз ажырататын рухани дүние. Рух азығын осы рухани әлемнен алады.
Қазір адамдардың барлығының да көздері ашық, ғылыми- техникалық
дамудың шарықтап тұрған кезеңі – компьютер дәуірінде өмір сүріп жатыр.
Бірақ бір нәрсе жетіспейді. Бүкіл адамзат соны іздеумен әлек. Ол – рух
қажеттілігі, рухани азық.
Рухани азықты тауып , дәмін татып мейірін қандырған адам ғана бұл
дүниенің қызыл-жасылы мен баянсыз бақыттарына жүрек байламай, алаңсыз толық
қанағат кейпіне келіп, өмірден өзінің нақты орнын табады. Сонда ғана ол
өзінің адам деген атына заты сай көзі ашық, көкірегі ояу кемел дәрежесіне
жетеді.
Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы - оның халықтық
педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады. Тән азығы мен жан
азығының тепе-теңдігін сақтап, әсіресе, жан азығына басым көңіл бөлген
халқымыз өміртануды діттеп, оның пәлсапалық заңдылықтарын терең ұғынған.
Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті жойылып, оның хайуанға
айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын ең әуелі нәрестеге бесік
жыры арқылы әуезді әуенмен беруді бастайды, одан соң жас балдырған жеке
сөздерді ұғына бастағанда-ақ, оған жақсы мен жаманды ажыратып түсіндіреді.
Адам өмірінің алтын бесігі – мектептің есігін ашқан балдырған
жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп өмір
заңдылықтарын үйренеді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік,
қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы
қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, әрбір
тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын сан ғасырларда қалыптасқан салт-
дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына
адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол
рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып,
білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің
міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы адам
қалыптасады.
Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларда жас кезінен
бастап, ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті: сүюді, аяушылықты,
төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандықты, шыншылдықты және
басқа асыл қасиеттерді дамыту керек.
Қазіргі жағдайларда бұл жүзеге асырудың мынадай мүмкіндіктері бар:
1.Рухани адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың мазмұнына
енгізу;
2.Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал
ететіндей бағытта ұйымдастыру;
3.Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына енгізу;
Рухани тәрбие өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысынан алуы мүмкін.
Олай болса, кез-келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-
құлығын қалыптастыру құралы бола алады.
Алайда соңғы кезде үлкен мән баланың қарым-қатынасы мұғалімнің
оқушыға деген қарым-қатынасы үнемі байланыспай келгені ешкімге де құпия
емес. Балалардың өзінің мұғаліміне деген жақсыкөрушіліктен барынша шалғай
жатқан қорқыныш, жек көру, сыйламау сияқты сезімдерді бастан кешіретіні жиі
кездеседі. Мұның себебі, мұғалім мен оқушылардың жеке бастарының сапасы мен
оқыту әдістернің сапасына байланысты болуы мүмкін.
Мұғалім әрбір сабақты жан-тәнімен беріле оқытуды, бала жанына әсер
ететін құндылықтарды қалыптастыруды өзі үшін заң санауы қажет. Үлкен адам
қай жерде болмасын өзі рухани белсенділік танытатын болса, сол арқылы
тәрбие бере алады. Шын мәнінде жалпы адамзаттық құндылықтар ұғымына енетін
өмір құбылыстаының бәрін сабақтардың кез-келгенінде көрсетуге болады.
Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға
қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың рухани-адамгершілік тағылымына кері
әсер етуші факторлар: соғыс ойыншықтары, жатқылықты жариялайтын фильмдер,
бейнетаспалар мен компьютерлік ойындар бар. Сондықтан мектептен тыс кездегі
сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық танытқаны жөн. Мұндай
кездесулерді балалар оларға қатысуға құмартып тұратындай және оның жалғасын
асыға күтетіндей дәрежеде тартымды етіп өткізу керек.
Спорт, табиғатқа серуен, мектептен тыс кездесулер кезіндегі пікірталас,
әсерлі әңгімелер, мұражайға, театрға немесе классикалық музыка концертіне
бірге бару, үйірмелердегі театрланған сабақтар – осының бәрі рухани
адамгершілік тәрбие үшін тамаша құралдар.
Олар баланың шығармашылығын оятып, жан дүниесімен сезінетін тамаша
ойларға жетелейді. Ал, одан тек жағымды қасиеттер туындайтыны белгілі.
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан
жаңартулар білім мен тәрбие қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда
тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты
мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты
мәсәлесінің бірі - өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік
қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі
замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді
ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.
Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын
қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның
жағымды қасиеттерін дамыту. Оқушылардың сапалы тәртібі мен пайымды мінезін
қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің
мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.
Тәрбиенің неізгі міндеті – қоғамның негізгі талаптарын әрбір баланың
борыш, намыс, ождан, қадыр-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына
айналдыру.
Көп көңіл бөлінетін мәселе - адамгершілік тәрбиені күшейту.
Қазақстан Республикасының Ұлттық энцикиклопедиясында адамгершілік
ұғымына былай деп анықтама берілген: Адамгершілік – адам бойындағы
бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. Кісілік, Ізгілік,
Имандылық тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың
әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-
әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге
болады: Адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен
рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық т.б.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері – оқушылардың
белсенді өміршілік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз
бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді
қалыптастыру. Ол баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды
бір саласы.

1.2.Қазақтың ұлттық мінезі
бітістерінің ерекшеліктері.

Қазақтың ұлттық мінезі бітістерінің басқа ұлттарға қарағанда
көптеген ерекшеліктері бар. Халықтық психология - адамдардың қоғамдық
тәжірибесінен, өмірдегі пайымдау ларынан туындайтын қарапайым
психологиялық білімдерінің жүйесі. Бұл психология адамның мінез-құлқының
көптеген жақтарын қамтып, белгілі бір этностың өзіне тән психикасы жөнінде
біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім – білімдердің жүйесі.
Құлықтық тәрбие беруде этнопсихологияның маңызы зор.
Этнопсихология - әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор,
тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, діл, дін , т.б.) жемісін сол халықтың
психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді.
Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасыр орта шенінде Ресейде,
кейінірек Батыс Еуропа елдерінде пайда болды.
Қазақ этнопсихологиясымен көбірек айналысқан Ш.Уалиханов еді. Оның
еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі, бұл ұғымды халықтық
психология ұғымының синонимі деуге болады.
Этнопсихология зерттейтін проблемалар тоқталайық: Этностереотип –
түрлі этнос өкілдеріне ортақ ақыл-ой, моральдық (құлықтық) психологиялық,
дене бітімдерінің біршама тұрақты және тұрлаулы бітістер.
Этноцентриз - әр ұлтқа тән өзімшілік пен менменсудің шектен шыққан
формалары.
Ұлттық тұрпат – ұлтқа тән әдет-ғұрып, таным-сенім, сезім, мінез
ерекшеліктерінің жиынтығы.
Халық рухы - әр ұлттың өзіне тән психикалық ерекшелігі, олардың
психологиялық жүйесінің жиынтығы.
Ұлттық намыс – ұлт өкілдерінің ата-мекенін, тілін, тегін, салт- дәстүрін
ерекше қастерлеп, оның ар-намысын, абыройына кір жуытпай, оны қызғыштай
қарауы.
Ұлттық сана – ұлтты бір-біріне ажырататын саяси-экономикалық, рухани
әлеуметтік қасиеттер жиынтығы.
Дәстүр - әр халықтың әдет-ғұрпына әбден сіңген әдет- ғұрып.
Осы мәселе толық зерттеліп, шешімін таппай жатқан мәселе.
Еліміздің президенті Менің арманым да , мұратым да Қазақстан халқын
бақытқа жеткізу атты сөзінде былай деген: Менің ойымша, қазақтардың
қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей
жатқан тылсым дүние.
Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның
әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына
орайлас жас буынға тәлім – тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге
әкелді.
Жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасы сегіз қырлы,
бір сырлы делінетін қанатты нақыл сөздер мен қисындары.
Ол дегеніміз:
--- көшпелі мал шаруашылығын жете меңгеру;
--- еңбек сүйгіштік пен қиыншылыққа төзе білу;
--- ел намысын қорғау;
--- жаудан беті қайтпау;
--- ата-тегін жадында сақтау;
--- сөз асылын қастерлеу;
--- тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау;
--- ата салтын бұзбау ( жасы үлкенді сыйлау, құдайы қонақтың меселін
қайтармау , көрші хақын жемеу т.б.)
Психологиялық тұрғыдан бір ауыздан болып қауымдасқан жандар үнемі
өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұсынады.
Қоғам өмірінде қазіргі кезде жүріп жатқан терең саяси –
экономикалық өзгерістер халқымыздың баға жетпес рухани байлықтары: тілі мен
ділі, діні мен тарихы, өнері мен әдебиеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен
шаруашылығына ( қол өнері , киім- кешегі, ою-өрнегі, әуез аспаптары, үй
жиһазы т.б.) байланысты небір асылдарды, қысқасы, ұлттың бүкіл болмыс
бітімін (менталитетін) жаңартып, жаңа мазмұнмен байытуда. Әрине, еліміз бен
жеріміздің түпкілікті иегері – қазіргі қазақтардың психологиясында осы
этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын. Өйткені
қазақ этносының қазіргі бүкіл тыныс тіршілігінде, от басындағы әдет-ғұрпы
мен салт-дәстүрі, жөн- жосық, жол-жоралғысында, кең байтақ өлкемізді
біраздан бері мектеп етіп келе жатқан басқа этностар мінездерінің
элементтері де көрініс беріп жүр.
Десе де, біз біреулер айтып жүргендей, жылқы мінезділіктен айрылған
қой мінезді момын, жуас, намысы жаншыған халық емеспіз.
Ж. Аймауытов пен М. Әуезов Қазақтың өзгеше мінездері атты
мақаласында былай деген : Қазақ елі ұйымшыл, әрі жауынгер, биі - әділ,
намысқой, адамы ірі, бітімді, қайратты, сауықшыл ел болған екен. Досымен
достасып, жауымен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да алатын халық
екен.3 .
Қанымызға әбден сіңіп кеткен жағымпаздық пен жалтақтық, даңғазалық
пен ұраншылық, күндікшілік пен күншілдік, арызқойлық пен жалақорлық, бой
күйездік пен салғыттық, жалқаулық пен шалағайлық, осындай келеңсіз
қасиеттер әлі күнге дейін алдымызға оралып, азамат талабына бейімделуге
бөгет жасауда.
Бұл жәйіт еңсемізді көтертпей отыр, осыны саны сезімізден
шығармауымыз қажет.
Қазақ халқы өзінің қадір-қасиеттерін өз ұрпақтарын сақтап келеді.
Сондықтан да қазіргі ұрпақ осынау ұлттық қасиеттерімізді ерекше қастерлеп,
мақтан тұтып, жас өскіндер осы рухта тәрбиеленулері тиіс.
Қазақ тән қасиеттерінің бірі – ол отансүйгіштік.
Халқымыз ата-мекенін аялап, елінің тілі мен мәдениетін, әдебиет пен
тарихын, біртуар аяулы перзенттерін мақтан тұтып, қадірлеп – қастерлеуде.
Руын, жүзін білу мақсаты білуі — ынтымақты ел болуға бағытталған. Ер
азамат үшін туған халқын жан-тәнімен сүю, оның шаруашылығы мен мәдениетінің
өркендеп көркеюіне бар күш- жігері мен білімін, еңбегін жұмсап, үлес қосу
перзенттік парыз болған.
Қаз дауысты Қазыбек-би былай деген: Алтын ұяң – Отан қымбат ... туып
- өскен елің қымбат, кіндік қиып, кір жуған жерің қымбат.
Отан от басынан басталады деген сөз бекер айтылмаған. Отанға деген
сүйіспеншілік өз ата-анасын, өз үрім-бұтағын жанындай жақсы көрмесе,
ержеткенде ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетіні екі талай.
Қазақ перзенті қай жерде жүрсе де өзінің іс-әрекеті, мінез- құлқынан өз
ұлты мен халқына деген сүйіспеншілік қасиеттерін тайға таңба басқандай
айқын байқатып отыруы тиіс. Қазақтар өз ата-бабасының тарихын, шежіресін
біліп, оларды талдап таратуға ерекше мән берген абзал.
Ата-бабаларымыз кең жазира даланы ғасырлар бойы басқыншы жаудан сан рет
қорғап, өзінің шыбын жанын пида еткен.
Халқымыздың батырлары: Қабанбай, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Кеңесары
мен Бауыржанды қадір тұтып, қастерлейміз.

Қазақ халқына тән қасиеттердің бірі – намысқойлық – осы қасиетті кішкентай
балалардың бойына сіңдіру – ұстаздаң бірден-бір маңызды жұмысы.

Намысқойлық дегеніміз – бұл әр этностың өз халқының ар- ожданын,
имандылық қадір-қасиетін көздің қарашығындай сақтай білуі мен қажетті
жерінде бұл үшін жанын пида етуден көрінетін қасиет.
Қазақ халқы Арым жанымның садақасы,- деп ар намысты бәрінен де жоғары
бағалаған. (Мысалы, М. Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасы )
Ұлы Отан соғысында 100 жуық жауынгерлер Совет Одағының Батыры Атағын
алған.
1986 жылы 17-18 желтоқсанда қазақ жастары жүрек әмірімен ұлттық намысты
қорғап, Д. Қонаевты жұмыстан алғанда орнына Қазақстанның басшысы ұлты
қазақ, не Қазақстандық болмады деп заңды талап қойды .
Қайрат Рысқұлбеков өмірін қазақ қыздарының намысы үшін қыйды. Оның сөзі
Атам десең атыңдар, Еркек тоқты құрбандық нақыл сөз болып , ұлт намысын
қорғаудың тамаша ұраны болды.
Сауда-саттықпен айналысып жүргендер, ер намысын ойлап жүрген жоқ.
Өз ұрпағын ата-баба рухында тәрбиелеп, ұлттық намысты ту етіп ұстаған
халқымыз Қоянды намыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді деген ұғымды үнемі
еске сақтап келді. Қазақ халқы тоғыз жаудан аулақ бол дейтін: жалқаулық,
аңқаулық, жасқаншақтық, суайттық, өсекшілдік, мақтаншақтық, бөспелік,
араққорлық, намысы жоқтық.
Шешендік. Халқымыздың жайсан психолгиясын аса биіктен көрсететін
ұлттық ерекшеліктерінің бірі – суырып салма шешендік. Бейнелі, астарлы,
тұспалдап айтатын шешендік сөзге аса үйір халық екендігіміз туралы Ш.
Уалиханов былай деген: Қазақ шешендікке құмар, сөз өнерін, әсіресе әзіл-
оспақты жаны сүйеді 4. Халқымыз сөз құдіретінің психологиялық астарын
жақсы аңғарған. Оған куә мына мақалдар: Тіл тас жарады, тас жармаса бас
жарады. Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.
Шебер де, шешен сөйлей білу – адамның асыл қасиеттерінің бірі
есептелініп, мұны олар өзгелерге психологиялық жағынан әсер етудің ерекше
құралы, тәсілі деп санаған.
Шешендік өнер дарыған кісі отаншыл, елінің салт-санасын, әдет-
ғұрпын жетік білетін ұшқыр ойлы, орақ ауыз, от тілді, күміс көмей болып
келеді. Ол халқының бастан өткізген, тар жол, тайғақ кешулерін, арман
тілегін, мұң зарын, өмірлік құндылықтарын бірер тіркеспен ғана тайға таңба
басқандай етіп, яғни тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін ғана айтады.
Қазақтың бұндай қасиетін басқа елдің ұлт өкілдері көре білген . мысалы:
Қазақтар өз өнеріне жетік келеді. Бұл қасиет жұрттың бәріне де, оқыған
білімділерге де, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да жарлыға да тән
қасиет, - деген неміс саяхатшысы А. Брем (1929-1884).
Шығыстанушы П.М. Мелиоранский (1868-1906) былай деген: Қазақтар
шешен, әрі әдемі сөйлеудің шебері. Көне түркі жазбаларын зерттеген С.Е.
Молов Меморанскийдің ойын былай жалғастырған: Түркі халықтарының ішіндегі
суретшіл, образды тіл – қазақ тілі.
Б. Момышұлы: Біздің туған тіліміз бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан
жүйені жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді
тіл, - деген.
Бүкіл халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік нормаларды жан жүйесі
тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтың психологиясының
зерттеу нысанасы болып табылады.
Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық
дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғасатын
адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық еңбек, дене т. б. тәрбие түрлеріне
қатысты тантаурынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностық
жалын мінез-құлқы, іс - әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық
психология – психика мен мінез – құлықтың заңға сіңген, тез өзгеріп, не
жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің
жемісі.

Адамгершілік құндылықтар бала бойына үлкен мен кішінің арасындағы
шынайы қарым-қатынас кезінде дариды. Көзге көрінбейтін, өте нәзік сезімді,
аса құнды қасиеттерді жүректен-жүрекке үзбей жеткізу тек шебер тәлімгердің
қолынан ғана келеді.
Бірақ біз, педагог қауымы, бала жанының бағбаны бола алып жүрміз бе?
Жүрегі таза, ниеті ақ, пейілі кең, пәк періште күйінде мектеп
табалдырығынан жаңа аттаған жас бүлдіршін азамат қатарына қосылып кетіп
жатыр ма? Міне, осындай сұрақтар кімді болса да мазалайтыны даусыз.
Өйткені, қоғамдағы жат қылықтар қайдан шығып жатыр?
Қарапайым мысалға жүгінсек, мектепке келген кезінде сондай сүйкімді,
тілалғыш, жүрегі таза, сезімі пәк жас бүлдіршін орта немесе жас буынға
келгенде неге өзгеріп сала береді? Сондықтан мына бала қандай еді, қалай
өзгеріп кетті? Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды? Неге
озбырлық жасауға бейім болып алды? - деген сияқты сауалдар алдыңнан көсе-
көлденеңдейді.
Әрине, оның себептерін жан-жақтан іздеуге болады. Ата-анасын, жүрген
ортасын қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы
бар. Олардың барлығы бір мақсатта болғанымен, бір ойдан шығуы мүмкін емес
қой деген пікірдің де туындауы ғажап емес. Бірақ баланың қалыптасуына ықпал
етіп, дамуына үлес қосатын мұғалімнің есте ұстар жағдайлары жетерлік. Енді
солардың ішіндегі негізгілеріне тоқталып өтелік.
Балаға жүрек жылуы қашанда қажет және ол ешқашанда артық болмайды. Ата-
анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала “менің ата-анам да
осындай болса”, деп армандауы мүмкін. Мұғалімді тек жақсы қырынан таныған
оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді.
Тақтаға жазу сызып, қолына әліппе алып, мектеп қабырғасында оқушы
балаларға Ыбырай Алтынсарыұлы тәрізді дәріс бермесе де, ұлы ақын Абай
Құнанбаевтың педагогикалық мұрасы ұшан-теңіз. Абайдың қара сөздерінде,
өлеңдерінде көтерілетін мәселелер көп. Мәселен, оқу, өнер-білім, тәлім-
тәрбие, адамгершілік, мінез-құлық, кісілік, еңбек, шаруа, кәсіп пен
ұстаздық жайлары, дін, дүниетану, ел өмірі, экономикалық ахуал, әл-ауқат,
ел билеу тәртібі, қазақ даласындағы саяси әлуметтік жағдай жан-жақты
қарастырылып, сарапталады, анықталады.
Ақын-философ, тәрбиеші-ғалым Абай мұраларының өлместігін,
өміршеңдігін сөз етіп қана қоймай, бүгінгі таңдағы нарықтық-экономикалық
қатынастар кезеңіне сай келіп отырған қара сөздері мен өлеңдеріне тереңірек
үңілу, үйрену, жастарға Абай әлеміне жол сілтеу артық болмас.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра ескермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім,
-деп Абай басынан өткен жағдайын айта отырып, жастарға өсиет арнайды,
оқу-білімді ерте меңгеруге шақырады.
Абай философиясында әрқашанда адамгершілік талаптары бірінші қатарда
тұрады, оны ақын шығармасының қайсысын алсаңыз да, бірден түсінесіз.
Интернатта оқып жүр өлеңінде:
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге, - дейді.
Енді бір өлеңінде ұлы ақын жас кезінде өмірден өз орныңды тап деп
ақыл-кеңес айтады:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.
Адал еңбек текке кетпейтінін түсіндіре келіп, ақын былайша өсиет
айтады:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
Адамзат жанның жыршысы бола білген Абай еңбектерінде жаста тәлім-
тәрбиесі туралыы айтылған тұжырымдар мен қағидалар, көзқарастар өте көп.
Ұстаздық өнердің қиындығы мен қызығы, жауапкершілігі тұрғысында да көп
жазған. Әсіресе, еңбекке шақырғаны, оқып білім алуға үндеуі нарықтық
экономика заманында ерекше мәні бар тұжырымдар. Оқып қараңызшы:

Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған
Жас ұрпақтың құлық тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мінез
ерекшеліктерінің алатын орны зор. Ұлттық қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отыр. Тәртіп
пен мінез ерекшеліктері өзгеріп отырады. Олар халқымыздың өмір сүру
жағдайына, әлеуметтік -экономикалық және географиялық ортасының шарттарына
байланысты қалыптасады.
Халқымыздың рухани бейнесін бір жағынан әдебиет, өнер, ғылым, екінші
жағынан мінез-құлық, ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар т.б. бейнелейді. Ұлттық
мінез-құлық ерекшеліктері адамдардың біріккен өмірі мен күресінде,
әлеуметтік, табиғи-географиялық материалдық мәдени жағдайының шарттарына
лайықты қалыптасты. Соның әсерінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердің психикалық денсаулық көрсеткіштерінің мәні
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру шарттары
Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды тәрбиелеу мәселесі
Тәрбиеленушілердің зияткерлік дамуының мәселелері
«Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Тәрбиенің мәні және оның жалпы заңдылықтары мен принциптері
Жетім балалар үйіндегі балалардың әлеуметтенуінің анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіші
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Пәндер