Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы мен дамуы жайлы



Кіріспе
Негізгі
1.Қазақстанның ұлттық валютасы.
2.Қазақстанның ұлттық валютасының дамуы және пайда болуы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.
Ал Теңгенің — Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды.
Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:
• 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар;
• 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар;
• 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған).
Кейіннен айналысқа :
• 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар ;
• 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар ;
• 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ;
• 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);
• 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
• 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),
2001 жылы :
• 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар ( дизайны өзгертілген );
• 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген );
• Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар ;
• 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ).
2002 жылы :
• 2003жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;
• 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.
2003 жылы :
• 2003жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.
1.Я.Ә.Әубакіров «Экономикалық теория негіздері» Алматы, «Санат» 1998, 345-455 беттер.
2. Я.Ә.Әубакіров.Б.Б. Байжұмаев.Ф.Н.Жақыпова,Т.П. Табеев «Экономикалық теория» Алматы «Қазақ университеті» 1999жыл 162-174 беттер.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы:Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы.

Орындаған: Қалымова З.А.

Тексерген:Қуантқан Б.Қ.
Тобы:
ВМ – 401

Семей, 2015-2016 жыл

Жоспар
Кіріспе
Негізгі
1.Қазақстанның ұлттық валютасы.
2.Қазақстанның ұлттық валютасының дамуы және пайда болуы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық
валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет
енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық
валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта
елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.

Ал Теңгенің — Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы
Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды.

Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын)
мынадай номиналдардан тұрды:

1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар;
1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар;
1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған).

Кейіннен айналысқа :

1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы
үлгідегі 500 теңгелік банкноттар ;
1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар ;
1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ;
1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);
1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар
(дизайны өзгертілген),

2001 жылы :

2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар ( дизайны
өзгертілген );
2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара
өзгертілген );
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы
үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар ;
2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген
).

2002 жылы :

2003жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;
1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар ( дизайны
ішінара өзгертілген ) шығарылды.

2003 жылы :

2003жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.

Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш
монеталар да қолданылады . Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда
белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие , бірақ оларнегізінен мәдени —
ағарту мақсатында шығарылған . Әдеттегідей , олар қатаң шектеулі таралыммен
шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде
коллекциялық құнымен сатуға арналған.

Қазақстан Республикасының банкноттары 2006 жылғы үлгідегі банкноталар
бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт
жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның
қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет
объектілерінің және елдің табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді.

Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде Астана-Бәйтерек монументі —
қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік
ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған.
Банкнотаның ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының
мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналдың
сандық белгісі жазылған. Бәйтерек ескерткішінің сол жағында бір түспен
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғарғы
бөлігінде – мемлекеттік жалаудың бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде
сенімді, шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдикада
ашық алақан бейнеленген. Номиналы 200 және 500 теңге банкноталарда
номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі оң жақ төменгі бұрышында
тігінен, номиналы 1000, 2000, 5000 және 10000 теңге банкноталарда төменде
сол жақта орналасқан. 200 және 500 теңгелік номиналдардағы ҚАЗАҚСТАН
ҰЛТТЫҚ БАНКІ деген жазу мемлекеттік елтаңбаның астына, ал 1000, 2000, 5000
және 10000 теңгелік номиналдарда тігінен төменде оң жақта орналастырылған.

Сериялық нөмірлері бет жағына жазылған және банкноталардың қарама-
қарсы екі бөлігінде орналастырылған.

Банкноталардың сырт жағында ландшафтардың және елдің аумағындағы қазіргі
заманғы сәулет объектілерінің бейнелері бар. Олар Қазақстан картасының
контурымен жиектелген. Сол жақта төменде және оң

жақта жоғарыда банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс
тіліндегі әріптік белгілеуі орналастырылған. Жоғары жақта ортада Қазақстан
ұлттық банкі деген жазу және эмитент банктің логотипі басып жазылған.

Банкноталарды қорғау тұрғысынан алғанда жаңа дизайн түпнұсқалылықты
қарапайым және шапшаң анықтауға бағытталған, бұл ретте ақшаны қолдан
жасаудан қорғайтын, ортақ бейнеге үйлесіммен кіріккен классикалық және ең
жаңа, неғұрлым күрделі қорғаныш құралдары пайдаланылған. Осыған дейін 200
теңгеден 2000 теңгеге дейінгі банкноталарды ауыстырған кезде, сондай-ақ
айналыста жүрген 5000 және 10000 теңгелік соңғы екі номиналды ендірген
кезде де осындай кейбір қорғаныш элементтері пайдаланылған болатын. Жаңа
дизайндағы банкноталарда арнайы құралдарсыз анықталатын, яғни визуалды және
жарыққа көрінетін, сондай-ақ саусақтың ұшымен анықтауға болатын қорғаныш
элементтерінің барынша мүмкін саны пайдаланылды.

Банкноталарда арнайы техникалық құралдардың көмегімен танылатын жасырын
элементтер де кездеседі, бірақ ақша белгісінің түпнұсқалылығын шапшаң және
қарапайым анықтауға негізгі акцент жасалған.

Банкноталарда мынадай қорғаныш элементтері пайдаланылған:

Сутамғы белгілер. Сутамғы белгілерінің бейнесі банкнотаны жарыққа тосып
қарағанда анық көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұрады.

Қорғаныш жіп. Бір қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және
банкнотаны жарыққа тосып қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді. Екінші,
үзік-үзік жіп — банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін жазбалар
және суреттер тұтас сызық болып пунктир түрінде қағаздың бетіне шығарылған.

Мөлдір орын. Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық орындағы
полимерлік лентадағы сурет.

Қосарланған бейнелер. Банкнотаның беткі және сыртқы жақтарында басылған
бейнелердің фрагменттері, жарыққа тосып қараған кезде тұтас суретті құрап,
дәл сәйкес келеді

Алтын интаглио. Тығыз жоғары рельефті қабатты алтын түстес металл бояуы бар
қорғаныш элементі, түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде қорғайды.

Көзі нашар көретін адамдарға арналған белгі. Банкнотаның бет жағында
саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын жоғары рельефті шығыңқы элементтер
бар.

Бояудың оптикалық өзгеріп тұратын түсі. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген
кезде бояудың түсі өзгереді. Мұндай қорғаныш элементі, атап айтқанда, АҚШ
долларында бар.

Микроқаріптер. Микромәтіндер, бірнеше есе ұлғайтқан кезде оқуға болатын
қайталанатын мәтінді немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы валюта нарығының қалыптасу мәселелері
Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйедегі орны және оның экономикадағы маңызы
Қазақстан Республикасы валюта жүйесi
Валютаның сатып алу
Валюталық қатынастар
Ақшаның пайда болуы және мәні туралы
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы мен дамуы
Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің ипотекалық неселеу тәжірибесі мен жетілдіру жолдары
Валюта атауы валюта бағам
Пәндер