Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 тарау. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері.
1.1. Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ...15

2 тарау. Міндеттемелерді орындау.
2.1. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері ... ... ... ... .18
2.2. Міндеттемені орындау субъектілері және орындауға қатысты
мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

3 тарау. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің
жалпы мәселелері.
3.1. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін азаматтық құқықтық
жауапкершіліктің ұғымы және негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
3.2. Міндеттемелерді бұзғаны үшін азаматтық . құқықтық
жауапкершіліктің түрлері және мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
3.3. Міндеттемені тоқтатылудың түсінігі және құқықтық
реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
К і р і с п е
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының өзіндік мәні бар және қасиеті болғанымен, оларды міндеттемелер деп бөліп қарауға болмайды. Құқықтар мен бостандықтар міндеттермен өте тығыз байланысты. Азаматтар өздеріне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындағанда ғана құқықтары мен бостандықтарын толығынан жүзеге асыра алады. Сондықтан міндеттердің орындалуы жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 12 бабының 3 тармақшасында былай делінген: «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып міндетгер атқарады».
Осы тармақта адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі ерекшеленген. Егер адам құқығы тумысынан жазылған болса, азаматтың құқықтық кепілі пайда болады. Азаматтың құқықтық мәртебесінен табиғи түрде адам құқығы, сондай—ақ жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілдігі негізіне қызмет ететін, азамат пен оның мемлекеті арасындағы ерекше билік қатынастарын қоғамдық шарттар түрінде белгілейтін саяси құқықтары мен міндеттер кешені кіреді. Азаматтың мәртебесі, осы аталғандарға қоса тек құқықтар ұғымын ғана емес міндеттер ұғымын қамтиды. Айталық азамат иеленген саяси биліьске деген құқығы. Осы адамға қатысты құқығының екінші жағы ретінде арнаулы міндетінің болуы қажеттігімен де ерекшеленеді.
Осыған орай азаматтық зандар Конституцияларға негізделіп қабылданады. Бұлар Қазақстан халқының ой — еркін білдіреді, мемлекетіміздің тәуелдсіздігінің негізін қалап, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын баянды етеді.
Құқықтық мемлекет құру барысында қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі зандармен реттеледі, соның ішінде азаматтық заңдар мен мүліктік және мүліктік емес жеке қоғамдық қатынастары реттеледі. Соның бір институты ретінде міндеттемелер жатады.
Ғ.И.Төлеуғалиев міндеттемелік құқықты былай тұжырымдайды: "Міндеттелмелік қатынасты реттейтін азаматтық құқықтың қосалқы саласы болып табылатын, азаматтық-құқықтық норомалардың жиынтығы — деп аталады" — дейді.
Міндеттемелік құқық өте күрделі болып келеді, оны біз жүйелі түрде, зандарды, әдебиеттерді пайдалана отырып күрделі мәселелерді қарастырамыз. Біздің мақсатымыз осы азаматтық құқықтағы міндеттемелерді тереңірек талқылап, оның мән -мағынасын тану. Міндеттемілік құқықтың бір ерекшелігі, ол қоғамдағы қалыпты қатынастарда және де қандай да бір қарым қатынастың бұзылғанын реттейді. (Қорғалатын міндеттемелер, міндеттемелердің орындалмауына жауапкершілік, міндеттемені қамтамасыз ету).
Міндеттемелер, азаматтық қарым қатынастарда, қоғамда маңызды рөл атқарады. Олсыз құқықтық тәртіпте, даму да болмас еді, бір һауыс (тәртіпсіздік) орын алар еді.
Қазіргі уақыттағы Қазақстанда міңдеттемелік құқық тоқтаусыз ұлғаюда, қоғамдық қарым - қатынастың үлкен шеңберін реттеуде.
Нарықтық экономикаға өткенде, қаңдай — да болмасын барлық маңызды институтт ардың өзгеруіне әсер етуде, өмірге жаңа міндеттемелерді шақырады, бұрынғы бар, болған міндеттемелердің түбегейлі өзгеруіне ықпал жасайды.
Азаматгық құқыққа бүрын мәлім болған бір жақты шарт түрі, конкурс, мемлекеттік меншікті жекешелендіруде, жылжымайтын мүліктің ипотекасы, мемлекеттік тапсырыс ұсынуда, банкроттық жағдайда қолданылуын табуда. Біз міндеттемелердің теориялық мәселелерін және оның қолданылуын ашып көрсетеміз.
Азаматтық кодексте міндеттемелік құқық екі бөлімге бөлінген. а)"Міндеттемелік құқық" (екі бөлімшеден: "Міндеттеме туралы жалпы ережелер" және "шарт туралы жалпы ережелерден тұрады"). ә)"Міндеттемелердің жекеленген түрлері".
Сонымен міндеттемелік құқықтың қосалқы саласы азаматтық-құқықтық нормалардың белгілі - бір бөлігін құрайды. Міндеттемелік құқықтың қосалқы саласы азаматтық - құқықтық нормалардың белгі — бір бөлігін құрайды. Міндеттемелік құқықтың жалпы бөлімі бар, ол барлық немесе көптеген міндеттемелерге қолданылатын ережелерді бекітеді. Ерекше бөлімнің әр тарауы міндеттеменің жекеленген түрлерін реттейді. Міндеттемелік құқықтың ерекше бөлімінің нормалары қосалқы заң құжаттарынан тұрады. Оның өзі азаматтық кодекстің тиісті тараулар мен қаралмай қалған міндеттеменің бір қатар түрін реттейді.
Міндеттемелік құқықтың көптеген қатынастары азаматтық кодекске тәртіптелгенін айта кету керек.Осыңдай нормалардың саны мейлінше көп, олар меншік, мұрагерлік, авторлық және тағы басқа қатынастарды реттейтін азаматтық - құқықтық институттар құрамына енеді.
Біз міндеттемелік құқықтың ұғымын, негіздерін және түрлерін міндеттеменің орындалуын оның бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің жалпы мәселелерін және міндеттеменің тоқтатылуын қарастырамыз.
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Алматы, "Жеті — жарғы", 1998 ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, жалпы және ерекше бөлімдер, "Юрист" баспасы, 2001 ж.
3. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы 22-желтоқсан. 1995 ж.
4. "Банкроттық туралы " Қазақстан Республикасының заңы 21-қаңтар. 1997 ж.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясына түсініктеме, ред. басқарған Сапарғалиев F. Аударған С.Бақтыгерейүлы — Алматы: Жеті — жарғы, 1999 ж.
6. Сапарғалиев F. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқулық- Алматы, Жеті — жарғы.1998ж.
7. Гражданский кодекс Республики Казахстан. общая часть, коментарии. Алматы, Жеті — жарғы, 1-2 том, 1998 г.
8. Мемлекет және құқық негіздері. Н.Дулатбеков, С. Амандықова, Астана. Фолиант. 2001ж.
9. Е.Баянов. Мемлекет және құқық негіздері, оқулық, Алматы, Жеті — жарғы, 2001 ж.
10. Шарттар жинағы, құрастырған Р.А.Темірғалиева. Алматы, Әділет, 2001 ж.
11. Алексеев С.С. Проблемы теорий права М. Ч.-І. 1992г.
12. Гражданское право, в 2-х том,уч для вуз, Е.А. Суханов 2-е изд. I перераб и доп. М. издателство БЕК, 2000г.
13. Төлеуғалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы-Алматы: Қаз МЗА, 2001ж.
14. Сапарғалиев F. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері-Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994ж.
15. Булгакова Д.А. Теория государства и права (уч.методичекое пособие)- Алматы, Дәнекер. 2001 г.
16. Лазарев В.В., Липеть С.В. Теория государстваи права: учебник для вуз. - М. "спарк" 1998г.
17. Мемлекет және құқық теориясы. Окулық. Қ.Д.Жоламан, А.Қ. Мұхтарұлы. Алматы, Қаз М.З.У. 1999 ж.
18. З.О.Ашитов Егемен Қазақстан құқығы, Алматы, жеті — жарғы, 1997ж.
19. Гражданское право, 1-том уч. для вуз: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы, КазГЮА 2000г.
20. Гражданско-правовая ответственность. Васькин В.В., Овчиников И.Н. 1998г.
21. Гражданское право. Под ред. доктора профессор юридических наук А.П. Сергеева. Санкт-Петербург 1996г.
22. Основы гражданского право. М.Г.Маркова.
23. Гражданский Кодекс РК коментарии. Общая часть. Алматы. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин.
24. Гражданское право. Е.А.Суханов.
25. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, "Әділет- Пресс", 1997г.
26. Гражданское право. Учебник/Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. М.,1997г.
27. Юридическая ответственность и законность. Братусь С.Н. Москва. Гражданское право, часть в*торая в вопросах и ответах. Москва юристь 2001г.
29. Алексеев С.С. Проблемы теории права- М., 1972г.
30. Гражданский Кодекс РК толкование и комментирование, Алматы, 1997 г.
31. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Ғ.Сапарғалиев. 1995ж.
32. Гражданская правовая ответственность за пречинение вреда. Теория и практика. Белякова М.А. 1996г.

РЕЦЕНЗИЯ

Дипломант__________________________ ___________________________ жазған
дипломдық жұмысы Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау
негіздері институтының шығармашылық жұмысы болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңдағы маңызды тақырыптардың бірі
болып табылады. Автор өз жұмысында міндеттемелік құқықтың ұғымын, негіздері
және түрлерін анықтаған.
Студент ________________________Міндеттемел ерді орындаудың ұғымы мен
принциптеріне баса назар аударған.
Дипломдық жұмыс жаңа арнайы әдебиеттерді пайдаланып міндеттеменің
бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің жалпы мәселелері, міндеттемені
бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ұғымы және негіздерін
Қазақстан Республикасы заңдары мен нормативтік актілерін пайдаланып жазған.
Негізгі қарастырылып жатқан міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету
мәселелеріне анализ жасалынған.
Дипломдық жұмыстың айта кететін жеріне міндеттемені тоқтатылудың
түсінігі және құқықтық реттелуін анықтаған.
Дипломдық жұмыс әдістемелік талаптарды дұрыс пайдаланған және жақсы
деген бағамен бағаланады.

Студент __________________________ жазған
дипломдық жұмысына

ПІКІР.
Дипломант __________________________ өз жұмысын Азаматтық істер
бойынша міндеттемелерді орындау негіздері тақырыбына арнаған. Тақырып
аясында 3 тараудан тұратын жоспар түзілген. Бірінші тарауда міндеттемелік
құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері қарастырылған. Екінші тарауда
міндеттемелерді орындау, соның ішінде міндеттемелерді орындау ұғымы мен
принциптері, міндеттемені орындау субъектілері және орындауға қатысты
мәселелер, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес нормативті заң актілерін пайдаланып
жазылған. Ал үшінші тарауда міндеттеменің бұзылғандығы үшін
жауапкершіліктің жалпы мәселелері, міндеттемені бұзғаны үшін азаматтық-
құқықтық жауапкершіліктің түрлері және мөлшері, міндеттемені тоқтатудың
түсінігі және құқықтық реттелуі жазылған.
Тақырып бойынша тәжірибелік мысалдар жеткілікті. Жалпы алғанда
дипломдық жұмыс жақсы жазылған және қорғауға жіберілсін.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 тарау. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері.
1.1. Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Міндеттеменің пайда болуының құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ...15
2 тарау. Міндеттемелерді орындау.
2.1. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері ... ... ... ... .18
2.2. Міндеттемені орындау субъектілері және орындауға қатысты

мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..21
2.3. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3 тарау. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің
жалпы мәселелері.
3.1. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін азаматтық құқықтық
жауапкершіліктің ұғымы және
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
3.2. Міндеттемелерді бұзғаны үшін азаматтық - құқықтық
жауапкершіліктің түрлері және
мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
3.3. Міндеттемені тоқтатылудың түсінігі және құқықтық

реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .46
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..48
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .51

К і р і с п е
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының өзіндік мәні бар және
қасиеті болғанымен, оларды міндеттемелер деп бөліп қарауға болмайды.
Құқықтар мен бостандықтар міндеттермен өте тығыз байланысты. Азаматтар
өздеріне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындағанда ғана құқықтары мен
бостандықтарын толығынан жүзеге асыра алады. Сондықтан міндеттердің
орындалуы жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету
үшін қажет.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 12 бабының 3 тармақшасында
былай делінген: Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға
ие болып міндетгер атқарады.
Осы тармақта адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі ерекшеленген. Егер
адам құқығы тумысынан жазылған болса, азаматтың құқықтық кепілі пайда
болады. Азаматтың құқықтық мәртебесінен табиғи түрде адам құқығы, сондай—ақ
жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілдігі негізіне
қызмет ететін, азамат пен оның мемлекеті арасындағы ерекше билік
қатынастарын қоғамдық шарттар түрінде белгілейтін саяси құқықтары мен
міндеттер кешені кіреді. Азаматтың мәртебесі, осы аталғандарға қоса тек
құқықтар ұғымын ғана емес міндеттер ұғымын қамтиды. Айталық азамат иеленген
саяси биліьске деген құқығы. Осы адамға қатысты құқығының екінші жағы
ретінде арнаулы міндетінің болуы қажеттігімен де ерекшеленеді.
Осыған орай азаматтық зандар Конституцияларға негізделіп қабылданады.
Бұлар Қазақстан халқының ой — еркін білдіреді, мемлекетіміздің
тәуелдсіздігінің негізін қалап, азаматтардың негізгі құқықтары мен
бостандықтарын баянды етеді.
Құқықтық мемлекет құру барысында қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі
зандармен реттеледі, соның ішінде азаматтық заңдар мен мүліктік және
мүліктік емес жеке қоғамдық қатынастары реттеледі. Соның бір институты
ретінде міндеттемелер жатады.
Ғ.И.Төлеуғалиев міндеттемелік құқықты былай тұжырымдайды:
"Міндеттелмелік қатынасты реттейтін азаматтық құқықтың қосалқы саласы болып
табылатын, азаматтық-құқықтық норомалардың жиынтығы — деп аталады" — дейді.
Міндеттемелік құқық өте күрделі болып келеді, оны біз жүйелі түрде,
зандарды, әдебиеттерді пайдалана отырып күрделі мәселелерді қарастырамыз.
Біздің мақсатымыз осы азаматтық құқықтағы міндеттемелерді тереңірек
талқылап, оның мән -мағынасын тану. Міндеттемілік құқықтың бір ерекшелігі,
ол қоғамдағы қалыпты қатынастарда және де қандай да бір қарым қатынастың
бұзылғанын реттейді. (Қорғалатын міндеттемелер, міндеттемелердің
орындалмауына жауапкершілік, міндеттемені қамтамасыз ету).
Міндеттемелер, азаматтық қарым қатынастарда, қоғамда маңызды рөл
атқарады. Олсыз құқықтық тәртіпте, даму да болмас еді, бір һауыс
(тәртіпсіздік) орын алар еді.
Қазіргі уақыттағы Қазақстанда міңдеттемелік құқық тоқтаусыз ұлғаюда,
қоғамдық қарым - қатынастың үлкен шеңберін реттеуде.
Нарықтық экономикаға өткенде, қаңдай — да болмасын барлық маңызды
институтт ардың өзгеруіне әсер етуде, өмірге жаңа міндеттемелерді шақырады,
бұрынғы бар, болған міндеттемелердің түбегейлі өзгеруіне ықпал жасайды.
Азаматгық құқыққа бүрын мәлім болған бір жақты шарт түрі, конкурс,
мемлекеттік меншікті жекешелендіруде, жылжымайтын мүліктің ипотекасы,
мемлекеттік тапсырыс ұсынуда, банкроттық жағдайда қолданылуын табуда. Біз
міндеттемелердің теориялық мәселелерін және оның қолданылуын ашып
көрсетеміз.
Азаматтық кодексте міндеттемелік құқық екі бөлімге бөлінген.
а)"Міндеттемелік құқық" (екі бөлімшеден: "Міндеттеме туралы жалпы ережелер"
және "шарт туралы жалпы ережелерден тұрады"). ә)"Міндеттемелердің
жекеленген түрлері".
Сонымен міндеттемелік құқықтың қосалқы саласы азаматтық-құқықтық
нормалардың белгілі - бір бөлігін құрайды. Міндеттемелік құқықтың қосалқы
саласы азаматтық - құқықтық нормалардың белгі — бір бөлігін құрайды.
Міндеттемелік құқықтың жалпы бөлімі бар, ол барлық немесе көптеген
міндеттемелерге қолданылатын ережелерді бекітеді. Ерекше бөлімнің әр тарауы
міндеттеменің жекеленген түрлерін реттейді. Міндеттемелік құқықтың ерекше
бөлімінің нормалары қосалқы заң құжаттарынан тұрады. Оның өзі азаматтық
кодекстің тиісті тараулар мен қаралмай қалған міндеттеменің бір қатар түрін
реттейді.
Міндеттемелік құқықтың көптеген қатынастары азаматтық кодекске
тәртіптелгенін айта кету керек.Осыңдай нормалардың саны мейлінше көп, олар
меншік, мұрагерлік, авторлық және тағы басқа қатынастарды реттейтін
азаматтық - құқықтық институттар құрамына енеді.
Біз міндеттемелік құқықтың ұғымын, негіздерін және түрлерін
міндеттеменің орындалуын оның бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің жалпы
мәселелерін және міндеттеменің тоқтатылуын қарастырамыз.
I тарау. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері

1.1. Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері

Міндеттеменің ұғымы. Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды
негізі не? Біз оны қалай түсінеміз? Бұл туралы Азаматтық кодексінің 268-
бабында: Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие
берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты
белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға
міндетті, ал несие беруші борышқордан аз міндеттерін орындауын талап етуге
құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті, - деп
атап көрсетеді. Демек, міндеттеме — азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі.
Ал, талап етумен міндеттеме несие беруші мен борышқорғау өзара
жауапкершілік жүктейтін екі жақты: құқықтық қатынасқа жатады. Екі жақты
құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда — талап ету (белсенді
жағы), борышқор жағынан алып қарағанда — міндеттемелік (бәсең жағы) болып
есептеледі.
Заңгерлер: талап етуді Міндеттемелік құқық деп атайды. Бұл — екі
жақты құқықтық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгенше құқылы деген сөз.
Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік
құрамдас бөліктері болады: олар — субъект, мазмұн және объект.
Ал, енді міндеттеменің субъектілері кімдер? Бұл туралы азаматтық
кодексін тағы да сол 268 — бабында тайға таңба басқандай: Міндеттеменің
субъектілері: борышқор мен несие беруші — деп жазылған. Осы екі субъектіге
нактылы анықтама беретін болсақ, борышқор — белгілі бір әрекетті жүзеге
асыруға міндетті, немесе, тұратын жақ; несие беруші — борышқордан
мойнындағы міндеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер заң құжаттарында
басқаша көрсетілмесе, бұлар — азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекеттің
мігндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік атаулар мен нұсқаланады.
Азаматтық кодекстің 269 — бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор
ретінде міндеттемеге бірмезгілге бірнеше адам ат салады. Мұның аты — көп
тұлғалармен жасалған міндеттеме.
Мұндай жағдайда, Азаматтық кодексінің 286 — 288 баптарында
көрсетілгендей, үлесті ортақтасқан немесе субсидиялық (жәрдем берушілік)
міндеттеме пайда болады.
Бұл секілді міндеттемелермен, негізінен алғанда, бірнеше жеке тұлға
өздерінің ортақ менешік құқығындағы мүлікті сатқанда, бірнеше жеке тұлға
бірлесіп қарыз бергенде, бірнеше азамат кепілдеме жасағанда, бірнеше кісі
басқа біреуте зиян келтіргенде және т.б. осыған ұқсас жағдайларда
жолығамыз. Қайсысы болмасын, аталған жағдайлардың бәрінде де сол мәмілеге
кіріскен адамдар немесе басқа біреуге бірлесіп зиян келтіргендер занды
түрде пайда болған міндеттемелік құқық қатынастарына түгелімен не борышқор,
не болмаса, несие беруші ретінде қатысалды.
Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса,
міндеттемені орыңдау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе
ортақ (бірлескен) болуы мүмкін.
Үлестік міндеттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді, ал
несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті
талап етуге құқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын өтеген
борышқор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар күшін де қала
береді.
Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтық кодексін 287 — бабына сәйкес,
борышқорлардан міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал
борышқорлардың әрқайсысы оны толық атқаруға міндетті. Осындай көп жақ
қатысатын міңдеттемені — ортақтасқан міндеттеме деп атайды. Ортақтасқан
міндеттеменің үш түрі болады:
1) Бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқаны — ортақтасқан
міндеттеме;
2) Бір борышқор мен бірнеше несие берушілер қатысқаны — ортақтасқан
талап етуші;
3) Бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар қатысқаны - аралас
ортақтасу, - делінеді.
Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе заң құжаттарында нақтылы
көрсетілмесе, сонымен бірге, міңдеттеменің мәні бөлек — жарып анық
нұсқаланбаса — ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда
болады. Кәсіплкерлік қызыметпен байланысты міндеттеме бойынша бірнеше
борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің талаптары, егер
заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе,
ортақтасқан міндет болып табылады. Несие беруші ортақтасқан міндетті барлық
борышқорлардан да, жеке —жеке алғанда олардың кез келгеннен де, сондай —
ақ, түгелдей де, бөлшектеп те борышты талап етуге құқылы. Ортақтас
борышқорлардың біріне толық қанағаттанбаған несие беруші алымдарын олдардың
қалғандарынан талап етуге де құқығы бар. Ортақтас борышқорлар міндеттеме
толық орындалғанға дейін міндетті болып қала береді. Борышқорлардың бірінің
ортақтас міндетті толық орындауы қалғандарын несие беруші алдындағы
міндеттерінен босатады. Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие
берушілердің кез келгені борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы.
Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау борышқорды
өзге несие берушілерге оны орындаудан босатады. Ортақтасқан міндет болған
ретте борышқордың несие берушінің талаптарына қарсы басқа борышқорлардың
осы борышқор қатыспайтын несие берушіге осынай қатынастарына негізделген
қарсылық білдіруге құқығы жоқ. Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың
ортақтас несие берушілердің беруінің талабына қарсы осы несие беруші
қатыспайтын борышқордың басқа ортақтас несие берушімен осындай
қатынастарына негізделген қарсылық білдіруіне құқығы жоқ. Азаматтық
кодекстің 288 — бабына сәйкес негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені
орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орлындалмаған
бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімдеуі мүмкін
екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы
міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.
Сонымен субсидиялық міндеттеме дегенді түсіндіре кетелік, яғни борышқор
өзінің алған негізгі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін
мезгілінде орындай алмаса, міндеттемені басқа борышқорға жүктейді. Мысалы,
субсидиялық міндеттемеде занды тұлға құрылтайшысының (меншік иесінің)
жауапкершілігі қарастырылады, мүлігінің жетімсіздігіне банкротқа ұшыраған
ондай заңды тұлғаның ауыртпалығын негізі қоғам өзіне көтеріп алады.
Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субъектілерінің құрамында өзгерістер
болуы мүмкін. Яғни құқықтық қатынасқа бұрынғы несие берушінің орнына жаңа
қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын кейінгі басады.
Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық (әмбебап) негізінде жүзеге асады.
Мысалы, заңды тұлғаны қайта құрғанда, мүлік мұрагерлікпен ауысқанда мұндай
мәселе көрініс береді. Құқық қабылдау кезінде бұрынғы тұлғаның барлық
құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да сондай
құқықтарының бірінен нақты міндеттемесі де кіреді. Заң міндеттемедегі
тұлғаны ауыстыруға жеке құқық қабыддаушылық жағдайында рұқсат береді, яғни
белгілі бір адамнан екіншісіне қандай да бір міндет еткен кезде беретін
тұлғаның басқа қалған мүлкі сақталады. Міндеттемедегі тұлғаның ауысуы
мұндай жағдайда арнайы мәміле негізінде жүзеге асырылады, бұл талап етуді
беру шарттары мен борыштың ауысуы деп аталады.
Несие берушіге талап етуді басқа адамға беруіне жол беріледі. Несие
берушілер арасында борышқорға талап ету құқығы келісім шарт арқылы жүзеге
асады. Мысалы, қарыз беруші өзі бір жаққа ұзақ уақытқа кеткенде інісіне
қарыз алушыдан алған қарызды қайталауына талап ету құқығын қалдырады. Талап
етуді берге беру (мұны цессия деп атайды) басқа шарттар сияқты жасалады,
мұның күші, тәртібі және т.б. белгіленеді. Ол сонымен бірге талап беруді
жүзеге асыру тәртібіне қатысты арнайы ереже болады. Несие берушінің жеке
басына қатысты талап қоюы цессияның аясына кірмейді. Несие берушінің жеке
басына тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда, алимент жөніңдегі және
азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толықтыру
жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді.
Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң
құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімі талап
етілмейді.
Дейтұрғанымен талап етуді беру шарты жасалғанда еске салынуы тиіс. Егер
несие беруші осьщан туындайтын өзіне қолайсыз салдарға тәуекел етеді. Бұл
жағдайда бастапқы несие берушіге міндеттеменің орындағанын тиісті несие
берушіге орындағаны болып танылады.
Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие
берушінің құқығы жаңа несие берушіге құқықтың ауысуы кезінде болған көлемде
және сондай-ақ жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушіге
міндеттеменің орындауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқа да құқықтар,
соның ішінде алынбаған сый ақыға (мүддеге) құқықтар талап етуде байланысты
құқықтар ауысады. Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелерді
өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міндеттемелерді орындамауға құқылы.
Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету құқықтарын
куаландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшін маңызы бар
мәліметтерді хабарлауға міндетті. Борышқор міндеттеме жөніндегі құқықтардың
жаңа несие берушіге ауысқаны туралы хабарды алар кезіңде бастапқы несие
берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушінің талаптарына
қарсы қоюға құқылы. Азаматтық кодекстің 344 бабына сәйкес, міндеттеме
жөніңдегі несие берушінің құқықтары заң құжаттары және срларда көрсетілген
мынадай жағдайлардың болуы негізінде:
1. Несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық
нәтижесінде;
2. Заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкіндігі көзделсе, несие беруші
құқықтарының басқаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;
3. Міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушы немесе осы міндеттеме
бойынша борышқор болып табылмайтын кепілге зат берушінің орындауы
нәтитжесінде;
4. Сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға
несие берушінің құқықтарын алып берген кезде;
5. Заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.
Борыштың ауысуы дегенді былай түсінген жөн - несие беруші, борышқор
және үшінші тұлға арасындағы соңғысының борышты өз мойнына алу жөніндегі
келісім-шарты. Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие
берушінің келісімімен ғана жол беріледі. Бұл түсінікті де, өйткені, несие
берушіге борышқорының кім екендігін білу маңызды ғой. Сондай-ақ
борышқорының тындырымды әрі төлем төлей алатын қабілетті болғанын қалайды.
Оның үстінен бұрынғы борышқордың міндеті жаңасына айна қатесіз ауысуы шарт,
жаңа борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға
негізделген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы қоюға құқылы.
Борыштың ауысуымен бірге үшінші жақтың тағайындаған кепілімен кепіл
болушылық өзінің күшін тоқтатады. Ол тек кепілдік беруші немесе кепіл
беруші жаңа борышқор үшін жауап беруге келісілген жағдайда ған күшін
жоймайды. Ақшаны аудару жөніндегі мәміленің нысаны жөніндегі мәселе талап
етілуі беруі нысанасына сәйкес келуге тиіс. Міндеттемелік құқық
қатынастарында регрестік (шегерме) міндеттеме ерекше орын алады. Басқа
адамның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде
сол адамға кері талап қоюға құқылы, осыны регрестік міндеттеме деп атайды.
Азаматтық кодекстің 289 бабына сәйкес, үшінші адамның әрекеттері
салдарынан міндеттемені орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын өтеуді
талап етуге құқылы. Ортақтасқан міндеттемені орындалған борышқор қалған
борышқорларының әрқайсысына оның өзіне тиесілі үлесін шеберлік, тең үлеспен
кері талап қоюға құқылы. Борышқорлардың бірі ортақтасқан міндетті орындаған
борышқорға төлемегені осы борышқорларға және қалған борышқорларға тең
үлесте түседі.
Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие беруші басқа несие
берушілерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше дау туындамаса,
оларға тиесілі үлестерін өтеуге міндетті.
Азаматтық кодекстің 268 бабына сәйкес міндеттеменің объектілері мүлік
беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер
жасауға байланысты келеді (немесе белгілі бір әрекет жасауды тартынуды
айтуға болады). Міндеттеменің пәні ретінде әрекет зандық мүддені білдіреді
немес міндеттеме құқық аясында өзіндік маңызға ие болады. Сөйтіп,
міндеттеменің негізінде заттық, айрықша немесе өзіңдік құқық жатуы тиіс.
Міндеттеменің мазмұнын оған қатысушы несие беруші мен борышқордың
субъективтік құқықтары мен міндеттері құрайды. Мысалы, мүлікті жалға алудың
міндеттемелік құқық қатынасында жалға алушы жалға берушіден мүлкін әкеліп
беруді талап ететін субъективті құқыққа ие екендігі көрсетіледі. Сондай-ақ
берушіге мүлкін пайдаланғаны үшін белгілі бір мөлшердще ақысын төлеуге
міндетті. Жалға беруші жалға алушыға мүлкін пайдалануға міндеттеледі. Әрі
жалға алушыдан мүлікті пайдаланғаны үшін ақысын төлеуді талап ете алады,
бұл оның субъективті құқығы болып табылады. Сонымен міндеттеменің мазмұны
қатысушылардың құқығы арқылы, сондай ақ міндеті арқылы айқындала алады.
Борышқордың міндеті әдетте белгілі бір әрекетті жасауға келіп тіреледі.
(мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау және т.б.).
Азаматтық кодекстің 238 бабында көрсетілген тізімнен соны көруге
болады.Борышқордың міндеті басқа әрекетті жүзеге асырудан да білінеді.
Мысалы, несие берушінің тапсырмасымен шарт жасайды. Кейбір міндеттемеге
сәйкес несие беруші борышқордан белгілі бір әрекеттерге бармауын талап ете
алады. Айталық, мүлікті қорғайтын адамнан сол мүлікті пайдаланбауын талап
етуге құқылы. Мүлікті жалға алушы (борышқор) оны басқа біреуте жалға
бермеуге міндеттеледі. Кейде міндеттемелік құқыққа мүліктік емес сипаттағы
әрекеттер де жатады. Мысалы, театр драмалық шығарманың авторымен жасаған
шартқа сәйкес жарнамада автордың аты-жөнін көрсетеді. Мұндай мүліктік емес
құқық пен міндет мүліктік әрекетке байланысты болатын міндеттеме мазмұнында
қосалқы рол атқарады.
Міндеттемелер айқындалған, факультативтік және баламалық мазмұнмен
ерекшеленеді. Айқындалған мазмұндағы міндеттемеде борышқордың жасайтын
әрекеттерінің сипаты біржақты бекітіледі. Мұндай әрекеттерді басқасымен
ауыстыру әр жақтың келісімімен ғана мүмкін болады, әйтпесе міндеттемені
борышқордың бұзғаны деп бағаланады. Несие беруші атқаруға тиісті нәрсенің
бұрмалануымен келісе алмайды, нәтижесінде міндетін бүрмалағаны үшін санкция
қолданылады.
Факультативтік мазмұнындағы міндеттемеде борышқордың белгілі бір
әрекеттерді жасау міндеті бекітіледі, ал мұның өзі мүмкін болмаған жағдайда
басқа әрекет қолға алынады. Мысалы, мердігерге жиһаз жасауға материал
бөлінсе оны дайындауды міндеттейді, егер әлгі материялдар жоқ болса, онда
ғимараттың қабырғасына құрастырылмалы нәрсені жасауды тапсырады.
Факультативтік міндеттеменің бір ерекшелігі бастапқы ойға алған нәрсе
жүзеге аспаса, әрекет тоқтатылмайды, қайта жаңа мазмұндағы іс жалғасын
табады. Демек міндеттеменің тек мазмұнына ғана өзгеріс енгізіледі.
Балама мазмұндағы міндеттемеде борышқордың екі немесе одан да көп
әрекеттерді тен дәрежеде жүзеге асыру мүмкіндігі белгіленеді. Балама
міндеттеме уәкілетті тұлғаның қай әрекет тандауына тәуелді келеді, яғки
таңдап алынған нұсқа міндеттеменің нақты мазмұнына айналады.
Екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышқорға, егер
заңдардан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, тандау құқығы
беріледі. Мысалы, сатып алушы дүкенге келіп қасында жод баласына екі заттың
бірін сатып алады, бұл жағдайда оның қалағаның алуға ерік беріледі. Ал
қалған жағдайда тандау құқығы балама міндеттемеде борышқордың еншісіне
тиеді.
Құқықтық қатынастарға сәйкес міндеттеме заңмен қорғалады. Борышқор өз
міндетін орындамаған жағдайда оған мемлекет тарапынан мәжбүр ету шарасы
қолданыла алады. Сол арқылы міндеттемені талапқа сай орындауы қамтамасыз
етіледі. Нәтижесінде — несие берушінің бұзылған мүддесі қалпына
келтіріледі. Міндеттемені бұзған кезде қолданылатын мәжбүрлеу шарасына
санкция жатады, сол арқылы міндеттемеге қажетті толықтыру енгізіледі. Бұл
мәжбүрлеу шарасының түп қазығы болып табылады. Ол тек міндеттеме бұзылған
жағдайда ғана жүзеге асады. Санкция қолдану нәтижесінде борышқордың
міндеттемені бұзуына жол бермейді. Немесе орын алған кемшіліктің жйылуына
жағдай жасалады, ал несие беруші жеткен ағаттықтан болған залалдың орнын
жабады. Бірақта, санкцияның әр түрлі бұл міндеттерді әрқалай шешеді.
Кейбір санкциялар міндеттеменің дұрыс орындауына қызмет етеді. Бірақ ал
жарамсыз борышқорға қосымша мүмкін мүліктік төлем төлетуді өзіне мақсат
етіп қоймайды. Мұндай түрлерін оперативтік санкция деп атайды. Ол атқаруды
жүзеге асыруға қолданылатын тұтқа болып табылады. Міндеттеменің мазмұнына
өзгерістер енгізеді. Бұрмаланған тұстарды анықтамаған соң, міндеттеме
бойынша жасалуға тиісті мәселелердің орындалуына мәжбүр етеді. Борышқордан
атқару құралын алып, несие берушіге беру, басқа тұлғаның күшімен борышқор
есебінен жұмыс істеу тәрізді борышқор атқара алмаған жұмыстар жүзеге
асырылады.
Санкцияның екінші тобына борышқордан қосымша мүліктік залалды өндіртіп
алу және несие берушінің міндеттемесін орындауға байланысты болған залалға
өтемақы төлеу жатады. Бұлар мынадай мүліктік санкциялар: міндеттеменің
бұзылуынан пайда болған залалды қалпына келтіру, айып төлеу.
Кейбір санкцияларда мүліктік төлем төлеу алименттері мен оперативтік
сипаттаға шаралар кездеседі. Оларды оперативтік мүліктік деп атайды. Оған,
мәселен борышқордың өз кінәсін мойындап, ақауы бар затты сапалы затпен
алмастыруды айтуға болады. Санкцияның ерекше түрі деп міндеттемені
тоқтатуды айтар едік.
Бірқатар жағдайда міндеттеменің санкциялардың бірнеше түрін біріктіруді
қолдануды қажет етеді. Азаматтық кодекстің 9-бабында құқық қорғаудың
қажетті санкциялары келтірілген.

1.2. Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері.

Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері
белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негізден көрінеді, мұның
өзі Азаматтық кодекстің 7 — бабында көрініс тапқан. Азаматтық кодекстің 271
— бабы осы кодекстің 7 — бабында көрсетілген тұжырымға сүйене отырып,
міндеттелмелердің қалай пайда болатынын айқындай түседі. Яғни міндеттеменің
пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруде немесе өзге де негіздерден
пайда болады.
Азаматтық кодекстің 7—бабы әр тдүрлі құқықтық қатынастарының мүмкіндік
болу негіздерін тізбелеп келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа
да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар. Бұл ең алдымен,
әкімшілік құжаттары, әрине, біз бұл арада Азаматтық құқықтық қатынасқа
қатыстысын айтып отырмыз. Әкімшілік құжатының занды күші бағынышты органға
міндетті түрде өкімнің жүргізетіндігінен көрінеді. Сондықтан да барлық
жағдай да әкімшілік құжат органдар, яғни құжатты шығарушы, атқарушы, оның
орындалуын бақылаушы органдар және т.б. арасында әкімшілік құқықтық
қатынастарды туғызады. Сонымен бірге ол адресаттар арасында Азаматтық
міндеттемені де дүниге әкеледі.
Алайда, мұндай жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі, кәдімгі
жоспарлы тапсырманы (немесе басқалай әкімшілік құжат) күрделі зандық
құрамның бір бөлшегі десе болады. Міндеттеменің пайда болу негізінде шарт
әкімшілік құжатқа келіп қосылады.
Міндеттеменің пайда болу негізіне құқыққа қайшы нақты әрекеттер де
жатады. Бұған — біреудің мүлкін қасақана не кездей соқ иелену, залал
келтіру арқылы өзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзуды мысал етіп алуға
болады. Міндеттеме азаматтық кодекстің 271 — бабында қарастырылған
негіздерде де пайда болуы мүмкін.
Міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалы ерекшеліктеріне және
субъектілерінің сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме.
2. Біржақты және өзара ортақ міндеттеме;
3. Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама
міндеттеме;
4. Қатаң түрдегі жеке сипаттағы міндеттеме (Бұл міндеттеме субъект
ретіндегі жеке сипаттылық міндеттеменің пайда болуына, өзгеруіне немесе
тоқталуына әсер етпейді);
5. Басты және тәуелді міндеттемелер;
6. Шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және бір
жақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме.
Міндеттеме жағымдағы мазмұндағы және жағымсыз мазмұндағы деп бөлгендегі
мақсат борышқор мен несие берушінің әрекет сипатын айқындау түсу. Бұл
орайда борышқорға белгілі бір әрекетті жасау жүктеледі, ал несие берушіге
сол әрекетті орындауды талап ету құқығы беріледі. Мұнын өзі жағымды
мазмұндағы міндеттеме деп аталады. Мұндай міндеттеме жиі кездеседі,
мәселен, саянсай тұрғызуды айтуға болады. Жағымсыз мазмұндағы міндеттеме
деп борышқордың белгілі бір әрекет жасаудан бас тарта тұруын, несие
берушінің бас тартуды мәжбүр ету құқығын айтамыз. Мысалы, автор өз
шығармасын жасалаған шарт мерзімі бітпейінше басқа баспаға ұсынбауы тиіс.
Міндеттеме бір жақты және өзара ортақ та болады. Біржақты міндеттеме
дегеніміз міндеттемеге қатысушының біріне тек қана құқық беріледі де,
екіншісінен тек қана міндет бөлінеді. Ал екі жақты міндеттеме деп әр жақты
әрқайсысының міндеті де, құқығы да болуын айтамыз. Оған сатып алу — сату
міәндеттемесін мысалға келтірген дұрыс. Бұл міндеттемеде сатып алушының да,
сатушының да бірқатар құқықтары мен міндеттері ескеріледі. Мұндай жағдайда
Азаматтық кодекстің 269 — бабының 3 — тармағына сәйкес тараптардың
әрқайсысы басқа тараптың пайдасына міндет алса, бұл оның пайдасына жасауға
міндетті басқа тараптың борышқоры және сонымен бірге оған талап қоюға
құқығы бар оның несие берушісі болып есептеледі.
Міндеттемеде әдетте несие беруші борышқордан белгілі бір әрекетті
атқаруды талап етеді. Мысалы, мынадай затты қайтару, мынадай ақшаны беру
және т.б. Бірақта мазмұны талап ету құқығы болып табылатын міндеттеме де
кездеседі, оған тиісті міндеттемеге сәйкес бір немесе бірнеше әрекет
тандалынад. Бұл әрекеттердің бірін аяқтау міндеттемені атқаруды білдіреді.
Мұнадай міндеттеме балама деп аталады.
Міндеттемелердің бір тобын жеке сипаттағы міндеттемелер құрайды. Оған
борышқор мен несие берушінің жеке басына қатысты міндеттемелер жатады.
(мысалы, мүсіншінің міндеттемесі тапсырыс шартынан келіп шығады). Мұндай
міңдеттемеде борышқордың немесе несие берушінің қайтыс болуымен байланысты
тоқтатылады.
Міндеттеменің туындауына орай оларды шарты, шарттан тыс деп те, сондай
— ақ бір жақты еркін құжат міндеттемесі деп те бөледі. Міндеттеменің шартты
тобы өте көп кездеседі (сату — сатып алу тасмалдау, сақтандыру және т.б.).
Шарттан тыс міндеттеме әр жақтың келісімі бойынша пайда, болмайды,
керісінше азаматтық құқықтық кез — келген субъектісінің мүлкіне жасалған
зиян нәтижесінде кездеседі. Сондай - ақ негізсіз баю салдарының туындайтын
міндеттемелер, яғни басқаның мүлкін не жинағандарын заңсыз сатып алу және
жинау, мәмлемен белгіленген негіздерсіз иелену жағдайында да көрінеді. Бұл
жайында Е.Баянов былай айтады: "Міндеттеменің пайда болуы азаматтар мен
заңды тұлғалардың мүлкіне және олардың өздеріне зиян келтіру салдарынан
туындауы да мүмкін Азаматтың құқық теориясында мұндай міндеттемелерді
шартсыз міндеттемелер деп те атайды".
2 тарау. Міндеттемелерді орындау
2.1. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптрі

Міндеттемелердің орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай
белгілі бір әрекетте жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына
сәйкес оқшау әрекеті жасауды тоқтата түруы. Міндеттемені орындау көбіне көп
борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан
көрінеді. Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады.
Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, занды тұлғалардың, мемлекет
пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның
тоқталуына әкеледі.
Міндеттемені орындаудың құқықтық тәртібі АК — тің 272 -291 баптарында,
міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін (мысалы, сатып алу — сату,
жеткізу, келісім — шарт, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету,
жалға беру, мердігерлік және т.б.) нормативтік актілерінде бекітілген.
Міндеттемені орындау Азаматтық кодексте бекітілген принциптерге сәйкес
жүзеге асырылуы тиіс. Оған міндеттемені тиісті дәрежеде орындау (272 — бап)
және міндеттемені нақты орындау (354 - бап) жатады. Міндеттемені тиісті
дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені заңдардың талаптары мен
міндеттеме шартына сәйкес орындауын біддіреді. Ал мұндай шарттар болмаған
жағдайда — дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған
талаптарға сәйкес орындалуы тиіс. Міндеттеме тиісті дәрежеде орындауды
сипаттайтын талаптар мен шарттар заңдарда, басқа да норматилвті актілерде,
міндеттеме алған жақтарын келісіміңде бекітіледі. Аталған талаптар мен
шарттар қатысушыларды, мерзімді және міндеттеменің орындалу тәсілін
айқындайды. Міндеттемені орындауда осы апйтылғандар сөзсіз орындалуы тиіс.
Сонымен міндеттемені тиісті дәрежеде орындау дегеніміз оның саны мен
сапасына, субъектілеріне, орнына, мерзімімен тәсіліне қатысты талаптар мен
шарттарды дәлме—дәл сақтай отырып, орындау болып саналады.
Міндеттемені борышқор тап — тинақтай етіп орындауы үшін несие беруші
немесе оған өкілетті орган заңында немесе шартта көрсетілген мерзімді,
орынды, белгілі бір тәсілді міндеттемеге енгізуі тиіс. Жоғары да аталған
шарттардың біреуі орындалмаса, онда міндеттемені тиісті дәрежеде орындалады
деп айтуға болмайды. Міндеттеменің нақты түрінде, дәл принципі борышқордың
міндеттемені сол қалпында орындау керектігін міндеттейді, демек, ол
міндеттеме мазмұнында көросетілген жағдайлар (затты тапсыру, жұмысты
орындау, қызмет көрсету) жүзеге асуы үшін әрекет етуге тиіс, бірақ бұл
орайда ақшалай өтем жасай алмайды.
З.О. Ашитов тағы бір принципті айқындайды:" Үнемшілдікті сақтау деп
міндеттемелерді орындау барысында артық шығымға жібермеу жолдарын
қарастыруды айтады. Әңгіме тапсырысты орындау барысында әр — түрлі
ресурстарды, мейлінше, тиімді пайдалану туралы болып отыр" - деп
тұжырымдайды.
Міңдеттемені нақты түрінде дәл орындау принципі көбінесе несие
берушінің мүддесін қанағаттандырады. Осы принципке сәйкес борышқор тап
осындай әрекеттеріне баруы керек немесе орындау пәні болып табылатын
нәрселерден бас тартады (мысалы, басқа мүлікті емес, берілуге тиісті
мүлікті беру, немесе несие беруіиіге құнын төлей алмайды, басқа жұмысты
емес, нақ тапсырылған жұмысты жасау және т.б.). Міндеттемені нақты түрінде
орындау принципі Азаматттық кодекстің 354 бабында бекітілген. Жаңа кодексте
қаралып отырған принципке анағұрлым өзгерістер енгізілген. Біріншіден
міндеттемені тиісті дәрежеде орындамағаны үшін айып төлеу және залалдарды
өтеу борышқорларды, заңда басқаша қаралмаса, міндеттемені орындаудан
босатпайды. Демек, аталған принцип борышқор міндеттемні бұзған кезде, заңда
немесе шартта өзгеше көзделмесе, іс жүзінде оны нақты орындауын талап
етеді.
Екіншіден, міндеттемені орындамаған жағдайда залалды өтеу және оны
орындамағаны үшін айып төлеу борышқорды, егер заң құжаттарында немесе
шартты өзгеше көзделмесе, міндеттемені заттай орындаудан босатады. Мерзімі
өтіп кеткендіктен өзі үшін енді керегі болмай қалған міндеттеменің
орындалуынан несие берушінің бас тартуы, сондай-ақ бас тарту төлемі ретінде
белгіленген ақшалай сомманы төлеу, борышқорды міндеттемені заттай
орындаудан босатады.
Нақты түрінде дәл орындау принципі Азаматтық кодекстің кейбір
баптарында міндеттеменің жекелеген түрлерін қолдануда тәртіптелген.
Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау нақты түрінде дәл орындаудың бір
мезгілде болғанын көрсетеді. Бірақта бұл принциптерді араластыруға
болмайды. Тиісті дәрежеде орындау принципі нақты түрінде дәл орындауға
қарағанда кеңірек. Мысалы, затты уақыттың өткізіп барып беру арқылы нақты
орындау мерзімінің бұзылуына байланысты тиісті дәрежеде орындау бола
алмайды.

2.2. Міндеттемені орындау субъектілері және орындауға
қатысты мәселелер.
Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышқор орындауы тиіс. Соны мен
бірге, заңца, міндеттеме шартында, не оның мән-мағынасында міндеттемені
борышқордың тікелей өзі орындау керектігі көрсетілмесе, онда борышқор тек
өзіне алған міндеттемені орындалуын үшінші жақа жүктей алады. Мұндай
жағдайда несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін
қабылдаута міндетті.
Егер міндеттемені орындау борышқордың тікелей өзінен ғана талап
етілетін жағдайда (портрет салу, жұмысты жасау, қызмет көрсету және т.б.)
несие беруші үшінші жақтың ұсынатын орындалған ісін қабылдаумауға құқылы.
Шарттан туындайтын міндеттемені орындау үшінші жаққа, егер арнайы
ереженің қаралмаса, толықтай және ішінара жүктеледі. Мәселен, арнайы
ережелер көлік заңдарында кездеседі, соған сәйкес түкті жөнелтуші оны
тасмалтайтын көлік ұйымымен шарт жасайды, бірақ көлік жарғыларынан сәйкес
жүкті тасмалдау міндеттемесі қалған көлік орындарына (басқа теміржол, кеме)
жаңа шарт жасамай ақ жүктеледі.
Заңда көрсетілген ретке үшінші жақ, Азаматтық Кодекстің 339,
347—баптарына сәйкес өзіне көшкен міндеттеме бойынша борышқордың келісімсіз
— ақ несие берушінің талаптарын өз есебінен қанағаттандыра береді.
Мұндай құқық несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алу
салдарынан өзінің бұл мүлікке құқығынан (пайдалану, иелену, кепілге салық
құқығы және басқа құқықтары) айырылу қаупі төмен жағдайда үшінші жаққа
беріледі.
Мәселен қозғалмайтын мүлікті жалға алушы жалға берушінің несие беруші
алдында қарыза бар екендігін және оны өндіріп алу ниетін білсе, сондай — ақ
жалға алу өзіне тиімді деп есептесе, онда жалға берушінің келісімсіз — ақ
оның қарызын төлеп тастайды. Бұдан кейін жалға алушының міндеттемедегі
жалға беруші алдындағы борышын өтейді. Несие беруші, мұндай жағдайда үшінші
жақтың міндеттемені орындауын қабылдауға міндетті.
Нәтижесінде жалға алушы кейін жалға берушіден ол үшін төлеген қаржысын
қайтарып алуды талап ете алады.
Міндеттемеде оның әр тараптары — несие беруші немесе борышқор ретінде
бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Егер міндеттемеде борышқордың және
несие берушінің жағында бір емес, бірнеше тұлға (қатысушылар) болса, онда
көпшілік тұлғалар мен міндеттеме пайда болады. Мысалы, мұрагерлікке қалған
жекешеліндірілген пәтердің үш мұрагері оны ерлі — зайыпты адамдарға сатты
делік, сонда сатып алу — сату кезінде екі жақтан да көпшілік тұлғалар пайда
болады, бұл орайда сатушылар - үшеу, ал сатып алушылар — екеу.
Бір тараптың талап ету құқығы және екінші тараптың міндетіндегі зат
(нәрсе) жөнінде болса, сол міндеттеменің пәні болады. Міндеттемені орындау
пәні зат, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар, шығармашылық қызметтің
нәтижесі, жасалатын белгілі — бір жұмыстар. т.с.с. Демек борышқор өз
міндетін орындауда мүліктерді тапсыру, жұмыстың нәтижесін беру, қызмет
көрсету, несие берушіге ақаіа төлеу тәрізді қолға алады. Ал мұнсыз не нақты
түрінде дәл, не тиісті дәрежеде болуы мүмкін емес.
Міндеттемені тиісінше орындау үшін, борышқор міндеттемеде көрсетілген
пәнді орындуы тиіс, пәнге қойылатын талаптар шартта көрсетіледі. Ал, олай
болмаған жағдайда дәстүрлі құқықпен шешіледі. Мысалы, борышқор біреуге тиіс
заттың сапасы міндеттемеде көрсетілуі керек, бұл орайда мемлекеттік
стандарттар мен үлгілердің талаптары ескеріледі. Міндеттеменің пәні
кейбірінде жекеленген затты беру, ал кейбірінде тектес белгідегі заттар
болуы мүмкін. Тектес белгілері бар міндеттеменің ең бастысы — акщалы
міндеттеме, яғни белгілі бір ақша соммасын төлеуді талап ететін міндеттеме.
Ақшалай міндеттемені орындау үшін арнайы талаптар занда қарастырылған.
Ақшалай міндеттемені орындалудың кейбір ерекшеліктері болады. Ақшалай
міндеттеме теңгемен айқындалады. Ақшалай міндеттемеде шетел валютасы
түріндегі белгілі бір соммаға тең теңге түріндегі соммада төленуге тиілс
екендігі көзделуі мүмкін. Мұндай сомма Қазақстандық банкаралақ валюта
биржасының курсымен айқындалады, ол төлем жасалған күнгі шетелдік валютаға
сай келуі қажет. Аталған ереже ақшаның құнсыздануынан несие берлушілердің
мүддесін қорғайды.
ҚР аумағындағы міндеттемелер бойынша есеп айырысу шетел валютасы сондай
— ақ шетел валютасы түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға заң құжаттарында
көзделген реттер мен жағдайлары немесе соған сәйкес белгіленген тәртіп
бойынша жүзеге асыралады. Ақшалай міндеттеме бойынша азаматты асырауға
тікелей төленетін сомма (өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның
орнын толтыру үшін, өмір бойы асырау шарты бойынша және басқалары) - ең
төменгі жавлақының ресми түрде өсуіне қарай арттырылып отырады.
Міндеттемені орындаудың мерзімі, орны, тәсілі.
Міндеттеменің орындалу мерзімі заңы мен және шартпен , сондай—ақ, шарт
алдындағы дауды қарайтын органның айқындалуы мүмкін.
Егер міндеттемеде ол орындалатын күн және ол орындалуға тиісті уақыт
кезеңі көзделсе және оны анықтау мүмкін болмаса, міндеттеме сол күні және
тиісінше сол кезең ішінде кезкелген уақытта орындалуға тиіс. Мысалы,
құрылыс объектісін бітетін күні міндеттемені орындау күні болып табылады,
ал басқа жұмыстар мердігерлік шарттарда, ақапаны қайтару - қарыз шартында,
несие беруші шартында қарастырылады.
Міндеттеме орындалуға тиісті келісімді уақыт тауарларды жеткізу
шарттарында қаралуы мүмкін, ондда әр тарап жеткізілетін тауарларды
партияларға бөліп, өздерінің уақытын белгілейді. Ол тоқсандық, ай, он
күндік мерзімдер мен өлшенеді. Егер міндеттемеде ол орындалатын мерзім
көрсетілмесе, ол мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол
міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс.
Ақылға қонымды мерзім дегеніміз міндеттеме нақты жағдайды ала отырып,
орынды мүмкіндігі болып табылады. Бұл орайда борышқордың жағдайына
байланысты мүмкіндігі, міндеттемені орындау тәсілі т.б. ескеріледі (мысалы,
несие берушіге дейінгі қашықтық, көлік түрі, және т.б.). Ақылға қонымды
мерзімде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзімі талап етілетін кезең
белгіленген міндеттемені, егер зандарды, міндеттеме шарттарынан, іскерлік
қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан және міндеттеме мәнінен басқа
мерзімге орындау міндеті туындамаса, - борышқор несие беруші оның
орындалуын талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімінде орындауға
міңдетті.
Міңцеттеменің тезарада орындалуын жүкті сақтайтын жерге тапсыратын,
банкке ақша салатын адам талап ете алады.
Борышқорға аяқ астынан болатын міндеттемені орындау үшін дайындыққа
жеті күн мерзім беріледі. Міндеттемелерде орындау уақыты көрсетілмеген
жағдайда несие беруші борышқордың орындағанын кез келген уақытта, заңда
көзделегеннен тыс ретте қабылдауы керек.
Егер заңдарда және міңдеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе және оның
мәнін туындамаса, борышқор міндеттемені мерзіміне дейін орындауға құқылы.
Кәсіәпкерлік қызметке байланысты міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға
міндеттемені мерзіміне дейін орындау мүмкіндігі заңдарда немесе міндеттеме
шарттарында көзделген (жүкті жеткізу, банктің несие беруі және т.б.), не
іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан және міндеттеменің мәнінен
туындаған реттерде ғана жол беріледі (АК , 279 бап). Демек бұл ереже
кәсіпкерлер қатысатын қатынасқа арналады. Борышқордың несие беруші —
кәсіпкер мен алдын ала келіспей түрып міндеттемені мерзімінен бұрын орындау
оны қиын жағдайға қалдыру мүмкін, өйткені, оның орындалған міндеттемені аяқ
астынан қабылдай қоюға дайындығы мен жағдайы келмей қалуы ғажап емес.
Айталық, борышқордың тауар әкелетінін білмегендіктен онда дайын түрған
қойма, тауар сақтайтын арнайы орындар болмауы мүмкін, оның үстіне әкелінген
тауарды теміржол бекетінен, кемеден ала қоятындай көлікке алдын-ала шарт
жасалмауы да кедергі келтіреді. Содан келіп несие беруші залал шегеді,ал
мұның өзі нарық жағдайында қолайсыз нәрсе.
Міндеттеме орыңдалатын жер борышқордың заттарды тапсыратын, жұмысты
атқарып, қызмет көрсетіп, ақша төлейтін, ал несие берушінің тиісінше
орындалғанын қабылдатын орын. Мәселен, үйді жөндеп, еденді тазалау,
терезені сүрту тек үй тұрған жерде ғана жүзеге асады.
Егер де міндеттеме орындалатын жер заңдарда және міндеттеме мәнінен
және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардың көрінбесі, ол:
1) міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру — мүлік орналасқан
жерде;
2) міндеттеме бойынша тауар және өзге де мүліктік тасмалдауды пайдалана
отырып беру мүлкті несие берушіге жеткіз үшін оны бірінші тасмалдаушыға
тапсырған жерде;
3) егер бұл міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса
кәсіпкердің басқа міндеттемелері бойынша тауар және өзге де мүлікті беру —
мүлік дайындалған және сақталған жерді;
4) ақшалай міндеттеме бойынша — несие берушінің міндеттеме пайда болған
кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие заңды тұлға болса- міндеттеме
пайда болған кезде оның болған жерінде егер несие беруші міндеттеменің
орындалу кезінде тұрғылықты жерді өзгертіп, бұл туралы борышқорға хабарласа
— орындалатын жердің өзгеретуіне байланысты барлық шығындарды соның
есебінен жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерінде және тұрған жерінде;
5) басқа да барлық міндеттемелер бойынша - борышқордың тұрғылықты
жерінде, ал егер борышқор занды тұлға болса — оның орналасқан жерінде
орындалуға тиіс.
Міндеттемені орындау тәсілі заңмен және әр жақтың жасасқан шарттары мен
айқындалады, және сол міндеттеменің мәні мен туындайды.
Міндеттеме орындау бір жолғыи(заттың құнын толықтай төлеу) немесе
несиеге алған мүліктің құнын жабуы, почта, көлік құралдарына төлеу тәрізді
мерзімді түрде әрекет ету болып жүзеге асады. Кейбір міндеттемелер тұтастай
және бөліктей орындалуы мүмкін (мысалы, қарыз шартты бойынша қарызды
қайтару). Сонымен бірге, егер міндеттеме шартында, заңдарда өзгеше
белгіленбесе, және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарды және
мәнінен өзгеше туындамаса, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды
қабылдаумаға құқылы.
Борышқор заңда қаралған ретте нотариат кеңсесіне және соттың денозитіне
қарызды тапсыруы міндеттемені орындағаны болып есептеледі.
АҚ 291-бабына сәйкес борышқор ақша соммасын және бағалы қағаздарды
нотариус пен соттың депозитіне салу құқығына ие.
Егер:
1) несие беруші және орындалған істі қабылдауға өзі уәкілдік берген
адам міндеттеме орындалуға тиісті жерде болмаса:
2) несие беруші әрекет қабілетсіздігі болып және оның өкілі болмаса;
3) міндеттеме бойынша , атап айтқанда бұл мәселе жөнінде несие беруші
мен басқа да адамдар арасындағы дауға байланысты несие берушінің кім екені
жайында оның айқындық болмаса;
4) несие берушінің орындалған істі қабылдаудан жол тартуы және өз
тарапынан мерзімін өткізіп алуына байланысты борышқордың міндеттемені
орындай алмасы онда борышқор міндеттемелерін орындау үшін өзінен алатын
ақшаны депозит шарттарынан, ал бағалы қағаздарды нотариустың атына сақтау
шарттарына, ал заң құжаттарымен белгіленген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау, ұғымы, әдістері
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау
Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың халықаралық құқықтық негіздері
Ұзақ мерзімді несиелерді өтеу
Коммерциялық ұйымның банкроттық рәсімдеріне түсінік
КӨЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ШАРТЫ
Міндеттемені бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік
Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтың қағидалары
Мемлекеттік күзет қызметінің құқықтық негізін
Алиметтік міндеттемелерді құқықтық реттеу
Пәндер