Ш. Уәлиханов көрнекті тұлға және ғалым



Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

1 Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ КӨРНЕКТІ ТҰЛҒА ЖӘНЕ ҒАЛЫМ ... ... ... ... ...8
1.1 Ш.Ш.Уәлихановтың қоғам қайраткері ретінде өсіп.жетілуі ... ... ... ... ... ..8
1.2 Ш.Ш.Уәлихановтың Ресей империясының ғылымына қосқан көп
салалы ғылыми . творчествалық еңбегінің бағыттары ... ... ... ... ... ... ... . 12

2 Ш.ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ .ҰЛЫ ГЕОГРАФ ... ... ... ... ... ... ... 32
2.1 Ш.Ш.Уәлихановтың географ зерттеуші ғалым ретінде
қалыптасуының алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.2 Ш.Ш.Уәлихановтың география ғылымына қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... 34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71
КІРІСПЕ
Қазақтың тұңғыш ағартушы-демократы, ғалым-зерттеушісі, орыс, қазақ және басқа халықтар достығының жаршысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың творчестволық мұрасы әрқашанда ғалымдардың, жазушылар мен суретшілердің назарын аударып келеді.
Ш.Уәлиханов қазақ және қырғыз халықтарының шығу тегі, өзі өмір сүрген кездегі қазақ қоғамының әлеуметтік және саяси құрылысы, қазақ халқының Жоқғар шапқыншылығына қарсы азаттың күресі, Қазақстанның Россияға қосылуы мәселелеріне айрықша көңіл бөлді. XIX ғасырдың орта шеніндегі Орта Азия мемлекеттерінің қоғамдық және экономикалық құрылысының проблемасын, Шығыс Түркістандағы Маньчжур билеп төстеушілеріне қарсы азаттың күрес және басқа мәселелерді зерттеді.
Ш. Уәлиханов еңбектерінің тұңғыш басылымы 1904 жылы Орыс географиялық қоғамының жазбаларында жарық көрді. Бұл басылымды Шығысты зерттеуші Н. И. Веселовский әзірлеген болатын. Оған неғұрлым іргелі шығармалары: қазақтың XVIII ғасырда өмір сүрген аса ірі феодалдарының бірінің өмірі мен қызметіне арналған, сондай-ак, қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы күресі баяндалған «Абылай» деген мақаласы, қазақтардың діни нанымдары мен әдет ғұрпына арналған «Қырғыздардағы шаман дінінің қалдықтары» деген этнографиялық еңбегі, «Жоңғар очерктері» және ғалымның «Алтышахарінің немесе 1858—1859 жылдардағы Қытайдың Нанлу провинциясының алты Шығыс қалаларының жайы туралы» деген көлемді туындысы және басқа еңбектері енгізілген.
Алайда Ш. Уәлихановтың творчестволық мұрасын кең көлемде арнайы зерттеу, ғылыми талдау тұңғыш рет Кеңес өкіметі жылдарында қолға алынды. Осы мақсатпен республикамыздың Шоқантануды зерттеушілері Омбының, Томскінің, Ташкенттің, Москва мен Санк-Петербургтың архив қорларын қарап шығып, едәуір мөлшерде деректі материалдар жинады, сөйтіп ғалым шығармаларының тізімі жасалды. Осы негізде 1958 жылы оның «Таңдамалы шығармалар» жинағы шығарылды, оған бұрын жарияланбаған еңбектері, атап айтқанда, 1856 жылы жазылған «Құлжа күнделігі» енгізілді.
Сонымен бір мезгілде Ш. Уәлиханов шығармалары жинағының бес томдық академиялық басылымы үшін оның қолтаңбаларын, қолжазбаларын, мақалаларының неғұрлым аяқталған нұсқаларын іріктеу жөніндегі жұмыс мықтап қолға алынды. Ғалымның жазуын ажыратып, жиі кездесетін қысқартуларын, қосымшаларын, автордың кейін анықтай түспек болып, ашық қалдырған жерлерін анықтау керек болды, сонымен қатар оның қолжазбалары текстіндегі басқа адамдар көшіріп жазғанда қалдырылып кеткен және бұрмаланған жерлерді жөндеп, түсіндірмелер жазу қажет еді.
Қазақ ССР Ғылым академиясы тарих институтының академик Ә.Қ.Марғұлан бастаған ғылыми қызметкерлері зор жұмыс атқарды. Солардың күш салуы арқасында Ш.Ш.Уәлиханов еңбектерінің академиялық, басылымының бес томы жарыққа шықты.
Мұның өзі Қазақстанның мәдени өміріндегі ірі оқиға болды, буржуазиялық, ғалымдардың Россияның шет аймақтарында революцияға дейін қоғамдың ой-пікір дамыған жоқ, оларда прогрестің маңызын түсіну болмады-мыс, ал революциялық идеялар сырттан әкелінді-міс деген пайымдауларын тағы да теріске шығарды. Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектері буржуазиялық бұрмалаушылар пайымдауларының түгелдей негізсіз әрі жалған екенін дәлелдейді. Қазақ халқы өз ағартушыларының еңбектері арқылы өзінің өткендегі озық ойлы қайраткерлері мен прогресшіл революциялық дәстүрлерін мақтан тұтады.
«Өткенді еске ала отырып қазіргінің қамын ойлау керек» /1/,— Ш.Уәлихановтың мақсаты, міне, осындай еді. Сондықтан да ол қазақ халқының және басқа да Шығыс халықтарының тарихын зерттегенде өткен оқиғаларды баяндап берумен шектеліп қалмады. Оның ғылыми еңбектері өз кезінде болған оқиғалардың тікелей әсерімен жазылды, ал өткендегі оқиғаларды зерттегенінде Шоқан өзінің алдына ол оқиғалардың шыққан негіздерін, себептерін ашып, олардың даму бағыттарын анықтауды мақсат етіп қойды.
Шоқанның ғалым ретінде сіңірген зор еңбегі — оның ресейдің ұлы ойшылдары — Чернышевский, Добролюбов, Белинский, Герцендердің қатарына қосады.
Россиядағы демократиялық күштердің алдыңғы қатарлы дүние танымын үлгі ете отырып, қазақ ағартушысы өз халқы тарихының көптеген мәселелері жөнінде дұрыс қорытындыларға келе білді, туған халқына іс жүзінде көмектесіп, оның прогресті жолға түсуін оңайлатуға, тездетуге ұмтылды.Қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы мәселелеріне ол осы тұрғыдан келді. Қазақ арасындағы патриархалдық-феодалдық қатынастардың қалдықтарына қарсы күресе отырып, Шоқан қазақ қоғамындағы - хан, сұлтан, би, батырлар секілді топтардың әлеуметтік және саяси мәнін дәл ашып көрсете білді.
Зерттеудің басты мақсаты Ш.Уәлихановтың ХІХ ғасырдағы қазақ халқының жаңа кезеңге, әлемдік озық білімге енді бет бұра бастаған дәуірінде тарих бетіне шығуы және қараңғылықты жара жарқ еткен сәуледей жаңа жол салуының ғылыми тұрғыдан зерттеп тұжырымдау болды. Осы мәселені шешу барысында Шоқанның аса көрнекті ғалым ретінде қалыптасуындағы негізгі даму бағыттарын - қоғамдық-саяси қайраткер, тарихшы, этнограф, шежіре жинаушы, әдеби мұраларды зерттеуші әсіресе аса көрнекті географ, жағангер саяхатшы, дарынды барлаушы ретінде жан-жақты дамыған дара тұлғасын ғылыми саралау міндеттерін шешуге әрекет жасалынды.
Диплом жұмысын жазу барысында Ш.Уәлихановтың осы жан-жақты өмірінен хабар беретін шығармалар дерек көзі ретінде пайдаланылды. Оның ішінде негізгі сүйенгеніміз Ш.Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағы, Г.И.Потаниннің, Ә.Х.Марғұланның және т.б. зерттеушілердің еңбектері пайдаланылды. Шоқан туралы мерзімді баспасөзде және ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалар да талданды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Уәлиханов Ш.Ш. Шығармалар жинағы, 1-том, 373-б.
2. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах.Т.1.А-Ата, 1961, 499-б.
3. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах.Т.1.Алма-Ата, 1961, 313-б., Потанин Г.Н. Биографические сведения о Чокане Валиханове.
4. См. ЦГА УзССР, Ф. 175, оп. 1, д. 18, лл. 347-356.
5. Архив Всесоюзного географического общества за 1857г., ф.1., д.7.
6. ЦГА УзССР, Ф. 715, сп. 1, д. 19, лл. 84-85.
7. ЦГА УзССР, Ф. 715, сп. 1, д. 19, лл. 95-96, 153-154-б.
8. Бабков И.Ф. Воспоминания о моей службе в Зап.Сибири. Спб, 1912,125б.
9. Зап. РГО, 1904, ХХІХ., с. 1.
10. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. т.1.Алма-Ата, 1961, 396-бет.
11. Умирзаков С.К. 100-летию Кашкарского путешествия Валиханова Ч.Ч. Известия Киргизского филиала Всесоюзного географического общества, 1959, вып. 1., 106-бет.
12. Вестник РГО, 1858, ч. 21.
13. Мушкетов И.В. Туркестан. т. Л., 171-172.
14. Баяндин Н. Географиялық ашулар.-2-бас. Алматы: Мектеп, 1989. 136-бет.
15. Бейсенова Ә.С. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы.Алматы «Рауан» 1990.
16. М. И. Венюков. Орыстың Азиядағы шекараларын шолу тәжірибесі, Спб., 1873, 278-бет.
17. Семенов-Тянынанский П.П. Тянь-Шаньға саяхат, М., 1946, 86-бет.
18. Орыс географиялық қоғамының жазбалары, 3-кітап, Спб., 1861, 31-бет.
19. Уәлиханов Ш.Ш. Тақдамалы шығармалар, 589-бет.
20. Уәлиханов Ш.Ш. Шығармалар жинагы, 2-том, 127-бет.
21. Потанин Г.Н.Шоқан Уәлиханов туралы естеліктер. Орыс гөографиялық қоғамының этнография бөлімшесі бойынша жазбалар. 29-том, Спб.,1904
22. Уәлиханов Ш.Ш.Таңдамалы шығармалар, 568-бет.
Чернышевский Н.Г. Шығармаларының толық жинағы, 7-том, М., 1950

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

1 Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ КӨРНЕКТІ ТҰЛҒА ЖӘНЕ ҒАЛЫМ ... ... ... ... ...8
1. Ш.Ш.УӘЛИХАНОВТЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ РЕТІНДЕ ӨСІП-
ЖЕТІЛУІ ... ... ... ... ... ..8
2. Ш.Ш.УӘЛИХАНОВТЫҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМЫНА ҚОСҚАН КӨП
САЛАЛЫ ҒЫЛЫМИ - ТВОРЧЕСТВАЛЫҚ ЕҢБЕГІНІҢ
БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... 12

2 Ш.ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ –ҰЛЫ ГЕОГРАФ ... ... ... ... ... ... ... 32

2.1 Ш.Ш.УӘЛИХАНОВТЫҢ ГЕОГРАФ ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ РЕТІНДЕ

қалыптасуының алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .32

2.2 Ш.Ш.Уәлихановтың география ғылымына қосқан
үлесі ... ... ... ... ... ... ... 34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71

КІРІСПЕ
Қазақтың тұңғыш ағартушы-демократы, ғалым-зерттеушісі, орыс, қазақ
және басқа халықтар достығының жаршысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың
творчестволық мұрасы әрқашанда ғалымдардың, жазушылар мен суретшілердің
назарын аударып келеді.
Ш.Уәлиханов қазақ және қырғыз халықтарының шығу тегі, өзі өмір сүрген
кездегі қазақ қоғамының әлеуметтік және саяси құрылысы, қазақ халқының
Жоқғар шапқыншылығына қарсы азаттың күресі, Қазақстанның Россияға қосылуы
мәселелеріне айрықша көңіл бөлді. XIX ғасырдың орта шеніндегі Орта Азия
мемлекеттерінің қоғамдық және экономикалық құрылысының проблемасын, Шығыс
Түркістандағы Маньчжур билеп төстеушілеріне қарсы азаттың күрес және басқа
мәселелерді зерттеді.
Ш. Уәлиханов еңбектерінің тұңғыш басылымы 1904 жылы Орыс географиялық
қоғамының жазбаларында жарық көрді. Бұл басылымды Шығысты зерттеуші Н. И.
Веселовский әзірлеген болатын. Оған неғұрлым іргелі шығармалары: қазақтың
XVIII ғасырда өмір сүрген аса ірі феодалдарының бірінің өмірі мен қызметіне
арналған, сондай-ак, қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы күресі
баяндалған Абылай деген мақаласы, қазақтардың діни нанымдары мен әдет
ғұрпына арналған Қырғыздардағы шаман дінінің қалдықтары деген
этнографиялық еңбегі, Жоңғар очерктері және ғалымның Алтышахарінің
немесе 1858—1859 жылдардағы Қытайдың Нанлу провинциясының алты Шығыс
қалаларының жайы туралы деген көлемді туындысы және басқа еңбектері
енгізілген.
Алайда Ш. Уәлихановтың творчестволық мұрасын кең көлемде арнайы
зерттеу, ғылыми талдау тұңғыш рет Кеңес өкіметі жылдарында қолға алынды.
Осы мақсатпен республикамыздың Шоқантануды зерттеушілері Омбының,
Томскінің, Ташкенттің, Москва мен Санк-Петербургтың архив қорларын қарап
шығып, едәуір мөлшерде деректі материалдар жинады, сөйтіп ғалым
шығармаларының тізімі жасалды. Осы негізде 1958 жылы оның Таңдамалы
шығармалар жинағы шығарылды, оған бұрын жарияланбаған еңбектері, атап
айтқанда, 1856 жылы жазылған Құлжа күнделігі енгізілді.
Сонымен бір мезгілде Ш. Уәлиханов шығармалары жинағының бес томдық
академиялық басылымы үшін оның қолтаңбаларын, қолжазбаларын, мақалаларының
неғұрлым аяқталған нұсқаларын іріктеу жөніндегі жұмыс мықтап қолға алынды.
Ғалымның жазуын ажыратып, жиі кездесетін қысқартуларын, қосымшаларын,
автордың кейін анықтай түспек болып, ашық қалдырған жерлерін анықтау керек
болды, сонымен қатар оның қолжазбалары текстіндегі басқа адамдар көшіріп
жазғанда қалдырылып кеткен және бұрмаланған жерлерді жөндеп, түсіндірмелер
жазу қажет еді.
Қазақ ССР Ғылым академиясы тарих институтының академик Ә.Қ.Марғұлан
бастаған ғылыми қызметкерлері зор жұмыс атқарды. Солардың күш салуы
арқасында Ш.Ш.Уәлиханов еңбектерінің академиялық, басылымының бес томы
жарыққа шықты.
Мұның өзі Қазақстанның мәдени өміріндегі ірі оқиға болды,
буржуазиялық, ғалымдардың Россияның шет аймақтарында революцияға дейін
қоғамдың ой-пікір дамыған жоқ, оларда прогрестің маңызын түсіну болмады-
мыс, ал революциялық идеялар сырттан әкелінді-міс деген пайымдауларын тағы
да теріске шығарды. Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектері буржуазиялық
бұрмалаушылар пайымдауларының түгелдей негізсіз әрі жалған екенін
дәлелдейді. Қазақ халқы өз ағартушыларының еңбектері арқылы өзінің
өткендегі озық ойлы қайраткерлері мен прогресшіл революциялық дәстүрлерін
мақтан тұтады.
Өткенді еске ала отырып қазіргінің қамын ойлау керек 1,—
Ш.Уәлихановтың мақсаты, міне, осындай еді. Сондықтан да ол қазақ халқының
және басқа да Шығыс халықтарының тарихын зерттегенде өткен оқиғаларды
баяндап берумен шектеліп қалмады. Оның ғылыми еңбектері өз кезінде болған
оқиғалардың тікелей әсерімен жазылды, ал өткендегі оқиғаларды зерттегенінде
Шоқан өзінің алдына ол оқиғалардың шыққан негіздерін, себептерін ашып,
олардың даму бағыттарын анықтауды мақсат етіп қойды.
Шоқанның ғалым ретінде сіңірген зор еңбегі — оның ресейдің ұлы
ойшылдары — Чернышевский, Добролюбов, Белинский, Герцендердің қатарына
қосады.
Россиядағы демократиялық күштердің алдыңғы қатарлы дүние танымын үлгі
ете отырып, қазақ ағартушысы өз халқы тарихының көптеген мәселелері жөнінде
дұрыс қорытындыларға келе білді, туған халқына іс жүзінде көмектесіп, оның
прогресті жолға түсуін оңайлатуға, тездетуге ұмтылды.Қазақ қоғамының
әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы мәселелеріне ол осы тұрғыдан
келді. Қазақ арасындағы патриархалдық-феодалдық қатынастардың қалдықтарына
қарсы күресе отырып, Шоқан қазақ қоғамындағы - хан, сұлтан, би, батырлар
секілді топтардың әлеуметтік және саяси мәнін дәл ашып көрсете білді.
Зерттеудің басты мақсаты Ш.Уәлихановтың ХІХ ғасырдағы қазақ халқының
жаңа кезеңге, әлемдік озық білімге енді бет бұра бастаған дәуірінде тарих
бетіне шығуы және қараңғылықты жара жарқ еткен сәуледей жаңа жол салуының
ғылыми тұрғыдан зерттеп тұжырымдау болды. Осы мәселені шешу барысында
Шоқанның аса көрнекті ғалым ретінде қалыптасуындағы негізгі даму бағыттарын
- қоғамдық-саяси қайраткер, тарихшы, этнограф, шежіре жинаушы, әдеби
мұраларды зерттеуші әсіресе аса көрнекті географ, жағангер саяхатшы,
дарынды барлаушы ретінде жан-жақты дамыған дара тұлғасын ғылыми саралау
міндеттерін шешуге әрекет жасалынды.
Диплом жұмысын жазу барысында Ш.Уәлихановтың осы жан-жақты өмірінен
хабар беретін шығармалар дерек көзі ретінде пайдаланылды. Оның ішінде
негізгі сүйенгеніміз Ш.Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағы,
Г.И.Потаниннің, Ә.Х.Марғұланның және т.б. зерттеушілердің еңбектері
пайдаланылды. Шоқан туралы мерзімді баспасөзде және ғылыми басылымдарда
жарияланған мақалалар да талданды.

1 Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ КӨРНЕКТІ ТҰЛҒА ЖӘНЕ ҒАЛЫМ
1.1.Ш.Ш.УӘЛИХАНОВТЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ РЕТІНДЕ ӨСІП-ЖЕТІЛУІ
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш.Уәлиханов отандық ғылым мен
әдебиет тарихында үлкен орын алады. Оның кысқа да жарқын өмірі мен ғылыми
қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани ізденістерінің тамаша
қорытындысы, биік жалғасы болды, коғамдық ой-сана, пікір-тұжырым биіктей
өркендеуіне ықпал етті.
Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша
айында Кұсмұрын бекінісінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың әулетті
семьясында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста
асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігін сақтауға едәуір еңбек еткен ақылды
қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол, Орта жүз ханы болған. Оның үлкен
ұлы Уәли (Шоқанның туған атасы)- қайтыс болғаннан кейін хан шаңырағы,
хандық, билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалған. ...Айғаным мен оның
балалары Россияға адал ниетін сақтап калды. Уәли ханның осы жесіріне
Александр І аса бір ықылас білдірді.Сөйтіп қазак, даласында оған сәулетті
үй салып беруге әмір етті. Сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді — деп жазды
П.П.Семенов-Тян-Шанский. Жасында Шоқан әжесі Айғанымның ықпалында болған.
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, сол кезде Сібірдегі ең
таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына оқуға
орналастырады. Жабық әскери оқу орны болғанмен, онда көптеген пәндер
оқытылуы, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдер сабақ беруі, Омбының
көзі ашық оқыған адамдарының семьяларымен араласуы, көп оқып білімін
тереңдете түсуі Шоқанның рухани өсуіне, келешек тағдырына едәуір ықпалы
болған.
Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын
басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардан ғана
емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып
озды — деп жазды онымен бірге оқыған досы Г.Н.Потанин. Сібір кадет
корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ Шоқан биік саналы, терең ойлы, жан-
жақты білімді, дүниеге көзқарасы қалыптасқан, халқының қажет-мұқтаждарын
пайымдай да, түсіне де алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге дайын
мақсатшыл жас болып қалыптасқаны оның алғашқы ғылыми еңбектері болып
есептелетін Профессор Н.И.Березинге хат, Профессор Н.И.Березиннің Хан
жарлықтары кітабына рецензия, Рашид-ад-дин т.б. жұмыстарынан да
байқалады. Жап-жас Шоқанға мұғалімдері де, құрбылары да болашақ ғалым,
зерттеуші деп қарағандары, жоғары бағалағандары естеліктерде де айтылған.
Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп атты әскер корнеті
атағын алып шыққан соң Сібір қазақ-орыс әскерініің 6-атты әскер полкына
офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір генерал-губернаторының
кеңсесінде қалдырылады, Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның
солтүстік-батыс аймағының генерал-губернаторы Г.X.Гасфорттың адъютанты
қызметіне белгіленеді. Сонымен қатар Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы
оған айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер ретінде қарайды. Бұл
қызметтерде Шоқан бюрократтық аппараттың мансапқор, парақор, тоң мойын,
жүгенсіз кеткен чиновниктері мен патша өкіметінің отаршылдық саясаты
туғызған әділетсіздіктерді көреді, оларға қарсы батыл пікірлер де айтады,
ресми басшылықтармен қарым- қатынас шиеленісе түседі. Ол бұл қызметтерден,
Омбыдан кетуді, туған халқына пайдасы тиетін істерге араласуды
армандайтыны туралы сол кезде танысып, достасқан орыс жазушысы
Ф.М.Достаевскийге, досы К.К.Гутковскийге хаттар жазғаны белгілі. Шоқанның
қоғамдық және әдебиет саласындағы белсенді қызметі осы жылдардан басталады.

І854—1857 жылдары Ұлы жүз қазақтары мен кейбір қырғыз руларын Қоқан
хандығының ықпалынан шығарып, Россияға бейбітжолмен қосу міндетін іс
жүзінде атқарысуға бір топ офицер қатарына Шоқан да қатысады. Осы
экспедицияда Шоқан Уәлиханов 1855 жылы Омбыдан Семей, Аякөз, Қапал арқылы
Іле Алатауынан өтіп, Жоңғар қақпасына дейін келеді, қайтарда Алакөл,
Тарбағатай жерлерін аралады, Орталық Қазақстан — Қарқаралы, Баянауыл,
Көкшетау арқылы Омбыға оралады. Бұл сапарда ол қыруар материалдар — өзі
болған аймақтардың тарихы, қазіргі қалпы, ескі қалалардың орны, шың-
тастардағы жазу белгілері, көне ескерткіштер, аңыз-әңгімелер, ертегілер мен
өлеңдер жинады. Жинаған материалдарын Омбыда қорыту негізінде ол
қазақтардың тарихи ежелгі мекендері, рулық қарым-қатынастары, зтнографиясы,
әдебиеті туралы еңбектер жазды. Осы сапардан кейін Шоқанның әскери лауазымы
бір саты жоғарылатылып, оған поручик атағы берілді.
1856 жылы Шоқан полковник М.М.Хоментовский басқарған әскери-ғылыми
экспедицияға қатысады. Қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының
картасын түсіруге тиіс болған бұл зкспедицияға қатысу Шоқанның ғылыми
жұмысын ойдағыдай жүргізуіне мүмкіндік берді. Ыстықкөлге, одан ары Қытай
империясының Құлжа қаласына саяхаты және 1856-1857 жьылдары Жетісу, Тянь-
Шань сапарларында П.П.Семенов-Тян-Шанскиймен бірге болуы, Қырғыз Алатауына
екінші рет баруы нәтижелері оның Қытай империясының батыс өлкесі және
Құлжа қаласы деген зерттеу еңбегі; Ыстықкөл сапарының күнделігі,
Қырғыздар туралы жазбалар, кырғыз эпосы Манасты жазып алып, біраз
тарауын тұңғыш рет орысшаға аударып, оған тарихи және әдеби талдаулар
жасауы, Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасы мен флорасы туралы зерттеу
жазбалары, ориентологиялық, энтомологиялық коллекциялары, гербарийлері еді.
Сонымен қатар бұл сапарларында ол қызмет бабына сәйкес Қытай мен Россия
қарым-қатынасын да реттескен.
Ш.Ш.Уәлихановтың тарих, география, әдебиет саласындағы еңбектері
Петербург ғалымдарының да назарына, ылтифатына, бағасына ие болып, 20-дан
жаңа асқан Шоқан 1857 жылы 27 ақпанда Орыс География қоғамының толық мүшесі
етіп сайланады. Бұл орыс қоғамы зиялыларының, орыс ғылымының жас ғалым
еңбектерін зор бағалағандығы, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін
мойындағандығы еді.
1858—1859 жылғы Қашғария сапары Шоқанның ғылымдық, ағартушылық
саласындағы творчествосы жаңа биікке көтерілуіне дәнекерлесті. Ол кезде
Қашғария Европа ғылымы үшін бимәлім, құпиясы мол ел болатын, өйткені 13-
ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, содан соң 1603 жылы саяхатшы Гоес
Қашғария жерінде болғаннан кейінгі үш жарым ғасыр бойы бұл аймаққа ешкім
бармаған, бара да алмаған. Шоқаннан бір жыл бұрын Кашғарияға Үндістан
арқылы барған немістің белгілі географы Адольф Шлагинтвейтті жергілікті
билеуші қатал Уәлихан-төре басын кестіріп, өлтірткен. Адольф Шлагинтвейттің
бұл қайғылы тағдыры туралы сұмдықты ғылым әлеміне алғаш хабарлаған да
Шоқан. Қатері де қаупі де мол Қашғария сапарында Ш.Ш.Уәлиханов оны жан-
жақты зерттеуі, географиялық сипаты, саяси құрылысы, мәдениеті мен тұрмыс-
салт ерекшеліктері туралы мағлұмат-деректерді әлемге, ғылымға ашып беруге
тиіс болды.
Ержүрек саяхатшы бұл сапарда талай-талай қиындықтар мен кедергілерден
өтеді, жалған атпен Әлімбай болып керуен басының туысы ретінде аттанады,
Тянь-Шань биіктерінің бірі Сырт деп аталатын қауіпті әрі адам қадам
баспаған биік асуларында түтекке тұншығып, суыққа тоңып, қарлы жаңбырда
тайғанақтаған ат-түйелері де біраз шығынданып, кейде алыс ауыл
тұрғындарының қауесет-сенімсіздіктеріне де кездесіп, талай бөгеттерді
өткеріп, керуен 1858 жылдың 27 қыркүйекте Қытай шекарасынан өткен.
Қашғарияда Шоқан 1858 жылдың 1 қазаннан 1859 жылдың наурыз айының
ортасына дейін болған кезде бұл аймақты — Қашғар қаласы мен Алты шаһар елін
терең зерттейді.Ол кезде алты шаһар деп солтүстіктен Тянь-
Шань, оңтүстіктен Күн-Лунь тауы қоршап тұрған Қашғар, Ақсу, Учтурфан,
Янысар, Жаркент, Хотан қалаларын айтады екен. Қоқан ханының Қашғардағы
сауда консулы, әрі саяси резиденті, егде тартқан ресми адаммен
Шоқанның сыйлас, құрметтес болуы сапар нәтижелерінің өнімді де пайдалы
болуына едәуір жәрдемдескен.
Ш.Уәлиханов Қашғарияның экономикалық-саяси құрылысын, тарихын,
этнографиясын, рухани өмірін зерттеген, бұл аймақтың өткені мен сол кездің
қалпын жақсы білетін адамдармен, ғалымдарымен, ақындарымен де кездесіп,
мағлұматтар жинаған, шығыс қолжазбаларының бірсыпырасын қолға түсіріп
алған, нумизматикалық және тау жыныстарының коллекциясын, гербарий жасаған.
Солардың бірінде Мирджай тауы мен Қарақаш өзені аңғарынан шығатын нефрит
асыл тасының текшелері болған. Зерттеуге қажет деп саналған талай бұйымдар
да жиналған. Сөйтіп, бейтаныс елді жан-жақты сипаттайтын, әскери, саяси,
экономикалық, сауда-саттық жағынан үкіметке де ғылымға да пайдалы бай
материал мен сирек деректерді жинап, қиыншылықтар мен қауіп-қатерді көп
көріп Шоқан керуені 1859 жылдың сәуірінде елге оралған..
Қауіп-қатері мен қиыншылығы мол сапардан ауырып қайтқан Шоқан
Петербургке үсті-үстіне шақыртып жатса да, Омбыда экспедиция материалдарын
жүйелеп, қорыту ісімен біраз айналысады да, Петербургке келеді.
Ш.Уәлихановтың Петербургке келу кезі әр-түрлі жазылып жүр, 1860 жылғы
февральда, енді бір мәлімет бойынша 1859 жылдың аяғында. Ол 1860 жыл бойы
астанада болған.
Қашғария сапарының нәтижелі жемісі —Ш.Ш.Уәлихановтың Алты шаһардың
яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаланың
жайы атты еңбегі Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, географиясына,
әлеуметтік құрылысына арналып жазылған ғылымның биік деңгейіндегі тұңғыш
зерттеу жұмысы болды.
Сондықтан орыс ғалымдары мен саяси қайраткерлері оны шығыстың тарихы
мен географиясы туралы Европа ғылымын толықтырған шын мәнісіндегі
географиялық жаңалық, ал Қашғарияға сапар нағыз ерлік деп таныды.
Қашғария сапарының ғылыми нәтижелері туралы Ш.Ш.Уәлиханов Орыс
География қоғамында мәлімдеме жасағаннан кейін-ақ, оның материалын
Германияда неміс тілінде басып шығарды. 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде
жарияланды. Бұл Ш.Ш.Уәлиханов еңбектері Батыс Европада жоғары бағалануының
айғағы еді.
Қашғария экспедициясының қорытындылары, нәтижелері ресми үкімет
тарапынан да аталып етті. Оған дәлел 1860 жылғы 8 сәуірдегі Үкімет указы
бойынша ...поручик сұлтан Шоқан Уәлихановқа штабсротмистр әскери атағы, 4-
дәрежелі Ізгі Владимир ордені және бір жолғы көмек ретінде 500 сом күміс
ақша берілсін — делінген. Шоқанның ұсынысы бойынша, осы экспедицияның
жұмысына қатысы бар 22 адам қоса наградталған, оның ішінде керуен басы
Мұсабай, Семей көпесі Бұқаш, К.К.Гутковский т.б.бар.

1.2. Ш.Ш. Уәлихановтың ресей империясының ғылымына қосқан көп салалы
ғылыми - творчествалық еңбегінің бағыттары
1860 ЖЫЛЫ АСТАНАДА БОЛҒАНДА, БАС ШТАБТЫҢ ӘСКЕРИ-ҒЫЛЫМИ КОМИТЕТІНДЕ
ҚЫЗМЕТ ІСТЕГЕН, СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ АЗИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ, ОРЫС
ГЕОГРАФИЯ ҚОҒАМЫНДА КЫЗМЕТТЕ БОЛҒАН, ТАЛАЙ РЕСМИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРМЕН,
ШЫҒЫСТАНУШЫЛАРМЕН, ӘДЕБИЕТШІЛЕР ТОБЫМЕН КЕЗДЕСКЕН. ОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ІШКІ
ІСТЕР МИНИСТРІ ГРАФ Д.Н.БЛУДОВ ПЕН СИНОДТЫҢ ОБЕР-ПРОКУРОРЫ ГРАФ А.П.ТОЛСТОЙ
СИЯҚТЫ РЕСМИ ҚАЙРАТКЕР, Ф.Р.ОСТЕН-САКЕН, В.В.ГРИГОРЬЕВ, И.И. ЗАХАРОВ,
В.В.ВЕЛЬЯМИНОВ-ЗЕРНОВ, М.А.КАЗЕМ-БЕК, А.Н.БЕКЕТОВ, А.Н.МАЙКОВ,
В.КРЕСТОВСКИЙ ТАҒЫ БАСҚАЛАРЫ БАР. ОЛАРДЫҢ БІРАЗЫМЕН Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ СЫЙЛАС
ДОС БОЛҒАН, БҰРЫНҒЫ ДОСТАРЫ Ф.М.ДОСТОЕВСКИЙМЕН, Г.Н.ПОТАНИНМЕН АРАЛАСҚАН.
Ш.Ш.Уәлиханов Петербургте болғанда өнімді ғылыми жұмыс жүргізеді. Бас
штабтың әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша ол Орта және 0рталық
Азия мен Қазақстанның карталарын жасайды. Оның редакциясымен Балқаш көлі
мен Алатау жотасы аралығының картасы, Іле сырты өлкесі бөлігінің
рекогноссировкасы, Құлжа қаласының жобасы, Ыстықкөл экспедициясының
қорытындысына қосымша карта, Қытай империясы батыс өлкесінің картасы
т.б. дайындалады, Ш.Ш.Уәлихановтың география, картография салаларына қосқан
үлесі зор.
Ол География қоғамында белгілі неміс ғалымы Карл Риттердің
еңбектерін баспаға әзірлеседі, неміс, ағылшын, француз тілдеріндегі
еңбектерді зерттейді. Шоқан Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің Азия
департаменті жанындағы Жоғары мектепте, география қоғамында Шығыс
Түркістан, Тянь-Шань, Қырғызстан туралы лекция оқиды, университеттің тарих-
философия факультетінде лекцияларға қатысады.
1860 жылдары Петербургте Шоқанның Жоңғария очерктері, Алты шаһардың
немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бухараның) шығыстағы алты
қаласының жағдайы туралы, Адольф Шлагинтвейттің өліміне әкелген жағдайлар
туралы мәліметтер еңбектері жарияланды.
1861 жылдың көктемінде денсаулығы тым нашарлап кетуіне байланысты
Шоқан Уәлиханов Петербургтен туған жеріне оралды Мұнда да ол творчестволық,
ғылыми ой толқындарын өрістете берді, ғылыми еңбектермен шұғылданды, талай
ақын-жыршылардаң өлең-әңгімелер, аңыз-ертегілер жинады, талдаулар жасады,
қоғам құрылысына көп көңіл бөлді, үстем тап өкіметінің жүгенсіздіктерін,
озбырлық-зорлықтарына қарсы күресуді, сөйтіп қазақ халқының тіршілік-
тынысын жақсартуға көмектесуді, әділеттілікті ойлады. Шоқан Уәлиханов
Атбасар округының аға сұлтандық қызметіне сайлауға қатысып, көпшілік дауыс
алғанымен, Сібір әкімшілігі оны аға сұлтандыққа бекітпеді, өйткені
демократтық бағыттағы озық ойлы ғалым билеуші топ үшін, зорлықшылар мен
жемқорлар үшін кауіпті де кедергі болатын адам деп есептеледі. Менің
сұлтан да болғым келген еді, ондағы ойым халқыма қызмет етіп, оларды
чиновниктер мен бай қазақтардың қатал қысымынан қорғау еді — деп жазды
Шоқан Ф.М.Достоевскийге.
Ол Омбыға барып, сол кезде Қазақстанда сот реформасын жүргізудің
жобасы жасалып жатқанда, облыстық басқарманың, заң комиссиясының жұмысына
қатысады, сот реформасы елге тиімді, пайдалы болуды талап етеді. Бұл тұста
оның Сот реформасы туралы жазбалар еңбегінің маңызы аса зор. Онда қазақ
қоғамының экономикалық, саяси, рухани жағдайлары және қазақ халқының
болашақ даму негіздері мен жолдары терең талданды. Ш.Ш.Уәлиханов
...Азаматтық жағынан өсіп-өркендеуінде үлкен үміт туғызып отырған,
орыстарды отандас туысқанымыз деп санап отырған және орыс мемлекетінің
карамағына еркімен қосылып отырған миллиондаған
адамдардың тағдыры, Шекспирше айтқанда, болу не болмау деген сияқты
үзілді-кесілді мәселелерді шешерде көбірек көңіл бөліп, көбірек қамқорлық
жасауға тұратын іс сияқты, одан әрі Шоқан қазақ елінің дамуы үшін қандай
шаралар қажет екенін егжей-тегжейлі сөз етеді.
1864 жылдың көктемінде Ш.Уәлиханов Оңтүстік Қазақстанды Россияға
қосу жөніндегі полковник М.Г.Черняевтің әскери экспедициясына
шақырылады, Әулие-ата қамалын алуға қатысады. Бірақ жергілікті халықтарға
Черняевтің, оның әскери қызметкерлерінің көрсеткен озбырлығы мен
қаталдығына наразы болған бір топ офирлермен бірге Шоқан 1864 жылы армиядан
бөлініп, Верныйға (Алматы) келеді. Ол Албан руының аға сұлтаны Тезек
төренің ауылына барып, жергілікті тұрғындарының аңыз-ертегілерін жинап,
зерттеумен шұғылданады, сол кезде Батыс Қытайдағы қоғамдық-саяси жағдайдың
шиеленісуіне байланысты болған дүнгендер көтерілісіне көңіл беледі. Жұмыс
бабымен Қапалға оқта-текте келіп жүрген бір сапарында Ш.Ш.Уәлиханов
Русский инвалид әскери газетіне Құлжадағы жағдай, дүнген
қозғалыстарына байланысты мақала жіберді, ол мақала осы газеттің 1865 жылғы
51 санында жарияланды, бұл оның ең соңғы еңбегі еді.
Меңдеген ауру асқынып, Шоқан 1865 жылы 10 сәуірде Алтынемел жотасының
етегіндегі Көшен-тоған деген жерде Тезек ауылында қайтыс болды, сонда
жерленді. Қазіргі Талдықорған облысы Шоқан атындағы колхоздың маңында
Алтынемел мемориалдық комплексі бар.
Шоқан Уәлиханов өзінің кысқа өмірінде қоғамдық ғылымдардың алуан
саласында — тарихта, шығыстануда, географияда, этнографияда, экономикада,
филологияда, өнертануда — көптеген құнды еңбектер қалдырды. Ол
Қазақстанның, Орта және Орталық Азияның турік тілдес халықтарының —
қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, турікменнің тарихы мен сол кездегі
жағдайы, тілі мен әдебиетін терең зерттеумен шығыстану ғылымына зор үлес
қосты. Шоқанның Қазақтың шежіресі, Жоңғария очерктері, Қазақтар тура-
лы жазбалар, Абылай, Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-
саймандары, Даладағы мұсылмандық, Қазақтағы шаман дінінің қалдықтары,
Қазақтың көші-қоны, Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер,
Ыстықкөл күнделіктері тағы басқа еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азиядағы
түрік халықтарының келелі мәселелері кеңінен зерттелді және де
зерттеулерде, мәселелер қою мен шешуде қазақ ғалымы дұрыс ғылыми бағыт
ұстағаны кейінгі оқымыстылар зерттеулері арқылы расталды, бүгінгі күнде
ғылымн мәні сақталды.
Ш.Ш.Уәлихановтың шетелдік Шығыс туралы еңбектері мен зерттеулері — бір
төбе. Шығыс Түркістан мен Шынжан халқының тарихы туралы еңбектері оның
ғалымдық даңқын дүние жүзіне таратты. Ол Алты шаһардың немесе Қытайдың Нан-
Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) жайы атты іргелі еңбегінде және
Қашғарияға сапар күнделіктерінде осы аймақтың жан-жақты — географиялық,
әлеуметтік, экономикалық, тарихи, мәдени, әдеби сипаттамасын берді. Қазақ
ғалымының еңбектерінде комплексті зерттеулердің үлгілері де бар. Көптеген
еңбектерінде ол тарихшы, географ, этнограф, публицист, әдебиетші, жазушы
болып көрінеді және көбіне қатар жүреді.
Ш.Ш.Уәлиханов — қазақ және қырғыз халықтарының бай әдебиет қорын
тұңғыш зерттеуші екендігі де ерекше. Қазақ көркем сөз өнерінің кейбір
үлгілерін ол жас кезінде- ақ білген, оған деген ықылас-қызығуы кадет
корпусында оқыған жылдары мен қызметтері кезінде арта түскен де, 1850
жылдардың орта шенінен өмірінің соңғы сәттеріне дейін зерттеумен
шұғылданған. Ш.Ш.Уәлихановтың халықтардың әдеби мұраларының үлгілері
туралы ой-тұжырымдары бүкіл ғылыми зерттеулерінде, еңбектерінде қазақ және
қырғыз әдебиеттері туралы арнайы шолғандары мыналар: Қазақтың халық
поэзиясының үлгілері туралы, Орта жүз қазақтарының аңыз-ертегілері, 18-
ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар, Едіге мен Тоқтамыс туралы
аңыз, Едіге, Шона батыр, Манас жырын тұңғыш зерттеуі және оның
Көкетай ханның асы деген үлкен бір бөлімін орысшаға аударуы т.б.
Шоқаннан қалған мұраның енді бір алуаны — бейнелеу өнері саласындағы
еңбектері оның қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі екенін танытады.
Шоқан негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу
жанрымен айналысқан. Оның суреттерінің біразы 1860 жылдардың басында
Всемирная иллюстрация, Искра, Русский художественный лист
журналдарында және Орыс География қоғамының Хабаршысында жарияланған.
Ш.Ш.Уәлихановтың көп салалы, әр қырлы бай мұрасы оның дүниетанымы,
қоғамдық, философиялық, ағартушылық, демократтық көзқарастары биік деңгейде
болғанын танытады. Ол революцияшыл-демократтық көзқарас, тұжырым-түйіндер
жасау биігіне көтеріле алмағанымен, көптеген қоғамдық құбылыс-көріністерді
озық ой-таным тұрғысынан талдады, ағартушылық-демократтық көзқарастар
қалыптастырды.
Заманында дүниежүэілік ғылымға елеулі үлес қосқан Ш.Уәлихановтың әр
салалы, терең мазмұнды еңбектері, өзінің асыл тұлғасы мен жарқын бейнесі
тарихтың әр кезеңінде жоғары бағаланды. Ол туралы замандастары жан
тебірентерлік жылы лебіздер қалдырды. Шығысты зерттеуші әйгілі ғалым
Е.И.Ковалевский Шоқанды Асқан данышпан жас жігіт, тамаша ғалым, қазақ
халқының ең жақын досы әрі орыстың мемлекеттік мүддесін қадір тутушы деп
атады. Шоқан қазақ ішінен оқырман қауымын тапқан болса, ол өз халқының шын
мәнісіндегі асқан данышпаны болар еді — дейді Г.Н.Потанин. Шоқан
Шыңғысұлы Уәлиханов Шығыс тану әлемінің аспанынан құйрықты жұлдыздай жарқ
етіп өте шықты. Орыс ориенталистері бірауыздан оны таңғажайып құбылыс деп
қарады, одан түркі халықтарының тағдыры туралы аса маңызды ұлы жаңалықтар
ашады деп үміт күтіп еді — деп жазды аты әйгілі шығыстанушы ғалым
Н.И.Веселовский. Оның редакциясымен Ш.Ш.Уәлиханов шығармаларының жинағы
Петербургте 1904 жылы жарық көрген еді. Шоқанды көрген, оны жақсы білген
ғалымдардың жылы лебіздері оның еңбегін ғылым әлемі әділ де жоғары
бағалағандығы болып қала бермек.
Ш.Ш.Уәлихановтың жарқын есімі Көкшетау облысындағы бір ауданға, бір
совхозға, Талдықорған облысында колхоз бен совхозға, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтына
берілді. 1958 жылы Ш.Ш.Уәлихановтың Алтынемелдегі қабірі басына, бұрын
қойылған мәрмәр тас қабырғасына өріліп жымдасқан биік обелиск орнатылды,
Алтынемел архитектуралық комплексі салынды. Ш.Ш.Уәлиханов — ЮНЕСКО
биігінде болуға лайық асқан ғалым, қазақ халқының мақтанышы.

2. Ш. ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ –ҰЛЫ ГЕОГРАФ

2.1 Ш.Ш.УӘЛИХАНОВТЫҢ ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ РЕТІНДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835—1865) есімі Қазақстанның мәдениеті
мен қоғамдық-ғылыми ойының тарихында заңды түрде құрметті орын алды. Осынау
бір аса көрнекті ғалым әрі ағартушы Шығыс халықтарының география, тарих,
этнография, фольклор салаларында айтарлықтай толымды да жемісті ғылыми
зерттеулер жүргізді және сол бір кезде сыры-қыры ашылмаған беймәлім елдерге
асқан қауіп-қатерге белді буып, батылдықпен саяхат жасады. Ол өз
отандастарының арасынан алғашқылардың бірі болып суырылып шығып, тылсым
жатқан қазақ даласында прогресшіл озық идеяларды таратуға кұлшына
атсалысты, орыс және қазақ халықтарының шынайы достығын шыңдауға игі істер
тындырды. Өзінің ғылыми еңбектерінде, сондай-ақ бүкіл жанқиярлық қызметімен
ол қазақтардың орыстармен қаны да, жаны да бір тарихи туысты-ғын дәлелдеп
берді.
Ш.Ш.Уәлихановтың география саласындағы саяхатшылық, әрі творчестволық
қызметіне ерекше тұрғыдан қарауымыздың өзіндік себептері бар. Шындығында
да, біз басқа зерттеушілердің қызметін сөз еткенде олардың Қазақстан
территориясының белгілі бір бөліктерін ғана географиялық жағынан танып білу
ісіне қосқан үлесін баяндаумен шектелсек, ал Ш.Ш.Уәлихановқа жалпы
мағынасындағы аса зерделі географ-саяхатшы ретінде караймыз.
Европаша толық білімдар тұңғыш қазақ (Ф. М. Достоевский) он
тоғызыншы ғасырдың орта шенінен бастап орыстың қоғамдық ой-пікірінің озық
идеялары кең тараған Омбыда оқып, білім алды. Мұнда ол жер аударылып келген
петрашевшіл С.Ф.Дуровпен, жазушы Ф.М.Достоевскиймен, аса көрнекті географ —
ғалым П.П.Семенов-Тян-Шанскиймен, Шығыс зерттеуші ғалымдар И.Н.Березинмен,
Н.М.Ядринцевпен және басқа зиялы адамдармен танысты. Сөйтіп олар жас
Шоқанның көзқарастарының қалыптасуына шешуші ықпал етті.
Шоқан Уәлихановты білімге баулыған Омбыдағы Сібір кадет корпусы сол
кездегі ең таңдаулы оқу орындарының бірі болатын. Оның қабырғасынан толып
жатқан қоғам қайраткерлері мен ғалымдар шықты. Кадет корпусының, бұрынғы
шәкірттері В.И.Вагин, Г.Н.Потанин, Н.Ф.Анненский және т.б.тамаша ғылыми
зерттеулер жасап және географиялық жаңалықтар ашып, даңққа бөленді.
Кадет корпусында негізінен жалпы білімге жетік, маман оқытушылар сабақ
берді. Оның оқу программасына басқа пәндермен қатар жалпы география, Россия
географиясы, геодезия, жаратылыстану ғылымдары және т.б.пәндер кірді.
Географияға пән ретінде сол сияқты этнография мен антропология, түрліше
тәсілдерді оқып үйрену, тілдерді саралап жіктеп, оларды негізгі топтарға
бөлу, әр түрлі халықтарды діни ұғымдар мен тіршілік харакетіне қарай талдау
мәселелері де енгізілді. Россияның экономикалық географиясы үйретіліп, оған
статистика, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері
қосылды.
Азия елдерін (Қытайды, Үндістанды, Ауғанстанды, Персияны) Тұранның
(Бұқар, Қоқан, Хиуа) хандықтары болып географиялық және саяси бөлінуін оқып-
үйренуге баса назар аударылды. Бұл елдердегі халықтардың шығу тегіне,
таралуына, діни және тұрмыстағы әдет-ғұрыптарына зер салынды.
Кадет корпусында Қазақстан географиясы негізінен әскери-стратегиялық
жоспарда үйретілді. Қазақ далаларының шекаралары, жердің, өзен-көлдердің
сипаты, қарым-қатынас жолдары, керуендер өтетін тау асулары, климат және
табиғат жағдайлары, қазақтардың саны, олардың шығу тегі, тілі мен діні,
қашан және кімге бағынғаны, қазақтарды басқару ісі, далада бекініс жасау
сияқты мәселелерге көңіл бөлінді.
Ш.Ш.Уәлиханов кадет корпусына оқуға түскенде орыс тілін білмеген.
Бірақ өзінің керемет қабілеттілігі мен зеректігі арқасында ол орыс тілін
қиналмай, тез арада үйреніп алған. Шоқан білімге шапшаң жетілді,— деп
еске алады кадет корпусында бірге оқыған жолдасы әрі досы Г.Н.Потанин,— ол
тіпті өзінің орыс жолдастарынан суырылып озып шықты... оған талайлар қызыға
қарады... қандай қабілетті, оқу орнына түскенге дейін-ақ сурет сала біледі
екен 1.
Шоқанның туған өлкесін зерттеп білуге деген құмарлығы кадөт корпусының
қабырғасында пайда болған. Жазғы демалыс кездерінде ол далаға, Көкшетау
өлкесінің көрікті жерлерінің бірі — өзінің туған ауылы Сырымбетке барып
тұрған. Бұл сапарларынан ол зор қанағат тапқан, қазақ халқының өміріне
жітірек зер салып, халық өлеңдерін, аңыздарын, ертегілерін жазып алған,
елдің тұрмыс жағдайы мен табиғатын суретке салған. Табиғатты қаз қалпында
суретке түсіруді Шоқан халық өмірін кез алдына айнақатесіз елестетудің
бірден-бір оңтайлы құралы деп есептеген. Демалыс күндерінде ауылда
салынған суреттерді (1847—1852) ол негізінен Құсмұрын мен Сырымбетте
жасаған.
Шоқан құс салып, аңшылық құрумен де құмарта айналысқан. Кадет
корпусының ақырғы курстарында,— деп жазды Г.Н.Потанин,— мен қазақ даласының
географиясы мен этнографиясына қызыға ден қойдым. Сонда Шоқан талай-талай
әңгімелерімен менің дәптерлерімді толтыруға жәрдемдесті... біз қазақтардың
сұңқармен аң аулауы туралы қызықты да мол мағлұматтарды дәптерге
түсірдік... ол жалықпай майын тамызып айтып отырды, мен жазып отырдым.
Сосын ол менің жазып алғандарымды суреттермен көркемдеп, сұңқардың
томағасын, тұғырын, дабылдатқышты, дәрі сауытын, мылтықты және т.б.салды.
Сол бір сәттен бастап екеуіміз айырылмастай дос болдық, біздің ғылыми
мүдделеріміз де өне-бойы қабысып жатты, екеуіміз де ортақ бір мақсатты —
қазақ даласы мен Орта Азияны зерттеуді армандадық.
Г.Н.Потаниннің айтуы бойынша, Шоқан тарихи-географиялық әдебиетті өте
құмарта оқыған, ал ондай әдебиеттің сирек ұшырасатын басылымдарын Омбыда
қолға түсіру тіпті қиын болатын. Кадет корпусы басшыларының Шоқанға
қаладағы іргелі кітапханадан кітаптар алуға рұқсат беруі,— деп сөзін
сабақтайды Г.Н.Потанин,— мен үшін зор бақыт болды. Жұрттың қолы жетпейтін
кітапханадан Шоқанның Палластың саяхаты және Рычковтың күнделік
жазбалары сынды тамаша шығармаларды әкелуі біздің рухани өсіп-жетілуімізде
тұтас дәуір болды. Кітаптардың қалыңдығы, олардың келемі, және әріптер,
ежелгі сөз құрау мәнері, қағаздың ескі тартқан иісі — бәрі-бәріне қайран
қалып, ауызымыздың суы құрушы еді. Өткен дәуірдің әуезді әні естілгендей
болатын. Біз Палластың кітабын, әсіресе сондағы өзімізге таныс жерлер
немесе оларға ұрымтал аралар суреттелген беттерді жан-тәнімізбен қызыға
оқыдық. Саяхатшы бұл төңіректе нені керемет деп тапты, өз күнделігіне нені
жазып алуды лайық көрді. Біз Шоқан екеуіміз осыларға айрықша ден қойдық...
тіпті сол кездің өзінде-ақ, яғни Шоқан 14—15-ке жаңа толған шақта-ақ кадет
корпусының басшылары оған болашақ зерттеуші, бәлкім ғалым ретінде қараушы
еді. Ал Шоқанның өз басы Орта Азияға саяхат шегуді армандады 2.
Кадет корпусын бітіргеннен кейін (1853) Батыс Сібір генерал-
губернаторының аппаратында қызмет істеп жүрген кезінде Шоқан Ұлы жүз
казақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының Россияға бейбіт жолмен қосылуы
жөніндегі мәселені шешуге белсене қатысады. Қокан хандығының Жетісу мен
Қырғызстандағы ықпалын жою үшін және ол жерлерді Россияға бейбіт жолмен
қосып алу максатымен патша әкімшілігі жергілікті халықпен келіссөз
жүргізуге жас қазақ офицерін пайдаланды. Осы маңызды тапсырманы орындау
барысында Шоқан сонымен бірге өз сапарын қазақтар мен қырғыздардың
географиясын, тарихын, әдет-ғұрпын, тұрмысын зерттеп білуге пайдаланды.
жылы Ш.Уәлиханов генерал Гасфорттың Орталық Қазақстанды, Жетісуды
және Тарбағатайды аралаған сапарына қатысты. Олар Омбы қаласынан шығып,
Семей қаласына барды, одан Аягөз бен Қапал арқылы Іле Алатауына өтті.
Қайтар жолда Шоқан Гасфортты Алтынемел асуына дейін ғана ұзатып салды да,
одан әрі өз бетімен Жоңғар қақпасына, Алакөлге және Тарбағатай тауына сапар
шекті. Содан соң ол Қарқаралы, Баянауыл және Көкшетау қалалары арқылы
Орталық Қазақстанға жол тартып. Омбыға қайтып оралды. Бұл сапар жас
саяхатшыға ұмытылмастай әсер қалдырды. Сөйтіп ол Қазақстанның табиғат
жағдайларымен және халықтың өмірімен түңғыш рет кең келемде танысты.
жылы Шоқан полковник М.М.Хоментовскийдің басшылығымен ұйымдастырылған
әскери-ғылыми экспедицияға қатысады.
Экспедицияның мақсаты — қырғыз халқымен танысу, оның территориясын
географиялық жағынан зерттеу. Ыстықкелдің бассейнін картаға түсіру еді.
Экспедиция құрамында Яновский басқарған топографтар тобы да болды. Сондай-
ақ оған жергілікті халықтың, өкілдері: қазақтар Әбілес Тазабеков, Бұлан
Сасыбаев, Байғазы Тленшин, Жайнақ Темірбеков және басқалар қатысты.
Верный қаласынан мамыр айының басында шыққан экспедиция Шелек, Шарын,
Үшмерке және Шырғанақты өзендерінің алқаптарын бойлай өтті. Одан Қарқара
өзенінің бойымен жоғары өрлеп, Санташ асуы арқылы Түп өзенінің алқабына
шықты. Оны бойлай жүріп, Ыстықкөлге құлады.
Экспедиция мүшелері Ыстықкелдің бассейнін топографиялық картаға
түсірді. Келдің солтүстік-шығыс және шығыс жағаларының географиялық
жағдайын анықтап, солтүстік-шығыс беттегі көлге құятын барлық өзендердің
бойын зерттеуге де көңіл бөлді.
Ш.Ш.Уәлиханов П.П.Семеновпен бірге көл теңірегіне бірнеше маршрут
бойынша сапар шеккен. Ал жас казақ ғалымы П.П.Семеновпен Омбыда 1856 жылдың
көктемінде танысып, достық қарым-қатынас орнатқанды.
1856 жылғы тамызда Шоқан Құлжа қаласына аттанады. Сапардың негізгі
мақсаты — Қытаймен сауда қатынастарын жолға қою туралы қытай өкімет
орындарымен келіссөз жүргізу еді. Өйткені Шүгішектегі орыстың сауда-саттық
орны өртеніп кеткеннен кейін екі арадағы қарым-қатынас үзіліп қалғанды.
Уәлихановтың, алдында даулы шекара мәселелерін шешумен байланысты күрделі
дипломатиялық миссияны атқару міндеті тұрды. Ол осынау бір маңызды
тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Құлжа өлкесінде үш айға жуық болған
Шоқан аймақтың физикалық-географиялық жағдайларымен, халықтың өмірімен және
тарихымен танысты.
1857 жылы Шоқан тағы да Алатау қырғыздарына сапар шегеді. Бұл Қашғарға
экспедицияға шығар алдында күш-мүмкіншіліктерді сынап байқау тәрізді саяхат
еді. Бұл жайында Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Гасфорт былайша турасын
жазды: Мен мынаны мойындаймын,— деді ол,— Қашқария шекараларына, көшпенді
тағы қырғыздардың арасына сенімді чиновникті жібергенде оның алдағы уақытта
жөнелтілуге тиіс керуен барғанша Қашқариядағы және жалпы Батыс Қытайдағы
істерді қадағалау мақсаты көзделгенді3.
Қырғыз Алатауында болған кезінде Уәлиханов қырғыз халқының өмірімен
және тұрмысымен жақынырақ танысып, оның тарихын, этнографиясын және
халықтық поэзиясын зерттеді. Қажымай-талмай еңбектену нәтижесінде ол аса
мол тарихи-этнографиялық материал жинады. Этнографиялық очерктер,
статистикалық деректер, тарихи мағлұматтар, үйсіндер мен тағы орданың халық
әдебиетінің ескерткіштері менің жазбаларымда бірнеше дәптер болып
текшеленді,— деп жазды Уәлиханов. Бұл орайда ерекше көңіл аударарлық бір
жәйіт: жас зерттеуші қырғыздардың атақты поэмасы Манасқа тұңғыш рет зер
салып, оны бірінші рет қағазға түсірді және орыс тіліне аударды. Ол осынау
бір фольклорлық ескерткішке тұңғыш рет тарихи-әдеби талдау жасады.
Ш.Ш.Уәлихановтың 1856—1857 жылдардағы саяхаттарынын, ғылыми нәтижелері
оның Ыстықкөлге сапар күнделіктері, Іленің, арғы бетіндегі өлкенің
географиялық очеркі, Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа
қаласы, Қырғыздар туралы жазбалар және басқа еңбектерінде жүйелі түрде
баяндалған. Сол бір шығармаларының өзінде-ақ 21—22-ге жаңа толған жас Шоқан
өзін Тянь-Шань мен Жетісудың географиясын, сол аймақтарды мекендейтін
халықтардың тарихын бес саусағындай тамаша білетін байқампаз да дарынды
ғалым ретінде танытты.
Шоқан Уәлихановтың зерттеулері П.П.Семенов-Тян-Шанский арқылы
Петербургтың ғылыми топтарына мәлім бола бастады. Ал көрнекті орыс
ғалымының өзі Е.Ламанскиймен бірлесіп Шоқан Уәлихановтың еңбектері туралы
пікірлерін жазып, ұсыныс жасады. Сол пікірдің тұжырымды протоколдық
жазбасында былай делінген: Шоқан Уәлиханов Ыстықкелдің шығыс жағалауына
сапар шегіп, Қырғыз даласы халқында аса бай географиялық, этнографиялық
және тарихи материалдар жинады. Жас ғалым сол деректерді мәлімдеуге
әзір4.
Шоқан Уәлиханов 1857 жылғы 21 ақпандаа Орыс География қоғамының толық
мүшесі болып сайланды. Ал мұның өзі жас ғалымның орыс ғылымы алдындағы аса
көрнекті еңбегін бірауыздан мойындау еді.
П.П.Семеновпен пікірлесу Уәлихановқа көп әсер етті, албырт жасты
рұхтандырып, қанат бітірді, оның болашаққа деген сенімін нығайтты. Мен
Шоқанға осының алдында ғана жүріп өткен саяхаты жөнінде қуанышы қойнына
сыймай масаттанып отырған шағында кезіктім,— деп жазды Г.Н.Потанин. Бұл
Шоқанның Шығыс тарихына барған сайын терең бойлап,.. хундар, тукиулер, жуан-
жуандар мен ұйғырлар жайында жазылғандарды қайта-қайта құныға оқып жүрген
мезеті екен. Дәл осы сәтте Омбыға белгілі автор Риттердің Азия
жертануының аудармашысы П.П.Семенов келген еді. Ол осы еңбектің өзін
толғандыратын шешімдері жайлы ойды ортаға салып, аудармасын Шоқанға
оқытады.

2.2 Ш.Ш.Уәлихановтың география ғылымына қосқан үлесі

Өзін ержүрек саяхатшы ретінде даңққа бөлеген Қашқар сапарына Шоқан
1858—1859 жылдарда шықты. Бұл мейлінше қауіп-қатерге толы сапар еді.
Өйткені Қашқария елі ол кезде европалықтар үшін жабық болатын. Өзінің
зұлымдығымен әрі қаныпезер қаталдығымен аты әйгілі болған Қашқарияны билеп-
төстеуші Қожа Уәлихан төре европалықтарға сенімсіздік білдіріп, олардың
Қашқария жеріне аяқ аттағанын аяусыз өлтіріп отырды. Мысалы, белгілі
географ Адольф Шлагинтвайт, Уәлихан төренің әмірі бойынша басы кесіліп,
қаза тапты. Оның аянышты өлімі туралы алғашқы мағлұматты Шоқан алып қайтты.
Міне сондай қиын-қыстау жағдайда Қашқарияда жұмыс істеп, ол өлке
туралы ғылыми деректер жинау өте қауіпті еді. Осы жағдайға қанық
П.П.Семенов-Тян-Шанский мен Е.П.Ковалевский экспедицияны ұйымдастырған
кезде оны сауда керуені деп лақап таратып мұқият әзірлік жасады. Шоқан
қырғыз киімін киіп, керуен-басы Мұсабайдың туысы ретінде Әлімбай деген
атпен сапар шегуге тиіс болды.
Экспедицияны жолға дайындаған шақта (1857 жылдың аяғы— 1858 жылдың
басы) Шоқан Жетісуда болды. 1858 жылғы 12 февральда Верныйда генерал
Гасфортқа мынадай хабар жолдады: Қыстың қатал болуына және кардың өте-мөте
көп жаууына байланысты Алатау тауларының жолдары мен асуларының бәрі
түгелдей қараша айынан бері бітеліп қалды және олардың ақпанның аяғына
дейін ашыла қоюы неғайбыл.5 Сейтіп ол Жетісуда керуеннің келуін күтті.
Керуен Қапалдан 30 шақырымдай қашықтықтағы Қарамола жотасының
бөктерінде орналасқан Сарыбас ауылынан жолға шықпақ болып белгіленді. Шоқан
бұл араға 1858 жылғы 28 маусымда жетіп, Семей қаласынан келген керуенге
қосылды. Керуеннің құрамында 43 адам, 101 түйе, 65 салт және жүк тиелген
ат, сондай-ақ 6 киіз үй бар еді. Шоқан өзінің офицерлік киімін тастап,
басына сәлде тартып, ұлттық ұзын шапан киді және шашын ұстарамен алдырып
тастады.
Бірінші шілдеде керуен Алтынемел жотасынан асып, Іле өзенінің
алқабына бет алды. Ол уақытта Іле өзенінен өту қиын болатынды: өзен үстінде
көпір жоқты. Сөйтіп керуен өзеннің екінші бетіне түбі тайыз көне
қайықтармен шығарылды. Керуеннің одан арғы жолы Текес, Қарқара және Көкжар
өзендерінің алқаптарына ойысты. Жолай қырғыз ауылдарында жергілікті халық
арасында сауда-саттық жасап жүрген қашқарлық көпестер жиі кездесті.
Саудагерлермен қоян-қолтық байланыс жасап, Шоқан олармен Қашқарияға дейін
бірге баруға келісті.
Алайда жолда бірқатар қиыншылықтар туды. Ол жөнінде генерал Гасфорт
соғыс министріне былай деп мәлімдеді: Көтеріліс шығуына байлайнысты Қытай
үкіметі қабылдаған шаралар Қашқарияға өтуге қиындық келтіруде...сөйтіп
біздің керуен оның белгіленген бағыт бойынша одан әрі жол жүруіне
жергілікті өкімет орындары келісім бермеген жағдайда товарларын өткізу үшін
Құлжаға барады. Бірақ экспедицияны ұйымдастырушылар мұндай жағдайды місе
тұтпады. Үкімет: Егер керуен Қашқарияға ете алмаса, онда оның Құлжаға
баруынан еш пайда жоқ деп есептеді.6
Осы айтылғандардың бәріне қоса сауда керуендеріне әлсін-әлсін шабуыл
жасап, тонауға ұшыратқан жол азабын да қосқан жөн. Сонымен қатар қырғыздар
арасында керуенде ғалым офицер бар деген сыбыс тарап кетеді. Міне осы
қиыншылықтардың бәріне қарамастан, ержүрек саяхатшы өз сапарын әрі қарай
жалғастыруға бекем бел байлайды.
Ыстықкөл алқабынан Қашқарияға Үш Тұрфан арқылы жүретін шығыстағы жол,
Үлкен Ақсайды және Атбашы, Арпаны басып өтетін жолдары бартын-ды. Бұрынғы
сапарлары бойынша бұл өңірді жақсы білетін Шоқан Орталық Тянь-Шаньның сырты
арқылы өтетін Ақсай жолын таңдап алады. Бұл шығыстағы елдердің ежелден бәрі
бір-біріне қатынайтын үлкен керуен (Жібек жолы) жолы еді. Зәуке алабында
шатқалдағы асу өте ауыр-ды. Зәуке белесінен жол Сырдария өзенінің негізгі
саласы — Нарын өзенінің жоғары сағасына бет алып, одан әрі Тянь-Шаньның
оңтүстік сілемі болып табылатын Теректі Дауан жотасына қарай асады. Тянь-
Шаньның оңтүстік беткейінде керуен тағы да жазға кездеседі: қыркүйектің
аяғында мұнда күн жайма шуақтанып, төңірек гүлдеп құлпырып тұрады. Осының
алдында ғана суықтан бүрсең қағып жаураған жолаушылар Тянь-Шаньның оңтүстік
беткейіне өтіп жылынып, рахатқа батады. Өз күнделігінде Шоқан ол араның
шөлейт болуына қарамастан жердің жақсы өңделгені, сондай-ақ қолдан
суландырудың диқан өмірінде аса зор маңызы бар екені туралы жазған.
Шекарадағы тексеруінен қауіптенген Шоқан өз күнделігін Теректі Дауанның
шатқалына көміп кетеді. Үш ай жол жүріп, керуен 1858 жылғы 27қыркүйекте
Қытай шекарасынан өтеді.
Ш.Ш.Уәлиханов Қашқарияда 1859 жылғы наурыздың ортасына дейін жарты
жылға жуық болған. Осы мерзім ішінде ол қаламен танысып, Алтышаһар елін
зерттейді. Солтүстігінде Тянь-Шань, оңтүстігінде Кунь-Лунь таулары қоршап
тұрған Қашқар, Ақсу, Үш Турфан, Жанасар, Жәркент және Қотан қалалары сол
кезде Алты-шәһар деп жалпылама аталатынды. Сол дәуірде бұл қалалар Қоқан
хандығына бағынған. Сондықтан Орта Азиямен және Қазақстанмен саяси әрі
сауда-саттық қатынастары үшін ашық өлке саналған. Жат адамдардың назарын
аудармас үшін Шоқан керуеншілердің сауда-саттық ісіне де араласуға мәжбүр
болады.
Қашқарияға келген бойда-ақ Шоқан бұл арада қоқандықтарға ерекше
ілтипат көрсетілетінін бірден байқады. Керуен басы Мұсабаймен бірге
қоқандықтар оны құшақ жая қарсы алып, қорғап, қамқорлық жасаған. Міне
осының бәрі Қашқария елін зерттеуге қолайлы жағдай туғызады.
Шоқан Қашқария елінің саяси әрі экономикалық құрылымы, тарихы және
этнографиясы бойынша мол деректі материалдар жинақтайды. Қоқандықтар арқылы
Қашқарияның саяси және сауда қайраткерлерімен, мәдениет өкілдерімен
танысып, ол Алтышаһардың өткендегісі мен бүгінгісі туралы өте құнды
мағлұматтарды естіп құлағына құйып алады.
Ал менің іс-қарекетіме келетін болсақ,— деп жазды Шоқан Қашқарияға
бару және Алатау тауына қайту жолының суреттемесі атты еңбегінде,— мен
Қашқарияда болған кезімде өлке туралы, әсіресе Кіші Бұқардың саяси ахуалы
жайында мүмкіндігінше дәлмедәл деректер жинауға барынша ұмтылдың, діттеген
мақсатыма жету үшін барлық ұлттардың, таптардың, партиялардың адамдарымен
таныстым, сөйтіп бәз біреуден алған мағлұматтарды екінші адамның
айтқандарымен салыстырып сараладым; оған қоса қожалар билеп-төстеген
дәуірге жататын бірнеше тарихи кітапты қолға түсіру, бағзы ақындармен,
ғалымдардың достық ықыласымен пайдалану сәті түсті.
Қашқарияда Шоқан ұйғыр тілін тәп-тәуір үйреніп алады. Ғалымның
архивінде оның Қашқарияда ұйғыр тілінде жазғандары сақталған.
1859 жылдың ақпанында Қашқариядағы саяси жағдай шиеленісе түседі.
Түні бойы шаһарда салт атты қарулы жасақтар сабылып жүрді, дуалдар мен
дарбазалардың түбінде күзет күшейтілді, шекараларды бақылаушы отрядтар
торуылдады,— деп жазды Уәлиханов, қаңтардың аяқ шенінде Қашқарияға Құлжадан
бірнеше көпестер және бізден кейін Семейден шыққан ташкенттіктер келді.
Солар арқылы біздің керуенде орыс жансызы бар деген сыбыс тарады. Сөйтіп
Қашқарияда одан әрі қалу өте қауіпті болды. Сәтсіздікке ұшырап қалмаудың
қамын ойлаған Шоқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Шоқан Уәлихановтың этнографиялық зерттеулері
Ш. Уәлихановтың атқарған қызметтері
Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы
Қазақ пәлсапасы
Шоқан Уалиханов – саяхатшы, ғалым
Шоқанның еңбектері
Шоқан және оның шығыстанулық зерттеулері
Наполеон Бонапарт- қолбасшы, саясатшы және мемлекет қайраткері
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХғасырдың басындағы қазақ ұлт - зиялыларының қалыптасуы
Пәндер