Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері жайлы



КІРІСПЕ

1. Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері. Кәсіби аурулар себебтері.
2. Өндіріс орындарын желдету әдістері.
3. Желдетуді есептеу тәсілдері.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
«Еңбек қорғау» пәні арнаулы сабақ ретінде қоғам тану және мамандық алудың негізгі пәндерімен тығыз байланысты.Еңбек қорғау пәнінің келешек мамандар үшін үлкен мәні бар. Бұл пәннің негізгі мақсаты болашақ мамандарды еңбек заңымен өндіріс санита-риясымен, техника қауіпсіздігімен және өрт қауіпсіздігінің негіздерімен таныстыра отырып, өндіріс жағдайында төніп тұрған қауіп-қатерді көре білуге және оны болдырмаудың шараларын оқып үйретеді.Бұл пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер мынаны білулері керек: «Еңбек қорғау» туралы нормативті-провалық құжаттарды, қауіпті-қатерлі өндіріс факторларын және оның адам организміне әсері, оларды қалыпты мөлшерге келтіру әдістерін, еңбек қорғау жұмысын ұйымдастыру,өндіріс ортасының әр саласында еңбек етушілердің қауіпсіздігін қорғау әдістерін т.б.
1. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» 15.05.2007 ж.
2. М.Б. Базаршин «Еңбек қорғау пәнінен студенттерге арналған қысқаша дәрістер» Семей 1994.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
4.Қ.Т.С.Ж “Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және тіркеу ережелері

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Геодезия және құрылыс кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: 1. Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері. Кәсіби аурулар себебтері. 2. Өндіріс орындарын желдету әдістері. 3. Желдетуді есептеу тәсілдері.

Орындаған: Сулейменов Е.М,СТ-309 тобы
Тексерген: Бейсебаев Ш.Т.

Семей 2015

Жоспар

КІРІСПЕ

1. Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері. Кәсіби аурулар себебтері.
2. Өндіріс орындарын желдету әдістері.
3. Желдетуді есептеу тәсілдері.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Еңбек қорғау пәні арнаулы сабақ ретінде қоғам тану және мамандық алудың негізгі пәндерімен тығыз байланысты. Еңбек қорғау пәнінің келешек мамандар үшін үлкен мәні бар. Бұл пәннің негізгі мақсаты болашақ мамандарды еңбек заңымен өндіріс санита-риясымен, техника қауіпсіздігімен және өрт қауіпсіздігінің негіздерімен таныстыра отырып, өндіріс жағдайында төніп тұрған қауіп-қатерді көре білуге және оны болдырмаудың шараларын оқып үйретеді. Бұл пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер мынаны білулері керек: Еңбек қорғау туралы нормативті-провалық құжаттарды, қауіпті-қатерлі өндіріс факторларын және оның адам организміне әсері, оларды қалыпты мөлшерге келтіру әдістерін, еңбек қорғау жұмысын ұйымдастыру,өндіріс ортасының әр саласында еңбек етушілердің қауіпсіздігін қорғау әдістерін т.б.

Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.
Өндірістік жарақат-тану (зардап шегу) - дегеніміз белгілі бір топтар-дағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралығындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы.
Өндірістік жарақат-танудың себептері.

Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:
Монографиялық(моно- жеке) әдіс жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты. Топографиялық сараптау әдісі жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Статистикалық(салыстырмалы) сараптау әдісі мекемелердің, шаруашылық-тардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика, министерство көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс-тің негізгі көрсеткіштері - жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффициенттері - кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сандық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.
Экономикалық әдіспен - өндірісте болған жазатайым оқиғалардың шығынын есептеуден бастап, еңбекті қорғауға жұмсалған қаржылардың тиімділгін есептеп шығару арқылы жүргізіледі.
Шб=Σ Шж+ Σ Шк.а; мұндағы
Шб - барлық шығын;
Σ Шж - есеп мерзіміндегі жарақаттан келген барлық шығын;
Σ Шк.а - есеп мерзіміндегі кәсіби аурулардан келген барлық шығын
Кәсіби аурулардың себептері.
Кәсіби ауру дегеніміз- өндірістегі зиянды факторлардың аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт бойы әсер етуінен еңбеккердің денсаулығының нашарлап, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін аурулар.
Кәсіби зияндылықтар еңбеккердің денсаулығына келтіретін әсеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:
1) Өндірісте пайланылатын жабдықтар мен материалдардың ерекшеліктеріне байланысты
2) Өндірістегі еңбек кестесіне, ережесіне, еңбек ету ерекшеліктеріне байланысты.
3) Жұмыс бөлмелерінде метеорологиялық жағдайлары мен санитарлық- гигиеналық жағдайларына байланысты
4) Өндірістік саланың ерекшеліктеріне байланысты

Өндіріс орындарын желдету әдістері.
Бөлмелерде санитарлық -- гигиеналық және технологиялық талаптарды қанағаттандыратын ауа ортасының қалыпты параметрлерін қолдау үшін желтдеткішті орнатады. Желдеткіш - технологиялық үрдістің тиесілі өтуі немесе адам ыңғайының тұрғысынан ауа ортасының қажетті күйік бөлмеде ұстану үшін, бөлмеде есепті ауаалмасуды қамтитын ұйымдастыру шаралары мен техникалық құрылғылар байланысы.
Қазіргі уақытта еңбекті қорғау мен жағдайларын жақсарту, оның ғылыми ұйымдастырылуы, еңбек етушілер денсаулығын сақтау мәселелері өте өзекті. Мәнді назар сондай-ақ ауа қауызын сақтауға да бөлінеді. Бұл мәселереді желдету жүйесінің тиімді жұмысынсыз шешу мүмкін емес.
Өндірістін ғимараттарда желдету жүйелері арнайы ерекшеліктерге ие. Өндірістік желдету жобасын орныдаудың негізгі мәселесі - еңбек шарттарын жақсартуға, оның өндірушілігі мен шығарылатын өнім сапасының жоғарылауына, кадрлар ағысының төмендеуіне, өндірістін жарақаттану мен кәсіби аурулардың төмендеуіне көмектесетін желдету жүйелерінің әсерлі тиімді жұмысын қамту, өндірітіп аурулардан қоршаған ортаны қорғау. Жүйе жұмысының тиімділігі көбінесе инженерлік есептеулерді толтырудың дұрыстығына, жаңа жабдықтарды, автоматтандыру құралдарын, қолдану шарттарын пайдалануға байланысты.
Ауа ылғалдылығы мен температура технологиялық үрдістерді жүргізу талаптарына сәйкес келуі керек, ал ауаалмасу бөлінетін зияндықтарды толықтай ассимилдеуі керек. Ауаалмасуды ұйымдастыру әдісі өндірістін бөлмелерді белгілеуге байланысты.
Адам мен қоршаған орта арасындағы үздіксіз жылу алмасу процесі жүріп жатады. Микроклиматтың өзгеруі адамның жылу алмасу процесіне тікелей қатысатын - қан айналу, нерв және тер шығару жүйелеріне әсер етеді. Яғни адам ағзасының шектен тыс ысуы немесе салқындауы организмнің бірқатар ауыруын тудырады.
Ыстықтан - адам денесі температурасы көтеріледі, жүрек соғуы жиілейді, денесі қатты терлейді, ал ыстық соққан кезде - артериялдық қысым төмендеп, дене қозғалысы бақылаудан қалып, адам есінен айырылады. Қатты терлегеннен организмдегі су - тұз тепе-теңдігі бұзылып, бас ауырып, әлсіздік пайда болып, қол-аяқ дірілі байқалады.
Суық немесе өте төмен температурадан адам денесі тоңазып, үсіп қалуы мүмкін. Адам денесі ұзақ уақыт тоңыазыса, одан, бұлшық ет жүйесі, нерв жүйелері, буындары - неврит, радикулит, ревматоиттық ауруларға ұшырайды.
Сыртта жұмыс істегенде суықтан қорғану әдістері:
- жылы арнайы киімдерді пайдалану;
- жұмыс арасында жылынуға үзіліс жасау. Ол үшін арнайы жабдықталған бөлмелер болуы қажет.
Бөлмені (жұмыс орнын) жылыту әдістері:
- орталықтандырылған
- немесе жеке орнын жылыту
Жылытатын ортасына байланысты:
Сумен, бумен, ауамен жылыту қондырғылары.
Сыртқы есіктерден бірден ішке суық ауа кірмес үшін тамбурлар мен шлюздердің болуы. Ол жерлерге жылы ауа перделерін ұйымдастыру. Ғимараттарда адамды ыстық микроклиматтан қорғау әдістері:
Бөлмені салқындату - желдету қондырғыларын орнату. Олар да:
- жеке жұмыс орнының ауасын алмастыратын
- жалпы бөлме ауасын алмастыратын болып бөлінеді.
Ауа алмастыру әдісіне байланысты:
а) - ыстық ластанған ауаны сыртқа сорып шығаратын (суық ауа есік терезе немесе арнайы саңлылаулардан, тесіктерден кіреді);
б) - сырттан суық ауаны қысыммен кіргізетін;
в) - немесе осы екі әдісті қосарлап пайдалану арқылы;
Ауа қозғалысын ұйымдастыру әдісіне байланысты:
Табиғи:
- желдің қысымы арқылы;
- сыртқы және бөлме ауасының қысымының айырмасына байланысты ауа қозғалысын тудыру;
Жасанды:
-желдеткіш қондырғыларды пайдалану;
Бөлмедегі ауаны жылыту әдістері
Ыстық микроклиматты цехтарда - адамдарға жағдай жасау әдістері.
1.Жалынды, ыстық беретін қондырғыларды оқшаулау немесе адамның сол аймақта болмауын қамтамасыз ету;
а) Технологиялық процесті өзгерту
б) Ыстық заттармен адам жанаспас үшін, барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.Кәсіби ауру себептері.Өндіріс орындарын желдету әдістері.Желдетуді есептеу тәсілдері
Өндірістік жарақаттану туралы
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.Кәсіби аурулар себебтері. Өндіріс орындарын желдету әдістері. Желдетуді есептеу тәсілдері
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы
Өндірістік жарақаттану
Өндірістік жарақаттану жайлы
Еңбек қорғаудың құқықтық – ұйымдастырушылық мәселелері
КПО өндірістік жарақаттанудың статистикалық талдауы
Өндірістік жарақаттануды талдау әдістемесі
Пәндер